Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен ЕО стратегиялық серіктестікті нығайтуда 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге жұмыс сапарымен келген Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі Арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру, экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздік тақырыбын қоса алғанда, екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Тараптар Орталық Азияға арналған ЕО стратегиясы аясында диалогты жалғастырудың және орнықты даму, цифрландыру мен климаттық күн тәртібі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Жасыл трансформация және өңірдің Еуропалық одақпен көлік-логистикалық байланыстылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған жобаларды іске асырудың маңыздылығы баса айтылды.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Еуроодақпен серіктестікті тереңдетуге бейілділігін растай отырып, осы аптада Самарқандта өтетін «Орталық Азия - Еуропалық одақ» саммитінің маңыздылығына назар аударды.Өз кезегінде Э.Стипрайс Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамуын жоғары бағалап, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда және маңызды инфрақұрылымдық әрі экономикалық жобаларды іске асыруда еліміздің жетекші рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымы 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның ЕО-ға экспорты – 38,6 млрд доллар, импорты – 11,1 млрд доллар. 2005 жылдан 2024 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 200,7 млрд долларды құрады, бұл Қазақстанға құйылған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың (419,5 млрд доллар) 47,8%-ын құрайды. 2024 жылдың 9 айында ЕО-дан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 6,4 млрд доллар немесе жалпы көлемнің 50,4%-ын құрады. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966538?lang=kk
Мағауия Оразбековті еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті 05.04.2025
Мағауия Оразбековті еске алуға арналған қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті27-29 наурыз күндері қазақ күресінен Қазақстанның екі мәрте түйе палуаны Мағауия Тайтөлеуұлы Оразбековті еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтті. Дүбірлі додаға барлығы 121 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.Турнирдің ашылу салтанатында Абай ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сәлімұлы аудан басшысының құттықтауын жеткізіп, жас балуандарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ҚР Құрметті спорт қайраткері, Абай ауданының құрметті азаматы Бейсен Абдрахманұлы Төлеубаев және Мағауия Оразбековтің жары Клара анамыз сөз сөйлеп, турнир қатысушыларына ізгі лебіздерін арнады.Жарыстың құрметті қонағы, еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген Дүйсенбаев жас палуандарға ақ батасын беріп, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы Алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.Бұл турнир жас палуандардың шеберлігін шыңдап, қазақ күресінің дамуына үлес қосатын маңызды жарыстардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/966530?lang=kk
“AMANAT“ партиясы Абай аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті. 05.04.2025
Бүгін “AMANAT“ партиясы Абай аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.Отырыста Абай ауданы әкімінің орынбасары Қазыбек Төлегенұлының 2023-2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды.Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес жергілікті әлеуметтік желілерде халық тарапынан қозғалып жүрген резонанстық сұрақтар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан депутаттық сауалдарды қарау тәртібін сақтау сұрақтарына қатысты мәселелер де талқыланды.Комиссия отырысы барысында қабылданған шешімге сәйкес тиісті қаулы шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/966518?lang=kk
Уақытша сақтау орындарының (УСО) өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті 05.04.2025
