Қоғам
ЮНЕСКО Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы табысталды 05.04.2025
Париж, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен осы халықаралық ұйымның Париждегі бас пәтерінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Конвенция хатшылығының басшысы Фумико Охинатаның кездесуі өтті.Федерация президенті 2020 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның бастамасымен «Тоғызқұмалақ / тогуз коргоол / мангала / гөчүрме дәстүрлі зияткерлік және стратегиялық ойыны» номинациясының Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілуіне қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО Хатшылығына алғысын білдірді.Көне ойынның тарихы мен қазіргі таңдағы маңызы туралы айта келе, ол тоғызқұмалақ халқымыздың мәдени мұрасының маңызды бөлігі екенін, оның даналығы мен рухани құндылықтарын айшықтайтынын атап өтті.Кездесу барысында Ә. Байменов Хатшылыққа тоғызқұмалақ тақтасыр сыйға тартып, сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде стратосфераға жіберілген тұздықты табыс етті.Федерация президенті ЮНЕСКО қызметкерлерін ойын ережелерімен таныстырып, олармен бірге бір партия ойнады, бұл жанды мұра халықтар мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға жағымды ықпал ететінің бір айғағы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/964771?lang=kk
NU ғалымдары микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі 05.04.2025
NU ғалымдары микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледіЖаңа ультра икемді өткізгіш полимерлер «ақылды» білезіктерден медициналық сенсорларға дейін шағын электронды құрылғылардың жұмысын күрт жақсарта алады.NU ғалымдары көп функциялы үш өлшемді полимерлерді синтездеудің инновациялық әдісін тапты. Зерттеушілер енді әртүрлі кеуекті композитті материалдарды шығара алады. Сонымен қатар бұл жоғары тиімді энергия сақтау құрылғыларын, сенсорларды және басқа да озық технологияларды жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.Топ жетекшісі, профессор Нұршат Нұражы атап өткендей, алынған жаңа материал миниатюралық және тиімді энергия сақтау құрылғыларын құрудың болашағын ашады: «Микроэнергияны сақтау құрылғыларының дамуы киілетін электрониканың болашағы үшін өте маңызды. Біздің полимерлер дәстүрлі материалдардан асып түседі және шағын энергияны сақтау қолданбалары үшін ауқымды, үнемді шешім ұсынады. Олар дәл Қазақстанда өндірілуі де мүмкін».Жаңа материалды смарт білезіктер, биосенсорлар және икемділік пен деформацияға төзімділікті қажет ететін басқа да құрылғылар сияқты киілетін гаджеттерде қолдануға болады. Ол өзінің қасиеттерін жоғалтпай иілуге және бұралуға төтеп береді.Зерттеуші Гүлдана Жігербаева болашақ материалдың қасиеттерін атап өтті:«Материалдық инженер ретінде мен ақылды материалдарды, яғни болашақтың материалдарын өндірудің масштабталатын әдістерін әзірлеуге тырысамын. Жаңа технологияның басты артықшылығы – оның әмбебаптығы мен қарапайымдылығы. Кеуекті полимерлерді синтездеудің қолданыстағы әдістерінен айырмашылығы – бұл тәсіл қосымша әдістерді, айқастырғыш агенттерді немесе диэлектриктерді қолдануды қажет етпейді. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді және оның құнын төмендетеді. Біз қазірдің өзінде икемді энергия сақтау құрылғыларын, газ датчиктерін және сутегі өндіру жүйелерін жасау кезінде осы әзірлемелерімізді қолданып жатырмыз. Осылайша платформаның тиімділігін дәлелденген. Синтездің ауқымдылығы материалдарды өндірісте қолдануға жол ашады».Қазақстандық ғалымдар тобының полимерлік нанокомпозиттер саласындағы зерттеулері болашақтың тиімді икемді энергия сақтау құрылғылары мен материалдарын құру жолындағы маңызды қадам болғаны сөзсіз. Қазір ғалымдар жаңа синтездеу жолын басқа композиттік полимерлер жасау үшін пайдалануда. Бұл полимерлер сутегі өндірісінде, суды тазартуда, сезімтал сенсорларды жасауда және жаңартылатын энергия мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа жобаларда қолданылады. Жұмыстың нәтижелері Nature Portfolio құрамына кіретін Scientific Reports беделді ғылыми журналында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/964753?lang=kk
KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады 05.04.2025
KazAID және ФАО шегірткеге қарсы күрес шараларын талқылады2025 жылғы 27 наурыз, Астана - KazAID кеңсесінде Кавказ бен Орталық Азиядағы шегірткеге қарсы күрес бағдарламасы бойынша өңірлік миссия шеңберінде келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) сарапшыларымен кездесу өтті.Талқылау барысында өзекті сын-қатерлер, шегірткеге қарсы күрестің басым қажеттіліктері, сондай-ақ хабардарлықты арттыру және серіктестіктерді кеңейту мәселелері қозғалды.KazAID азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған өңірлік бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын.Кездесу ФАО-ның Қазақстаннан, Римнен және өңірлік кеңседен келген жетекші мамандарының қатысуымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/964751?lang=kk
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді 05.04.2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-kamysty/press/news/details/966788?lang=kk
