Қоғам
Ауыз суды уақытша өшіру туралы 13.10.2025
«Қостанай қ. Қайырбеков–Курганская көшелерінің қиылысынан Совхозная көш., 27-ге дейін, жылыжай комбинаты, д-300 мм су құбырын реконструкциялау» нысаны бойынша жаңа су құбыры желілерін қайта қосуға байланысты, 2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады:Жеке тұрғын үйлер:Қайырбеков көшесі: 360/1, 360/3, 360/5, 360/7, 362, 362А, 362/1, 362/2, 362/3, 362/4, 362/5, 362/6, 364, 364/1, 364/3, 364/5, 366, 366/2, 366/4, 366/6, 368, 368/1, 368/3, 368/5, 370, 372, 370/7, 370/5, 372/3, 372/1, 372/2, 372А, 370/4, 370/2, 370/6.Совхозная көшесі: 1–60.Жылыжай комбинаты: 1, 4, 5, 8, 9, 10, 13А, 17, 14, 14А, 13, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28А.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1070857?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мартти Ахтисари атындағы Бейбітшілік қорының басшысымен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 13.10.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов М.Ахтисари атындағы Бейбітшілік қорының Бас директоры Янн Тааласпен кездесті.Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты өзара іс-қимылдың болашағы зор бағыттарын қарастырды.Қазақ дипломаты сұхбаттасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалармен таныстырып, Жолдаудың негізгі ережелеріне тоқталды. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен саяси трансформацияға ерекше назар аударылды. Аталған бастамалардың фин тәжірибесімен үндес келетіні және жасыл энергетика, инновациялар мен жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалар үшін мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.Өз кезегінде Я.Таалас Қазақстандағы өзгерістерге қызығушылық танытып, жаһандық сын-қатерлерге қарсы халықаралық диалогты нығайтуға бағытталған елдің күш-жігерін жоғары бағалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1070860?lang=kk
Аргентина мен Бразилияның рухани өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысты 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17-18 қыркүйек – Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өтті. Форумның негізгі тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Съездің жұмысына әлемнің 60 елінен 100-ден астам өкіл қатысты. Олардың арасында ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің рухани көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымы, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері болды. Сондай-ақ, съезд аясында 16 қыркүйекте алғаш рет БҰҰ Өркениеттер альянсы (UNAOC) шеңберінде Бас хатшының өкілі Мигель Анхель Морантиностың төрағалығымен діни нысандарды қорғауға арналған Арнайы сессия өтті.Арнайы сессияда Аргентина Республикасындағы Ахмадия мұсылман қауымының Президенті, АӨК дін бостандығы жөніндегі комиссары Марван Гилл баяндама жасады. Өз сөзінде М.Гилл ислам дінінің маңызы мен дін бостандығына кепілдік берудің, барлық діни нысандарды қорғау үшін жауапты болудың қажеттілігін атап өтті. Сессия барысында қатысушылар діни нысандарға төнген қауіптердің артуын, вандализм мен діни төзбеушілік әрекеттерін талқылап, үйлестірілген халықаралық жауаптың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның діни нысандарды қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Сессия Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогтағы белсенді қатысушы ретіндегі мәртебесін растады әрі Съездің рухани дипломатияның халықаралық алаңы ретіндегі маңызын күшейтті.Сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі барысында «Дінді орнықты дамудың факторы ретінде қарастыру» тақырыбындағы секциялық отырыста Бразилия Федеративтік Республикасындағы Теософиялық қауымдастықтың мүшесі Освальдо Кондэ баяндама жасады. Ол діннің әлемдік орнықты даму үдерісіндегі рөлін атап өтті. Аталған іс-шарада қақтығыстарды болдырмау мәселелері — Таяу Шығыстан Шығыс Еуропаға дейін, цифрлық шындық пен жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар, сондай-ақ жастардың радикалдануына қарсы күрес тақырыптары да талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1070868?lang=kk
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі білім беру саласындағы Қазақстан-Мексика ынтымақтастығын ілгерілетуде 13.10.2025
