Enbekshi QazaQ

Қоғам

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының 12 айдағы өсімі 4,60 трлн теңгені құрады 02.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  24,84 трлн теңгеденасты.12 айда 4,60 трлн теңгеге немесе 22,7%-ға артты.2025 жылдың 1 тамызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,62 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 21,1%.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 704,72 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,0%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (36,0%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша көлемі 9,06 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардантүсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1тамызына 506,66 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.2025 жылдың 7 айында салымшылардың зейнетақы шоттарына 1,84 трлн теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,4%-ға немесе 286,31 млрд теңгеге артық).Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 тамызына1 508,32 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,5%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 78,97 млрд теңге (өсім –19,6%), ЕЗЖ – 1,51 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 7 айында ЖМЗЖ 249,38млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 965,18млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 58,6%немесе 356,54млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 563,03 млрд теңге.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 21,8% ұлғайып, 01.08.2025ж. 139,52 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 683 теңге. Жыл басынан бері 01.08.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 41,32 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 23,77 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,85 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 189,36 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,77 млн. бірлік (12 айдағы өсім–1,31 млн бірлік немесе 8,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 тамызына12,60 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,21 млн- МЗЖ бойынша, 743,15 мыңы - МКЗЖ бойынша, 456,44 мыңы – ЕЗЖесептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,17 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066459?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 тамыздағы инвестициялық портфеліне шолу 02.09.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 857,25 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 24 283,88 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 505,92 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 67,45 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 тамызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,87%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,82%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,81%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,86%, МҚҰ - 1,17%.2025 жылғы 1 тамыздағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 57,23%, АҚШ долларымен – 42,76%, басқа валюталарда - 0,003%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 104,97 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс - 159,38 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 439,09 млрд теңге, өзге кірістер - 5,01 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.   Соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,74%, инфляция мөлшері - 11,80%.Естеріңізге сала кетейік, жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі зейнетақы активтерінің кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен қысқа мерзім ішінде есептелген басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдары құнының ауытқуын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдау үшін кем дегенде бір жыл кезеңді алған жөн.2025 жылғы 1 тамыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,98%, ҚРҰБ депозиттері – 2,84%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,52% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 67,45 млрд теңгеден асады.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,58 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 18,71%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,57%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,07%, РЕПО – 14,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 9,38%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,76%, МҚҰ - 6,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,81%. Атап кетейік, портфельдің 73,29% теңгемен, 25,28% - АҚШ долларымен, 1,43% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,92% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.08.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,16 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,61%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 10,71%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,77%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,54%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,31%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,00%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,33%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,40%, АҚШ долларымен 24,60% тең.