Қоғам
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы 24.02.2025
Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеген « Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 20 ақпан – 7 наурыз аралығында өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15455268)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943430
Мәжіліс Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді 24.02.2025
2025 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.Отырыс басталар алдында қатысушылар қазақстандық өнертапқыштардың ел экономикасына қосқан үлестерін көрсете отырып, олардың инновациялық әзірлемелерін көрсететін көрмеге қатысты. Көрменің көрнекті экспонаттарының бірі 2024 жылы 20 есе, 2023 жылғы 5-тен 2024 жылы 99-ға дейін өскен географиялық көрсеткіш ретінде тіркелген түйе сүтінен жасалған Арал сабыны, Қызылорда күріші, Талғар алмұрты, Нарынқол картопы, Қостанай балы, Сайрам нан, Алакөл балығы және басқалары сияқты азық-түлік өнімдері болды.Отырыс жұмысын аша отырып, Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Н.Т. Байтілесов Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес әзірленген Заң жобасы экономикалық даму, инновациялар және креативті индустрия үшін маңызды зияткерлік меншікті қорғау үшін жаңа құқықтық құралдарды енгізуге бағытталғанын атап өтті.Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова контрафактілік өнімдер, маркетплейстердегі бұзушылықтар және ұжымдық басқару ұйымдарының ашықтығы проблемаларын көрсете отырып, Заң жобасындағы негізгі түзетулерді ұсынды.Депутат Е.Д. Стамбеков ұжымдық ұйымдардың ашық еместігін және авторлардың сыйақы алу құқығын қамтамасыз етпейтінін атап өтіп, авторларға сыйақы уақыты төлеудің маңыздылығын атап, құқықтарды басқарудың цифрлық платформасын енгізуді ұсынды.Автор, авторлық құқық саласындағы сарапшы Т.Б. Төлегенов ҚҰБҰ ашық еместігі мен міндеттерін орындамау мәселелерін шешу үшін ұжымдық басқару функцияларын мемлекеттік монополияға беруін қарастыруды ұсынды.Сондай-ақ, зияткерлік меншік мәселелерін талқылауға депутаттар Ж.Д. Сүлейменова, Ү. Шапақ қатысты. Депутат Ж.Д. Сүлейменова жазушылардың, ақындардың, композиторлардың авторлық сыйақының төленбеуіне қатысты шағымдарына назар аударып ұжымдық құқықтарды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларын әзірлеу қажеттілігін атап өтті.ҚҰБҰ өкілдері Л.Ю. Балмагамбетова, А.А. Блиев, С.Ч. Исаев, Р.А. Абдухаликов аталған институтты дамыту және ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі туралы ұстанымдар айтты.Отырыста авторлық құқықты қорғаудың заманауи жүйесін құрудың негізгі бастамалары талқыланды. Парламент Депутаттары ашықтықтың және авторлардың әділетті сыйақысын алуының маңыздылығын атап өтіп, құқықтарды басқару үшін цифрлық платформаларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.Жиынға қатысушылар ұсынылған өзгерістер елдің ғылыми және технологиялық дамуына, инновациялық жобаларға инвестициялар тартуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін зияткерлік меншіктің тиімді және теңгерімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Заң жобасына қатысты жұмыс ғылым, бизнес және шығармашылық индустрия өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жалғастырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943442
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді 24.02.2025
2025 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, Әділет министрлігінің 2024 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері туралы есеп берді Сондай-ақ, Кеңес мүшелерімен 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.Өз сөзінде Ерлан Сәрсембаев Министрлік қызметінің алдағы жылға арналған басым бағыттарын атап өтіп, құқықтық жүйені жетілдірудің, заңнамалық бастамаларды орындаудың және мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.Отырыс барысында қатысушылар Үкіметтің 2024 жылғы заң жобалау жұмысының жоспарын орындауға және 2025 жылға арналған тиісті жоспарды қалыптастыруға қатысты мәселелерді қарады. Процестерді автоматтандыруға және Әділет органдары жүйесінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық жобаларға ерекше назар аударылды.Қоғамдық кеңестің төрағасы Рамазан Сәрпеков отырыс қорытындысы бойынша баяндамалар мен талқылауларға негізделген тиісті ұсынымдар әзірленетінін атап өтті.Кездесу соңында Қоғамдық кеңес мүшелері минис рдің есебін бірауыздан қабылдады. Ал қоғандық кеңестің мүшелері Әділет министріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап.Әділет министрлігінің осы бағыттағы жұмысы жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943665