Прокуратура ерекше балалар үшін жағдайды жақсартуға қол жеткізді 05.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғады.Алға ауданында 75 мүмкіндігі шектеулі бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген 45 минуттың орнына тек 35 минуттан оқытылған.Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті арасындағы келісім-шарттарда бала екі апта бойы сабаққа келмеген жағдайда келісімді біржақты бұзуға болатындығы жөнінде заңсыз нормалар көзделген.Сонымен қатар, апта сайын сабаққа келе алмайтын балалар үшін қашықтықтан түзету сабақтарын өткізу мүмкіндігі қарастырылмаған.Сондай-ақ, Қарғалы ауданында 13 мүгедектігі бар бала жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілмеген.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 88 мүмкіндігі шектеулі баланың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/964684?lang=kk
2025 жылғы 27 наурызда Светлое ауылында аудандық мәслихат депутаты И. А. Алтынникова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурызда светло ауылында аудандық мәслихат депутаты И. А. Алтынникова азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.Тұрғындар Светлое - Терентьевка жолына себу және тегістеу мәселесі бойынша жүгінді Аталған мәселе бойынша "Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-не депутаттық сауал жолданатын боладыАзаматтарды қабылдау туралы ауыл тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/964682?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандары мен газ құю бекеттерінде санитарлық тазалықты сақтау, айналасын абаттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 05.04.2025
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандары мен газ құю бекеттерінде санитарлық тазалықты сақтау, айналасын абаттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/964660?lang=kk
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі 05.04.2025
2026 жылғы 14 ақпанда Қостанай қаласында қала мен аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністер, жемістер, ет, бал, сүт өнімдері және басқа да өнімдер сатылады.Өтетін орны: «Саяхат» базары, Қарбышева көшесі, 131. Басталуы: сағат 9:00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1160626?lang=kk
Көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағаты 05.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемдік каникулдық мектеп – 2025 аясында ШҚО бойынша «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобаға қатысушы 80 мектеп директорлары және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «2025-2026 оқу жылындағы 80 нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау» әдістемелік сағатын өткізді.Іс-шара барысында білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлім басшысы К.Т. Байболова нысаналы мектептердің жеке портретінің бөлімдеріне нақты түсініктеме беріп, толықтырды. 80 нысаналы мектептердің негізгі мәселелері анықталып, шешу жолдары ұсынылды.Әдістемелік сағат соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, 2025-2026 оқу жылына 80 нысаналы мектептің жеке жұмыс жоспарын жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.Іс-шараға 150 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964638?lang=kk
«Ең жақсы еркек» қойылымын тамашалаңыздар! 05.04.2025
28 наурыз Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың комедиялық жанрдағы «Ең жақсы еркек» қойылымы көрермен назарына ұсынылады. Автор пьесада қазіргі қоғамдағы өзекті проблеманы астарлы әзілмен жеткізуге тырысқан. Спектакль көпшілік көрерменге арналған. Жеңіл әрі ойнақы. Шығарма шынайы өмірде кездесетін кейбір келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, отбасылық татулықты жоғалтып алмауға, жас қыздардың өмірде көрсе қызарлықпен шалыс баспауына үндейді. Қойылым адамгершілік пен сыйластықты жоғары бағалап, жастарды жеңіл әрі алдамшы сезімге шатастырмай шынайы махаббатын кездестіріп, өмірде өз орнын табуға жәрдемдеседі. Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964628?lang=kk
Халықаралық театрлар күні құтты болсын! 05.04.2025
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.Театр – халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы. Тарихты да, махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да көрермен қауымына қауыштыратын сиқырлы армандар әлемі.Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымдарын төл мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/964582?lang=kk
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді 05.04.2025
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді: Асыл Бахитович Даутбаев бағалы қағаздар нарығында Директорлар кеңесінің басшысы, Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына (2026 жылғы 17 шілдедегі №327/РЦБ хаттамасы); Бексултанхожа Абдикахарович Ануаров бағалы қағаздар нарығында Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына (2026 жылғы 17 шілдедегі №326/РЦБ хаттамасы); Сауле Амреевна Пралиева «Фридом Финанс» АҚ бас бухгалтер лауазымына (2026 жылғы 17 шілдедегі №325/РЦБ хаттамасы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1259992?lang=ru
QazTrade қызметкерлері «Экспорттық акселерация-2025» роуд-шоуы аясында Қазақстан өңірлерінде іс-шаралар сериясын өткізді 05.04.2025
