Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті 24.10.2025
 Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.Бұл айтулы мереке — ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтап, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше күн ретінде аталып өтті.Салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік және салалық марапаттар табыстап, барша қала тұрғындарын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтады.Өз құттықтау сөзінде қала басшысы Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектің және бірліктің рөлін ерекше атап өтті.«Баршаңызды Ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекетіміздің іргетасы қаланған, тәуелсіз Қазақстанның болашақ бағыты айқындалған айтулы мереке. Біз бүгін Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын да атап өтудеміз. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси және экономикалық жаңару кезеңі жүріп жатыр», — деді Ғабит Сыздықбеков.Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары Шымкент экономикасы айтарлықтай серпін алып, өндіріс, құрылыс және әлеуметтік салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізілген.«Шаһарымыз заманауи инфрақұрылымы бар, экономикасы өркендеген, жастарға жол ашқан жасампаз қалаға айналды. Мыңдаған жұмысшы, ұстаз, дәрігер, инженер мен кәсіпкер ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Соңғы үш жылда қалаға 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылып, 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті алғаш рет 895 миллиард теңгеге жетіп, оның жартысы әлеуметтік саланы қолдауға бағытталды. Себебі халық атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін көруге тиіс», — деді қала әкімі.Салтанатты шара барысында ел игілігі үшін тер төгіп жүрген 40-тан астам азаматтың еңбегі лайықты бағаланды. Оларға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табыс етілді.Сонымен қатар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілерімен, Президенттің Құрмет грамотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған азаматтарға да құрмет көрсетілді.Марапат иелерінің бірі – мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Бұхарбай Парманов.«Қызмет жолымыз елге адал қызмет етуге арналды. Бүгін сол еңбектің еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталу – зор қуаныш. Республика күні – ел тәуелсіздігін нығайтып, береке-бірлікке үндейтін ең маңызды мереке», — деді ардагер.Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі қызметкері Гүлмира Оспанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.«Бұл марапат – менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегінің бағалануы. Қазір Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестіктің бірігуімен Ардагерлер комиссиясы құрылып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда», — деді ол.Кеш соңында қатысушыларға рухты әндер мен отансүйгіштікке толы композициялар ұсынылып, салтанатты мереке ел тәуелсіздігін ұлықтаған көтеріңкі көңіл күймен түйінделді.
Республика күніне орай Консулдық бөлімнің жұмыс күні ауыстырылады 24.10.2025
Құрметті келушілер, қонақтар және Қазақстан азаматтары!2025 жылғы 25 қазанда атап өтілетін «Республика күні» мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылды.Осыған байланысты, 27 қазан күні ҚР Португалиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі құжаттарды қабылдамайды.Біз өз жұмысымызды 2025 жылдың 28 қазанынан бастап жалғастырамыз.Төтенше жағдайлар туындаса, жедел желі нөміріне хабарласуға болады: (+351) 911 742 779***Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік, өркендеу және тұрақты даму тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1093206?lang=kk
Алматыда «Япурай» гала-хор спектаклінің премьерасы өтті 24.10.2025
Республика күні қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Япурай» атты гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті.Кеш барысында «Япурай», «Маусымжан», «Самал тау», «Балапан қаз», «Ақ сиса», «Сәулем-ай», «Қарлығаш», «Аққу», «Ләйлім шырақ» сынды халық сүйіп тыңдайтын шығармалар хорға лайықталған заманауи өңдеумен орындалды. Музыкалық қойылым көркем сценографиямен және мультимедиалық проекциялармен үйлесім тапты. Спектакльде Абай, Шәкәрім, әл-Фараби мен Махмұд Қашғари секілді ойшылдардың нақыл сөздері оқылып, терең тақырыптар қозғалдыҚойылымға театр хоры, симфониялық оркестрі мен балет труппасы, сондай-ақ «Престиж» жекеменшік мектебінің «Қоңырау» балалар хоры және «Мұрагер» фольклорлық ансамблі қатысты.«Япурай» гала-спектаклі ұлттық музыкалық мұра мен заманауи сахналық шешімдерді үйлестіре отырып, халқымыздың бай мәдениетіне деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093184?lang=kk
