Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн 30.03.2026
 Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.Реформаның негізгі элементі ретінде «Жасыл даму» АҚ базасында Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарлануда. Жаңа орталық бүкіл жүйенің үйлестірушісі болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, бірыңғай стандарттарды және ұлттық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді.Негізгі бағыттардың бірі қалдықтардың түзілуінен бастап кәдеге жаратылуына дейінгі барлық кезеңдерде есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесін енгізу болып табылады. Бұл қалдық ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуге, есептіліктің сенімділігін арттыруға және көлеңкелі айналымды азайта отырып мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Тұжырымдама саладағы жинақталған проблемаларды шешуге бағытталған. Олардың қатарында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі, қалдықтарды көму үлесінің басымдығы, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ өндірістік және қауіпті қалдықтардың едәуір көлемінің жинақталуы бар.Реформа аясында сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, қайталама ресурстар нарығын қалыптастыру, тарихи жинақталған қалдықтар мәселесін шешу және қауіпті әрі медициналық қалдықтарға бақылауды күшейту көзделген.Сонымен қатар, бұрын жүйелі инфрақұрылым болмаған ауылдық елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бұл ретте рұқсат етілмеген қоқыс орындарын азайтуға және өңірлердің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Тұжырымдама қалдықтарды ресурс ретінде қарастыратын айналымды экономика моделіне көшуді де көздейді. Ол қайта өңдеуді және қайта пайдалануды ынталандыруды, инвестиция тартуды және заманауи кәдеге жарату технологияларын енгізуді қамтиды.Ұсынылған шараларды іске асыру қалдықтарды басқарудың заманауи әрі ашық жүйесін қалыптастыруға, қайта өңдеу деңгейін арттыруға және экологиялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.Қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағыттағы негізгі құралдардың бірі - EcoQolday бағдарламасы. Бағдарлама тиімді қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ ел бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Алматыда Молдованың Құрметті консулдығының ашылуы өтті 30.03.2026
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Молдованың Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1189516?lang=kk
Швед үстелі және ұлттық тағамдар: Қарулы күштерде тамақтану жүйесінің жаңа стандарттары енгізілуде 30.03.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жаңалықтардың бірі әскери қызметшілерге бірнеше тағам арасынан өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін «швед үстелі» элементтерін енгізу болып отыр.Жаңа тамақтану моделі әскери қызметшілерге әр күн сайын бірнеше түрлі бірінші және екінші тағамнан өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді, бірақ пайлардың бағасы өзгермейді. Мұны тағамды дайындау мен тарату процесін оңтайландыру арқылы іске асыру көзделген.Қазіргі таңда әскерлерді тамақтандыруды 40 мыңнан астам әскери қызметшіні қамтитын 23 қызмет көрсетуші қамтамасыз етеді. Оның ішінде мерзімді қызмет сарбаздары, курсанттар мен кадеттер бар. Конкурс нәтижесінде бәсекелестікті арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 11 жаңа жеткізуші анықталды.Сонымен бірге, тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесі ұзақ мерзімді негізге көшірілмек. Келісімшарттар үш жыл мерзімге жасалып, конкурс рәсімдері толықтай электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл процессті ашық етеді, әрі сыбайлас жемқорлық қаупін жойып, жеткізушілердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Тамақ сапасын арттыру аясында бірқатар практикалық шаралар жүзеге асырылды. Шамамен 300-дей бақылау және көрсетілімдік тағам әзірлеу рәсімі ұйымдастырылып, аспаздарға арналған оқыту шаралары өткізілді.Бұл ретте әскери қызметшілердің пікірін есепке алуға ерекше назар аударылды. Әскери бөлімдерде анонимдік сауалнамалар жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша мәзірдің кейбір пункттері қолданыстағы азық-түлік пайларының нормаларын сақтай отырып түзетілді.Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев атап өткендей, жаңа тамақтану жүйесіне көшу – әскери қызметшілерді қамтамасыз етудің сапасын арттырудағы принциптік қадам болмақ.  – Біз тамақтануды ұйымдастырудың заманауи моделіне көшудеміз. Бұл жерде негізгі назар әскери қызметшінің нақты қажеттілігіне аударылады. «Швед үстелі» элементтерін енгізу сарбазға таңдау жасау мүмкіндігін беру, тағамның әр түрлілігін қамтамасыз ету және тамақ сапасын арттыру жолы болмақ. Бірақ мұның бәрі шығындарды көбейтпей жүзеге асырылады, – деді ол.Қорғаныс министрінің орынбасары сонымен бірге барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті. Рәсімдердің бәрі мүмкіндігінше электрондық форматқа көшірілетінін және конкурс кезінде адам факторының әсері жойылатынын жеткізді. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жеткізушілер арасында әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелік шара. Сол себепті қабылданған шаралар азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінің сапалы жаңартылуына бағытталған. – Біздің міндетіміз – тамақтануды ұйымдастыруды жаңа деңгейге көтеру. Бұл бір реттік шара емес, аспаздардың біліктілігін арттырудан бастап, жаңа бақылау стандарттарын енгізу және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңді қамтитын кешенді жұмыс, – деп атап өтті генерал-майор Алмаз Жұмакеев.Сонымен қатар, тамақ рационын ұлттық тағамдармен толықтыру және калория мөлшерін арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Бөлімшелерде ұлттық тағамдар күні өткізу тәжірибесі енгізіліп, оған мампар, қуырдақ, палау, ет және бауырсақ сияқты дәстүрлі тағамдар қосылған.Сонымен қатар, далалық жағдайда тамақ сапасын арттыруға және әскери аспаздар институтын дамытуға ерекше мән берілуде. Олар полигондарда азаматтық жеткізушілермен бірлесе отырып жұмыс істейтін болады.  Бүгінде «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті қоғамдық бақылаудың маңызды элементі болып табылады. Ұйым өкілдері тамақ сапасын бағалау және жеке құраммен өзара іс-қимыл жасау процестеріне қатыса алады. Қоғамдық ұйым жүйенің ашық жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен объективті кері байланыс алудағы қосымша механизм болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189555?lang=kk
Африка одағының астанасында Наурыз мейрамы атап өтілді 30.03.2026
Аддис-Абеба, 2026 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігінде Эфиопияның дипломатиялық корпусының, Эфиопиядағы Қазақстан достары клубының, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан Наурыз мейрамы салтанатты түрде атап өтілді.Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев барлық қатысушыларды жылы лебізбен құттықтап, Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы туралы айтып берді.«Қазақстанда Наурыз дәстүрлі Жаңа жыл ретінде тойланады. 2024 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн бойы – 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Бұл онкүндік «Наурызнама» деп аталды. Әр күннің Наурыз мейрамының мазмұнына сай келетін өз атауы мен мағынасы бар», - деп атап өтті Елші.Оның айтуынша, жыл сайын 21 наурыз әлемде Халықаралық Наурыз күні ретінде атап өтіледі. Бұл – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін ежелгі мереке және ол әлемнің көптеген аймақтарында, соның ішінде Балқан түбегінде, Кавказда, Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Иранда, Пәкістанда, Үндістанда және басқа да елдерде тойланады. Наурыз бейбітшілік, отбасы, татуласу және тату көршілік құндылықтарын дәріптеп, мәдени әртүрлілік пен халықтар арасындағы достықтың нығаюына ықпал етеді.Қазақстандық дипломат биылғы жылы христиандардың «Худаде Цоме» оразасының Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Ол қонақтарға Наурыз мейрамының мәдени маңыздылығын, соның арқасында бұл мерекенің ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгенін еске салды.Іс-шара барысында қатысушылар «Сарыарқа», «Адай», «Көңілашар», «Балбырауын» сияқты дәстүрлі қазақ күйлерін тыңдап, қазақтың ұлттық киімдерінің сұлулығына тәнті болды. Сондай-ақ қонақтарға наурыз көже, бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ және қазақ асханасының өзге де дәмдері ұсынылды. Сонымен қатар, жиналған қауымға Қазақстандағы Наурыз мейрамы туралы фильм көрсетілді.Жалпы алғанда, іс-шараға қатысушылар Наурыз мейрамының жалпыадамзаттық құндылықтарын атап өтіп, бір-бірін көктем, бейбітшілік, келісім және жаңару мерекесімен құттықтады. Олар қазақ халқына бірлік, тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1189409?lang=kk
№ 1 сайлау учаскесінің депутаты Р. Жомартов азаматтарды жеке қабылдау өткізді 30.03.2026