ШЫМКЕНТТЕ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ 24.02.2025
Бүгін Шымкент қаласында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара қаланы көгалдандыру, тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш экологиялық шараға аудан әкімдіктері жетекшілік жасады. Сенбіліктерге қаланың белсенді азаматтары, ардагерлер, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар қатысты.Мәселен, Әл-Фараби ауданының тұрғындары Қошқар ата өзені бойын Ордабасы алаңынан бастап, Республика даңғылына дейін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы бұл сенбілікке 300-ге жуық адам мен 21 арнайы техника қатысып, 9300 метрден астам аяқ жолдар мен ойын алаңшалары таза әрі ыңғайлы күйге келтірілді.Жалпы алғанда, аудандағы сенбілік кезінде 40 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.Ал, Қаратау ауданы бойынша сенбілікке 2000-ға жуық адам мен 28 арнайы техника жұмылдырылды.Сенбілік барысында 2600 метр ирригациялық лотоктар, бордюрлар, 5800 метр аяқ жолдар, көп қабатты үйлердің ауласы, кәсіпкерлік нысандардың, мектептер мен балабақшалардың аумақтары тазаланды.Жалпы сенбілік барысында 120 текше метр қоқыс қалдықтары шығарылды.Сондай-ақ, Еңбекші ауданында өткен сенбілікке әкімшілік қызметкерлері, "Мұрагер" ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, мердігер компаниялар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлер, барлығы 536 адам қатысты. Олар 20 арнайы текниканың көмегімен 75 текше метр қоқыс шығарды. Атап айтқанда, Н.Төреқұлов көшесінің бойын және "Шымкент" каналының жағалауын тазалап, ағаштарды қырқып, қоқыс пен ағаш бұталарын жинады.Мұнан бөлек Тұран ауданында өткен сенбілікке 500 адам қатысып, 240 тонна қоқыс шығарса, Абай ауданындағы тазалық іс-шараларына 300-ден астам адам қатысып, 35 тоннадай қоқыс пен қалдықтарды тазалаған.Айта кетейік, Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер тұрақты түрде жалғасады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943838
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ 24.02.2025
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасы Сайрам ауданында қарқынды қолдау тауып келеді. Бүгінгі өткен шарада аймақтағы саябақтар, скверлер мен аллеялар аумақтарын абаттандыру, қоқыстардан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Елді мекендерде жүргізілген тазалық жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы қадағалап, қажетті тапсырмалар мен ұсыныстарын берді.– Тазалық - әр адамның жеке басынан, үйінің ауласынан басталады. Тазалық мәдениет қалыптасқан жағдайда ғана айналамызға қоқыс тасталмайды. Сондықтан қоғамдық мәдениетті қалыптастырайық- деді аудан тұрғыны Сұлтан Раев.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасына Сайрам ауданынан 1 мыңнан аса адам қатысып, көше бойларын, арық атыздарды, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің аумақтарын күл- қоқыстардан тазартты. Жұмыс барысында 15 техника жұмылдырылып, полигон аумағына 5,6 тонна қатты тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалданды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943824
СОЗАҚ АУДАНЫНДА 5 МЫҢ АСТАМ АЗАМАТ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ 24.02.2025
Созақта «Таза Қазақстан» шарасы аясында жалпыаудандық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі іс-шараға барлық мекемелер мен аудан тұрғындары белсене қатысып, тазалық шарасына қолдау көрсетті.Шара барысында саябақтар, ішкі көшелер және ауыл маңындағы сай-сала тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Сонымен қатар, арнайы техникалармен көше бойлары мен аяқжолдар да тазаланып, көркейту жұмыстары жүргізілді.- Тазалық жұмыстары біздің ауданда жүйелі атқарылып келеді. Республикалық экошара басталғалы барлық елдімекендерде тазалық шаралары бірнеше рет өтті. Қазір саябақтар, көше бойлары, қоғамдық орындар таза кейіпке енді. Бұл - қоғамның тазалыққа деген ынтасы деп білемін, - деді аудан тұрғыны Ғалымжан Ерланов.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 5 000-нан астам аудан тұрғыны мен 29 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 40 шақырым көше бойы және 22 шақырым аяқжол тазартылып, 140 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943826
