Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қостанайдың автопаркі 81%-ке жаңарды 30.03.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  «Альтаир» ПК жаңа автобустарымен танысты. Бүгінгі күні облыс орталығында 38 маршруттан тұратын дамыған маршруттық желі жұмыс істейді. Күн сайын желіге 187 автобус шығады, олардың 73%-ы – пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын көліктер.Соңғы 3 жылда лизинг арқылы 90 жаңа автобус сатып алынды, оның ішінде өткен жылы – 28 автобус.Ағымдағы жылы «Альтаир» ПК тасымалдаушысы Yutong маркалы 12 жаңа автобусты 5 жыл мерзімге 7% мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизингке алды.«Қоғамдық көлікті жаңарту және жолаушыларды тасымалдау ыңғайлы әрі қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыруда басым бағыт болып қала береді. Соңғы жылдары мемлекеттің қолдауымен жүйелі жаңғырту басталды: тасымалдаушылар лизинг тетігі арқылы жаңартылған, заманауи автобустар алуда. Автобус паркін жаңарту нәтижесінде пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын қоғамдық көліктердің үлесі 8%-ға артып, 81%-ды құрады», – деді облыс әкімі.Аймақ басшысының сөзінше, мақсат – автобустар санын көбейту емес, бүкіл жүйені сапалы түрде өзгерту: қозғалыс тұрақтылығын қамтамасыз ету, жайлылық деңгейін арттыру, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаңа шағын аудандарды көлікпен қамту.Сонымен қатар, тасымалдаушылар қозғалыс кестесін сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету және қызмет көрсету мәдениетін арттыру бойынша міндеттерін толық орындауы тиіс.Айта кету керек, бүгінгі таңда тұрғындар заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізуде – мобильді қосымша арқылы автобустардың қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалап, өз маршруттарын жоспарлап, уақыттарын үнемдей алады.Бұл тек қолайлы сервис емес, сонымен қатар тасымалдаушылар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1190084?lang=kk
📖2026 жылдан бастап жеке табыс салығы бойынша бұрынғы «Стандартты шегерім» «Базалық салықтық шегерім» болып өзгертіледі. 30.03.2026
📖2026 жылдан бастап жеке табыс салығы бойынша бұрынғы «Стандартты шегерім» «Базалық салықтық шегерім» болып өзгертіледі.🧮Енді «стандартты шегерімнің» мөлшері 2025 жылы 14 АЕК (55 048 теңге) болғанының орнына, 2026 жылдан бастап 30 АЕК-ке (129 750 теңге) тең болады. Кейінгі жылдары да АЕК-тің жыл сайынғы мәніне сәйкес шегерім мөлшері ұлғайып отырады.🔍Стандартты (базалық) шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл ішіндегі стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 360 АЕК-тен аспауға тиіс (бұрын – 168 АЕК).🔹Осылайша, 2026 жылы жеке тұлға келесі жеке салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы: • әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім (МЗЖ, МӘМС, МӘМС жарналары ГПХ бойынша);• базалық салықтық шегерім;• әлеуметтік салықтық шегерімдер.🖍Базалық салықтық шегерім және әлеуметтік салықтық шегерімдер табыс төлеу көзінде салық агенті тарапынан келесі негізде қолданылады: • жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;• әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1189861?lang=kk
Ақмола облысы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде 30.03.2026
Ақмола облысының әкімі Марат АхметжановDala Carbon Forum 2026 форумы аясында туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің қатысуымен Алешка Симкич – Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың елшісі және Салли Аксуорси – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісімен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылап, туризмді дамытуға ерекше назар аударды. Өңір делегациясы Ақмола облысының туристік әлеуетін, оның ішінде табиғи нысандарын, курорттық аймақтарын және тұрақты туризмді дамыту мүмкіндіктерін таныстырды.Аймақ инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып жатқаны және халықаралық инвестицияларға, соның ішінде туризм саласына ашық екені атап өтілді. Инвесторларды қолдау жұмыстары арнайы қолдау институттары арқылы жүзеге асырылуда.Шетелдік серіктестер тарапынан өңірдің курорттық әлеуетіне ерекше қызығушылық білдірілді. Ұлыбритания өкілдері Ақмола облысы еуропалық туристер үшін тартымды бағытқа айналуы мүмкін екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1189914?lang=kk
Бурабай ауданында Dala Carbon Forum 2026 аймақаралық форумы өтті 30.03.2026