№ 1 сайлау учаскесінің депутаты Жомартов Рашид Жомартұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар су тасқыны жағдайына қатысты, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелерін көтерді. Әрбір азаматқа тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады. Олардың орындалуы депутаттық бақылауға алынып, заңнамада белгіленген тәртіппен кезең-кезеңімен шешіледі. Нәтижелері бойынша азаматтарға қосымша ақпарат беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1189422?lang=kk
Жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша міндеттемелері туралы 30.03.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салады.Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте, 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Есептелген салық сомасы туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілді.2026 жылғы 2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске саламыз. Салық және есептелген өсімпұл бойынша берешек болған кезде салық органдары ағымдағы жылғы 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі.Өз кезегінде, жеке сот орындаушы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға, оның ішінде банк шоттарын бұғаттау мен мүлікке тыйым салуға құқығы бар. Бұдан басқа, егер берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелуі мүмкін.Теріс салдардың алдын алу үшін салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауға кеңес береміз, ал сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органына немесе Байланыс-орталығына хабарласуға болады.Салық сомасы туралы ақпарат portal.kgd.gov.kz веб-порталда «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларда орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1190390?lang=kk
ҰҰА операторлары, жауынгер жүзушілер және сүңгуір журналист: Әскери-теңіз күштеріндегі баспасөз турының екінші күні қалай өтті 30.03.2026
Баспасөз турының екінші күні есте қаларлықтай мазмұнды болды. Журналистер Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік дайындықтың заманауи бағыттарымен танысып, ұшқышсыз ұшу жүйелері операторларының жұмысына қанығып, тіпті сүңгуір жабдығын тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік алды.Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде БАҚ өкілдеріне ұшқышсыз авиацияның даму жағдайы және дрон операторларын дайындау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қазіргі уақытта Әскери-теңіз күштерінде мамандандырылған екі зертхана және бір оқу сыныбы жұмыс істейді. Онда бейінді мамандармен қатар өзге бөлімшелердің әскери қызметшілері де дайындықтан өтеді.Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабының роботтандырылған жүйелерді қолдану жөніндегі аға офицері подполковник Григорий Селивановтың айтуынша, оқыту әскери қызметшілерге ұшқышсыз жүйелерді басқарудың бастапқы дағдыларын үйретіп, заманауи қару түрлері туралы жалпы түсінік беруге бағытталған.– Бұл бөлімшелердің дайындығын арттырып, жеке құрамның қазіргі заманғы ұрыс жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді, – деп түсіндірді ол.Сонымен бірге журналистерге «бірінші жақтан көретін» FPV-дрондардың мүмкіндігі көрсетілді. Онда оператор дрон камерасынан түскен бейнені көзілдірік арқылы көріп, дронның ішінде отырғандай сезімде болады. Бұл ұшқышсыз аппаратты жоғары дәлдікпен басқаруға мүмкіндік береді.Одан кейін баспасөз туры оқу-сүңгуірлік орталығында жалғасты. Бөлімше бастығы капитан-лейтенант Руслан Қунақов орталық барлық мамандықтағы сүңгуірлерді, соның ішінде жауынгерлік жүзушілерді, техникалық бейіндегі мамандарды, сондай-ақ штаттағы және штаттан тыс кеме сүңгуірлерін дайындайтынын атап өтті. Журналистерге ашық және жабық циклді аппараттар, сондай-ақ шлангалы сүңгуір құралдары көрсетілді.Республикалық телеарналардың бірінің өкілі олардың функционалдық мүмкіндігін тәжірибе жүзінде тексеріп көрмек боп, арнайы нұсқаушымен бірге сүңгуір жабдығымен суға түсті.Түс ауа баспасөз туры Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлерінде жалғасты. Мұнда десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға әскери-теңіз базасының қолбасшылығы, ардагер теңізшілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әскери қызметшілердің ата-аналары қатысты.Бөлім басшылығы матростарға әскери борышын адал атқарғаны үшін алғыс айтып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Әрбір әскери қызметшіге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Баспасөз турының соңында БАҚ өкілдері әскери теңізшілердің тұрмыс жағдайларымен және күнделікті қызметімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189391?lang=kk
Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде 30.03.2026
Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы және Түркістан қалаларындағы әскери нысандар құрылысының барысын тексерді.Тексеру барысында құрылыс жұмыстарының сапасына, мерзімдердің сақталуына және нысандардың заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.Алматы қаласында Бас қолбасшы Түрксіб ауданында жедел мақсаттағы батальонды орналастыру жобасының жүзеге асуымен танысты. 2022 жылдан бері құрылыс жүріп жатқан нысанда қазіргі таңда ғимараттарды қосымша жабдықтау және пайдалануға беру алдындағы дайындық жұмыстары аяқталу кезеңіне жақындады.Кешен құрамына казарма, асхана, медициналық пункт, автопарктер, инженерлік және тылдық қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ кинологиялық қызметке арналған инфрақұрылым кіреді.Сонымен қатар 5571 әскери бөлімінде медициналық блок пен бригада бөлімшелері орналасатын бес қабатты көпфункционалды ғимараттың құрылысы жалғасуда. Нысанның жалпы сыйымдылығы 400-ден астам әскери қызметшіні қамтиды.Түркістан қаласында генерал-майор Аңсаған Балтабеков 10 гектар аумақта салынып жатқан Ұлттық ұланның әскери қалашығы құрылысының барысын тексерді. Қазіргі уақытта негізгі құрылымдарды тұрғызу және инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылуда.Сонымен қатар еліміздің Қызылорда, Жезқазған, Орал және Атырау қалаларында жаңа әскери қалашықтар мен казармалар құрылысы жалғасуда. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерінің жеке құрамына заманауи қызмет жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмысты айғақтайды.Аталған жобаларды іске асыру заманауи әскери инфрақұрылымды дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және бөлімшелердің жедел әзірлігін арттыруға бағытталған.Сапар қорытындысы бойынша Бас қолбасшы құрылыс сапасы мен қарқынын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, салынып жатқан нысандар заманауи стандарттарға толық сәйкес келіп, жеке құрамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1189400?lang=kk
Ақтау гарнизонында әскери-тактикалық пейнтбол жауынгерлік дайындықтың жаңа әдісі ретінде енгізілді 30.03.2026
Әскерде кең таралып келе жатқан дайындықтың жаңа тәсілімен республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері Маңғыстау облысында өткен баспасөз туры барысында танысты.Сапар бағдарламасы Астанадан Ақтауға Әуе қорғанысы күштерінің С-295 ұшағымен ұшудан басталды.Журналистер алдымен теңіз жаяу әскерлері нысандарын аралап, пейнтбол қалашығындағы екі взводтың шартты қақтығысын тамашалады. Онда әскери қызметшілер тактикалық маневрлерді пысықтап, үйлесімді іс-қимылдарын көрсетті.25744 әскери бөлімінің командирі гвардия подполковнигі Азамат Сүлейменовтің айтуынша, пейнтбол ғимараттарға шабуылдау, аумақты тазарту, қорғаныс пен шабуыл кезіндегі іс-қимылдар сияқты нақты жауынгерлік жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді. Осындай дайындықтың арқасында теңіз жаяу әскерлері дұрыс қозғалып, тиімді позицияларды иеленуге және бөлімше құрамында өзара іс-қимылды үйлестіруге машықтанады.Оқу сыныбында қонақтар жас жауынгерлердің әскери техниканы жүргізу және заманауи қару түрлерін қолдану дағдыларын қалай меңгеріп жатқанын бақылап көрді. Одан соң «Оймаша» полигонында көрсетілімдік атыстар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер мерген мылтықтары мен түрлі гранатаатқыштардан жаттығулар орындап, ұрыс жағдайына барынша жақын ортада тактикалық әрекеттерді пысықтады.Сондай-ақ бригаданың сап алаңында төрт жасар блогер Бек Сәбитті теңіз жаяу әскерлерінің қатарына қабылдау рәсімі өтті. Әскери ант сөздерін салмақты кейіппен әрі мақтанышпен айтқан бүлдіршін жиналғандардың қошеметіне бөленді.Әскери-теңіз базасына жасалған сапар да есте қаларлықтай болды. Мұнда қонақтар бөлімнің инфрақұрылымымен, жауынгерлік кемелердің міндеттерімен және елдің теңіз шебін қорғаудағы Әскери-теңіз күштерінің рөлімен танысты. Әскери теңізшілер экипаж жұмысы, кемені шабуылдау тактикалық көрінісі, заманауи навигация және бақылау жүйелерін көрсетті.Ең әсерлі сәттердің бірі кемемен теңізге шығу болды. Журналистер теңіздің кермек суын ішіп, әскери теңізшілердің бауырластық рухын сезінуге мүмкіндік алды.Сонымен қатар, Әуе қорғанысы күштерінің нысандарын аралау да мазмұнды өтті. БАҚ өкілдері ұшу құрамын даярлау және авиациялық техникаға қызмет көрсету процесімен танысты. Әсіресе заманауи авиация мүмкіндіктерін айқын көрсеткен көрсетілім ерекше әсер қалдырды.Медиа өкілдері құрлықта, теңізде және әуеде қызмет етудің ерекшеліктерімен осылай танысты. Олар жеке құраммен тілдесіп, күнделікті тұрмыс жағдайларын, оның ішінде сарбаздардың тамақтануын да бағалай алды.Осының бәрі кәсібилік, қатаң тәртіп және заманауи технологиялар біртұтас, әрі тиімді қорғаныс жүйесін қалай қалыптастыратынын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189324?lang=kk