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР 24.02.2025
Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Шара - қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды. Дәл қазіргі сәтте Шауғар тұрғын алқабындағы 45 көше бойында сенбілік өтіп жатыр.- Ауламыз бен ауылымызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Әр аула таза болса, ауыл таза болады. Ал ауыл таза болса, ауданның тазалығы. Аудан тұрғындарын денсаулық кепілі болған тазалықты сақтауға шақырамын, - деді шауғарлық тұрғын Фатима Құдайбергенова.Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943827
КЕНТАУДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА 20 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 24.02.2025
Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты.Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,-деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943828
«Ауыл – ел бесігі»: ауылдың болашағына арналған ауқымды жобалар 24.02.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен ауылдық аумақтарды, оның ішінде шекара маңындағы ауылдарды дамыту туралы дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау, депутаттар, тиісті министрліктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасап, ауылдық аумақтарды кешенді дамытудың ағымдағы шаралары мен жаңа тәсілдерін ұсынды. Оның айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 7,5 млн адам тұратын 6 147 ауылдық елді мекен бар.Қазіргі уақытта Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасын әзірлеуді бастады. Жаңа тәсілдерді жетілдіру мақсатында өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсе құрылды, - деді Бауыржан Омарбеков.Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы базалық қызметтермен қамтамасыз ету 64% - ға жетті, ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдарды жаңғыртуға 701 млрд теңге бөлінді. ТКШ, әлеуметтік және көлік объектілерін қоса алғанда, 6,6 мың инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.Мемлекеттік шекараларды қорғауды қамтамасыз ететін шекара маңындағы аумақтарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Қазақстанда 14 облыстың көрші мемлекеттермен шекаралары бар, ал 66 шекара маңындағы аудандарда 1 383 ауылдық елді мекен, екі моноқала және сегіз шағын қала орналасқан. Ауыл кәсіпкерлігін қолдау аясында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 100 млрд теңгеден астам сомаға 17 мың шағын несие берілді, бұл 17 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.Шалғай шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін жалақыға үстемеақылар мен еңбек өтілін есептеудің ерекше нормаларын енгізу қосымша қарастырылуда. Қабылданған шаралар ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға, жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жақсартуға және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/943146
Үкімет экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыруға кірісуде 24.02.2025
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.2025 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және 2027 жылға қарай қаржыландыру көлемін одан әрі 10 трлн теңгеге дейін арттыра отырып, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға 8 трлн теңге бағыттайды. Ауқымды қаржыландыру шеңберінде бизнесті, экспорттық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған қолдаудың жаңа тетіктері іске қосылады, қаржыландыру және әлеуметтік бастамалар құралдары кеңейтіледі. Олардың ішінде:ШОБ пен ірі бизнесті қолдау үшін екі кепілдік қоры құрыладыШОБ-ты қолдау үшін 2025 жылы «Даму» кепілдік қоры құрылады. Бұл үшін «Даму» функциялары жаңа міндеттермен толықтырылады, кепілдік беру құралы бойынша өнім желісі кеңейтіледі, ұсынылатын кепілдіктердің мөлшері ұлғайтылады, кепілдендіруге жататын экономика секторларының (ЭҚЖЖ) тізбесі кеңейтіледі. Жаңа өнімдерге кепілдіктерді қайтарымсыздық және шартсыздық қағидаттары бойынша шығару жоспарлануда. Кепілдік қорын құру мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені қосымша қаржыландыру көздерінен қаражат тарту есебінен азайтады, бизнес субъектілерін кепілдік беру түріндегі қолдау шарасымен қамтуды ұлғайтады және банктердің өтімділігін экономикалық айналымға тиімді тартуға мүмкіндік береді.