Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Көшелерді жарықтандыру бағандарын орнату 29.10.2025
Мариногорка ауылдық округіне қарасты Мариногорка ауылында Талды және Молодежная көшелеріне 46 көше жарықтандыру бағаналары орнатылды. Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1095282?lang=kk
Тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелері 29.10.2025
        Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, сондай-ақ оларға арналған тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу — міндетті рәсім болып табылады. Бұл талап техниканың қауіпсіз және заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, тіркеуге жатады:барлық типтегі тракторлар;тракторлар негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер;тіркемелер мен жартылай тіркемелер, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелер;өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары;жоғары өтімді арнайы машиналар.Мемлекеттік тіркеуді техникалық қадағалау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Тіркеу үшін меншік иесі төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:1.белгіленген нысандағы өтініш;2.жеке басын куәландыратын құжат (немесе заңды тұлға болса, тіркеу құжаттары);3.меншік құқығын растайтын құжат (сату-сатып алу шарты, қабылдау-тапсыру актісі, шот-фактура және т.б.);4.машина паспорты (техникалық сертификат);5.мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек.Техниканың техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін оған мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі және тіркеу туралы куәлік пен нөмірлік белгі тапсырылады.Белгіленген тәртіппен тіркелмеген техниканы пайдалануға тыйым салынады. Тіркеу ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылады.Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)өтініштерін қабылдау:1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1271489?lang=ru
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті. 29.10.2025
Ү.ж. 29 қазанда Dubai Sports Council Бас хатшысы Саид Мұхаммед Харебпен кездесу өтті.Кездесу барысында спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен іс-шаралар өткізу және екі ел арасындағы спорттық бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1095223?lang=kk
Ғылым мен білім – Қазақстан мен БАӘ арасындағы көпір 29.10.2025
Әл-Айн, 2025 жылғы 27 қазан – Біріккен Араб Әмірліктерінің Университетінде (UAE University) Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Президентінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі, Университет ректоры профессор Заки Ануар Нуссейбамен кездесті.Тараптар жоғары білім, ғылыми зерттеулер, инновациялар және Қазақстан мен БАӘ университеттері арасындағы академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Елші Р.Жұмабек болу елінің жетекші университетінің өңірлік ғылыми әлеуетті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті:«Зерттеу мен инновация саласындағы Сіздің көшбасшылығыңыз БАӘ Университетін елдің жетекші жоғары оқу орнына айналдырып, тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуде маңызды рөл атқаруда. Жоғары стандарттардың нәтижесінде Университет – елдегі №1 жоғары оқу орны, сондай-ақ Quacquarelli Symonds пен Times Higher Education рейтингтері бойынша көшбасшылар қатарына кіреді», – деді.Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларға, академиялық ұтқырлыққа және Азия білім беру қауымдастығы бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.«Біздің университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Назарбаев Университетімен серіктестік орнатты. Біз ғылыми жобалар мен инновациялық бастамалар арқылы бұл ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деп Ректор З.А. Нуссейба өз ниетін білдірді.Елші Р.Жұмабек Қазақстан халықаралық серіктестікті дамыту мен әлемдік білім кеңістігінің мүшесі болу арқылы адами капиталды дамыту мен жоғары білім жүйесін жаңғыртуға басымдық беретінін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зерттеу орталықтарын құру, қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және жыл сайынғы ғылыми іс-шараларды өткізуді көздейтін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен БАӘ-нің №1 университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаласты.Анықтама: Біріккен Араб Әмірліктерінің Университеті (1976 жылы құрылған, Әл-Айн қаласы) – елдің ең көне, жетекші және №1 жоғары оқу орны. QS World University Rankings рейтингінде 229-орында және Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемнің үздік 250 университетінің қатарына кіреді.Профессор З.А. Нуссейба – БАӘ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 20 жылдан астам уақыт бойы Президент шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның жеке аудармашысы болған. Ол елдің мәдениеті мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы жергілікті редакцияларын ашуда маңызды рөл атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1095195?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 29.10.2025