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,87% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 7,28 млрд теңге.  Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,66%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,51%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,40%, РЕПО – 10,76%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,08%, АҚШ долларымен 24,92%.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,68% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.08.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,78 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 24,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 17,07%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,45%, РЕПО – 9,59%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,06% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,03%, АҚШ долларында – 31,97% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,56% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 тамызындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,65 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,44%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,47%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,92%, МҚҰ - 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,66%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,75%.   Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 59,40%, АҚШ долларында – 40,60% инвестицияланды.2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына:МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50% дейін;сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100% дейін;ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1064747?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 02.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Жұмабектің БАӘ Инвестициялар жөніндегі вице-министрі М.Әл-Хауи мырзамен кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің практикалық қадамдары болды.Тараптар биылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абу Дабиге сапары және Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Астанаға ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген нақты инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына ерекше назар аударды. Екі елдің экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар барлық қол жеткізілген уағдаластықтарды уақтылы және толық орындауға өзара ниеттілік атап өтілді.Кездесу барысында қазіргі заманғы жаһандық трендтер аясында инвестиция тарту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар жасанды интеллект (ЖИ), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) сияқты секторлардың, сондай-ақ заманауи сауда инфрақұрылымы мен логистиканы дамытудың маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.Осы перспективалы салаларда жұмыс істейтін инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігі белгіленді.Сонымен қатар тараптар Қазақстан аумағында да, БАӘ-де де іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды одан әрі қолдау мәселелерін талқылап, өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің ықтимал жолдары мен бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1060166?lang=kk
Қазақстан мен БОМКА Бағдарламасы кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 02.09.2025
        2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті БОМКА Бағдарламасы және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесті. Іс-шара аясында мобильді кедендік топтарға арналған жабдықтар табысталды.       ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б.О. Слямов кіріспе сөз сөйлеп, БОМКА Бағдарламасы мен БҰҰ Даму бағдарламасына тұрақты қолдау мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.      Кездесу барысында Қазақстанда заңнамалық негізге ие болған мобильді кедендік топтардың маңызы ерекше атап өтілді. Заманауи технологияларды енгізу кеден заңнамасының бұзушылықтарын, соның ішінде тауарлардың заңсыз айналымын, контрабанданы және қолданыстағы шектеулерді бұзуды тиімдірек анықтап, жолын кесуге мүмкіндік береді.     БОМКА Бағдарламасы ең үздік халықаралық тәжірибелерді ілгерілетуде дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті заманауи әрі инновациялық кедендік әкімшілендіруді дамытуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1060174?lang=kk
Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы өзекті мәселелер талқыланды 02.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 1 тамыз – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Азия және Тынық мұхит елдері департаментінің директоры Абдулазиз әл-Ниядимен кездесті.Кездесу барысында күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі сапарлар, Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі, Үкіметаралық комиссияның отырысы, Астана мен Абу Даби арасындағы әуе қатынастарын жолға қоюдың маңыздылығы, сондай-ақ өзара мүддені көздейтін салалардағыынтымақтастықты дамыту жолдары сөз болды.Өз кезегінде, Абдулазиз әл-Нияди Қазақстан мен Әмірліктер арасында барлық бағыт бойынша қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, байланыстарды одан әрі нығайтуғаәзірлігін жеткізді.Бұдан бөлек, тараптар екі елдің серіктестігін кеңейту, қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру, екіжақты келісімдер бойынша шарттық-құқықтық базаны жаңарту жолында күш-жігер біріктіруге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1060176?lang=kk
