Қоғам
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері 05.04.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%, МҚҰ - 1,35%.2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,98%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 79,11%, РЕПО операциялары – 16,11%, ҚРҰБ депозиттері – 4,29%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды. Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,23 млрд теңгеден асады.01.03.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,27 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,37%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,93%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 18,68%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,96%, РЕПО – 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,74%. Атап кетейік, портфельдің 65,17% теңгемен, 33,53% АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,56% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.03.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,15 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 11,67%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,66%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,52%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,04%, Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,84%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,34%, АҚШ долларымен 31,66% тең.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.03.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,72 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,90%, ҚР ЕДБ облигациялары – 21,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,36%, РЕПО – 11,03%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,00%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,00%.Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 80,36%, АҚШ долларымен 19,64%. 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,01% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.03.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,11 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 25,91% инвестицияланды, РЕПО – 15,79%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,68%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 6,86%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,92%.Ұлттық валютада портфельдің 80,49%, АҚШ долларында – 19,51% инвестицияланды .2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,99 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,87%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,15%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,39%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,55%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,13%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,99%, АҚШ долларында – 37,01% инвестицияланды.2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,76% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/966441?lang=kk
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы 05.04.2025
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы - цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Білім беру сапасы педагогикалық қауымдастықтың кәсібилік деңгейімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан мұғалімдерді тұрақты түрде қолдау, олардың мәртебесін, материалдық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өту керек. 2020 жылдан бастап педагогтердің жалақысы 2 есеге артты, ал біліктілік санаттары бар мұғалімдерге ол үшін лауазымдық жалақысының 35%-дан 50%-ға дейін үстемеақы төленеді. Бүгінде орта білім беру жүйесінде жұмыс істейтін 400 мың педагогтің 300 мыңға жуығына осындай үстемеақылар төленіп келеді.Ауыл мұғалімдерін қолдауға ерекше назар аударылуда, олардың жалақысы қалалардағы әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25%-ға жоғары. Бұл өңірлерге білікті кадрларды тартуға ықпал етеді.2023 жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту енгізілді. 1,7 миллион оқушыны қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттерден 192 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ тамақтану сапасын арттыру мақсатында асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды, күнделікті бақылау енгізілді.Сонымен қатар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген.2025 жылдан бастап жекеменшік мектептердің оқушылары үшін де әлеуметтік қолдау шараларын енгізу көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/964874?lang=kk