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілікжан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1095154?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігімен (WADA) ынтымақтастықты кеңейтуде 29.10.2025
Варшава, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің (WADA) Президенті Витольд Банькамен кездесу өткізді.Тараптар допингке қарсы халықаралық стандарттарды нығайту саласындағы Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ әділ спорт қағидаттарын ілгерілету жөніндегі одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Кездесу барысында WADA президенті 2025 жылдың қазан айында Қазақстанға ресми сапармен барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу құрметіне ие болғанын ерекше атап өтті. Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін «Достық» орденін табыстауына байланысты, Витольд Банька өзіне көрсетілген жоғары құрмет үшін шексіз алғысын білдірді.Ол Қазақстан Президентімен және Туризм және спорт министрімен келіссөздер барысында одан әрі ынтымақтастық перспективалары туралы, оның ішінде WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын 2027 жылы Қазақстанда өткізу туралы ұсыныстардың талқыланғанын атап өтті.Қазақстан дипломаты WADA мен Қазақстанның құзырлы органдары арасындағы диалогты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, еліміздің спорттағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайту және допингке қарсы саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында сындарлы өзара іс-қимылды, оның ішінде Қазақстанның Варшавадағы елшілігімен тығыз ынтымақтастық арқылы жалғастыру ниетін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1095156?lang=kk
ҚР Ұлттық кітапханасында Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті 29.10.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Лаура Палманның «Бұрым-Жыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.Іс-шара аясында қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелік куәлігі табыс етілді.«Бұрым-Жыр» жинағына нәзік жанды әйел болмысы, ұлттық таным мен тағдыр, махаббат пен сағыныш тақырыбы арқау болған өлеңдер енген. Ақын әйелдің бұрымы мен ғұмырын символикалық бірлікке айналдырып, сезім шындығын көркем тілмен жеткізеді.Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, журналистер мен оқырмандар қатысты.Айта кесек, бұған дейін қаламгердің «Сағыныш сияқты өз атым» атты жыр жинағы жарық көрген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1095161?lang=kk
Қазақстан Республикасының күні Ливанда аталып өтті 29.10.2025
24 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының күніне арналған қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың басшылары, парламент депутаттары, дін өкілдері, бизнес, ғылым және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Басты қонақтар қатарында Ливан Республикасының Президенті Жозеф Аунның өкілі ретінде Әкімшілік реформалар жөніндегі министр Фади Макки және Бейрут қаласының губернаторы Маруан Абуд болды.Қабылдау барысында Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық жетістіктерін атап өтті. Қонақтар қазақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Кештің жылы рухы достық қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Іс-шара ливан қоғамының Қазақстанға, оның тарихына, мәдениетіне және қазіргі бастамаларына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Бейрут қаласында өткен дипломатиялық қабылдау Қазақстанның жағымды бейнесін ілгерілетуге және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1095164?lang=kk
Құрылысқа қойылатын басты талап - сапа мен мерзім 29.10.2025
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының және «Қызылорда-Жалағаш» трассасының Тереңөзек кенті тұсындағы көпір құрылысымен танысты.Вокзал құрылысына тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиалы, бас мердігер – «Р и А-Сервис ЛТД» серіктестігі, жалпы жобалық құны 695 млн теңге.Бүгінде перрондағы брусчаткалар демонтаждалып, төменгі іргетасы құйылған. Плита жабындылары орнатылып, ғимараттың ішкі бөліктеріне кірпіш қаланды. Қабырғаларын әрлеу, қатты травертинмен қаптау және перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс біткеннен кейін Тереңөзек тұрғындарына, жолаушыларға қолайлы,жаңа теміржол вокзалы қызмет көрсетеді.«Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту көзделген.1985 жылы салынған көпір толық жаңғыртылады, конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды ретке келтіру және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Көпір ұзындығы 30,43 метр, ал кірме жолдар 710 метр, құрылыс кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін 788 метр айналма жол салынған.Қазір қада қағылып біткен, бетон құю, құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жол бойына белгілер орнатылған.Аймақ басшысы мердігер мекемелерге көпірді сапалы етіп салып, белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын ескертті.Аталған жобалар өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, қауіпсіз әрі қолайлы жол қатынасына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235059?lang=ru