«Экспорттық акселерация-2025» бағдарламасы аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында бірқатар іс-шаралар өткізді.Кездесулер барысында бизнес, мемлекеттік құрылымдар және салалық қауымдастықтар өкілдерімен экспорттық акселерация бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. QazTrade мамандары қатысу шарттары, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары және отандық экспорттаушыларға қолжетімді құралдар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Іс-шара қатысушылары экспорттық әлеует, сертификаттау, логистика және шетелдік нарықтарға маркетингтік ілгерілету мәселелері бойынша жеке кеңестер алды. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін экспорттау кезінде кездесетін кедергілер мен сын-қатерлер, сондай-ақ QazTrade қолдауымен оларды еңсеру тетіктері талқыланды.«Экспорттық акселерация-2025» роуд-шоуы QazTrade-тің отандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін дамытуға, олардың халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға бағытталған негізгі бастамаларының бірі болып табылады.Өңірлердегі кездесулер сериясы бизнестің бағдарламаға деген жоғары қызығушылығын көрсетті және шикізаттық емес экспортты дамытудағы мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын айқындады. QazTrade қазақстандық компанияларды халықаралық нарықтарға шығару жолында сүйемелдеу және экспорттық кедергілерді еңсеруде қолдау көрсету бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/964563?lang=kk
«Шахтинск квартеті» көрмесінің ашылуы өтті 05.04.2025
27 наурыз күні Әдебиет және өнер музейінде Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК-нің оқытушылары Жанабек Жұмабеков, Наталья Юрьевна, Елена Вячеславовна, Ерсин Темиргалиевтердің бірлескен «Шахтинск квартеті» шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.Көрменің мақсаты: Қарағандылық суретшілердің шығармашылығын халық назарына ұсыну, насихаттау. Өнер адамының еңбек жолын жас буынға үлгі ету, көркем суретке қызықтыру. Сол арқылы көпшілікті көркемөнерге, шығармашылыққа баулу. Бос уақыттарын тиімді пайдалануға бейімдеу. Халықты мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Музей ісінің алға басуына, танымалдығының артуына ықпал ету болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/964546?lang=kk
Лауазымды тұлғалардың аттестациясы 05.04.2025
2025 жылдың 27 маусымында Қостанай облысы аппарат әкімшілігінің нотариалдық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының кезекті аттестациясы өткізілді.Аттестацияның басында лауазымды тұлғалар үшін әрекеттегі заңнаманы түсіндіру бойынша және нотариалдық іс жүргізу ережелері туралы семинар жүргізілді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1025661?lang=kk
Еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларға Қарулы күштердің 2000-нан астам әскери қызметшісі жұмылдырылған 05.04.2025
Еліміздің түрлі аймақтарында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғастырылуда. Отан қорғаушылар Ақмола, Абай, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарының жергілікті қызметтері мен халқына жан-жақты көмек көрсету үстінде. Бұл аймақтардың жергілікті аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қосылды. Бригадалар мен әскери бөлімдердің жеке құрамы өзен жағалауларын нығайтумен, қаптарға топырақ салып, оларды төсеумен айналысуда.Абай облысында әскери қызметшілер Аягөз ауданының Мамырсу ауылына көмек көрсетуде. Аягөз өзенінің жағасына топырақ тасымалдау үшін 10 КамАЗ көлігі мен жүк тиегіш бөлінді.Ақмола облысының Атбасар және Ақкөл қалаларында әскери қызметшілер қап дайындаумен айналысуда.Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы Заречный және Тепличный елді мекендерінде еріген қар суына тосқауыл қоймақ. Петропавл қаласының маңындағы Бескөл кентіндегі жағалауды нығайту үшін 44813 әскери бөлімінің әскери қызметшілері құм салынған қаптар дайындап жатыр. Қостанай облысында жергілікті бригаданың жауынгерлері Новоселовка ауылында жұмыс жүргізіп, Обаған өзенінің жағалауын нығайтумен айналысуда.Аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе кентіндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды.Ал Атырау қаласында әскери бөлімдердің әскери қызметшілері жақын маңдағы Тұрғызба, Шоқпартоғай, Бақашы және Құлсары елді мекендерінде жұмыс жүргізуде. Шоқпартоғай және Бақашы ауылдарының маңындағы іс-шаралар екі ауысымда ұйымдастырылуда.Ақтөбе облысына Қонаев гарнизоны инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері көмекке келді. Олар өздерімен бірге понтондық көпір паркінің элементтерін, оның ішінде понтондық көпір сегменттері бар екі ірі тоннажды жер үсті көлігі (КрАЗ-255б), қалқымалы тасымалдаушы, сондай-ақ Камаз және КрАЗ көліктерінің базасындағы екі сүйреткіш моторлы қайық ала келген. Әскери инженерлер кез келген уақытта Ойыл өзеніне уақытша өткел орналастыруға дайын.Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 2300-ге жуық әскери қызметші мен 770-тен аса техника тартылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/964482?lang=kk
ШҚО прокуратурасы облыстағы бір колониясында дәрігерлерге негізсіз төлемдер жасалғанын анықтады 05.04.2025
Шемонайха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында ШҚО ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетудің негізсіз көбейтілгені анықталды. 2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңгені құрауы тиіс еді. Дәл осындай жағдай дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлерінің қабылдауларында да орын алған. Нәтижесінде, жалпы артық төленген сома 1,4 млн теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз төленген қаржы бюджетке қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІПШығыс Қазақстан облысы прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/964430?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісінің үлесі өсуде 05.04.2025
Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі, сондай-ақ ондағы инвестициялық табыстың үлесі өсуде. 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 11,46 трлн теңге болды (салыстыру үшін - 01.03.2024 ж. 8,83 трлн теңге). 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен бірге 40,3% жетті. Бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинағын қалыптастыруда алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді (01.03.2024 ж. бұл көрсеткіш 37,4% болды). Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 наурызға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 962,28% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 851,90% көрсетті.Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс арқылы басқа құралдар бойынша уақытша орын алған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жыл ішіндегі инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп отырды, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылып, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі - 13,74%, ал инфляция 9,4% мөлшерінде болды.Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/966445?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері 05.04.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге.ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%, МҚҰ - 1,35%.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,98%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 79,11%, РЕПО операциялары – 16,11%, ҚРҰБ депозиттері – 4,29%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,23 млрд теңгеден асады.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,27 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,37%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,93%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 18,68%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,96%, РЕПО – 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,74%. Атап кетейік, портфельдің 65,17% теңгемен, 33,53% АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,56% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,15 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 11,67%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,66%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,52%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,04%, Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,84%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,34%, АҚШ долларымен 31,66% тең.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,72 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,90%, ҚР ЕДБ облигациялары – 21,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,36%, РЕПО – 11,03%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,00%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,00%.Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 80,36%, АҚШ долларымен 19,64%. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,01% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,11 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 25,91% инвестицияланды, РЕПО – 15,79%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,68%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 6,86%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,92%.Ұлттық валютада портфельдің 80,49%, АҚШ долларында – 19,51% инвестицияланды .2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,99 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,87%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,15%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,39%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,55%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,13%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,99%, АҚШ долларында – 37,01% инвестицияланды.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,76% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978091?lang=kk
Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісінің үлесі өсуде 05.04.2025
Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі, сондай-ақ ондағы инвестициялық табыстың үлесі өсуде. 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 11,46 трлн теңге болды (салыстыру үшін - 01.03.2024 ж. 8,83 трлн теңге). 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен бірге 40,3% жетті. Бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинағын қалыптастыруда алатын рөлінің маңызды екенін көрсетеді (01.03.2024 ж. бұл көрсеткіш 37,4% болды). Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 наурызға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 962,28% болды, бүкіл кезеңдегі инфляция 851,90% көрсетті.Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс арқылы басқа құралдар бойынша уақытша орын алған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жыл ішіндегі инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп отырды, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын және міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылып, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі - 13,74%, ал инфляция 9,4% мөлшерінде болды.Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/973558?lang=kk