Кепілдік қорын іске қосу 2028 жылға қарай кепілдіктер портфелін 1 трлн теңгеге дейін арттыруға (2023 жылмен салыстырғанда +148%) және жыл сайын 50 мыңнан астам жобаны қолдауға мүмкіндік береді (2023 жылы кепілдік беру құралы арқылы 8 212 жобаға қолдау көрсетілді).2025 жылы «Даму» қоры 1,7 трлн теңгені құрайтын ШОБ-тың кемінде 30 мың жобасына қолдау көрсетеді.Бәйтеректің ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселесін шешеді.Жобаны қаржыландыру кезінде екінші деңгейлі банктердің және/немесе ҚДБ-ның несиесі жоба құнының 80%-ын құрауы мүмкін. Кепілдік беру кепілмен қамтамасыз етудің жеткілікті болуы мәселелерін шеше отырып, жоба құнының 30%-на дейінгі сомаға берілетін болады.Бәйтеректің қаржыландыру сомасы 7,3 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2025 жылға 3,7 трлн теңге қарастырылған. Холдингтің кепілдігі 2,2 трлн теңгеге немесе 30%-ға дейін жетуі мүмкін, оның ішінде 1,1 трлн теңгеге дейінгі кепілдік 2025 жылға қарастырылған. Бұл ретте 50% – болашақ бизнес серіктестің кепілдігі. Бәйтерек жобаның капиталына кіре алады, содан кейін кәсіпкердің жеке қатысу мөлшері 20%-дан төмен болуы мүмкін. Осылайша, ірі жобаларда кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесі шешілуде.Ірі бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін құны 7 млрд теңгеден басталатын жобалар бойынша кепілдіктер берілетін болады.Екінші деңгейлі банктер үшін бұл несиелендіру көлемінің ұлғаюын және кепіл көлемі жеткіліксіз болған кезде несиелендіру тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Кепілдіктер беру өңдеу өнеркәсібі секторларында жоспарланып отыр. Кепілдіктердің қайтарымсыздығы банктердің қызығушылығын арттыруға, ал бизнес субъектілері үшін кепілдіктердің ақылы болуы кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге арналған.Корпоративтік/жобалық қаржыландыру – «Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) тек қана ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға қайта бағдарланады. Холдингтің еншілес компаниясы – Qazaqstan Investment Corporation АҚ (QIC) кәсіпкерлерге үлестік қаржыландыру мүмкіндіктерін ұсына отырып және бизнестің мемлекеттік саясаты мен инвестициялық міндеттемелеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, жобаларды іске асыруда толыққанды әріптес ретінде private equity дамытуға назар аударады.Экспортты кеңейту – сыртқы нарықтарды дамыту стратегиясы шеңберінде сауда қорын және экспортты қолдаудың арнайы құралдарын әзірлеу жоспарланып отыр. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның сақтандыру, қайта сақтандыру, кепілдік құралдары және композиттік қызметтер бойынша қызметі кеңейтілді, бұл қазақстандық компанияларға бәсекеге қабілетті өнімдермен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар «Бәйтерек» холдингі екінші деңгейлі банктермен және халықаралық қаржы институттарымен бірге еліміздің экономикалық дамуына және мемлекет басымдық беріп отырған, оның ішінде отандық тауар өндірісін қолдауға бағытталған инфрақұрылымдық бағдарламаларды қаржыландыруға дайын.ТКШ инфрақұрылымын қаржыландыру (ұлттық жоба)«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инженерлік желілердің тозуын төмендету жөніндегі мәселелерді уақтылы шешу мақсатында инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асатын ескірген инфрақұрылымды ауқымды жаңарту көзделіп отыр, оның 4,7 трлн теңгесі Холдингке тиесілі.Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу шеңберінде елішілік құндылық үлесін арттыру үшін отандық өндіріс тауарларын пайдалануды күшейту жұмыстары жүргізіледі. Бұл тәсіл ішкі бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және жалпы нарықтағы «жергілікті» кәсіпорындардың ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.Жаңғырту мен құрылыстың белсенді кезеңі басталғанға дейін инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы туралы отандық тауар өндірушілерді ақпараттандыру бойынша кешенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.Отандық тауар өндірушілер өнімін шығаруға шамамен 4,9 трлн теңге қажет болады.Сонымен қатар Үкімет жекелеген салаларды дамыту мақсатында жекелеген салаларда – IT, логистика, туризм, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау салаларында «инвестицияларға тапсырыс» жариялайды. Мүдделі тұлғалар Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қорына, «Бәйтерек» холдингіне жүгінуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/943209