Республика күні Женевада мерекелік концертпен аталып өтті 24.10.2025
Женева, 2025 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігі Республика күнін салтанатты концертпен атап өтті. Бұл мәдени шара «Швейцариядағы Қызылорда облысының күндері» аясында Қызылорда облысының дарынды музыканттары мен би ұжымдары өнерінің арқасында Қазақстан халқының бай мұрасы мен көркемдік дәстүрлерін көрсетті.Мерекелі жиынға еліміздің достары мен серіктестері – халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың басшылары, дипломаттар, Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Женева академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.Концерт аясында Қазақстанның мәдени тереңдігін көрсететін дәстүрлі музыка мен билер ұсынылды. Іс-шараны Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев және Елші Ерлан Әлімбаев құттықтау сөздерімен ашты. Елші Әлімбаев отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтап, Женева алаңында еліміздің халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серіктес елдерге алғысын білдірді.Іс-шара соңында жиналғандарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.Бұл мереке бұған дейін Атырау мен Ақтөбе өңірлерінің өнерімен таныстырудан басталған Женевадағы мәдени алмасу дәстүрінің жалғасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1093199?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы кеден органдары басшыларының кездесуі қорытындысы бойынша 24.10.2025
       2025 жылғы 20–22 қазан аралығында Үрімші қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы кеден органдары басшыларының кездесуі өтті.      Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Ғабит Оразов, қытайлық делегацияны Қытай Халық Республикасының Үрімші кеден басқармасының басшысы Хао Вэймин басқарды. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты.      Кездесу барысында тараптар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, шекаралық өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөнінде уағдаластыққа келді. Соңғы үш жылда бұл бағытта тұрақты өсім байқалады.     Қабылданған бірлескен шаралардың нәтижесінде Қазақстан–Қытай шекарасындағы өткізу қабілеті: 2023 жылы 119%-ға, 2024 жылы 81%-ға, ал 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – 23%-ға артты.      Тараптар шекаралық өткізу пункттеріндегі жағдай туралы жедел ақпарат алмасуды жолға қоюға уағдаласты. Бұл шара шекарада көлік құралдарының жиналуына жедел әрекет ету мен реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.      Келіссөздер қорытындысы бойынша жақын перспективада ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды, оның ішінде:  жеңіл автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Алакөл» өткізу пунктін қайта ашу, «Қалжат» – «Дулаты» өткізу пункттерінің жұмыс уақытын оңтайландыру,   өкілетті экономикалық операторларды өзара тану бағдарламасын іске асыру, инспекциялық-тексеру кешендерінің суреттерін өзара тану, автомобиль өткізу пункттеріндегі тар тұстарды бірлесіп зерделеу, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайту.      Сонымен қатар, тараптар Қазақстан аумағы арқылы автокөлік транзитін жеңілдету мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді. Бұл бағытта қазақстандық тараптың «тегіс транзит» («жіксіз транзит») тәжірибесін енгізу және автомобиль көлігі туралы халықаралық конвенцияның ережелерін кеңінен қолдану жоспарлануда.       Бірқатар уағдаластықтар бойынша тараптар жақын уақытта қосымша консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1093204?lang=kk
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті 24.10.2025
Алматы, 2025 жылғы 24 қазан – «UN Plaza» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатар дипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды. Өз сөзінде Ж.Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын да атады.Ерекше назар Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына аударылды.Сондай-ақ БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1093152?lang=kk
Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді 24.10.2025
