Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Орталық Азия және Шығанақ елдері өңіраралық серіктестікті нығайтуда 18.04.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі» (ОА-ШАМЫК) форматындағы 3-ші министрлік кездесуге қатысты.Іс-шара аясында тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақ делегациясының басшысы өз сөзінде «ОА–ШАМЫК» алаңының жуырда ғана құрылуына қарамастан, бұл құрылым «С5+» форматы аясындағы перспективті өзара іс-қимыл механизмі ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.Кездесу барысында негізгі салаларда нақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Қазақ тарапы өзара келісілген әрекеттер сауда-экономикалық байланысты жандандыруға, орнықты логистикалық бағыттар қалыптастыруға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Басым салалар ретінде инвестициялар, агроөнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері, климат, геология, цифрландыру және инновациялар аталды.ҚР СІМ басшысы сирек кездесетін және стратегиялық маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықтың өзектілігін ерекше атап өтті. «Қазақстанда жалпы құны 46 триллион АҚШ долларынан асатын 5 мыңнан астам кен орны бар. Біз ШАМЫК елдерінен серіктестерді барлаудан бастап өңдеу мен инновациялық шешімдерді енгізуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз», – деді М. Нұртілеу.Ол сонымен қатар серіктестікті технологиялық тұрғыда трансформациялаудың маңыздылығына тоқталды. Қазақстан цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті дамытуға белсенді инвестиция салуда. Министр Астанада Халықаралық жасанды интеллект жөніндегі кеңестің құрылуы және Alem.AI орталығының іске қосылуы туралы хабардар етті. Бұл платформа стартаптарды, ғылыми жобаларды және технологиялық әзірлемелерді қолдауға бағытталған.Гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан білім, спорт, туризм және мәдени байланыстар салаларында өзара іс-қимылды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар Шығанақ елдерінен келетін туристер үшін Орталық Азия бойынша бірыңғай туристік бағыт қалыптастыру ұсынылды.«Орталық Азия мен ШАМЫК елдері арасындағы серіктестік ортақ экономикалық мүдделермен қатар терең тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Біз достас Шығанақ мемлекеттерден ресми делегациялар, іскерлік топтар мен азаматтарды ү.ж. мамырда өтетін Астана халықаралық форумында қуана қарсы аламыз», – деді М. Нұртілеу.Сонымен қатар кездесуге қатысушы делегациялардың басшылары Кувейт Тақ мұрагері Шейх Сабах Халид Әл-Хамад Ас-Сабахтың қабылдауында болды. Кездесуде саяси диалогты нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және гуманитарлық өзара іс-қимылды арттыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/984545?lang=kk
Албанияның жаңа Елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Албанияның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі (қоса атқарушы) Блерта Кадзадештен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Албания арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі ахуал мен өзара іс-қимылдың келешегін талқылап, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы байланыстардың күн тәртібін қарастырды.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Албания арасындағы сындарлы диалогтың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ тарапының серіктестікті одан әрі нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілігін жеткізді.Сұхбат барысында 2023 жылы Астанаға Албания Президенті Байрам Бегайдың жасаған ресми сапарының маңыздылығы мен Албания Премьер-министрі Эди Раманың 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуы ерекше аталып өтті.Тараптар 2024 жылы Тиранада Қазақстан Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастарды күшейтудің маңызды қадамы болғанын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік институционалдық негіз қалағанын баса айтты.Сонымен қатар 2025 жылғы наурызда Тирана қаласында өткен СІМ аралық алғашқы саяси консультациялардың өзектілігіне де назар аударылды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, келешегі зор бағыттар ретінде туризм, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салалары айқындалды.Кездесу соңында Р.Василенко Б.Кадзадешке дипломатиялық миссиясында толағай табыс тіледі.Өз кезегінде Албания Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы табысты серіктестікті дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977725?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Мьянма Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелері қабылданды 18.04.2025
Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мьянма Одағы Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі (қоса атқарушы) Тит Линн Оунның сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.Ә.Бақаев Мьянманың дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Министрдің орынбасары сондай-ақ Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінің нәтижесінде қаза болғандар мен жарақаттанғандар санының артуына байланысты көңіл айтты.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сұхбаттастар БҰҰ, Азиядағы ынтымақтастық диалогы және басқа халықаралық алаңдар шеңберінде көпжақты форматтағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірді.Өз тарапынан Елші Қазақстан мен Мьянма арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.Кездесудің соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша байланыстарды сақтауға және ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/977724?lang=kk
Аустрияда Венаны азат ету жолында қаза тапқан кеңес сарбаздарына арналған мемориал ашылды 18.04.2025
Вена, 2025 жылғы 15 сәуір – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Төменгі Аустрия федералды жерінің астанасы Санкт-Пёльтен қаласында Венаны азат ету операциясы барысында қаза тапқан кеңес сарбаздарының есімдері жазылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Қаһармандар арасында Аустрияны фашистік әскерлерден азат ету шайқастарына қатысқан қазақстандықтар да бар. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Гүл шоқтарын қою рәсіміне ТМД елдерінің Елшілері мен дипломаттары, Төменгі Аустрия әкімшілігінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты шарада Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді фашизмге қарсы күрестің ортақ тарихы демократиялық құндылықтарды насихаттауға, халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға берік негіз болатынын атап өтті.Іс-шараға Қазақстаннан келген ұрпақтары – 1945 жылдың 15 сәуірінде қаза тапқан 105-гвардиялық атқыштар дивизиясының кіші сержанты Ташжан Тоқышевтің немересі мен шөбересі қатысты. Дәл осы күні Херцогенбург қаласында Т.Тоқышевтің бейітінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне арналған жеке еске алу рәсімі өтті, оған Т.Тоқышевтің ұрпақтары мен Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің дипломаттары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/977696?lang=kk
Күштік құрылымдардың өкілдері байланысты қамтамасыз етудегі интеграция мәселелерін талқылады 18.04.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде "Мемлекеттің күштік құрылымдарындағы байланысты ұйымдастыру: теория мен тәжірибе мәселелері" тақырыбында ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.       Іс-шараға байланыс саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар,  күштік ведомстволар мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері жиналды.– Қазіргі жағдайда тиімді байланыс жүйесі басқару құралына ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық факторына айналды. Алдыңғы қатарлы шешімдер мен тексерілген стратегияны біріктіруге негізделген кешенді тәсіл ғана байланыс жүйелерінің үздіксіз, әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.Конференцияда күштік құрылымдардың байланыс жүйелеріне инновациялық технологияларды енгізу, байланыс арналарында ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар  әскери және мемлекеттік байланыс жүйелерінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілері бойынша ұсыныстарын ортаға салды.Тәжірибе алмасуға және жылдам өзгеретін технологиялар мен туындайтын қауіптер жағдайында қолданыстағы байланыс жүйелерінің жұмысын оңтайландыру үшін шешімдер іздеуге ерекше назар аударылды.Іс-шара қорытындысы бойынша байланыс жүйесін тиімдірек, қорғалған және болашақтың сын-тегеуріндеріне бейімдеуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажеттігі туралы мәлімдеме жасалды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977693?lang=kk
Алматыда халықаралық ғылыми форумда «Орталық Азия – Қытай» форматы талқыланды 18.04.2025
2025 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Қытайлық үлгідегі модернизация және Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақтағдыры қоғамдастығы» атты халықаралық ғылыми форумға қатысып, сөз сөйледі.Іс-шараны Эксперттік клубы «Бір белдеу және бір жол», Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және ҚХР-дың «Синьхуа» ақпарат агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.Аталған форумға Алматы қ. аккредиттелген дипломатиялық корпус, қазақстандық ғалымдар, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, сондай-ақ Қытай кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Өз сөзінде Ж. Әбдрашов «Орталық Азия – Қытай» форматы 2023 жылы Сиань қаласында өткен алғашқы Саммиттен кейін өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды тетігіне айналғанын атап өтті.Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстары бойынша бірлескен саясат қалыптастыру және озық технологияларды тарту бағыттарына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Өкілдік Басшысы ағымдағы жылдың сәуір айында «Орталық Азия – Қытай» форматында Сыртқы істер министрлерінің кездесуін және маусым айында Қазақстанда өтетін «ОА – Қытай» екінші Саммитін өткізуге бағытталған белсенді дайындық жұмыстарына назар аударды.Форум соңында қатысушылар өңірдің тұрақты, бейбіт әрі жасампаз дамуы жолында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/977684?lang=kk
