Қоғам
Алматыда Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады 20.02.2026
Алматыда алғаш рет Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде сахналанады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында осы мәдени оқиғаға дайындық барысы туралы айтылды. Премьера 20 ақпанда сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өтпек.Жан Коктоның аттас пьесасының негізінде жазылған шығарма ХХ ғасырдағы әлемдік музыкалық классикада айрықша орын алады. Бұған дейін моноопера ағылшын, итальян, орыс, испан, каталон, чех, фин, галисия, жапон, корей, словак, украин тілінде, сондай-ақ ым-ишара тілінде қойылған. Қазақ тіліндегі нұсқаның сахналануы отандық мәдениеттің халықаралық көркем кеңістікке ықпалдасып жатқанына дәлел.Қазақстандық мәдени кеңістікте бұл туындының жаңа кезеңі 2023 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында Жан Коктоның «Дауыс» пьесасы қойылған кезде басталды. Оны Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аударып, қойылымды режиссер Барзу Абдуразаков жүзеге асырды. Спектакльді көрермендер мен кәсіби қауым жоғары бағалаған болатын. Жаңа жоба осы шығармашылық бағытты моноопера жанрында жалғастырып отыр.Филармония директоры Нұрғиса Дәуешовтің айтуынша, жоба көркемдік қана емес, символдық мәнге де ие.«“Адам дауысының” қазақ тілінде орындалуы – ұлттық музыкалық өнерді дамытудағы маңызды қадам. Біз әлемдік жауһар туындылардың ана тілімізде шырқалып, көркемдік тереңдігін сақтай отырып, көрерменге жақындай түсуіне жол ашады», – деді.Монооперадағы жалғыз партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дария Жүсіп орындайды. Вокалдық партияны белгілі педагог әрі әнші Галина Карамолдаева дайындады. Т. Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі көркемдік жетекші әрі бас дирижер Қанат Омаровтың басқаруымен музыкалық жағынан сүйемелдейді. Шығарманы симфониялық оркестр сүйемелдеуімен орындау идеясы бірнеше жыл бойы пысықталып, осы жоба аясында жүзеге асты.Ұйымдастырушылардың айтуынша, премьера кең аудиторияға арналып, ұлттық мәдени кеңістікте классикалық музыкалық мұраға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстар 20.02.2026
Құрметті отандастар! «Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі. Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон. Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады. Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі. Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар. Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі. Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽 Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз. Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81 Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1166091?lang=kk
Теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары 20.02.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Қостанай қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды тексерді.Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде теміржол вокзалдарын ауқымды түрде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Аймағымызда Қостанай қаласы, Арқалық, Тобыл, Железорудный, Аманқарағай, Кұсмұрын бекеттерінде 6 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда. Аманқарағай теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін өз қызметін қайта бастады.Қостанай қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту нәтижесінде ғимараттың жалпы аумағы 7,4 мыңнан 10,4 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1166098?lang=kk
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! 20.02.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1166071?lang=kk
ҚР ҰЭМ МЖӘ саласындағы аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жариялады 20.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларына консультациялық сүйемелдеуді және сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды міндетті аккредиттеу енгізілді. Тиісті нормалар «МЖӘ туралы» Заңда жәнеҚР Ұлттық экономика министрлігінің № 52 бұйрығында көзделген.2026 жылғы 13 ақпандағы Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша үш ұйым аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу туралы куәлік өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде берілді.Аккредиттеу қағидаларына сәйкес Аккредиттелген тұлғалар тізілімі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында электрондық нысанда жүргізіледі. Бұл ретте аккредиттеу туралы куәлік Тізілімде тиісті мәліметтер болған кезде ғана жарамдыдеп есептеледі.МЖӘ жобаларын іске асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар консультанттар мен сарапшыларды тарту кезінде көрсетілген Тізілім арқылы олардың куәліктерінің өзектілігін тексеруге міндетті. Мәліметтерді жариялау берілген куәліктердің заңды күшін және МЖӘ жобаларымен жұмыс істеуге ұйымдардың ресми жіберілуін қамтамасыз етеді.Құжат келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/documents/details/972354?lang=ru https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1166088?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1166393?lang=kk
Мониторинг жұмыстары 20.02.2026
Азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізілдіӘлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына және қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар 31 түрлі азық-түлік тауары тексеріліп, қолданыстағы талаптарға сәйкестігі қаралды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1186052?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ МЕН ИНТЕЛЛЕКТКЕ БАСЫМДЫҚ 20.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында ел дамуының жаңа бағыты ретінде білім мен интеллектке басымдық беру айқын көрсетілді. Бұл өзгеріс мемлекеттің дамуындағы маңызды бетбұрыс кезеңін білдіреді. Ендігі кезеңде Қазақстанның болашағы тек минералды ресурстармен ғана емес, ең алдымен адам капиталымен айқындалатыны атап өтілді.Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация елдің негізгі даму бағыттары ретінде бекітілді. Бұл бағыттар қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға, ғылыми жетістіктерді қолдауға және ұлттық мәдениетті дамытуға негіз болады. Аталған басымдықтар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Сонымен қатар инновациялық дамуға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект дәуірінде елдің дамуы жаңа технологияларды енгізумен және зияткерлік әлеуетті арттырумен тығыз байланысты екені көрсетілді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның заманауи талаптарға сай дамуына және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады.Осылайша, жаңа Конституцияда білім мен интеллектке басымдық беру – елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық шешім болып табылады. Бұл бағыт адам капиталын дамытуды негізгі құндылық ретінде айқындап, мемлекеттің болашағын зияткерлік әлеуетпен байланыстырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ 20.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңалықтардың бірі – Халық кеңесінің құрылуы болып табылады. Бұл орган ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік құрылым ретінде айқындалды.Халық кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету. Сонымен қатар Кеңес ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Бұл оның мемлекеттік және қоғамдық процестердің үйлесімді дамуына ықпал ететін маңызды институт екенін көрсетеді.Жаңа Конституцияға сәйкес, Халық кеңесіне бірқатар маңызды өкілеттіктер берілген. Атап айтқанда, Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге құқылы. Сонымен қатар жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтеру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл норма азаматтардың мүдделерін білдіру және мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдау процесіне қоғамның қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.Осылайша, Халық кеңесінің құрылуы қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық бірлікті сақтауға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуына ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ 20.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды өзгерістердің бірі – жаңа бірпалаталы Парламенттің құрылуы болып табылады. Бұл құрылым Құрылтай негізінде қалыптастырылып, заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.Жаңа бірпалаталы Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Бұл депутаттар заң шығару процесіне қатысып, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға жауапты болады. Сонымен қатар депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болып белгіленген, бұл олардың тұрақты әрі жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Парламентті қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе саяси партиялардың сайлау процесіне белсенді қатысуына және олардың өкілдік мүмкіндіктерінің кеңеюіне жағдай жасайды. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын дамытуға ықпал етіп, олардың институционалдық рөлін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар бұл жүйе саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Нәтижесінде жаңа бірпалаталы Парламенттің құрылуы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, саяси процестердің ашықтығы мен жауапкершілігін қамтамасыз етуге негіз болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 20.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында елдің дамуына бағытталған бірқатар маңызды жаңалықтар айқындалды. Ата Заңның мазмұны заманауи талаптарға сәйкес жаңартылып, мемлекеттің стратегиялық басымдықтары нақты көрсетілді.Жаңа Конституцияда орталық идея ретінде білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мәдениет пен инновацияларды қолдауға ерекше мән берілді. Бұл бағыттар елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және заманауи даму үрдістеріне бейімделуге негіз болады. Аталған басымдықтар мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар Конституцияның ең маңызды мазмұндық бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты норма бекітілді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жаңа технологиялық кеңістікте қорғауға мүмкіндік береді.Жалпы алғанда, жаңа Конституцияда айқындалған бұл жаңалықтар елдің заманауи даму бағытын көрсетеді. Білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияларға басымдық беру, сондай-ақ цифрлық құқықтарды қорғау мәселесін конституциялық деңгейде бекіту – мемлекеттің болашаққа бағдарланған саясатының көрінісі болып табылады.