Агроөнеркәсіп секторын дамытуға кем дегенде 1,5 трлн теңге бағытталады 24.02.2025
Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады. Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі.Жобаларды несиелендіру кезінде келесідей бағыттарға басымдық жасалады:Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне басымдық)Суару жүйесін дамыту (жаңбырлату қондырғылары, суару құрылыстары, тамшылатып суару)Өнеркәсіптік жылыжайлар (көкөніс бағасының маусымдық ауытқуының төмендеуі)Инфрақұрылымды дамыту (орау, сақтау, тасымалдау) Өнеркәсіптік ауқымда жемшөп өндірісін дамыту.Инвестициялық жобаларды несиелендіру АӨК инвестицияларын ұлғайту, азық-түлік инфляциясының импортын азайту үшін ішкі өндірісті дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталмақ.Жобаларды қамтуды ұлғайту үшін АНК арқылы жобаларды несиелендіру лимиттері 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін артады. Сондай-ақ Бәйтеректің Кепілдік қорының, Дамудың кепілдерін Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді ірі жобаларына қолдану кеңейтіледі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдауға арналған мандаты күшейтіледі.ҚазАгроҚаржы лизингтік бағдарламалары шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына басым түрде қолдау көрсетіледі. Бұл фермерлерді қолдаудың осы шарасының өнеркәсіптік кәсіпорындарға мультипликативтік әсерін кеңейтуге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі құс фабрикаларының пулын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық мүмкіндігін арттыруды жалғастырады. Малайзиямен жаңа өткізу нарықтарын игеру, сондай-ақ астық экспортын $200 млн-ға дейін ұлғайтатын жаңа сауда қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада аталған көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыру жоспарлануда.Экспортты кеңейту және жаңа нарықтарЭкспорттық стратегия шеңберінде отандық өндірушілер үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік құралдары кеңейтілуде. Жаңа нарықтарға шығу және қазақстандық экспорт үшін кешенді шешімдер ұсыну маңызды міндет болып отыр.Осыған байланысты, «Бәйтерек» сауда қорын іске қосып, құс шаруашылығы кәсіпорындары мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қосқанда, экспортқа бағдарланған жобалар пулын қалыптастырады.Экспорттың негізгі бағыттары:Экспорттық арналарды кеңейту үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (дәнді, майлы және бұршақ дақылдары) ірі өндірушілері мен трейдерлерін шоғырландыру.Тұрақты экспорттық жеткізу тізбегін құру және экспорт географиясын кеңейту (ҚХР, Орталық Азия, ЕО).Баға белгілеудегі алыпсатарлық факторлардың төмендеуі және нарықты тұрақтандыру.Ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестік (COFCO және басқалар).Инвестициялық қолдау және сауда қызметіне жеке секторды тарту.Көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайды жақсарту.Келешекте – қорды Food Security Fund-қа КОВА және Таяу Шығыс елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңірек мандатпен трансформациялау.«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) арқылы экспортты қолдау құралдарына келесілер кіреді:кепілдіктер,қайта сақтандыру,композиттік қызметтер.Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығаруға және отандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. ЭКА екінші деңгейлі банктермен де, «Бәйтерек» тобы ішіндегі басқа қаржы институттарымен де жұмыс істейді. Бұл ретте қолдау құралдары бизнестің локализациялау, индустрияландыру және инвесторларды тарту жөніндегі міндеттемелеріне айырбас ретінде ұсынылады.