Жаңалықтар
Қоғамдық тыңдау өткізу туралы 15.04.2025
Тыңдау 2025 жылғы 21 сәуірде сағат 11:00-де Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, аудан әкімдігінің ғимараты, кіші зал мекенжайы бойынша өтеді.Барлық мүдделі тараптарды экологиялық бағалау бойынша жобаға қатысуға және ұсыныстар енгізуге шақырамыз.Ескертулер мен ұсыныстарға арналған контактілер: Телефон: 8(776) 071 1286;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-oastroy/press/news/details/975240?lang=kk
ШҚО-да тәулігіне 30 тонна өнім өндіретін сүт өңдеу зауыты іске қосылды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында «Сивер+» ЖШС-нің жаңа сүт өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 30 тонна сүт.Кәсіпорын заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған: төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна қабылдайтын сүт қабылдау пункті мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша пункт ашылған.Қазіргі кезеңде күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, «Nastole» сауда белгісімен табиғи өнімдер – айран, сүзбе және қаймақ шығарылады.2025 жылдың басынан бастап бұл өнімдер Қарағанды облысындағы сауда желілерінде сатылып, Семей, Жетісу, Алматы және ШҚО өңірлеріндегі әскери бөлімдерге жеткізілуде.Өндірісті кезең-кезеңімен дамыту жоспарда бар. 2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылады. 2028 жылы толық өндірістік қуатқа шығу көзделген.Кадрлық стратегия аясында «Сивер+» ЖШС Шемонаиха колледжімен дуалды оқыту шеңберінде – технологтар мен техникалық бағыттағы қызметкерлерді дайындау бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасаспақ. Бұл кәсіпорынның тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/975236?lang=kk
Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы 15.04.2025
Үшбұлақ ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Үшбұлақ ауылдық әкімі аппараты, Үшбұлақ мәдениет үйі және Безродных орта мектебінің қызметкерлері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ushbulak/press/news/details/975231?lang=kk
«Арман аялдамасы» кітабының тұсаукесері 15.04.2025
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ақын Жангелді Немеребайдың шығармашылығына арналған «Арман аялдамасы» атты сазды әдеби кеш өтті.Кеш барысында ақынның жаңа туындысы — «Арман аялдамасы» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, оқырман қауымға салтанатты түрде таныстырылды. Жыр мен сырға, әуезді әнге толы бұл рухани шара көрерменге ерекше әсер қалдырды.Кешке қатысқан оқушылар мен қонақтар Жангелді Немеребайдың шығармашылығына терең үңіліп, автордың өмірлік ұстанымы мен көркемдік әлемімен танысты. Кітапқа деген қызығушылық артып, қатысушылар мол рухани азық алып қайтты.Бұл кеш — жас буынды әдебиетке баулу мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызды бір белес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/975220?lang=kk
Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары мен қонақтары 15.04.2025
Қаратал ауданы ТЖБ ағымдағы жылдың 26 наурызынаң бастап «Өрт қауіпті маусым» басталғандығын ескерте отырып, қазіргі уақытқа дейін аудан аумағында 23 жану фактілері орын алғандығын жеткіземіз. Өрттердің себептері: тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы.Осыған орай жану фактілерін алдын алу мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар, полиция және әкімдік қызметкерлері бірлесіп ұшқышсыз ұшу апаратымен рейдтер жүргізілетінің хабарлаймыз. Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактілері аңықталған жағдайда, кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатының ескертеміз.Өрт қауіпсіздік ережелерің сақтауларыңызды сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/975215?lang=kk
Ерсайын Нағаспаев Петропавлдағы өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты 15.04.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.Алдымен, Министр «C.M. Киров атындағы зауыт» АҚ-да болды. Ол темір жол автоматикасын, телемеханикасын, темір жол көлігіне арналған байланыс және қауіпсіздік жүйелерін, цифрлық теледидар жабдықтарын, мұнай-газ кешеніне арналған өнімдерді шығаруға маманданған.Ерсайын Нағаспаев «ЗИКСТО» ЖШС-де болды. Кәсіпорын жолаушылар вагондарын, әмбебап платформалық вагондарды, багаж және пошта вагондарын, электр пойыздарын шығарады. Биылғы жылға кәсіпорын алдына платформалық вагондар өндірісін 4 есеге арттыру міндеті қойылды.Сонымен қатар Министр «СТ Эсэмбли» ЖШС-де болды. Бұл CLAAS және HORSCH ауылшаруашылық техникасын құрастыратын неміс-қазақстандық бірлескен кәсіпорын. Кәсіпорын алдына өндірісті одан әрі оқшаулауды тереңдету және жинақтаушы бұйымдарды дамыту міндеті қойылды.Құрастыру зауытында CLAAS астық жинайтын комбайндардың, астық жинайтын комбайндардың, тракторлардың үш үлгісін және кең тұтқалы тұқым себу кешендерінің екі үлгісін шығарылады.Одан бөлек, Министр «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «РиМ-ҚазАгро» ЖШС, «Жасыл Солтүстік» ЖШС қызметімен танысты. Сондай-ақ министрге «Радуга» техно-экопаркін құру жобасының тұсаукесері өтті.Министр «Qyzyljar» АЭА аумағында болып, «KazCrane Engineering» ЖШС, «Qilu Agro» ЖШС, «Бейкертон» ЖШС және «Eco Glade» ЖШС жұмысымен, сондай-ақ «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС жобасының орындалу барысымен танысты.Іс-сапар барысында «Qyzyljar» АЭА инфрақұрылымын тарту және шағын индустриялық аймақтарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Министр Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы АЭА инфрақұрылымын қамтамасыз етуге қаражат бөлінетінін атап өтті. Тиісті жұмыстар басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/975266?lang=kk
Интернеттегі алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді 15.04.2025
