Жаңалықтар
«Жас бүркіт»: Ұлттық ұланның әскери-патриоттық клубы мектеп өміріне оң өзгеріс әкелуде 22.12.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы жасөспірімдермен жүргізілетін жүйелі жұмыстың мектеп өмірінде нақты нәтижелер беретінін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Сөзіміздің айғағы – Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылдық округіндегі №6 орта мектеп. Аталған білім ордасында соңғы үш жыл ішінде оқушылар арасында бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген.Мұндай оң нәтиже 2023 жылы мектеп пен Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.Мектеп базасында командалық-тактикалық пункт үлгісінде жабдықталған заманауи алғашқы әскери дайындық сыныбы, сондай-ақ ерекше «әскерилендірілген TikTok-хаус» жұмыс істейді. Клуб тәрбиеленушілері әлеуметтік желілерде белсенді болып, патриоттық бағыттағы бейнероликтер мен подкасттар түсіреді. Бұл өз кезегінде қатарластарын қызықтырып, мектеп ішінде жағымды орта қалыптастыруға ықпал етуде.Аталған креативті тәсіл жоғары бағаланды. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы Жамбыл облысы әкімінің грантын жеңіп алып, жобаны дамытуға 1 миллион теңге көлемінде қаржы иеленді.Клуб жұмысының табысты жүзеге асуына алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы запастағы капитан Самат Керімжановтың және әскери-патриоттық бағытты тұрақты қолдап келе жатқан мектеп әкімшілігінің үлесі зор. Ұлттық ұлан офицерлерінің қатысуымен де оқушылар үшін жүйелі түрде тәжірибелік сабақтар мен кездесулер өткізіледі. Бұл шаралар барысында жасөспірімдер әскери қызметтің негіздерін меңгеріп қана қоймай, Отан қорғаудың маңызын әскери қызметшілердің өз ауыздарынан естіп, әскери мамандықтарға қызығушылық қалыптастырады.Бұл ауқымды жұмыстың нәтижесі түлектердің мамандық таңдауынан да айқын көрінеді. Жыл сайын мектеп түлектері әскери жоғары оқу орындарына тұрақты түрде оқуға қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан Академиясында «Жас бүркіт» клубының екі тәрбиеленушісі курсант ретінде білім алуда.Айта кету керек, «Жас бүркіт» қозғалысының дамуы кең ауқымды сипатқа ие. Қазіргі таңда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 31 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Ұлттық ұлан қамқорлығындағы 42 мектеп пен бір колледжде 70 «Жас бүркіт» сыныбы ашылған. 1400-ден астам оқушы әскери қызметтің негіздерін қамтитын бірлескен жоспарлар бойынша білім алып жатыр. Осы уақытқа дейін 500-ден аса әскери-патриоттық іс-шара өткізілді.Байзақ ауданының №6 орта мектебі мен Ұлттық ұланның бірлескен жұмысы патриоттық тәрбиенің жасөспірімдер арасында тәртіп, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруда нақты нәтиже беретінін көрсетіп отыр.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1129494?lang=kk
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді. 21.12.2025
2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Zoom конференциясы арқылы кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді.Іс-шара барысында төмендегілер бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде жүргізілген реттеушілік әсерді талдау қорытындылары талқыланатын болады:- Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.Қатысуға қоғамдық ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері шақырылады.2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 17:00-де ҚР ҚМ МКК Zoom конференциясы арқылы кальян орындарының қызметін лицензиялау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылау өткізеді.Қатысушылардың кандидатураларын (ТАӘ,лауазымы) және электрондық мекенжайларын электрондық zha.dzhumagulova@kgd.gov.kz 22.12.2025 ж. сағат 15:30-ға дейін мекенжайға жіберуді сұраймыз.Zoom конференциясына сілтеме талқылауға қатысушылардың электрондық мекенжайларына бағытталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1129463?lang=kk
Маңғыстау облысында әскерге шақыруды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды 21.12.2025
Ақтау қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен әскери-патриоттық шара өтті.Қала тұрғындары мен қонақтарына Әскери-теңіз күштері мен Ұлттық ұланның әскери оркестрлері концерттік бағдарлама қойды. Музыкалық ұжымдар патриоттық шығармаларды орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері азаматтарға әскери бөлімдердегі бос лауазым орындары жайында, одан өзге Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында мерзімді және келісімшарт бойынша қызмет атқару шарттары туралы ақпаратпен бөлісті. Кадр бөлімдерінің өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, әскери қызметке қызығушылық танытқан азаматтарға кеңес берді.– Мұндай іс-шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға және азаматтарды Қарулы күштер қатарында қызмет ету мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған. Бүгін біз, жастар тарапынан үлкен қызығушылықты байқап отырмыз. Әскер әрдайым қоғамға ашық, ал әскери қызметті насихаттау жұмысы жүйелі түрде жалғасын табады, – деп пікірін білдірді Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.Шара барысында жастармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, әскери қызметті өткеру тәртібін түсіндірді. Бұдан басқа оларға әлеуметтік пакеттер, жеңілдіктер мен әскери қызметшілерге берілетін кепілдіктер туралы мәліметтерді айтты.Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы бойынша «Сарбаз аналары» комитетінің төрайымы Гүлмира Жанысбаеваның бастамасымен Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен Шекара қызметінің мерзімді әскери қызметшілерін туған күндерімен құттықтау рәсімі өтті. Әскери бөлім командирлері қоғам өкілдерімен бірлесіп сарбаздарды әскери оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен құттықтады. Содан кейін әскери қызметшілер мерекелік торттан дәм татты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129462?lang=kk
