Business

ОСЫ АПТАДА АСТАНАДАН БІРНЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы 31 мамырдан Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда. «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:-қазақстандық тасымалдаушы үшін - Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.-украиндық тасымалдаушы үшін - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:- Киев – Астана аптасына 7 рейсов (МАУ);- Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);- Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана). Аталған рейстер ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шетел мемлекеттері авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ашылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12765?lang=kk

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ 10.04.2025
Бішкек қаласында 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk

THE SPECIAL ECONOMIC ZONE "ONTUSTIK" WILL OPEN A REPRESENTATIVE OFFICE IN XIANXING TEXTILE INDUSTRIAL PARK, "XINXING" 10.04.2025
"Managing Company of the Special Economic Zone "Ontustik" JSC , had an official visit to China with an aim reaching a mutually beneficial partnership with the textile industry representatives of China. Thus from June 1st to June 6th, 2017, in the frame of the mentioned official visit an agreement was reached and a memorandum was signed on the opening of the official representation of the SEZ "Ontustik" in the Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" for further cooperation with the aim of developing the textile industry of Kazakhstan. The Kazakh delegation was represented by the Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - M. Dildabayev, Deputy Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - A.Tursingaliyev, Chairman of the Board of National Company “Socially Entrepreneurial Company "Shymkent" JSC - A.Aldazharov.Thus in the near future a representative office of SEZ "Ontustik" will start its operation in China. The main aim of this project is to launch a new innovative production facilities, attraction of anchor investors, expansion of the horizon of new opportunities for SEZ "Ontustik" and improving the investment climate between two countries.It is worth mentioning that the first step in this joint activity will be the implementation of the project on constructing the spinning mill of “Xianyang Textile Corporation” LLC worth more than $ 100 million.Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" is one of the largest industrial zones in China, employing over 11,000 people, with 10 000 ha territory. In this industrial park there are projects functioning in the field of textile and other industries. The largest textile corporations that produce brands such as Zara, Pierre Cardin, Massimo Dutti, Hugo Boss, Pull & Bear are located on the territory of the park.Also, one of the park's residents is the flagship of the world automotive industry - KIA Motors Corporation.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk

БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек, лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk

ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
X Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның инвестициялық саясатына екінші шолу таныстырылды. Құжат елдегі бизнес ортаны жақсартуға бағытталған.Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған сессия барысында сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылғаны хабарланды. Осылайша еліміз әлемнің 48-ші мемлекеті болып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта қалыптастыруға ниетті екенін жариялады.Өз сөзінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров сарапшылар тобының екінші шолуды дайындау кезіндегі айрықша үлесін атап өтіп, олардың қажырлы еңбектері үшін, сондай-ақ Қазақстанға көрсеткен ерекше қолдауы үшін алғыс айтты.«Инвестиция үшін бәсекелестік ешқашан тоқтамайды, біздің міндет осы күресте әрқашан да алда болу. Сондықтан, біз аталған ұсыныстарды жоғары бағалаймыз және оны сапалы енгізу Қазақстан экономикасын нығайту процесінде өте маңызды. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз бен пайдалы ұсыныстарыңыз және жемісті еңбектеріңіз үшін ЭЫДҰ Хатшылығына және әріптестерге алғыс білдіремін», - деп атап өтті Ерлан Хаиров.Қазақстан соңғы 5 жылда ЭЫДҰ сарапшыларымен бірге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторларды ынталандырудың тың шаралары енгізілді. Азаматтары Қазақстанға визасыз келіп-кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Биыл 1 қаңтардан бастап ондай елдердің саны 56 болды. Сондай-ақ, шетелдік жұмысшы күштерін тарту жағдайы жетілдіріліп, Жоғарғы сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы құрылды.Азаматтық қоғам мен инвесторлар арасында кері байланыс орнату мақсатында бизнесті енгізуге жауапты Ұлттық байланыс орталығы құрылды.ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес, Дүниежүзілік банкпен бірге Инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық стратегия әзірленді. Стратегия ЭЫДҰ жаңа ұсыныс пакеттеріне сәйкес, инвестиция тартудың және инвестициялық ахуалды жақсартудың нақты механизмдерін анықтайды.«Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Біз Қазақстанның инвестициялық ахуалын ЭЫДҰ-на мүше елдердің алдыңғы қатарлы стандарттарына сәйкестендіру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті вице-министр.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk

ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр. Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы» үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk

«ҚИДИ» АҚ САРАПШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 10.04.2025
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10-13 шілде аралығында өткен ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі «Иннопром-2017» көрмесі өз жұмысын аяқтады. Биыл көрмеде «ҚИДИ» АҚ индустриалды саясат Орталық директорының өкілі Салтанат Жұмабекова мен Орталықтың бас сарапшысы Алмат Расиль «Қазақстан индустрия даму институты» акционерлік қоғамының өкілі ретінде қатысты. ЕЭҚ өндірістік ынтымақтастығының тиімді шарттары бойынша дөңгелек үстел жұмысы барысында ЦИП АҚ «ҚИДИ» директоры Салтанат Жумабекова «ЕЭҚ-нда өндірістік ынтымақтастық: болашағы мен мүмкіндіктері (кооперация, әлеуеті, ынталандыру механизмдері, пайда)» тақырыбында баяндама жасады.Ол өз баяндамасында ЕЭҚ мәселелері мен болашақ даму аспектілерін атап өтті, ал бұл экономика дамуының, өндірістік кешендерінің тең еместігі, ЕЭҚ мүше - елдердің өндірістік құрылымдарының әртүрлілігі, сонымен қатар, Еуразия даму банкінің рөлі туралы территориялық кластерлердің даму маңыздылығы және шекаралық ынтымақтастық пен«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу туралы айтты.Баяндамашының айтуынша, логистика өндірістік ынтымақастықты дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ал, кластерлік саясат ЕЭҚ интеграциялық үдерістерінің драйвері бола алады. - Егер бұрын интеграциялық бірлестіктерді құрудағы мақсат тек тауар айналымын ұлғайтуды ғана көздеген болса, қазіргі уақытта интеграция арқылы толыққанды өндірістік-сауда кешендерін құруға талпыныс жасайды. Осы кешендер қосымша құн тізбектер жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады,- деп атап өтті орталық директоры.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында кооперацияны дамыту элементтерінің бірі шекаралық ынтымақтастықты дамыту екендігін атап өтті. Қолайлы георграфиялық орналасуы және жолға салынған көлік жолдары есебінен шекаралас аймақтар жеткізілім мүмкіндіктерін қарастыру тұрғысынан және бірлескен кооперциялық жобаларды жолға қою орынды болып табылады. Осы кооперациялар аясында бизнес дамуының аймақаралық сәйкестігін пайдалана отыра, дамуда кластерлік тәсілдердің тізілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан мен РФ шекаралас аудандарын қарастырсақ, барлығы 12 экспорттық әлеуеттің жоғары шоғырлануы байқалады, ол ресейге шығарылатын экспорттың тек жартысын құрайды. Екі жақтағы шаруашылық субьектілерінің өзара қарым-қатынасының, олардың арасындағы кеден кедергілерін алып тастауды қамтамасыз ететін жаңа шарттары аталған аудандарға жеткізілімді ұлғайтуға және кооперациялық өзара қатынасты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Даму мен Индустрии 4.0 имплементциясына қатысты тұжырымдама Қазақстанда да, ЕЭҚ да экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды міндеттері болып табылады. 4.0 концепциясын жүзеге асырудың негізі ұлттық шаралары мен механизмдері болады. Сондықтан, С.Жұмабекова Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы баяндап берді. Сонымен, оның берген ақпараты бойынша, Қазақстан Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және дамыту бойынша іс-шаралар қабылданды: нормативті –құқықтық база әзірленуде, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейін базалық өндіріс салаларын қайта техникалық қаруландыру бойынша шаралар кешенінбекіту жоспарланған. Қазақстанның өндіріс секторларының қайта өңдеу кәсіпорындарында сандық технологияны енгізуді ынталандыру шаралары мен нақты бағыттарын анықтау жоспарланған және осыған орай ЕЭҚ аясында синергетикалық эффектіге максималды қол жеткізу және өндірісті сандық технология көшіру бойынша тығыз ынтымақсатыстықта жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.Жалпы, қазақстандық скипердің пікірше, ЕЭҚ аясында өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесін ұлғайту, өңірлік және әлемдік нарықта тауар, қызмет көрсету, технологияны экспорттауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.Үш күндік жұмыс іссапары барысында «ҚИДИ» АҚ сарапшылары бірқатар дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда өндірістік саясаттың құралы ретінде арнайы инвестициялық жобалардың қажеттілігі, индустрияны автоматттандыру мәселелері, өндірісті роботтандыру, сонымен қатар энергия құралдарын импорт алмастыру бойынша ынтымақастық жобалары, жаңартылған энергия көздері және т.б. мәселелер қарастырылды. 20 мемлекеттен келген 600-ден астам өндіріс компаниялары өз өнімдерін көрмеге ұсынды. Көрмені өткізудің сегізінші жылы әлемдік технологиялық көшбасшы ретінде серіктес мемлекет Жапония болды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11862?lang=kk

БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАТЫН 60 МЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІН ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА 10.04.2025
Мемлекеттік бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда.«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады).Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.Фото мұрағаттан алындыSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11807?lang=kk

ТДҰА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ 10.04.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл жайында «ТДҰА» АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаров ОКҚ-нің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11698?lang=kk

АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 10.04.2025
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk

ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘУЕ КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Астана қаласында өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында 2018-2020 жылдары бірінші үшжылдық мерзімге арналған Әуе көлігі бөлімі бойынша Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді.Аталған іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.Көлік саясаты бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық принциптерді, экономикалық интеграцияны жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көліктік кеңістікті, жалпы көлік қызметтерінің нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.Іс-шаралар жоспары әуе көлігін дамытудын ерекшеліктерін талдамалық және зерттеу сипатындағы бірінші үшжылдық мерзімде (2018-2020 жж.) іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қарастырады.Екінші деңгейде (2021-2023 жж.) бірінші үшжылдық мерзімде іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қамтиды (үндестіру, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және т.б.), және үшінші деңгейде (2023-2025 жж.) жалпы көлік қызметтерінің нарығына және бірыңғай көліктік кеңістікке қол жеткізу үшін әуе көлігінде тасымалдарды орындау кезіндегі шектеулерді алып тастау тәсілдерін орнықтыруды көздейді.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11361?lang=kk

2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКСПОРТЫ 20%-ҒА ӨСТІ 10.04.2025
Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінде өткен отырыста мәлім етті.«2017 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсіп экспорты 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Бұл ретте, шет елдер нарығында Қазақстанның дайын өнімдеріне деген сұраныстың артып келе жатқанан атап өткен жөн»,-деді Жеңіс Қасымбек.Қазақстандағы өңдеу өнеркәсіп экспортының үлесі 2010 жыл мен 2016 жыл арасында 28 %-дан 35 %-ға дейін өсті. Өңделген тауарлар экспортының географиясы 120 мемлекетті құрайды. Қазақстандағы шикізат емес экспорт қазіргі уақытта 114 тауар түріне артты (899 -дан 1013 дейін).Жаңа тауарлар қатарына локомотивтер, мотор майлары, киімдер, шыныдан жасалған бұйымдар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, картридждер және т.б. енгізілген.«Экспорттың оң диманикасы және Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бойынша дүниежүзілік нарықтағы конъюнктура ескеріле отырып, биыл өңдеу өнеркәсіп экспорты 2015 жылдың деңгейіне жетеді, деп күтілуде (14 млрд. АҚШ доллары)», - деді министр.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11337?lang=kk

2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ЖАЛПЫ АЛАҢЫ 6,2 МЛН. ШАРШЫ МЕТР БОЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың және «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асу барысы туралы брифинг өтті.Биыл 7 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (54 мың баспана). Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы жылдық жоспарының 61%-н құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көрсеткішті жоғарылатты. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, «2017 жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд. теңге бағытталды. Оның 75,8 млрд. теңгесі мемлекеттік инвестиция. Мемлекет қажысы есебіне 8829 пәтер (541,3 мың.кв.м) салынды. Жыл соңына дейін қосымша 16176 пәтерді (948,2 мың кв. м) тапсыру жоспарланып отыр».«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдік 25 млрд. теңге бөліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл аяғына дейін іске қосылатын болады.«Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының екінші міндеті аясында жоспарланған 60 мың жер телімінің 23,5 мыңы қазірдің өзінде инженерлік желілермен қамтамасыз етіліген. 4 облыс орталығында жекеменшік үйлердің құрылысы қанатқақты жобалары бірыңғай сәулет стилінде іске асырыла бастады»,-деді Роман Скляр.Кредиттік тұрғын үй құрылысының үшінші міндеті бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар үшін бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 кредиттік пәтері салынды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасының аясында құрылыс компаниялары 50 млрд. теңге субсидияланған займ алу үшін 24 жобамен банктың қарауына өтінім жасады. Олардың қазіргі уақытта 7,4 млрд. теңгеге 2 жобасы мақұлданды.«Республиканың 11 өңірінде халықтың ипотекалық займдары бойынша нарықтық ставкаларды төмендету үшін халықты 10 пайыздық жеңілдетілген ставкамен несиелеу басталды. Бүгінгі таңда 10 банк Бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 3 банк (БанкЦентрКредит,АТФБанк, Сбербанк) ипотеканы белсенді түрде іске асыруда. Осы күні олар азаматтардан ипотека алу үшін 145 өтініш қабылдады(1,5 млрд. теңге)»,-деп атап өтті вице-министр. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11310?lang=kk

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНЫҢ 10.04.2025
2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Астана қаласында 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің шеңберінде (бұдан әрі – Келісім) Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-өзбек бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.Келіссөздер барысында 1200 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2018 жылға алдын ала квота орнатылды. Сонымен қатар Тараптар 2017 жылға қосымша үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілерімен алмасу мәселесін ү.ж. III тоқсанының қорытындысы бойынша қарастыруға келісті.Сонымен қатар Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруттарын ашу мәселесін қарастырды және бастапқы кезеңде «Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша тұрақты автобус маршрутын ашу мәселесін пысықтауға келісті.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан тарапы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуде, өзбек тарапы аталған Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарлады.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Анықтама:2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Өзбекстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 11%-ға өсті және 169,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер текстиль, кілем, маталар, көкөніс, жеміс-жидектер, пластмасса өнімдері, механизмдер мен жабдықтар және т.б.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11104?lang=kk

«EXPO-2017» КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 1,4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 10.04.2025
«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен 31,3 мың жолаушы келді.Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.SHARE MATERIAL:Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10981?lang=kk

БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ 10.04.2025
2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (626 стационарлық, 312 ұтқыр) 571 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 1 638 640 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 1 515 912 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған, ақаулықтарының болуына байланысты 122 728 АКҚ бірінші реттен техникалық байқаудан өтпеген, бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 7,5 % құрайды.Анықтама үшін: 2016 жылдың сәйкес мезгілінде 1 749 716 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 1 575 634 АКҚ-ы техбайқаудан өткен, 174 082 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,9 % құрайды.Техникалық байқаудан өтпеген деп танылған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулықтардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесінің – 30 617 КҚ;- рулмен басқарудың – 9 823 КҚ;- сыртқы жарық беру аспаптарының – 48 761 КҚ;- көрініс – 15 592 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар – 8 134 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері – 39 429 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері – 8 306;- рама, шанақ жай-күйі – 558.Өз кезегінде, 2017 жылғы 8 айында аумақтық көліктік бақылау органдарымен 101 техникалық байқау операторларына қатысты 163 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 2 млн. 995 мың теңгені құрайтын 106 әкімшілік хаттамасы толтырылып, 10 техникалық байқау операторы тізілімнен шығарылған.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10973?lang=kk

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk

ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру; АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;- АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk

ҚАЗАҚСТАННАН НОРВЕГИЯҒА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ 10.04.2025
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Келісім жобасымен автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық норма орнатылады. Осы құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды.Бұдан бөлек, заң жобасын талқылау барысында министр аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың болашағы зор екенін атап өтті.«Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді. Бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»,-деді Ж. Қасымбек.Оның айтуынша, жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. «Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді ол.Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kzSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10924?lang=kk