Қазақстандық аграрлық сала өкілдері көміртек бірліктерінің жаһандық нарығына шығу арқылы жаңа табыс көзін ала алады. Топырақта көміртекті жинау сияқты тұрақты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін коммерцияландыру мүмкіндігі IV Dala Carbon Forum 2026 аймақаралық экологиялық форумының негізгі тақырыбы болды. Форум Ақмола облысында облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өтті.Форум қатысушылары Қазақстанның 200 млн гектардан астам жерін халықаралық көміртек саудасы жүйесіне интеграциялау әлеуетін талқылады. Дүниежүзілік нарықтар көміртекті сақтау жобаларына, соның ішінде No-Till технологиясын қолдануға инвестиция салуға дайын екені айтылады. Алайда бұл механизмді Қазақстанда толық іске қосу үшін айқын нормативтік база жасау, сондай-ақ мониторинг, есеп беру және верификация жүйесін енгізу қажет.Бұл мәселелердің практикалық маңызы әсіресе жер деградациясы өндірістің тұрақтылығына әсер ететін аграрлық аймақтар үшін зор. Марат Ахметжанов облыстың фермерлік шаруашылықтар негізінде климаттық жобаларды енгізуге пилоттық алаң болуға дайын екенін атап өтті.«Біз инновацияларға ашықпыз, болашақ жаңа технологияларда екенін түсінеміз. Дегенмен экожобаларға толық қатысу үшін аграрлық сектор мен инвесторлар үшін түсінікті механизмдерді әзірлеу қажет», – деп айқындады облыс басшысы.Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев табиғи экожүйелер маңызды инвестициялық ресурсқа айналып отырғанын, ерікті көміртек нарықтарын дамыту «жасыл» қаржыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті. Басымдық халықаралық деңгейде танылатын көміртек офсеттерін шығару шарттарын жасау болып табылады.Форум ұйымдастырушысы, ECOJER қауымдастығының төрайымы Лаззат Рамазанова халықаралық капитал тартудың ашық жүйесі, нарықты реттеу ережелерінің айқын болуы және әкімшілік кедергілердің жойылуы негізгі шарт екенін айтты.Форум аясында фермерлердің көміртек жобаларына қатысуының практикалық мәселелері де талқыланды: жинақталған көміртекті өлшеу әдістері, шағын шаруашылықтар үшін халықаралық верификацияның қолжетімділігі, бастапқы қаржыландыруды іздеу және цифрлық мониторинг саласында мамандар даярлау.Сонымен қатар, назар халықаралық көміртек квоталарын саудалау ережелері мен олардың тіркелу механизмдеріне аударылды, бұл қазақстандық көміртек бірліктерінің жаһандық нарықтарда бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.Dala Carbon Forum 2026 қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар пакеті дайындалды. Қатысушылар көміртек офсеттері институционалдық база жылдам дамытылса, Қазақстан үшін жаңа тұрақты экспорттық ниша бола алатынын айтты.Айта кетейік, Ақмола облысының аграрлық сала өкілдері өткен жылдан бастап көміртек сертификаттары бағдарламасына қатысып келеді. Бұл олардың жерлері көміртекті сіңіргені үшін қосымша табыс алу мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Үлкен шаруашылықтар, соның ішінде Целиноград және Астрахан аудандары белсенді түрде қатысып отыр. Бағдарламаға қатысатын жерлердің жалпы ауданы 100 мың гектарға жетеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1189926?lang=kk
Қазақстан су саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуде 30.03.2026
Рияд, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Ғаламдық су ұйымы негізін қалаушы тобының басшысы Фахд Балғунейммен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында тараптар су қауіпсіздігі, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.Қазақстан Елшісі халықаралық ұйымдармен әріптестікті нығайту жаһандық су сын-қатерлерін еңсеруде маңызды екенін атап өтіп, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.Ғаламдық су ұйымының өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, елдің су дипломатиясы саласындағы бастамаларды ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын пысықтауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1189934?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мәдинадағы Мәдениеттер мен халықтар фестиваліне қатысты 30.03.2026
Мәдина, 2026 жылғы 29 наурыз – Сауд Арабиясы Мәдина өңірінің губернаторы ханзада Салман бен Сұлтан Әл Саудтың шақыруымен Қазақстанның Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбеков жұмыс сапарымен Мәдина қаласына барды.Сапар аясында Елші Мәдина Ислам университеті ұйымдастырған Мәдениеттер мен халықтардың 14-ші фестиваліне қатысты. Іс-шараға университетте білім алып жатқан әлемнің 170-тен астам елінің өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық салт-дәстүрлері және мәдениеттерімен таныстырды.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Мәдина өңірі губернаторының орынбасары ханзада Сауд бен Нахар Әл Саудпен, сондай-ақ Мәдина Ислам университетінің президенті Салех Әл-Ағламен кездесті. Кездесулер барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1189836?lang=kk
