Қоғам
"Amian" мобильді қосымшасы арқылы МКК акциялары 13.10.2025
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың салық мәдениетін арттыру, кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында «Amian» мобильді қосымшасы арқылы келесі акцияларды өткізуде:«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал»Мерзімі: 2025 жылғы 3 сәуір – 31 желтоқсан аралығында.Қатысу: түбіртектерді қосымша арқылы тіркеу.Жүлделер: ақшалай және бағалы сыйлықтар. «Бәйге»Мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр – 31 желтоқсан аралығында.Нәтижелері тоқсан сайын шығарылады.Ең көп түбіртек жинаған 20 жеңімпазға (әр өңірден) – 100 000 теңге беріледі. Пилоттық жоба «Salyq кэшбэк»Мерзімі: 2025 жылғы 15 наурыз – 31 желтоқсан аралығында.Мәні: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жасалған сатып алулардан 2%-ы қайтарылады.Қаражатты картаға немесе телефон теңгеріміне аударуға болады. Halyk Bank-пен ай сайынғы ұтыс ойындарыМерзімі: 2025 жылғы 1 маусым – 30 қараша.Жүлделер: 100 000 бонусқа дейін.Шарттары: Halyk картасымен немесе QR арқылы төлем жасау. Түбіртектің маңыздылығы:Түбіртек — мәмілені растайды және тұтынушының құқықтарын қорғайды.Түбіртек берілмеген жағдайда кәсіпкердің табысы төмендейді, салық түсімдері азаяды.Әр түбіртек — экономиканың ашықтығына және адал кәсіпкерлікке қосқан үлес. Сонымен қатар, «Amian» қосымшасында кассалық тәртіп бұзушылықтарға (түбіртек бермеу, картамен төлеуден бас тарту) бойынша шағым жіберу қызметі қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1070699?lang=kk
Мемлекеттік басшысының жолдауын жүзеге асыру мәселеріне арналған жиын өтті 13.10.2025
Аудандық мәдениет үйінде Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Нұртазаев ашып, жүргізді.Жиынға зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел экономикасының барлық салаларын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды.Алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық елге айналдыру мақсатында нақты стратегиялық межелерді белгіледі.Президенттің жаңа бастамалары Қазақстанды жаһандық аренада бәсекеге қабілетті ел ретінде танытумен қатар, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға зор ықпалын тигізеді.Жиын барысында агроөнеркәсіп, цифрландыру, инвестиция тарту, білім беру, мәдениет пен құқық қорғау салаларында нақты міндеттер талқыланды.Президент жүктеген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау – баршамыздың ортақ парызымыз.Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1070750?lang=kk
КЖБІП/СААP шеңберінде ESG-/ климаттық тәуекелдерді басқару 13.10.2025
2025жылғы29қыркүйекте 14сағат00минуттан15сағат00минутқа дейін «ЭрнстэндЯнг-консультациялыққызметтер» ЖШС (бұдан әрі -EY)ҚазақстанРеспубликасыҚаржынарығынреттеужәнедамытуагенттігінің және Қазақстанқаржыгерлеріқауымдастығыныңқолдауыменонлайнформаттасеминарөткізеді.Семинардың тақырыбы – «КЖБІП/СААP шеңберінде ESG-/ климаттық тәуекелдерді басқару». Семинар құрылымы:климаттық тәуекелдердің банктердің қаржылық орнықтылығына әсері;ESGжәнеклиматтықтәуекелдердібасқарудыреттеудіңхалықаралықпрактикалары мен үрдістеріне шолу. Семинарға қатысу үшін сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша madina.orazalina1@kz.ey.com электрондық поштасы арқылы хабарласуы сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1070768?lang=kk
Бүгін қала әкімі Гайдар Қасенов жұмыс сапарымен Қарабұлак ауылына барды 13.10.2025
Бүгін қала әкімі Гайдар Қасенов жұмыс сапарымен Қарабұлак ауылына барды. Сапар барысында ауылдық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысы тексерілді. Әкім мердігер мекемеге құрылысты сапалы аяқтау қажеттігін атап өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1070774?lang=kk
Бүгін қалада әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті 13.10.2025
Бүгін қалада әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібінде:• әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу жұмыстары;• кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі;• жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1070775?lang=kk
Бүгін қала әкімі Гайдар Қасенов 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты 13.10.2025