Зейнетақы активтерінің 12 айдағы кірістілігі – 14,74% 02.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған және ҚРҰБ басқаратын зейнетақы активтерінің соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген табыстылығы 11,80% инфляция кезінде 14,74% болды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің табыстылығы соңғы 12 айда 12,52%құрады.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 тамызға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1030,53% болды, албүкіл кезеңдегі инфляция 899,22%.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық табыс – 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 13,81 трлн теңге. 01.08.2025ж.жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен41,9% жетті, бұл азаматтардың жинақтау құрылымында инвестициялық қызметтің маңызды орын алатынын көрсетеді.Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алужүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066461?lang=kk
Абу Дабиде Қазақстан мен БАӘ кітапханалары мен және мұрағаттары ынтымақтастығы мәселелері талқыланд 02.09.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Ұлттық кітапханасы мен мұрағатының Бас директоры Абдалла Мажид Әл Алимен кездесті.Кездесу барысында екі елдің тиісті мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды жандандырудың перспективалары мен бағыттарын, сондай-ақ Қазақстанның кітапханалары мен мұрағаттарының БАӘ Ұлттық кітапханасы мен мұрағатымен байланыстарын одан әрі нығайту жолдарын талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша қазақ әдебиетінің классикалық және танымал шығармаларын араб тіліне аударып, БАӘ аумағында шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтама: БАӘ Ұлттық кітапханасы және мұрағаты 1968 жылы құрылған. Негізгі міндеттері – ұлттық құжаттық мұраларды жинақтау, сақтау және зерттеу, сондай-ақ тарихи және мәдени мұраларды халықаралық деңгейде ілгерілету.2022 ж. ҚР Елшілігі мен БАӘ Ұлттық кітапханасы және мұрағаты бірлесіп «Қазақстан Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктері: дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл» атты кітап шығарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1060148?lang=kk
Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті 02.09.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Салтанатты іс-шара сахна төріне Мемлекеттік Тудың енгізілуімен және Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Мұнан соң аудан басшысы көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, Ата Заң – елдіктің негізі, егемендіктің нышаны екенін айтып өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ата Заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі» деді. Басты құжат ел бірлігі және адамның ары мен абыройының сақталуын негіздейді. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Егемендікке қол жеткізген 35 жылға жуық уақыт ішінде қасиетті Сыр елі, оның ішінде құт қонған Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық бет-бейнесі қалыптасып, өрлеу мен өркендеуге бет бұрды. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен Сыр өңірінде жасампаз жобалар жүзеге асуда. Облыс бюджеті 823 млрд. теңгеден асып, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Cоңғы 3 жылдың көлемінде өңірімізде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді. Жаңадан 15 мәдениет нысаны ел игілігіне берілсе, барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» салынды. Қызылордада «Отбасы орталығы», «Анаға тағзым», «Өнер орталығы», облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Өткен жылы облыс орталығында «Теннис орталығы» пайдалануға берілді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен заманауи «Оқушылар сарайы» ашылды. Биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен облыс бойынша 166 млрд. 800 млн. теңгеге 96 жобаның құрылысы жүруде. Қызылорда қаласында салынып жатқан қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы алдағы жылу маусымына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласында «Достық үйінің» жаңа ғимараты бой көтеруде. Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион құрылысы қарқынды жүруде. Алдағы қыркүйек айында ашылады. Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі – «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Биыл облысымызда 10 теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өткізілуде. Президентіміздің Катар еліне жасаған жұмыс сапары аясында Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд. теңгеге бу-газ қондырғысы аудан аумағында салынатын болады. Бұл мегажоба ауданымыз үшін өте маңызды. Жоба 2028 жылы толығымен іске асқанда, аудан экономикасының дамуына үлкен серпін береді. Осындай өміршең істердің бастауында біздің Ата Заңымыз және Заңға бағынатын, тәртіпке бас иетін халқымыз тұрғанын атап өтуіміз қажет. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Ата Заңымыз бен бірлігіміз нығая берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан басшысы іргелі ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Ауданға инвестиция тарту жұмыстары жыл сайын ұлғайып келеді. Тамақ өнеркәсібін дамыту бағытында Шаған ауылында қуаттылығы 400 бастан бастап тауарлы сүт фермасын ашу жұмыстары жасалуда. Құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын жобаны «Раманов» шаруа қожалығы жүзеге асырады. Сондай-ақ, ауданымызда «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігі «Жүгеріні терең өңдеу зауытын» салуды жоспарлауда. Құны 50 млрд. теңгені құрайтын зауыт құрылысы іске асқанда ауданда 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.Ауданда соңғы 3 жылда 19 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Биыл аудан орталығында «Руханият» орталығы, Бесарық ауылында спорт кешені пайдалануға берілді. Шаған ауылында дәрігерлік амбулатория, Сәкен Сейфуллин ауылында №137 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде. Құны 2,7 млрд. теңгеге аудандағы 6 елді мекенде электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Биыл жоба құны 490 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары атқарылуда. Ауданды абаттандыру жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қарқынды жүргізілуде.Тереңөзек кентінде құны 767 млн. теңгеге 15 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жергілікті бюджеттен бөлінген 56 млн. теңгеге Айдарлы, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Ақжарма, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов ауылдарына ойын алаңдары салынуда.Ата Заң құрметіне орай өткізілген іс-шарада заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында ауданда еселі еңбек етіп жүрген сала үздіктері облыс, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және арнайы төсбелгімен марапатталды. Мерекеге орай аудан көркемөнерпаздары патриоттық әндер айтып, көпшілікке ерекше рух сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1060102?lang=kk
Таңдау өз еркіңізде: зейнетақы төлемдері зейнетақы қорынан немесе сақтандыру компаниясынан 02.09.2025
Зейнетақы аннуитеті туралы не білесіз?«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары (ЗЖ) бар қазақстандықтар зейнетақы алудың бірнеше тәсілін таңдай алады. Олар: зейнетақыны БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу (жинақтар таусылғанға дейін), өмір бойы төлем алу үшін сақтандыру компаниясымен шарт жасасу немесе осы тәсілдерді үйлестіріп қолдану.Әр ай сайын берілетін төлемдерді өмір бойына немесе кепілдендірілген мерзім ішінде тұрақты түрде алып отыру үшін сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалуы қажет.Зейнетақы аннуитеті деген не?Зейнетақы аннуитеті — бұл азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасындағы шарт, оған сәйкес сақтандыру компаниясы ай сайынғы зейнетақы төлемін өмір бойы немесе келісілген жасқа дейін төлеуге міндеттенеді.Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің мына түрлері қолданылады:Жедел зейнетақы аннуитеті – шарт жасалғаннан кейін төлемдер бірден басталады.Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті – төлемдер шартта көрсетілген белгілі бір уақыттан кейін басталады (осы кезеңде қаражат инвестицияланып, болашақ төлемдер көлемі артады).Бірлескен (жұбайлар) аннуитет – екі адамның зейнетақы жинақтары біріктіріліп, өмір бойы төлем алу қарастырылады (бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі төлем алуды жалғастырады). Аннуитет шарттары:тиісті жасқа жету – азаматтың аннуитет шартына отыру жасы аннуитет түрі мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) болуына байланысты: жедел зейнетақы аннуитетін ер адамдар 55 жастан, әйелдер 53 жастан бастап рәсімдей алады (2028 жылдан бастап әйелдер үшін белгіленген жас мөлшері кезең-кезеңмен өсіп, 2031 жылы 55 жасқа жетеді). Егер азаматтың еңбек қызметі зиянды/қауіпті салада өтіп, кемінде 60 ай бойы МКЗЖ төленген болса, жедел аннуитетті ерлер де, әйелдер де 50 жастан бастап рәсімдей алады (жедел аннуитет бойынша жасалатын төлемдер барлық жағдайларда шарт жасалғаннан кейін бірден беріледі). кейінге қалдырылған аннуитетті міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген азаматтар 45 жастан бастап жасай алады. Ал зиянды/қауіпті сала өкілдері (МКЗЖ кемінде 60 ай төленген жағдайда) – 40 жастан бастап рәсімдей алады. Кейінге қалдырылған аннуитет төлемдері 55 жастан бастап беріледі. жинақ сомасының жеткіліктілігі – сақтандыру компаниясынан ең төменгі ай сайынғы төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген төменгі күнкөріс шамасының (ТК) 70%-ынан кем болмауы тиіс. 2025 жылы 32 360 теңге мөлшеріндегі ай сайынғы ең төменгі төлемді алу үшін ер азаматтардың зейнетақы жинағының мөлшері кем дегенде 9,1 млн теңге, ал әйелдердің шотында 11,9 млн теңге болуы шарт.