оттан тыс банкроттық рәсімінің мерзімі қысқартылды. 30.03.2026
🖋2026 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына түзетулер енгізілді. Өзгерістер 2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енеді.📅Түзетулерге сәйкес, жиынтық берешегі 1 600 АЕК-тен (6 920 000 теңге) аспайтын және міндеттемелерін орындамау мерзімі 5 жылдан асатын азаматтарға соттан тыс банкроттық рәсімі 1 ай ішінде жүргізіледі. Бұған дейін бұл рәсім 6 айға созылатын.👩‍💻Аталған өзгерістер соттан тыс банкроттық рәсімін оңтайландыруға бағытталған және мемлекеттік аппараттың қоғам сұраныстарына жылдам әрі тиімді жауап беруін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1189756?lang=kk
Эмиссия үшін кім төлейді? 30.03.2026
Эмиссия үшін кім төлейді?Қарапайым тілмен түсіндіреміз *Төлеушілер* — қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектісі бар ЖК және ЖШС. Объект жалға алынған болса да — төлем жасау міндетті.*Объектілер санаттары:*I–II (айтарлықтай және орташа әсер)Ірі кәсіпорындар (мұнай-газ, металлургия, энергетика және т.б.)экологиялық рұқсат алуы тиіс (10 жылға дейін)эмиссия үшін төлейді және 870.00 нысанын тапсырадыIII (аз әсер)Өндірістер: бетон, аяқ киім, сабын, кілем және т.б.рұқсат қажет емесбірақ жыл сайын экологиялық декларация тапсырады (қалдықтар бойынша)IV (ең төмен әсер)СТО, автомойка, кафе, дүкендер және т.б.эмиссия үшін төлемейдіесептілік тапсырмайдыМаңызды:Егер қалдық көлемі лимиттен асса (мысалы, қауіпті қалдықтар >1 тонна немесе қауіпті емес >10 тонна), бизнес автоматты түрде III санатқа өтеді.Қосымша: бірыңғай жер салығын қолданатын фермерлер де төлемейді.*Өз санатыңызды қалай анықтауға болады?*Жұмыс істеп тұрған бизнес — elicense.kz арқылы өтініш беру (15 күнге дейін)Жаңа жоба — санат жоспарлау кезеңінде анықталадыЕгер күмән болса — экология департаментіне өтініш беріп, ресми жауап алған дұрыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1189741?lang=kk
Ауылдардағы суды бұруға арналған арна 30.03.2026
Көше бойында еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету және су басудың алдын алу үшін жол бойындағы су бұру арналарын тазарту және қазу жұмыстары жүргізілді.Жұмыстар жергілікті тұрғын М.Зелимханның техникасын пайдалана отырып орындалды, ол ауылдастарына көмек көрсетіп, елді мекенді абаттандыруға үлес қосты. Осындай бей-жай емес тұрғындардың арқасында ауыл таза әрі қауіпсіз бола түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-birlik/press/news/details/1189727?lang=kk
31 марта истекает срок представления налоговой отчетности за 2025 год 30.03.2026
2025 жыл үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады2025 жылдың қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей келесі салық есептіліктерін (ФНО) тапсыру қажет:ф. 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 – КТС бойынша декларациялар;ф. 220.00 – ЖТС бойынша декларация;ф. 531.00 – Натуралды нысандағы салық міндеттемесін орындау туралы декларация (есеп);ф. 540.00 – Артық пайдаға салынатын салық бойынша декларация;ф. 560.00 – Тарихи шығындарды өтеу төлемі бойынша декларация;ф. 600.00 – Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларация;ф. 700.00 – Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация;ф. 871.00 – Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі;ф. 912.00 – Тіркелген шегерімді қолданатын арнайы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілерге арналған декларация;ф. 920.00 – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.Сонымен қатар, 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін:ф. 101.04 – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталып қалатын КТС бойынша есеп ұсынылады.Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғалар 2025 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1189732?lang=kk
Қазақстанда ЕАЭО елдерінен тауарлар импорттау кезінде ең төменгі баға деңгейін қолдану тәртібі өзгерді 30.03.2026
Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауарлар импорттау кезінде қосылған құн салығын есептеу барысында ең төменгі баға деңгейін (ЕТБД) айқындау және қолданудың жаңартылған тетігі енгізілгенін хабарлайды. Жаңа тәртіп Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518-бабында көзделген және ҚР Қаржы министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығымен бекітілген.Ең төменгі баға деңгейі не үшін қолданыладыЕң төменгі баға деңгейі ЕАЭО елдерінен жекелеген тауар түрлерін импорттау кезінде ҚҚС есептеу барысында қолданылады. Бұл тетіктің негізгі мақсаты – импортталатын тауарлардың құнын төмендету жағдайларын болдырмау және салықтың дұрыс есептелуін қамтамасыз ету. ЕТБД қазақстандық өндірушілердің бағалары мен импортталатын тауарлардың құны арасындағы орташа мән ретінде айқындалады. Ең төменгі баға деңгейі тоқсан сайын есептеледі.Ең төменгі баға деңгейін айқындау тәртібіЕТБД есептеу үшін мемлекеттік кірістер органдары ресми статистика деректерін пайдаланады. Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік статистика органдарына жылына төрт рет - 28 ақпанға дейін, 31 мамырға дейін, 31 тамызға дейін және 30 қарашаға дейін сұрау жібереді. Бұл сұраулар ақпарат ұсынылатын айдың алдындағы үш айдағы өндіруші кәсіпорындардың орташа бағалары туралы мәліметтерді алу үшін жолданады. Алынған деректер негізінде ең төменгі баға деңгейлері есептеліп, Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланады.Қандай тауарларға қатысты ЕТБД қолданыладыҚазіргі уақытта тізімге 35 түрлі тауар атауы енгізілген.Олардың қатарына мыналар жатады:азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері;құрылыс материалдары;металл бұйымдары;өнеркәсіптік өнімдердің кейбір түрлері;халық тұтынатын тауарлардың жекелеген санаттары.Импорт кезінде ең төменгі баға деңгейін қолдану тәртібіҚосылған құн салығын қосымша есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтардың бірі – импортталатын тауарлардың құны төмендетілген жағдайларда әрекет ету тетігінің өзгеруі.Бұрын осындай фактілер анықталған кезде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің атына камералдық бақылау хабарламаларын жіберетін. 2026 жылдан бастап тәртіп өзгерді: мемлекеттік кірістер органдары импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын өздері қосымша есептеп, тиісті сомаларды салық төлеушінің жеке шотында көрсетеді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарлардың құнын декларациялау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189679?lang=kk
2026 NEAR Member Workshop 30.03.2026
2026 жылғы 19 наурыз, Пусан қ. - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар 2026 NEAR Member Workshop семинарына қатысты.Іс-шара барысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, Түркістан облысының Қауымдастық аясындағы табысты тәжірибесі атап өтілді. Сондай-ақ осы жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облысының NEAR құрамына ресми түрде қосылуына қолдау білдірілді.Іс-шараны ұйымдастырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Бас хатшы Лим Бён Джин мырза мен Губернатордың орынбасары Ян Гым Хи ханымға алғыс айтамыз. 19 марта 2026, Пусан - Генеральный консул Республики Казахстан в городе Пусан Аслан Асқар принял участие в семинаре «2026 NEAR Member Workshop».В ходе мероприятия были обсуждены вопросы развития межрегионального сотрудничества, а также отмечен успешный опыт Туркестанской области в рамках Ассоциации. Кроме того, была выражена поддержка предстоящему вступлению Восточно-Казахстанской области в состав NEAR в июле текущего года.Выражаем благодарность Генеральному секретарю г-ну Лим Бён Джину и заместителю губернатора г-же Ян Гым Хи за организацию мероприятия и оказанное гостеприимство. March 19, 2026, Busan - The Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Aslan Askar, participated in the 2026 NEAR Member Workshop.The event focused on strengthening interregional cooperation and highlighted the successful experience of the Turkistan Region within the Association. Support was also expressed for the upcoming accession of the East Kazakhstan Region to NEAR in July this year.We express our gratitude to Secretary General Mr. Lim Byeong-jin and Deputy Governor Ms. Yang Geum-hee for the organization of the event and their warm hospitality. 2026년 3월 19일, 부산 - 아슬란 아스카르 주부산 카자흐스탄 총영사는 경주에서 열린 ‘2026 NEAR(동북아시아지역자치단체연합) 실무자 워크숍’에 참석했습니다.이번 행사에서는 지역 간 협력 발전 방안이 논의되었으며, NEAR 내 투르키스탄주의 성공적인 활동 사례가 소개되었습니다. 또한 오는 7월 동카자흐스탄주의 NEAR 공식 가입에 대한 지지를 표명했습니다. 행사를 준비해주신 임병진 사무총장님과 양금희 부지사님께 깊은 감사를 드립니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1189702?lang=kk
2026 жылғы ақапандағы Республикалық бюджетке өзге экономика бойынша салық төлемдерінің түсімі 30.03.2026
