Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан арасында $70 млн болатын экспорттық келісім жасалды 24.10.2025
Ташкент қаласында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған сауда-экономикалық миссия өтті. Бүгінде Өзбекстан аумағында 876 қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл дегеніміз 270 түрлі тауар позициясы бойынша сауда айналымышамамен $500 млн-ға тең. Миссия барысында қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және қайта өңдеу салаларындағы өзбек әріптестерімен тікелей келіссөз жүргізді. Алаңда B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, экспорттаушылар Өзбекстанның ірі дистрибьюторларымен және сауда желілерімен байланыс орнатты. «Ташкенттегі миссия - қазақстандық компаниялар үшін өнімін таныстырып қана қоймай, көрші елдің нарығына нақты шығуға мүмкіндік берді. Біз қатысушыларға барлық кезеңде, яғни кездесулер ұйымдастырудан бастап, аударма мен логистикалық сүйемелдеуге дейін толық қолдау көрсетеміз»,- деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков. «Бұл жай ғана делегация емес, нақты сатып алушылармен жасалған келіссөздер. Қазірдің өзінде 73,5 млн доллар көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Өзбекстан нарығында қазақстанның күнбағыс майына, ет пен қантына тұрақты сұраныс бар»,- деп атап өтті QazTrade компаниясы өкілдері. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі тұрақты өсім көрсетіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30%-ға артып, $3 млрд-тан асты. Ал Қазақстан экспортының көлемі 26,7%-дан астам өсіп, $2,2 млрд-қа жуықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1092913?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ: бейбітшілік пен дамуға ортақ бейілділігі 24.10.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығын атап өтіп, адам құқықтарын құрметтеуге және орнықты дамуды ілгерілетуге негізделген БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін қуаттайды.БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 80 жылда Ұйымның адамзаттың жаһандық сын-қатерлеріне қарсы күресте шешуші рөл атқарғанын және халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін атап өтті.1992 жылы БҰҰ-ға мүше болғаннан бері Қазақстан ядролық қарусыздану, өңірлік серіктестік, өркениетаралық диалог және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу салаларындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Елімізде БҰҰ-ның 27 агенттіктері мен мекемелері жұмыс істейтінін атап өту қажет, ал Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы өңірдегі байланыстарды нығайтуға және өркендеуге ықпал етуге маңызды қадам болды.Осы тұрғыда Қазақстан Ұйымды жаңғыртуға және неғұрлым қауіпсіз, әділ және орнықты әлем құруға үлес қоса отырып, БҰҰ Жарғысының рухында инклюзивтілік идеяларын дәйекті түрде ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1092863?lang=kk
25 қазан – Республика күні 24.10.2025
Республика күні қарсаңында Алтай ауданының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. мен облыс әкімі аппаратының басшысы Текешев Е.Х. алғыс хаттарымен марапатталды.Марапаттар адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, бастамашылдығы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін табысталды.Алғыс хаттар қызметкерлердің күнделікті еңбегі арқылы мемлекеттік қызметті нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан еңбектерінің мойындалуы болды.Мемлекеттік қызметшілерге өз ісіне адалдығы, жауапкершілігі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірдім.Ауданның жетістіктері әрбір қызметкердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтіп, марапатталғандарға табыс, мықты денсаулық және туған өлкенің әрі бүкіл Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тіледім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1092793?lang=kk
24 қазан кітапханашылар күні 24.10.2025
Құрметті кітапханашылар!Сіздерді Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кітап - білімінің кілті, ал оны оқырманға жеткізетін сіздердің еңбектеріңіз - баға жетпес қазына.Сіздер - руханият пен мәдениеттің жанашыры, ұрпаққа бағыт беруші асыл жандарсыздар. Шығармашылық табыс, зор денсаулық, толағай жетістіктер тілейміз. Кітапханаларымыз өркендеп, оқырмандар легі арта берсін.Ізгі ниетпен: Мәслихат төрағасы Алмасбек НөкербанұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1092774?lang=kk
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай мемлекеттік наградамен марапатталды 24.10.2025