Түркістан облысының прокуратурасы интернет-алаяқтыққа қарсы күрес аясында осы санаттағы 200-ден астам қылмыстық істі талдады.Нәтижесімен азаматтардан интернет – алаяқтық арқылы ұрланған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған бірнеше істер бойынша қатысушылар анықталды.Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топты Астана қаласында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.Қылмыстық схеманы іске асыру үшін топқа қатысушылар банктік карточкалары арқылы ақшалай қаражат түскен адамдарды («дропперлер») іздестіруді және оқытуды жүзеге асырған.Қылмыстық топта оның қатысушылары арасындағы міндеттерінің нақты бөлінгені анықталды (қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау орбитасына түскен жағдайда жауапкершіліктен алыстату әдістері бойынша нұсқаулықтар жүргізу, ақшалай қаражаттың үздіксіз түсуі үшін топтың жұмысын үйлестіру және т.б.).Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық топ 100-ден астам азаматтың 150 млн теңгеден астам сомаға ұрланған қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың мүшелері қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Түркістан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/975169?lang=kk
«КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ» республикалық ата-аналар форумы 15.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ бірлескен 2025 жылдың 11 сәуірінде «Кемелдікке бастар бес қадам» республикалық ата-аналар форумы өтті. Форум барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды.Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері, психологтар мен қоғам қайраткерлері, барлығы 200 ден астам адам қатысты.Форум мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен қоғамдағы бес басты кеселді (есірткі саудасы, лудомания, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық,)отбасы мен бала тәрбиесіне әсерін саралау. Ата-аналармен бірлесе отырып, осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру, отбасы институтының рөлін нығайту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін тиімді әдістерді талқылау.оқыту және тәрбиелеу процесінде ата-аналар академиясының жұмысына әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу.Форум аясында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Қырғызстан ғалымы Қиялбек Ақматов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте тағылымды ойларымен бөлісті.Форум барысында пленарлық және секциялық бөлімінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды. Лицейдің оқушылары осы қоғамдағы бес кеселмен күресу жолдары бойынша жобаларымен бөлістіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975152?lang=kk
«Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» облыстық тәжірибелік семинар 15.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №45 орта бейіндік мектебі базасында «Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.Семинардың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдеріне құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерін таныстыру, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және оны оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.Семинарда №45 орта бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерінің жүзеге асыру жолдарын көрсетіп, іс -тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға облыстағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975147?lang=kk
Қауіпсіз терезе акциясы өткізілді 15.04.2025
Қарағанды облысында жылы күндердің келуімен балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу жұмыстары белсенді түрде басталды.Теміртау қаласында блокаторлар, қорғаныс құрылғыларын орнату бойынша "Қауіпсіз терезелер" акциясы өткізілді. Балалармен викториналар, әңгімелер өткізілді, құтқарушылар балаларға әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер мен мінез-құлықтарды ойын түрінде түсіндірді. Ата-аналарға жадынамалар мен буклеттер таратылды.Бұл акциялар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында әр қалада өткізілетін болады.Қарағанды облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/975143?lang=kk
Алматы полициясы жарнама құрылымы бар көлікті басқару ережелерін түсіндірді 15.04.2025
Соңғы уақытта қала жолдарында жарнамалық құрылымдары, оның ішінде электронды дисплейі бар көліктер жиілеп кетті. «Оларды орнату - көлік құралының құрылымын өзгерту, бұл жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін еске саламыз. Жарнамалық жабдықты заңды түрде орнату үшін арнайы рұқсат алу керек. Бұл өзгерістердің қауіпсіздік талаптарын бұзбайтынын растау үшін алдын ала техникалық бағалауды қажет етеді. Сонымен қатар, жарнама құрылымдары белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек. Олар жүргізушілерге кедергі келтірмеуі, жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудармауы немесе жол-көлік оқиғасы кезінде қауіп төндірмеуі керек», - деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.Баяндамашы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 5 бөлімі және 590 бабы 7 бөліміне сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.«Біз баршаңызды ережелерді сақтауға және қажетті рұқсаттарды уақытылы алуға шақырамыз. Бұл тек сіздің ғана емес, айналаңыздағылардың да қауіпсіздігі», - деді, Асхат Құлбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/975140?lang=kk
Өндірілген алимент бойынша берешек туралы мәліметтер 15.04.2025
Өндірілген алимент бойынша берешек туралы мәліметтерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/975125?lang=kk
ШҚО әкімі Pro Hokei Ligasy финалына жанкүйер ретінде қатысты (фоторепортаж) 15.04.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Спорт сарайында өткен Pro Hokei Ligasy ақтық ойынына «Торпедо» хоккей командасына қолдау білдіру үшін арнайы келді.«Торпедо» (Өскемен) мен «Арлан» (Көкшетау) командаларының арасындағы тартысты ойында 3:2 есебімен қонақтар басым түсті.Келесі матч тағы да Өскеменде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975122?lang=kk
14-20 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 15.04.2025
