Қоғам
«ЦОН» мобильді қосымшасында «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» жаңа сервисі қолданысқа енгізілді 02.09.2025
2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және сапасын арттыру мақсатында «ЦОН» мобильді қосымшасында көлік құралдарын тіркеу кезінде сатып алу-сату шартын рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды.Бұған дейін көлікті сату немесе сатып алу үшін азаматтар қызмет көрсету орталықтарында QR-код арқылы шартқа қол қоятын. Енді бұл үдеріс «ЦОН» мобильді қосымшасының «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» сервисі арқылы жүзеге асырылады. Шартқа қол қою үшін сатушы да, сатып алушы да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланады. Осылайша, шартты мамандандырылған ХҚКО-ға бармай тұрып алдын ала рәсімдеуге болады. Бұл азаматтарға уақытты үнемдеуге және қызметті алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, құжатқа қол қойылғаннан кейін оны ХҚКО-ға ұсыну арқылы көлікті тіркеу рәсімі аяқталады. Маңыздысы, жасалған шарттың деректері сервистің базасында тұрақты түрде сақталады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда мәмілені қайта тексеруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, құжатты қолдан жасау немесе қате мәлімет енгізу қаупін болдырмау үшін оның заңды күші сақталып, жеке деректердің құпиялығы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияның арқасында мәліметтер автоматты түрде тексеріліп, қателіктердің алдын алады.Бір шартты рәсімдеудің құны – 1 500 теңге.Сервисті пайдалану үшін азаматтар «ЦОН» мобильді қосымшасын (App Store және Google Play) жүктеп, ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан өтуі қажет.Бұл сервис келісімді рәсімдеудің қосымша мүмкіндігі, осылайша, азаматтар мемлекеттік қызметті өзіне ыңғайлы кез келген тәсілмен ала алады.Жаңа «Автокөлікті сатып алу-сату шарты» сервисі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналады. Ол қазақстандықтарға қызметті ыңғайлы, қауіпсіз әрі ашық форматта пайдалануға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1063238?lang=kk
Таңдау өз еркіңізде: зейнетақы төлемдері зейнетақы қорынан немесе сақтандыру компаниясынан 02.09.2025
Зейнетақы аннуитеті туралы не білесіз?«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары (ЗЖ) бар қазақстандықтар зейнетақы алудың бірнеше тәсілін таңдай алады. Олар: зейнетақыны БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу (жинақтар таусылғанға дейін), өмір бойы төлем алу үшін сақтандыру компаниясымен шарт жасасу немесе осы тәсілдерді үйлестіріп қолдану.Әр ай сайын берілетін төлемдерді өмір бойына немесе кепілдендірілген мерзім ішінде тұрақты түрде алып отыру үшін сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы қажет.Зейнетақы аннуитеті деген не?Зейнетақы аннуитеті — бұл азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасындағы шарт, оған сәйкес сақтандыру компаниясы ай сайынғы зейнетақы төлемін өмір бойы немесе келісілген жасқа дейін төлеуге міндеттенеді.Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің мына түрлері қолданылады:Жедел зейнетақы аннуитеті – шарт жасалғаннан кейін төлемдер бірден басталады.Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті – төлемдер шартта көрсетілген белгілі бір уақыттан кейін басталады (осы кезеңде қаражат инвестицияланып, болашақ төлемдер көлемі артады).Бірлескен (жұбайлар) аннуитет – екі адамның зейнетақы жинақтары біріктіріліп, өмір бойы төлем алу қарастырылады (бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі төлем алуды жалғастырады). Аннуитет шарттары:тиісті жасқа жету – азаматтың аннуитет шартына отыру жасы аннуитет түрі мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) болуына байланысты:жедел зейнетақы аннуитетін ер адамдар 55 жастан, әйелдер 53 жастан бастап рәсімдей алады (2028 жылдан бастап әйелдер үшін белгіленген жас мөлшері кезең-кезеңмен өсіп, 2031 жылы 55 жасқа жетеді). Егер азаматтың еңбек қызметі зиянды/қауіпті салада өтіп, кемінде 60 ай бойы МКЗЖ төленген болса, жедел аннуитетті ерлер де, әйелдер де 50 жастан бастап рәсімдей алады (жедел аннуитет бойынша жасалатын төлемдер барлық жағдайларда шарт жасалғаннан кейін бірден беріледі).кейінге қалдырылған аннуитетті міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген азаматтар 45 жастан бастап жасай алады. Ал зиянды/қауіпті сала өкілдері (МКЗЖ кемінде 60 ай төленген жағдайда) – 40 жастан бастап рәсімдей алады. Кейінге қалдырылған аннуитет төлемдері 55 жастан бастап беріледі.жинақ сомасының жеткіліктілігі – сақтандыру компаниясынан ең төменгі ай сайынғы төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген төменгі күнкөріс шамасының (ТК) 70%-ынан кем болмауы тиіс. 2025 жылы 32 360 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы ең төменгі төлемді алу үшін ер азаматтардың зейнетақы жинағының мөлшері кем дегенде 9,1 млн теңге, ал әйелдердің шотында 11,9 млн теңге болуы шарт.Егер МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақ мөлшері аздық етсе, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) қаражатын да қолдануға болады. Тіпті жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы жинағы да жеткіліксіз болса, жұбайыңызбен немесе жақын туыстарыңызбен (әке-шешеңіз, балаларыңыз, асырап алушыңыз, асыранды ұл-қызыңыз, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер, әкпе-қарындастар, ата-әжелер, немерелер[1]) бірлескен аннуитет рәсімдеуге немесе өз қаражатыңыз есебінен толықтыруға болады.Зейнетақы аннуитетінің негізгі ерекшеліктері:Зейнетақыны ресми зейнет жасына жетпей алуға болады.Жинақ сомасы толық төленіп қойса да, төлемдер өмір бойы/келісілген кезең соңына дейін жалғасады.Жыл сайын төлем мөлшері 7%-ға индексацияланады.Сақтандыру төлемдерін алушы зейнетақы аннуитетін сатып алған кезде жинақтардың меншік құқығын сақтандыру компаниясына береді, яғни ол жинағын баламалы қажеттіліктерге пайдалана алмайды. Қайтыс болған жағдайда оның сақтандыру компаниясына берілген жинақтары туыстарына мұрагерлікке берілмейді (ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары мұраға беріледі). Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерінің кепілдендірілген кезеңін бекітуге болады. Ол кезде төлемдер алдымен алушыға, ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне аударылады. Шарт жасасу тәртібі. Өзгерту/бұзу шарттарыЗейнетақы аннуитеті шарты жазбаша жасалады. Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ салымшысының (салымшыларының) және (немесе) пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның сақтандыру ұйымына берген өтініші негіз бола алады. Өтініште сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылуы қажет. Қажетті құжаттар тізбесі мен тапсыру тәсілдері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы аннуитеті" бөлімінен таба аласыз.Зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттен бастап екі жыл ішінде оны бұзуға немесе өзгертуге болмайды. Осы мерзім өткеннен кейін шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілгенімен, қаражатты БЖЗҚ-дағы шотқа түгелдей қайтаруға рұқсат жоқ: сақтандыру ұйымында өзгерістер енгізілген күні қолданыста болған төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтын ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшерін қамтамасыз ете алатын сома қалуы тиіс.Екі жылдан кейін шартты бұзу басқа сақтандыру компаниясымен жаңа аннуитеттік шарт жасалған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте қаражат жаңа сақтандыру ұйымына аударылады.enpf.kz сайтындағы "Онлайн сервистер – Болжамды зейнетақы калькуляторы" бөлімінде орналастырылған зейнетақы калькуляторының көмегімен сақтандыру компаниясына аудару үшін жеткілікті соманы есептеп, сақтандыру компаниясынан және БЖЗҚ-дан берілетін болжамды төлемдердің мөлшерін салыстыруға болады. ЕСКЕРТУ: Шартқа қол қоймас бұрын оның барлық талаптарын мұқият оқып шығып, салмақты әрі саналы шешім қабылдау маңызды.АНЫҚТАМА: 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша 2024 жылы 62 592 салымшы БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңге сомада зейнетақы жинақтарын аударды. Биылғы жарты жылда 01.07.2025ж. жағдай бойынша 33 543 салымшы сақтандыру ұйымдарына БЖЗҚ-дан 151,78 млрд теңге жіберді. [1] ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 1-бабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1064741?lang=kk
Мемлекет басшысы Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында сөз сөйледі 02.09.2025
2025 жылғы 02 қыркүйекҚХР, Бейжің қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі, жақын досы және мәңгілік стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ортақ тарих, терең байланыс пен өзара түсіністік – халықтарымызды біріктіретін мызғымас құндылықтар.– Біздің елдеріміздің арасында әрдайым терең сенім бар, қарым-қатынасымыз қарқынды және тиімді түрде дамуда. Байланыстарымыз жылдан жылға нығайып келеді. Соның арқасында елдеріміз берік әрі серпінді іскерлік қатынастардың іргетасын қалады. Қытай – жаһандық көшбасшы мемлекет, Қазақстанның түрлі бағыттағы, соның ішінде сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл – Төраға Си Цзиньпиннің арқасы. Былтыр біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 44 миллиард долларға жетті. Бұл – екі ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан қытайлық достарымызбен осы қарқынды одан әрі арттырып, алдағы бес жылда өзара сауда көлемін едәуір ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұған әлеуетіміз жетеді. Мемлекет басшылары деңгейінде өзара саяси ерік-жігер мен ортақ ұмтылыс бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы екі елдің инвестициялық ықпалдастығы да ұдайы кеңейіп келе жатқанына назар аударды.– Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция салды. Бұл, шын мәнінде, өте жақсы үдеріс. Сондықтан осы жұмыс табысты түрде жалғасады деп толық сеніммен айтуға болады. Біздің елімізде қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI сияқты әлемдік деңгейдегі мықты корпорациялар бар. Бұдан бөлек, ірі және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Біз барлығына ерекше көңіл аударып жатырмыз. Қытай Халық Республикасының Төрағасы, қадірлі досым Си Цзиньпин мырзамен бірге көп салалы қазақ-қытай ынтымақтастығын дамыту үдерісін үнемі бақылап отырмыз. Осы жолы Қытай тарапы мен бастаған қазақ делегациясына ерекше көңіл бөліп, ыстық ықыласымен қонақжайлық көрсетті. Ресми сапарым тиімді, ойдағыдай өтті деп санаймын. Төраға Си Цзиньпин мырзамен өткен келіссөздер нәтижесін өте жоғары бағалаймын. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын боларына сенемін. Осыған орай, құрметті Си Цзиньпин Төрағаға қазақ-қытай байланыстарын нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдірдім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу бизнес өкілдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға зор септігін тигізері анық.– Қазіргі таңда Қазақстан тұрақты түрде дамып келеді. Біздің экономикамыз – Орталық Азиядағы ең ірі экономика. Жалпы, жыл сайынғы өсім қарқынды деп айтуға болады. Осы жылдың соңына қарай жалпы ішкі өнім 300 миллиард доллардан асады деген болжам бар. Бұл – экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және т.б. үшін қабылданған кешенді шаралардың нәтижесі. Сондай-ақ бұл – Қытаймен табысты қарым-қатынастың айқын көрінісі. Қазақстанда инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Осы мақсатпен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа енгізіліп жатыр. Сонымен қатар Инвестициялық штаб жұмыс істеуде. Бұл құрылым шұғыл шешімдер қабылдап, инвесторларға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетеді. Биылғы маусым айында Төраға Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға сапары барысында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы визасыз режим де іскерлік байланыстарды кеңейтуге тиімді ықпал етуде. Шын мәнінде, біздің стратегиялық серіктестігіміздің әлеуеті зор. Қолда бар мүмкіндіктерді толыққанды пайдалану қажет, – деді Президент.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың бірқатар басым бағыттарына тоқталды.