Тұрғын үй құрылысын дамытуМоноқалаларда, шағын қалаларда және облыс орталықтарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру жұмыстың маңызды бағыты болады. Бұл халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар кадрлардың жергілікті жерде тұрақтап қалуын ынталандырады. Әсіресе, ол биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында маңызды.2025 жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтар: өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары мамандықтарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.Бағдарламаның негізгі параметрлері:72 млрд теңге сомасына 2 440 қарыз;Өтінімдерді қабылдауды бастау – 2025 жылғы 17 наурыз;Жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізуді кеңейте отырып, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын «Наурыз» бағдарламасына енгізу.«Бәйтерек» холдингі жергілікті әріптестерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды, оның ішінде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ тетіктері арқылы іске асыруға белсенді түрде тартуда. Бірлескен жобалар тұрғын үй мәселелерін шешіп қана қоймай, өңірлерде білікті кадрлардың тұрақтап қалуына көмектеседі.Бұл бастамалар экономиканың теңгерімді дамуын және Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетін тұрақты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/943344
Азамат Әмрин ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды 24.02.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастаған.1997 жылдан 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Салық комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.2008–2011 жылдары — СҚО Шал ақын ауданының әкімі 2011–2012 жылдары — «Амрин К. К.» шаруа қожалығының менеджері2013–2020 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/943628
Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты» 24.02.2025
Елдің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы баланстар болып қала береді.Агенттік сарапшылары елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр.S&P мұнай өндірудің жоспарланған өсуі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтардың кеңеюі экономикалық өсімге оң әсер ететінін атап өтті.Басылымда Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы атап өтілді. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, екінші деңгейлі банктердің капитал қоры мен тұрақты өтімділігі жеткілікті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/943794
Медициналық бейіндегі НҚА резервтегі қызметке кіретін азаматтар санатымен толықтырылады 24.02.2025
Бас әскери-медициналық басқарма «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық актінің жобасы ҚР Қарулы Күштерін жасақтаудың қосымша тәсілі ретінде резервте қызмет енгізілуіне байланысты әзірленіп отыр.Бұл құжат резервте әскери қызметке кіру кезінде азаматтардың, сондай-ақ резервте әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына қойылатын талаптар бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 11 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15457346 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943801
Әскер спортшысы Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіске жетті 24.02.2025
Бұл Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Ангелина Лукас үшін кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісі. Осы жолы ол Боливия спортшысы Есения Токомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланды.Алайда, аты шулы Ангелина екінші раундта-ақ Есения Токоны тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Токоның алғашқы жеңілісі болғанын айта кеткен жөн.Стамбұлдағы кеш Ангелина үшін осы айдағы үшінші жекпе-жек болды, оған дейін армияның былғары қолғап шебері нигериялық Айисат Орийоми мен венесуэльдік спортшы Жоана Суньиганы жеңген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943812
Оқ атудан Азия Кубогында армия спортшылары сегіз алтын және күміс медаль жеңіп алды 24.02.2025
Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары Тайланд астанасы Бангкокта өткен Азия Кубогында Қазақстан құрамасына төрт алтын және күміс медаль сыйлады.Турнирдің жалпы медаль есебі келесідей: қазақстандықтар 12 алтын, 9 күміс және 4 қола медальмен оралды. Оңтүстік Корея спортшыларының қоржынында 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар. Сингапурлық мергендер 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль ұтып алды.Әскерилер арасында алтын медальдарды қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, командалық есеп) және Қарулы күштердің әскери қызметшісі Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, жатып ату жағдайында, жеке және командалық есепте) жеңіп алды. Күмістен алқа тағынғандар қатарында Қарулы күштердің әскери қызметшісі Валерий Рахымжан (пневматикалық тапанша, 10 метр) және қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, жеке есеп), әскери қызметшілер Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, үш жағдай, жеке есеп), Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс) бар.Айта кету керек, Азиядағы ең ірі ұлттық мергендер жарысында 23 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943814
Майдангер Әбдіғали Қаймолдинге "Семей қаласының құрметті ардагері" төсбелгісі берілді 24.02.2025
Соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдинге құрметті атақ берілуіне орай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров пен Семей қаласындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебай Бердікенов қарияның шаңырағында болды.Қонақтар ардагермен әңгімелесіп, оның хал-жағдайын сұрап, "Семей қаласының құрметті ардагері" төсбелгісін табыс етті. Жаңа төсбелгі майдангер костюміндегі көптеген марапаттардың арасынан өз орнын тапты.Ардагерді құттықтау үшін ҚР Қарулы Күштері Ұлттық-әскери-патриоттық орталығының Семейдегі филиалының әскери оркестрі келіп, Әбдіғали Қаймолдинді және оның жақындарын соғыс жылдарындағы әуендермен қуантты.Өз кезегінде ардагер келушілерге алғысын білдіріп, оларға амандық пен бейбіт аспан тіледі.Естеріңізге сала кетсек, Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысы, Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Сталинград, Бірінші Украина, Үшінші Балтық майдандарында соғысқан. 1946 жылы маусымда демобилизацияланды. 2025 жылдың 30 маусымында ол 104 жасқа толады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943817
Құдайберген Арымбек «Қазмұнайгазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясына қатысты 24.02.2025
2025 жылғы 21 ақпанда Атырау қаласында «Қазмұнайгазсервис-2025» XII жыл сайынғы конференциясы өтті, онда мұнай-газ және мұнай-химия салаларын дамыту мәселелері талқыланды.Конференцияға Катар мен Ресейден келген отандық бизнес өкілдері мен шетелдік компаниялар, барлығы 150-ден астам компания қатысты.Аталған іс-шара барысында Қ. Арымбек баяндама жасап, оның шеңберінде Энергетика министрлігінің елішілік құндылықты дамыту бойынша жұмысын, оның ішінде жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған нормативтік-құқықтық базаға енгізілген өзгерістер туралы баяндады.Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерді ТШО, ҚПО және НКОК операторларының сатып алуларына тарту жөніндегі шаралар туралы, оның ішінде Нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын, сондай-ақ тендерлік рәсімдерді қайта қарау арқылы хабардар етті.Конференция қорытындысы бойынша «ҚР отын-энергетикалық кешенінің Ситуациялық-талдау орталығы» АҚ мен Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы (KazService) арасында еліміздің энергетика секторының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін жоғары технологиялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және ұсыну саласындағы жобаларды іске асыруға бірлесіп қатысуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/943651
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ КӨПҰРЫҚТЫҚ ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ЕКІ ЖАТЫРІШІЛІК ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ 24.02.2025
Бүгін University Medical Center базасында Астанада алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен бір жыл бұрын іске қосылған «Феталдық медицина» жобасының шеңберінде екі сирек жатырішілік операция жүргізілді.Шақырылған ресейлік сарапшылар-медицина ғылымдарының докторы, ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Кирилл Костюков пен медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог, академик В. И. Кулаков атындағы Акушерлік, гинекология және перинатология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүктілік патологиясы бойынша маманы Виктория Сакало (Мәскеу қ., Ресей) UMC командасымен бірге зергерлік дәлдікпен монохориондық көпұрықтық жүктіліктің асқынуларын түзетуді орындады: фето-ұрықтың трансфузиялық синдромы және кері артериялық перфузия синдромы.