Қызылордада пробация есебіндегі 19 сотталған түзеу мекемесіне жіберілді 05.04.2025
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметінің есебінде бүгінде 1000-ға жуық сотталған азамат тіркеуде тұр. Пробация бақылауында бола тұра, кейбір азаматтар сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзуда. 2025 жылдың алғашқы үш айында осындай құқық бұзушылықтарға жол берген 19 сотталғанға қатысты сот шешімі шығып, олар жазаның өтелмеген бөлігін түзеу мекемесінде өтеуге жіберілді. Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандардың құқықтық тәртіпті сақтауын қадағалау мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Әрбір сотталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олардың кешкі уақытта қоғамдық орындарға бармауы қадағаланады. Жаза өтеу тәртібін бұзуға бейім тұлғалармен жеке түсіндірме әңгімелер өткізіліп, құқықтық кеңестер беріледі. Сонымен қатар пробация инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен және құқық қорғау құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, сотталған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және олардың құқық бұзушылыққа қайта бармауы үшін кешенді шаралар қабылдауда. - Пробация есебінде тұрған азаматтарға сот белгілеген шектеулерді орындау – олардың басты міндеті. Егер олар бұл талаптарды елемейтін болса, заң аясында қатаң шаралар қолданылатыны ескертіледі. Жаза өтеу тәртібін бұзу олардың бас бостандығынан айыру жазасына қайта тартылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан пробация есебіндегі азаматтар да өздеріне берілген мүмкіндікке жауапкершілікпен қарап, қайта құқық бұзушылық жасамау қажет деп есептеймін, - дейді пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы Ғаламат Құлманов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/964385?lang=kk
Үкіметте Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық дамуы, IT-саланың өсу әлеуеті қаралды 05.04.2025
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық даму мәселелері, сондай-ақ IT-саланың өсу әлеуеті қаралды.Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің экономикалық өсуінің негізгі көрсеткіштері туралы хабарлады. Биылғы 2 айда ауыл шаруашылығында (102,3%), құрылыста (112,7%), ішкі саудада (109,5%), көлік саласында (107,1%), байланыста (108,9%) өсім қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері тартылған инвестиция көлемі 31 млрд теңге. Оның 83,8%-ы бюджеттен тыс қаражат. Облыс бойынша жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын 27 инвестициялық жоба пулы жасалған. Нәтижесінде 8,4 мың жұмыс орны ашылады. Биыл 747 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы құны 30 млрд теңге сегіз жоба іске асыру жоспарланған. Бұл «Qazaq Astyq Group» ЖШС күнбағыс майын құю және орау желісі бар тазарту цехы (7,1 млрд теңге), «Семаз» ЖШС өндірісін кеңейту (10 млрд теңге), «Қазполиграф» ЖШС қағаз және картон бұйымын өндіру (6 млрд теңге), 18 жаңбырлату машинасы орнатылатын екі суару жобасы, «Eastern Gold» ЖШС «Родниковое» кен орнын игеру үшін алтын өндіру фабрикасын салу және басқалар.Жедел штаб отырысында облыс әкімі «Eurasia Agro Semey» ЖШС-нің ет өңдеу зауыты құрылысы жобасына қатысты, нақты айтқанда, кәсіпорынға жоғары кернеулі электр желілерін тартуды қаржыландыру мәселесін көтерді. Штаб отырысының қорытындысы бойынша бұл мәселе ұқсас өтінімдер түскен басқа өңірлердегі инвестициялық жобаларды іске асыру тапсырмалары тізіміне енгізілді.Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіптің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40% болғанымен, өңір экономикасын әртараптандыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Барынша нәтижелі жұмыспен қамтуды, халық табысын және салық түсімін қамтамасыз ететін неғұрлым перспективалы бағыттар ШОБ, оның ішінде туризм, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, цифрландыру және инфрақұрылым.2025 жылы облыстағы негізгі капиталға KPI инвестициясы 1 трлн 65 млрд теңге көлемінде белгіленді (2024 жылы – 768,2 млрд теңге). Екі айда өңірге 81,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Облыстың инвестициялық портфелі жалпы құны 1,4 трлн теңгені құрайтын және 7 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 111 жобадан тұрады. Биыл 101,7 млрд теңгеге (688 жұмыс орны) 9 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында «ВОСТОКМАШЗАВОД» АҚ құйма өндірісін жаңғырту (33,8 млрд теңге), «Каскад-Н» ЖШС алтын өндіру фабрикасы құрылысы (9 млрд теңге), «AltynShyghys» ЖШС-нің май өндіру зауытының екінші кезеңі (8 млрд теңге) және басқалары бар.Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстың инвестициялық жобаларын дамытудағы бірқатар кедергілерді атап өтті. Мысалы, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-інде теміржол тарифі мен электр энергиясы шығынының өсуіне байланысты цемент өндірісі бір жылда 22,8%-ға төмендеді. Кәсіпорын жабдықты жаңғырту кезеңінде электр энергиясы мен теміржол тасымалына тарифті уақытша төмендетуді сұрайды. Вице-премьер Табиғи монополияларды реттеу комитетіне туындаған мәселені шешудің барлық мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Сондай-ақ облыста ДСП өндіру зауытын қайта құру және жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба 500-ден астам жұмыс орнын құруға және ағаш өңдеу саласын дамытуға ықпал етеді. Өйткені бүгінде өңірдегі ЛДСП қажеттілігі толығымен импорт есебінен жабылуда. Қазірдің өзінде кәсіпорын шикізатпен қамтамасыз ету проблемасына тап болып отыр. Облыс әкімі Мемлекеттік орман қорынан отандық өндірушіге шикізатты тікелей бөлу мүмкіндігі мәселесін көтерді. Вице-премьер Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бұл мәселені қысқа мерзімде пысықтауды тапсырды. Облыс әкімі туризм, шағын ГЭС каскадын салу, АӨК саласындағы басқа да жобалар бойынша бірқатар мәселелерді айтты. Оларды енді бейінді ведомстволар шешетін болады.Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ақпарат және байланыс қызметінің ЖІӨ-дегі үлесі 2,2%, ал нақты көлем индексі 12,9%-ға өсті. Биылғы екі айдың ішінде интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтер көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға артты. Мобильді байланыс және тіркелген интернет абоненттерінің саны өсіп келеді, ал интернет-трафикті тұтыну көлемі жыл сайын орта есеппен 15–20%-ға көбейіп отыр. 2025 жылы саланың экономикалық өсім көрсеткішін 11%-ға жеткізу үшін ЦДИАӨМ биыл бірнеше инвестициялық келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, телекоммуникация саласында бірқатар жобаларды іске асыру көзделген. Бұл өз кезегінде саланың жоспарланған экономикалық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабековтың айтуынша, бүгінде елдегі IT саласы қарқынды дамып келеді. 2023 жылы 17,9 мыңнан астам болған IT компаниялар саны 2024 жылы 18,6 мыңнан асты. Соңғы жылдары дайындалған IT мамандардың саны 100 мың адамнан асты. 2023 жылы IT қызметтер экспорты жарты миллиард долларлық межеден асып түсті. Ал алдын ала деректер бойынша, бұл көрсеткіш 2024 жылы $700 млн құрайды. Көрсетілетін IT қызметтердің көлемі 2022 жылы 946 млрд теңгеден 2024 жылы шамамен 1,5 трлн теңгеге дейін өсті. Өсім драйверлерінің бірі – «Astana Hub» халықаралық технопаркі болып отыр. Мұнда 1,5 мыңнан астам IT компания тіркелген (оның 425-і шетелдік қатысумен).https://primeminister.kz/news/ukimette-shygys-kazakstan-zhane-abay-oblystarynyn-ekonomikalyk-damuy-it-salanyn-osu-aleueti-karaldy-29850 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/964384?lang=kk
Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады 05.04.2025
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді. Олар бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін пайдалана алады.Қорға Бағдарламаға қатысушылардың заңды өкілдерінен электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында (EGOV Mobile сайты мен ұялы қосымшасында) 2006-2007 жылдары туған балаларына есептелген НЖ туралы ақпараттың болмауы мәселесіне қатысты өтініштердің жиі түсуіне орай, БЖЗҚ кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты Қордың немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурсындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс екенін ескертеді. Осылайша, БЖЗҚ қазақстандық заңнамаға сәйкес нысаналы жинақтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қоса алғанда, НЖ алушыларға қатысты ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. НЖ төлемі мен оларды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №76 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларында;- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақтар төлемдерін пайдалану қағидаларында көзделген.НЖ пайдаланудың қадамдық алгоритмі мынадай сипатқа ие:18 жасқа толған НЖ алушы БЖЗҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарында, сондай-ақ БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы өзінің НЖ сомасын дербес тексере алады.Қосымша мәлімет ретінде, 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.