2025 жылдың 28 наурызында «Пионер-3» бизнес орталығының ғимаратында Кедендік әкімшілендіру басқармасының Кедендік бақылау бөлімі уақытша сақтау орындарының (УСО) өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараның спикерлері Кедендік бақылау бөлімі басшысы Каримов М.А. және бас маманы Павлюкова Е.А. болып, олар 2024 жылдың 16 қарашасында іске қосылған «КЕДЕН» ұлттық интеграцияланған платформасын іске асыру шеңберіндегі «Транзит» модуліне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берді.Павлюкова Е.А. өз сөзінде кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау, тауарларды сақтау құжатын (ТСҚ) беру және тауарларды шығару туралы мәліметтерді енгізу осы ақпараттық жүйеде жүзеге асырылатынын еске салды.«Кеден» жүйесін пайдаланушыларының талаптарына сәйкес, УСО-дан тауарларды шығару кезінде УСО иесі тауарлар УСО аумағынан шығарылған тауарлар декларациясының тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді «есептен шығарылды» немесе «ішінара есептен шығарылды» тауарлар мәртебесін міндетті түрде көрсете отырып енгізуге міндетті.Сондай-ақ, «Кеден» жүйесіне уақытша сақтау мерзімі өткен тауарлар туралы мәліметтерді уақытылы енгізбеген жағдайда, мұндай транзиттік декларациялардың мәртебесі «ұсталған» деп анықталады. Осыған байланысты «Кеден» жүйесіндегі тауарларды есепке алу журналы бойынша пайдаланушы нұсқаулығын қатаң сақтау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/966493?lang=kk
ҚҚС бойынша есепке қою мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті 05.04.2025
Бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚҚС бойынша есепке қою мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Мемлекеттік кірістер департаментінің ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бас мамандары Бельгибаева А.Т. және Бурибаева Ш.Б. салық әкімшілендіруінің маңызды аспектілерін түсіндірді. Негізгі мәселелер:ҚҚС бойынша кімдер тіркелуге міндетті:- Жыл ішінде белгіленген ең төменгі мөлшерден (20 000 АЕК) асып кеткен айналым.- Қазақстанда филиалдар немесе өкілдіктер арқылы жұмыс істейтін резидент еместер.- Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар.Маңызды ерекшеліктер:- Оңайлатылған декларация бойынша ЖҚ-нің айналымы, үш компонентті жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде есепке алынбайды.- ҚҚС-тан босатылған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сататындар міндетті тіркелуден босатылады.Бұзушылықтар үшін жауапкершілік:- Уақытылы тіркелмегені үшін айыппұл – 50 АЕК.- ҚҚС бойынша есепке алынбай жұмыс істегені үшін айыппұл – айналым сомасының 15%.ҚҚС бойынша тіркелу – маңызды, бірақ қиын емес процесс. Ең бастысы – мерзімдер мен талаптарды сақтау. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өзекті мәселелерді белсенді түрде талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/966492?lang=kk
Алматыда GLAA өкілдерінің кездесуі 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік басшысының орынбасары Сергей Викторов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің еңбектегі қанау мен заңнамасын бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі өкілдерінің Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ертаев Асқарбекпен және ҚР мемлекеттік органдармен кездесуіне қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/966490?lang=kk
Қауіпсіздік техникасы бойынша техникалық оқу-жаттығулар өткізілді 05.04.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көктемгі-жазғы белсенді демалыс кезеңіне дайындық шеңберінде Департамент қызметкерлеріне, оның ішінде кәсіподақ ұйымының мүшелеріне арналған қауіпсіздік техникасы бойынша техникалық оқу жұмыстарын өткізді.Департаменттің кәсіподақ ұйымының төрайымы Анарқұлова Н.Г. мемлекеттік қызмет – бұл ерекше сенім екенін, ал мемлекеттік қызметшіден жоғары моральдық жауапкершілік талап етілетінін еске салды. Бұл жауапкершілік тек жұмыс орнында ғана емес, одан тыс жерлерде де сақталуы тиіс.Қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғатқа ұқыпты қарау және қоғамға деген құрмет – мемлекеттік қызметшінің этикалық мінез-құлқының ажырамас бөлігі болып табылады.Сонымен қатар, ол қауіпсіздік ережелерінің негізгі қағидаларымен таныстырды:- Жеке жауапкершілік: әр қызметкер өзінің қауіпсіздігіне жауап береді және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы тиіс.- Белсенді демалысқа дайындық: маршрутты, ауа райы жағдайын және мүмкін болатын тәуекелдерді мұқият зерттеу, сондай-ақ жақындарына жоспарлары жайлы хабарлау қажет.- Дұрыс жабдықталу: тиісті киім, аяқ киім, су қоры, алғашқы медициналық көмек жинағы және байланыс құралдары сияқты қажетті жабдықтардың болуы маңызды.- Маршрутта қауіпсіз жүріс-тұрыс: сақтық танытып, белгіленген бағыттан ауытқымау және жер бедері мен ауа райының ерекшеліктерін ескеру қажет.- Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер: төтенше жағдай туындаған кезде сабыр сақтау, қолжетімді байланыс құралдарын пайдалану және 112 шұғыл қызмет нөмірін білу қажет.- Экологиялық жауапкершілік: табиғатқа ұқыпты қарап, қоқыс тастамау керек.Бұл шара қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі мен кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған және мемлекеттік органдардың жағымды имиджін нығайтуға ықпал етеді. Барлық мемлекеттік қызметшілерді барлық салада этикалық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/966488?lang=kk
