Enbekshi QazaQ

Қоғам

Павлодарда әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 24.02.2025
Майдангер Василий Иванович Григораштың 99 жасқа толған күнімен құттықтауға Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы майор Бекзат Оразов майдангерге табандылығы, батылдығы және Жеңіске қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.– Сіз адам айтқысыз қиындықтарды бастан өткердіңіз, қарсы тұрдыңыз және жеңдіңіз. Сіздің буын соғыс жылдары жасаған ерлік әлемдік тарих шежіресінде жазылған. Біздің бейбіт болашағымыз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рахмет, – деді ол.Майдандағы ерлігі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін департамент басшысы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан алғыс хат табыс етті.Василий Григораш 1926 жылы 21 ақпанда Алтай өлкесінің Гурлинка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 17 жасында жас жауынгер қызыл әскер қатарына қызмет етуге кетті. Аға сержант Василий Григораш Байкал әскери округі 293-ші дивизиясының құрамында соғысып, бөлім командирі болды.Василий Григораш II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943859
"Жас сарбаз" би тобы халықаралық байқауда гран-при жеңіп алды 24.02.2025
Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының DALA AYENI IV халықаралық фестиваль-байқауы өтті.7 жастан 10 жасқа дейінгі жастағы заманауи би номинациясында "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының кіші тобы жеңіске жетті.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жас бишілердің жарқын жеңісімен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда табыс және шығармашылық шабыт тіледі."Джей Сай Рам" эстрадалық үнді биімен жас орындаушылар көрермендер мен білікті қазылар алқасын сүйсіндірді. Балалардың би қойылымымен хореограф-педагог Қарулы Күштердің қызметшісі Ержан Құдайбергенов жұмыс істеді.– Бұл байқаудың алдында қарқынды жаттығулар болды. Біз бәрін ұсақ-түйекке дейін жасадық: икемділік, синхрондылық, қозғалыс динамикасы. Балалар көңіл-күйді жеткізе алды. Сонымен, біздің бүлдіршіндер нағыз әртіске айнала отырып, шығармашылық шыңдарды кезең'кезеңімен бағындырып келеді, – деді шығармашылық студияның көркемдік жетекшісі-3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.Айта кетейік, Dala AYENI балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының би байқауына 23 ұжым қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943860
Астанада Қорғаныс министрлігі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар ұйымдастырды 24.02.2025
Елорданың "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында мерейтойға арналған концерт пен көрме өтті.ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (ҰӘПО) Орталық әскери оркестрінің музыканттары қала тұрғындарына арнап классикалық және заманауи туындыларды орындады. Оркестрдің орындауындағы таныс әскери және патриоттық, марштық және джаз әуендері көрермендердің қошеметіне бөленді.ҰӘПО Орталық ансамблінің солистері тыңдаушыларды соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық шығармаларды орындап қуантты. Ал ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық взводының сарбаздары қала тұрғындарын жалынды сарбаз биімен тәнті етті.– Әскерилердің көпшілік алдына шығып өнер көрсеткеніне әрқашан қуанамыз. Демалыс күндері біздің орталыққа көп адамдар келеді. Әскери қызметшілердің өнерлерін көрермендер әрқашан жылы қабылдайды, – деп атап өтті "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығы әкімшілігінің өкілі Жазира Садықан.Орталық алаңда құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері де өнер көрсетті, олар көрермендердің назарын тіп-тік болып сап түзеп, нақты қимылдармен аударды.– "Хан шатырға" келушілерге арнап нағыз мереке ұйымдастырған Қорғаныс министрлігіне рахмет. Әскерилердің келбеті, музыканттардың үйлесімді ойыны, соғыс жылдарындағы әуендердің ауыртпалығымен таныс жандарға – осының бәрі ерекше әсер береді және жер бетінде бейбітшілікті қорғаған жауынгерлеріміздің ерлігі жайлы естеліктерді еске түсіреді, – деді астаналық Айман Батырова."Хан шатыр" орталығының халық көп жиналатын алаңында өткен концертпен қатар ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің қызметкерлері "1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан" атты көшпелі көрме ұйымдастырды.