НЖ алушы (не оның заңды өкілі) уәкілетті оператордың (УО) интернет-ресурсы арқылы УО-ға жүгінеді, НЖ алушының атына АҚШ долларымен банк шотын ашады, НЖ төлеміне онлайн-өтініш береді.УО төлемге өтініш қаралғаннан және мақұлданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде төлемге өтініштің тіркелгені туралы БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді.БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде УО-ға өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын НЖ алушының атына АҚШ долларында ашылған банк шотына одан әрі есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, аударудан бас тартатыны туралы хабарлайды.НЖ алушы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексеріп, НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен 10 жыл бойына сақталуы мүмкін. Егер осы мерзім ішінде азамат өзіне тиесілі қаражатты пайдаланбаса, бұл сома БЖЗҚ-да алушының атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Қаражат ҚР Ұлттық банкінің аударым күніндегі ресми бағамы бойынша теңгемен есептеледі. Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген. Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін пайдалануға қатысты уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/966425?lang=kk
Елордада «Астана» ӨңҚ бірінші қолбасшысы Владимир Шацковтың мерейтойы атап өтілді 05.04.2025
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Астана» өңірлік қолбасшылығының бірінші қолбасшысы отставкадағы генерал-майор Владимир Шацковтың 75 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Ардагерді құттықтауға Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, әріптестері, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің кадеттері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және жақындары келді.Мерейтой иесін Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев құттықтады. Қорғаныс министрінің атынан ол Владимир Шацковтың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құруға және оны қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесі атап өтілген құттықтау хатын табыс етті.– Ел үшін қиын жылдары сіз әрқашан ең маңызды бағыттарда қызмет етіп, жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңіз. Сіздің тікелей басшылығыңызбен «Астана» өңірлік қолбасшылығы құрылды. Көпжылдық қызметтіңізде бірнеше лайықты офицерлер буынын тәрбиеледіңіз, – деп атап өтті министрдің орынбасары.Владимир Александровичке Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жылы лебізін білдірді. «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасы Халық қаһарманы отставкадағы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың атынан мерейтой иесіне отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов алғыс хат табыс етті. Кездесуге қатысушыларға алғысын білдірген Владимир Александрович армия құрудағы бастапқы қызмет жылдары мен сол кезеңде күрделі міндеттерді бірге атқарған әріптестері туралы естеліктерін айтып берді.– Әрқашан алда болуға ұмтылдым. Маған бұл жолда спорт көмектесті. Қызметте сарбаздарға әкесіндей болуға тырыстым. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жұбайымызбен бірге тұрдық, төрт бала сүйдік – Отанымыздың лайықты азаматтарын тәрбиеледік. Олар менің сенімді тірегім. Мен әрқашан қызметте де, достықта да құрметке ие болу керек деп қайталаудан шаршамаймын. Бұл менің өмірлік ұраным, – деді Владимир Шацков.Айта кетсек, әскерлерді басқару және басшылық ету ісіндегі жетістіктері, жауынгерлік дайындықты жоғары деңгейде қамтамасыз еткені үшін Владимир Шацков ІІ дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Жауынгерлердің қазіргі буыны үшін Владимир Шацковтың өмір жолы – әскери борышқа адалдықтың және Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісі.Шара соңы ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/964376?lang=kk
Түркістан қаласында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі Чемпионаты өтті 05.04.2025
2025 жылдың 20-26 наурыз аралығында Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өткен болатын.Аталған жарыста облыстық құрама сапында сынға түскен Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Камила Тютенева 1-орынды қанжығалап қайтты.Айта кетейік, Камила Тютенева осымен үш дүркін Қазақстан чемпионы атанып отыр.Жаттықтырушы: Құрманбаев Е.М.Самар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары спорттың барлық саласында топ жарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/964332?lang=kk
Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің аясында ядролық қарусыздану контекстіндегі адам құқықтары мәселелері талқыланды 05.04.2025