Шымкентте тоқылмаған мата фабрикасы мен металл есік зауыты ашылды. 20.12.2025
Шымкентте өндіріс саласындағы инвестициялық жобалар аясында салынған екі жаңа өнеркәсіптік нысанның ашылуы атап өтілді. Ашылу рәсімдеріне қала әкімі қатысты. Ашылған алғашқы тоқылмаған материалдар фабрикасы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Marvik Partners» ЖШС болды. Компания жеңіл өнеркәсіпте, медицинада, құрылыста және басқа да салаларда сұранысқа ие спинбонд өнімдерін шығаруға маманданған. Жобаға салынған инвестиция көлемі 4,7 миллиард теңгені құрады. Фабрика 136 тұрақты жұмыс орнын құрады, ал оның өндірістік қуаты жылына 4800 тоннаға дейін тоқылмаған материалдар өндіруге мүмкіндік береді. Өндіріс нысаны үшін «Оңтүстік» АЭА аумағында 3 гектар жер учаскесі бөлінді. Нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған және импортты алмастыруға бағытталған. Сол күні Alliance Buildings LLC пәтер, отқа төзімді және техникалық металл есіктер шығаратын зауытын ашты. Компания елдің оңтүстік аймақтарын жоғары сапалы құрылыс өнімдерімен қамтамасыз етуге және экспорттық сатылымды кеңейтуге бағытталған. Келесі жылдан бастап компания Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға экспорттауды бастауды жоспарлап отыр. Жобаға салынған жалпы инвестиция 3,7 миллиард теңгені құрады. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Өндіріс жылына 150 000 бірлікке дейін өнім шығаруға есептелген. «Жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы Шымкенттің өнеркәсіптік дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Мұндай жобалар жұмыс орындарын құрады, қаланың экономикалық әлеуетін нығайтады және ішкі және халықаралық нарықтарда сұранысқа ие салалардың дамуына ықпал етеді», - деп атап өтті Ғ. Сыздықбеков. Айта кету керек, зауыт пен фабриканың ашылуы Шымкенттің өнеркәсіптік секторын дамытуға, қаланың өндірістік базасын кеңейтуге және экономикалық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Отбасы институты мен рухани құндылықтар: Алматы облысында республикалық конференция өтті 20.12.2025
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Конференция жыл басынан бері еліміздің түрлі аймақтарында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстар аясында өткен мазмұнды шаралардың қорытындысы болды.Жұмыс сапары аясында облыс әкімі мен Бас мүфтидің кездесуі өтті. Өңір басшысы тұрақты діни ахуалды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті. Тараптар діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Марат Сұлтанғазиев қазіргі сын-қатерлер жағдайында отбасы институтын нығайту тек әлеуметтік міндет қана емес, ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. “Мемлекет жағдай жасап, материалдық қолдау көрсете алады, алайда отбасының шынайы әл-ауқаты рухани құндылықтар — құрмет, жауапкершілік, өзара сенім және дәстүр сабақтастығы арқылы қалыптасады”-деді ол.Конференция барысында отбасының адамгершілік бағдарларды қалыптастырудағы, мәдени сабақтастықты сақтаудағы және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі институт ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы атап өтілді. Онда отбасы адалдыққа, құрметке, жауапкершілікке, сабырлылық пен өзара сыйластыққа негізделген аманат ретінде қарастырылады. Бұл қағидаттар қазақ халқының салт-дәстүрімен тарихи тұрғыда үйлеседі.Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері өңірде 7 302 неке тіркелген. Алғашқы некеге тұру жасының ұлғаю үрдісі байқалады: ерлердің орташа жасы — 27,9, әйелдердікі — 25,2 жас. Алматы облысында 75 678 көпбалалы отбасы тұрады, 11 975 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанған.Сонымен қатар өңірде отбасы институтын және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 3 522 отбасына 2,3 млрд теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Тұрғын үй бағдарламалары аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 427 пәтер берілді.Өңірде 312 мешіт жұмыс істейді, онда 517 діни қызметкер еңбек етеді. 2024–2025 жылдары 200-ден астам имам теологтар, заңгерлер мен психологтардың қатысуымен арнайы курстар мен семинарлардан өтті. Оқыту діни экстремизмнің алдын алуға, отбасылық жанжалдарды шешуге, жастармен жұмыс істеуге және деструктивті идеологияларға қарсы тұруға бағытталған.Қатысушылар 2025 жылды «Ислам және отбасылық құндылықтар» жылы деп жариялау бастамасын уақтылы әрі маңызды шешім ретінде атап өтті. Бұл қадам отбасы институтын қолдауға, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға және қоғамды топтастыруға бағытталған.Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамалар Алматы облысы мен жалпы ел көлемінде отбасы институтын нығайтуға, рухани құндылықтарды дамытуға және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1129440?lang=kk