"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы ақпанда салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 28,7 млрд.теңге түсті.Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,9% - ды құрайды.КБК бөлінісінде түсімдер құрылымы:- КБК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 47,0%;- КБК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 28,7%;- КБК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС»  түсімдер үлесі 27,4%.2026 жылғы ақпандағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:- " ГРК МЛД " ЖШС – түсімдердің үлесі 7,3%;- " Риддер-Полиметалл " ЖШС – түсімдердің үлесі 6,6%;- " Билдинг Ceрвиc " ЖШС – түсімдердің үлесі 4,9%;- " Бұқтырма СЭС-ы " АҚ – түсімдердің үлесі 4,2%;- " Меломан Home Video " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,2%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189646?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Камералдық бақылау» тақырыбына тікелей эфирі 30.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 30 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Камералдық бақылау» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Анара Ришатқызы Қорабаева сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1189651?lang=kk
Қазақстан мен Албания екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады 30.03.2026
Тирана, 2026 жылғы 24 шілде – Қазақстанның Албаниядағы Елшісі Искандер Айсариев Албания Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрінің орынбасары Меги Финомен кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-албан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономика және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік байланысын дамытуға, сондай-ақ екіжақты шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге ерекше назар аударды.Сұхбаттастар алдағы екіжақты байланыстардың күн тәртібін қарастырды. Көзделген сапарларды тиісті уағдаластықтар және бастамалармен, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы жобалармен мазмұнды түрде толықтырудың маңыздылығы аталып өтті.Қазақстан мен Албания арасында тікелей әуе қатынасын орнату перспективаларына ерекше назарға алынды. Тараптар осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдде білдірді.Сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі елдің бейінді мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды одан әрі нығайту, нақты инвестициялық жобаларды ілгерілету, сондай-ақ салалық ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру келісілді.Сұхбат барысында Елші албан тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты бағыттарын және конституциялық өзгерістер туралы хабардар етті. Мемлекеттің жаңа институционалдық архитектурасы, бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу және алдағы парламенттік сайлауға дайындық жөнінде айтып берді. Жүзеге асырылып жатқан реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға, институттарды нығайтуға және елдің саяси жүйесін дәйекті түрде дамытуға бағыты туралы ақпарат ұсынылды.Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.Кездесу барысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қатысты мәселелер, соның ішінде Алтын Орда мұрасының Еуразия тарихындағы маңызы да сөз болды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға және өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ортақ мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/1263593?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысында өткен брифингте көлік салығын төлеу мерзімдері мен салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді 30.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыштың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында көлік салығын әкімшілендіру, оны төлеу мерзімдері, халық арасындағы салық берешегі және заңнамадағы өзгерістер мәселелері талқыланды.Спикердің айтуынша, 2025 жыл үшін көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Салықты есептеу кезінде 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады. Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы дербес есептеуге болады. Төлем банк қосымшалары, банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы жүзеге асырылады.2026 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша облыс бойынша салық берешегі 6 907 салық төлеушіге 385,9 млн теңгені құрады, бұл ретте берешектің азаюы байқалады. Берешекті өндіріп алу үшін бірқатар шаралар қолданылуда, оның ішінде істерді жеке сот орындаушыларына жолдау.Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер де жткізілді. Атап айтқанда, көлік құралдарының иелері үшін салық жүктемесі төмендетілді: қолдану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктер үшін салық 30%-ға дейін, ал 20 жылдан асқандар үшін 50%-ға дейін азайтылады. Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары бір пикап үшін салық төлеуден босатылады, ал көлік құралдары бар заңды тұлғалар 701.00 нысаны бойынша ағымдағы төлемдер есебін тапсырудан босатылады.Брифинг соңында спикер автокөлік иелерін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының алдын - алу үшін 1 сәуірге дейін салықты уақтылы төлеуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189658?lang=kk