Бүгін қала әкімі Гайдар Қасенов 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.Қала басшысы құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Игберденовке жұмыстың сапасын қамтамасыз ету және тұрғындардың қолайлы жағдайын қарастыру бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою, жұмыстың сапасын арттыру мәселелеріне тоқталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1070776?lang=kk
Қала әкімі Гайдар Қасенов жұмыс сапарымен Бестөбе кентіне барып, спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысының барысын тексерді 13.10.2025
Қала әкімі Гайдар Қасенов жұмыс сапарымен Бестөбе кентіне барып, спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысының барысын тексерді.Еске сала кетейік, нысанның мердігер ұйымы – «Таир» ЖШС болып табылады.Сапар барысында қала басшысы мердігерге жұмысты жеделдету, белгіленген мерзімде сапалы түрде аяқтау бойынша тапсырмалар берді.Аталған нысанның құрылысы қала әкімінің тұрақты бақылауындаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1070777?lang=kk
Қазақстан мен Германия туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 13.10.2025
Берлин, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Берлинде «Қазақстан мен Германия арасындағы туристік ынтымақтастық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел форматында брифинг өтті.Іс-шараға Германия туристік қауымдастығының (DRV) президенті Норберт Фибиг, Германия туристік индустриясының федералдық қауымдастығы, тәуелсіз туристік компаниялардың федералдық қауымдастығы, Германияның жетекші туроператорлары, Air Astana және SCAT Airlines әуе компаниялары, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, облыс әкімдіктерінің өкілдері және «Kazakhtourism» ұлттық компаниясы» АҚ қатысты.Қатысушылар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Басты назар Германиядан келетін кірме туризмді дамыту, Қазақстанның туристік брендін еуропалық нарықта ілгерілету, сондай-ақ мәдени, іскерлік және экологиялық туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне аударылды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін әлеуеттің зор екенін атап өтті.Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде туризм саласындағы әріптестікті тереңдету Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастарының маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, туризм тек экономиканың өсуіне ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы сенім, достық және мәдени алмасу көпірлерін қалыптастыруға да ықпал етеді. «Біз Германияны стратегиялық әріптес ретінде көреміз, туристер үшін Қазақстан бірегей ұсыныстар жасап, ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға дайын», – деді Елші.DRV президенті Норберт Фибиг неміс делегациясының Қазақстанға жасаған ақпараттық туры туралы баяндады. Сапар барысында қонақтар Астана, Алматы және Байқоңыр қалаларында болған. Делегация өкілдері елорданың қарқынды дамуы және оның инфрақұрылымымен танысты, Алматыда – бай мәдени мұра және заманауи туристік нысандарды аралады. Неміс тарапына ерекше әсер қалдырған сапарлардың бірі Байқоңыр ғарыш айлағына бару, оның ішінде Ғарыш айлағы тарихының музейін көру болды. Сапар аясында делегация ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевпен, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен және қазақстандық туристік индустрия өкілдерімен кездесіп, 2026 жылдың күзінде неміс туристері арасында Қазақстанды ілгерілетуге арналған арнайы форум өткізу жөнінде келісімге келді.Н.Фибиг сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, ашық диалог үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Ол Қазақстанның мәдени және белсенді туризм бағытындағы әлеуеттің зор екенін, ал қазіргі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы ынтымақтастықты кеңейту үшін берік негіз қалыптастыратынын айтты. Сондай-ақ, DRV президенті неміс туристерін Қазақстанға тартуға бағытталған бастамаларды одан әрі қолдауға дайын екенін растады.Іс-шара соңында екі тарап өкілдері пікір және ақпарат алмасып, іскерлік байланыстарды нығайтуға, Қазақстанды неміс нарығында ілгерілетуге арналған жаңа маркетингтік тәсілдерді талқылады.Қатысушылар мұндай кездесулердің өзара түсіністікті тереңдетуде және туризм саласында үйлестірілген жұмысты қамтамасыз етуде маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ тараптар туризмнің достық пен әріптестіктің тағы бір берік көпіріне айналатының атап өтіп, бірлескен бастамалар Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1070787?lang=kk