Мехико, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков «Raindrop School of Excellence» атты жеке мектебінің Директоры Летисия Флорес Гомеспен, осы оқу орнының аумағында экскурсиядан өтті.Қазақстан Елшілігі білім беру саласында Мексика тарапымен ынтымақтастықты ілгерілетуде. Осы саладағы өзара іс-қимылдың болашағы зор және елшілік қызметі үшін басымдықтардың бірі болып қала береді.Мәселен, Мехико штатында жұмыс істеп тұрған мектеп базасында қазақстандық азаматтардың басшылығымен оқу орны ашылды. Жаңа мектептің бір ерекшелігі – жеке пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік береді. Бұл Мексикадағы қарапайым, арзан мектептер үшін әдеттегідей емес. Екіншісі – бір кешенде мектеп және мектепке дейінгі оқытудың толық циклін ұсынады.Қазақстандық азаматтар осы идеямен Мехико штатында қол жетімді мектеп білімінің өсіп келе жатқан қажеттілігін ескеріп шықты. Мексикалық Үкімет барлық балаларға білім алуға мүмкіндік беру үшін арнайы стипендиялар енгізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1070869?lang=kk
Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді 13.10.2025
Бүгін «Руханият» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің отырысы өтті.Жиынды аудан әкімі Жандос Еркінбек ашып, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел экономикасының барлық салаларын жаңғырту мақсатында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын жедел енгізуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.Жолдауда айқындалған міндеттер негізінде аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тың серпін беретін бастамаларға тоқталып өтсе, «Жаңажол» ЖШС-нің төрағасы Төлепов Орынбасар ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдеу, озық технологияларды енгізу және инвестициялық белсенділік шаралары туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ білім беру саласын цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жөнінде аудандық оқушылар үйінің директоры Құралай Манасова баяндама жасаса, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев жағымсыз әдеттерден арылып, мәдениетті және өркениетті қоғам қалыптастыру мәселелерін көтерді.Президенттің Жолдауын талқылау барысында аудан әкімі актив отырысында негізгі 7 бағыттар бойыншажұмыстарды үйлестіріп, орындауды міндеттеді.Мәселен, Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және шағын, орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Аудан әкімі бұл бағытта ауданға инвестиция тарту, өнімдерді өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттері бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізуі қажеттігін тапсырды.Жолдауда игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару туралы да сөз болды. 2024 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу жұмыстарын аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі толық аяқтауы тиіс. Аудан әкімі бұл жерлердің тек тиімді пайдалана алатын азаматтарға берілуі керектігін баса айтты.Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету мәселесі көтерілді. Биыл Иіркөл ауылында электр желілерінің құрылысы жүргізілсе, аталған жұмыс Дүр Оңғар ауылында қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Аудан әкімі аталған жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын талап етті.Сонымен қатар, су тапшылығы мәселесін шешу бағытында 2026–2028 жылдары су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген. Бұған қоса, Ақтөбе және Ақжар ауылдарындағы тозығы жеткен су насос қондырғылары жаңартылып, екі дана ұңғыма насосы орнатылғаны атап өтілді. Аудан басшысы бұл жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін талап етті.Президенттің мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу тапсырмасына сәйкес, аудандық білім бөліміне білім сапасын арттыру жұмыстарын күшейту жүктелді.Жиынды қорытындылай келе аудан әкімі Жандос Еркінбек: «Біз ашық бәсекелестік пен тең мүмкіндікке негізделген Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастырудамыз. Баршаңызды ел игілігі жолындағы жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырамын», — деп сөзін түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070910?lang=kk
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында семинар өтті 13.10.2025
Бүгін аудандық жыраулар үйінде Бірыңғай цифрлық платформаға штаттық кестені енгізу тәртібін түсіндіруге арналған ақпараттық жиын өтті.Цифрлық платформаға енгізу арқылы басқару мен есептілікті оңтайландыру мақсатында өткізілген жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлы жүргізді. Сондай-ақ шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен арнайы іссапармен бөлім басшысы Бағлан Әбділдаұлы және осы департаменттің статистигі Әлібек Сәтбайұлы қатысты.Жиын барысында әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларын цифрлық форматта көрсетуге арналғаны айтылды. Аталған платформа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, шешім қабылдау үдерісінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.Осыған орай, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілі Бағлан Әбділдаұлы штаттық кестені енгізу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Спикер нақты нормалар мен талаптарға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.Кездесу соңында ұсыныс-пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070912?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу саласы бойынша семинар-кеңес өтті 13.10.2025
Бүгін К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер мен заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша семинар-кеңес өткізілді.Семинарды аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Жиынның негізгі мақсаты — мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен өзекті мәселелер бойынша қатысушыларды ақпараттандыру және тәжірибелік түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Семинарға арнайы шақырылған сала мамандары ретінде Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Маратұлы, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Сәдір Ержанұлы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Мұратбек Амангелдіұлы қатысты.Семинар барысында екі негізгі мәселе қаралды. Оның бірі қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер және мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері болса, екіншісі мемлекеттік сатып алу саласындағы жиі кездесетін заң бұзушылықтарға қатысты болды.Баяндамашылар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді, сондай-ақ пікір алмасу алаңы да ұйымдастырылды.Аталған жиын мемлекеттік сатып алу саласында ашықтықты қамтамасыз етуге және жергілікті мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070916?lang=kk
Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда 13.10.2025
Қармақшы ауданының әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі және мекеме басшылары «Заң мен тәртіп» аясында бірлескен жасөспірімдер арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Рейд барысында саябақтар, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және басқа да жастар көп шоғырланатын орындар араланып кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1070921?lang=kk
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Ақтөбенің қоғам өкілдерімен кездесті 13.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Ақтөбеде «Белсенді қоғам – берік болашақ» тақырыбында XII Азаматтық форум өтті.Форум аясында Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері Т. Мухсинова мен А. Бекенова үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, еріктілер бірлестіктеріне, белсенділерге және мемлекеттік органдардың өкілдеріне конституциялық бақылау органының азаматтардың өтініштерін қарау тәртібіне қатысты қолданыстағы заңнама талаптары туралы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің сот ісін жүргізуден айырмашылықтары жайында айтып берді. Сонымен қатар, Аппарат қызметкерлері Баишев университетінің және ҮЕҰ Ресурстық орталығының өкілдерімен де осындай кездесулер өткізді.https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1065639?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1070936?lang=kk
Облыс әкімі «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті 13.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті.Басқосуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.«Біздің өңір – әріптестік пен инвестициялар үшін үлкен әлеуеті бар, қарқынды даму жолына түскен агро-индустриялық аймақ. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзеніндегі су деңгейіне тікелей байланысты.Егілетін негізгі дақыл – күріш, ол суды көп қажет етеді. Жалпы егіс көлемі 190 мың гектар, оның ішінде күріш көлемі 80-85 мың гектар аралығында. Еліміздегі күріштің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысында өндіріледі.Мемлекет басшысының Жолдауындағы су ресурстарын үнемдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаға сәйкес күріш көлемін азайтып, жүгері алқаптарын ұлғайтуды жоспарладық.Бұл бағытта Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауыты басшысымен келіссөз жүргіздік. Ол бойынша бірінші кезеңде, яғни 2025-2026 жылдары кептіру цехы, екінші кезеңде 2026-2029 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауыты салынады.Зауыт тиімді жұмыс жасауы үшін кем дегенде 20 мың гектарға жүгері егілуі қажет. Сіздерге өткенде белгіленген 10 мың гектар жер телімі табысталады. Компанияның ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін ескеріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдейміз.Барлық инфрақұрылым желісі қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда «Harvest Kazakhstan» компаниясының бас директоры Дәулет Увашев әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1070952?lang=kk