"STEM Олимпиада-Білім берудегі инновациялар" халықаралық олимпиадасының өңірлік онлайн турына қатысу туралы 29.10.2025
2025 жылғы 18 қазан күні «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» Халықаралық олимпиадасының аймақтық онлайн туры өтті, онда 8-11 сынып оқушылары өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті. Біздің ауданымызды 4 команда таныстырды:•«BitRobtics» – ҚММ «№9 гимназия базасындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Құрманов Р.Е., Сафин М., Бугаев Б. (жетекшісі – Федоров Ю.В.);•«NullSguad» – ҚММ «№12 тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Назаркина Н.С., Смирнова П.М. (жетекшісі – Пак А.В.);•«EchoNova» – ҚММ «№12 тірек мектеп (ресурстық орталық)» құрамы: Лейнганг Д.Н., Райкова Я.С. (жетекшісі – Пак А.В.);•«DRAGON» – ҚММ «№8 жалпы білім беретін мектеп» құрамы: Кенжебаева Д.А., Сағындық С.С. (жетекшісі – Темірбай С.). Тәлімгерлер өз тәрбиеленушілерін дайындауға көп күш пен білім жұмсады. Олимпиадаға қатысушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, STEM пәндерін терең меңгергендерін және тапсырмаларды шешуде шығармашылық көзқарас танытты. Қызу додаға қарамастан, біздің командаларымызға жүлдегерлер қатарына кіру үшін сәл ғана жетпей қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1095105?lang=kk
Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының қорытындысы бойынша $303 млн келісім жасалды 29.10.2025
Шымкент қаласында өткен бизнес-форумда жалпы құны 303 миллион доллар болатын 15 құжатқа қол қойылды. Форумға екі елдің бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдары қатысты. Іс-шара Қазақстан Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылды.Форумға қатысқан Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи мен Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Евгений Тукумов құттықтау сөз сөйледі.Сондай-ақ форумда Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы мен «Shymkent Invest – Front Office» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды . Бұл келісім екі ел арасындағы инвестиция мен сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.«Ешқандай кедергілерге қарамастан, біз екіжақты сауданың дами беретініне сенеміз. Мақсатымыз қазіргі сауда көлемін сақтап қана қоймай, экспортталатын тауар түрлерін көбейту»,- деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров. Соңғы деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құрады. Болат прокаты, жүк көліктері және қант сияқты тауарлар бойынша өсім байқалды.Форум нәтижесінде QazTrade пен Gazanfar корпорациясы Мазари-Шариф қаласында серіктестік кеңсе ашу жөнінде уағдаласты. Бұл кеңсе екі ел арасындағы сауданы дамытуда үлкен рөл ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1095075?lang=kk
ЭНЕРГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ 29.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өтілгендей, әлемдік деңгейде транзит және энергия нарығында бәсеке күшейіп келеді. Мемлекет басшысы еліміздің бұл үдерістерде алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз ету үшін алдын ала және жүйелі әрекет ету қажеттігін баса айтты.Энергетика саласында қуат көздерін жаңғырту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа қуат көздері іске қосылуда. Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын "жасыл" энергия нысандарын пайдалануға беру жоспарланған.Мемлекетіміздің басты мақсаты – экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрақты даму қағидаттарына негізделген энергетикалық жүйе қалыптастыру. Бұл бағытта қолға алынған шаралар ел экономикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады.#ПрезидентЖолдауы2025 #ЭнергияЖаңғыруы #ЖасылЭнергия #ТұрақтыДаму #Инвестиция #Экология #ҚуатКөздері #ТоқаевБастамасы #ЖаңаҚуат #KazakhstanGreenFuture
«Alatau City Invest» АҚ лицензия берілгені туралы 29.10.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 29 қазандағы №Б-257 бұйрығына сәйкес «Alatau City Invest» АҚ-на шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2025 жылғы 29 қазандағы № 3.4.7 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1095040?lang=kk
Астанада Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтті 29.10.2025