Экспонаттар қатарына жеке заттар, мұрағат құжаттары, соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Тілеуғали Әбдібеков және Хиуаз Доспанованың бірегей фотосуреттері, сондай-ақ шайқас орындарынан табылған снарядтар мен сарбаздар медальондары бар.– Екінші дүниежүзілік соғыс – Қазақстан тарихының ажырамас бөлігі. Көрме бүкіл адамзатқа қауіп төндірген фашистік "машинаны" тоқтатқан отандастарымыздың ерлігін еске салады. Сұрапыл соғыста миллиондаған адамның өмірі қиылды. Тарихымыздың осы қайғылы бетін еске түсіруге және көрме жәдігерлерін көруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет, – деді Астана қаласының тұрғыны Әлішер Төлепалғанов.Мерейтой жылы Қорғаныс министрлігі осындай іс-шараларды елорда мен ел өңірлерінің басқа да қоғамдық орындарында өткізетін болады. Ондағы мақсат – отандастарымызға қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, бейбітшілік пен Жеңіс орнату үшін бәрін жасаған тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын ұмытпау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/943861
Футбол жанкүйерлері Астанадағы ойында үлгі көрсетіп, өзгелерді тәнті етті 24.02.2025
«Астана Аренада» өткен «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы футбол матчы аяқталғаннан кейін командалардың жанкүйерлері стадион трибуналарын қоқыстан тазартып, өзгелерге үлгі көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бүгін «Астана Аренада» Қазақстан Суперкубогы аясында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары арасында кездесу өтті. Кездесу 2:0 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.Ойыннан кейін елордалық жанкүйерлер стадион трибунасында қалған қоқысты шығарып, тағы да үлгі көрсетті.«Матч та, осы заманауи арена да бізге ұмытылмас эмоция сыйлады, олар біздің жадымызда өшпестей сақталады. Футбол командалары мен стадион қызметкерлеріне алғыс ретінде трибунаны тазарту шарасына қатысуды қажет деп санадым, осылайша құрметімді көрсеттім. Менің ойымша, бұл жаңа нормаға айналуы керек, өйткені матчтан кейінгі таза трибуна – қоғам дамуының жоғары деңгейінің белгісі», - дейді жанкүйерлердің бірі.Футбол матчын 30 мыңға жуық көрермен тамашалады. Ал елордалық жанкүйерлердің мұндай бастамалары дәстүрге айналып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943840
Астанада бір түнде кальян ұсынған 5 тұлғаға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды 24.02.2025
Елорданың Байқоңыр ауданында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Бір түнгі аралау барысында 5 тұлғаға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 54 факті анықталған.Рейдтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде құқық қорғау органдары қала тұрғындарының шағымдарын ескеріп, аталған аумақтарда құқық бұзушылықтарға талдау жүргізгені атап өтілді. Полиция мұндай рейдтер демалыс және мереке күндері күшейе отырып, тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.Еске салайық, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Тиісті талап бұзылса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943841
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда 24.02.2025
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда.Осы ретте, 22 ақпан күні Жамбыл облысында жастардың қатысуымен бірқатар тазалық шаралары өткізілді.Атап айтқанда, Тараз қаласында Қ. Рысқұлбеков саябағында жастар акциясы ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушылар қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.- Бүгінде экологиялық мәдениет өте маңызды тақырып болып табылады. Осы бағыттағы шаралар арқылы жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдері арта түседі. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезінуіміз қажет. Баршаңызды алдағы уақытта да тұрақты түрде өтетін тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамын», - деді сенбілікке қатысушы белсенді жас Дархан Байпақ.Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.Жастар «Таза Қазақстан – таза табиғат» ұранымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында А. Суханбаев атындағы саябақта, Меркі және Жамбыл ауданында орталық саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.Айта кетейік, ағымдағы жылы да облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/943815
