Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Айгерім Мұхитқызы Иманғазина жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша оқыту жүргізді 22.05.2026
       Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент басшысының орынбасары Имангазина Айгерим Мухитовна жаңа Конституция бойынша техникалық оқыту өткізді. Оқыту барысында Конституцияға енгізілген негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістер, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндірілді.       Айгерим Мухитовна конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын түсінікті әрі толық баяндап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заңның рөлін күшейту және әділеттілік қағидаттарына ерекше назар аударды. Оқыту барысында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, мемлекеттік институттардың өкілеттіктерін кеңейту және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.      Өткізілген оқыту мазмұнды әрі пайдалы болып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін және олардың тәжірибелік маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1226403?lang=ru
Жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар 22.05.2026
Сұрақ:493-О «Қызметтер» нысанын кімдер тапсыруға міндетті және мұндай міндеттеме қандай жағдайларда туындайды?Жауап:493-О «Қызметтер» нысанын тек үшінші тұлғаларға тікелей қызмет көрсететін (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қалдықтарды шығару, тасымалдау және т.б.) және қызмет тұтынушылары бойынша есеп жүргізетін ұйымдар (заңды тұлғалар) ғана тапсыруға міндетті.Жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке тұлғалар бұл нысанды тапсыруға міндетті емес.Тасымалдау бойынша нысанды жүк немесе жолаушы тасымалдау қызметтерін тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде өз атынан көрсететін тасымалдаушы ұйым, оның ішінде халықаралық тасымалдар кезінде де, тапсырады.Егер тасымалдау тек компанияның өз қажеттіліктері үшін жүзеге асырылып, үшінші тұлғаларға қызмет көрсетілмесе, нысанды тапсыру міндеті туындамайды.Нысандағы мәліметтер жинақталмай, әрбір қызмет тұтынушысы бойынша жеке-жеке көрсетіледі. Нысанды жүйеге JSON форматында Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүктеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1226411?lang=ru
Электрондық сауда тауарларын декларациялауды енгізу туралы 22.05.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСД) пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды енгізу көзделіп отырғанын хабарлайды.Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.Сонымен қатар, Алқаның 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру бойынша жұмыстар аяқталып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСД) функционалы әзірленді. Аталған функционалды іске қосу және ЭСД-ны қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды: ДЭТ-Тестирование УВЭД https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy. Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады. Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген мүдделі тұлғаларға жүйені тестілеуге қатысу ұсынылады. Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды аталған чатқа жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1226447?lang=ru
Қытайдың ұлттық рейтингтік агенттігі China Lianhe Credit Rating Co., Ltd Қазақстан Республикасына «Тұрақты» болжамымен «ААА» ең жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингін берді 22.05.2026
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық құралдарын ҚХР нарығына орналастыру шеңберінде Қытай ұлттық рейтингтік агенттігі China Lianhe Credit Rating Co., Ltd елімізге және мемлекеттік облигацияларға «ААА» ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін берді.Агенттік елдің макроэкономикалық саясаты орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, инфляцияны төмендетуге және экономиканы әртараптандыруға бағытталғанын атап өтті.Қазақстан прогрессивті реформаларды дәйекті түрде іске асыруда, соның арқасында мемлекеттік басқару тиімділігі артып келеді.Негізгі бағыттардың ішінде жаңа инвестициялық саясат, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, ШОБ-ты нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымды дамыту атап өтілді.Аналитиктер де мемлекеттік борыштың салыстырмалы түрде төмен деңгейіне және сыртқы борышқа қызмет көрсетудің жоғары қабілеттілігіне баса назар аударады.«ААА» рейтингі елдің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау қабілеттілігі мен қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайларға жоғары тұрақтылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1226476?lang=ru
Қазақстан мен Сербия тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 22.05.2026