Женева, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірін іске асыруды жалғастыру мақсатында, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі 58-ші сессиясының аясында «Адам құқықтары және ядролық қарусыздану» тақырыбында талқылау өтті.Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған іс-шара адам құқықтары және ядролық қарусыздану мәселелерінің сындарлы қиылысын зерделеу, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаһандық диалогты одан әрі дамыту үшін БҰҰ-ның танымал спикерлері мен сарапшыларын жинады. Пікірталас барысында Қазақстанның Тұрақты өкілі Е.Әлімбаев, Маршалл аралдарының Тұрақты өкілі Д.Дебрум, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Р.Пангаланган және адам құқықтары және ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық сарапшылар А.Варе, Н.Гунасекера және А.Рой сөз сөйледі.Қазақстан үшін панельдік пікірталас тақырыбының ерекше маңыздылығын атап өткен Е.Әлімбаев халықаралық қауымдастықты адам құқықтары қағидаттарын жаһандық қарусыздану күштерімен біріктіруге шақырды, бұл ретте ядролық қарусыздану қауіпсіздік мәселесі ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарының императиві екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат еліміз ядролық тежеуді алмастыра алатын қауіпсіздіктің баламалы шараларын әзірлеуді қолдайтынын айтты. Бұл ретте адам құқықтарын толық жүзеге асыру үшін ядролық қарудан азат әлем қажет екенін атап өтті.Тұрақты өкіл Е.Әлімбаев сөзінің соңында адам құқықтары бұл бастамалардың ортасында болуын қамтамасыз ете отырып, ядролық қарусыздану бойынша күш-жігерді ілгерілету үшін халықаралық әріптестермен ынтымақтасуға Қазақстанның дайындығын растады. Талқылауға БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың 80-нен астам өкілі, сондай-ақ БҰҰ Қарусыздану бағдарламасының стипендиаттары қатысты. Іс-шара Женеваның адам құқықтары жөніндегі қоғамдастығы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Халықаралық адам құқықтары құқығы контекстіндегі ядролық қарусызданудың маңыздылығы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің аясында алғаш рет талқыланды.Анықтама: Адам құқықтары жөніндегі кеңес – БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы, оның құрамына бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын көтермелеуге және қорғауға жауапты 47 мемлекет кіреді.Кеңестің құзыретіне жыл бойы оның назарын талап ететін адам құқықтары саласындағы барлық тақырыптық мәселелер мен жағдайларды талқылау кіреді. Адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырыстары БҰҰ Женевадағы кеңсесінде өтеді.Кеңес жылына кемінде үш тұрақты сессия өткізеді: наурызда (4 апта), маусымда (3 апта) және қыркүйекте (3 апта).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/964312?lang=kk
Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Оман Сұлтандығының Қаржы министрімен талқыланды 05.04.2025
Масқат 2025 жылғы 27 наурызда - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесуі өтті.Экономикалық ынтымақтастықтың неғұрлым әлеуеті зор бағыттары, атап айтқанда қаржы саласы мен портфельдік инвестицияларды тартудағы өзара іс-қимыл талқыланды.Оман тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығын және Қазақстанның басқа да қаржы институттарын құру тәжірибесі мен қызметіне ерекше қызығушылық танытты.Кездесу соңында Оман Қаржы министрінің биылғы мамыр айында Қазақстанға алдағы сапарын дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Оман инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/964307?lang=kk
Вакцинацияның маңыздылығы 05.04.2025
Вакцинацияның маңыздылығы Вакцинация-бұл адам олардың қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Оның арқасында сәбилер мен балалар өлімі, өмір бойғы мүгедектік төмендеді. Вакцинация бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру және иммундық жүйемізді күшейту үшін дененің табиғи қорғаныс механизмдерін пайдаланады. Кез келген егу жүздеген есе қауіпсіз ол қорғайтын ауруға қарағанда. Вакцинация балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. Тек осы шара емделмейтін немесе өте қиын (дифтерия, сіреспе, В вирустық гепатиті, көкжөтел) аурулардың алдын-алудың жалғыз құралы болып табылады. Кішкентай балалар үшін вакцинация өте маңызды, өйткені оның денесі әртүрлі инфекцияларға өте осал. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Паротитке, қызамыққа, көкжөтелге, В вирустық гепатитіне қарсы Вакцинация осы инфекциялармен сырқаттанушылықтың спорадикалық деңгейіне қол жеткізді. Алайда, бұл ата-аналардың балаларын иммундаудан бас тартуына себеп болмауы керек. Табын иммунитетінің деңгейі төмендеген бойда, яғни. осы инфекцияға антиденелері бар және инфекцияның таралуын тоқтату үшін қажет адамдардың қабаттары инфекцияның "қайтарылуы" сөзсіз. Вакцинациямен қамту деңгейі мен аурушаңдық арасында нақты кері байланыс бар. Вакцинация неғұрлым көп болса, соғұрлым аз ауырады. Көптеген ата-аналар вакцинацияларды медицина мамандары енгізген ресми нәрсе ретінде қарастырады, көбінесе вакцинаның алдын алудың сауықтыру сипатын түсінбейді, бұл вакцинациядан негізсіз бас тартудың артуына әкеледі. Ата-аналар баласының денсаулығына қызығушылық танытады және бұл вакцинацияға оң көзқарасты қалыптастырудың негізі болуы керек. Балаларды күнтізбелік мерзімде вакцинациялау аурудың дамуын ғана емес, сонымен қатар ауыр асқынулардың пайда болуын да ескертеді. Профилактикалық егулер тегін жүргізіледі. Балалардың әл-ауқаты-бұл вакцинамен басқарылатын инфекциялар қаупіНІҢ БОЛМАУЫ және тек профилактикалық егулердің арқасында қол жеткізіледі. Басшы "Бейімбет Майлин ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ Ярушко Н.А. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/964297?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады 05.04.2025
[20:07, 27.03.2025] Жанна: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140/140 балл жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белесте…[20:20, 27.03.2025] Жанна: Еңбекшіқазақ ауданының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинадыАлматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Толқын орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі Қуандық Санжар Ғалымжанұлы “Наурыз” ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинап, үздік нәтиже көрсетті.«Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.“Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.Айта кетейік, биылғы “Наурыз” ҰБТ-сы жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, талапкерлерге білімдерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қуандық Санжар Ғалымжанұлының жетістігі – жастарға үлгі боларлық жарқын нәтиже.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/964289?lang=kk
Қазақстан мен Грекия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 26 наурыз — Грек Республикасы Мәдениет министрлігінде Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жанабай Мейірманқұловтың Грекия Мәдениет министрлігі Халықаралық қатынастар және Еуропалық одақ департаментінің директоры Георгиос Каламантис мырзамен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы қазақстан-грекия ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін және екі ел арасындағы гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Астана және Афина қалалары арасында фольклорлық және классикалық концерттерді қоса алғанда, жақын арада өтетін мәдени алмасу іс-шараларын ұйымдастыру жоспарларына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты құжаттарды жаңарту мәселесі қаралды. Қазақстан РеспубликасыныңГрекия Республикасындағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/964280?lang=kk
Серіктестіктің үдемелі дамуы: Нидерландтың Сыртқы істер министрлігіндегі кездесу 05.04.2025
Гаага, 26 наурыз 2025 ж. - Қазақстан мен Нидерланд арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі мен одан әрі даму жолдары, сондай-ақ 2024 жылы Нидерланд Премьер-министрінің Қазақстанға сапарының нәтижесінде жасалған келісімдердің жүзеге асырылу барысы Қазақстан Республикасының Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Нидерланд Сыртқы істер министрлігінің сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі Бас директоры Михил Свирс арасындағы кездесудің негізгі тақырыптары болды.Кездесу барысында тараптар жаңартылатын энергетика, су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы, логистика, экология және денсаулық сақтау сияқты басым салалардағы өзара іс-қимыл динамикасын талқылады. Қазақстандағы маңызды шикізат секторын одан әрі дамыту, оның Еуропалық Одақ елдеріне тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету әлеуетіне ерекше назар аударылды және нидерландтық компаниялар тиісті жобаларға белсенді қатысуға шақырылды.Орталық Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайту үдерісін ескере отырып, сұхбаттасушылар инфрақұрылымды, соның ішінде Батыс Қазақстандағы логистикалық және порттық қуаттарды дамытуды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Нидерландтың ірі компаниялары мұндай жобаларға қатысуда елеулі тәжірибе жинақтағаны атап өтілді, ал ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігі Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі көлік хабы ретіндегі стратегиялық рөлінің артуымен байланысты.