Көлік министрлігі «Орталық – Батыс» тасжолының бағытын таныстырды 13.10.2025
14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды.Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба шеңберінде «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттары бойынша жаңа жолдар салынбақ. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы жол қолданыста қала береді (бұл аралық күрделі жөндеуден өтті, нормативтік жағдайы жақсы).Бүгінде нысанға қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары атқарылуда. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1071015?lang=kk
Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу үшін жаңа тетікті енгізу жоспарлануда 13.10.2025
Банктер туралы жаңа заңда төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің озық халықаралық практикаға сәйкес келетін жаңа тетігін енгізу көзделеді.Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстыру барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова хабарлады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын іске асыру мақсатында әзірленді.«Қолданыстағы тәсілден негізгі айырмашылық – дағдарысқа қарсы режимдердің айқын жүйесіне көшу, олар банктің қаржылық жағдайының нашарлау дәрежесіне байланысты дәйекті түрде қолданылатын болады. Реттеу тетігі дағдарысқа қарсы үш режимнен тұрады: күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру және төлемге қабілетсіз банкті реттеу. Режимдердің өзгеруі алдын ала белгіленген триггерлер бойынша жүзеге асырылады, бұл реттеушінің уақтылы әрекет етуін және олардың болжамдылығын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.Бұл тәсіл халықаралық стандарт болып табылатынын, оны жетекші реттеушілердің көпшілігі, оның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания енгізгенін атап өткен жөн.«Банктердің қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау үшін банктерді қалпына келтіру жоспарларын және реттеу жоспарларын әзірлеуді көздейтін жаңа талаптар енгізіледі. Қалпына келтіру жоспарлары банкті дағдарысты жағдайдан шығару және төлем қабілетсіздігін болдырмау бойынша жан-жақты шараларды қамтиды. Мұндай жоспарларды әзірлеу және жыл сайын жаңарту банктердің міндеті болады», – деп толықтырды ҚНРДА Төрағасы.Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды сіңіру қабілетінің жеткілікті деңгейін қолдау талабы енгізіледі, бұл төлем қабілетсіздігі туындаған жағдайда, олардың міндеттемелерін капиталға айырбастауға мүмкіндік береді және сыртқы қолдау қажеттілігін азайтады.Мемлекеттің банктерді қолдауға қатысуы тек шектен тыс шара ретінде жүйелік маңызы бар банктерге қолданылатын болады.«Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін жүйелік маңызы бар банктің капиталына тікелей кіруі мемлекеттік қолдаудың жалғыз нысаны болады. Мемлекеттің қатысуы уақытша әрі өтеулі сипатта болады және ең аз қажетті көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда банкке банк акционерлері мен басшылығын ауыстыру, дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, тәуекелді операцияларды шектеу және қаржылық қалпына келтіру жоспарын іске асыру сияқты талаптар қойылады», – деді Агенттік Төрағасы.Қаржылық орнықтылық қалпына келгеннен кейін банк жаңа инвесторға сатылады, ал салынған мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылады.Сондай-ақ, Заң жобаларында мемлекеттік органдардың банктердің қызметін реттеу саласындағы өкілеттіктері айқын ажыратылады. Жүйелік маңызы бар банктерді реттеу кезінде Үкімет пен Ұлттық Банктің құзыреті бекітілді. Агенттіктің құзыретіне қалпына келтіру және реттеу жоспарларының іске асырылуын қадағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы режимдерді қолдану кіреді. Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес реттеу шараларын қолдану және мемлекеттік қолдау туралы шешімдер қабылдауға жауапты үйлестіруші рөлін атқарады.«Осылайша, төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің заманауи жүйесі қалыптасады, ол халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қаржы секторының орнықтылығы мен клиенттердің мүдделерін қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді», – деп қорытындылады ҚНРДА Төрағасы.Банктер туралы жаңа заң жобасында технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті күшейту және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық-технологияларды ілгерілету және цифрлық активтердің айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1071029?lang=kk