Егер МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақ мөлшері аздық етсе, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) қаражатын да қолдануға болады. Тіпті жарналардың барлық түрлері бойынша зейнетақы жинағы да жеткіліксіз болса, жұбайыңызбен немесе жақын туыстарыңызбен (әке-шешеңіз, балаларыңыз, асырап алушыңыз, асыранды ұл-қызыңыз, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер, әкпе-қарындастар, ата-әжелер, немерелер[1]) бірлескен аннуитет рәсімдеуге немесе өз қаражатыңыз есебінен толықтыруға болады.Зейнетақы аннуитетінің негізгі ерекшеліктері:Зейнетақыны ресми зейнет жасына жетпей алуға болады.Жинақ сомасы толық төленіп қойса да, төлемдер өмір бойы/келісілген кезең соңына дейін жалғасады.Жыл сайын төлем мөлшері 7%-ға индексацияланады.Сақтандыру төлемдерін алушы зейнетақы аннуитетін сатып алған кезде жинақтардың меншік құқығын сақтандыру компаниясына береді, яғни ол жинағын баламалы қажеттіліктерге пайдалана алмайды. Қайтыс болған жағдайда оның сақтандыру компаниясына берілген жинақтары туыстарына мұрагерлікке берілмейді (ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары мұраға беріледі). Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерінің кепілдендірілген кезеңін бекітуге болады. Ол кезде төлемдер алдымен алушыға, ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне аударылады.Шарт жасасу тәртібі. Өзгерту/бұзу шарттарыЗейнетақы аннуитеті шарты жазбаша жасалады. Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін МЗЖ салымшысының (салымшыларының) және (немесе) пайдасына МКЗЖ аударылған жеке тұлғаның сақтандыру ұйымына берген өтініші негіз бола алады. Өтініште сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылуы қажет. Қажетті құжаттар тізбесі мен тапсыру тәсілдері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы "Қызметтер – Зейнетақы аннуитеті" бөлімінен таба аласыз.Зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттен бастап екі жыл ішінде оны бұзуға немесе өзгертуге болмайды. Осы мерзім өткеннен кейін шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндігі берілгенімен, қаражатты БЖЗҚ-дағы шотқа түгелдей қайтаруға рұқсат жоқ: сақтандыру ұйымында өзгерістер енгізілген күні қолданыста болған төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болмайтын ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшерін қамтамасыз ете алатын сома қалуы тиіс.Екі жылдан кейін шартты бұзу басқа сақтандыру компаниясымен жаңа аннуитеттік шарт жасалған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте қаражат жаңа сақтандыру ұйымына аударылады.enpf.kz сайтындағы "Онлайн сервистер – Болжамды зейнетақы калькуляторы" бөлімінде орналастырылған зейнетақы калькуляторының көмегімен сақтандыру компаниясына аудару үшін жеткілікті соманы есептеп, сақтандыру компаниясынан және БЖЗҚ-дан берілетін болжамды төлемдердің мөлшерін салыстыруға болады. ЕСКЕРТУ: Шартқа қол қоймас бұрын оның барлық талаптарын мұқият оқып шығып, салмақты әрі саналы шешім қабылдау маңызды. АНЫҚТАМА: 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша 2024 жылы 62 592 салымшы БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңге сомада зейнетақы жинақтарын аударды. Биылғы жарты жылда 01.07.2025ж. жағдай бойынша 33 543 салымшы сақтандыру ұйымдарына БЖЗҚ-дан 151,78 млрд теңге жіберді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    [1]ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 1-бабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066463?lang=kk
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маусымы аяқталды 02.09.2025
Жастар еңбек жасақтары жыл сайын облыстың барлық өңірлерінде маусым мен қыркүйек аралығында құрылады және жазғы кезеңде жастарды жұмыспен қамтудың пәрменді шараларының бірі болып табылады.  Ағымдағы жылы «Жасыл елде» 2000-ға жуық жас бала жұмыс істеді, оның жартысынан астамы-ауыл жастарының өкілдері. Сонымен қатар, облыс орталығында да, басқа өңірлерде де жастардың еңбек жасақтарында жұмыс істеуге деген қызығушылығының артуы байқалады. Осыған байланысты жалдау ұлғайтылды.«Жасыл ел» табыс табу мүмкіндігінен басқа, жастардың экологиялық ойлауын, дербестікке ұмтылуын, еңбекқорлығын қалыптастырады, сондай-ақ жастардың әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді. Сонымен қатар, өткен маусымнан бастап жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері экологиялық квесттерге, «Таза ойындар» ойындарына және «Таза Қазақстан» шеңберіндегі басқа да акцияларға белсенді қатысады, бұл еңбек күндерін одан да қызықты етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1060048?lang=kk
Құрлық әскерлерінің әскери институтына – 55 жыл 02.09.2025