Тараптар бизнес орта үшін инвестициялық климатты тұрақты түрде жақсарту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау қажеттігі жөнінде келісті. Осы мақсаттарға Еліміздің Президенті бастаған ауқымды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытталған. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту үшін қазақстандық тарап Нидерландпен үкіметаралық немесе ведомствоаралық деңгейде бірлескен комиссиялар құруды, сондай-ақ екі елдің бизнес қауымдастықтары мен ресми тұлғаларының қатысуымен ірі форумдар өткізуді ұсынады.Елші контр-тарапқа Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Алматыда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік хабын құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдіріп, БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарын бірауыздан қабылдауы халықаралық қоғамдастықтың өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға қосқан практикалық үлесі екенін атап өтті.Тараптар Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігінің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің алдағы өзара сапарларын дайындау барысын салыстырып, бұл екі ел арасындағы экономикалық серіктестікті кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/964259?lang=kk
Жаңару және достық мерекесі: Наурыз Таллинн филармониясының концерт залында 05.04.2025
Таллинн, 2025 жылғы 26 наурыз – Таллинн филармониясының залында Қазақстан халқының басты мерекелерінің бірі - Наурызды атап өтуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараны ұйымдастыру Қазақстанның Эстониядағы елшілігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.Мерекелік кеш эстондық аудитория үшін дәстүрлі қазақтың тоғызқұмалақ ойынымен танысудың бірегей мүмкіндігімен басталды. Қазақстанның мәдени игілігі болып табылатын және ЮНЕСКО-ның адамзат мәдени мұрасының тізіміне енгізілген бұл зияткерлік ойын қатысушылардың, олардың арасында Эстониядағы дипломатиялық миссиялардың, мәдени және іскер топтардың, сондай-ақ қазақстандық диаспораның өкілдері арасында шынайы қызығушылық тудырды. Қонақтар ойын ережелерін тез меңгеріп қана қоймай, достық турнир өткізіп, оның әсемдігі мен стратегиялық тереңдігін атап өтті.Қызылорда облыстық филармониясының әртістері ұсынған кештің концерттік бағдарламасына халық шығармашылығының жауһарлары мен заманауи қазақстандық композиторлардың шығармалары енген. Орындаушылар қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасын бейнелейтін музыкалық саяхат сыйлады, бұл көрермендердің таңданысы мен ізгі ілтипатын тудырды. Концертте көрермендердің ұзақ әрі керемет көңіл күймен қол шапалақтауы олардың қазақстандық әртістерге деген шынайы ықыласын білдірді.Бұл кеш музыка мен мәдениеттің мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Эстония халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан маңызды үлес болды. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар атап өткен Наурыз халықтар арасындағы мәдени алмасу, өзара түсіністік пен достықтың маңыздылығын еске салады.Эстония астанасында өткен іс-шара Қазақстанның халықтар арасындағы диалогты нығайтуға және халықаралық аренада өзінің бірегей дәстүрлерін ілгерілетуге деген ұмтылысын тағы да көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/964228?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы 05.04.2025
Келесі мәселелер қарастырылды:1."Ауыр дене жарақаттарының санын азайту, оның ішінде азаматтардың жаппай болатын орындарын бейнебақылаумен қамтуды арттыру арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы".2:"Бұрын сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша мүдделі қызметтерді тарту бөлігінде бұрын жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының алдын алу туралы".3."Әлеуметтік жобаларға бюджетті пайдаланудың тиімділігі туралы".4."Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/964221?lang=kk
IQanat: Қостанайда ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтті 05.04.2025