Астана, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббтың қатысуымен Қазақстан-Финляндия бизнес форумы өтті. Форум екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және өнеркәсіптік әрі инвестициялық кооперацияның жаңа бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Форум спикерлерінің қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов, «EastCham Finland» бас директоры Янне Реколайнен, «Nurminen Logistics» президенті Олли Похьянвирта, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері болды.Өз сөзінде Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан мен Финляндия арасындағы жоғары сенім деңгейін атап өтіп, экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар екенін айтты: «Біздің елдерді өзара құрмет, сенім және серіктестікті дамытуға деген ұмтылыс біріктіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 171,9 млн АҚШ долларын, ал 2025 жылдың сегіз айында 89,5 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштер сауда-инвестициялық қатынастарды одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін көрсетеді. Финляндия Қазақстан үшін маңызды серіктес және инвестор: тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 486 млн АҚШ долларынан асты, бүгінде елде 70 фин компаниясы табысты жұмыс істеуде», – деді ол.Форумға екі елдің жетекші компаниялары қатысты, олардың қатарында: «Wärtsilä», «Normet», «EPSE», «Telko», «GTK», «Peikko Group», «Honkarakenne», «Konecranes», «Sweco», «Lamor», «Finnish Water Forum», «Ponsse», «Valtra», «Valio», «Nurminen Logistics», «Eduten» және «Lojer Group» бар. Қазақстан тарапынан «Самрук-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз», Өнеркәсіпті дамыту қоры, «BI Group», «ERG», «QazTrade», «Smartlog» және басқа да компаниялар қатысты.Форум барысында өнеркәсіптік кооперацияны, экологиялық технологияларды және тұрақты өндірісті дамытуға бағытталған алты екіжақты құжатқа қол қойылды, олардың ішінде:«Бурабай Даму» АҚ мен «Honkarakenne Plc» арасындағы туризмді және экологиялық құрылысты дамыту туралы ынтымақтастық меморандумы;«BI Construction» & «Engineering» және «Peikko Group» арасындағы «DELTABEAM» құрылыс жүйелерін бірлесіп өндіру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;«TOR’RE Ltd» және «Honkarakenne Plc» арасындағы ағаш тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы меморандум;«Теңіз жасағы» АҚ және «Lamor Corporation Plc» арасындағы мұнайдың төгілуіне қарсы іс-қимыл және теңіз операцияларын қолдау жөніндегі ынтымақтастық меморандумы;«Самрук-Қазына Өңдеу» ЖШС және «Wärtsilä Finland Oy» арасындағы энергия тиімділігін арттыру және энергетикалық технологияларды дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;«Самрук-Қазына Өңдеу» ЖШС және «EPSE Oy» арасындағы өндірістік және сарқынды суларды тазарту бойынша фин технологияларын енгізу жөніндегі меморандум.Форум компаниялар арасында тікелей байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және жасыл технологияларды дамытуға, өнеркәсіптік кооперация мен фин технологияларын Қазақстанда жергіліктендіруге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды талқылауға арналған тиімді алаң болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1095032?lang=kk
Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібі 29.10.2025
Жеке пайдалануға арналған тауарларға жеке, отбасылық немесе тұрмыстық қажеттіліктер үшін арналған және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес заттар жатады. Тауарлардың мақсатын айқындау кезінде кеден органдары олардың сипатына, санына, шекара арқылы өткізу жиілігіне және азаматтың өзі көрсеткен мәліметтерге назар аударады.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарлар оларды жатқызу өлшем шарттары мен әкелу тәсіліне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен реттеледі.Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар әуе көлігімен құны 10 000 еуродан және салмағы 50 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкеле алады. Көліктің өзге түрлерімен немесе жаяу өткен кезде құны 500 еуродан және салмағы 25 кг-нан аспайтын тауарларды бажсыз әкелуге рұқсат етіледі. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда тауар құнының 30%-ы мөлшерінде, бірақ артық салмақтың әр килограмына кемінде 4 еуро есебімен кедендік төлемдер төленеді.Халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 200 еуродан және салмағы 31 кг-нан аспауы тиіс. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда артық бөлігінен құнының 15%-ы мөлшерінде, бірақ әр килограмына кемінде 2 еуро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем төленеді.Басқаша айтқанда, Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде олардың құнына, салмағына және санына қатысты белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ олардың жеке пайдалануға арналғанын растауға дайын болу қажет. Әйтпесе, мұндай тауарлар кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар ретінде танылып, жалпы кедендік тәртіппен ресімделуі мүмкін.Жеке пайдалануға арналған тауарларды ресімдеу үшін жолаушылар кедендік декларациясы пайдаланылады. Оны тіркеу және қабылдау кеден органдарымен тегін жүзеге асырылады.ШҚО бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1246746?lang=ru
«Курчатов қаласының құрметті азаматы» 29.10.2025