Будапештте ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті 18.04.2025
        2025 жылғы 15 сәуірде Будапештте (Венгрия) Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің кеден қызметтері басшыларының алғашқы бейресми кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов басқарды.      Қатысушылар кедендік ынтымақтастықты дамыту, eTIR жүйесін енгізу және ТМҰ елдері арасында ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттар жобасын келісу мәселелерін талқылады.      Венгрияның цифрландыру және кедендік реформалар саласындағы тәжірибесіне, сондай-ақ оның ТМҰ рөліне ерекше назар аударылды.      Кездесу қорытындысы бойынша ҚР МКК мен Түркияның Кеден қызметі арасында алдын ала ақпарат алмасу бойынша техникалық шарттарға қол қойылды. Бұл тауарлардың қозғалысын жеделдетуге және шекарада бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.      Мемлекеттік кірістер комитеті ТМҰ кеден әкімшілігі басшыларының 11-ші отырысы 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Түркістан қаласында өтетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/977662?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салу туралы 18.04.2025
Миргуль Мажимова, Павлодар облысы бойынша МКД-ның түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының бас маманы, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салу туралы облыстық "Ирбис" телеарнасы эфирінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977661?lang=kk
Сумен жабдықтау қызыметінің сараланған тарифі туралы 18.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №385-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айына бір адамға тұтыну көлеміне қарай сумен жабдықтау қызметіне сараланған тариф енгізілді."Қостанай-Су" МКК сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылардан тұрғын үй иесінің мекенжайында тіркелген тұлғаларды салыстырып тексеру үшін абоненттік бөлімге жүгінуді сұрайды.Тіркелген азаматтар туралы мәліметтерді тұрғын үй иесі "Электрондық үкімет" порталында (e-Gov) өзінің "Жеке кабинетінен" көре алады.Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласыңыздар:74-90-60,54-24-94,22-25-33,39-37-65,22-86-65.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/977659?lang=kk
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу 18.04.2025
«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді: 2025 жылғы 7 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылуда. Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/45032 – уәкілетті экономикалық операторлар үшін. Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977633?lang=kk
РЕСЕЙ КЕДЕНШІЛЕРІ “АЛТЫНКӨЛ- ЖОЛ” КЕДЕН БЕКЕТІНДЕ 18.04.2025
  “Алтынкөл” станциясы әлемнің қырықтан астам еліне тауар жөнелтетін стратегиялық маңызы бар теміржол өткелі болып табылады. Бүгін “Алтынкөл- жол” кеден бекетіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы Ресей федералды кеден қызметінің өкілдері келіп, кеден бекетінің жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында кеден бекетіндегі тауарларды кедендік тексеру мен ресімдеу шараларының заманауи талапқа сай жоғары ақпараттық технология тәртібімен автоматты түрде жүргізіліп отырғанына  жақсы баға берді. Сонымен қатар 50-60 контейнер  тиеген бір составты 2-3 минуттың ішінде кедендік тексеруден өткізетін инспекциялық тексеру кешенінің сканерлік жүйемен жұмыс істеу тәсілін көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/977632?lang=kk
«Парыз-2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурс туралы 18.04.2025
Саран қаласының, Ақтас кентінің кәсіпорындары мен ұйымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз-2025» конкурсына қатысуға шақырамыз.Конкурс кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылы 1 шілдеге дейін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүргізіледі. Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін. Оның қорытындысы жыл соңында шығарылады.Конкурсқа бес номинация бойынша өтінім беруге болады:- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;- «Үздік ұжымдық шарт»;- «Экологияға қосқан үлесі үшін»;- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы».«Парыз-2025» конкурсына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, анықтама телефоны 76770.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/977630?lang=kk