Астанада өтетін жәрмеңкеде Абай мен Атырау облыстарынан жеткізілген 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады 13.10.2025
Астанада алдағы өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 20-21 қыркүйек күндері өтеді. Биыл өз өнімдерін Абай мен Атырау облыстарының тауар өндірушілері ұсынады.Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының аграрлық өндірушілері әртүрлі ет, балық, сүт өнімдері, бакалея тауарлары, сондай-ақ көкөніс пен жеміс-жидекті тікелей фермерлерден жеткізеді. Бұл азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және отандық өндірушіні қолдауға ықпал етеді.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға шамамен 400 тонна өнім әкеледі, оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері, шамамен 20 тонна басқа азық-түлік өнімдері бар. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей фермерлерден сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламаны да тамашалай алады.Жәрмеңке 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.Еске сала кетейік, биылғы жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағы аумағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобустары қатынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1070796?lang=kk
Еуропа Кеңесінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды 13.10.2025
Страсбург, 2025 жылғы 11–12 қыркүйек – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық үйлестірушілер мен баяндамашылардың жыл сайынғы кездесуі өтті.Іс-шара Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Конференцияға 53 елден 130 сарапшы қатысты. Қазақстан тарапынан Ішкі істер министрлігінің Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процестің қатысушыларын қорғау басқармасы бастығының орынбасары Шинар Күчербаева қатысты.Кездесудің мақсаты – ұлттық үйлестірушілер арасында ақпарат және тәжірибе алмасу, сондай-ақ ЕҚЫҰ аймағында адам саудасына қатысты мәселелерді шешу бойынша бірлескен іс-қимылды айқындау. Қатысушылар алдын алу, адам саудасын тоқтату және құрбандарға көмек көрсету саласында әлеуетті арттыруға дайын екендіктерін білдірді.Өз кезегінде Қазақстан өкілі еліміздің 2024–2026 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру тәжірибесін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1070824?lang=kk
Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесу өтті 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесу өткізді.Кездесу барысында көптілді білім беруді дамыту, аз ұлттардың елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуын кеңейту, сондай-ақ оларды мемлекеттік басқару процестеріне тарту мәселелері талқыланды.А.Исетов ЕҚЫҰ өкілдерін халықтың, оның ішінде аз ұлттардың әл-ауқатын жақсарту бағытында елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар туралы хабардар етті.Өз кезегінде К.Камп Қазақстанның этносаралық келісімді нығайтудағы және аз ұлттардың тілдік және мәдени құқықтарын қолдау жөніндегі бірегей тәжірибесін ерекше атап өтті. Ол осы саладағы мемлекеттік саясаттың жемісті нәтижелерін жоғары бағалап, сондай-ақ кейінгі реформалар шеңберінде ынтымақтастық пен бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруді нығайтуға үміт білдірді.ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары сонымен қатар диалог, консультациялар және практикалық ұсынымдар негізінде этносаралық шиеленісті төмендету және қақтығыстардың алдын алу мәселесіндегі өз көзқарастары және басымдықтарымен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау, аз ұлттарды қолдау және этносаралық келісімді нығайту саласындағы белсенді өзара іс-қимылға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070825?lang=kk
Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты және оған қарасты барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлайды. 13.10.2025
Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты және оған қарасты барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1070827?lang=kk
Салық реформасы экономика мен туризмге тың мүмкіндіктер береді 13.10.2025