– Қазақстан Қытайдың жақын көршісі және сенімді серіктесі ретінде Төраға Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын қолдайды және оны жүзеге асыруға белсене қатысады. Қытай мен Еуропа арасында құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы біздің жеріміз арқылы өтеді. Биыл «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылады. Соның арқасында Қазақстан арқылы өтетін «Қытай – Еуропа» транзит дәлізінің жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артады. Сонымен бірге, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін кеңейтуге барынша атсалысуда. Былтыр осы бағыт бойынша 4,5 миллион тонна жүк өткізілді. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 62 пайызға артық деген сөз. Біз осы саладағы жұмыс қарқынын одан әрі күшейте береміз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Каспийдегі Ақтау және Құрық порттары арқылы тасымалданатын жүктің көлемі белсенді түрде артып келеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ірі инфрақұрылым жобалары іске қосылды. Соның ішінде Ляньюньган портындағы қазақ-қытай логистика терминалы және Сианьдағы құрғақ порт бар. Сондықтан қытай компанияларының көлік-транзит саласындағы жобаларға қатысуына мол мүмкіндік бар деп күмәнсіз айтуға болады, – деді Мемлекет басшысы.Президент энергетика саласындағы ықпалдастықты келесі басымдық ретінде атады.– Атырау облысында Sinopec компаниясымен бірлесіп, полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Ауқымды жобаның өндірістік қуаты – жылына бір миллион екі жүз елу мың тонна өнім. Зауыттың құрылысына 7,4 миллиард доллар қаражат салынбақ. Алдағы уақытта CNPC компаниясының қатысуымен Шымкент мұнай өңдеу зауытын жедел жаңғыртудан өткізу жоспарда бар. Біз жаңартылатын энергетикамен де айналысамыз. Бұл ретте, China Power International Holding және China Energy сияқты жетекші қытай компанияларының қатысуымен бірқатар жобаны қолға алмақпыз. Энергетика саласындағы тағы бір маңызды жоба – Маңғыстау облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы. Қуаты 160 мегаватт болатын жоба China Huadian Corporation компаниясымен бірге жүзеге асырылады, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы саласына қытай технологиясын тартуға және осы бағытта білікті мамандар даярлауға мүдделі екенімізді жеткізіп, аталған саладағы ынтымақтастық мәселесі Төраға Си Цзиньпинмен кездесу кезінде егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.– Бұл бағыт бойынша өзара ықпалдастығымыздың келешегі зор екенін атап өттік. Екі ел осы салада стратегиялық серіктестер болуы керек деп уағдаластық. Біз бұл жұмысқа CNNC компаниясын тартуды көздеп отырмыз. Бүгін осы компанияның басшылығымен кездесу болады. SANY компаниясы да біздің нарығымызда белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл компанияларға ризашылығымды білдіремін. Дәстүрлі қуат көздерін дамыту – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі жолы. Энергетика саласындағы бірлескен жобалардың барлығы біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түседі деп санаймын, – деді Президент.Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан тау-кен металлургиясы кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр.– Бұл іске Қытайдың ірі компаниялары атсалысуда. Мысалы, Fujian Hengwang Investment компаниясының Жамбыл облысында металлургия зауытын салу жобасын атап өтуге болады. Зауыт жылына үш миллион тонна болат өндіруге мүмкіндік бермек. Ал Jiaxin International компаниясы Алматы облысындағы Бұғыты кенішінде вольфрам кенін өңдеу жобасын іске қосты. Құрылыс индустриясында қытайлық кәсіпкерлермен табысты байланыс орнатылды. Атап айтқанда, China Glass компаниясы Қазақстан үшін теңдесі жоқ шыны зауытының жобасын жүзеге асырды. Жақында Алматы қаласында автокөлік өндіретін мультибрендті зауыт іске қосылады. Зауыт жылына 120 мың көлік шығарады. Соның ішінде GWM (Great Wall Motor), Chery және Changan көліктері бар. Сонымен қатар Алматыда электробус шығаратын BYD компаниясының зауыты іске қосылмақ. Бұл жобалар Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жол ашады. Сондай-ақ еліміздің экспорттық қуатын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жалпы, осындай мысалдар көп, олардың барлығын атап өтуге ұзақ уақыт керек болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор мүмкіндік бар екенін жеткізді.– Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр. Сондай-ақ бидай экспорты бойынша ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Біз жыл сайын шетелге он миллион тоннадан астам бидай және екі миллион тоннаға жуық ұн жеткіземіз. Қытай нарығы еліміз үшін өте маңызды. Қазақстан жергілікті нарыққа жылына 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттай алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумен қатар, өңдеу өнеркәсібін бірлесе дамыту біз үшін ерекше маңызды. Бұл ретте, Dalian Group компаниясының Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін кәсіпорын құру бастамасын толық қолдаймыз. Fufeng Group компаниясының Жамбыл облысындағы жүгері өңдеу жобасын құптаймыз. Зауыт өнімдері Қытай мен Еуропаға экспортқа жіберілетін болады. Біз қытайлық кәсіпкерлерді органикалық және жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін шығару жұмысына белсене қатысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.Президент цифрландыру саласындағы Қытайдың жетістіктері бүкіл әлемге белгілі екенін атап өтіп, осы бағытта тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді. Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 5 триллион долларға жетіп, оның әлемдік технология индустриясындағы үлесі 30 пайызға дейін артпақ.– Біз Қытайдың Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жаһандық ұйым құру бастамасын қолдаймыз. Бұл мәселе бойынша мен кеше тарихи шаһар Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде ашық түрде мәлімдеме жасадым. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша жүйелі шаралар қолға алынуда. Жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолданысқа енгізу үшін ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Биыл Қазақстанда аймақтағы алғашқы Суперкомпьютер іске қосылды. Сондай-ақ Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз «Alatau City» жаңа қала салу жобасына айрықша мән беріп отырмыз. Бұл қала елімізде және тұтас аймақта инновацияны, криптоиндустрия мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жол ашатын қуатты орталық болуға тиіс. Осы орайда, біз қытайлық компаниялармен өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгін China State Construction Engineering Corporation компаниясы қазақ тарапымен тиісті келісімге қол қояды. Біз оны толық қолдаймыз. Құрылысты тез арада бастау қажет деп ойлаймын. Жақын арада «Alatau City» біртұтас экожүйе ретінде арнайы мәртебеге ие болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды.– «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы тартымды инвестициялық ортаның берік негізі саналады. Бұл орталықта көптеген елдің 4 200-ден астам компаниясы жұмыс істеп жатыр, солардың қатарында 850 қытай компаниясы бар. Қазақстан даму банкі Қытайдың жетекші қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады. Бұл Орталық Азиядағы дәл осындай тұңғыш келісім болды. Осы өте маңызды қадам халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қаржы жүйесіне сенімін нығайта түсті, – деді Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев елімізде ауқымды инвестиция тартуға барынша қолайлы жағдай жасалғанын, ірі жобаларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар екенін мәлімдеді.– Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады. Сонымен бірге олар аймақтағы және әлемдегі абырой-беделін күшейтіп, өсіп-өркендеудің жаңа көздерін аша алады. Бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында болады. Құрметті қытайлық бизнес өкілдері, Сіздер Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту ісінде өте маңызды рөл атқарасыздар. Бұл қол жеткізген уағдаластықтар экономикалық байланысты күшейтуге ықпал етіп, елдеріміздің стратегиялық серіктестігіне тың серпін бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Себебі бұл мақсат-міндеттер біздің еліміздің ұлттық мүддесіне сай келеді. Сондықтан тиісті жобаларды іске асыру барысы еліміздің ең жоғары билігінің назарында болады, – деді Президент.Жиында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян, ҚХР Халықаралық саудаға ықпал ету комитетінің төрағасы Жэнь Хунбинь, CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Іскерлік кеңестің тең төрағасы Си Гохуа, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Іскерлік кеңестің тең төрағасы Нұрлан Жақыпов сөз сөйледі.Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1060477?lang=kk
ШҚО-да жаңа Салық кодексі бойынша баспасөз конференциясы өтті 02.09.2025
2025 жылғы 29 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Салық кодексіндегі өзгерістерге арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов және түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.Қазыбек Қойшинов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық салу тәсілін түбегейлі өзгертетін, салықтық әкімшілендіруді жеңілдететін және бизнес пен жеке тұлғалар үшін цифрлық сервистерді енгізетін жаңа Салық кодексі қолданыла бастайтынын қысқаша айтып өтті.Бұдан әрі Гүлмира Сабралимова негізгі өзгерістермен таныстырды * корпоративтік салықтың базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады, бірақ қызмет түрлері бойынша сараланады (25% - банктер мен ойын бизнесі үшін, төмендетілген мөлшерлемелер — әлеуметтік сала мен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін); * ҚҚС 16% - ға дейін көтеріледі, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер үшін жеңілдікті мөлшерлемелер белгіленеді (2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10%); * прогрессивті ЖТС енгізіледі-8 500 АЕК-тен жоғары кірістер үшін 15%;құны 450 млн теңгеден асатын қымбат тауарлар мен мүлік салығына акциздер өсуде.Сондай-ақ арнайы салық режимдері оңтайландырылды (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация бойынша және фермерлер үшін) және салық берешегін кезең-кезеңімен өндіріп алудың жаңа тетіктері енгізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1060434?lang=kk
Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін атап өту аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері арнайы тақырыптық буклеттер әзірледі. Аталған буклеттер Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ұсынылды. 02.09.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін атап өту аясында Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері арнайы тақырыптық буклеттер әзірледі. Аталған буклеттер Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылған көрмеде ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1060384?lang=kk
БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ 02.09.2025
Адамзат тарихына көз жүгіртсек, кез келген елдің өркендеуі ең алдымен халық арасындағы татулық пен түсіністікке байланысты болғанын байқаймыз. Өйткені ынтымақсыз, өзара сенімсіз ешбір жетістік ұзаққа бармайды. Қоғамдағы тұрақтылық – экономикалық қуаттың, әлеуметтік прогрестің, тіпті халықаралық беделдің де берік тірегі.Бүгінде әлемнің түрлі түкпірінде алауыздықтың кесірінен тұралаған мемлекеттер аз емес. Бір елде этносаралық жанжал өршіп жатса, енді бірінде діни қайшылық қоғамды дағдарысқа ұшыратуда. Мұндай жағдайда Қазақстанның бірлік пен достықты мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруы – халқымыздың тарихи тәжірибесінен бастау алған даналық шешім.Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі, тағдыр тәлкегіне түскен этнос өкілдеріне қол ұшын созуы – бүгінгі қоғамдық келісімнің берік іргетасы. ХХ ғасырдағы ауыр депортация жылдарында мыңдаған этностар қазақ жерінен пана тауып, жаңа өмір бастады. Бұл – татулықтың құнын ұқтырған тарихи сабақ.Достық – адамдарды ортақ мақсатқа ұйыстыратын, сенім мен ынтымақты күшейтетін асыл қасиет. Әсіресе көпэтносты Қазақстан үшін оның мәні айрықша. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, дамуға үлес қосуда. Бұл – достықтың қоғамды біріктіріп қана қоймай, мәдениеттерді тоғыстырып, елді рухани байытатынының дәлелі.Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – жаңа астананың бой көтеруі, халықаралық беделдің артуы, экономикалық табыстар – бәрі де бірліктің арқасында жүзеге асты. Себебі алауыздық бар жерде күш-қуат ыдырап кетсе, ынтымақ бар жерде әр азаматтың еңбегі ел дамуына жұмсалады.Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулық пен келісімді нығайтудың бірегей үлгісі. Ол этнос өкілдерінің мәдениетін сақтап қана қоймай, әрқайсысына мемлекет дамуына үлес қосуға мүмкіндік беріп отыр. Әлем елдерінің Қазақстан тәжірибесін этносаралық татулықтың үлгісі ретінде мойындауы – осының айғағы.Саяси жүйелер өзгеруі мүмкін, экономика құбылады. Ал достық пен бірлік – уақыт сынынан өтетін мәңгілік құндылықтар. Олар жылдан жылға маңызын жоғалтпай, қайта арта түседі. Сол себепті бірлікті сақтау – болашақты қорғау, достықты дәріптеу – бейбіт өмірді нығайту. Бұл – баршамызға ортақ парыз.#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Департаменттің жұмыс уақыты өзгерді 02.09.2025
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексінің 40-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жұмыс уақытының регламенті өзгеретіні туралы хабардар етеміз.Департаментте, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат болған жағдайда, жұмыс күні 08:00-дан 17:30-ға дейін белгіленген. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.Назар аударғандарыңыз үшін рахмет! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1060342?lang=kk
Пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмысты ҚАЖК мен «КӘӘҰ» бірлесе дамытатын болады 02.09.2025
Пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмысты ҚАЖК мен «КӘӘҰ» бірлесе дамытатын боладыАстана, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мен «Ұлттық әлеуметтік жұмысшылар альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі (КӘӘҰ) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Аталған құжат қылмыстық-атқару жүйесінде кәсіби әлеуметтік жұмысты дамыту мен нығайтуға бағытталған және негізгі бағыттар бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:Сотталғандарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету – консультациялар, психологиялық жарақатпен жұмыс, отбасылық байланыстарды нығайту, қайта әлеуметтенуге жәрдемдесу және пенитенциарлық кезеңнен кейінгі қолдау;Білім беру бағдарламалары – ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жұмыс және кейс-менеджмент бойынша тренингтер, арнайы оқу курстары мен материалдарын әзірлеу;Нормативтік-құқықтық бастамалар – ҚАЖ мекемелеріне «әлеуметтік қызметкер» лауазымын енгізу бойынша ұсыныстар дайындау, лауазымдық нұсқаулықтар мен өзара іс-қимыл алгоритмдерін әзірлеу, кәсіби стандарт қалыптастыру;Әлеуметтік осал топтармен жұмыс – бас бостандығынан айыру орындарында отырған кәмелетке толмағандар, балалы әйелдер және мүгедектігі бар адамдарды қолдау бағдарламаларын әзірлеу;Әлеуметтік қайта интеграция – тәлімгерлік, босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге жәрдемдесу.ҚАЖ комитеті мен Ұлттық әлеуметтік жұмысшылар альянсы арасындағы ынтымақтастық пенитенциарлық жүйеде әлеуметтік жұмыста құқық қорғау тәсілін енгізуге ықпал етпек. Бұл – адамның қадір-қасиетіне құрмет көрсету, адам құқықтарын сақтау және сотталғандармен гуманистік қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасауға баса назар аударуды білдіреді.Мұндай көзқарас қайта әлеуметтендіру жүйесін нығайтып, қайталап құқық бұзушылық жасау тәуекелін төмендетуге және бұрын сотталған адамдардың қоғамға табысты бейімделуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1060306?lang=kk
Қорғаныс министрінің Құрлық әскерлері Әскери институтының 55 жылдығымен құттықтау сөзі 02.09.2025
Құрметті Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының ардагерлері, профессорлық-оқытушылық құрамы, курсанттар және түлектер!Сіздерді еліміздің әскери білім беру жүйесінде ерекше орны бар даңқты оқу орнымыздың 55 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!Елу бес жыл – бұл биік белестер мен тарихи жетістіктерге толы шежірелі жол. Осы уақыт ішінде Құрлық әскерлері әскери институты еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолында мыңдаған кәсіби офицерді даярлаған ұлт армиясының тірегі, әскери кадрлар дайындайтын іргелі білім ордасына айналды. Бұл оқу орнын тәмамдаған түлектер Отанға адал қызмет етіп, ерлік пен батылдықтың, патриоттық рухтың үлгісін көрсетуде.Институтқа Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімінің берілуі – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл есім жоғары талаптар мен үздіксіз даму қағидатын айқындайды. Сіздер бұл міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Оқытудың озық әдістемелерін енгізіп, жаңа технологиялар мен заманауи қару-жарақтарды меңгеру арқылы офицер кадрларын даярлауда үздік үлгі көрсетіп отырсыздар.Мерейтой аясында институт ардагерлеріне баға жетпес тәжірибесі, қажырлы еңбегі және әскери білімнің қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шексіз алғысымды білдіремін. Профессорлық-оқытушылық құрамға кәсіби біліктілігі, Отанға деген адалдығы және жаңа буын офицерлерін тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін ерекше ризашылығымды жеткіземін. Курсанттарға әскери ғылымды меңгеруде табандылық, мықты денсаулық және Отанға адал қызмет ету жолында толағай табыс тілеймін.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты алдағы уақытта да еліміздің қорғаныс саласына үлес қосатын кәсіби офицерлерді даярлауда көшбасшы болып қала беретініне сенімім мол.Сіздерге зор денсаулық, амандық, табысты қызмет және ашық аспан тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1060267?lang=kk