11 сәуір күні «Жақтау» металлургтер кәсіподағының алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіподақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. 18.04.2025
11 сәуір күні «Жақтау» металлургтер кәсіподағының алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіподақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еңбек қауіпсіздігі саласының сарапшылары, сондай-ақ  «Уақыт» қоғамдық бірлестігінің (ауыр және қауіпті өндірісте денсаулығынан айрылған мүгедек-регресшілер бірлестігі)  мүшелері қатысты.Кездесу барысында өндірістік сала қызметкерлерінің өзекті әлеуметтік және еңбек мәселелері талқыланып, арнайы әлеуметтік төлемдер тізбесін өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру мақсатында мүгедектігң бар регресшілерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша есептеулер жүргізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/977623?lang=kk
Бөрлі ауданы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы Бөрлі аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ 18.04.2025
Бөрлі ауданы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына қосымша сайлау туралы  Бөрлі аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты аумақтық,  округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына  қосымша  сайлау туралы  хабарлайды.Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері;Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 17 сәуірден бастап 2025 жылдың  6 мамырына  дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:00-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Бөрлі аудандық мәслихаты мына мекенжайда қабылдайды: 090300 БҚО Ақсай  қаласы, Әл- Фараби көшесі,99, №203 кабинет.Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты –аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Б.Мукашева, байланыс телефондары: 8(71133)20136, 8(71133)20808,  эл. пошта:  maslihat@maslihatburlin.gov.kz Аумақтық, округтік және учаскелік  сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәлімет №р/сСайлау комиссияатауыСайлау учаскесінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріБос орындар саны1Аумақтық (аудандық) Ақсай қаласы, Отралық көшесі, 1, Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты22округтік№7Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі 84, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің «Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты13округтік№8Ақсай қаласы И.Ващук көшесі 6, Балалар саз мектебінің ғимараты14учаскелік№77Ақсай қаласы, 4 ықшам ауданы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.15учаскелік№78Ақсай қаласы, 5 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.26учаскелік№80Ақсай қаласы, 5 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.17учаскелік№81Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.38учаскелік№83Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, № 125/3 үй, "Бөрлі ауданы әкімдігінің "Балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.29учаскелік№85Достық ауылы, Жамбыл атындағы көшесі, 8 үй, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты110учаскелік№87қсай қаласы, Железнодорожная көшесі 161, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты.311учаскелік№88Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, №95 үй, аудандық мәдениет үйінің ғимараты.312учаскелік№89Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, № 83 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының № 1 мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. 113учаскелік№92Ақсай қаласы, 10 ықшам ауданы, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарашығанақ" спорт кешені" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.214учаскелік№94Бөрлі ауылы, Чапаев көшесі, 13/1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.115учаскелік№161Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 56/1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің "Ақсай қаласының № 5 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.4 Ұсынымдарға 5-қосымша Нысан _____________________________________________________(мәслихаттың толық атауы) Төрағасы_________________________________________________   ________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)  ӨтінішМен,__________________________________________________________________________    (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ______ жыл:_____________________________________________________________________________________(комиссияның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)Төмендегілер үшін жауапты аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде _____ жылдан кем емес жұмыс өтілі бар□ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау; □ сайлау комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері үшін;□ сайлау комиссиясының қызметін қаржылық сүйемелдеу мәселелері үшін; □ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері үшін;□ сайлау комиссиясының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері үшін; □сайлау комиссиясының қызметін IT-сүйемелдеу мәселелері үшін;□ сайлау процесін ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері үшін),оның ішінде ұйымдардың басшылық лауазымдарында кемінде ____ жыл жұмыс өтілім бар.