Ірі компаниялармен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық: Жамбыл облысының делегациясы Түркияның Мерсин провинциясында болды 24.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапарымен барды.Іссапар барысында делегация инвестициялық форумға қатысып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен бірге Мерсиннің іскер топтарымен тәжірибе алмасу, өндірістік кооперация және инвестициялық ынтымақтастық, жетекші өнеркәсіптік компаниялармен серіктестік орнату мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.Іссапардың қауырт бағдарламасында ірі кәсіпорындарға, Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына бару қамтылды.Жұмыс тобымен бірге нысандарды Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бас консул Қуат Қанафеев, Мерсин қаласындағы Құрметті консул Ахмет Будан аралады.Жамбыл облысының делегациясы салынып жатқан Аккую атом электр станциясына іргелес орналасқан Мерсин провинциясы аудандарының экономикалық даму динамикасын егжей-тегжейлі зерттеді. Мерсин басшылығының айтуынша, бұл саладағы жобалар Гюльнар және Силифке аудандары экономикасының 40 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.Станция құрылысының мультипликативті әсері туралы да сөз қозғалды. Мерсин провинциясында шағын және орта бизнестің даму қарқыны артқан.Делегация АЭС құрылысы алаңының жанындағы жұмысшыларға арналған тұрғын үй кешеніне барды. Барлығы 24 жатақхана салынған (3 200 адам).Ербол Қарашөкеев Medcem Cement Group басшылығымен құрылысты дамытуды ынталандыру және құрылыс индустриясына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді шараларды талқылады. Medcem Cement зауыты – жылдық қуаты 6,6 млн тонна өнім шығаратын әлемдегі ең ірі цемент зауыттарының бірі.Жамбыл облысының кәсіпкерлері түркиялық әріптестеріне өңірдің бай минералдық-шикізат ресурстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұсынды.Делегация атом электр станциясының болашақ жұмысшылары үшін салынып жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысын мысалға ала отырып, Мерсиндегі құрылыс индустриясының әлеуеті туралы тереңірек білді. Әр түрлі көлемдегі пәтерлерден бөлек, нысан аумағында балабақшалар, мектептер, бизнес, денсаулық сақтау, спорт нысандары, ойын алаңдары, қонақ үй, мәдениет орталығы салынады, көліктерге арналған электр зарядтау станциялары, шатырларда электр қуатын өндіретін күн батареялары болады.Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы бойынша түрік тарапының тәжірибесін зерделеп, жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына сапар барысында делегация өндіріс орындарымен танысып, бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, делегация Yılbor Boru пластик құбырлар зауытын, Gökmak болат конструкциясы мен желдету жүйесі зауытын, сондай-ақ Berdan Çevata бекіткіш өндіру зауытын аралады.Arbel Group дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.Ulusu Pompa сорғы жабдықтарының кең ауқымын өндіруге маманданған компания. Бұл бағыт жер асты суларын тиімді пайдалану және ұңғымаларды бұрғылау бойынша ауқымды жұмыстарды ескере отырып, Жамбыл облысы үшін өзекті болып отыр.Asya sera компаниясы жылыжай құрылысына арналған берік конструкциялар шығару жобаларын ұсынды.Өңір басшысы компанияларды Жамбыл облысында жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашуға шақырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, оның ішінде жаңа кәсіпорындар үшін дайын өндірістік алаңдар беру туралы айтты.Екі жақты кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Мерсин провинциясының губернаторы Атилла Торос түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және кеңейту әлеуеттерін талқылады. Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу аудандары мен Мерсин провинциясының Гюльнар және Силифке аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/943833
ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 350 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ 24.02.2025
Жоба аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Мақсат — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.Өтеміс тұрғын алабында - 4, Шапырашты тұрғын алабында - 3, Алтын Орда шағынауданында (бұрынғы «Бозарық» саяжайы) - 22, Мирас шағынауданында -13, Достық тұрғын алабында - 5, Нұртас шағынауданында - 18 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, Қайтпас шағынауданында - 5, Тассай тұрғын алабында - 35, Таскен тұрғын алабында - 16, Тараз, Мирас-2, Шапағат шағынаудандарында - 36 көшеге жарық жүйесі жүргізіледі. Бұдан бөлек, «84 орам» аумағында - 1, Тұран шағынауданында - 1, Сайрам тұрғын алабында - 166, Қызылсу тұрғын алабында - 4 көше жарықпен қамтылады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943852
