Жаңалықтар
2 мыңнан астам жоба 300 млрд теңгеден астам сомаға қолдау тапты: Қазақстанда кәсіпкерлер күні атап өтіледі 29.10.2025
29 қазан — Қазақстан кәсіпкерлер күні атап өтіледі. Бұл - жұмыс орындарын ашатын, экономиканы дамытатын және елдің әл-ауқатын нығайтатын барлық адамдардың кәсіби мерекесі.Дәл осы 2015 жылы 29 қазанда кәсіпкерлік, инвестициялық және бәсекелестік саясаттың заңнамалық негіздерін біріктірген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды, бұл бизнесті қолдаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің негізін қалады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған 2,4 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай өсім көрсетіп, 38,9%-ды құрады, бұл жеке сектордың экономиканы дамытудағы орнықты рөлін растайды.Елімізде кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ретімен жүзеге асырылуда.Жыл басынан бері 312 млрд теңге несие сомасына 2 300-ден астам жоба субсидияланды, онда субсидиялар көлемі 125,8 млрд теңгені құрады.Кәсіпкерлік негіздеріне 11 мыңнан астам адам оқытылды, бизнес жүргізу мәселелері бойынша 109 мыңға жуық кеңес берілді.Кепілдік қоры шеңберінде ШОБ үшін 311,9 млрд теңге сомасына 1 794 бизнес жобаға қолдау көрсетілді, оның 170,1 млрд теңгесі берілген кепілдіктерді құрайды.Жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайтын 12,6% мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, оның ішінде 300 млрд — «Даму» Қорының қаражаты, 450 млрд — банк ресурстары. Қазірдің өзінде 407,7 млрд теңгеге 1 200-ге жуық жоба қаржыландырылды.«BGOV» ақпараттық жүйесін «eGov Business» қосымшасымен интеграциялау аяқталды, оны 76 мың пайдаланушы пайдаланды, 3,6 млн өтініш жолдады.Шағын және орта бизнесті дамыту-ұлттық экономиканың тұрақтылығын айқындайтын, орта тапты қалыптастыратын және бәсекеге қабілетті және инновациялық Қазақстан үшін негіз құратын стратегиялық бағыт.Кәсіпкерлікті дамыту саясаты Мемлекет басшысының бизнестің бастамасы, жауапкершілігі мен инновацияларына негізделген жаңа экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары аясында іске асырылуда.Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, бірыңғай цифрлық платформаларды енгізу және инновацияларды ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.Осы міндеттерді іске асыру экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде жеке сектордың рөлін нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1094676?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1094692?lang=kk
KazAID Қырғызстанмен ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа әріптестіктер мен аймақтық бастамалар 29.10.2025
KazAID Қырғызстанмен ынтымақтастықты нығайтуда: жаңа әріптестіктер мен аймақтық бастамаларҚырғыз Республикасының Бішкек және Ош қалаларында 2025 жылғы 12–17 қазан аралығында “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің делегациясы Департамент директоры Б. Жақұповтың, сондай-ақ К. Ахметова, К. Сұлтан және А. Ғабдуллина қатысуымен бірқатар мемлекеттік құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен және даму серіктестерімен кездесулер өткізді.Сапар барысында тараптар білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және экология салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Перспективалы бағыттар қатарында — тәжірибе алмасуды кеңейту мен инновациялық тәсілдерді енгізу, медициналық білім беру мен телемедицина саласында бірлескен бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ органикалық ауылшаруашылық өнімдерін ілгерілетуге және «ақылды» егіншілік технологияларын енгізуге арналған бірыңғай цифрлық платформа құру бар.KazAID делегациясы Роза Отунбаева атындағы халықаралық қоғамдық қорымен, KOICA, SDC, JICA, GIZ, TİKA, IOM және Ага Хан қорымен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, олар KazAID аймақтық бастамаларына қатысуға дайын екенін білдірді. Сапар конструктивті жағдайда өтіп, тараптардың ынтымақтастықты нығайтуға және Орталық Азиядағы бірлескен жобаларды дамытуға өзара қызығушылығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1094620?lang=kk
Елшілікте жастар арасында футбол турнирі өткізілді 29.10.2025
Анкара, 2025 жылғы 18 қазан – Елшілікте Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы және Республика күніне орай қазақстандық студенттер арасында футбол турнирі өткізілді.Турнирге Kara Harp, ODTÜ, Kırşehir, Jandarma, Ankara командалары қатысты.Турнир Қазақстанның мемлекеттік әнұранымен басталып, 5 команданың арасында өткізілген жалпы тартысты 10 ойын өткізілді.Ойындардың нәтижесінде қарашада өтетін Түркияда оқитын қазақстандық студенттер арасындағы турнирдің финалдық кезеңіне Kara Harp және ODTÜ командалары жолдама алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1094639?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі Жобалық кеңсенің отырысы туралы 29.10.2025