Аппараттық мәжілісте қала тазалығы мен маусымдық дайындық мәселелері қаралды 05.04.2025
Бүгін қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Кеңес барысында Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының жұмыс жоспары, көктемгі абаттандыру және маусымдық дайындық жұмыстары талқыланды.Алғашқы мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Сәми Әділет баяндама жасады. Ол 2025 жылға арналған жоспарлармен таныстырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын көктемгі сенбілік шараларына тоқталды.Сонымен қатар, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың маусымдық дайындық жұмыстары қаралды. Бұл бағытта «ӨзенИнвест» ШЖҚ МКК директорының м.а. Шарапатдинов Шапағат Абдуллаұлы, «ӨзенЖылу» ШЖҚ МКК директоры Еңсепов Берік Сақиұлы және «ӨзенЭнергоСервис» ШЖҚ МКК директорының м.а. Еркімбаев Артур Марсұлы баяндама жасап, өз мекемелеріндегі дайындық шаралары жөнінде есеп берді.Қала басшысы кеңес барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығын сақтау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, өндірістік мекемелердің басшыларына қала тазалығына белсенді атсалысуды қатаң ескертті. Бұл мақсатта әр мекемеге белгіленген аумақтарды бөліп беру жоспары әзірленетін болды.Жиын барысында қатысушылар тарапынан осы мәселелерге қатысты бірнеше ұсыныстар айтылып, олар хаттамаға енгізілді. Қала әкімі аталған жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтті.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/966446?lang=kk
Алматы облысында «Qonaev media» өңірлік телеарнасы ашылады 05.04.2025
Бұл туралы баспасөз мәслихатында жаңа телеарнаның басшылары мәлімдеді.Алматы облысымен қатар, республика көлемінде тікелей хабар тарататын арнаға танымал тележүргізушілер жетекшілік етпек. Жаңа арнаның басшысы – Қымбат Хангельдина, ал бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.Жаңалықтарға негізделген телерадио кешені қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 12 сағат хабар таратады.– Мамыр айында кезең-кезеңімен іске қосыла бастаймыз. Жалпы штат саны – 80 адам. Негізгі құрам анықталғанымен, әлі де телеарнаның «ыстығына күйіп, суығына тоңуға» дайын әріптестерді іріктеп, жұмысқа қабылдаймыз. Қазіргі таңда жұмыс жоспары әзірлену үстінде, – деді «Qonaev Media» телерадиокомпаниясы» ЖШС директоры Қымбат Хангельдина.Алматы облыстық телеарнасы болғандықтан, қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Алайда, арна көрерменнің көңілінен шығып, өз аудиториясын қалыптастыра алса, іскерлік жобалар да қолға алынып, өзін-өзі қаржыландыратын медиаға айналдыру көзделген.Телеарна жаңалықтармен шектелмей, түрлі бағыттағы бағдарламаларды да эфирге шығарады.– Ақпараттық хабарлар күнделікті үш мезгіл эфирден беріледі. Апта сайын ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да жарық көреді. Өңірдің әлеуеті зор. Сондықтан мәдениет, спорт, туризм бағыттарын қамтитын циклдік жобалар әзірленеді, – деді «Qonaev Media» арнасының бас продюсері Қымбат Досжан.Жаңа арна іске қосылғанымен, телеарна қызметкерлері үшін қолайлы кеңсе мәселесі өзекті болып тұр. Қазіргі таңда «Qonaev Media» телеарнасының уақытша ғимараты Алматы қаласында орналасқан. Ал облыс орталығы – Қонаев қаласында арнайы медиаорталық ашылған кезде, арна толықтай өңірдің бас шаһарына көшеді.Айта кетейік, болашақта арна жанынан жергілікті радио құрылып, әуе толқынында хабар тарату жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966391?lang=kk
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы (бұдан әрі Федоров ААИ) өсімдіктер карантині саласында 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді: "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" (№766 м. а. бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ, бұдан әрі-тізілім), "ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" (тізілімде №780), "астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру" (тізілімдегі №791)."Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру " мемлекеттік қызмет көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды (тізілімдегі №765-1).Өсімдіктер карантині саласындағы барлық қызметтер тегін негізде көрсетіледі. 17:30 сағаттан кейін өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде өтініш келесі жұмыс күнінің басында тіркеледі.Көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" "веб-порталындағы" жеке кабинеті арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар www.egov.kz (бұдан әрі-портал), сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы.Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"Фитосанитариялық сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-қағаз нысанда берілген немесе дәлелді бас тартылған фитосанитариялық сертификат. Қызмет көрсету мерзімі қабылданған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен ерте емес берілген карантинге жатқызылған елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне фитосанитариялық сараптама нәтижесін қоса бере отырып, өтініш берген кезде 5 жұмыс сағатын көрсету мерзімі (жұмысшылардың тез бұзылатын өнімі үшін 3 сағат).Берілген фитосанитариялық сертификат 30 күнтізбелік күн ішінде жарамды.  " Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу "Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге электрондық нысанда берілген немесе дәлелді бас тарту туралы келісім-хат. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Өтініш қабылданған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде.Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуге келісім-хат әрбір карантиндік объектіге беріледі және ол берілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде қолданылады және бір реттен артық пайдаланылмайды. "Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"Бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;2) портал.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: электрондық не қағаз нысанда берілген өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау немесе дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 10 күн ішінде.Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібіАумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган ведомствосы, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен кезде, аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Шағымды аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған кезде, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібермейді.Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті органның ведомствосы, уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.Уәкілетті орган ведомствосының, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағымен 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;2) қосымша ақпарат ал.Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Өсімдіктер карантині бойынша Мемлекеттік қызметтер саласында сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Федоров ААИ-ге жүгіне аласыз. Мекен-жайы: Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров селосы, Пушкин көшесі 56.Телефон: 8(71442)21-6-98 ҚР АШМ АӨК МИК Федоров ААИ бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Телягисов Т.С.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/966389?lang=kk
Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы 05.04.2025
«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына және «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы             29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:       ФУ-1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;   ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, нақты қозғалған орны бойынша 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;         ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, нақты сақтау орны бойынша 10 қаңтарға дейін; ФУ-4. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: наурыздан қыркүйекке дейін ай сайын ААИ-ға, есепті айдан кейінгі әр айдың 10-на дейін; ФУ-5. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін. Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Федоров селосы, Пушкин  көшесі - 56, жұмыс тел. 8 (71442)  21-6-98, Электрондық мекенжайы: fedof_p-rtu@minagri.gov.kz бойынша ұсыну қажет.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. «КР АШМ АӨК МИК ФедоровААИ» ММ өсімдіктерді қорғау жәнекарантині жөніндегі бас маман-мемлекеттік инспектор                                                      Джагалтаева С.Е.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/966387?lang=kk