18-20 мамыр, Белград – Нови-Сад – Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі Қазақстандық тараптың Нови-Сад қаласындағы Сербиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуын ұйымдастырды.Қазақстан тарапынан көрмеге ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығының басқарма төрағасының орынбасары М. Сутула және «Atameken Agro Trade» ЖШС директоры Ш. Әділов қатысты. 93-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысу шеңберінде Елшілік Нови-Сад қ. Егіншілік және көкөніс шаруашылығы институты (НС Семе), Смедеревска-Паланка қ. Көкөніс шаруашылығы институты, «Земун Полье» жүгері институты сияқты Сербияның негізгі аграрлық ғылыми-зерттеу институттарымен ҰАҒБО өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қоюды пысықтады.Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов екі мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін Қазақстан мен Сербия арасындағы тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Келіссөздер шеңберінде қазақстандық тарап майлы және дәнді дақылдар тұқымдарының, сондай-ақ Қазақстан үшін қажетті көкөніс дақылдарының селекциясы мен генетикасы салаларындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.Тараптар сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар және оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1226360?lang=ru
Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты 22.05.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау ұйымдарының директорлары мен кадр қызметінің мамандары 2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында «Денсаулық сақтау» KIHE 2026 31-Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында өткен III Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.Іс-шараны Алматы қаласы клиникаларының қауымдастығы Қазақстандық ITECA көрме компаниясымен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетімен және 4Study.kz Білім және дағдылар академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуға, медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталды.Іс-шара барысында Алматы облысының медициналық ұйымдарының өкілдері жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің түлектерімен кездесіп, қолда бар бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Жәрмеңкеге қатысу жұмыс берушілерге кадр тапшылығын толықтыруға, ал жас мамандарға мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1226362?lang=ru
Астанада отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM – 2026» атты ірі көрмесі ашылды 22.05.2026
EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды. Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы.Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық.Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Көрменің ашылуында Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің үндеуін оқыды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың өсуіне тың серпін беріп отырған шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен оған қолайлы жағдай жасауға, іскерлік белсенділікті кеңейтуге және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда», — делінген үндеуде.Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту перспективалары атап өтілді. «Жаңа Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Отандық тауар өндірушілер осы аталған қағидаттарды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып отыр. Кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістік бастамаларды, оның ішінде импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту ісі жалғасын табады», — деп атап көрсетілген Премьер-министр сөзінің мәтінінде.Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының ішінде бизнестің қаржыландыруға және жеңілдетілген несиелеу құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге ерекше назар аударылады. 2025 жылы «Даму» қоры арқылы бизнесті қолдауға 560 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған. Осының арқасында 13 мың ШОБ жобасы жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау шарасымен қамтылып отыр. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашылып, өнім шығарудың 27,7 трлн теңгеге және салық түсімінің 2 трлн теңгеге жуық өсуін қамтамасыз етті.Экономиканың нақты секторын дамытудың негізгі тетігінің бірі «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы деп аталады. Оның негізгі міндеті – импортқа тәуелділігі жоғары салалардағы жобаларды қолдау және ішкі нарық пен экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру.Бағдарламаны жүзеге асыруда «Бәйтерек» холдингінің институттары мен «Даму» қорына басты рөл берілген. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді арттыру үшін кепілдік беру құралдары кеңейтіліп, түсінікті және ұзақмерзімді жағдайда қолдаудың нарықтық тетіктері күшейтілді. Сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда «Іскер аймақ» атты шағын және шағын бизнесті кешенді қолдау бағдарламасы іске қосылды.Бұдан бөлек, «Даму» қорының өңірлік филиалдары базасында «Бәйтерек» холдингінің барлық қолдау бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-офистер құрылды. Ал шалғай аудандар үшін мобильді фронт-офистер іске қосылады.