Алматы облысының делегациясы Түркиядағы ірі мыс өңдеу кәсіпорнының жұмысымен танысты 20.12.2025
Алматы облысының делегациясы Түркия Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Конья қаласында орналасқан Eti Bakır A.Ş. компаниясының мыс өңдеу зауытын аралады. Мақсат – кәсіпорынның өндірістік әлеуетін бағалап, тау-кен металлургиясы саласындағы озық тәжірибемен танысу.Eti Bakır A.Ş. – Cengiz Holding құрамындағы Түркияның жетекші металлургиялық компанияларының бірі. Компания қызметі мыс шикізатын барлау мен өндіруден бастап, оны байытып, металл күйінде шығаруға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Өндіріс орындары елдің бірнеше өңірінде орналасқан, өнімдері ішкі нарыққа да, шетелге де жеткізіледі.Зауытты аралау кезінде өндірісті өзара сабақтастыра ұйымдастыру және энергиямен қамтамасыз ету мәселелеріне баса мән берілді. Кәсіпорынның жеке энергетикалық қуаттарға сүйенуі шығынды азайтып, өндіріс қарқыны артқан жағдайда да жұмыс тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.Компанияның тәжірибесі Алматы облысының өнеркәсібін дамытуда, заманауи технологияларды енгізу, шикізатты терең өңдеу және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту бағыттарында маңызды бағдар ретінде қарастырылуда. Делегация өкілдерінің айтуынша, мұндай сапарлар іскерлік байланыстарды бекітіп, өңірдің халықаралық әріптестігін нығайтуға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1129441?lang=kk
Қостанайдағы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" 20.12.2025
Өткен жылдары әкімнің халықпен кездесулерінде қала тұрғындары не сұрады және одан не өмірге келдіҚостанай әкімдігі халықпен ашық кездесулерді табысты өткізуде, онда адамдар қала басшылығына тікелей сұрақтар қояды. "ҰК" тұрғындардың 2023-2025 жылдары не сұрағанын және одан кейін қандай өзгерістер болғанын қадағалады.Қазақстанда жарияланған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы билік халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, азаматтармен тікелей диалог құрып, өзекті мәселелерді шешеді деп болжайды.2023 – 2024 жылдарАлғаш рет облыс орталығында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні 2023 жылдың ақпан айында өткізілді. Ашық кездесу облыс және қала әкімдерінің, олардың орынбасарларының, басқармалар мен бөлімдер басшыларының қатысуымен өтті. Формат бірден үлкен жауап алды, іс-шараға жүзден астам қостанайлықтар қатысты.Әдетте қала тұрғындарынан коммуналдық және инфрақұрылымнан мәдени-тарихи сұрауларға дейін әртүрлі өтініштер түседі. Мысалы, 2023 жылғы ақпандағы кездесуде Қостанайдың еңбек сіңірген мұғалімі Беген Көпеш биліктен Жеңіс саябағындағы 151-ші атқыштар бригадасына ескерткішті неғұрлым лайықты деп ауыстыруды сұрады. Нәтижесінде бұл мәселе жұмысқа қабылданды, ескерткіштің тұғыры биылғы жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңартылды.2023 жылдың көктемінде және әсіресе 2024 жылдың сәуірінде Қостанай-2 ауданы жер асты суларының су тасқынынан қатты зардап шекті. Ондаған жеке сектор аулалары су астына кетті. Марат Жүндібаев сол кезде проблемалы шағын ауданға жеке өзі барған. Ашық аспан астында, су тасқынына қарсы күрес жөніндегі мобильді штабтың жанында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Қала тұрғындары практикалық сұрақтар қойды.Мысалы, кейбіреулер айыппұл төлемеу үшін ауладан суды қалай дұрыс айдау керектігін білмеді. Содан кейін қала билігі суды соруды жедел ұйымдастырды, жағдай нашарлаған жағдайда эвакуациялау үшін автобустар дайындады, тіпті адамдарды уақытша ұстау пункттеріне орналастырды.Әрине, тұрғындардың басты мәселесі тасқын су мәселесі қашан шешілетініне қатысты болды. Жауап нақты әрекеттер болды. 2024 жылдың жазында қала осы ауданда нөсер кәрізінің ауқымды құрылысын бастады. Осы мақсаттарға 422 млн теңге бөлінді, жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асатын 17 нөсер учаскесін жайластыру жоспарланды. 2024 жылдың 25 қыркүйегіне қарай жұмыстар 75% орындалды, бұл туралы коммуналдық кәсіпорын басшылары құрылыс орнында әкімге есеп берді. Қостанай-2-ден жаңбыр мен жер асты сулары жаңа құбырлар мен арықтар арқылы Тобыл өзеніне қарай бұрылып, аулаларда тоқтап қалмайтыны атап өтілді.– Ең бастысы, енді аулаларда су пайда болған кезде адамдар оны сорғыларымен магистральдық нөсерге айдай алады, ал су қайтып келмейді, – деп уәде берді Марат Жүндібаев 2024 жылдың күзінде жаңа кәріз желілерін тексеріп.Ол жер асты сулары ешқайда кетпейтінін түсіндірді, бірақ енді олармен күресу оңайырақ болады, өйткені жаңбыр суы су деңгейінен төмен төселіп, артық мөлшерін өзіне алады.2025 жылӘкіммен кездесулердегі ең өзекті тақырыптардың бірі-тұрғын үй құрылысы мәселелері. Соңғы жылдары облыс орталығында құрылыс бумы орын алды және барлық өзгерістер тұрғындарға ұнай бермейді. Бірақ ең бастысы, билік оларды естиді және диалог бар.