2026 жылғы қаңтар – ақпан айларында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау 30.03.2026
Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы қаңтар – ақпанда салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 38,1 млрд.теңгені құрады. Жоспар 28,3 млрд.теңгені құрап 9,8 млрд.теңге сомасында асыра орындалып  134,8% құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өсу қарқыны 602,8 млн.теңге сомасында өсіммен 101,6% құрайды.Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.Аудандық бюджет бойынша 2 айда түсу фактісі 27,0 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 9,9 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 1,2 млрд.теңге. Барлық түсім   38,1 млрд.теңге сомасында.Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:- Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 30,4% немесе 11,6 млрд.теңгені құрайды;- Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 27,7% немесе 10,5 млрд.теңгені құрайды;- Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 17,8% немесе 6,8 млрд.теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189630?lang=kk
2026 жылғы ақпандағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға салық төлемдерінің түсуі 30.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС;  «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС. 2026 жылғы ақпанда салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 44,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 3,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 41,5 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті.Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 48,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 15,1% - ды; республикалық бюджет бойынша 59,1% - ды құрайды.Мониторинг кәсіпорындары бойынша 2026 жылғы 2 айдағы түсімдер статистикасы:Салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке 55,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 5,4 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 49,9 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 2,2 млрд.теңге түсті. Облыс бойынша мемлекеттік бюджеттің жалпы түсімінде келтірілген кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 47,8% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,2% - ды; республикалық бюджет бойынша 64,2% - ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189635?lang=kk
Жапония экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің Төрағасымен бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды 30.03.2026
Токио, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Кожатаев Жапония экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігінің (NEXI) Төрағасы Ацуо Куродамен кездесу өткізді.Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ келісімшарттарды іске асыру кезінде тәуекелдерді жабу бойынша «NEXI» тетіктерін қоса алғанда бірлескен жобаларды сақтандыру және қаржылық қолдау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.2025 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токиоға ресми сапары аясында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Жапонияның экспорт пен инвестицияларды сақтандыру агенттігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды.«NEXI» Төрағасы А.Курода жапон тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады және жапон компанияларының Қазақстандағы жобаларына қаржылық-сақтандыру қолдауын көрсету мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол энергетика, аса маңызды минералдар, логистика және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін атап өтті.Сонымен бірге, А.Курода 2026 жылғы мамырда Астанада өтетін Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырушылардың халықаралық одағының (Берн одағы) отырысына қатысу үшін Қазақстанға «NEXI» делегациясын жіберетінін хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1189613?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру 30.03.2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-де 2026 жылғы 13-30 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8 7282 402692, Жарылхасынова Айгерим Канатовна.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1189648?lang=kk