Қиындыққа тап болған кәсіпкерлерді сүйемелдеуге ерекше назар аударылады. Осыған байланысты «Даму» қоры жанынан «оңалту орталықтары» құрылуда. Онда бизнес тұрақтылығын қалпына келтіру үшін қаржылық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау ала алады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан вице-премьер отандық кәсіпкерлерге елдің экономикалық әлеуеті мен беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Серік Жұманғарин көрмені аралап көріп, еліміздің түрлі өңірінен келген бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.Павлодарлық «Феникс» жиһаз фабрикасы әлеуметтік және коммерциялық нысандарға арналған мектеп жиһазын, кеңсе креслосы мен орындық шығарады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын жаңа жабдықтар сатып алып, өндірістік қуатын кеңейткен. Қызметкерлер қатары 15-тен 60 адамға дейін көбейген. Бүгінде зауыт жылына 60 мыңға дейін орындық, 40 мыңға жуық мектеп жиһазы мен 7 мың кеңсе креслосын шығарады. Кәсіпорын өнімі бүкіл ел бойынша білім беру мекемелеріне жеткізіледі.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстанда өсімдік негізіндегі экологиялық таза тұрмыстық химия өндірушісі – Қарағанды облысынан шыққан «WEC TRADE» ЖШС өнімдерімен танысты. 2016 жылы автохимия шығарудан бастап, бүгінде WEC бренді тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына сәйкес келетін адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз өнімдер шығарады.Вице-премьер сыртқы инженерлік желілерге арналған жабдықтардың жетекші қазақстандық өндірушісі – TAZAU тазарту құрылыстары зауытының қызметіне ерекше назар аударды. Кәсіпорын он жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында жобаларды жүзеге асыруда. Сарқынды суларды тазарту саласында шешімдер жасайды.«Ulttyq ónim – 2026» көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1226333?lang=ru
Түркістанда өткен ТМҰ саммитінің нәтижелері Венада таныстырылды 22.05.2026
Вена, 2026 жылғы 21 мамыр — ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында Қазақстан делегациясы ү.ж. 15 мамырда Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитінің нәтижелерін ұсынды.«Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған саммит ТМҰ мүше және бақылаушы мемлекеттер арасындағы цифрлық трансформация, инновация, жасанды интеллект, өзара байланыстық және тұрақты экономикалық даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.Отырыс барысында күрделі геосаяси орта, халықаралық бәсекелестіктің артуы және жалғасып жатқан қақтығыстар жағдайында түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайту ерекше өзекті екені атап өтілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМҰ біріккен өңірлік қауымдастық геосаяси жоба немесе әскери одақ емес, керісінше, бауырлас елдер арасындағы сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың бірегей платформасы болып табылатыны туралы ұстанымы хабардар етілді.Сонымен қоса, Президент Қ.Тоқаевтың жаңа технологиялық шындыққа бейімделу және бірлескен цифрлық күн тәртібін ілгерілету үшін күш-жігерді нығайтуға шақыруы да атап өтілді. Осыған байланысты Мемлекет басшысының біріктірілген өңірлік қауымдастық үшін ТМҰ Цифрлық мониторинг орталығын, Цифрлық инновациялар орталығын және Киберқауіпсіздік кеңесін құру жөніндегі бастамалары таныстырылды.Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан делегациялары Саммиттің нәтижесі туралы Қазақстанның мәлімдемесіне қолдау білдіріп, қарымта баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1226276?lang=ru
Қазақстан өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сыртқы аудиторы ретіндегі үш жылдық мандатын аяқтады 22.05.2026
2026 жылғы 21 мамыр, Лаксенбург (Аустрия) - Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы департаментінің директоры Ләйлім Қашимова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академияның (IACA) тәуелсіз сыртқы аудиторы ретіндегі үш жылдық мандатын аяқтады.2024–2026 жылдар аралығында Л.Қашимова Академияның Тәуелсіз сыртқы аудиторлар алқасының мүшесі ретінде қызмет атқарды.IACA-ға мүше басқа екі мемлекеттің аудиторларымен бірлесіп, ол Академияның қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге, сондай-ақ ұйымның қаржылық басқаруын, есептілігін және институционалдық орнықтылығын нығайтуға бағытталған ұсынымдарды әзірлеуге қатысты. Алқа мүшелері аудит қызметін  жүзеге асыру барысында функционалдық және ұйымдастырушылық тәуелсіздікті қамтамасыз ете отырып, жеке сапада орындады.IACA басшылығы Л.Қашимоваға Тәуелсіз сыртқы аудиторлар алқасының құрамындағы кәсіби әрі адал еңбегі үшін алғыс білдірді.Қазақстанның осы аудиторлық алқа жұмысына қатысуы еліміздің транспаренттілік, адал басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына берік бейілділігін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1226278?lang=ru