Бүгін елордада Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылған қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуді үйлестіру жөніндегі Жобалық кеңсенің бірінші отырысы өтті.Бас Прокурор аталған Жобалық кеңсе құрды, оның құрамына орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ жобаларды басқару саласындағы сарапшылар кірді.Кеңсеге басшылықты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрлыбай Сәбит жүзеге асырады.Кеңсенің негізгі міндеті – қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде оларды енгізуді бақылау және үйлестіру болып табылады.Осындай жобалық кеңселер жергілікті жерлерде жедел жұмыс істеу үшін облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар жанында құрылатыны айтылды. Тұжырымдаманы жүзеге асыруға әкімдіктерді тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды, өйткені олар өңірлердегі идеологияның жеткізушілері болып табылады.Жобалық кеңсенің басшысы Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа нысандарын енгізудің, оның ішінде мектептер мен жоғары оқу орындарында құқық негіздері курсын енгізудің, қоғам жетекшілерін, шығармашылық сала өкілдерін және медиа тұлғаларды тартудың маңыздылығын атап өтті.Отырысқа қатысушылар өңірлік жобалық кеңселердің тиімділігін бағалау үшін KPI әзірлеу, есептілік нысандарын жетілдіру және социологиялық зерттеулерді жүргізу мәселелерін де талқылады.Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы, Талдау және ақпарат орталығының директоры, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі ұлттық сарапшы баяндама жасады, ол идеологияны ілгерілетудегі жобалық тәсілді енгізу туралы өз көзқарасымен бөлісті. Талқылауға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.Отырыс соңында Жобалық кеңсенің басшысы «Заң мен Тәртіп» идеологиясының стратегиялық маңызы бар екенін және барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен ғылыми қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті.Қазақстан РеспубликасыБас прокуратурасының Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1094642?lang=kk
Ұлыбритания Парламентінде АХҚО Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының қызметі таныстырылды 29.10.2025
2025 жылғы 27 қазан, Лондон. Ұлыбритания Парламентінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік көппартиялық топтың отырысы аясында алғаш рет «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Соты мен Халықаралық арбитраж орталығының қызметі таныстырылды.Іс-шараға Ұлыбритания Парламентінің депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен іскер топтардың мүшелері қатысты.Отырысты бастай келе, АХҚО Сотының төрағасы Лорд Бернетт сөз сөйлеп, Соттың қызметі, ерекше юрисдикциясы және Англия мен Уэльс құқығы қағидаттарына негізделген процессуалдық ережелері туралы жан-жақты баяндады. Ол АХҚО Соты азаматтық және коммерциялық сипаттағы дауларды, соның ішінде инвестициялар, келісімшарттық міндеттемелер мен қаржы операцияларына қатысты істерді қарайтынын атап өтті. АХҚО Соты құрылған сәттен бастап 34 елдің инвесторларының қатысуымен 17 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартты.АХҚО Соты – Еуразия кеңістігіндегі ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына сүйенген алғашқы тәуелсіз коммерциялық сот болып табылады. Қызметі басталғаннан бері Сот пен Арбитраж орталығы 4 000-нан астам істі қарап, сәтті шешім шығарған, бұл халықаралық іскер қауымның жоғары сенімін дәлелдейді.Іс-шара барысында судьялардың тәуелсіздігі мен ашықтығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда АХҚО Сотының құрамында ағылшын-саксон құқық жүйесінде зор беделге ие, халықаралық тәжірибесі мол он судья қызмет атқарады.Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің өкілдері АХҚО Сотының қызметіне көрсетілген қызығушылық үшін алғыс білдіріп, Сот пен Арбитраж орталығының құрылуы инвесторлар дауларын әділ және тиімді шешуге, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ ағылшын жалпы құқығының элементтерін Қазақстанның құқық жүйесіне енгізу арқылы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық нарықтарға ықпалдасуға бағытталғанын атап өтті. Елшілік өкілдері бұл мақсаттардың бүгінде табысты жүзеге асып жатқанын айтты.Қатысушылар АХҚО аясында қалыптасқан тұрақты, ашық және болжамды құқықтық ортаның инвестициялық сенімді нығайтудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын жоғары бағалады.Анықтама үшін: Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік көппартиялық топ 2025 жылғы 14 шілдеде құрылған. Топтың төрағасы – лейбористік партия депутаты Пэм Кокс, құрамында 20 парламент мүшесі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1094651?lang=kk