Уәлиханов ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 13.10.2025
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Уәлиханов ауданының «АМАНАТ» партиясы филиалы алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты. Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды. Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы: - 2026 жылы лицензиялар бойынша қандай төлемдер қарастырылған;- 100.00 СЕН талдау жүргізу тәртібі;- қандай мобильді аударымдар бақылауға алынуы мүмкін; Спикерлер: Аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1071031?lang=kk
Алматы–Бангкок жаңа әуе рейстері Қазақстан мен Таиланд арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді 13.10.2025
Бангкок, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Таиланд Патшалығындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен «Thai AirAsia X» әуе компаниясы үш жаңа халықаралық бағыттың, соның ішінде Бангкок (Донмыанг әуежайы) – Алматы (Қазақстан) рейсінің ашылуына арналған баспасөз конференциясының тең ұйымдастырушылары болды. Іс-шараға Таиландтың және халықаралық жетекші БАҚ өкілдерінен 100-ден астам адам қатысты.Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде Бангкок пен Алматы арасындағы тікелей әуе қатынасының екіжақты байланыстарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті: «Тікелей рейстің ашылуы Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды кеңейтудің жаңа кезеңі болмақ. Бұл туристік алмасулардың артуына, мәдени және іскерлік қатынастардың нығаюына қосымша жағдай жасап, мемлекеттеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға серпін береді».Брифинг барысында «Thai AirAsia X» басшылығы әуе компаниясының маршруттық желісін дамыту жоспарларын ұсынды. Компанияның бас директоры Паттра Бусаравонгсе бірден үш жаңа бағыттың – Алматы (Қазақстан), Сендай (Жапония) және Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) ашылуы перспективалы нарықтарға шығу стратегиясының бөлігі екенін айтты.«Біз үшін Алматы бағытының ашылуы ерекше маңызды – бұл біздің Орталық Азияға алғашқы қадамымыз. Қазақстан – бай мәдениетімен, заманауи инфрақұрылымымен және туристер үшін қолайлы климаты бар бірегей бағыт. Біз бұл рейстің тайлық саяхатшыларға да, Қазақстаннан келетін қонақтарға да сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», – деп атап өтті ол.«Thai AirAsia X» атқарушы төрағасы Тассапон Биджлевд компания Қазақстанды тек туристік емес, стратегиялық бағыт ретінде де қарайтынын айтты: «Біз Алматыға жаңа рейстің бизнес, инвестиция және мемлекеттеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндік беретініне сенімдіміз».Бангкок пен Алматы арасындағы жаңа тікелей әуе қатынастары Қазақстан мен Таиланд арасындағы байланыстарды нығайтудың жаңа кезеңі болмақ. Жаңа бағыт туризмді дамытуға, мәдени алмасуларды кеңейтуге және іскерлік ынтымақтастықты жолға қоюға қосымша мүмкіндіктер ашады.Баспасөз конференциясының қорытындысында тұрақты рейстер жолаушылар ағынын арттырып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.Анықтама үшін: 2024 жылы Таиландқа 200 мыңнан астам қазақстандық азамат барған. Thai AirAsia X – Таиландтағы ең ірі лоукостер және AirAsia халықаралық тобының бөлігі. Компания Азия мен одан тыс 160-тан астам бағытқа рейстер орындайды. Әуе компаниясы жолаушылар тасымалын, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия бағыттарын белсенді дамытып келеді.2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Бангкок–Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus A330 әуе кемелерімен орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1070442?lang=kk
Қазақстан мен Иранның арнайы өкілдері Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобындағы Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының арнайы өкілдері Зульфия Аманжолова мен Казем Гариб Абади екіжақты консультациялар өткізді.Тараптар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.Теңіз акваториясын делимитациялауға, түрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларды дайындауға, сыртқы істер министрлерінің кездесулері мен Каспий саммиттерінің қорытындылары бойынша тапсырмаларды іске асыруға байланысты міндеттерді шешуде көзқарастардың жоғары деңгейі мен жақындығы аталып өтті.Келіссөздер дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен конструктивті түрде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070670?lang=kk