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ КЕЗЕКТІ РЕТ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 24.02.2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдау өткізді. Іс-шарада тұрғындардың мәселелері тыңдалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.Қуаныш Жұмабекұлының қабылдауына жалпы 40 адам жазылып, тұрғындар жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй, денсаулық сақтау, жол құрылысы, әлеуметтік көмек бойынша мұқтаждықтарын айтты.Сәрсен Абайұлының кезекті қабылдауына оннан астам адам жазылған. Іс-шарада негізінен, әлеуметтік мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, азаматтар білім беру ұйымына жұмысқа орналасу, жалақыны тұрақтандыру, мектептердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік және тағы басқа мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді.Сондай-ақ, кезекті қабылдауға тиісті басқарма өкілдері қатысып, тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/943853
Future Spaces халықаралық форумы: қалалық кеңістіктердің болашағына көзқарас 24.02.2025
20 ақпанда қалалық кеңістіктердің болашағына арналған UK Future Spaces халықаралық форумы өтті.Форумға қазақстандық бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі:«Алматы облысы бай мәдени мұрасымен және бірегей табиғи ресурстарымен танымал. Географиялық ерекшеліктері мен Ежелгі Жібек жолы бойындағы орналасуы аймақты инвестициялық тұрғыдан тартымды және туристік жағынан танымал етеді. Облыс аумағында британдық және бірлескен капиталдың қатысуымен 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақтың сыртқы сауда айналымы 3,6 млрд АҚШ долларына жетіп, экспорт 12,1%-ға өсіп, 819,4 млн АҚШ долларын құрады.Алматы облысында 2,5 трлн теңге сомасына 114-тен астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың ішінде девелоперлік жобалар, көлік инфрақұрылымы және тұрақты құрылыс бар. Өңірде бір арнайы экономикалық аймақ (АЭА) және сегіз индустриялық аймақ жұмыс істейді. Инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктер:• салықтық жеңілдіктер және арнайы экономикалық аймақтар;• мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмдері;• жобаларды қолдау және қаржыландыру бағдарламалары.Жаһандық үрдістер құрылысқа жаңа тәсілдерді талап етеді. 2050 жылға қарай әлем халқының 70%-дан астамы қалаларда тұрады, бұл сәулетшілерге, девелоперлерге және мемлекеттік жоспарлаушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді. "Ақылды" қалалар құру, инфрақұрылымды цифрландыру, процестерді автоматтандыру, жасыл сәулетті дамыту, көміртек ізін азайту және жаңартылатын энергия көздерін енгізу маңызды. Бұл бастамалар жаңа Алатау қаласында жүзеге асырылады.Аймақ басшысы форум жаңа идеялар, табысты жобалар және ұзақ мерзімді әріптестік алаңы болатынына сенім білдірді.Форум аясында әкім Ұлыбритания елшісі Кэти Лич бастаған британдық делегациямен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен жеке кездесулер өткізді. Олардың қатарында Infrastructure Exports: UK тең төрағасы Стюарт Синиор, Zaha Hadid Architects компаниясының басшысы Патрик Шумахер және Gillespies компаниясының негізін қалаушы Джим Диггл болды.Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич форумға Ұлыбританияның 25-тен астам танымал сәулетшісі қатысып жатқанын атап өтті. Олардың кейбірі қазірдің өзінде Қазақстанда жұмыс істеп жатыр. Британдық сәулетшілер өз жобаларын Қазақстанда, оның ішінде Алматы облысында жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытуда.Аймақ басшысы құрылыс және сәулет саласындағы мамандар үшін форумның маңыздылығын атап өтті. Форумда ұсынылған ақпарат отандық мамандардың көзқарасын кеңейтіп, шығармашылық идеяларды дамыту мен жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, қатысушы компаниялар тек жобалар ұсынып қана қоймай, материалдар мен жиынтықтауыштарды жеткізу, тіпті нысандарды толық іске асыру бойынша да қызмет көрсете алады.Кездесулер барысында Алатау қаласында білім беру орталықтары мен ғылым қалашығын салу, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелері талқыланды.