Жарқын мысал – Қайырбеков көшесіндегі № 65 үйдің айналасындағы жағдай. Мұнда жеке құрылыс салушы 500 пәтерге арналған "Васильевский" ТК 19 қабатты тұрғын үй кешенін салады. Бірақ мұндай көлемді жаңа ғимаратқа арналған аула нақты есептелмеген. Тұрғындар оларда автотұрақ немесе ойын алаңы қалмайды деп қорқады.2023 жылдың желтоқсанында әкім осы ауланың тұрғындарымен кездесті. Қала тұрғындары құрылысты тоқтата тұруды талап етті, ал билік қарсы алды, содан кейін құрылыс салушының жобасы пысықтауға жіберілді, әкімдік пен құрылыс фирмасы арасында тұрақ мәселелері бойынша Соттар басталды. Нәтижесінде қала түбегейлі ұстанымға ие болды. Жеткілікті тұрақ орындары болмаса, үй пайдалануға берілмейді - бұған Марат Жүндібаев тұрғындардың да, құрылыс салушының да назарын бірнеше рет аударды.2025 жылдың қараша айында үй тұрғыны Валерий Артюшин әкімнің назарын осы мәселеге аударды.- Қала өзгерді, қайта салынды – бұл шынымен де солай. Міне, "Беректе" құрылыс тоқтатылды, өйткені көшелер тарылды. Ал біз, Қайырбеков көшесі, 65, үшінші жыл бойы барлық есіктерді қағып келеміз. Бізден автотұрақ, ауламыз алынады. Бізді қабылдаңыз, біз сөйлейміз, - деді қостанайлық билікке.Марат Жүндібаев тікелей залда бастамашыл топты жеке қабылдауға жазуды тапсырды және толыққанды жауап беру үшін адамдармен кездесуге уәде берді.Көріп отырғаныңыздай, мәселе бақылауда қалады, автотұрақ мәселесі шешілгенге дейін биіктік құрылысы іс жүзінде тоқтатылады. Биылғы жылы алаңда ештеңе берілмеді - үй ешқашан кіру актісін алған жоқ. Әзірлеуші қаланың талаптарын орындау үшін көршілес автотұрақ учаскесін сатып алуға тырысатыны белгілі. Тұрғындар үшін олардың естігені және ескермеуі маңызды, бұл үйді ауласыз және тұрақсыз тапсыруға мүмкіндік бермейді.Тағы бір тұрғын үй сюжеті "Қонай" шағын ауданына және жер телімдерін беруге қатысты. Қостанайдың бұл жаңа ауданы кешенді даму үшін ойластырылған болатын. Бюджет есебінен мұнда 124 типтік үй салынды, олар кезекте тұрғандарға (көп жылдар бойы тұрғын үйге немесе жерге кезекте тұрғандарға) ұсынуды жоспарлады. Алайда, процесс оңай болған жоқ, Кезекте тұрғандардың бәрі бұл үйлерді бірден сатып алуға дайын емес, көбісі жеке тұрғын үй үшін тегін учаске күтуді жөн көреді. Осы жылдың күзінде жағдай тығырыққа тірелді. Үйлер әлі сатылмаған, ал мыңдаған отбасылар әлі де жерсіз кезекте тұр.Халықпен кездесуде тұрғындар тікелей сұрақ қойды: бенефициарлар жерді қашан алады? Қостанайлық Александр өзінің ардагер ағасы Чернобыль туралы айтты, ол 70 жастан асқан, ол көптеген жылдар бойы сайтқа кезекте тұр.– Мен жер қатынастары бөліміне бірнеше рет жүгіндім. Олар маған шағын аудандағы үйлер таратылғанша айтты, менің сұрағым алға жылжымайды, - деп алаңдайды ер адам.Марат Жүндібаев мәселені мойындап, дереу бейінді бөлімге егжей-тегжейлі түсініп, өтініш берушіге нақты жауап беруді тапсырды. Сонымен қатар, әкім Кезекте тұрғандардың құқықтары сақталатынына сендірді.- Ешқандай проблема жоқ... Мен сізге сайттың сізге берілетініне 100% кепілдік беремін. Қараңыз, қазір жер учаскелері бойынша бассейн құрылуда, оны қалай жасайды-барлық учаскелер кезек-кезек алады. Сіздің сұрағыңызды біз жаздық. Егер қаласаңыз, ертең сізге бұл мәселенің қалай жалғасатынын жеке айтамын, - деп сендірді Жүндібаев.Бұл сөздер іспен расталды. Біраз уақыттан кейін қала билігі мәселені шешу үшін барлық кезекте тұрғандарға тізімдегі 43 мыңыншы нөмірге дейін "Қонай" шағын ауданында үй сатып алуға рұқсат берді (бұған дейін тек алғашқы 3000-ы ғана талап ете алатын). Басқаша айтқанда, дайын үйді сатып алу мүмкіндігі кезектегі барлық адамдар үшін, олар қай жерде тұрғанына қарамастан ашылды. Мақсат-бос үйлерді мүмкіндігінше тез сату, содан кейін қалған бос учаскелерді басқа кезекте тұрғандар арасында ЖТҚ-ға бөлу басталады.Жер қатынастары бөлімінің ақпараты бойынша, "Қонай" шағын ауданында жеке құрылысқа арналған 1792 учаске қарастырылған. Оның 124-ін сол салынған үйлер алып жатыр, ал қалғандары кезекте тұрғандар арасында тегін бөлінеді. Бұл үйлердің құрылысына мемлекет 3,9 млрд теңге бөлді,енді салынған қаражаттың босқа кетпеуі маңызды. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, процесс басталды: көбісі ұсынысқа жауап берді, үйге қарауға келеді.ҚорытындыларҚарастырылған мысалдар Қостанайдағы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы нақты қадамдармен жүзеге асатынын көрсетеді. Қала тұрғындары кездесулерде, ашық қабылдаулар, әлеуметтік желілер және iKomek типті Қызметтер арқылы әкімдікке тікелей хабарласу мүмкіндігін белсенді пайдаланады. Өз кезегінде, қала басшылығы жай ғана тыңдап қана қоймай, өз өкілеттіктері бойынша мәселелерді шешуге дайын екендігін көрсетеді. Барлық сұрақтар бірден жабыла бермейді, бір жерде айтарлықтай қаражат қажет, бір жерде уақыт қажет. Алайда, тұрғындар мен биліктің диалогы жолға қойылып, өз жемісін беретіні маңызды. Дереккөз: https://top-news.kz/slyshashhee-gosudarstvo-v-kostanae/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1129425?lang=kk
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты 20.12.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.