Өңірлік ынтымақтастық кеңеюде 29.10.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 28 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов «Amazon Visto» компаниясының атқарушы директоры Жозе Кардозо Нето мырзамен кездесті.Тараптар, сауда және инвестиция салаларындағы Қазақстанның Амазония штатымен өңірлік ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі бірлескен жоспарларын, сондай-ақ Манаус қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашу мәселесін талқылады. Сұхбаттасушы Елшіге штат губернаторы мен оның қаласы әкімінің ресми шақыруын табыстап, климаттың өзгеруі жөніндегі COP30 конференциясы аясында Амазонияға сапармен келуге шақырды.Бразилия тарапы Елшіні штатта іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық және экономикалық жобалармен таныстырып, оны қараша айында Амазония штатының астанасы Манаус қаласына жұмыс сапарымен келуге, халықаралық еркін экономикалық аймақты аралауға, іскер топтар және штат басшылығымен ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында кездесулер өткізуге шақырды.Бразилияның федеративтік құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қатынастарды нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасындағы серіктестік байланыстар Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы мен Риу-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Санта-Катарина штаты (2025 ж.) арасында орнаған.Анықтама үшін: Амазония – Бразилиядағы аумағы бойынша ең үлкен штат, ол ел аумағының 18%-дан астамын қамтитын, Амазонка өзенінің ең аз игерілген бассейн бөлігінде орналасқан. Штаттың астанасы – Манаус қаласы еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие және мұнда штат өнеркәсіп өндірісінің шамамен 98%-ы шоғырланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1094660?lang=kk
Мединадағы қазақстандықтар өз елін лайықты танытып келеді 29.10.2025
Медина, 2025 жылғы 27 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласында қазақстандық бизнес өкілдері және студенттерімен кездесу өткізді.Кездесуге қазақстандық инжиниринг компаниясы «Sueco», Мединадағы алғашқы қазақстандық мейрамхана «Yurt», «Jump in Goat» кофеханасының өкілдері, сондай-ақ белсенділер мен блогерлер қатысты.Бейресми форматта өткен кездесуде Бас консул қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.Жиын барысында қазақстандық диаспораның мәдени өміріне қатысты пікір алмасу өтіп, түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен бастамалар айтылды.Сонымен қатар, Медина Ислам университетінде білім алып жүрген студенттермен деструктивті идеологиялар мен ағымдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.Іс-шараның қорытындысы ретінде Медина қаласында ашылған алғашқы қазақстандық ұлттық тағамдар мейрамханасы «Yurt»-тың ресми ашылуына орай салтанатты түрде қызыл лента қиылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094661?lang=kk
Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ашық есік күні» өтті 28.10.2025
Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті.Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты.Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыптарында тактильді кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларға Брайль баспаханасының жұмысы таныстырылып, жайпақ баспадан брайль қарпіне аудару, аудиокітаптарды редакциялау және басып шығару жұмыстары көрсетілді.Библиография және тифлология бөлімдерінің қызметкерлері оңалту кабинетін таныстырып, ерекше форматтағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты іскерлік ойындарын өткізді.Сонымен қатар, «Шу өңірінің қос ақыны» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зағип жандардың күнделікті өмірі мен рухани әлемін бейнелейтін мотивациялық бейнематериалдар көрсетілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094609?lang=kk
Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын белгіледі 28.10.2025
Бейжің, 2025 жылғы 28 қазан – Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды.Сапар барысында ол Қытай Халық Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен конструктивті кездесу өткізді.Е.Көшербаев Қытай тарапын ҚХР құрылуының 76 жылдығымен және Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 20-шы шақырылымдағы IV пленумының сәтті өтуімен құттықтады.Сұхбаттастар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын жан-жақты талқылады. Сауда-экономика, энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың практикалық іске асырылуына ерекше назар аударылды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары тату көршілік, өзара сенім және тиімділік қағидаттарына негізделген Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың тұрақты дамуын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті әрі қарай нығайтуға дайындықтарын растады.«Қазақстан мен Қытай басшыларының жеке достық байланыстары мемлекетаралық қатынастарды үздіксіз дамытуға берік негіз болуда. Биыл көшбасшыларымыздың мағыналы өзара сапарлары мен олардың аясында жүргізілген келіссөздері қазақ-қытай ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергені сөзсіз», – деді Е.Көшербаев.«Қазақстан – өңірдегі сенімді стратегиялық серіктесіміз, біз екі ел халқының игілігі үшін өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, дамытуға дайынбыз», – деп мәлімдеді Ван И.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары динамикасы мен ауқымын қанағаттанушылықпен атап өтіп, алдағы сапарлар мен іс-шаралар кестесіне сәйкес ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан әрі қадамдарды айқындады.Кездесу соңында қатысушылар сыртқы саяси ведомстволардың іс-қимылын үйлестіруді жалғастыруға және БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Орталық Азия – Қытай» форматы және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға дайындықтарын растады.Сапар аясында Е.Көшербаев Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында болып, мекеменің қазақ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ екі халық арасындағы гуманитарлық байланыстарды ілгерілету жөніндегі қызметімен танысты. Министр білім, туризм және мәдени алмасу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудегі мұндай бастамалардың өзара түсіністік пен достықты нығайтуға үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1094604?lang=kk