Қостанайда өткен IQanat республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне өңірдің түкпір-түкпірінен 400-ден астам 8-сынып оқушысы қатысты. Бұл тур қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 1000 оқушысы финалға жолдама алады.Олимпиаданың басты ерекшелігі – әлеуметтік бағыты. Қатысушылардың 70%-ы – әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан балалар. Финалға өткендер үшін екі мүмкіндік қарастырылған: бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-интернатына тегін қабылданады, ал қалғандары үш жылдық қолдау бағдарламасымен қамтылады. Бұл бағдарлама ЕНТ, халықаралық емтихандарға дайындықты, ағылшын, ІТ, soft skills және кәсіпкерлік дағдыларын қамтиды.– IQanat бағдарламаларына қатысқан балалардың 90%-ға жуығы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грант арқылы оқуға түседі. Қазіргі таңда түлектеріміз 15 елде білім алуда, – дейді IQanat білім беру қорының өңірлік үйлестірушісі Гүлнара Берсагурова.Олимпиада логикалық, сыни және кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық пен ағылшын тілін тексеруді қамтыды. Сонымен қатар, оқушылар 6 пәннің бірін таңдап, тереңдетілген тест тапсырды: математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы немесе география.Биылғы жаңа жоба – peer-to-peer форматы. Онда 10-11 сыныптағы айқанаттық оқушылар кіші сыныптарға пәндік тьютор болып, қолдау көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964205?lang=kk
«Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат 05.04.2025
27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті.Шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы оқырмандарға театр өнерінің қалыптасу тарихы, оның қоғамдағы маңызы және қазақ театрының даму жолдары туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Театр өнерінің мәдениетке қосқан үлесі мен оның адам санасына тигізер әсері жайлы қызықты деректер келтірілді.Оқырмандар назарына театр өнеріне арналған арнайы кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге әлемдік және қазақ драматургиясының үздік туындылары, театр тарихы туралы құнды еңбектер, атақты режиссерлер мен актерлер жайлы кітаптар қойылды. Көрмемен танысқан оқырмандар театр әлеміне қатысты жаңа мәліметтер алып, осы өнердің сиқырлы әлеміне терең бойлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964201?lang=kk
Мәскеудегі халықаралық турнирде қостанайлық боксшы қыздар үш жүлдеге ие болды 05.04.2025
Қостанайлық спортшы қыздар Мәскеуде өткен Софья Очигаваның жүлдесіне арналған VII халықаралық бокс турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Турнирге 13 жастан 40 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты.54 келі салмақ дәрежесінде Рамина Маханова чемпион атанды. Оны жарысқа Руслан мен Темірлан Чемурзиевтер дайындады.Қола жүлдені жеңіп алғандар:• Анэля Наурузбаева (46 кг, жаттықтырушысы – Нұрхан Жолғасбеков);• Мәдина Нұрманова (66 кг, жаттықтырушысы – Темірлан Чемурзиев).Барлық спортшы қыздар Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964200?lang=kk
НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА КОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 05.04.2025
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қолдауымен бірқатар колөнер шеберлері өз бұйымдарын жәрмеңке арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.Жәрмеңкеде ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып жасалған бомберлер, бас киімдер, әшекей-бұйымдар, аксессуарлар мен қол-өнер бұйымдары сатылымға шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/964197?lang=kk
Қостанай облысында санитарлық авиация заманауи тікұшақпен толықты 05.04.2025
Система экстренной медицинской помощи Костанайской области расширяет свои возможности. Теперь в распоряжении санитарной авиации региона – современный вертолет Eurocopter H-145 D-3 Airbus helicopter. Благодаря этому жители отдаленных районов смогут оперативно получать необходимую медицинскую помощь, а пациенты в тяжелом состоянии – быстрее транспортироваться в лечебные учреждения областного центра.Кроме нового вертолета, санитарная авиация продолжает использовать самолет АН-2 и два автомобиля для наземной транспортировки пациентов.Отделение санитарной авиации работает на базе областной станции скорой помощи. Дежурство осуществляется ежедневно – в составе бригады врач и фельдшер. В случае необходимости привлекаются узкопрофильные специалисты, включая детских врачей.В 2024 году санитарная авиация уже выполнила 74 вылета и 353 выезда наземным транспортом. С начала 2025 года бригады совершили 92 выезда и 8 вылетов.Обновление парка санитарной авиации – это значимый шаг для улучшения медицинской инфраструктуры региона и повышения доступности экстренной помощи для всех жителей области.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/964196?lang=kk