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнің басшысы Қайратбек Жақманұлы Әлиев және Комитеттің басқарма басшысы Жанар Әбдірәсілқызы Қалиева «Ерең еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды.Марапаттар көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан зор үлесі үшін табысталды.Басшылық марапатталған қызметкерлерді құттықтап, өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олардың жетістіктері Отан мен қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі екені атап өтілді.Қазақстан Республикасы күні-еліміздің барлық азаматтарының отансүйгіштігінің, бірлігі мен жасампаз еңбегінің символы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1092777?lang=kk
Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері! 24.10.2025
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2025 жылғы 20 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2025 жылғы 21 қарашада (жұма) қазақ тілінде офлайн және онлайн форматта өтеді.Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар.Сіздерге жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби мамандарынан бастапқы көзден алынған материалдарды қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай дайындауға болатыны туралы ақпарат алудың таптырмас мүмкіндігі беріледі. Біздің мамандар БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сауалдармен жүгінуге болатынын және Қордың сайтынан немесе Youtube арнасынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты өз бетінше қалай алу керектігін түсіндіреді.Өтетін орны: офлайн – Алматы қ., Самал-2 ықш/ауд., онлайн - Cisco WebEx вебинар платформасыСпикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшыларыӨткізу уақыты: 20 қараша - орыс тілінде және 21 қараша - қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, қатысу форматы (офлайн/онлайн),электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін). Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі. * Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген. Байланысуға болатын тұлға:Тимиряз Есембеков, Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары, БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы 8 (727) 331-66-99 ішкі 5276, ұялы 8 701 710 0734Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1093161?lang=kk
Шетелдік мамандар Қазақстандағы археологиялық ғылымның даму бағытын талқылады 24.10.2025
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Археология саласындағы халықаралық зерттеулер: тәжірибе, нәтижелері мен басым бағыттары» тақырыбында «Есік оқулары» VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Халықаралық конференцияға Қазақстан, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Әзербайжаннан келген археологтар мен музей ісінің мамандары қатысты.Конференция бірқатар маңызды тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келді. Атап айтсақ, биыл Алтын адамның табылғанына 55 жыл, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 15 жыл, сондай-ақ көрнекті археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың туғанына 90 жыл толып отыр.Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов елімізде тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын және бұл бағытта мұндай ғылыми іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.Музей-қорық ашылған күннен бастап музей қызметін көрсетіп қана қоймай, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде де белсенді жұмыстар атқаруда. 2017 жылдан бері Шэньси провинциясының Археология институтымен (ҚХР) тығыз әріптестік байланыс орнатылды, нәтижесінде бірқатар бірлескен ғылыми жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Қытайдың Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолы археологиясын зерттеу орталығының Қазақстандағы филиалы жұмыс істеп тұр.Пленарлық отырыстар мен секциялық сессиялар барысында Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді сақтау мен тиімді пайдалану, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау әдістері, пәнаралық зерттеулер мен музей ісіндегі заманауи міндеттер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ конференцияда археология ғылымының дамуына зор үлес қосқан Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың ғылыми жолы да сөз етілді.Бағдарлама аясында «Рахат археологиялық кешені» атты монография мен «Есік» мемлекеттік музей-қорығы жөніндегі алғашқы қытай тіліндегі нұсқаулықтың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Талғар (Талхиз) ортағасырлық қалашығының аумағында «Талхиз қазыналары» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.Конференция қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау мен тиімді пайдалану, археологиялық зерттеулердің теориялық және қолданбалы аспектілерін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағыттарында қабылданған Резолюция жарияланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1092709?lang=kk