Мамандардың айтуынша, монохориондық егіздер бір жұмыртқадан түзіледі. Бұл балалар генетикалық жағынан бірдей, олар өте ұқсас, бірақ мұндай жүктіліктің асқынуы бихориалдық егіздерге қарағанда екі есе жиі кездеседі.Мұндай жүктіліктегі патологиялар көбінесе ұрықтың дамуындағы тамырлы ауытқулармен байланысты, біріккен тамырлар, біркелкі емес қанмен қамтамасыз ету байқалады, бұл қолайсыз нәтиже қаупін едәуір арттырады.Қазақстанда акушерлік практикада пренаталдық диагностиканы енгізудің есебінен бүгінгі таңда осындай жатырішілік патологияларды ерте клиникаға дейінгі анықтауда жеткілікті тәжірибе бар.Феталдық медицина бойынша мастер-кластың бірінші күні еліміздің барлық өңірлерінен пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс бас мамандар, сондай-ақ өңірлік ұрықты сақтау орталықтарының басшылары қатысты.Жалпы, Қазақстанда ұрық хирургиясы бойынша бағдарлама жұмыс істеген жылы 35 жатырішілік операция сәтті жүргізілді, бұл болашақ 32 нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.Алдағы жылдары бағдарламаны кеңейту жоспарлануда, оның ішінде жыл сайын еліміздің жетекші медициналық орталықтарында 150-ге жуық феталдық операция жасалады. Қазір мұны тек Алматы балалар кардиохирургиясы орталығының және елордалық Ана мен бала орталығының мамандары ғана жасайды.Сонымен қатар, 15 перинаталдық орталықта туа біткен кемістікті диагностикалаудың қолжетімділігін арттыру үшін «Бір күндік клиникалар» ашылды. Онда 30 мыңнан астам жүкті әйел кешенді зерттеп-қараулардан өтті, бұл патологияны ерте анықтауға және өмірге сәйкес келмейтін кемістіктері бар балалардың туылуын болдырмауға көмектесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/943821
Шалқарда бассейні бар спорт кешені және В.Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынуда 24.02.2025
Шалқар ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын тексерді.Спорт нысаны 2023 жылы салына бастады. Бірақ кейін мердігер жобаға түзету енгізу үшін өтініш береді. Осы жылдың қаңтар айында қайта жарияланған конкурста «Tunay Stroy Project» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.Болашақ спорт кешенінде ені 1,5 метрді құрайтын 6 қатарлы, ұзындығы 25 метрлік жабық бассейн, сондай-ақ әртүрлі спорт түрлеріне арналған секциялар болады. Жаңа спорт нысанының арқасында жергілікті тұрғындарға спортпен шұғылдануға және денсаулықты нығайтуға заманауи жағдай жасалады.Асхат Шахаров мердігерге жобаның шығыс сметасын бұдан әрі түзетпейтінін ескертті. Кешен белгіленген мерзімде тапсырылуы керек.Шалқарда сондай-ақ В. Цеханович атындағы спорт мектебіне арналған жаңа ғимарат салынады. Облыс әкімі нысан бой көтеретін орынға барды.Владимир Цеханович атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – кадрлардың ұстаханасы. Ол бокс, дзюдо және грек-рим күресінде танымал спортшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.Қазіргі уақытта №1 БЖСМ-де 750 шалқарлық бала спортпен шұғылданады. 58 жылдық тарихы бар мектептің ғимараты ескірген. Осыған байланысты ескі бейімделген ғимараттың орнына спорт мектебіне арналған екі қабатты жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданған.«Ескі мектеп ғимаратында тек екі күрес кілемі болды. Жаңасында бірден үш кілемді қарастырдық. Сонымен қатар, қыздарға арналған бөлек залдар қарастырылады. Республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін трибуналары бар алаң болады. Жобаға футбол мен волейболға арналған ойын алаңдарын да енгіздік. Жаңа ғимарат заманауи жаттығузалымен жабдықталады, жаттықтырушылар мен мектеп қызметкерлеріне арналған әкімшілік корпус қарастырылған», - деді БЖСМ директоры Дәулет Дәрібаев.«Халықаралық аренада аудан атын танытқан атақты спортшыларды мектеп тәрбиеледі. Цеханович атындағы спорт мектебі өз жұмысын бұрынғыдай әрі қарай жалғастырып, көрнекті спортшылардың жаңа буындарын дайындайтынына сенімдімін. Біз өңірімізде спорттың дамуына қолдау көрсетіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін жағдай жасаймыз», - деді облыс әкімі.Нысан салынатын жер учаскесін көріп,жобамен танысып шыққаннан кейін әкім мердігерге жұмыстарды сапалы орындауды және нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943800