Өңір тұрғындары ХҚКО-ға баруды алдын ала брондап, уақытын үнемдей алады 22.05.2026
Қостанай облысының тұрғындары ХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлап, кезек күтпей қызмет ала алады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығы мобильді қосымшасы арқылы ыңғайлы бөлімшені, күн мен уақытты таңдау жеткілікті.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы филиалында азаматтарға қолайлы болу үшін түрлі сервистер қолжетімді. Соның ішінде сұранысқа ие қызметтердің бірі – халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруды алдын ала брондау мүмкіндігі. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу кезінде күту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.Алдын ала брондау әсіресе ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өзекті. Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу, жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін алу, сондай-ақ көші-қон, жер қатынастары және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметтерге қатысты.Алдын ала жазылу ХҚКО-ларға жүктеме артатын кезеңдерде ерекше сұранысқа ие. Бұл келушілерге қолайлы жағдай жасап, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Цифрлық шешімдердің арқасында азаматтар өз келу уақытын өздігінен жоспарлап, ыңғайлы бөлімді таңдап, қызметті белгіленген уақытта ала алады.Сонымен қатар, алдын ала брондау жүйесі ХҚКО-лардың операциялық залдарына түсетін жүктемені азайтып, келушілер ағынын біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында 21 халыққа қызмет көрсету орталығы және мамандандырылған бөлімдердің 3 секторы жұмыс істейді. Олар күн сайын орта есеппен 3 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетеді. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметтерге сұраныс артатын кезеңдерде – демалыс маусымында, оқу орындарына құжат қабылдау кезінде және құжаттарды жаппай жаңарту кезеңдерінде маңызды.Қызметті алу үшін азамат ХҚКО-ны, бару күнін және уақытын таңдауы қажет. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде электрондық бронь қалыптастырады. Белгіленген уақытта бөлімшеге қабылдау басталғанға дейін бірнеше минут бұрын келіп, электрондық кезек терминалы арқылы жазылуды растау жеткілікті.Филиал мамандары ХҚКО-ға барған кезде азаматтардың өзімен бірге қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін талап етілетін құжаттардың толық топтамасы болуы керектігін еске салады. Қызметтердің тізімімен, оларды көрсету мерзімдерімен және қажетті құжаттар тізімімен ресми электрондық ресурстар арқылы танысуға болады.Қостанай облысының ХҚКО-ларында азаматтарға алдын ала брондау сервисі, электрондық кезек қызметі, қызмет нәтижелерін онлайн форматта алу секілді цифрлық сервистер қолжетімді. Бұл мемлекеттік қызметтерді анағұрлым ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді.Жыл сайын Қостанай облысының ХҚКО-лары арқылы жүз мыңдаған мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ал алдын ала брондау сервисі өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие цифрлық құралдардың бірі болып қала береді.Еске саламыз, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңесті 1414 нөмірі арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми сервистері арқылы алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1226369?lang=ru
Бас штаб бастығы еліміздің шығысындағы гарнизондарда жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді 22.05.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жұмыс сапары барысында басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлықтың жаңа жүйесіне көшуге дайындығын бағалады.Абай, Өскемен, Үшарал және Аягөз гарнизондарындағы құрамалар мен бөлімдерде Бас штабтың мобильді топтары жаңа оқу бағдарламалары мен жалпыәскери пәндер бойынша жаңартылған нормативтерді ескере отырып, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру тәртібін зерделеді.Жауынгерлік дайындық департаменті мен Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының өкілдері әскери нысандардың, оқу корпустарының, атыс алаңдары мен полигондардың жай-күйін тексерді. Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын тексеру барысында олар күзет режимін, қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуын, өртке және диверсияға қарсы қорғаныс жүйесін зерделеді. Әскерлер қызметін ұйымдастыру, қызмет өткеру орындарының техникалық жабдықталуы және нысандарды күзет құралдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ведомствоаралық топ жас сарбаздарды бейімдеу мен оқыту жұмыстарын жан-жақты қарастырды. Салалық мамандар казарма қорының жағдайын, медициналық қамтамасыз ету деңгейін және монша-кір жуу қызметінің ұйымдастырылуын тексерді. Сонымен қатар оқу-жаттығу нысандарының жабдықталуы мен жұмыс істеу мәселелері жеке қаралды. Жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын талдау мақсатында жас сарбаздар арасында анонимді сауалнама жүргізілді.