      Қазақстан Республикасының күніне арналған мереке Курчатов қаласында «Курчатов қаласының құрметті азаматы» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстау рәсімімен атап өтілді. Бұл жоғары марапат қала дамуына елеулі үлес қосқан, еңбегі мен ісіне адалдығы арқылы жерлестерінің құрметі мен алғысына ие болған тұрғындарға берілді. Құрметті атақ иегерлері – Айдын Мукатайович Нурланов пен Кульбаршын Қаратаевна Михальченко. Олар– өз еңбегімен көпке үлгі болған жандар. Айдын Мукатайович «ККЭК» ШЖҚ КМК құрылуының бастауында тұрған және осы салаға отыз жылдан астам өмірін арнаған. Ол қала тұрғындарының зор құрметі мен ризашылығына ие. Ал Кульбаршын Каратаевнаны Курчатов қаласының әр тұрғыны біледі – дәл оның еңбегі мен командасының қажырлы жұмысының арқасында қаламыз кез келген ауа райында таза әрі көрікті. Оның басшылығымен «Жасыл ел» жауынгерлері алғашқы еңбек тәжірибесін алып, өз қаласына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті бойларына сіңіреді.Біз өз жерлестерімізді мақтан тұтамыз, олардың қаламыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оларға зор табыс, мықты денсаулық пен амандық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1094957?lang=kk
БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады Өзекті сауалдар 29.10.2025
БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге саладыӨзекті сауалдарҚолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) түріндегі табысына салық шегерімдерін қолдану мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салымшының таңдауына қалдырылады: БЗТ алған кезде бірден немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдыру тәсілі. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. Кірістерді қайта есептеп, ЖТС қайтаруға кімнің құқығы бар екенін түсіндіріңізші? Қайда жүгіну керек?Салық салынатын кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі ҚР Салық кодексінің 346-бабы 2) және 3) тармақтарында көрсетілген.БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, шұғыл түрде – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) – БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына кірістерді  қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-да алушының мүгедектігін растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растаушы құжаттар ұсыну талап етілмейді) шұғыл түрде жүгінуі қажет. Уақытылы жүгінген кезде ЖТС қалай қайтарылады? Қабылданған өзгерістер қай кезеңде жарамды болады?Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін ЖТС алушының жеке зейнетақы шотына, егер ол ұсталған болса, қайтарылады. Егер кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеу жөніндегі міндеттемелер жойылады.ЖТС қайтару бойынша белгілі бір санаттағы жеке тұлғалардың өтініштері үшін талап қою мерзімін ұзарту 2025 жылғы 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін қолданыста болады. Өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді және талап қою ескіру мерзімі қайтадан 3 жылды құрайды.  Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ пайдаланған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық азаматтарға осы құқықты кейінге қалдырмауға және уақытында пайдалануға кеңес береміз!Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына хабарласуға болады: 1418 (Қазақстан бойынша тегін), 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар).Мен 2 топтағы мүгедектігі бар адаммын, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырдым, ЖТС төлеудің кейінге қалдырылған түрімен 5 000 000,00 теңге БЗТ-дан салықтың толық мөлшері неге қайтарылмағанын түсіндіруді сұраймын?Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) салымшының таңдауы бойынша төлеуге болады: БЗТ алған кезде немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдырумен. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалар БЗТ түріндегі табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Бұл ретте БЖЗҚ-дан БЗТ түріндегі салық салынатын табыс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:БЗТ түріндегі табыс сомасынан Салық кодексінің тиісті баптарында көрсетілген салық шегерімдерінің сомасы алынады. Қорытынды қалдық салық салынатын табыс болып есептеледі.  Мысалы, егер салымшының 2021 жылы алған БЗТ түріндегі табысы 5 000 000,00 теңгені құраса, салық міндеттемелері 500 000,00 теңгені құрайды (5 000 000,00* 10%), содан кейін 2021 жылы 882 АЕК мөлшерінде 2 572 794,00 теңге (882*2 917,00[2] теңге) сомасында стандартты салық шегерімдерін қолданған кезде міндеттемелерді азайту бағытында салық түзетулері жүргізіледі. Осылайша, салық міндеттемелерінің қалдығы (кейінге қалдырылған ЖТС) 242 720,60 теңгені құрайды, ол былайша есептелген:((5 000 000,00 - 2 572 794,00)*10%).Егер Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз және кейінге қалдырылған ЖТС сомасы толығымен немесе ішінара ұсталып, бюджетке аударылған болса, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға берілген құжаттар негізінде 882 АЕК шегінде берешек қалдығын түзете отырып, ЖТС өтеледі және төленеді.Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардағы қалған салық міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда жойылады. Менің жұбайым 2 топтағы мүгедектікке ие және стандартты салық шегерімдерін қолданғаннан кейін салық міндеттемелері қалды. Салық міндеттемелерінің қалдығымен не болатынын түсіндіруді сұраймын? 