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қонаев қаласының Орталық алаңында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылады. Кешкі бағдарлама сағат 17:00-де басталып, танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Мерекелік кештің хедлайнерлері – Esko, Ray және Нұрсұлтан Нұрбердиев.Кештің басты сәні – Алматы облысында алғаш рет өткізілетін дрон-шоу болмақ. Кешкі аспанда жүздеген дрон көтеріліп, жарық арқылы түрлі бейнелер мен композициялар жасайды.Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл еліміз Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтуде. Бұл тарихи құжат – қазіргі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолының бастауы.«Республика күніне орай өңірде жүздеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Олардың қатарында бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесулер, жастарға арналған экскурсиялар, форумдар мен конференциялар бар. Ал 25 қазанда Қонаев қаласының Орталық алаңында күндізгі және кешкі концерттер өтіп, мерекенің шарықтау шегі ретінде ерекше дрон-шоу ұсынылады. Бұл іс-шара демеушілердің қолдауымен өткізіліп, тұрғындар мен қонақтарға тамаша сый болмақ», – делінген әкімдік хабарламасында.Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасымен бірге келіп, биылғы жылдың ең әсерлі сәттерінің біріне айналатын ерекше жарық шоуын тамашалауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093155?lang=kk
24 қазанда Қазақстанда кітапханашы күні атап өтіледі 24.10.2025
Бүгін арнайы, оқу және көркем әдебиеттің үлкен қорында жол сілтеп, тақырыптық іс-шараларды өткізуге, курсанттар мен әскери қызметшілердің білім алуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына көмектесетін кітапхана қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Кітапханалар гарнизондардағы мәдени-демалыс орталықтарында, әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындары мен колледждерде жұмыс істейді. Әскери қызметтен кейін жоғары оқу орнына түсуге ниеттілер де назардан тыс қалмайды. Олар үшін srochnik.gov.kz сайтында Okulyk.kz электрондық ресурсына орналастырылған мектеп пәндері материалдарына қолжетімділік ұйымдастырылған.Әскери жоғары оқу орындары мен колледждерде мамандық бағытына сай арнайы оқу әдебиеттерінің қоры жинақталған. Жаңа үрдістерді ескере отырып, білім беру ұйымдарының кітапханалары оқу құралдарын есепке алу мен сақтауды автоматтандыру бағытында үлкен жұмыс атқарып келеді.Бұдан басқа Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жұмыс істейтін Әскери-ғылыми кітапханада ерекше кітап қоры қалыптасқан. Онда ғылыми, әскери-тарихи, анықтамалық және көркем әдебиеттің жеті мыңнан астам данасы бар. Мұндай бай қорды жинақтауға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы бейінді мекемелер, Ұлттық академиялық кітапхана, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы және басқа да ұйымдар атсалысты. Аталған мекеме ғылыми-зерттеу, сақтау, көрме және ағартушылық қызмет атқара отырып, бай кітапхана қорына және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әскери-тарихи кітапхана өз жұмысында лицензияланған автоматтандырылған есеп жүйесін қолданады. Онда екі мыңнан астам басылым тіркелген.Бір қарағанда көзге еленбейтін кітапханашылар еңбегі армияның зияткерлік әлеуетін арттырып, жеке құрамның білім деңгейін көтеруге зор үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1093158?lang=kk
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесуі туралы 24.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Өнеркәсіп және пайдалы қазбалар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар тау-кен өндіру және қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Моңғолияның тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында қолданылатын шикізат, мұнай өнімдері, жарылғыш заттар мен олардың құрамдас бөліктерін Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін талқылады.Әңгімелесушілер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті нығайтудың және өнеркәсіптік әрі ресурстық даму саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз жұмыс байланыстарды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1093134?lang=kk
Республика күнімен құттықтау 24.10.2025
Құрметті отандастар!Сіздерді Қазақстан Республикасының ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл күн - тәуелсіз еліміздің тарихындағы тағдырлы сәтті, мемлекетіміздің негізі қаланған күнді айқындайтын мереке. Республика күні - халқымыздың бірлігі мен ел болашағына деген сенімінің символы.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Егемен еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсаттарға жете берейік! Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1093041?lang=kk