Ардақты азаматтарға лайықты құрмет көрсетілді 05.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкірді 85 жасқа, Денсаулық сақтау саласының үздігі Абдулла Шүленбаевты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.«Сыр өңірінде адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» деген болатын.Үлкендеріміз еңсесі биік ел іргесінің сөгілмеуін, келешек ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды әрқашан бірлікке үндеп келеді. Бүгінгі жиынымыз адал еңбегімен халықтың ыстық ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы бола білген ардақты ағаларымыздың құрметіне арналады. Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына зор үлес қосқан, елдің ыстық ілтипатына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың, ақадал ниетті жерлестеріңіздің атынан бүгінгі мерейтойларыңызбен шын жүректен тағы да құттықтап, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз! Ұрпақтарыңыздың қызығын көре беріңіздер! Тойларыңыз тойға ұласа бергей!»,– деді Н.Нәлібаев.Әбдіжәлел Қошқарұлы 1940 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының филология факультетінде білім алған. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, әр жылдары Қызылорда қалалық комсомол комитетінде, комсомол, партия органдарында, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында, Қазақ гуманитарлық заң университетінде жауапты қызметтер атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты кезінде өзекті мәселелерді көтеріп, еліміздегі «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Жарнама туралы», «Тіл туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдардың қабылдануына атсалысты. Алаш қозғалысын зерттеп, 10 монография, 2 оқулық, 200-ден астам ғылыми мақала жазған. Ерен еңбегімен саяси ғылымдар докторы, профессор ғылыми атақтарын, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін иеленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы атанды.Абдулла Сыздықұлы 1950 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1973 жылы облыстық ауруханада қатардағы дәрігерден бастап, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарған. Құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін Сыр медицинасының қарашаңырағы көпбейінді облыстық ауруханада қызметін жалғастырып, жас мамандарға хиругия саласының қыр-сырын үйретумен айналысып келеді. Жарты ғасырдан астам еңбек жолында 15 мыңнан астам ота жасап, мыңдаған адамның өміріне араша болған. Қазіргі таңда еңбек жолын хирург-кеңесші ретінде жалғастыруда. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Құрмет» орденімен, «Шапағат» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Қызылорда облысының құрметті азаматы.Басқосуда мерейтой иелеріне облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, халқымыздың игі дәстүріне сай шапан жабылды.Мерекелік жиында Қызылорда облысының құрметті азаматтары Тұрғанбай Маханов, Ибрагим Әбибуллаев, Шахизат Төребаев мерейтой иелерінің еңбек жолына тоқталып, құттықтау лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965498?lang=kk
Марокко Қазақстанның дінаралық диалог құрудағы бастамаларын қолдайды 05.04.2025
Рабат, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Уақып және ислам істері жөніндегі министрі Ахмет әл Тауфиқпен кездесті.Кездесу барысында Елші Министрді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыру хатын қолма-қол табыс етті.А. Тауфиқ аталған іс-шараға 2015, 2018 және 2022 жылдары Марокко делегациясының басшысы ретінде қатысқанын алға тартып, Қазақстанның бұл бейбітсүйгіш бастамасын жоғары бағалады.Ол сондай-ақ қазіргі уақытта әлемде орын алған қақтығыстарды шешуге, дін өкілдері арасында диалог орнатуға, дінаралық және этносаралық татулықты дамытуға, адамзаттың көзқарастары мен нанымдарына құрметпен қарауға бағытталған бұл Съездің кезекті отырысын ұйымдастыру ерекше маңызға ие екенін атап айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/965375?lang=kk
Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда 05.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өтетін Жеңіс шеруіне белсенді дайындық жүргізуде. Ұландықтар бронды көліктерге техникалық қызмет көрсетіп, әскери техниканың корпустарын жаңалауда.  Одан бөлек дөңгелектерін қаралап, әскери техниканың мінсіз көрінуін қамтамасыз етуде.Шеруге Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 17 бірлігі, оның ішінде «Барыс» 6 × 6, «Алан-2», сондай-ақ «Cobra II» қатысады. Бұдан бөлек қауіптілігі жоғары  аймақтарда 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қауқары бар  «Урал ВВ» машинасы ұсынылады.- Оқ өткізбейтін дөңгелекті бронды көліктер жеке құрам мен жүктерді  тасымалдауға, сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған, – деп атап өтті бронды танк қызметінің бастығы Арсен Шаймарданов.Шеру кезінде техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жауынгерлік машиналардың экипаждары, жүргізушілері, техникалық мамандары және медициналық қамтамасыз ету топтары жұмылдырылған.Айта кетейік, Ұлттық ұланның құрамында механикаландырылған колоннадан басқа шеруге 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын  екі колоннаның сап түзеп өтуі жоспарланған. Сондай-ақ,  Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкалық сүйемелдейді.Биыл Жеңіс шеруіне ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының 4,5 мың әскери қызметшісі қатысады. Алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер жауынгерлік туларын салтанатты алып өтеді. Сап түзеген колонналар әскери жылдардағы киім үлгісінде болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/964334?lang=kk