01.01.2026ж. бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Ол БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларының біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан ЖТС ұстап қалуды тоқтатуды көздейді.01.01.2026ж. жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларында (алушыларында) бар БЗТ-дан кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық салық міндеттемелері жойылады. 2026 жылдан бастап қай санаттағы тұлғалар үшін және зейнетақы төлемдерінің қандай түрлерінен ЖТС жойылды? Егер мен жеңілдікке ие азаматтар санатына жатпайтын болсам, БЗТ-дан бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтаруға бола ма?          01.01.2026ж. бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің ережелерінде ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайтындығы көзделген. Бұл өзгерістің алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ БЗТ-дан да ұсталмайды. Яғни, Қазақстан Республикасының резиденттері болып есептелетін жеке тұлғаларға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне, біржолғы зейнетақы төлемдеріне ЖТС салынбайтын болады.Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген, осыған байланысты салымшы ЖТС-ты біржолғы төлеммен бірақ төлеген жағдайда - ол қайтарылмайды. Мен 2 топтағы мүгедек адаммын, мүгедектік 2024 жылдың қарашасында берілді. Неліктен мен 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырған БЗТ-дан кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтарудан бас тартылғанын түсіндіруді сұраймын?   Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес стандартты шегерімдер осы салық шегерімдерін қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылы қолданылады.БЖЗҚ-ның 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырылған БЗТ-ға стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы жоқ, себебі БЗТ түріндегі табысты алған кезіңізде Сіз мүгедектігі бар адам санатында болған жоқсыз. [1] Айлық есептік көрсеткіш[2] 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеге тең болды  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1099565?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға электркөліктерді әкелу қағидалары туралы хабарлайды (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды) 29.10.2025
Кейінгі жылдары қазақстандықтар электркөліктерді жиі таңдай бастады — өздігінен сатып алу арқылы, әрі «кілтке дайын» қызметін ұсынатын компаниялар көмегімен.Осы ретте мұндай көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде қолданыстағы қағидаларды ескеру маңызды.      Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.38-тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 коды бойынша жіктелетін электркөліктерді әкелген кезде импорттық кеден бажын төлеуден босату көзделген.      2025 жылы осы шешіммен электркөліктерді жеңілдікпен әкелуге 15 000 бірлік көлемінде квота белгіленген.2025 жылғы 14 қазанға қарай бұл квота толық пайдаланылды.Осылайша, Қазақстанға электркөліктерді жеңілдікпен әкелу көлемі толығымен таусылды.Бұл импорттық кеден бажын төлеуден босату енді қолданылмайды дегенді білдіреді.Енді электркөліктерді әкелу жалпы тәртіппен — барлық белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлей отырып жүзеге асырылады.       Жеке тұлғалар электркөлікті әкелу кезінде кедендік ресімдеудің үш тәсілінің бірін таңдай алады:Тауарларға арналған декларация (ТД). 1-нұсқа — Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемелері шеңберінде қолданылатын мөлшерлемелер бойынша:* кедендік алым — 6 АЕК;* қосылған құн салығы (ҚҚС) — 12%.       Төмендетілген мөлшерлемелер электркөлік ЕЭК Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен (2020 жылғы 30 қазандағы № 95 редакциясында) бекітілген алып тастаулар тізбесіне енгізілген жағдайда қолданылады.Мұндай көлік құралдары тек Қазақстан аумағында сатылуға тиіс және ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріне шығаруға жатпайды.2-нұсқа — Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифі (БКТ) бойынша:* кедендік алым — 6 АЕК;* импорттық кеден бажы — кедендік құнының 15%;* ҚҚС — 12%.       Жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД). 3-нұсқа — ЖКД бойынша рәсімдеу кезінде көлік құралының кедендік құнынан 27% мөлшерінде жиынтық кедендік төлем қолданылады.         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1094800?lang=kk
Консультация өткізілді 29.10.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 қазанында Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова ақын Сарсенбай Ниязбаевқа өлеңдер мен прозалық шығармаларға авторлық құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша консультация өткізді.Кездесу барысында авторлық құқықты тіркеу тәртібі, автордың құқықтары мен міндеттері, шығармалардың заңсыз пайдаланылуынан қорғау жолдары түсіндірілді.Шығармашылық еңбекті қорғау - мәдениетті құрметтеу мен дамыту жолындағы маңызды қадам. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1094714?lang=kk