Әскери-теңіз күштерінде К-1 курстық тапсырмасын орындау басталды 20.12.2025
К-1 – бұл әскери кеменің экипажы алғашқы кезеңде орындайтын негізгі оқу-тәжірибелік тапсырма.Бұған дейін матростар әскери-теңіз базасындағы оқу орталығында теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Оқудың алғашқы күндерінен бастап оқу-жаттығу кешенінің нұсқаушылары олардың кәсіби дамуын мұқият қадағалады. Тапсырмалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және нақты апаттық жағдайларды имитациялайтын «өрт полигоны» мен «су бассейні» кешендерінде орындалды.Нұсқаушылардың бақылауынша, әр жаңа шақырылымның өз ерекшеліктері бар. Яғни, олардың бойында күш-қуат дайындық деңгейі, төзімділік, шеберлік пен реакция жылдамдығында айырмашылықтар кездеседі. Сондықтан нұсқаушылар жеке құрамның сауатты, үйлесімді, әрі сенімді жұмыс істеуіне барынша күш салды. Сонымен қатар, кіші командирлердің де рөліне ерекше назар аударылды.– Оқу орталығында олар апаттық-құтқару құрал-жабдықтарымен танысып, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою бойынша әрекет ету алгоритмдерін үйренді. Сондықтан олар жауынгерлік кемелерге қалыптасқан және дайындалған мамандар ретінде келіп, күрделі әрі экстремалды жағдайларда сенімді әрекет ете алатындарын көрсетті, – деді кемелердің тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі оқу-жаттығу станциясының бастығы капитан-лейтенант Самат Мамушев.К-1 курстық тапсырмасының негізгі элементтерінің бірі – кеменің тіршілігі үшін күрес. Оны орындау үшін корпусқа зақым келтірілгендей жағдай жасалады. Тар бөлмеде, су жылдам кіріп жатқан жағдайда апаттық топ мүмкіндігінше қысқа мерзімде тесіктерді бітейді.К-1 курстық тапсырмасының негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби дайындығын жетілдіру, экипаждың үйлесімді әрекетін дамыту, кез келген экстремалды жағдайларда жылдам, әрі сауатты әрекет етуге дайындығын қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129386?lang=kk
13 желтоқсан - ҚАЖ қызметкерлері күні 20.12.2025
Астанада Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті2025 жылғы 15 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде (ҚАЖД) Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесінде адал қызмет етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін атап өту, олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін жоғары бағалау. Салтанатты жиын барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандар марапатталды.Шара аясында ҚАЖ қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ұжымның кәсіби бірлігі мен қызметтік дәстүрлерінің маңыздылығына назар аударылды. Салтанатты іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен жаңа кәсіби жетістіктерге ынта сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1129384?lang=kk
Қостанай облысының денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту 20.12.2025
Қостанай облысында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жаңғырту жөніндегі мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.Соңғы екі жылда облыстың ауылдық елді мекендерінде 26 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны – дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынды. Жаңа нысандар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде ультрадыбыстық аппараттар, зертханалық кешендер, оңалту және физиотерапия жабдықтары бар. Бұрын мұндай құрылғылар ауыл деңгейінде қолжетімсіз еді.Саланы материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға ерекше басымдық берілуде. Биыл бұл мақсатқа 9,8 млрд теңге бөлінді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда (3,3 млрд теңге) үш есе көп.Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 4 ангиограф, 11 компьютерлік томограф және 2 магниттік-резонанстық томограф жұмыс істеп тұр.Қосымша жаңа КТ мен МРТ аппараттары, екі ангиограф, сондай-ақ онкологиялық ауруханасына арналған сызықтық үдеткіш сатып алынды. Облыста алғаш рет орнатылған сызықтық үдеткіш науқастарға сәулелік терапияны өз өңірінде алуға мүмкіндік беріп, басқа аймақтарға бару қажеттігін жойды.2026 жылы Арқалық және Жітіқара өңірлік ауруханаларына екі МРТ және екі ангиограф сатып алу жоспарлануда. Жоғары технологиялық жабдықтарды енгізу қан айналымы жүйесі аурулары, нейрохирургиялық және травматологиялық патологиялар кезінде шұғыл әрі жоспарлы хирургиялық көмектің сапасын айтарлықтай арттырады. Заманауи КТ мен МРТ ауруларды ерте анықтаудың деңгейін көтеруге ықпал етеді.Сонымен қатар, осы айдың басында облыстың жедел жәрдем қызметіне 50 жаңа арнайы автокөлік табысталды. Заманауи жабдықтармен қамтылған бұл машиналар шұғыл көмек көрсетуді тиімді етуге, тозығы жеткен автопаркке түсетін жүктемені азайтуға және бригадалардың кешігу тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1129385?lang=kk
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20.12.2025
11–13 желтоқсан аралығында Астана қаласының аумағында есепте тұрған тұлғалардың тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу, сондай-ақ құқықтық тәртіп деңгейін арттыру және рецидивтік қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара аясында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің қызметкерлері департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Ахмедов Ирсали Ирисдавлетовичтің басшылығымен Сарыарқа ауданы полиция басқармасымен бірлесіп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда аумақтық пробация қызметтерінің есебінде бостандығын шектеу жазасына сотталған 1657 адам тіркелген. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында 616 есептегі тұлға тексерілді. Тексеру нәтижесінде жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың 51 дерегі анықталды. Анықталған әрбір факт бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды, оның ішінде профилактикалық әңгімелер жүргізу, сотқа жолдау үшін материалдар дайындау, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бейім есептегі тұлғалармен жеке профилактикалық жұмысты күшейту шаралары жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1129377?lang=kk