Сауалнама қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров командирлердің жеке құраммен жүргізетін дербес жұмысының рөлін күшейту, проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.Бас штаб бастығы әскери техникаларға маусымдық қызмет көрсетуді сапалы жүргізудің маңыздылығына назар аударып, техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру кезінде үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарға алғысын білдірді.Сапар аясында орталық аппарат өкілдері гарнизондардың әскери қызметшілерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларына әдістемелік сабақтар ұйымдастырылып, «Бес қару» бағдарламалық модулінде жауынгерлік және дене даярлығы бойынша есептілік жүргізу тәртібі, қызметтік құжаттаманы рәсімдеу талаптары түсіндірілді.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу, цифрландыру жүйелерін дамыту, оқу-материалдық базаны жетілдіру, қару-жарақтың, әскери техниканың және инфрақұрылым нысандарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын күшейту, қызмет жағдайларын жақсарту және жеке құрамды жан-жақты қамтамасыз ету сапасын арттыру міндеттері қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1226270?lang=ru
Киберқауіптерден халықаралық іздеуге дейін: Қазақстан мен Грузияның ішкі істер министрліктері ынтымақтастықты нығайтуда 22.05.2026
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов бастаған ҚР ІІМ делегациясы жұмыс сапарымен Грузияға барды.Тбилиси қаласында Қазақстан ІІМ басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Сулхан Тамазашвилимен екіжақты кездесу өткізді.Келіссөз барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұйымдасқан және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру, заңсыз көші-қон арналары мен есірткі қылмысының жолын кесу, сондай-ақ кибералаяқтықтың заманауи схемаларына қарсы күрес мәселелері талқыланды.Ержан Саденов Қазақстанның Грузияны сенімді әрі стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екі ведомство арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанын жеткізді.Кездесуде екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың практикалық нәтижелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ биыл ақпан айында Астанада өткен екі ведомство басшыларының кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны айтылды.Тараптар көші-қон саласын қоса алғанда, шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін де талқылады.Кадр даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу бағытындағы өзара іс-қимылға да айрықша мән берілді.Өз кезегінде Қазақстан ІІМ арнайы полиция бөлімшелерін даярлау тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін растады.Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Грузия ІІМ-нің салалық бөлімшелері арасындағы тікелей өзара іс-қимылды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді.Сапар аясында Қазақстанның Ішкі істер министрін Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе де қабылдады.Кездесу барысында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қазақ-грузин ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1226193?lang=ru
Қазақстан мен Кения: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері. Президент Уильям Рутомен эксклюзивті сұхбат 22.05.2026
Қазақстан мен Кения: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері. Президент Уильям Рутомен эксклюзивті сұхбат«24KZ» телеарнасы Кения Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған тарихи, тұңғыш мемлекеттік сапары аясындағы эксклюзивті сұхбатын ұсынады.Кения басшысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің басты нәтижелеріне тоқталып, тау-кен өнеркәсібі, қаржы, көлік және логистика салаларында қол қойылған маңызды меморандумдар туралы айтты.Сұхбат барысында Астана мен Найроби арасында тікелей әуе қатынасын орнату, ауыл шаруашылығы мен климаттық күн тәртібіндегі бірлескен жобалар, сондай-ақ Кенияның IT-инновациялық («Африканың кремний саваннасы») әлеуеті талқыланды. Сонымен қатар, Президент Руто өзара тиімді серіктестікті нығайту мақсатында жақын арада Астанада Кенияның Бас консулдығын, кейіннен толыққанды Елшілігін ашу жоспарымен бөлісті.  https://www.youtube.com/watch?v=k8CsLWYk4oYАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1226197?lang=ru
✍️2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді 22.05.2026
🔵Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.⚡️ 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.⚡️ 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.🔵Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.🔵Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1226199?lang=ru
Пікірсайыс турнирі 22.05.2026