CASA, ТМК, бидай және медициналық миссия: Шымкентте Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі басталды 29.10.2025
Шымкент қаласында ауған тауарларының жыл сайынғы үшінші көрмесі өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша Ауғанстан шеберлері көрмеде былғары және кілем бұйымдарын, құрылыс материалдарын, тәттілер мен құрғақ жемістерді, алкогольсіз сусындарды, көкөніс пен жеміс-жидектерді, асыл тастар мен зергерлік және қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды.Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көрменің ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл Шымкентке Ауғанстанның 180-нен астам кәсіпкері келді.Сол күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы да өтті. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, салалық компаниялары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.«Ауғанстан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің де екіжақты және өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті бар», — деді Серік Жұманғарин форумда сөйлеген сөзінде.Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құраса, биылғы жылдың 8 айында $335,9 млн болды. Кейбір тауарлар бойынша жеткізілімнің азаюына қарамастан, биыл қазақстандық бидай экспорты 2,9 есеге, күнбағыс майы – 3,1 есеге өсті, ал мұнай өнімдері мен жүк көліктерінің экспорты екі есеге артты.«Болжам бойынша, биыл тек бидай экспортының әлеуеті 9,6 млн тоннаны құрайды. Қазақстан Ауғанстанға жоғары сапалы бидай, ұн, күріш және қант жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Бұл өнімдердің өндірісі заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында жыл сайын өсіп келеді», — деді вице-премьер.Өз кезегінде Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи өткізілген бизнес-форумдар мен көрмелер екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға зор серпін беретінін айтып, қазақстандық инвесторларды ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі және құрылыс салаларындағы жобаларды іске асыруға шақырды.Бірлескен жобалар: ТМК-дан машина жасауға дейінФорумда тау-кен металлургия, автомобиль жасау, химия және құрылыс салаларында бірлескен өндірістерді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстан тарапы Ауғанстанға отандық өндірістегі локомотивтер мен жүк көліктерін жеткізуді арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.Ауғанстан аумағында тау-кен металлургия кешенін бірлесіп дамыту жөнінде келіссөздер жалғасуда. Биыл сәуір айында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Кабулға сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» және «Қазақмыс» компаниялары бериллий мен қорғасын кен орындарын зерттеу бойынша екі геологиялық миссия жүргізді. Соның нәтижесінде «Қазақмыс Барлау» компаниясы Лагман провинциясындағы пайдалы қазбалар кен орнында барлау жұмыстарын бастады.Қазіргі уақытта ERG Exploration компаниясы ауған тарапымен қосымша геологиялық ақпарат алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Қажетті зерттеулер аяқталған соң, ERG Ауғанстандағы барлау жобаларына қатысуды жоспарлап отыр.Қазақстанның гуманитарлық миссиясыҚазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Форум барысында жақын уақытта жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлерден құралған медициналық миссия жіберілетіні хабарланды. Бұған дейін, қыркүйек айында, Ауғанстанға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жылы киім және өзге де алғашқы қажетті заттар тиелген 26 вагоннан жасақталған гуманитарлық жүк жөнелтілген болатын.CASA – жаңа сауда дәлізіСерік Жұманғарин мен Нуриддин Азизи арасындағы екіжақты кездесу барысында тараптар Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағытындағы транзиттік дәлізді құру және Герат – Тургунди теміржол бағытын салу перспективаларын талқылады.Айта кетсек, Пәкістанның Карачи портына шығатын Трансауған дәлізі «Солтүстік – Оңтүстік» жобасымен ұштасып, Парсы шығанағы мен Үндістан порттарына жол ашады. Бұл бағыттар бірігіп, Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын жаңа сауда желісін – CASA жобасын қалыптастырады.Сондай-ақ ауған делегациясы Түркістан облысындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылыс алаңында болып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен танысты. Қазір орталық аумағында жолдар салынып, инженерлік инфрақұрылым тартылып, өндірістік нысандар бой көтеріп жатыр. Алғашқы жеті жоба МӨЫО-ның алғашқы резиденттері болады деп жоспарлануда.Бұдан бөлек, делегация «Эко-мәдениет» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен танысты. https://primeminister.kz/news/casa-tmk-bidai-zane-medicinalyk-missiia-symkentte-kazakstan-auganstan-biznes-forumy-men-augan-tauarlarynyn-kormesi-bastaldy-30661 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1094680?lang=kk