Жаңа Салық кодексі экономиканың барлық саласына оң әсер етеді: ауыл шаруашылығы мен туризмнен бастап өнеркәсіп пен қызмет көрсету сегментіне дейін. Сондықтан да ҚР Қаржы министрлігі еліміз бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айталық, кәсіпкерлер мен тұрғындарға арналған семинарлар, кездесулер ұйымдастырылып, мамандар жаңа ережелерді түсіндіріп, кәсіпкерлердің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп келеді.Мәселен, Қонаев қаласындағы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың қатысуымен өңірдегі салық төлеушілерге арналған семинар өтті.Қонаев қаласы – Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан облыс орталығы болып саналады. Шаһардың өңірлік ішкі туризм саласындағы әлеуеті біртіндеп нығайып келеді. Сондықтан да кездесуде туризм бағытындағы салық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жаңа заңда осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген салық режімдері мен төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылған. Енді олардың үшеуі қалып отыр. Біріншісі – табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын қамтитын бірыңғай төлемді төлей алатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Екінші режім жеңілдетілген декларацияға негізделіп, ол шағын және орта бизнеске бағытталған: салық кірістің тек 3% қамтиды. Үшінші режім өндірісті дамытып, инвестиция тартуды көздейтін әрі жеңілдетілген мөлшерлемелері бар шаруа (фермерлік) қожалықтарына арналған.«Жаңа кодекс көлеңкелі экономиканы азайтып, қаржы ағындарының ашықтығын арттыруды көздейді. Туризм үшін бұл әділ бәсекелестікпен қатар мемлекеттік қолдау шараларына, оның ішінде өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қол жеткізуге жол ашады. Мұның бәрі жаңа демалыс орындарының ашылуына, қызмет көрсету сапасының артуына және халықаралық туризм нарығында Қазақстанның тартымдылығын арттыруға оң әсер етуі тиіс», деді Жәнібек Нұржанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1070835?lang=kk
Аймақ басшысы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті 13.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті.Басқосуда аймақ басшысы Арал теңізінің ахуалы тек бір өңірдің немесе бір елдің ғана емес, әлемге ортақ, жаһандық экологиялық мәселе екенін айтты.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021-2025 жылдары Арал теңізінің құрғаған табанындағы 1 миллион 100 мың гектар аумаққа климатқа бейімделген өсімдіктер егіп, ормандандыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын.2021-2024 жылдары 659 мың гектарға сексеуіл көшеті егілді. Қалған 441 мың гектар жердегі жұмыс жыл аяғына дейін жалғасады.Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау бағытында шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың қолдауымен де ауқымды жұмыс атқарылуда.Құрғаған теңіз табанындағы құм көшкінін тоқтату үшін Германия, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттарының, ірі халықаралық ұйымдар және қорлардың қолдауымен 73 мыңнан астам гектар жерге сексеуіл көшеті отырғызылды.Бұдан бөлек, биыл Дүниежүзілік банк есебінен 441 млн. теңгеге аумағы 33,5 гектар орман тұқымбағы пайдалануға берілді. Бұл әлемдік қауымдастықтың Арал теңізі мәселесіне бейжай қарамайтынын көрсетті. Сондай-ақ, достық байланыстардың жолға қойылғанының дәлелі деп білеміз.Ауқымды жобалар Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуға, су құрамындағы тұз мөлшерін азайтуға мүмкіндік туғызды. Бұл балық шаруашылығының дамуына оң серпін берді. Мәселен, 2004 жылы 400 тонна, 2024 жылы 6 мың тоннаға жуық балық ауланды.Біз осы бағытта әріптестік орнатуға, бірлесіп жұмыс атқаруға әрқашан дайынбыз!», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда сөз алған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Робб Батлер әріптестікке жол ашық екенін жеткізді.Айта кетейік, 15 қыркүйектен бастап Арал теңізі дағдарысының денсаулық пен қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы делегациясы өңірімізге жұмыс сапарымен келген болатын. Елдік миссия өкілдері теңіздің жағдайымен танысып, өңір халқының денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға, қауіп-қатерлерді жоюға қатысты арнайы форум өткізді.Форум алаңында үкіметаралық жұмысшы топ өкілдері Арал өңірінің климаттық жағдайын, қоршаған ортаның денсаулыққа әсерін бағалап, осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жобаларын кеңінен талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1070478?lang=kk