Келесі кездесу құрылыс және инфрақұрылым саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар британдық маман Стюарт Синиормен өтті. Ол Gleeds компаниясының тәуелсіз директоры және оның стратегиялық дамуы мен инновацияларына жетекшілік етеді. Келіссөздер барысында екі ел мамандарының қатысуымен жаңа жобалар мен шығармашылық идеяларды бірлесіп жүзеге асыруға арналған жобалық кеңсе құру мәселелері қаралды.Одан кейін Zaha Hadid Architects жетекшісі Патрик Шумахермен кездесу өтті. 500-ден астам кәсіби маман жұмыс істейтін бұл сәулет және дизайн студиясы әлемдік деңгейде танымал. Патрик Шумахер сәулет, урбанистика және дизайн саласындағы ең көрнекті ойшылдардың бірі ретінде танылған. Алматы облысы әкімдігімен өткен келіссөздер барысында жеке капиталды тарта отырып, бастамашыл жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.Форум аясындағы қорытынды кездесу Gillespies компаниясының басқарушы серіктесі Джим Дигглмен өтті. Ол 30 жылдан астам тәжірибесі бар және Еуропа, Таяу Шығыс, Азия және Африкадағы ірі халықаралық жобаларға қатысқан. Келіссөздер барысында көлденең көгалдандыру және ғимараттарға қойылатын талаптарды жобалау кезеңінде әзірлеу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов Arup компаниясының ғаламдық инфрақұрылым директоры Лорна Болл және Arup Türkiye көлік бизнесінің жетекшісі Эмре Шимшекпен келіссөздер жүргізді. Олардың Ұлыбритания, Дания, Испания, Литва, Грузия, Өзбекстан және Қазақстандағы жобаларда тәжірибесі бар.Кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңірде инновациялық сәулет шешімдерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.Айта кету керек, UK Future Spaces форумы қалаларды тұрақты дамытуға және Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға ықпал ететін озық урбанистикалық және сәулет шешімдерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/943809
Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқарда азаматтарды қабылдады 24.02.2025
Қабылдауға жазылған азаматтардың қатарында Шалқар қаласы мен Қотыртас, Қауылжыр, Бегімбет ауылдарының тұрғындары бар.Тұрғындардың кейбірі жұмыс мәселесін, енді бірі қоқыс полигонын кеңейту және темір жол жүк қоймасы бөлімшесін ашу, Қотыртас ауылында әкімшілік ғимаратын салу және Қауылжыр ауылында спорт кешенін салу бойынша өтініш айтты.Өз кезегінде облыс әкімі Асхат Шахаров барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943822
Ақтөбе облысының әкімі шұғыл жиын өткізді 24.02.2025
Облыс әкімі ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерімен шұғыл жиын өткізді.Отырыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райы жағдайында жұмысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Барлық құрылымның іс-әрекеттерін үйлестіруге ерекше мән берілді. Өңір басшысы аудан әкімдеріне дизель отынын қоса алғанда, барлық резервтерді бөлу жөнінде нұсқаулар берді. Сондай-ақ, автокөлікті, әсіресе автобустарды полицияның сүйемелдеуімен алып жүруін қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударылды.Қазіргі уақытта облыс орталығынан Болгарка, Шұбарқұдық, Покровка, Темір, Бұлақ және Мәртөк елді мекендеріне апаратын жол учаскелері жабылды. Облыс әкімі талаптарды елемей, аудандарға қатынауын жалғастырып жатқан көліктерге қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.“Аудандардың әкімдері мен барлық қызметтер теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы эфирге шығып, жедел желілер мен жылыту пункттерінің нөмірлері туралы ақпарат беруі қажет. Жылыту пункттері жолдарда қалған адамдарды қабылдауға дайын болуы керек. Бағаның, атап айтқанда нанның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті тауарлар жағдайын бақылау қажет. Полиция ықтимал қақтығыстар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін жергілікті жағдайды бақылау арқылы тәртіпті қамтамасыз етеді. Кешке қарай ауа райы нашарлауы мүмкін, сондықтан барлық қызмет дайын болуы шарт. Жедел штабтарда кезекшіліктеркідіріссіз ұйымдастырылуы тиіс. Қазгидрометтің хабарлауынша, ауарайының нашарлауы күтілуде, сондықтан тұрғындарға қатты суық және боран жағдайында алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Аудандық ауруханалар есепте тұрған пациенттердің хал-ахуалы бақылауболуы тиіс, қатты қажеттілік болған жағдайда науқастарды емдеуорындарына жатқызу және облыстық орталыққа жіберу үшін техника жіберіледі. Қазір босаңситын уақыт емес. Ықтимал қатерлерге дайын болуы керек”, - деп ескертті әкім.Жиын соңында өңір басшысы қауіп-қатерлердің алдын алу және ауарайының нашарлауы кезінде өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күштер мен құралдарды барынша үйлестіруді тағы да міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943823