Жоғары мемлекеттік марапат – кәсіби шеберлік пен адал қызметтің айқын дәлелі! 02.09.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара аясында еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы Саягүл Еркебекова жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» медалімен марапатталды.Бұл оның кәсіби еңбегін, көп жылдық адал еңбегін және еңбек заңнамасын дамытуға және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесін маңызды мойындау болып табылады.👏 Әріптестер ұжымы шын жүректен құттықтап, атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді. Іске адалдығыңызға, жоғары кәсібилігіңіз бен жауапкершілікке толы еңбегіңізге ризашылық білдіреміз. Сізге зор денсаулық, жаңа жетістіктер және қоғам мен мемлекет игілігі жолындағы қызметіңізде табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1060287?lang=kk
Мемлекет басшысы Қытай ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады. 02.09.2025
🟦Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.🟦Ол ынтымақтастық жылдарында қол жеткізілген өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне тоқталып, еліміздің энергетикалық секторы үшін маңызды болып табылатын ауқымды бірлескен жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделілік танытты.🟦Көмірсутектерді өндіру және өңдеу саласындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.🟦Президент қуаттылығы 12 миллион тоннаға жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ газ-химия өндірісін дамыту перспективаларын белгіледі.🟦Агроөнеркәсіп кешеніне қосымша серпін беретін Ақтөбе облысында несепнәр өндіретін зауыт құрылысы да сөз болды.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1060262?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу 02.09.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 857,25 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 283,88 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 505,92 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 67,45 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 тамызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,87%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,82%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,86%, МҚҰ - 1,17%.2025 жылғы 1 тамыздағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,23%, АҚШ долларымен – 42,76%, басқа валюталарда - 0,003%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 104,97 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 159,38 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 439,09 млрд теңге, өзге кірістер - 5,01 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,74%, инфляция мөлшері - 11,80%.Естеріңізге сала кетейік, жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі зейнетақы активтерінің кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен қысқа мерзім ішінде есептелген басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдары құнының ауытқуын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау үшін кем дегенде бір жыл кезеңді алған жөн.2025 жылғы 1 тамыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,98%, ҚРҰБ депозиттері – 2,84%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,52% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 67,45 млрд теңгеден асады.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,58 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,57%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,07%, РЕПО – 14,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 9,38%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,76%, МҚҰ - 6,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,81%. Атап кетейік, портфельдің 73,29% теңгемен, 25,28% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,92% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.08.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,16 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,77%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,54%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,31%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,00%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,33%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,40%, АҚШ долларымен 24,60% тең.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,87% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,28 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,66%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,51%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,40%, РЕПО – 10,76%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,08%, АҚШ долларымен 24,92%.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,68% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,78 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 24,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 17,07%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,45%, РЕПО – 9,59%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,06% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,03%, АҚШ долларында – 31,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,56% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,65 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,44%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,92%, МҚҰ - 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,66%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,75%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,40%, АҚШ долларында – 40,60% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50% дейін;сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100% дейін;ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1064373?lang=kk
«Туған өлке келбеті» фотокөрмесі 02.09.2025
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Туған өлке келбеті» атты «Кристалл» фотоклубы мүшелері көрмесінің вернисажы өтті. Өскемен қаласындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Александр Андреевич Дяченко, қаласы әкімінің орынбасары Ирина Федоровна Смит, «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ директорының м.а. Назым Шайзанова құттықтау сөз сөйледі.1968 жылы құрылған «Кристалл» фотоклубы көптеген жылдар бойы фотосурет өнерінің әуесқойлары мен кәсіпқойларын біріктіріп келеді, олар үшін кадр өнері өмірге деген көзқарасын білдіріп, туған өлкенің қайталанбас сұлулығын сақтаудың тәсіліне айналды. Көрмеде 20-дан астам қатысушының жұмысы ұсынылған, бұл олардың жоғары шеберлік деңгейін көрсетумен қатар, фотосуреттің жанды әрі өзекті өнер түрі болып қала беретінін куәландырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1060224?lang=kk