Ақтауда мәслихат депутаттарымен Орнықты даму мақсаттарын жергіліктендіру бойынша алғашқы кездесу өткізілді 13.10.2025
2025 жылғы 18 қыркүйекте Ақтау қаласында өңірлік деңгейде Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергіліктендіруге арналған алғашқы кездесу өткізілді. Іс-шара әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарын біріктіріп, орнықты дамудың ұлттық басымдықтарын ілгерілетудегі маңызды қадам болды.Кездесуге бас болғандар Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ). Семинарды ұйымдастыру парламенттік комиссияның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын мониторингілеу жөніндегі ұсынымдарын іске асырады.Қатысушыларға арнап, Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Қошмағанбетов, Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова және БҰҰДБ жобалық талдаушысы Заур Ибрагимов құттықтау сөз сөйледі.Нұргүл Жанназарова өз сөзінде жергіліктендіру жаһандық мақсаттарды табысты іске асырудың негізгі шарты екенін атап өтті."ОДМ-ға жергілікті деңгейде белсенді жұмыс істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан мәслихат депутаттарының қатысуы маңызды рөл атқарады", - деді Нұргүл Жанназарова.Семинар қатысушылардың ОДМ жергіліктендіру әдістемесі туралы хабардарлығын арттыруға және өңірлік даму жоспарына мақсаттарды интеграциялауда депутаттардың құзыретін нығайтуға ықпал етті. Бұл өңірлердің неғұрлым теңгерімді әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде ОДМ ұлттық индикаторларын стратегиялық құжаттарға, оның ішінде оларды бейімдеуді және өңірлік даму бағдарламаларына енгізуді декомпозициялау жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1070489?lang=kk
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісі бойынша қоғамдық тыңдау өтті 13.10.2025
Бүгін Қармақшы ауданында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны аудан әкімінің аппарат басшысы Диас Молдабаев жүргізіп, жобаның негізгі мақсат-міндеттері мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.Қоғамдық тыңдауға «КазГипроНефтеТранс» ЖШС бас инженері Бузаубаев Талғат Қуанұлы, Экология бөлімінің бас маманы Мырзабеков Бақытжан Ибадуллаұлы, Жобаның әзірлеушісі Бедарева Инна Владимировна, «ILF» ЖШС жетекші маманы Уразалиева Нұргүл Серікқызы, «UCCBBS2» ЖШС аға менеджері Қанатбаев Алмас Жанболатұлы қатысты.Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның оңтүстік өңірін табиғи газбен сенімді әрі ұзақ мерзімді қамтамасыз ету.Газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен 1450 шақырымды құрайды. Трасса Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағы арқылы өтеді.Құрылыстың жалпы ұзақтығы 41 айға жоспарланған. Жұмыстар 2025 жылғы қыркүйек айында басталып, 2029 жылдың қаңтарында аяқталады деп күтілуде.Газ құбырын тұрақты қысыммен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше компрессорлық станция салынады. Сондай-ақ, вахталық кенттер мен жөндеу-пайдалану учаскелері инфрақұрылым талаптарына сай жобаланып, трасса бойында орналастырылады.Жоба толығымен қолданыстағы санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін оған «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызмет көрсетеді.Қоғамдық тыңдау барысында жоба өкілдері тарапынан толыққанды ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шара барысында жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де ескерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070499?lang=kk
«Ана-ұрпақтың шамшырағы»: аудан аналарына құрмет 13.10.2025
Қармақшы ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Ана – ұрпақтың шамшырағы» тақырыбында көпбалалы батыр аналармен кездесу кеші өтті.Шараның басты мақсаты – алтын құрсақты аналардың қоғамдағы рөлін дәріптеу, жас ұрпаққа өнеге ету және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Мәдени іс-шара «Руханият» орталығында ұйымдастырылып, онда ауданға еңбегі сіңген көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.Кеш шымылдығы тақырыптық прологпен ашылды. Сахнада ана бейнесі мен ұлттық болмысты айшықтайтын көріністер ұсынылып, дәстүрлі «Бесік жыры» орындалды. Бұдан кейін жырау Руслан Өтегенов аналарға арналған арнау-жырын оқып, көрермен ықыласына бөленді.Шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жүргізді. Кездесу барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаев сөз сөйлеп, батыр аналарға алғыс айтып, құрмет көрсетті:-Қармақшы ауданы – қашан да батыр аналарымен, ұрпақ тәрбиесіне еткен еңбегімен ерекшеленетін киелі өлке және оларға деген құрмет ерекше. Бүгінгі шараға қатысып отырған әрбір ана – сол асыл дәстүрдің, сол руханияттың жарқын жалғасы. Қазақ «Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен» ананы қашан да қастерлеген. Сондықтан сіздерге көрсетілер құрмет – елге көрсетілген құрмет деп білемін. Сіздердің әрбір игі істеріңіз – еліміздің ертеңі үшін жасалған шынайы еңбек,- деп атап өтті.Сондай-ақ, қоғамдық өмірге белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірқатар батыр аналарға аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпаттары табысталды.Шара аясында қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов, сондай-ақ аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі К.Раева сөз алып, аналарға ілтипат білдірді.Аналар атынан жылы лебіздер де айтылып, рухани кеш әсерлі ән-шашумен жалғасты. Әсіресе, барша қатысушылар бірігіп орындаған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні көпшілік көңілінен шығып, ерекше тебіреніс сыйлады.Шара соңы қатысушылардың естелік суретке түсуімен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070506?lang=kk
Петропавлда жанармай құю станцияларының бірінде заң бұзушылық анықталды 13.10.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласы тұрғынының өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «PetroRetail» ЖШС (Qazaq Oil) жанармай құю станцияларының бірінде заң бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында М2р-20 (20л) сенімді өлшеуішін пайдалана отырып, ТРК арқылы жіберілетін отынды бақылау өлшемдері жүргізілді. 20л мөлшерінде отын жіберген кезде колонкалар жұмысының қателігі +/- 80 мл шегінде болуы тиіс. Өлшеу нәтижелері бойынша бағандар жұмысының рұқсат етілген қателігінен асып кету анықталды. № 1 ТРК бойынша ең жоғары асып кету -120 мл, яғни шекті рұқсат етілген қателіктен 40 мл артық, №4 ТРК бойынша-140 мл, яғни шекті рұқсат етілген қателіктен 60 мл артық болды. Бұл осы өлшемдерге белгіленген метрологиялық талаптарды бұзу болып табылады. Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өлшемдерге, өлшеу құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын міндетті метрологиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік1-тармақта көзделген. ҚР ӘҚБтК 419-бабының 1-бөлігі. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша «PetroRetail» ЖШС қысқартылған әкімшілік іс жүргізу шеңберінде 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалды. Атап айтқанда, отын тарату колонкаларын баптау және кезектен тыс тексеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1070514?lang=kk
Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді? 13.10.2025
ЖауапҚазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады.Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген.Осылайша, валюта бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге жататын (алынған) кредит (қарыз, микрокредит) сомасын түзету (индекстеу) сыйақы деп танылмайды. Бұл «сыйақы» ұғымында анықталған.Салық есебінде міндеттемелерді (талаптарды) осындай индекстеу ҚЕХС және бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес ескеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1070563?lang=kk
Энергетика министрлігінде жылыту маусымына дайындық бойынша селекторлық кеңес өтті 13.10.2025
ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде 2025–2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша республикалық селекторлық кеңес өтті.Кеңеске ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.Іс-шара барысында энергия көздері, электр және жылу желілерін жөндеу науқанының іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды.Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының жылу желілерінде, сондай-ақ Аягөз және Сәтпаев қалаларындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен деңгейде қалып отыр.Бұдан бөлек, бірқатар электр станцияларында негізгі жабдықтарды жөндеу мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен энергетикалық кәсіпорындарға жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1070592?lang=kk