Алматыдағы әскери білім ордасында сарбаз ата-аналарна арналған ашық есік күні өтті 20.12.2025
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ата-аналар балаларының қызмет ету жағдайымен танысып, олардың күнделікті тыныс-тіршілігін өз көздерімен көрді.Қонақтар казармаға, асханаға, медициналық және тұрмыстық бөлмелерге барды. Бөлімше командирлерімен әңгіме барысында жеке құрамның тұрмысын, тамақтануын, күн тәртібін және моральдық-психологиялық жай-күйін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Әскери бөлімде психологтар сарбаздарға ұдайы сабақтар ұйымдастырады. Олар тұрақты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және спорттық іс-шараларға қатысады.Ата-аналар қызмет барысында ұлдарының оң өзгерістерін атап өтті. Олардың бойындағы жауапкершілігі артып, тәртіпті және дербес бола бастағанын байқадық дейді.– Біз Жамбыл облысынан келдік. Бізді қызмет шарттарымен таныстырды. Бұл бөлімде тәртіпке ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысына да көп көңіл бөлінеді екен. Бейімделу кезеңінде ұлдарымызға көрсеткен зейіні мен қолдауы үшін басшылыққа шын жүректен алғыс айтамыз, – деді сарбаздың анасы Гүлмира Рахымова.Айта кетейік, РЭжәнеБӘИИ оқу процесін қорғау және қамтамасыз ету ротасы 2023 жылы құрылған болатын. Осы уақыт ішінде он төрт мерзімді қызмет сарбазы азаматтық жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын иеленді. Он бес әскери қызметші әскери жоғары оқу орындарында оқуға сертификаттар алды, тағы бесеуі әскерде қаламыз деген шешім қабылдап, келісімшарт бойынша қызметін жалғастырмақшы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1129374?lang=kk
Қазақстан Елшісі АҚШ Президентіне сенім грамоталарын табыстады 20.12.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 16 желтоқсан - Ақ үйде Қазақстан Республикасының Елшісі Мағжан Ілиясовтың Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1129452?lang=kk
Халықаралық валюта қорында «Қазақстан күні» аталып өтті 20.12.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 18 желтоқсан – Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен серіктестігін тереңдету, сондай-ақ елдің мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан күні» атты ресми іс-шара өтті.Іс-шараға ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері, сондай-ақ Вашингтон қаласында тұратын және еңбек ететін қазақстандық отандастар қатысты.Іс-шараның салтанатты бөлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының серпінді қарқынына және оның жаһандық қаржы-экономикалық ынтымақтастық жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанына ерекше назар аударылды.Құттықтау сөзбен Қазақстан кіретін мемлекеттер тобының атынан ХВҚ Атқарушы директоры Патрик Лошевски сөз сөйледі. Ол Қазақстанның Қор қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарын атап өтті.Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Мағжан Ілиясов өз сөзінде халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тұрғысындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Қазақстанның жаһандық экономикалық архитектурадағы сенімді әрі жауапты әріптес ретіндегі рөлін ерекше көрсетті.Сонымен бірге, Дүниежүзілік банк өкілі, Атқарушы директордың орынбасары Мариуш Круковский сөз сөйлеп, экономикалық өсуді және өңірлік дамуды қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейту перспективаларына тоқталды.Іс-шараның қорытынды бөлімінде дәстүрлі қазақ дастарханы, «Гүлдер» би ансамблінің өнер көрсетуі және домбырада классикалық күйлердің орындалуын қамтыған мәдени бағдарлама ұсынылып, қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1129367?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламасы ынтымақтастықты нығайту және 2026 жылға арналған жоспарларды талқылады 20.12.2025
Астана, 2025 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесуі өткізді.Кездесу барысында тараптар осы жылдың қорытындыларын және Қазақстанның БҰҰДБ-мен одан әрі ынтымақтастық жоспарларын талқылады.Атап айтқанда, БҰҰДБ-ның Қазақстан үшін 2026-2030 жылдарға арналған елдік бағдарламасының қабылдануы, шілде айында Нью-Йоркте ОДМ іске асыру бойынша үшінші ерікті ұлттық шолудың табысты ұсынылуы, сондай-ақ денсаулық сақтау, гендерлік теңдік, білім беру және басқа да салалардағы әріптестіктің нәтижелері аталып өтті.Сонымен қатар, БҰҰДБ-мен жақында Алматыда ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ бойынша Өңірлік орталық шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ БҰҰДБ-ның Өңірлік даму бағдарламасын еліміздің басқа аудандарына кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.Климат, экология және су ресурстарын басқару, оның ішінде Арал теңізінің жай-күйіне байланысты мәселелер де сәуір айында өтетін Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында маңызды талқылау тақырыбына айналды. Осыған орай БҰҰДБ өкілдері Саммит аясында Орталық Азия үшін климаттық және экологиялық инвестициялардың өңірлік портфелін қалыптастыруға арналған жоғары деңгейдегі іс-шара өткізу жоспарын хабарлады.Бұдан басқа, кездесу барысында ресми ашылуы желтоқсан айында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясында жарияланған орнықты даму мүддесі үшін 2026 Халықаралық еріктілер жылына орай жоспарланған іс-шараларға БҰҰДБ-ның қатысу мүмкіндіктері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, ынтымақтастықтың басым бағыттарын іске асыруға және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1134369?lang=kk
Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды 20.12.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды.– Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым, – деді Президент.Мемлекет басшысы Университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, БҰҰУ-дың бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ұстанатын қағидаттар мен жапон этикасы арасындағы үндестікке тоқталды. Яғни үйлесімділік, даналық және жауапты көшбасшылық – шынайы күш-қуаттың қайнары.– Ханзада Сётоку VII ғасырда «үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс» деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр, – деді Президент.Бұдан кейін Мемлекет басшысы дағдарыс белең алған және көпжақты ынтымақтастық тетіктері айтарлықтай әлсіреген қазіргі кезде әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.– Соңғы он жылда жер жүзінде қарулы қақтығыстар көбейіп, ушығып кетті. Әлемдегі әскери шығындар былтыр 2,7 триллион долларды құраған. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Сонымен қатар алпауыт елдер арасындағы стратегиялық бақталастық шырқау шегіне жетті. Соның салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір ірі халықаралық қақтығыстарды шеше алмайтын дәрменсіз күйге түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің пікірінше, халықаралық қоғамдастық институттары тиімді қызмет етуі үшін өзара сенімді қалпына келтіруі қажет.– Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс. Осы ретте Қазақстан аталған қағидаттарды Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді алаңдар арқылы үнемі ілгерілетіп келеді. Бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайтыны рас. Тек түбегейлі және тиімді ұжымдық іс-қимыл ғана ұзақ мерзімді нәтиже береді. Бұл орайда БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы геосаяси тұрғыдан жікке бөлінудің күшеюі мен ірі державалар арасындағы сенімнің төмендеуі салдарынан БҰҰ мүмкіндіктері барған сайын шектеле түскеніне назар аударды. Сол себепті Ұйымды жан-жақты реформалау жай әңгіме күйінде қалмай, ортақ басымдыққа және стратегиялық қажеттілікке айналуға тиіс.– Кез келген маңызды реформа БҰҰ Жарғысына сай іске асырылуы керек. Егемендік, аумақтық тұтастық және дау-дамайды бейбіт жолмен реттеу секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуға тиіс, ешкімге артықшылық берілмеуі қажет. Сонымен бірге Жарғының кейбір ережелері ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес келмейді. Соның ішінде Ұйымға айтарлықтай қолдау көрсетіп келе жатқан Жапонияға және басқа да елдерге қатысты әділетсіздік бар. Әлем өзгерді, ал Жарғы осы өзгерістердің соңынан ілесе алмай отыр. Жауапты диалогқа көшіп, келешекте құжаттың сенімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етудің уақыты келді деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесін реформалау кейінге ысыруға болмайтын өте маңызды міндет екеніне тоқталды. Президент аталған орган қызметіне орта державаларды, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін кеңінен қатыстыруға шақырды.– Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты орта державалардың үні анық естілуге тиіс. Олар ірі ойыншылар арасында қайшылықтар болған жағдайда араағайындық жасап, шешімдерді ілгерілетуге септігін тигізе алады. Қазақстан сыртқы саясаттағы миссиясын осы бағытпен байланыстырады. Біз берік ұстанымға негізделген теңгерімді, сындарлы, көпвекторлы дипломатия жүргіземіз. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді әрі ұдайы БҰҰ Жарғысына сүйенетін дамушы орта держава ретіндегі болмысымызды көрсетеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдаланып, елдеріміз арасындағы байланысты жолға қоюға зор үлес қосқан Жапонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучи ханымға ризашылығын білдірді. Президент оның «Орталық Азия және Жапония» саммитіне бастамашы болғанын еске салды.Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.– Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланысты күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жікке бөлінген әлемде Қазақстанның мұндай теңгерімді әрі тура ұстанымы конструктивті дипломатияны қуаттай түседі, – деді Президент.Ушыға бастаған ядролық қатер проблематикасына дәріс барысында айрықша назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев адамзаттың ядролық қарудан тартқан зардабын Қазақстан мен Жапония сияқты терең түсінетін ел кемде-кем екенін айтты.– Хиросима, Нагасаки және Семей қасіреті ядролық қаруға жауапкершілікпен қарап, ұстамдылық танытудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл біздің осалдығымыз емес. Керісінше, стратегиялық көрегендік танытып, осы арқылы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі маңызды екенін көрсеттік. Арада отыз жылдан аса уақыт өтсе де, осы ұстанымнан айныған жоқпыз: жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды. Халықаралық қоғамдастық жаппай ядролық қарусыздану бағытында белсенді әрекет етіп, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне үлес қосуға тиіс. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруы бар алпауыт елдер арасындағы жоғары деңгейлі диалогты қайта бастауға үндейді. Сондай-ақ ядролық қаруды қолдану немесе сынау қаупін жою үшін анағұрлым батыл әрі көпжақты әрекетке шақырады. Қазақстан мен Жапонияның бұл тұрғыда әлем алдында жүзі жарқын. Елдеріміз ядролық алпауыт мемлекеттер мәмілеге келе алмай жатқан кезде қарама-қайшылықтарды реттеп, прагматикалық тұрғыдан көшбасшы екенін көрсете алар еді, – деді Президент.Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Сондай-ақ БҰҰ университетіне осы ізгі істі қолдап, ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысуды ұсынды.Келешек туралы ой қозғаған Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазіргі заман келбетін қалыптастыратын шешуші күштің бірі деп атады. Әйтсе де, оның пікірінше, ЖИ-дің қаупі де жоқ емес. Оған жұртшылықтың теңдей қол жеткізе алмауы және теріс пиғылда, соның ішінде әскери мақсатта қолдануы себеп болуы ықтимал.– Біріккен Ұлттар Ұйымы кезінде ядролық қауіпсіздік пен азаматтық авиация салаларында жалпыға бірдей нормаларды қалыптастырды. Сол секілді енді бұл істе де негізгі үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс. Әлемнің жетекші технологиялық орталықтарының бірінде орналасқан жаһандық оқу орны ретінде БҰҰ университеті ЖИ-дің әлеуетіне, қауіп-қатеріне және оны басқаруға қатысты халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие, – деді Президент.Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы ел ішіндегі жетістіктерімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Президенттің пайымдауынша, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр.– Мен білімнің және халықаралық деңгейдегі академиялық ықпалдастықтың дамуына айрықша мән беремін. Әсіресе, әлемнің өзгеруін жеделдететін бастамаларды қолдаймын. Бұл басымдықтар БҰҰ университетінің миссиясына толық сай келеді. Биыл Қазақстанда Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығы ашылды. Қазақстан осы алаңның негізінде Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруға әзір. Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның БҰҰ университеті мен еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары арасында бірлескен зерттеу жүргізу, академиялық тәжірибе алмасу және маман даярлау бойынша институционалдық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1129353?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум 19.12.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1129318?lang=kk
«Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық науқанның жеңімпаздарына сертификаттар табыс етілді 19.12.2025
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алды. «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең белсенді 50 пайдаланушының біріне берілді.Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысты.Ақмола облысында қараша айының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды – көкшетаулық Еркенур Тәжібаева, Ақкөл ауданының тұрғындары Жанна Нұрмағамбетова, Гүлвира Алауханова және Павел Полоухов, Жақсы ауданының тұрғыны Инна Гармашова және Жанат Дюсюпова, Бурабай ауданының тұрғыны Самал Ташенова, атбасарлық Бекбол Бегалин, Жарқайың ауданының тұрғыны Әсем Жанәділова және Есіл қаласының тұрғыны Родислав Ағзамов.Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1129305?lang=kk
Шымкент әкімі кәсіпкерлермен кездесті 19.12.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бизнес қауымдастығының өкілдерімен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуін өткізді. Бұл іс-шара кәсіпкерлікті дамыту және қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен әкімдік арасындағы ашық диалог үшін маңызды алаңға айналды. Кездесуде бизнестің дамуына тікелей әсер ететін кең ауқымды өзекті мәселелер талқыланды. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, соның ішінде арнайы салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді ілгерілетуге ықпал ететін басқа да жүйелі мәселелерге ерекше назар аударылды. Ғабит Сыздықбеков экономиканы нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылғанын да атап өтті. Биылғы жылдың алғашқы 11 айында Шымкентке тартылған инвестиция көлемі 715,2 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, Астанадағы жаһандық инвестициялық форумда жалпы құны 863 млн АҚШ долларын құрайтын бес ірі жобаны жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойылды. Әкім сондай-ақ бизнесті Шымкентте тікелей тіркеудің маңыздылығын атап өтті. Ол өндірісті қалада орналастыру, бірақ оларды басқа аймақтарда заңды түрде тіркеу тәжірибесі жергілікті бюджетті толық толтыруға ықпал етпейтінін және қала экономикасының дамуына кедергі келтіретінін мәлімдеді. Кездесу соңында қала әкімі кәсіпкерлерге бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. «Біз кәсіпкерлер арасындағы сындарлы ынтымақтастықты және бағаны тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бойынша бірлескен бастамаларды жоғары бағалаймыз. Бұл әсіресе қала тұрғындары үшін маңызды. Бизнесті қолдау азаматтарымыздың өмір сүру сапасына және экономикалық дамуға тікелей әсер етеді», - деп атап өтті әкім. Сонымен қатар, қала әкімі Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері және жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілік көрсеткендері үшін бірнеше бизнес өкілдерін алғыс хаттарымен марапаттады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі