Қоғам
«Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры сотталды 05.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Ағымдағы жылдың 19 наурызында Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры Байсеркин Б., оның орынбасары Әбішев А. және «Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының» директоры Толемісова А. сотталды.Байсеркин өзінің орынбасары Әбішевтің көмегімен кәсіпкер Толемісовадан медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі консорциум шарты шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз орындағаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен Байсеркин мен Әбішевке әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сол үкіммен Төлемісова аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/966822?lang=kk
Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін алимент өндіріп алу туралы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізілді. 05.04.2025
2025 жылының 31 наурызында СҚО Әділет департаменті, СҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, СҚО жеке сот орындаушылары Карьерлік орталықпен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін алимент өндіріп алу туралы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізілді.Бұл іс-шара борышкерлерді кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындары туралы хабардар ету және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/966821?lang=kk
Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. 05.04.2025
Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. Желді ауа райында от лезде саяжай қауымдастықтарына, ағаш құрылымдарға және орман аймағына таралуы мүмкін.Өрт қаупі жоғары кезеңде келесі ережелерді сақтау қажет:Елді мекендер аумағында жанғыш қалдықтарды төкпеңіз.Саяжай қауымдастықтарының айналасында минералданған жолақтар жасалуы керек.Саяжай учаскелерінде су толтырылған бөшке және бастапқы өрт сөндіру құралдары болсын.Құрғақ шөпті өртеуге болмайды.Құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, өшірілмеген отты қалдырмаңыз.Балалардың отқа қауіпті заттармен ойнауына жол бермеңіз.Жеке учаскеңіздің айналасындағы құрғақ шөпті шабыңыз.Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне шұғыл хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/966809?lang=kk
Кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары 05.04.2025
Баянды ауылы әкімінің аппараты кәсіпкерлік нысан иелеріне “Таза Қазақстан” экологиялық акция аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыстары барысында ауыл аумағындағы кәсіпкерлерге өздеріне тиісті аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі түсіндірілді.Кәсіпкерлерге аталған талаптар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылатыны ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/966774?lang=kk
Сенбілік жұмыстары 05.04.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында ауыл аумағында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, тазартылды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111777?lang=kk
Қызылорда облысының тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты 05.04.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Тазалық шараларына 80 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 300 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінде облыс аумағына 9560 түп тал отырғызылды.Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы кеңейе бермек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966700?lang=kk
Қазалыда сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді 05.04.2025
Қазірде күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық жұмыстары. Наурыз айының басынан бастап ауданымызда санитарлық тазалық жұмыстары басталған болатын. Қазалы ауданы бойынша кент, қала және барлық ауылдық округтерде тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Сенбілік барысында елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Қарамайкөл» аумағы, Водокачка елді-мекеніне барар жол аумағы, Батыс теміржол өткелі мен Бөрқұлақов көшесінің аралығы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, ағаштарды балақталып, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.Аудан орталығында жүргізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен әрбір тазалық жұмыстары бойынша аймақтардың басшыларына тазалық шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.Айта кетейік, тазалық шараларына қатысқан мекемелер саны – 120, адамдар саны – 2146, техникалар саны – 41 және 26 тонна бей-берекетсіз қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/966692?lang=kk
2025 жылғы 30 наурызда өткен Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 05.04.2025
2025 жылғы 30 наурызда № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.Сайлаушылар тізіміне 10 084 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 6585 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 сайлаушы қатысты.Кандидаттардың жалпы саны -3.№ 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді: Мендыбаев Ермек Ерсінұлы үшін сайлаушылардың 453 дауысы берілді,Оразгалиев Серик Муратбекович үшін сайлаушылардың 5535 дауысы берілді,Санбаев Жамбулат Алимханович үшін сайлаушылардың 461 дауысы берілді.«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 53; Сайлау қорытындысымен № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды:Оразгалиев Серик Муратбекович, 1973 жылы туған, «Өскемен Әуежайы» АҚ, президент, Өскемен қаласы. Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/966687?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 10 бос орынға, облыстық соттар судьяларының лауазымдарына – 33 бос орынға кезекті конкурс жариялайды 05.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 10 бос орынға, облыстық соттар судьяларының лауазымдарына – 33 бос орынға кезекті конкурс жариялайды.Конкурсқа қатысуға «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар жіберіледі.Қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылғы 15 сәуірге дейін қоса алғанда, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, № 1В кіреберіс мекенжайы бойынша құжаттарды ұсынылуы тиіс.Толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/966679?lang=kk
Қызылорда облысының Еуропадағы өнер күндері Испанияда қорытындыланды 05.04.2025
Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылған осы өнер сапары барысында Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты. Сапардың мақсаты да осы, яғни қазақ халқының ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру, шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу болатын. «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен өткен концертке көрермен көп жиналды. Онда Қазақстанның Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Мұсаев пен Леганэс қаласы әкімінің орынбасары Дэльгадо Карлос сөз сөйлеп, Сыр елінің өнерпаздарына алғыс білдірді.Бай мәдениеті, тарихы және тамаша табиғатымен әйгілі Испания елі өзінің тамыры терең өнерін, ғажайып сәулетін мақтаныш етеді. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық өнерінен үндестік тапқандықтан, көрермен қауым сахнада шырқалған ән-жырға, жалпы концерттік бағдарламаға зор қызығушылық танытты. Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары күн мен түннің теңелетін, күллі тіршілік қайта түлейтін табиғат мерекесінің бар бояуын жарқыратып ұсынды. «Жарапазан» айтылып, қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Наурыз- думанның басталғанын «Тойбастар» әнімен көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына, диаспора мүшелеріне, қазақстандық және шетелдік студенттерге ұлт қазынасының мол мұрасы туралы мағлұмат берді.Концертке «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, Мұхтар Ниязов, Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш қатысып, өнер көрсетті. Гастрольдік сапарда көрерменге концерттік бағдарламамен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Ұлттық нақышпен безендірілген сый-сияпат та таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966678?lang=kk
«Озық Ұрпақ» жобасы аясында Риддер қаласында робототехника бойынша турнирді өткізу қорытындысы 05.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 31 наурызда Риддер қаласында «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Турнир үш санат бойынша өтті: Роботек, Инверсиялық сызық бойымен жарыс және Робот-жеткізуші. Іс-шараның мақсаты – заманауи технологияларды меңгеру үшін жағдай жасау, инженерия, IT және инновациялық технологияларға қызығушылықты арттыру, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, олардың роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалау және жетілдіру, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беруге заманауи әдістерді енгізу. Турнир «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өткізілді. Бұл жоба бойынша Риддер қаласындағы 8 мектепте робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді.Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 31 оқушы қатысты.Бағалау нәтижелері бойынша эксперттік қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар атанды:I орын – Мұратбек Баян, Свахина Милана, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары; II орын – Усов Руслан, Баталов Богдан, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары. «Инверсиялық сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:I орын – Дидиченко Артём, Дидиченко Оксана, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары; II орын – Борзенкова Ева, Засыпкина Елена, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары. «Робот-жеткізуші» санаты бойынша:I орын – Туғазы Заңғар, Қуанышұлы Абдрахман, «№16 орта мектеп» КММ оқушылары.Турнир жеңімпаздары І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Робототехника бойынша іріктеу турнирінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.«Қазцинк» мектеп оқушыларын робототехникаға үйрету бойынша білім беру жобасы аясында турнирге демеушілік жасап, оның сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.І дәрежелі диплом иегерлері мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатына қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966630?lang=kk
Қорғаныс министрлігіне Тәжікстанның әскери делегациясы келді 05.04.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің жұмыс кездесуі өтті.Брифингте шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы күштерінің қызметі таныстырылды.Сапар аясында тәжік делегациясы Ұлттық қорғанысты басқару орталығына барды. Дағдарыс жағдайында ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.Іс-шара Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/966629?lang=kk