✅14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатыБіріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.Өтетін орны: Орал қаласы.✅16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңіЖарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Атырау қаласы.✅17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатыЕл чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.Өтетін орны: Астана қаласы.✅17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионатыТурнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогіЖарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Қарағанды қаласы.✅17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыҚазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.✅18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогіОтандық 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.✅18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турниріЕл намысын 13 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.✅19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турниріЖарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңіҚазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975118?lang=kk
Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды 15.04.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975117?lang=kk
Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік нысандарын аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында өңірдің негізгі туристік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады.Министр ең алдымен Каспий теңізі жағалауындағы курорттық аймақты дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Жылы жағажай» зәкірлік туристік жобасының жүзеге асу барысымен, сондай-ақ Кендірліде салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, логистиканы жақсартуға және туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов туристер арасында кеңінен танымал өңірдегі бірегей табиғи ескерткіш — Бозжыра шатқалына барды. Министр онда визит-орталық пен қонақ үй кешенін салу жоспарланып отырған орынды қарап шықты. Бұл нысандар экологиялық стандарттарды сақтай отырып, туризмді тұрақты дамыту аясында жүзеге асырылады.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің туристік саласында қол жеткізілген оң нәтижелер аталған жобалардың өзекті әрі маңызды екенін көрсетті.Қазіргі таңда өңірдегі орналастыру орындарының саны 106-ға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 нысанға көп. Жалпы туристік ағын 462 723 адамды құрады (+19%), оның ішінде резиденттер – 419 854 адам (+20%), резидент еместер – 42 869 адам (+6%). Ал төсек-орын саны 8 665-ке дейін ұлғайды (+6%), туристерге көрсетілген қызмет көлемі 18,6 млрд теңгеге жетті (+23%).Сондай-ақ туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 52%-ға артты (2023 жылы — 5,7 млрд теңге).Министр Маңғыстау облысының Қазақстанда туризмді дамыту үшін басым өңірлердің қатарына кіретінін атап өтті. Туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бағытындағы кешенді жұмыс аймақтың туристік тартымдылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975116?lang=kk
Туризм және спорт министрі Ақтаудағы спорт кешенін аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар аясында министр спорт нысанын аралап, спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды.Министр 2023 жылы пайдалануға берілген BS ARENA заманауи спорт кешені барды. Жалпы ауданы 11 000 м² құрайтын кешен – қала тұрғындары мен спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.Спорт кешенінің аумағында үлкен футбол және футзал алаңы, теннис корты, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған әкімшілік ғимарат орналасқан. Ішкі бөлігінде волейбол, баскетбол, жүзу секциялары мен жаттығу залы жұмыс істейді. Спорт кешенінің негізгі бағыты – футбол, шағын футбол, баскетбол сынды спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кешенде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданады.Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт инфрақұрылымының даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақта спорттық нысандар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бұқаралық спортқа тарту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975114?lang=kk
Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытытын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы 15.04.2025
Қарағанды қаласында 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми-зерттеу университетінде 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 173 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.Павлодар облысын намысын қорғаған 9 оқушы 5 медальға ие болды: 3 алтын, 1 күміс және 1 қола.Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11, 10 сынып оқушылары Қайырбек Аяна (мұғалімі Куставлетова А.Б.), Ахмедиева Адия (мұғалімі Жанғазы Г.С.), және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зубчик Василиса (мұғалімі Осипенко А.М.) ие болды.Күміс медалімен және II дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бекбулатқызы Бинұр (мұғалімі Осипенко А.М.) иеленді.Қола медаль және III дәрежелі диплом иегері-дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жуспекова Алина (мұғалімі Жусупова М. У.).«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Бондаренко Карина (мұғалімі Сурмий Т.М.) марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/975106?lang=kk
ТЖД қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді 15.04.2025
Өскеменде жеке тұрғын үйдің шатыры жандыКелген өрт сөндіру жасақтары отпен күресуге кірісті. Өрт сөндіру барысында қызметкерлер қауіпті аймақтан 3 газ баллонын алып шықты. Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында өрт 200 ш.м. алаңда сөндіріліп, жалынның көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975105?lang=kk
Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды. 15.04.2025
Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды.Шара барысында композитордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланып, оның қазақ музыкасына қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.Оқушылар Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салып, оның күйлері мен әндерінің ұлттық рухты көтерудегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, композитордың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып бейне ролик тамашаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/975099?lang=kk