Алматыда Испанияның Ұлттық мерекесі аталып өтті 24.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Испанияның Ұлттық күніне орай Испания Корольдігі Қазақстандағы Елшілігінің салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Испания арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Испания арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1092727?lang=kk
Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Алматы қаласындағы «UN Plaza» ғимаратында БҰҰ-ның күні жәнеБіріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағыӨкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмаларжөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов,Қазақстан Республикасының бұрыңғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰжанындағы тұнғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, сондай-ақ Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелеріжөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатардипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарыныңөкілдері қатысты.Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күнтәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесінжәне БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына адалдығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекетбасшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған, халықаралықбейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларынатап өтті.Ерекше назар Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттаржөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығына аударылды.Сондай-ақ, БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесіп«Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1092737?lang=kk
Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазан Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен семинар өткізді.Семинарда Салық кодексіндегі өзгерістер, КТС пен ҚҚС есептеу тәртібі, әлеуметтік салық мөлшерлемесінің 6%-ға дейін төмендеуі, ЭШФ бойынша жаңартулар және ШОБ үшін арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты – салық төлеушілердің хабардарлығын арттыру және салық заңнамасындағы соңғы өзгерістермен таныстыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1092685?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған сөзінен: ел дамуының жаңа белесі 24.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап, соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерге тоқталды.Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық экономиканы түбегейлі жаңғырту үшін әртараптандыру саясатын табандылықпен жүзеге асырып келеді. Ел дамуының негізгі тіректерінің бірі – көлік және логистика саласы.– «Қазақстан Еуразияның басты логистика орталығы, яғни хабы болуы керек. Оған еліміздің әлеуеті жетеді, мүмкіндігіміз де мол», – деді Мемлекет басшысы.Осы мақсатта биыл «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі пайдалануға берілді. Бұл – егемендік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Сонымен қатар 13 мың шақырым автокөлік жолы салылып, жөнделді. Әуе қатынасы саласында да айтарлықтай ілгерілеу бар: жыл басынан бері 36 жаңа халықаралық рейс ашылып, жүк тасымалы (карго) жүйесін дамыту бағытында нақты қадамдар жасалуда.Өндіріс секторының өсімі 7,5 пайызға жетіп, шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жуықтады. Құрылыс қарқыны да артып, өткен жылы 19 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – бұл Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты даму үстінде. Соңғы жылдары жалпы өнім көлемі 2,5 есе артты.– «Биыл да қамбамыз астыққа толды, 20 миллион тоннадан астам бидай жиналды», – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясаттың да ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.– «Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан біз осы жауапты миссияны міндетті түрде орындаймыз. Әлеуметтік стратегиямыз тиімді әрі әділетті болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.Соңғы бес жылда білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есе артқан. Ұстаздардың еңбекақысы екі есе көбейіп, қоғамдағы мәртебесі айтарлықтай көтерілді. Ел бойынша 1200 жаңа мектеп, соның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи білім ордалары ашылды.Ғылымға да айрықша қолдау көрсетіліп отыр – соңғы бес жылда ғылымға бөлінген қаржы 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 беделді жоғары оқу орнының филиалдары жұмыс істейді.Мемлекет басшысы ұлт саулығын жақсарту бағытында да нақты нәтижелер бар екенін айтты. 2020 жылдан бері медицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе артқан, 927 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, ал елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау, ұлттық бірлікті нығайту және ел әлеуетін арттыру жолындағы реформалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Республика күні – Тәуелсіздігіміздің бастауы мен мемлекетіміздің қуатын айшықтайтын мереке.Еліміз өркендей берсін, Қазақстанның жарқын болашағы – бірлікте және еңбекте! 🇰🇿