Әкімдік отырысы 05.04.2025
Ағымдағы жылдын 31 наурызында қала әкімі Б.Абдралиев , Курчатов қаласы әкімдігінің отырысын өткізді. Отырыс барысында «Қорғау құрылымдарын дайындау, кәсіпорын қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету және оларды жабдықтау бойынша шараларды қабылдау туралы», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету шаралары: қазіргі жағдайды талдау, қаржыландыру, қолдау механизмдері, сапаны бақылау және қолданыстағы заңнамалық кедергілер», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға бергені үшін дебиторлық берешекті қысқарту жөніндегі шаралар туралы: ағымдағы жай-күйі, өндіріп алу жөніндегі жұмыс, одан арғы қадамдар, сондай-ақ жалдау шарттарының талаптарын орындау фактілері», «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру барысы: қол жеткізілген нәтижелер, мәселелер және нақты жоспарлар туралы», «Қаланың білім беру объектілерінің аумақтарын абаттандыру жоспарлары: ағымдағы жағдайы, жоспарланған іс-шаралар және оларды жүзеге асыру мерзімдері туралы», «Қалалық ауруханаға білікті мамандарды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы: қазіргі кадрлық жағдай, проблемалар және оларды шешу жолдары» мәселелері қаралды. Барлық баяндамалар тыңдалып, тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/966622?lang=kk
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды 05.04.2025
Барлығы: 43 бос орын.облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 10;облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 33.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Коституциялық заң) талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін – 30-бабының 4-тармағы;- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін – 29-бабының 4-тармағы.Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесін Жоғары Сот Кеңесіне жіберу қажет (жүктеу).Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 7-тармағына сәйкес бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның;4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.Құжаттарды ұсыну мерзімдеріҚұжаттар 2025 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа жіберілмейді және құжаттар кері қайтарылады.Қосымша мәліметтерКонкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-96-47, 74-97-63, 74-91-03.Бос орындар тізімі сілтеме бойынша (өту)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/966614?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады 05.04.2025
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов гарнизонға сапары барысында жаңа мұражайдың құрылысын тексерді. Қорғаныс ведомствосының басшысы Парламент депутаттарымен бірге алаңды, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын қарап, техниканы бояу сапасын бағалап, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берді.Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтуде. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.- Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Бұл – тарихи сәулет ескерткіші. Сондықтан біз оның бастапқы келбетін қаламыз бен еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі ретінде сақтауға міндеттіміз, - деп атап өтті Руслан Жақсылықов.Ғимаратты қайта қалпына келтірудегі басты ерекшеліктердің бірі ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайын ашу болмақ. Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 мм гаубица бар.- Жауынгерлік техника мұражайының Армия үйі үшін маңызы зор болмақ. Ол Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасады. Ал сол жағында әкімдік күшімен алматылықтар мен қала қонақтарының демалуына арналған гүлзар салынатын болады. Біз бұл нысандардың барлығы Жеңістің 80 жылдығына орай ашылатынын мақтан тұтамыз, - деді Алуа Байқадамова.Сонымен қатар Қалдаяқов көшесінде жастардың патриоттық тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді бейнелейтін жаңа барельеф орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/966607?lang=kk
Қостанай облысы Қазақстанның «Кондитерлік астанасын» құру жолында 05.04.2025
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Кондитерлік астана» жаңа кешені алаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты. Жоба облыстағы ең ірі азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорны – «Баян Сұлу» АҚ базасында іске асырылуда.«Баян Сұлу» АҚ ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы ірі кондитерлік өнімдер өндірушілерінің бірі ретінде танылып келеді. Кәсіпорын 300-ден астам өнім түрін шығарып, 1700-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның өнімі ішкі нарықпен қатар, ТМД және Еуропа елдеріне табысты экспортталуда.