Қазақстан Республикасы Күнімен құттықтау 24.10.2025
«Republic Day» акциясы аясында Сергей екеуміз еліміздің барлық азаматтарын Қазақстан Республикасының күнімен құттықтағымыз келедіСережа Қазақстан қалалары туралы кітаптарды қызығушылықпен қарап, ашықхатқа өз бетінше қол қойды.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1098191?lang=kk
Семейде Абай музей-қорығының 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті 24.10.2025
Семейде «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойына арналды.Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей ұжымына арнап құттықтау хат жолдады. Министр хатында музей-қорық – Абай Құнанбайұлының мәңгілік мұрасын зерделеп, ұлы ойшылдың даналық ілімін ұрпақ санасына сіңіруге өлшеусіз үлес қосып отырған іргелі мәдени орталықтардың бірі әрі бірегейі екенін атап өтті.Конференция жұмысына музей ісі мен мәдени мұра саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ шетелден әріптестер қатысты. Қатысушылар музей ісінің заманауи талаптары мен негізгі бағыттарын талқылап, цифрлық технологияларды енгізу, қорларды сақтау мен жүйелеу, экспозициялық қызмет, музейлік педагогика және музей негізіндегі креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.Пленарлық отырыста заманауи музейтанудың теориялық және практикалық қырларын қамтитын мазмұнды баяндамалар ұсынылды.Халықаралық конференция музейлер мен ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы кәсіби әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093004?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.    Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша Ново-Хайрузовка ауылдық округін абаттандыру және санитарлық жай-күйі бойынша жұмыстардың іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды.Күн тәртібі бойынша екінші мәселе аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы мәслихат сессиясының қарауына жіберілді.Отырысқа комиссия төрағасы Д. Веригин, комиссия мүшесі                        Т. Камбаров қатысты.     Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Р.Нурмолдин 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.  Күн тәртібіндегі мәселе саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092922?lang=kk
Сарқан ауданында жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістерін түсіндіру 24.10.2025
Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ақпараттық семинар өтті.Кездесу барысында басқарма мамандары салық салудың жаңа тәсілдері, салықтық процестерді цифрландыру және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру шаралары туралы толық ақпарат берді.Талқылау кезінде шағын және орта бизнесті қолдау, жеке табыс салығына прогрессивті шкаланы енгізу, сондай-ақ қосылған құн салығына қатысты өзгерістер мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шараның басты мақсаты – салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету және салықтық сауаттылықты арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1112332?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті 24.10.2025
24.10.2025 жылы Үлкен Нарын ауданы мәслихатының депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Үлкен Нарын ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес шараларының іске асырылуы туралы» Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Маратбеков Даулет Маратбекұлының баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Депутаттар тиісті сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулы қабылдандыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092938?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді 24.10.2025