«Қазақфильм» Канндағы MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты 28.10.2025
Ш. Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық киностудиясы биыл Францияның Канн қаласында өткен MIPCOM 2025 халықаралық телевизиялық нарығына қатысты. Іс-шара Фестивальдер мен конгрестеи сарайында (Palais des Festivals et des Congrès) және іргелес аумақтарда өтті.Киностудия павильонында «Қазахфильмнің» барлық фильмдері мен «Алтын қорындағы» үздік туындылар, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» тарапынан қаржыландырылған заманауи фильмдер ұсынылды. Көрермендер мен халықаралық серіктестер назарына көркем, деректі және анимациялық фильмдердің кең топтамасы таныстырылды.Киностудия өкілдері қазақстандық кино және тележобаларды шетелдік дистрибьюторлар мен серіктестерге таныстырып, халықаралық ынтымақтастық орнату бағытында бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұл қадам - отандық контенттің әлемдік нарықтағы көрінісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан маңызды бастама болды.MIPCOM – теледидар, стриминг және цифрлық контент индустриясына арналған әлемдегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі. Биылғы іс-шараға 107 елден 10 600-ден астам қатысушы келді. Нарық көшбасшылары қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Канада, Испания және Италия бар.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл Каннға 3 мыңға жуық контент сатып алушы келіп, жаңа серіктестермен кездесіп, бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Нарық аясында 350-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094605?lang=kk
Аудандық турнир 28.10.2025
🏐 Қазақстан Республикасының күніне орай Боровское ауылында 11 әйелдер және 7 ерлер командасының арасында аудандық волейбол турнирі өтті 🇰🇿Нәтижесінде:Қыздар арасында 🥇 Karasuna (Қостанай) 🥈 Будённовка 🥉 Жаса-1Ерлер арасында 🥇 Михайловка 🥈 Жаса-1 🥉 ҚараталАл “Үздік ойыншы” номинациясында Балёнь Валерия, Захарова Дарья, Щербак Юлия, Влезько Илья және басқалары марапатталды.🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 👏Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1094576?lang=kk
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті. 28.10.2025
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаланың ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету ережесі мен мөлшеріне өзгерістер бекітті.Бұл шешімді қабылдау ауылдық аумақтардың мамандарын қолдауға, олардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094526?lang=kk
2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемелері және оны медицина мен құрылыс салаларында қолдану ерекшеліктері 28.10.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына, сондай-ақ импортқа қатысты 16% мөлшерінде белгіленеді.Медицина саласында:ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі:– 2026 жылдан бастап – 5%– 2027 жылдан бастап – 10%Бұл мөлшерлеме келесіге қолданылады:медициналық қызметтерге,дәрілік заттарға,медициналық бұйымдарға,ҚҚС-тан босатылған қызметтер мен тауарлардан басқа.Үкіметпен келесі тізбелер бекітілетін болады:дәрілік заттар;медициналық бұйымдар;медициналық бұйымдардың құрамдас бөліктері;техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.Құрылыс және тұрғын үйді іске асыру саласында:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйді (пәтерді) өткізу немесе жалға беру кезінде ҚҚС-тан босату күші жойылады.Алайда келесі жағдайларда ҚҚС-тан босату қолданылады:Тұрғын үйді (пәтерді) өткізу кезінде, егер оның құрылысы басталғанжәне/немесе пайдалануға қабылдау 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса. Бұл жеңілдік тек құрылыс жүргізуші тұлғаға қатысты қолданылады.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған тұрғын үйді ұзақ мерзімдіжалға беру шарты бойынша (сатып алу құқығымен) тұрғын үй ғимаратын (немесе оның бөлігін) жалға берген жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094528?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. 28.10.2025
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.Сессияда қабылданған шешімдер ведомствоаралық комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға және кадрлық өзгерістерге сәйкес олардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094532?lang=kk
Банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер талқыланды 28.10.2025