В каких случаях пенсионные выплаты за счет добровольных пенсионных взносовназначаются автоматически 30.03.2026
Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады Ерікті зейнетақыжарналары (ЕЗЖ) есебінензейнетақыменқамсыздандырутуралыжәне БЖЗҚ-ныңзейнетақықағидаларындаайқындалғантәртіппен ЕЗЖ есебінензейнетақытөлемдерінжүзегеасырудыкөздейтінҚазақстанРеспубликасыныңӘлеуметтіккодексінеенгізілгенөзгерістергесәйкес2026 жылғынаурызданбастап БЖЗҚ-да зейнетақыжинақтары бар, бұрын50жасқатолуынанемесемүгедектігінебайланыстыолардытөлеутуралы БЖЗҚ-ғаөтінішпен жүгінбегензейнеткерлікжасқатолғантұлғаларғаЕЗЖ есебінензейнетақытөлемдерініңөтінішсіз тағайындау тәртібіенгізілді.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібі (олар болған жағдайда) келесіні көздейді:• ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ тарапынан автоматты түрде тағайындау Мемлекеттік корпорацияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты төлемдер алуға өтінішпен жүгінген кезде;• проактивті қызмет шеңберінде ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру  Мемлекеттік корпорациямен жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болған кезде.Өтінішсіз тәртіп зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында қабылданды. Жаңашылдық ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін оңтайландырады және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен, бұрын БЖЗҚ-ға 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу үшін жүгінбеген адамдардың ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының талап етілмеу тәуекелін жояды.Егер ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828588 теңге (12*69049)), бір реттік төлем ретінде жасалады немесе ай сайынғы кесте бойынша таусылғанға дейін жарналардың міндетті түрлерімен бірге жүзеге асырылады. Алайда алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлем шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіне алады.Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қор кеңсесінде ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға БЖЗҚ-ға өтініш бере алады.ЕЗЖ есебінен төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында "қызметтер"/"ЕЗЖ есебінен төлемдер" бөлімінде танысуға болады.                 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1189300?lang=kk
Наурыз 2026 30.03.2026
Ново-Хайрузовка ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде әрі ерекше көңіл-күймен аталып өтті 🌿Округ тұрғындары мен қонақтары көктемнің келуін, жаңару мен берекенің бастауын бірге қарсы алды. Мерекелік іс-шаралар жылы әрі достық атмосферада өтті: ұлттық ән-күй шырқалып, дәстүрлі ойындар ұйымдастырылып, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге ерекше мән берілді — үлкендер өз ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жастар салт-дәстүрлер мен түрлі байқауларға белсенді қатысты.Наурыз мерекесі барша жұртты біріктіріп, жүректерге қуаныш, мейірім мен жаңа жылға деген үміт сыйлады. Әр шаңыраққа тыныштық, молшылық және бақ-береке тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1189247?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары әскерге шақырылушыларға жасалған жағдай мен цифрлық іріктеуді тексерді 30.03.2026
Әскерге шақыру науқанының қызған шағында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Астанада шақырылушыларды іріктеу жұмысының қалай ұйымдастырылатынын және болашақ әскери қызметшілерге қандай жағдай жасалғанын тексерді.Астананың жинау пунктінде басты назар цифрлық шешімдерге аударылды. «Smart-военкомат» және «e-Медосмотр» жобалары рәсімдерді жылдамдатуға, адам факторын азайтуға және шақыру процесін барынша ашық етуге мүмкіндік береді.Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әкімдік және ардагерлік ұйымдардың өкілдерімен бірге әскерді жасақтау және барлық қатысушы құрылымдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Мұндай жұмыс форматы әр шақырылушы үшін нақты ережелермен және ақаусыз жүйемен шақыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Әскерге шақырылушыларға ерекше назар аударылды. Ашық әңгіме барысында генерал-майор Асқар Мұстабеков олардың көңіл-күйі, тұрғылықты жайы және қызметке дайындықтары туралы сұрады. Жастарға «Срочник 2.0» бағдарламасының артықшылықтары мен бұл бағдарлама қызметтен кейін елдің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретіні айтылды.