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің 2025 жылғы Цифрлық қорытындылары туралы: жаңа сервистер және функционалдың кеңеюі 20.02.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы кедендік әкімшілендіруді кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда.2025 жылы кедендік рәсімдерді электрондық форматқа көшіру бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. «KEDEN» ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде электрондық форматқа 12 кедендік мемлекеттік қызмет, рұқсат беру құжаттарының 3 түрі және кедендік декларациялардың 2 түрі (көлік құралына арналған және жолаушылар декларациясы) ауыстырылды.Сонымен қатар, бизнес пен азаматтардың кеден органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған бірқатар жаңа цифрлық сервистер іске асырылды.Жүйенің дизайны жаңартылып, функционалы едәуір кеңейтілді. Жаңа модульдер мен сервистер енгізілді, оның ішінде: тауарлар бойынша бағалық ақпаратты қарау, VIN-код арқылы көлік құралдарының кедендік тазартылуын тексеру, электрондық құжаттардың мәртебесін бақылау, бюджеттік төлемдерді онлайн төлеу, лицензиялармен және рұқсат беру құжаттарымен жұмыс жасау, қолжетімділік құқықтарын делегирлеу, жеке кабинетте құжаттарды басқару, Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО тізілімдеріне қол жеткізу, кеден органдарының интерактивті картасы, белсенді пайдаланушылар статистикасын көрсету.«Жолаушылар кедендік декларациясы» және «Жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу» модульдері декларациялауды толық автоматтандыруды және мобильді қосымшалар арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етті.«Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аумағында багажды рәсімдеу процесі биометриялық технологияларды қолдану және шекара қызметімен интеграциялау арқылы толық автоматтандырылды.Толыққанды ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында «KEDEN» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік және сыртқы ақпараттық жүйелермен 46 интеграциясы іске асырылды. Бұл кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде қажетті мәліметтерді электрондық форматта алу және беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Қазіргі уақытта «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу және іске қосуға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Модульді пайдалануға енгізу жақын уақытта жоспарлануда.«KEDEN» ақпараттық жүйесінің қолдау қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kzTelegram: https://t.me/kedenkgdgovkzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1165976?lang=kk
Ереванда конституциялық реформа мен стратегиялық серіктестік перспективалары талқыланды 20.02.2026
Ереван, 2026 жылғы 17 ақпанда - Елші Б.Иманбаевтың Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен кездесуі өтті.Сұхбат барысында тараптар қазақ-армян өзара іс-қимылының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Сұхбаттастар достық пен өзара құрмет дәстүріне негізделген мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Саяси диалогты тереңдету және түрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын екіжақты өзара іс-қимылды стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару туралы қол жеткізілген шешімнің маңыздылығы атап өтілді.Саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені жаңғыртуға бағытталған Қазақстанда іске асырылып жатқан ауқымды реформаларға ерекше назар аударылды. Қазақстан Президентінің бастамалары армян тарапының қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты қайта құрулардың кешенді сипаты мен олардың мемлекеттің ұзақ мерзімді орнықтылығына бағдарланғандығы атап өтілді.Тараптар сондай-ақ көпжақты алаңдарда күш-жігерді үйлестіруге және өзара мүдделі бастамаларды қолдауға мүдделілігін растай отырып, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Осы орайда армян тарапы Астананың тұрақтылықты нығайтуға және диалогты дамытуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатын жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1165996?lang=kk
Ұлытау облысында өткен Қорғаныс министрлігінің акциясы 3 мың болашақ әскерге шақырылушыны қамтыды 20.02.2026
Ұлытау облысында «Біртұтас ел – біртұтас жер» әскери-патриоттық акциясы өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы 3 мыңнан астам адамның, оның ішінде мектеп оқушылары мен әскерге шақыру жасындағы студенттердің қатысуымен кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар өткізді.Өңірдегі әскери ұжымдарға конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы және жалпыхалықтық ерік білдірудің маңызы туралы түсіндірілді.Жергілікті атқарушы органдар басшылығы 2030 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасын іске асыру және «Жас сарбаз» сыныптарын ашу мәселелерін талқылады.Жезқазған және Сәтбаев қалаларында қорғаныс ведомствосының офицерлері оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінде ерлік сабақтарын өткізді. Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері әскери оқу орындарына түсу тәртібін, әскерге шақыру шарттарын және борышын өтеген қазақстандықтарға арналған қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктерді түсіндірді.– Бүгін жастардың әскери қызметке қызығушылығын байқап отырмыз. Біздің міндетіміз – оларға армия мүмкіндіктері туралы объективті ақпарат беру, – деп атап өтті полковник Дәулет Бейсеков.Жезқазғандағы Серәлі Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында іс-шарға қатысушылар мен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті.Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Қарағанды гарнизонының 44803 әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Сенім Шахмановтың бейнеүндеуі көрсетілді.– Қызмет мінезді шыңдап, жауапкершілікке үйретеді. Мен дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін, – деді үндеуінде Сенім Шахманов.Кездесулерге ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әртістері жиналғандарды өнерімен сүйсінтіп, тамаша көңіл-күй сыйлады. Әсіресе патриоттық және әскери тақырыптағы орындалған шығармалар әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен өңір тұрғындарын жігерлендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1165998?lang=kk