«31 қазан күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады». Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі облыс прокуроры, мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары және басқалары бар.Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.Акция 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 17:00-де Көкшетау қаласында, «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында (мекенжайы: Осипенко көшесі, 1 үй) өтеді.Аталған акцияның Ақмола облысының қала және аудан орталықтарындағы өткізу мекенжайлары төменде келтірілген кестеде көрсетілген.Әр аудандағы акцияның өткізу уақыты туралы ақпарат тиісті аудандық прокуратуралардың ресми Instagram парақшаларында қосымша жарияланатын болады.Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.                                                    Қала/ауданӨтетін орныМекенжайОблыс Прокуратурасы«РИО» ССОКөкшетауКөкшетау, Осипенко 1Кокшетау қ. ПрокуратурасыДом культурыКрасный Яр, Тауелсіздік 3Степногорск қ. Прокуратурасы Халыққа қызмет көрсету орталығыСтепногорск, 3 мкр, 199Қосшы қ. ПрокуратурасыҚоғамдық мәдениет және спорт орталығыҚосшы, Республика 11Атбасар ауданының Прокуратурасы           Мәдениет үйіАтбасар қ., Валиханов қ.12  Ақкөл ауданыныңпрокуратурасыХалыққа қызмет көрсету орталығыАқкөл қ., Мәдениет үйі С.Нурмагамбетов қ. 71Астрахан ауданыныңпрокуратурасыМәдениет үйіАстраханка, Аль-Фараби 48 \Аршалы ауданының Прокуратурасы   Аудандық ауруханаӘкімдік Аршалы қ., Ташенов 12 Ижевское, Целинная 9,Бұланды ауданыныңПрокуратурасыМәдениет үйіМакинск, Сейфуллина 36Ерейментау ауданыПрокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1. Ерейментау қ.   Валиханов 43 Г. 2.Майлан с., Кисилева 20 АЕгіндікөл ауданының ПрокуратурасыМәдениет үйіЕгіндікөл, Победа 10Есіл аудандық прокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Мәдениет үйі1. Есіл, Гагарина 1  2. Ақсай Ленина 7 Біржан сал аудандық прокуратурасыӘкімдікСтепняк, Біржан сал 23 Жарқайың ауданыныңПрокуратурасы Мәдениет үйіДержавинск, Захарова 37Жақсы ауданыныңпрокуратурасы1. Әкімдік2. Әкімдік1.Жаксы с.,Дружба Әкімдік14 А 2. Қийма, Дружба қ. 3 Зеренді ауданының прокуратурасыМәдениет үйіп.Зеренды, ул.Тауелсіздік 2Қорғалжын аудандық прокуратурасыМәдениет үйіп.Коргалжын, ул.Кумисбекова 38Сандытау аудандық прокуратурасы Мәдениет үйі1. Балқашино, Аблай-хан қ.126 Шортанды аудандық прокуратурасы 1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1.Шортанды, Аблай-хан 26 2.Дамса, Велижанцева 25 Бурабай ауданының Прокуратурасы  1. Мәдениет үйі2. Орталық алаң 1. Щучинск қ,, Абылай-хан 38;2. Бурабай қ.Целиноград ауданының Прокуратурасы1. Мәдениет үйі2. Әкімдік1. Акмол, Гагарин қ. 12 2. Талапкер а., Талапкерская қ. 12                                                                   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1092951?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы өтті 24.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті оналтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттары, аудан әкімі Е.Байрахметов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы, «Нарын таңы» газетінің тілшісі шақырылып, қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды.         Сессияда аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген  функциялары мен міндеттерді орындауы  туралы, 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы мен 2025-2026 жылдарына дайындық барысы туралы, бюджет, қаржы және ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының есебі туралы  және әртүрлі мәселелер қаралды.Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарынауданының әкімі Байрахметов Елдос Жанболатұлы баяндама жасап, есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқтатады. Ол өз сөзінде  ағымдағы жыл аудан үшін ерекше маңызды кезең болып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті. Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №4 сайлау округінің депутатыЖ.Сыдыкова ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқтала келе, аудан әкімінің есепті кезеңдегі жұмысына  оң баға беріп, аудан әкімінің есебін бекітуді ұсынды.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданыныңтұрғын үй - коммуналдық шаруашылық,   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманы Д.Шаухин  ақпарат берді. Оның мәліметіне сүйенсек, Үлкен Нарын ауданында жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп, бүгінгі күні «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қазандықтары  90% дайын, жылу желілерінің дайындығы 100% құрап, көмірдің 54 күндік қоры қалыптасқан.Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутатыЖ.Веригин өз сөзінде өткен жылыту науқаны жедел басқарудан бастап техникалық орындауға дейін құрылған жүйенің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Биылғы жылыту мерзімінде атқарушы органның басты мақсаты- тіршілікті қамтамасыз ету және жылыту нысандарының қыс мезгілінде тұрақты жұмысын,  әлеуметтік маңызы бар объектілерге жылу-энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету екенін баса айтып,  жөндеу мен модернизацияға құйылған қаржылық инвестициялар ағымдағы маусымға төтеп беріп қана қоймай, болашақ кезеңдердегі тәуекелдердің алдын алуға да мүмкіндік беретініне сенімі барын айтты.