Су саласы мамандарының жалақысын арттыруды көздейтін түзетулер күшіне енді 02.09.2025
Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын энергетика саласы мамандарының деңгейіне дейін көтеруді көздейтін «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады.Жалпы, ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі. Аймақтарға байланысты және ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді.Бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусым айында заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.«Министрлік су шаруашылығы саласы мамандарының мәртебесін көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуға ерекше мән береді. Мысалы, биыл «Қазсушардың» барлық 425 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ су мамандарының біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, оның ішінде шетелдерде де оқыту қарастырылған. Қабылданған барлық шара республикадағы су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еңбек етіп жүрген азаматтардың мәртебесін көтеруде елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Су саласы мамандарының жалақысын арттыру шаралары былтыр да жүзеге асқан болатын. 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көбейтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1060190?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 16,51 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 02.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 16,51 млн АҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 10,56 млн АҚШ долларына 78 862 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,95 млн АҚШ долларына 47 606 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (10,32 млн АҚШ долларына 76 954 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 77,82 мың АҚШ долларына 619 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 57,02 мың АҚШ долларына 478 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,29 млн АҚШ долларына 41 870 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (475,14 мың АҚШ долларына 4 163 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (151,67 мың АҚШ долларына 1 284 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж. бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит"АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1062238?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 142 км болатын су құбырын реконструкциялауды жоспарлап отыр 02.09.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауда азаматтардың су шаруашылығына қатысты өзекті сұрақтарына жауап берді.Алматы облысының Ақши ауылының тұрғындары Айдарлы, Ақши және Бозой ауылдарын, сондай-ақ жергілікті шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етіп отырған Бозой топтық су құбырын реконструкциялау мәселесін көтерді. Бұл нысанда ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген.Іле ауданы әкімдігі «Қазсушар» РМК-ның «Алатау» филиалымен жасалған меморандум аясында Бозой топтық су құбырын реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжатты әзірледі. Әкімдік бюджетке өтініш бергеннен кейін, Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаны қаржыландыру мен іске асыру мәселесін қарайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-vod-irrigation/press/news/details/1060202?lang=kk
2025 жылдың 29 тамызында аудан әкімдігінің отырысы өтті. 02.09.2025
Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданында егін жинау науқанына дайындық барысы туралы;2. Жақсы ауданының жылумен жабдықтау объектілерінің 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы.Аудан әкімі ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Болат Ғабдыжауатұлы Еркеевке ветеринариялық қызметкер күніне орай "Ауыл шаруашылық саласының үздігі" төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңес күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1060150?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының 12 айдағы өсімі 4,60 трлн теңгені құрады 02.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 24,84 трлн теңгеденасты.12 айда 4,60 трлн теңгеге немесе 22,7%-ға артты.2025 жылдың 1 тамызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,62 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 21,1%.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 704,72 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,0%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (36,0%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша көлемі 9,06 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардантүсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1тамызына 506,66 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 7 айында салымшылардың зейнетақы шоттарына 1,84 трлн теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,4%-ға немесе 286,31 млрд теңгеге артық).Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 тамызына1 508,32 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 78,97 млрд теңге (өсім –19,6%), ЕЗЖ – 1,51 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 7 айында ЖМЗЖ 249,38млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 965,18млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 58,6%немесе 356,54млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 563,03 млрд теңге.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 21,8% ұлғайып, 01.08.2025ж. 139,52 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 683 теңге. Жыл басынан бері 01.08.