– Тоғызыншы сыныптан кейін әскери колледжге түскім келді, бірақ мүмкіндік болмады. Университетті бітірген соң әскерге баруға, міндетті қызметті өтеуге нақты шешім қабылдадым. Қазір медициналық тексеруден өтіп, МКҚ қатарына құжат жинап жүрмін, – деді әскерге шақырылушы Альтаир Сәкен.Қорғаныс министрінің орынбасары орналастыру жағдайына, тамақтандырудың ұйымдастырылуына және медициналық комиссия жұмысына баға берді. Тексерістердің сапасы мен кабинеттердің жабдықталуына жіті назар аударылды.– Астананың жинау пунктіндегі барлық процестер қажетті деңгейде ұйымдастырылған, мұнда ашықтық пен шақыру науқанының тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдер қолданылады. Шақырылушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, – деп қорытындылады ол.Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерімен кездесуде генерал-майор Асқар Мұстабеков шақырылушыларға моральдық қолдау көрсетудің рөлін ерекше атап өтті. Ол ардагерлердің қатысуы мен күштік құрылымдармен өзара іс-әрекет жастарға қызметтің бастапқы кезеңінен сенімді өтуге және оның маңызын түсінуге көмектесетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189166?lang=kk
Берлинде Наурыз тойланды: көктем мен мәдениеттерді тоғыстырған мереке 30.03.2026
Берлин, 2026 жылғы 29 наурыз – Германия астанасында көктем мен жаңарудың мерекесі – Наурызға арналған бірқатар салтанатты іс‑шаралар өтті.Мерекелік бағдарламалар Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, мемлекеттік құрылымдар, іскер топтар, мәдени ұйымдар, дипломатиялық корпус өкілдерін, қазақстандық диаспора мүшелерін және Берлин тұрғындарын біріктірді.Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз құттықтау сөзінде Наурыздың тарихи және халықаралық маңызын атап өтіп, оның ЮНЕСКО мен БҰҰ тарапынан мойындалғанын еске салды. Сондай‑ақ ол Наурыздың жаңару, бейбітшілік және халықтар арасындағы өзара түсіністік символы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Елші Наурыздың құрмет, бірлік және жасампаздыққа ұмтылу сияқты құндылықтары Қазақстан мен Германия арасындағы мәдениетаралық диалог пен ынтымақтастық идеяларымен үндесетінін айтты.Қонақтардың ерекше назарын бай мәдени бағдарлама аудартты. Шымкент қаласынан келген «Қаған» этно‑фольклорлық ансамблі дәстүрлі қазақ күйлерін, заманауи этно‑шығармаларды және неміс әуендерінің өзіндік интерпретацияларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Кештің көрнекті сәттерінің бірі – танымал әнші Хелена Голдтың өнер көрсетуі болды. Ол бала кезінде Қазақстаннан Германияға қоныс аударғанымен, қазақ мәдениетімен тығыз байланысын сақтап қалған. Әнші қазақ тілінде ән орындап, бұл бағдарламаның ерекше әсерлі сәтіне айналып, көрермендердің шынайы қошеметіне ие болды.Қатысушылар қазақ мәдени мұрасының элементтерімен – дәстүрлі киіз үймен, қолданбалы‑сәндік өнермен және ұлттық тағамдармен танысып, өздерін қазақ даласының бір бөлшегіндей сезінді. Шарада бешбармақ, қуырдақ, палау, шашлық, бауырсақ және мерекенің басты символы – Наурыз көже ұсынылды. Қонақжайлық пен бірлік атмосферасы қатысушыларға мереке рухын сезінуге және Қазақстанның бай дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.Берлинде өткен Наурыз мерекесі қай жерде жүрсе де отандастарымызды ортақ құндылықтар, туған жерге деген сағыныш және мәдени мұраны сақтау ұмтылысы біріктіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі серіктестерге, қатысушыларға және қонақтарға мерекелік іс‑шараларды ұйымдастыруға қосқан үлестері мен мәдени диалогты қолдағандары үшін алғыс білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1189137?lang=kk
Қазақстанның күштік ведомстволары арасында қазақ күресінен өткен чемпионаттың жеңімпаздары анықталды 29.03.2026