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін қоса тіркеймін. Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 20   жылғы «____»____________                                        _________________________                        (өтініш берушінің қолы)Өмірбаяндық деректер: Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________Ұлты* _______________________________Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________Білімі   _____________________________________________________________________________Мамандығы  _________________________________________________________________________Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)Мен:-          мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;-          мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін*. Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/бЖақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)ескертпе1.                    әкесі2.                    анасы3.                    ұлы4.                    қызы5.                    ағасы6.                    әпкесі7.                    атасы8.                    әжесі9.                    немересі10.                 жұбайы (зайыбы)Ұсынымдарға 5.1-қосымшаНысан _____________________________________________________(мәслихаттың толық атауы) Төрағасы__________________________________ _________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________(ұялы телефондардың нөмірлері)  Өтініш Мен,__________________________________________________________________________    (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_______ округтік / учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________( иә, ___ жыл/ жоқ) Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 20    жылғы «____»____________                                        _________________________                        (өтініш берушінің қолы)Өмірбаяндық деректер: Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________Ұлты* _______________________________Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________Білімі   _____________________________________________________________________________Мамандығы  _________________________________________________________________________Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**. Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________(өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/бЖақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)ескертпе11.                 әкесі12.                 анасы13.                 ұлы14.                 қызы15.                 ағасы16.                 әпкесі17.                 атасы18.                 әжесі19.                 немересі20.                 жұбайы (зайыбы) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/977622?lang=kk
2025 жылы 16 сәуірде А.У. Тишбаеваның төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті 18.04.2025
2025 жылы 16 сәуірде А.У. Тишбаеваның төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «Алешин, Первомай, Соснов ауылдық округтерінің және Боровское ауылының әлеуметтік дамуы туралы» (көшпелі отырысы) және «Ломоносов ауылының және Михайлов ауылдық округінің санитарлық тазалығы мен абаттандыру, көріктендіру бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы» сұрақтарын қарастырды.Депутаттар «Алешин, Первомай, Соснов ауылдық округтерінің және Боровское ауылының әлеуметтік дамуы туралы» (көшпелі отырысы), Ломоносов және Михайлов ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдап және талқылай келе белгіледі: ауылдық округтерде әлеуметтік объектілер бойынша әлеуметтік ортаны жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ауылдық округтердің өмірлік белсенділіктің әл - ауқатын жақсарту бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде.Екінші сұрақ бойынша депутаттар елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру, көріктендіру бойынша Ломоносов және Михайлов ауылдық окрутінің әкімдерін тыңдады. Қоқысты жинау мен шығару бойынша, ағаштарды, тіректер мен бордюрларды әктеу, гүлзарларды бояу өткізіліп жатқан іс - шаралары туралы ақпаратты ұсынды. Тарихи - мәдени мұралардың ескерткіштерінің, құдықтарды, ағындыларды, су құбырларын жөндеу мен тазалаудың ағымдағы жөндеуі өткізілген. Жолдардың орташа және шұңқырлық жөндеуі. Ағаштардың және гүлдердің көшеттері бойынша отырғызу, күтім жасау мен су құю. Апатты, құрғақ тәріздес ағаштар мен бұталардың санитарлық кесу, Алдыңғы көктемгі кезеңге жоспарлары туралы.Комиссия ауылдық округтердің әкімдеріне ауылдық округтерді дамыту бойынша дайындалатын және іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар туралы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмысты өткізуді ұсынды. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты жалғастыру, спортпен шұғылдануға кәмелеттік жасқа толмаған жастарды тарту, үйірме жұмыстарына белсенді тарту.Депутаттар осы сұрақтар бойынша сәйкес қаулы қабылдадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/977615?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуда 18.04.2025
Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық мұра және мәдениет жөніндегі федералдық министрі Аурангзеб Хан Хичимен кездесті.Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 3-4 ақпандағы Пәкістанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының ережелерін іске асыру мәселелерін талқылады.Пәкістан Премьер-министрі Мұхаммад Шахбаз Шарифтің Астанаға жоспарланған жауапты сапары аясында Елші бірлескен мазмұнды мәдени бағдарламаны әзірлеуді ұсынды.Министр А.Хичи ұсыныстарды қолдап, мәдени іс-шараларға қатысу үшін Пәкістанның өнер қайраткерлерін жіберуге дайын екенін білдірді. Пәкістан тарапы сондай-ақ қазақстандық өнер қайраткерлерін жауапты мәдени бағдарламамен Пәкістанға келуге шақырды.Кездесу соңында министр Аурангзеб Хан Хичи мәдени дипломатияның екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, Пәкістанның Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1195784?lang=kk
Қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу туралы 18.04.2025
2020 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы заңды күшіне енді. «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің» (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағының, 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді қамтитын ақпаратты, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті. Осылайша, еңбек шарттарын жүйеге енгізу бойынша жұмыс тұрақты сипатта болуы тиіс, жыл ішінде барлық өзгерістер Еnbek.kz. порталындағы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізілуі тиіс. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласуыңызға болады: Жеңіс көшесі, 45, № 3 кабинет, байланыс телефоны 8-72137-7-67-70.     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/977585?lang=kk
Жеке кабинет – зейнетақы жинағыңызды бақылаудың ең қолайлы тәсілі 18.04.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) берілетін төлемдердің мөлшері тұрақты әрі толық көлемде аударылатын жарналардың сомасына тікелей байланысты. Жеке шоттарға ай сайын аударылып отыратын жарналар инвестициялық табыс есебінен көбейеді. Сонымен қатар, олар 1998 жылдан бергі еңбек өтілін растайтын маңызды көрсеткіш болып саналады. Бұл өтіл зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің ұзақтығын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен төленетін базалық зейнетақының мөлшерін есептеу үшін қажет.БЖЗҚ зейнетақы жарналарының дұрыс және толық аударылуын, әсіресе, жарналар жалақыдан ұсталып отырған жағдайда жіті қадағалаудың маңыздылығын ескертеді. Мұндай бақылау азаматтарға өз жинақтарының дұрыс қалыптасып жатқандығына көз жеткізіп, болашақта лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік береді.Бүгінде БЖЗҚ-да жеке шоты бар әрбір азаматқа enpf.kz ресми сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке еш қиындықсыз кіруге болады. Қызметтің бұл түрі арқылы жинақтардың жай-күйін бақылап, жеке шот бойынша жасалатын барлық операциялар туралы өзекті ақпаратты жедел ала аласыз. Жеке кабинетке тіркелу үдерісі өте қарапайым және мұндай қызмет түрімен алғаш рет танысып отырған жандар үшін де қолайлы.Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға бейім азаматтар үшін қосымша қолайлылық туғызады.Статистика: 2025 жылдың басынан бастап 1 наурызға дейінгі аралықта БЖЗҚ шоттарынан 5,4 миллион үзінді көшірме берілген. Оның ішінде 4,4 млн астамы (немесе 82%) электронды түрде ұсынылған. Бұл сандық қызметтердің кеңінен қолданылып жатқанын және азаматтардың ақпаратты онлайн алуға деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.Электрондық платформаларды пайдалану ақпарат алу кезіндегі қателіктердің орын алу ықтималдығын едәуір төмендетіп, БЖЗҚ-мен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Бұл салымшыларға жарналардың уақытылы аударылмауы немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шұғыл түрде қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайын нақты бағалап, зейнетақы жинағын көбейтуге бағытталған шараларды алдын-ала қабылдауға жол ашады.Бүгінгі бақылау – сенімді болашақ кепілі! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/994009?lang=kk
Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті 18.04.2025
Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облыстық филиалы кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, Ассамблеяның 30 жылдығына орай атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы міндеттер талқыланды.Жиынды ашқан өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және тұрақты дамуды нығайтуға бағытталған жүйелі саясат жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қостанай облысы бұл бастамаларды өңірлік деңгейде табысты жүзеге асырып келеді. Негізгі басымдық – тұрақтылық, татулық және этностардың өңір дамуына толыққанды қатысуы.– Экономикада, инфрақұрылымда, әлеуметтік салада қол жеткізіп жатқан жетістіктеріміз – ең алдымен, тұрақтылық пен қоғамдағы өзара сенімнің нәтижесі. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Ассамблеяның жұмысы арқасында өзара құрмет, түсіністік пен азаматтық жауапкершілікке негізделген орта қалыптасуда, – деді Құмар Ақсақалов.Отырыс барысында өңірдің негізгі жетістіктері атап өтілді:Өткен жылы облыста жалпы құны 126 млрд теңге болатын 7 ірі өндірістік жоба іске қосылып, 1 400 жаңа жұмыс орны ашылды;АӨК саласында ірі сүт-тауарлы фермалар іске қосылып, ірімшік өндіру кешені мен «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды;KIA автозауытын салу жұмыстары жүріп жатыр — бұл компанияның Оңтүстік Кореядан тыс алғашқы ірі жобасы;Биыл 307 млрд теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған;Газбен жабдықтау, электр станцияларын салу, жолдарды жөндеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде.Облыс әкімі атап өткендей, Қостанай өңірінде қалыптасқан ішкі тұрақтылық пен этносаралық келісім – инвестиция тартудағы негізгі факторлардың бірі. Бүгінде өңірде 1400-ден астам шетелдік компания табысты жұмыс істеуде. Бұл – өңірдің ашықтығы мен сенімділігіне дәлел.Ассамблея өз қызметі арқылы этностардың мәдениеті мен тілін сақтап, мемлекеттік тілді ілгерілетіп, біртұтас азаматтық қоғам құруға үлес қосып келеді. Бүгінде өңірде 9 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, «Мәміле» онлайн-клубы арқылы 16 мыңнан астам адам қазақ тілін үйреніп жатыр. «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы балалар мен жастар арасында кең қолдау тапты.Сондай-ақ Ассамблея жанындағы жастар қанатының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар жолы» жобасы еңбек ұжымдарын, оқушылар мен ауыл жастарын біріктіруде.Кеңес соңында Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бірқатар азаматтарға мерекелік медальдарды табыстап, алғыс білдірді.– Біз татулық пен бірлікті нығайтуға, өңірімізде тұратын барлық этностардың мүддесін ескеруге бағытталған бастамаларды әрі қарай да қолдай береміз. Тұрақты қоғам – дамудың берік негізі. Болашағымызды бірге қалыптастырамыз, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/977479?lang=kk
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ХАБАРЛАМА! Құрметті қала, аудан тұрғындары және ауылшаруашылық құрылым басшылары! 18.04.2025
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  АУЫЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ  МИНИСТРІЛІГІНІҢ  АГРОӨНЕРКӘСІПТІК   КЕШЕНДЕГІ   МЕМЛЕКЕТТІК   ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ   ШАЛҚАР  АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ  ИНСПЕКЦИЯСЫ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  ХАБАРЛАМА!Құрметті қала, аудан тұрғындары және ауылшаруашылық құрылым басшылары!Аса қауіпті зиянды организмдермен (шегірткелермен) күресу және шыққан  жерлерін  уақытылы анықтау мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.Егер Сіздер шегірткелердің шыққан жерлерін көрген немесе анықтаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген бейнероликтегі нұсқаулыққа сәйкес тиісті мамандарға ақпаратты жолдауыңыз қажет екенін хабарлаймыз.Ақпаратта жердің көрсеткіштері: Ауылдық округтің атауы; Ауылдың атауы; Шаруашылықтың немесе жер атауы. Карта қолдану білсеңіз координаттарын жіберіңіз. Мамандардың телефондары:ҚР АШМ АӨК МИК Шалқар аудандық аумақтық инспекция басшысы:                              Қайрат Наурызғали сот:  87028397555 Эл. почта: naurizgaliev.k@minagri.gov.kzҚР АШМ АӨК МИК бас маманы  өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы:       Мәлік  Айжарықов   сот  87089849182Жұмыс  Тел:   8/71335/21748;     Эл. почта:  aizharykov.m@minagri.gov.kzҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» РММ  Шалқар аудандық филиал басшысы Берік Худайбергенов   сот: 87055375666ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» РММ  Шалқар аудандық филиал бас энтомологы   Алимжан Жаулибаев  сот: 87011422690Жұмыс Тел:8/71335/23850 Эл.почта: aof_shalkar@mail.ru.[Инспекцияның заңды мекенжайы: 031200, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы  көшесі,70.] Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/977453?lang=kk