Мемлекеттік қызметшінің бір күні 13.10.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1070671?lang=kk
Өңірдің экологиялық дамуы: табиғатты сақтау және тұрақты болашақ үшін заманауи шешімдер 13.10.2025
Қостанай облысындағы экология стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.Қалалардың дамуы мен тұрмыстық қалдықтардың көлемінің артуы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды талап етеді. Осыған байланысты коммуналдық қалдықтарды басқару саласына бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өңдеу үдерістері енгізілуде.Мәселен, қалдықтарды бөлек жинау (пластик, әйнек, қағаз, ірі көлемді қалдықтар, сынап құрамдас қалдықтар, электрондық және электрлік жабдық қалдықтары) 61 елді мекенде жүзеге асырылып, 2100-ден астам арнайы контейнерлер орнатылды.Қалдықтарды сұрыптау жұмыстары 29 елді мекенде жүргізілуде. Сұрыптау қолмен және 7 қоқыс сұрыптау желісі арқылы іске асырылады.Облыста 14 жекеменшік компания қайталама шикізатты қайта өңдеп, 17 түрлі дайын өнім шығарады. Атап айтқанда: геотор, геотекстиль, геокомпозит, геоқаңқа, полиэтиленнен жасалған газ және су құбырлары, кабельге арналған құбыр, полимер-құмнан жасалған тас төсеніш, кәріз құдығына арналған қақпақтар, резеңке үгінді, жұмыртқа салатын қорап, шлакоблок, пиролиз отыны, ПВХ панельдер, инертті материал, пластик жәшіктер, пластиктен жасалған бензобактар.Бұрынғы жылдарда қалдықтарды қайта өңдеу көлемі аз болғанымен, бүгінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады: қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2017 жылы 1,8%-дан 2024 жылы 21,1%-ға дейін өсті. Осылайша көрсеткіш шамамен 12 есе артты, бұл өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту мақсатында жекеменшік кәсіпорындар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген несиелері есебінен 2024–2025 жылдары жалпы құны 0,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырды. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 0,8 млрд теңгеге тең 2 жоба аяқталады. Ал 2026 жылы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын жоба іске асырылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1070672?lang=kk
2024 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығы 13.10.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады:Төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазанға дейін.Салық автоматты түрде есептеліп, меншік иелеріне push-хабарлама, e-Salyq Azamat және eGov mobile арқылы жеткізілді. Уақтылы төлемеген жағдайда:2025 жылғы 2 қазаннан бастап қарыз туралы хабарлама жолданады.Қарыз 1 АЕК-тен асқан жағдайда – жеке сот орындаушылары арқылы мәжбүрлі өндіріп алу жүргізіледі.Салдары: 25%-ға дейінгі атқарушылық жинақ, банктік шоттарды бұғаттау, елден шығуға шектеу. Төлеу тәсілдері:e-Salyq Azamat, eGov.kz.Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.Банкоматтар және төлем терминалдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1070674?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Сейтакынов Алмас Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Жадамбын Энхбаярмен келіссөздер жүргізді 13.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Сейтакынов Алмас Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Жадамбын Энхбаярмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, екі ел арасындағы тауарлар экспорты мен импортының көлемін арттыру, өзара тауар айналымын ұлғайту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың келешегі жөнінде жан-жақты пікір алмасты.Тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын жоғары деңгейде өткізу маңыздылығын ерекше атап өтіп, аталған іс-шараға дайындық мәселелері бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1070681?lang=kk
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысының коммюникесі 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 15-17 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысы өтті (ЖДЖТ).Отырысқа Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Түрікменстан делегациясының басшысы М.Атаджанов төрағалық етті.Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырды.Делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.ЖДЖТ келесі отырысы Әзербайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070690?lang=kk