Алматыда Қазақстанның күштік құрылымдары арасындағы қазақ күресінен өткен ашық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Министрлік ұйымдастырған жарыс Армия орталық спорт клубында өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Косанов, Парламент депутаттары, Әскери-қолданбалы спорт түрлері федерациясының президенті Болат Байжан және қазақ күресі федерациясының бірінші президенті Ерғали Мұхадинов қатысты. Турнирге Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланнан барлығы 200 спортшы қатысты.Қазақ күресінен төменде аталған салмақ санаттары бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар 60 келіге дейін – Бекжан Тепенов (АОСК), 66 келі – Ернұр Сүлеймен (АОСК), 74 келі – Жұмажан Қожамбеков (АОСК), 100 келі – Аян Байғазов (Десанттық-шабуылдау әскерлері). Екінші орын 55 келіге дейін – Мұхтар Әлиевке (АОСК), 66 келі – Диас Дәулетовке (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 82 келі – Жұман Мұхамеджанға (АОСК), 100 келі – Ақылжан Тұрсынбекке (АОСК), 100 келіден жоғары – Әділ Оразбаевқа (АОСК) бұйырды. Үшінші орынды 55 келі салмақта – Арсен Асқарбек («Оңтүстік» ӨңҚ), 60 келі – Дәурен Сүйкенов (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 66 келі – Кемелбек Молдаш (Әуе қорғаныс күштері) және Жандос Жанәділ («Шығыс»ӨңҚ), 74 келі – Ислам Тоқтасын (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 82 келі – Нұрдәулет Бақтыбайұлы («Оңтүстік» ӨңҚ), 90 келі – Айдар Бескемпір (АОСК) және Айбек Балабек (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 100 келі – Ертуған Теренов , («Оңтүстік» ӨңҚ), 100 келіден жоғары – Асылхан Қуанышбеков және Нұртөре Оралов (екеуі де 32039 әскери бөлімінен) олжалады.Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар барынша шеберліктерін, жеңіске деген ерік-жігерін, спорттық қағидалар мен дәстүрлерге адалдығын көрсетті.Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстанның күштік құрылымдарының құрамасы жасақталады. Алда олар әскери қызметшілер арасында өтетін әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1189118?lang=kk
"Халыққа қызмет" 29.03.2026
Бүгін ауданымызда "Мемлекеттік қызметтер киіз үйі"-«Халыққа қызмет» акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алудың заманауи жолдарын түсіндіру және үйрету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1189109?lang=kk
Жамбыл облысында инженерлік-саперлік полктің дайындығы тексерілді 29.03.2026
Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы инженерлік-саперлік полкіне кешенді тексеріс жүргізді.Комиссия полк қызметінің ұйымдастырылуын, қару-жарақ пен инженерлік техниканың жайын, сонымен қоса жеке құрамның кәсіби даярлығын көрді.Инженерлік бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Олардың инженерлік барлау жүргізуге, кедергілерді еңсеруге және инженерлік жарақтардан өткелдер жасауға дайындығы бақыланды.Комиссия бұдан басқа, әскери қызметшілердің тактикалық, атыс және дене шынықтыру даярлығының деңгейін, олардың радиациялық, химиялық және биологиялық қауіптілік жағдайында жасайтын іс-әрекетке дайындығын тексерді.Бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға, әскери тәртіптің жай-күйіне және әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға да баға берілді.Инженерлік-саперлік полктің дайындық деңгейін және оның мақсатына сай міндеттерді орындауға қаншалықты дайындығын кешенді бағалау негізінде комиссия бөлімше қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1187078?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады 29.03.2026
Астана, 2026 жылғы 24 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ сұхбаттасушылар екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.Е.Көшербаев өңірдегі шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның барлық даулы мәселелерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайтынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1187102?lang=kk
Венада көктем мерекесі Наурыз мерекесі басталды 29.03.2026
Вена, 2025 жылғы 22 наурыз – Венада Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің қолдауымен Наурыз мерекесі-көктем мерекесі, жаңару және келісім салтанатты түрде атап өтілді.Мерекелік іс-шара отандастар мен қазақ диаспорасын, дипломатиялық корпус өкілдерін, сондай-ақ Наурыз мерекесін тойлаудың қазақ мәдениетінің бай мұрасына қызығушылық танытқан халықаралық ұйымдарды біріктірді.Іс-шараны ұйымдастыруға Аустриядағы Қазақстандық студенттер қауымдастығы белсенді қатысты. Мереке атмосферасын фольклорлық музыка, арқан тарту және салмақ көтеру сияқты ұлттық тағамдар мен ойындар, қазақ халқының рухын жеткізетін дәстүрлі костюмдер толықтырды.Наурызды мерекелеуге 76 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов (Ulytaumen) қатысты, ол әлем бойынша жаяу саяхаттың төртінші кезеңі аясында Сербия астанасы – Белградтан Венгрия арқылы Аустрияға келді. Сапарды Сәрсенбай ата жаяу бағыты Германия аумағымен Францияға дейін өтеді. 58 күн ішінде қазақстандық зейнеткер 2 800 шақырымды еңсеруге ниетті.