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 41,32 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 23,77 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,85 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 189,36 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,77 млн. бірлік (12 айдағы өсім–1,31 млн бірлік немесе 8,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 тамызына12,60 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,21 млн- МЗЖ бойынша, 743,15 мыңы - МКЗЖ бойынша, 456,44 мыңы – ЕЗЖесептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,17 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066459?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу 02.09.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 857,25 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 283,88 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 505,92 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 67,45 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 тамызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,87%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,82%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,86%, МҚҰ - 1,17%.2025 жылғы 1 тамыздағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,23%, АҚШ долларымен – 42,76%, басқа валюталарда - 0,003%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 104,97 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 159,38 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 439,09 млрд теңге, өзге кірістер - 5,01 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,74%, инфляция мөлшері - 11,80%.Естеріңізге сала кетейік, жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі зейнетақы активтерінің кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен қысқа мерзім ішінде есептелген басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдары құнының ауытқуын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау үшін кем дегенде бір жыл кезеңді алған жөн.2025 жылғы 1 тамыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,98%, ҚРҰБ депозиттері – 2,84%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,52% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 67,45 млрд теңгеден асады.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,58 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,57%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,07%, РЕПО – 14,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 9,38%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,76%, МҚҰ - 6,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,81%. Атап кетейік, портфельдің 73,29% теңгемен, 25,28% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,92% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.08.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,16 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,77%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,54%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,31%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,00%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,33%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,40%, АҚШ долларымен 24,60% тең.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,87% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,28 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,66%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,51%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,40%, РЕПО – 10,76%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,08%, АҚШ долларымен 24,92%.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,68% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,78 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 24,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 17,07%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,45%, РЕПО – 9,59%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,06% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,03%, АҚШ долларында – 31,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,56% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,65 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,44%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,92%, МҚҰ - 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,66%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,75%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,40%, АҚШ долларында – 40,60% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50% дейін;сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100% дейін;ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1064747?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 02.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Жұмабектің БАӘ Инвестициялар жөніндегі вице-министрі М.Әл-Хауи мырзамен кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің практикалық қадамдары болды.Тараптар биылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абу Дабиге сапары және Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Астанаға ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген нақты инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына ерекше назар аударды. Екі елдің экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар барлық қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы және толық орындауға өзара ниеттілік атап өтілді.Кездесу барысында қазіргі заманғы жаһандық трендтер аясында инвестиция тарту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар жасанды интеллект (ЖИ), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сияқты секторлардың, сондай-ақ заманауи сауда инфрақұрылымы мен логистиканы дамытудың маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.Осы перспективалы салаларда жұмыс істейтін инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігі белгіленді.Сонымен қатар тараптар Қазақстан аумағында да, БАӘ-де де іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды одан әрі қолдау мәселелерін талқылап, өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің ықтимал жолдары мен бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1060166?lang=kk