Қостанай қаласында екінші деңгейлі банк өкілдері мен қаладағы ПҚШК бастамашыл тобының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.Кеңес Қазақстан Республикасының банктік шоттарды ашу және жүргізу тәртібін реттейтін заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты ұйымдастырылды.Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған талаптардың негізгі тұстарын, олардың тәжірибеде қолданылу тәртібін, сондай-ақ ПҚШК төрағалары мен бухгалтерлерінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.Сонымен қатар, кеңесте қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету және кооператив мүшелерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1094536?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс 38-ші сессия өтті, оның барысында қала бюджетін нақтылауға, кәсіпкерлікті қолдауға және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қаралды, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. 28.10.2025
Облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес қалаға облыстық бюджеттен трансферттер ұлғайтылды. Қосымша қаражат автобус тасымалын субсидиялауға, сондай-ақ Комсомольский кентінде (Лесхоз кенті) сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жобасын аяқтауға бағытталды.Бұдан басқа, қайта бөлу есебінен қалалық бюджетті нақтылау, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және қалалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту шеңберінде мынадай іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар көзделген:- мүгедектерді гигиеналық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;- ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік көмек көрсету;- қаланы абаттандыру және қысқы кезеңде саябақтарды күтіп ұстау.Аталған шараларды іске асыру қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094542?lang=kk
Экспорт, ЭСФ және ҚҚС есептілігіне қатысты жаңа талаптар 28.10.2025
Экспорт бойынша операциялар:Үшінші елдерге экспорт жасалғанда айналымның жасалу күні ретінде ЕАЭО кеден шекарасын нақты өткен күні есептеледі.Айналымды нөлдік мөлшерлемемен есепке алуды жеңілдету мақсатында тауарларға декларацияны тіркеу күні де айналым жасау күні ретінде мойындалады.Нерезиденттен алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша ЭСФ:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікке қатысты нерезиденттен алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша ҚҚС төлеуші міндетті түрде электронды счет-фактура (ЭСФ) рәсімдеуі тиіс.Бұл шара әкімшілендіруді жеңілдетеді және болашақта ҚҚС декларацияларын автоматты толтыруға көшуге мүмкіндік береді.ҚҚС-ты есепке алу (зачет) мәселелері:ҚҚС ставкасының 12%-дан 16%-ға көтерілуіне байланысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында (өндірушілер, өңдеушілер, ауылшаруашылық кооперативтері) есепке алынатын қосымша соманың мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.2026 жылдан бастап ҚҚС есепке алу мерзімі – тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алған күнмен бірдей болады.ҚҚС төлеуші ЭСФ ақпараттық жүйесінде (ИС ЭСФ) осы қабылдауды декларацияны тапсырудан бұрын белгілейді.ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі:ҚҚС декларациясын тапсыру мерзімі шектеледі:декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен ерте басталмайды,декларацияны беру мерзімі календарлық тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1094549?lang=kk
Депутаттар Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс 38-ші сессиясында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы мәселені қарады. 28.10.2025
Қабылданған шешімге сәйкес, арнайы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) ставкасының мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілетін болады.Салық ставкасын төмендету бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта құрудың негізгі шараларының бірі болып табылады. Төмендетілген мөлшерлеме-бұл кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және қаланың экономикалық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру. Ұзақ мерзімді перспективада бұл жұмыспен қамтудың өсуіне, жергілікті бюджеттің нығаюына және салық базасының ұлғаюына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1094550?lang=kk
🔰Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Таза жағалау" экологиялық акциясын өткізді. 28.10.2025
Іс-шараға басқарма және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, студенттер мен белсенді экоеріктелер қатысты. Табиғатты қорғау - әрқайсысымыздың ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1094476?lang=kk
«Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес» 28.10.2025
2025 жылдың 28 қазанындаі Қостанай облысы Әділет департаменті «Бизнес Оптима» компаниясымен бірлесіп, Colgate-Palmolive Company және IWI AG (SPLAT сауда белгісінің иесі) компанияларының мүддесінде «Зияткерлік меншікті қорғау және контрафактілік өніммен күрес» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді.Іс-шараға Қостанай облысының Полиция департаментінің, экономикалық қылмыстармен күрес, мемлекеттік кірістер және сауда салаларының өкілдері қатысты.Тренингтің мақсаты - зияткерлік меншік саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің контрафактілік тауарларды анықтау бойынша біліктілігін арттыру. Іс-шара барысында құқық иеленуші компаниялардың тіркелген сауда белгілері және түпнұсқа өнімді контрафактілік өнімнен ажырату белгілері жөнінде ақпарат берілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1094489?lang=kk