Бір жыл бұрын Сәрсенбай ата Ресей мен Моңғолия арқылы Қытайдың астанасы Пекинге жаяу барды. Келесі жылы АҚШ-та Нью-Йорктен бастап Сан-Франциско қаласына дейін жаяу жүруді ниетті. Сәрсенбай ата атап өткендей, өзінің саяхаты аясында оның мақсаты Қазақстанды, оның дәстүрлері мен мәдениетін дәріптеу, адамдарды салауатты өмір салтына ынталандыру, сондай-ақ елестете алмаған арманды жүзеге асыруға болып табылады.Көктемгі күн мен түннің теңелуі күні атап өтілетін Наурыз мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылады және күн күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді. Мереке адамдарды бейбітшілік, жақсылық және өзара сыйластық құндылықтары төңірегінде біріктіреді.2009 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізген және 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ресми түрде Халықаралық мереке деп таныған Наурыз мәдени өзара түсіністіктің символына айналды. Ол халықаралық ынтымақтастық пен халықтар бірлігінің негізі ретінде құрмет, ынтымақтастық және бейбіт қатар өмір сүрудің маңыздылығын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1187120?lang=kk
Норвегия Корольдігінде Наурыз мейрамы атап өтілді 29.03.2026
2026 жылғы 21–22 наурыз аралығында Норвегияның батыс жағалауындағы Ставангер және Берген қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Іс-шара барысында қонақтарға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері, ұлттық тағамдар, соның ішінде «Наурыз көже», сондай-ақ Қазақстан, оның тарихы және Наурыз мейрамының маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Мерекеге қазақстандық диаспора өкілдерімен қатар жергілікті тұрғындар да қызығушылық танытты. Мерекелік іс-шаралар жылы әрі достық ортада өтіп, қонақтарды ортақ құндылықтар мен дәстүрлер төңірегінде біріктіріп, қатысушыларға Қазақстан мәдениеті туралы жағымды әсер қалдырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/1187132?lang=kk
Қазақстан делегациясы Väderstad швед компаниясының штаб-пәтерінде болды 29.03.2026
Ведерстад қ., 2026 ж. 23 наурыз – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс Вице-министрі Олжас Сапарбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Азат Сұлтанов және «АгромашХолдинг KZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова швед компаниясының «Väderstad» (жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі) штаб-пәтерінде болды. Сондай-ақ, делегацияның құрамына «АгромашХолдинг KZ» АҚ және Қазақстандағы Väderstad компаниясының ресми дистрибьютері «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС кірді.Швециядағы Қазақстанның Елшісі Олжас Сүлейменов бұл сапардың компаниямен ынтымақтастықты кеңейту бойынша бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың қисынды жалғасы, сондай-ақ Қазақстанда Väderstad брендінің техника өндірісін оқшаулау жөніндегі бастаманы ілгерілетудегі практикалық қадам болғанын атап өтті.Компанияның Президенті және Бас директоры Хенрик Гилстрингпен, сондай-ақ компаниясының тең иесі және Директорлар кеңесінің мүшесі Кристина Старкпен кездесу аясында тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын жан жақты талқылады.Өз кезегінде Вице-министрлер О.Сапарбеков пен А.Сұлтанов швед әріптестерін ұлттық экономиканың негізгі секторларының бірі ретінде экономиканы әртараптандыруға және агроөнеркәсіптік кешенді технологиялық жаңғыртуға арналған стратегиялық бағытты іске асыру бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Инвестицияларды тартуға және өндірістік кооперацияны дамытуға бағытталған субсидиялау тетіктерін, салықтық және кедендік преференцияларды қоса алғанда, саланы мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларына ерекше назар аударылды.«АгромашХолдинг KZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова компания қызметінің негізгі бағыттарын, оның өндірістік құзыреттері мен шетелдік әріптестермен кооперацияны дамыту үшін индустриялық платформа ретіндегі әлеуетін таныстырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың нақты бағыттары бойынша пәндік диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Анықтама: Väderstad AB – Руне және Сив Старк 1962 ж. Швецияда құрған жеке отбасылық компаниясы. Отбасының екінші және үшінші ұрпақтары басқарады. 40-тан астам елдегі фермерлер сұранысқа ие жоғары дәлдіктегі және берік тырмаларды, дәл себу сепкіштерін және қатарлы сепкіштерді өндіруде әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компанияның кірісі шамамен €550 млн құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1187149?lang=kk