Өңірлерде орнықты даму мақсаттары бойынша семинарлар өтті 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және Экономикалық зерттеулер институтымен (ERI) бірлесіп, мүдделі тараптар мен азаматтарды Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін ілгерілетуге тартуға бағытталған бірқатар семинарлар өткізді. Шаралар Алматы, Семей, Ақтау, Астана, Жезқазған, Петропавл және Қызылордамен қатар еліміздің  басқа да өңірлерінде өтті.Семинарлардың мақсаты – Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде іске асыру бойынша пікір алмасу, қоғамдық пікірді ескере отырып, басым бағыттарды анықтау, өзекті өңірлік мәселелерді айқындау, тұрақты шешімдер іздеу, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша проактивті шараларды әзірлеу болды.  Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындау процесіне халықтың барлық санатын тартуға ерекше назар аударылды.Шараларға облыс әкімдерінің орынбасарлары мен мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам мен бизнес секторының өкілдері қатысты.Семинарға қатысушылар ұлттық ОДМ индикаторларын жергілікті деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға интеграциялаудың, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша жүйелі жоспарлау шараларын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова өз сөзінде өңірлік институционалдық механизмдерді құру халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін аса маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыруда шешуші рөл атқарады, ал Шолу бойынша басым бағыттар қоғамның түрлі топтарының пікірін ескере отырып қалыптастырылады. Сондай-ақ, ол ОДМ-ға қол жеткізу – ортақ міндет екенін әрі Шолуды сапалы дайындау қажеттігін атап өтті.Талқылаулар барысында қатысушылар ОДМ-ды іске асырылуын мониторингтеуді күшейтуге қатысты нақты ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, жобалық кеңселердің шеңберінде ОДМ бойынша жеке бөлімді Ұлттық даму жоспары мен өңірлік жоспарларға енгізуді ұсынылды. Бұл іске асырылып жатқан жобалардың ОДМ-ға әсерін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ОДМ бойынша деректерді жинау мен талдауға арналған ұлттық цифрлық платформаны құру туралы ұсыныс та айтылды.Еске сала кетсек,  биылғы жылдың шілде айында Қазақстан 39 елмен бірге Нью-Йоркте өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форумда өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/966371?lang=kk
Агенттік екінші деңгейдегі банктердің басшы қызметкерлеріне келісім берді 05.04.2025
Агенттік екінші деңгейдегі банктің келесі басшы қызметкерлеріне келісім берді: Хусаинова Альфия Тахировна «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы      директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 9/БВУ/Т хаттама).Ахатова Динара Алихановна «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 6/БВУ/Т хаттама).Тян Станислав Игоревич «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 7/БВУ/Т хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1158653?lang=kk
ІІМ-де тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті 05.04.2025
Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.Аға буын офицерлердің қатарынан құралған бұл ұйымның жас мамандарды тәрбиелеуде орны ерекше. Тәлімгерлер кеңесі министрлік жанында ғана емес, бүкіл республика бойынша аумақтық полиция департаменттерінде жұмыс істейді.Ішкі істер органдарында жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік рухты қамтамасыз етуде, басшыларға бағыт-бағдар беруде тәлімгерлердің ықпалы өте зор. Барлық өңірде 65 тәлімгерлер кеңесі құрылды. Былтыр олардың 821 отырысы өткізілді. Биылдың өзінде жеке құрамның қатысуымен 207 жиын ұйымдастырылды. Отырыстарда ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды.Министрлік ұрпақтар сабақтастығы жүйесін ұстанып келеді. Осы бағыттағы жұмыс аясында мектеп қабырғасындағы балаларға да көңіл бөлінуде. Бүгінде еліміздің 103 мектебінде 125 "Жас сақшы" полиция сыныптары ашылған. Онда екі мыңнан астам оқушы білім алуда. Сонымен қатар 291 алғашқы әскери дайындық кабинеттері жұмыс істейді. Одан бөлек, сақшылардың мерейін үстем етіп, ерліктерін көпшілікке насихаттау мақсатында "Қазіргі заман қаһарманы" сынды іс-шаралар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/966345?lang=kk