Шалқарда жаңа әскери комиссариатсалынып, өрт сөндіру депосы жөнделді 24.02.2025
 Әскери комиссариат ғимараты былтырғыжылдың соңында пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысанның құрылысын “Қолғанат Құрылыс” ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимаратта тек әскерге шақырылушыларды тіркеу ғана емес, сонымен қатар жастармен ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрдежүргізу жоспарланып отыр.Облыс әкімі әскери қызметке шақыру - әрбір азаматтың міндеті ғана емес, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін айтты.Әскери комиссариат ғимаратын аралап шыққаннан кейін, облыс әкімі өрт сөндіру депосына барды. Депо құрамында екі өрт сөндіру бөлімі бар, олардың бірі 1986 жылы, екіншісі 1980 жылы салынған. 2008 жылы депода алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жеке құрамында 33 қызметкер, оның ішінде 11 офицер және 22 сержант бар өрт сөндіру бөлімі орналасқан.Өрт сөндіру депосында 8 техника бар, оның ішінде 3 қызметтік жеңіл автокөлік және 4 арнайы өрт сөндіру машинасы.Облыс әкімі өрт сөндіру депосы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, олардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әсіресе табиғи және техногендік апаттар кезінде атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өтті.Екі мекеменің ұжымдарымен кездескен облыс әкімі ж тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жергілікті билік осындай нысандарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943836
Шалқарда мектеп пен балабақша жөнделді 24.02.2025
Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен мектеп пен балабақшаға барды.Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектепте 700 оқушы оқиды, 141 мұғалім жұмыс істейді.Оқу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстарын “Construсtion Group SAMRUK” ЖШС жасады. Бюджеттен 478 млн теңге жұмсалды. Сондай-ақ асхана, спортзал және компьютерлік классқа жаңа жабдықтар, жаңа үстелдер, жиһаз, интерактивті тақталар, сабаққа арналған музыкалық аспаптар сатып алынды. Мектеп ауласында шағын футбол алаңы бар. Қыста оның орнына мұз айдыны құйылды. Асхат Шахаров мектептің тыныш-тіршілігімен танысып, оқушыларды әңгімеге тартты. 10 сынып оқушысы Жангүл Жарылқасова мектепте оқу үшін тамаша жағдай жасалғанын атап өтіп, олимпиадалардағы жетістіктері туралы айтып берді.“Қазір мектебімізде жаңа пәндік кабинеттер мен цифрлық техникалар пайда болды, бұл оқуды әлдеқайда қызықты ететіні сөзсіз. Бізде робототехника сабақтары бар және бұл өте қызықты. Мен әртүрлі олимпиадаларға жиі қатысамын, жаңа цифрлық пәндердің арқасында көп нәрсені үйреніп келемін. Бұл маған конкурстарға дайындалуға және бірінші орындарды иеленуге көмектеседі”, - деп мойындады Жангүл Жарылқасова.Мектептен кейін әкім №12 “Бөбекжай” балабақшасында болды.Мектепке дейінгі мекеме 1963 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Бой көтерген уақыттан бері балабақшада күрделі жөндеу жүргізілмеген. 140 бала мұнда тәрбиеленіп жатыр.“2024 жылы балабақшаны жөндеуге облыстық бюджеттен 210 млн.теңге бөлінді. Ғимараттың төбесі мен қасбеті толығымен жөнделді, терезелер, электр сымдары, кәріз құбырлары, жылу жүйесі ауыстырылды. Жаңа жылыту батареялары орнатылды. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Бірінші қабатта балалар ойын бөлмелерінде едендер оқшауланып, Сантехника толығымен ауыстырылды, - деді Мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі Динара Ажимадинова."Ауылдардағы мектептер мен балабақшаларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Сапалы білім-болашағымыздың табысының кепілі. Біз балаларымызға оқу және даму үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастырамыз. Мұндай жаңартулар оқу сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін жайлы етуге көмектеседі", - деді әкім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943847
Михаил Шайдоров – төрт құрлықтың чемпионы 24.02.2025
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 285.10 ұпай жинап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.Жалпы рейтинг:1. Қазақстан. Михаил Шайдоров – 285.10 ұпай2. Оңтүстік Корея. Ча Джун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) – 265.02 ұпай3. АҚШ. Джимми Ма – 245.01 ұпайБұл жеңіс - тарихи оқиға.
Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты: 10 жылдан кейінгі алтын медаль 24.02.2025
2015 жыл: Денис Тен2025 жыл: Михаил Шайдоров2015 жылы турнирде алтын медальді жеңіп алған Денис Теннің ізін 2025 жылы Михаил Шайдоров жалғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/943845
Ербол Мырзабосынов Ресейдің спорт министрімен кездесті 24.02.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықтың былтырғы нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарларды ортаға салды.«Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз әріптестік орнатып, бірқатар бағыт бойынша бірлескен жұмыстарды сәтті жүзеге асырып келеді. Әсіресе, Ресейдің спорттағы мол тәжірибесі мен инфрақұрылымдық әлеуеті біздің спортшылар үшін маңызды. Бұл, әсіресе, қысқы спорт түрлерін дамытуға тікелей әсер етеді. Былтыр отандық спортшылар Ресейде бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысып, шеберліктерін шыңдады», – деді Ербол Мырзабосынов.Айта кетейік, былтыр елордада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресей спортшылары белсене қатысып, көшпенділердің ұлттық спорт түрлерінде шеберліктерін көрсетті.Кездесу барысында тараптар спорттық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей халықаралық деңгейде бірлескен бастамаларды дамытып, спорттық ірі іс-шараларды ұйымдастыруда өзара қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/943846
AlmaU-да қала құрылысы және өнеркәсіптік саясат бойынша сараптамалық «Think Tank» өтті 24.02.2025
Бүгін Almaty Management University-де (AlmaU) қала құрылысы және өнеркәсіптік саясат мәселелеріне арналған «Think Tank» форматындағы сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың университетке сапары аясында ұйымдастырылды. Кездесуге Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова және AlmaU Президенті Асылбек Қожахметов модераторлық етті.Талқылауға қалаларды жоспарлау, аумақтық даму, инфрақұрылым және құқықтық реттеу саласындағы жетекші мамандар, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық пен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Пікірталас Қазақстандағы құрылыс саласын тұрақты дамыту үшін шешімдер іздеуге бағытталды.Сараптамалық кездесу алаңы ретінде AlmaU-ды таңдаудың себебі - Университет тұрақты дамудың негізгі мәселелері бойынша диалогқа бастамашы болып қана қоймай, білім беру, кәсіпкерлік және басқару салаларына озық тәсілдерді белсенді енгізіп келетін білім ордасы. AlmaU көп жыл бойы аумақтарды дамытуға, инфрақұрылымды жаңартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған стратегияларды әзірлеу мақсатында үздік мамандар мен практиктерді біріктіре отырып, білім мен инновацияның экожүйесін қалыптастырып келеді.Кездесу барысында физика-математика ғылымдарының кандидаты, МҚБ бағдарламасының ғылыми жетекшісі Марат Мырзахмет «Қазақстанның жеделдетілген технологиялық әртараптандыру стратегиясын және жаңа өнеркәсіптік саясатын әзірлеу» тақырыбында және қала құрылысында стратегия мен үздік әлемдік тәжірибені ұсынған «Алматыгенплан» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов баяндама жасады. ҒЗИ басшысы қазақстандық қалаларды дамытуға инновациялық және тұрақты тәсілдерді енгізудің маңыздылығына назар аударды. Өз сөзінде ол инфрақұрылымдық объектілер мен тұрғын аудандарды үйлесімді интеграциялауға жаңа шешімдерді ұсынды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді қазақстандық мегаполистердің бірегей ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімдеу қажеттігін атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар Қазақстандағы құрылыс саласы мен қала құрылысының алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді қарастырды.Іс-шараға қатысушылар «Think tank» жұмысының нәтижелері бойынша өнеркәсіптік саясат пен қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді үйлестіру бойынша ұсынымдар әзірледі, сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимылды жақсарту үшін шаралар ұсынды, сондай-ақ құрылыс пен аумақтық жоспарлауда құқықтық және экономикалық механизмдердің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.«Think tank» сараптамалық кездесуі Қазақстанның инфрақұрылымын тұрақты дамытуды және жаңартуды ілгерілетудегі, сондай-ақ құрылыс саласының өзекті мәселелерін шешудегі маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943832
Қанат Шарлапаев Алматыдағы кабель және сым өнімдерін шығаратын зауытта болды 24.02.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «HARMONY CABLE» ЖШС зауытында болды.Кәсіпорын «Алматы» индустриялық аймағында орналасқан. «HARMONY CABLE» ЖШС әртүрлі үлгідегі және өлшемдегі кабель және сым өнімдерін шығарады.Өндірістік қуаттылығы жылына 8,1 млрд теңгені құрайтын 21 600 млн метрге дейін электр сымдары мен әртүрлі үлгідегі кабельдерді құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943834
Қанат Шарлапаев «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-де болды 24.02.2025
Қанат Шарлапаев Алматы қаласында орналасқан «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өндірісімен танысты.Бұл жобалық қуаттылығы жылына 90 000 дана болатын мультибрендті автомобиль шығаратын зауыт. Аумақта дәнекерлеу және бояу цехтары, бөлшектер қоймасы және құрастыру цехтары бар.2025 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Зауыт Changan, Chery және Haval көліктерін шығаратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/943839