Президент: «2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті» 24.10.2025
«Әділетті Қазақстанды құру жолында басқа да нақты шаралар қолға алынды. Азаматтарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді түрде араласа бастады.Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайланатын болды. Ауыл әкімдерінің барлығы, ал аудан әкімдерінің 25 пайызы жаңарды. Осылайша, билік жүйесі айтарлықтай өзгерді.Елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орныға түсті. Ашығын айтсақ, осы аймақтағы билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс ешқашан болмаған.Біз бір ел болып саяси реформаны табысты іске асырып жатырмыз, соның нәтижесі ретінде қоғамда түбегейлі жаңғыру үдерісі басталды. Реформаларымызды жүзеге асыруға барша адамзат үшін аса қиын, күрделі кезеңде кірістік.Пандемия, алпауыт елдердің санкциялық текетіресі, қалыптасқан сауда жолдарының бұзылуы, түрлі қақтығыстар мен соғыстар әлем елдерінің дамуына орасан зор шығын келтірді. Бұл жағдайлар Қазақстанға да салқынын тигізді. Дегенмен біз қажетті шараларды дер кезінде қабылдадық. Экономикамыздың әлеуетін сақтай отырып, оны тың серпінмен дамыта түстік.2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті, биыл осы көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде, бұдан да асуы мүмкін. Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артып, 14 400 долларға жетті. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі.Қазақстанның алтын-валюта резервінің көлемі 58 миллиард долларға жетті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен: «Бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады» 24.10.2025
«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз.Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады.Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі».Мемлекет басшысы: «Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз»«Заңғар ойшыл Әбіш Кекілбаев «Өткеннен тағылым, ертеңнен үміт іздегендер ғана ілгері баса алады» деген. Біз әр кезеңде ұлт тарихында өшпес із қалдырған барлық мемлекет және қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз, оларды ешқашан ұмытпаймыз.Сонымен бірге келешекке үлкен үмітпен, зор сеніммен қараймыз, биік мақсаттарға ұмтыламыз. Осы жылдарда еліміздің бағындырған белестері аз емес. Біз жер жүзіне егемен мемлекет ретінде танылдық. Шекарамызды шегендеп, іргемізді бекітіп, қауіпсіздігімізді қамтамасыз еттік. Бірлігімізді бекемдеп, татулық пен тұрақтылықтың арқасында түрлі сынақтардан сүрінбей өттік. Бүгінде жаһан жұрты еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына куә болып, өз құрметін көрсетуде.Алайда кемшіліксіз, мінсіз жұмыс болмайтыны анық. Біз өткеннен сабақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз.Соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңымызға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биыл шілде айынан бастап Кассациялық сот жүйесі іске қосылды, бұл қоғамымызда әділеттілікті күшейтуге жағдай жасады».
Кездесу өткізілді 24.10.2025
2025 жылдың 30 қазанында Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесіп І. Омаров атындағы қазақ драма театрының, Облыстық орыс драма театрының, Облыстық қуыршақ театрының және Е. Өмірзақов атындағы филармонияның өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында авторлық және сабақтас құқықтар мәселелері, авторлардың құқықтарын ұжымдық басқару тетіктері, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамадағы өзекті өзгерістер талқыланды.Шығармашылық орта өкілдерінің қатысуымен белсенді диалог өтті. Авторлық құқықтарды қолдау мен қорғау - өңірдің мәдени әлеуетін дамытудағы маңызды қадам.Авторлардың құқықтарын қорғау - мәдениетті дамытудың кепілі, жаңа туындыларды жасауға серпін және шығармашылық еңбекке құрмет білдірудің көрінісі. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1095950?lang=kk
Алтай ауданының маслихаттының төрайымы Л.А. Гречушникова, ҚСМ «№2 түзету мектебі-интернаты» (құлақ және сөйлеу бұзылыстары бар балалар үшін) ұстаздары мен оқушыларымен кездесті. 24.10.2025
Ұстаздар мен тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі — Республика күнімен құттықтады. Лариса Александровна Республика күні ұрпақтарды біріктіретінін, еңбек етуге ынталандыратынын және бейбітшілік, келісім мен өзара құрметтің маңыздылығын еске салатынын атап өтті.Мектептің ұстаздарына ерекше назар аударылды, олар әлі де мектептің мақтанышы болып табылады. Көптеген жылдар бойы жаңа оқушылардың буынын тәрбиелеп, жоғары деңгейде білім беру мен тәрбие жұмысына үлес қосып келеді. Ұстаздар әдістемелік жұмыстарға шығармашылықпен келіп, озық әдістемелерді енгізіп, түзету білім беру процесінің теориясы мен практикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың еңбегінің арқасында мектеп оқушылары олимпиадаларда, шығармашылық конкурстарда және спорттық жарыстарда жетістіктерге жетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1092620?lang=kk