Қазақстандық балуандар Аммандағы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетті 05.04.2025
2025 жылғы 25-30 наурыз аралығында Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы – Амман қаласында Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) айдарымен күрестен Азия чемпионаты өтті. Турнир Азияның 39 елінен 370-тен астам спортшыны Әл-Хусейн жастар қалашығындағы Сумайя ханшайым атындағы аренасында жинады. Іс-шара аталған спорт түріндегі жылдың ең ірі құрлықтық оқиғасы болды.Қазақстан құрамасы грек-рим күресі, әйелдер және еркін күресте нәтижелер көрсетіп, ел наградаларының қоржынын түрлі медальдармен толықтырды.Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: күміс – Әлімхан Сыздықов (130 кг), сондай-ақ қола – Ибрагим Магомадов (77 кг) және Шамиль Ожаев (87 кг).Әйелдер күресінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған Жәмила Бақбергенова мен 53 келіге дейінгі санатта қола жүлдеге ие болған Зейнеп Баянова көзге түсті.Еркін күресте Қазақстан автивінде бес медаль бар: Нұрқожа Қайпановтан (74 кг) алтын, Ризабек Айтмұханнан (97 кг) және Болат Сақаевтан (86 кг) күміс, сондай-ақ Азамат Дәулетбековтен (92 кг) және Рахат Қалжаннан (57 кг) қола.Медаль иегерлерін марапаттау рәсіміне Азия күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай қатысты.Турнир қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық медальдық есепте үшінші орын иеленді.Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі қазақстандық делегацияға ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелер бойынша жәрдем көрсетіп, жарыстарда елдің лайықты өкілдігін қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/966342?lang=kk
Көктемгі санитарлық тазалық айлығының басталуы туралы 05.04.2025
Бүгін, 31 наурызда, қалалық санитарлық тазалық айлығы басталды. Бұл айлық 1 мамырға дейін жалғасады.Қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдар қала абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырылады. Көше тазалығы мен қоқыстарды шығарудан бөлек, іргелес аумақтарды ретке келтіру, ғимараттардың қасбеттерін, тротуарларды, кіреберіс топтарын жаңарту және косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл жұмыстарға гараж кооперативтері, МИБ және ПИТК иелері ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.Айлық барысында қоқыс қалдықтарын полигондарға тегін шығару қызметі ұйымдастырылады. Бұл үшін 109 нөміріне Айкөмек қызметіне өтініш беру қажет.Құрылыс алаңдарында санитарлық нормаларды қатаң сақтау міндетті екенін атап өткіміз келеді. Құрылыс салушылар қала жолдарын ластамау үшін тазалық ережелерін сақтауға, соның ішінде құрылыс алаңынан шыққан кезде жүк көліктерінің дөңгелектерін жууға міндетті.Қаланың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етуге барша қала тұрғындарын қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/966338?lang=kk
Жас дарын – 140 балл! 05.04.2025
Білім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің негізгі іргетасы. Бүгінгі жастардың ғылым мен білімге деген құштарлығы – елдің ертеңін жарқын ететін басты күш. Осындай алғыр да еңбекқор жастардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандық. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинап, өзінің білім деңгейін дәлелдеді.Санжардың бұл жетістігі туған мектебінің ғана емес, бүкіл облыстың мақтанышына айналды. Осы орайда, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушымен арнайы кездесіп, оны құттықтады. Кездесу барысында өңір басшысы білім саласындағы жаңа бастамаларға тоқталып, мектептерді жаңғырту, оқушыларға заманауи білім беру мен қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.– Бұл жетістік – сенің табандылығыңның, ата-анаң мен ұстаздарыңның қолдауының нәтижесі. Бүгінде елімізде жастарға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, одан әрі биіктерді бағындыруға тілектеспін, – деді облыс әкімі.Санжар өз кезегінде болашақ жоспары туралы ой бөлісіп, ұстаздық жолды таңдауды мақсат еткенін жеткізді. Ол алған білімін келешек ұрпақпен бөлісуді ең үлкен миссиясы санайды.Кездесу соңында өңір басшысы жас түлекке 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, анасы мен ұстаздарына Алғыс хат ұсынды. Мұндай қолдау – білімді жастарды ынталандырудың және олардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі.Санжар Қуандықтың жетістігі – білімге ұмтылған әрбір жасқа шабыт сыйлайды. Осындай талапты, алғыр жастар көбейген сайын, еліміздің де болашағы жарқын болары сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966324?lang=kk