21 мая 2026 года на базе КГКП "Детско-юношеский центр "Жастар" прошёл дебатный турнир, направленный на формирование антинаркотической культуры среди молодёжи. В котором приняли учащиеся 8-11 классов Осакаровского района. Всего на турнире приняли участие 7 команд в русской лиге и 2 команды в казахской лиге. Итоги турнира: * Школы №7, им.К.Сатпаева, им.Абая, им.А.Бокейхана получили сертификаты за участие.* III место заняла команда КГУ "Общеобразовательная школа №3", в составе учащихся: Пшеничниковой Софии, Кореновской Миланы;* II место заняла команда КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) на базе гимназии №9", в составе учащихся: Доминовой Камилы, Малыгиной Елизаветы;* I место заняла команда КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) №12", в составе учащихся: Смирнова Павла, Решетниковой Варвары.Всех участников поздравляем и желаем дальнейших побед!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1226217?lang=ru
Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты 22.05.2026
✔️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.➤ Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.➤ Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.➤ Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.▪️Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-altyn-orda-murasyna-arnalgan-takyryptyk-kormemen-tanysty-194629 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1226161?lang=ru
Атырауда қызметтік ит түрмеге тыйым салынған затты өткізуге жол бермеді 22.05.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты.Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде  "Газель" маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар "Шах" атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған  пластикалық банка табылған.Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1226095?lang=ru
Акцизделетін тауарларды экспорттауды растау 22.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:- экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);- акцизделетін тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы куəландырған оның көшірмесі.Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рəсімі қолданыла отырып əкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларация экспортты растау болады;- ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен əкетілген жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;- салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшірмесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227322?lang=ru
Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді 22.05.2026
19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.Осы заңды жүзеге асыру мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер оқуын тәмамдаған курсанттарға әскери атақ беру тәртібіне қатысты болып отыр.Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай «аға лейтенант» әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек.Аталған нормаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкестендіру үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлық жобасы дайындалды.Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы үздік түлектерге «аға лейтенант» әскери атағын берудің жаңартылған тәртібін заңды түрде бекітеді. Бұл заңнамалық жаңашылдық әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыра түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1225948?lang=ru
Қарулы күштерде инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні атап өтілуде 22.05.2026
21 мамыр – Әуе қорғанысы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мамандарының кәсіби мерекесі. Техниканың жарамдылығы мен елдің әуе шебін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы осы сала мамандарының қолында.Қазақстан Қарулы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы 1993 жылы басталды. Күрделі жағдайлар мен ресурстардың тапшылығына қарамастан, инженерлік-техникалық құрам авиацияның жауынгерлік қабілетін сақтап, оны одан әрі дамытудың негізі болды.Бүгінгі таңда бұл қызметтің мамандары ұшақтар мен тікұшақтарды сенімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Диагностика жүргізіп, жабдықты баптайды және әуе кемелерін ұшуға дайындайды. Әр ұшудың артында инженерлердің, техниктер мен механиктердің кәсіби, үйлесімді және жауапты жұмысы тұр.Әскери авиация мамандары тәулік бойы елдің әуе кеңістігін күзету бойынша ұшулардың орындалуын және жауынгерлік кезекшіліктің өтуін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, олар авиациялық паркті жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және жас кадрларды оқытуға атсалысады.Осы бейіндегі мамандарды даярлау Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде және шетелдік әскери оқу орындарында жүзеге асырылады.Биыл заманауи қазақ әскерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелері құрылғанына 33 жыл толуын атап өтуде. Олардың күнделікті еңбегі, жоғары кәсібилігі мен іске деген адалдығы авиацияның жауынгерлік әзірлігін нығайтып, әуе кеңістігінің қауіпсіздігі мен ел аспанының тыныштығын қамтамасыз ететін сенімді тірек болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1224904?lang=ru