«Кондитерлік астана» жаңа жобасы өңірдің азық-түлік өнеркәсібіндегі позициясын нығайтуға және жергілікті шикізатты қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға бағытталған. Жобаға салынған инвестиция сомасы 14 миллиард теңгеден асады. Кешен жылына 16,6 мың тонна жоғары сапалы кондитерлік өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асуы өңірде қосымша 260 жаңа жұмыс орнын құрып, халықтың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етеді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, «Кондитерлік астана» жобасының жүзеге асуы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру тапсырмасын орындау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз жергілікті шикізаттың әлеуетін барынша пайдалануға және тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтуға ұмтыламыз. Бұл қадам өңір экономикасын нығайтып қана қоймай, жергілікті өнімді терең өңдеуді қамтамасыз етеді».Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды – құрылыс алаңында 3,1 гектар жер учаскесінде орналасқан бұрынғы нан зауытының ауданы 7,6 мың шаршы метр ескі ғимараттары бұзылды. 2025 жылдың екінші тоқсанында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті.Жобаны қаржыландыруға «Тобыл» ӘКК АҚ белсенді қолдау көрсетуде, корпорация «Баян Сұлу» АҚ акцияларын сатып алуға 5 миллиард теңге бөлді. Сондай-ақ Қазақстанның Даму банкі жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға 6 миллиард теңге көлемінде несие берді. Жабдықтардың жеткізушілері анықталды, бұл өндірістің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етеді.«Кондитерлік астана» кешенінің іске асырылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге, облыстың экспорттық әлеуетін кеңейтуге және қосымша құны жоғары өнім шығаруды айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Жаңа жоба Қостанай облысының экономикасын нығайтып, өңір тұрғындарын тұрақты әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966593?lang=kk
2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі 05.04.2025
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/966587?lang=kk
Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды 05.04.2025
Ішкі туристік және логистикалық маршруттарды дамыту – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атап өткен басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар салуды тапсырды. Бұл туристік тартымдылығы жоғары өңірлерде әуежайлар салу – олардың әлеуетін дамыту мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға жасалған үлкен қадам. Құрылыстың барысымен Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев танысты.Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, білікті мердігер ұйымдар тартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жоба «Қазаэронавигация» РМК қаражаты есебінен қаржыландырылып, жол және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Атап өту керек, құрылыс жұмыстары кезеңінде-ақ жаңа әуежайлар жұмыс орындарын ашу, жергілікті өндіріс материалдарын пайдалану, қазақстандық құрамды ұлғайту сияқты экономикалық әсер береді. Өңірде ұшу-қону жолақтары мен әуе айлағы инфрақұрылымының басқа да элементтерін салу және қайта жаңарту бойынша тәжірибесі мол компаниялар бар.Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, екі әуежайдың салынуы туризм мен экономиканың басқа салаларының дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Жаңа әуе айлағы көліктік-логистикалық хабқа айналып, бірден бірнеше ауданды облыс орталығымен байланыстырады. Бұл жүк және жолаушылар тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тауар айналымын арттырады, жергілікті бизнесті дамытып, экономиканың өсуі мен халықтың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді.- Жаңа жұмыс орындары ашылып, әуежай туристер ағынын арттырады. Бұл тек елімізден ғана емес, шетелден де туристерді тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа туристік брендтерді дамытуға жол ашылады. Зайсан ауданы – Қазақстанның қақпасы, ал Катонқарағай ауданы – пантоемдеу және дәстүрлі қазақ медицинасы дамыған өңір. Мұнда қонақ үйлер, атпен серуендеу, дәстүрлі ауыл тағамдары ұсынылатын агротуризм қарқын алуда. Бұдан бөлек, мұнда тау шаңғысы курортын да құруға болады, өйткені әуежай жабық жолдар сияқты қолайсыздықтарды жояды, ал заманауи жабдық кез келген дерлік ауа райы жағдайында рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/966574?lang=kk
Қазақстан Республикасының Көлік министрі жұмыс сапарымен Катонқарағай ауданына келді 05.04.2025
🛩️Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен келіп, салынып жатқан халықаралық әуежай құрылысының барысымен танысты.✅ Әуежайдың ұшу-қону жолағы 2000 метрден асатын болады. Бұл ATR-72 және Q-400 Bombardier секілді 70 жолаушыға дейін сыятын ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Алматы, Астана және өзге де ірі қалалардан тікелей әуе рейстері ашылады деп жоспарлануда.✈️Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың қазан айында аяқтау көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/966573?lang=kk
Бүгін Өрел ауылында тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік өтті. 05.04.2025
📍Бүгін Өрел ауылында тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік өтті. Шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілер белсенді түрде қатысты.☑️Ауыл шетіндегі екі аялдама толықтай ретке келтіріліп, айналасы қоқыстан аршылды. Сонымен қатар, аялдамалардың тазалығын сақтау үшін оларды күнделікті бақылап отыратын жауапты адам бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/966565?lang=kk