Бюджет, қаржы және ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамумәселелері жөніндегі тұрақты  комиссияның атқарған жұмысы бойынша комиссия төрағасы    Д.Веригин  есеп берді.   Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысыЭ.Акимбетова аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.Мәслихат  төрағасы Ж.Сыдыкова күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелерблогындағы  мәселелермен  таныстырып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. Нормативтік құқықтық сипаттағы 4 шешім қабылданды.Мәслихат аппараты   Аппарат маслихатаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092901?lang=kk
Кітапханашы күні! 24.10.2025
Елімізде 24 қазан Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді.Кітап – адамзаттың ақыл-ойы мен парасатының жемісі. Ал кітапханашы – сол білім бұлағының шырақшысы.Кітапханашы – әр оқырманға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін ашатын баға жетпес тірек. Ол оқырмандарды ізденуге, кітап оқуға, ойлы пікір қалыптастыруға жетелейді. Сол себептен атаулы мереке күні сала ардагерлері мен бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара шағын концертпен аяқталды.Құрметті кітапханашылар Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылырыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1092905?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан арасында $70 млн болатын экспорттық келісім жасалды 24.10.2025
Ташкент қаласында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған сауда-экономикалық миссия өтті. Бүгінде Өзбекстан аумағында 876 қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл дегеніміз 270 түрлі тауар позициясы бойынша сауда айналымышамамен $500 млн-ға тең. Миссия барысында қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және қайта өңдеу салаларындағы өзбек әріптестерімен тікелей келіссөз жүргізді. Алаңда B2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, экспорттаушылар Өзбекстанның ірі дистрибьюторларымен және сауда желілерімен байланыс орнатты. «Ташкенттегі миссия - қазақстандық компаниялар үшін өнімін таныстырып қана қоймай, көрші елдің нарығына нақты шығуға мүмкіндік берді. Біз қатысушыларға барлық кезеңде, яғни кездесулер ұйымдастырудан бастап, аударма мен логистикалық сүйемелдеуге дейін толық қолдау көрсетеміз»,- деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков. «Бұл жай ғана делегация емес, нақты сатып алушылармен жасалған келіссөздер. Қазірдің өзінде 73,5 млн доллар көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Өзбекстан нарығында қазақстанның күнбағыс майына, ет пен қантына тұрақты сұраныс бар»,- деп атап өтті QazTrade компаниясы өкілдері. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі тұрақты өсім көрсетіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30%-ға артып, $3 млрд-тан асты. Ал Қазақстан экспортының көлемі 26,7%-дан астам өсіп, $2,2 млрд-қа жуықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1092913?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ: бейбітшілік пен дамуға ортақ бейілділігі 24.10.2025
Астана, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығын атап өтіп, адам құқықтарын құрметтеуге және орнықты дамуды ілгерілетуге негізделген БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділігін қуаттайды.БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы 80 жылда Ұйымның адамзаттың жаһандық сын-қатерлеріне қарсы күресте шешуші рөл атқарғанын және халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала беретінін атап өтті.1992 жылы БҰҰ-ға мүше болғаннан бері Қазақстан ядролық қарусыздану, өңірлік серіктестік, өркениетаралық диалог және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу салаларындағы бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Елімізде БҰҰ-ның 27 агенттіктері мен мекемелері жұмыс істейтінін атап өту қажет, ал Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы өңірдегі байланыстарды нығайтуға және өркендеуге ықпал етуге маңызды қадам болды.Осы тұрғыда Қазақстан Ұйымды жаңғыртуға және неғұрлым қауіпсіз, әділ және орнықты әлем құруға үлес қоса отырып, БҰҰ Жарғысының рухында инклюзивтілік идеяларын дәйекті түрде ілгерілетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1092863?lang=kk