Полянск ауылында жергілікті мектептің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті — бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды әрі есте қаларлық оқиға болды. 24.10.2025
Мерекелік бағдарламада сайлау округінің депутаты Л.А. Гречушникова қатысты. Ұстаздар ұжымына және оқушыларға жүрекжарды тілектерін білдірді.Лариса Александровна мектептің білім беру және тәрбиелеу орталығы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Мұғалімдерге өз мамандығына адалдығы, еңбегі және өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. 40 жылдық мерейтой тек мерекелік күн ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар бірлігінің, дәстүрлерді сақтаудың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің шынайы символына айналды. Мектеп әрі қарай дамып, жетістіктерін арттыра берсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1092629?lang=kk
Әскери теңізшілер Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Мемлекеттік Туын алып өтті 24.10.2025
Мемлекеттік Әнұран әуенімен олар ел бірлігінің нышанын бірінші дивизион пирсінің бойымен, содан кейін оны палубаға бекітіп, «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблімен Каспий теңізімен жүзіп өтті.Теңіз үстінде желбіреген 20 метрлік айбынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – елдің қуатының, тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екенін айшықтай түсті.– Каспий толқындарымен осы қасиетті туды алып өту арқылы біз Отанымызға, оның жетістіктеріне және бейбіт өмірге деген зор құрмет сезіміне бөлендік, – деп атап өтті рота командирі капитан Жолды Мағжан. Әскери теңізшілер акцияны аяқтағанда жиналғандар қошемет көрсетіп, қол соқты. Іс-шара теңіз әскерилерінің бірлігін, әскери борышқа адалдығын және Отанға деген терең сүйіспеншілігін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1092642?lang=kk
Қазақстандық бітімгерлер стресс-менеджмент әдістерін меңгеруде 24.10.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау миссиясына (UNDOF) қатысуға жіберілетін 3-ші ұлттық контингенттің қызметкерлеріне психологиялық дайындық сабақтары өткізілді.Психологиялық дайындық – әскери қызметшілерді бітімгерлік контингент құрамында міндеттерді орындауға дайындау кешенінің ажырамас бөлігі. Оқу жұмыстары күйзеліске төзімділікті қалыптастыруға, эмоционалдық тұрақтылықты сақтауға және халықаралық ортада тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.Орталықтың психологиялық қызметінің офицері капитан Сәнді Смағұлова әскери қызметшілерге эмоциялық жағдайды басқару, стресс-менеджмент, командалық ынтымақтастық және алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша тренингтер жүргізді.– Бітімгерлер – жай әскери қызметшілер емес, олар формадағы дипломаттар. Олардың психологиялық тұрақтылығы – міндеттердің тиімді орындалуы мен контингенттің қауіпсіздігінің кепілі. Біз әскери қызметшілерімізді көпұлтты ортаға қызмет етуге дайындаймыз, онда сабыр сақтап, кез келген жағдайда салмақты шешім қабылдау маңызды, – деді капитан С. Смағұлова.Жоғары деңгейдегі даярлық қазақстандық бітімгерлерге халықаралық бітімгерлік күштері құрамында тапсырмаларды мінсіз орындауға мүмкіндік береді. Осылайша олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өз үлестерін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1092651?lang=kk
Республика күні қарсаңында аудандық маслихаттың төрайымы Л.А. Гречушникова Зубовск кентіне барып, тұрғындарды еліміз үшін маңызды мерекемен жеке құттықтады. 24.10.2025
Өз құттықтауында Лариса Александровна Республика күні — бұл Отанға, оның өткеніне, бүгінгісіне және болашағына деген мақтаныш мерекесі екенін атап өтті. Бұл күнде әрбір қазақстандық мемлекет тағдырына өз қатыстылығын сезініп, оның табысты дамуы мен гүлденуіне сенім артады.Сонымен қатар, ол тұрғындарға кент өміріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1092609?lang=kk
Cіздерді келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз! 24.10.2025
Біздің еліміз үшін 25 қазан - тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы біздің қасиетті тәуелсіздігімізге жол ашқан Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.Біз әділ Қазақстанды құруға кірістік. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар!Осы салтанатты күні зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Сіздің Қазақстанды тұрақты дамыту және жетілдіру жолындағы еңбегіңіз барлық бастамаларда табысты болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1092557?lang=kk