Салық төлеушілер үшін маңызды! 20.02.2026
Салық төлеушілер үшін маңызды!2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 421.00 нысанының күші жойылды.Жаңа нысан 2026 жылғы 20 ақпаннан кейін қолжетімді болады.Назар аударыңыз:2025 жылғы ЖЕЛТОҚСАН айы үшін 421.00 нысаны бұрынғы тәртіппен тапсырылады.400.00 нысанына жаңа қосымшалар енгізілді:* 400.09 — «Энергетикалық сусындар»* 400.10 — «Сән-салтанат салығы»400.00 нысанының қалған бөлігінде өзгерістер жоқ.Сақтап қойыңыз, ұмыт қалдырмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165879?lang=kk
Қазақстан мен Ресей халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша конструктивті диалогты жалғастыруда 20.02.2026
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде қарулануды бақылау, қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлерінің жетекшілік ететін орынбасарлары деңгейінде кезекті екіжақты консультациялар өтті.Қазақстан делегациясын министрдің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев, ал Ресей тарапынан министрдің орынбасары Сергей Рябков басқарды. Тараптар жаһандық қауіпсіздік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайту, биологиялық қауіпсіздік және экспорттық бақылау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ дипломаттар БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитеті, Қарусыздану конференциясы және биылғы жылы өтетін Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың Он бірінші шолу конференциясы аясындағы құзыретті көпжақты құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыстың негізгі басымдықтары бойынша пікір алмасты.Нәтижесінде тараптар осы тақырып бойынша нақты диалогты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1165869?lang=kk
Бейрезиденттің сыйақы түріндегі табысына салынатын салық (КТС) 20.02.2026
Бейрезиденттің сыйақы түріндегі табысына салынатын салық (КТС)Егер бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алса — салық салу тәртібін білу маңызды ҚР Салық кодексіне сәйкес:Бейрезиденттің сыйақы түріндегі табыстары Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыс болып танылады.«Сыйақы» ұғымы Салық кодексінің 12-бабына сәйкес қолданылады.Егер бейрезиденттің қызметі Қазақстанда тұрақты мекеме құруға әкелмесе:Табысқатөлем көзіненшегерімдерсізкорпоративтік табыс салығы (КТС) салынады.Салық мөлшерлемелері:15% — сыйақы түріндегі табыстарға (қарыздар мен борыштық бағалы қағаздардан басқа)10% — келесі сыйақыларға:кредиттер (қарыздар) бойыншаборыштық бағалы қағаздар бойыншаМаңызды! Халықаралық шарттардың басымдығы барЕгер Қазақстан Республикасы мен бейрезиденттің елі арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ратификацияланған болса, онда сол шарттың нормалары қолданылады.Халықаралық шарт ережелерін салық агентінің қолдану тәртібі Салық кодексінің 706-бабымен айқындалады.Қорытынды:Бейрезидентке сыйақы төлеген кезде:табыс көзін анықтаутұрақты мекеменің бар-жоғын тексерудұрыс мөлшерлемені қолданухалықаралық шарт талаптарын ескеру қажетШетелдік серіктестермен жұмыс істесеңіз — салықтық тәуекелдерді алдын ала бағалаңыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165870?lang=kk
ИКАО жанындағы Ресей өкілімен кездесу өтті 20.02.2026
2026 жылғы 19 ақпан, Монреаль қ. Ресейлік Тараптың бастамасымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза мен ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының өкілі Александр Баталов мырзаның кездесуі өтті. Сұхбат Ұйымның штаб-пәтерінде орналасқан Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде өтті.Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы және ИКАО алаңындағы Қазақстан-Ресей өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ұшу қауіпсіздігін нығайту, аэронавигациялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мен авиация секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Кездесу өзара құрмет пен ашық пікір алмасу рухында өтті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ИКАО жанындағы тұрақты өкілдіктерінің қызметкерлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1165839?lang=kk
«Халық бухгалтері» акциясы» 20.02.2026
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік әрі салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында ҚМ-нің кәсіби бухгалтерлер ұйымдарымен (КБҰ) бірлесіп 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халықтық есепші» акциясын іске қосты.Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.#халықбухгалтеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165844?lang=kk
2026 жылғы әлеуметтік салық бойынша өзгерістер 20.02.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болған жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын алып тастау көзделген - әлеуметтік аударымдар сомасына есептелген әлеуметтік салықты азайту Алып тасталды.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік салық төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 6% ставка бойынша есептеледі.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік салықты БҚ қызметін жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша 1,8% ставка бойынша есептейді:өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу;өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін сату.Жеке кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептейді:өзі үшін-төлеу күніне қолданыстағы 2 АЕК мөлшерінде;әрбір қызметкер үшін - төлеу күніне қолданыстағы 1 АЕК мөлшерінде.Шаруа немесе фермер қожалықтары өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, сондай-ақ оны қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептейді:өзі үшін-төлеу күніне қолданыстағы 0,6 АЕК мөлшерінде;әрбір қызметкер үшін - төлеу күніне қолданыста болатын 0,3 АЕК мөлшерінде.Келесі салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер емес:1) СНР қолданушылар:өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;жеңілдетілген декларация негізінде;шаруа немесе фермер қожалықтары үшін;2) Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1165848?lang=kk
Республиканский референдум 20.02.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1165849?lang=kk