Алматы қаласында С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты 55 жылдық мерейтойын атап өтуде.Елу жылдан астам тарихында бұл оқу орны кәсіби офицер кадрларын даярлаудағы жетекші орталықтардың біріне айналып, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосты.1970 жылы негізі қаланған институт алғашқы жылдардан-ақ кәсіби әскери мамандар даярлайтын білім ордасы ретінде танылды. Бүгінде бұл – заманауи әскери жоғары оқу орны. Мұнда жаңа буын офицерлері тәрбиеленуде. Олар Отанға адалдығымен, жоғары кәсіби даярлығы, әскери тәртібі және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді.55 жыл ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты мыңдаған офицерлерді дайындап шығарды. Олардың көпшілігі жоғары әскери шендерге қол жеткізіп, қорғаныс саласында, мемлекеттік билік құрылымдарында және халықаралық ұйымдарда жауапты қызметтер атқаруда. Түлектердің арасында үш қорғаныс министрі, белгілі әскери қолбасшылар, әскер бөлімдері мен құрамаларын басқарған командирлер бар. Олардың бәрі де Қазақстан армиясының дамуына зор үлес қосты.Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин атап өткендей, 55 жыл – ерлік пен елге адал қызмет етудің, Отан алдындағы парызға деген беріктіктің шежіресі.– Біздің түлектеріміз Қарулы күштер қатарында абыроймен қызмет етіп жүр, ал қазіргі курсанттар аға буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастыруда. Институт әрқашан абыройдың, ар-намыстың және патриотизмнің символы болып қала береді, – деді ол.Институттың мерейтойы – отандық әскери білім беру саласындағы маңызды белес. Бұл – білікті кадрлар даярлау ісіндегі оқу орнының маңызын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы мен егемендігін нығайтудағы рөлін айшықтайтын оқиға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1060054?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз  16,51 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 02.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 16,51 млнАҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартумақсатында 10,56 млнАҚШ долларына 78 862 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,95 млн АҚШ долларына 47606 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (10,32 млнАҚШ долларына 76 954 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 77,82 мың АҚШ долларына 619 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 57,02 мың АҚШ долларына 478 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,29 млнАҚШ долларына 41 870 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (475,14 мың АҚШ долларына 4 163 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (151,67 мың АҚШ долларына 1 284 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі"АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе  мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж.бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит"АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді.2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ долларымөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OMсілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066455?lang=kk
Қазақстан мен Тайланд жаңа әуе рейстеріне жол ашылуда 02.09.2025
Бангкок, 2025 жылғы 29 тамыз – Қазақстан Республикасының Тайландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Thai AirAsia әуе компаниясының аймақтық директоры Тансита Акрариттипиромен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар Алматы – Бангкок бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын ашу жөніндегі жақын арадағы жоспарларды талқылады, сондай-ақ Қазақстанның басқа да ірі қалаларынан тікелей рейстерді іске қосу мүмкіндігін қарастырды.Т. Акрариттипиром әуе компаниясының даму стратегиясында Қазақстанмен тікелей әуе рейстерін орнату көзделгенін атап өтті. Бұл халықтар арасындағы байланыстардың нығаюына, іскерлік қарым-қатынастардың кеңеюіне, инвестициялардың тартылуына ықпал етіп, өзара туристік ағынның өсуіне және мәдени алмасуларды күшейтуге маңызды фактор болмақ.Елші сондай-ақ жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Тайланд арасындағы ынтымақтастықты тек туристік салада ғана емес, әуе жүк тасымалдау (air cargo) саласында да белсендірек дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Географиялық қолайлы орналасуы мен заманауи инфрақұрылымының арқасында Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен арасындағы жүк жеткізуде транзиттік торапқа айнала алады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыстарды қолдап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Анықтама: 2024 жылы Тайландқа 200 мыңнан астам қазақстандық азамат барған. Thai AirAsia – Тайландтағы ең ірі лоукостер және AirAsia халықаралық тобының құрамына кіреді. Компания Азия мен оның шегінен тыс 160-тан астам бағытта рейстер орындайды. Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия бағыттарында жолаушылар тасымалын белсенді дамытып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1059960?lang=kk
«Ұлттың күші - оның Конституциясында» 02.09.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова «Qostanai TV» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасында «Ұлттың күші - оның Конституциясында» тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Ата Заңның мемлекет пен қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше мән берді. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі жетістіктері және демократия мен құқық үстемдігін дамытудағы Конституцияның орны атап өтілді.Сілтеме: https://youtu.be/7dXCEulHlTo?si=gnrOKc36jL7MUNDV Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059963?lang=kk
Салтанатты іс-шара 02.09.2025
2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаментінде кәсіби мереке - Әділет органдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Салтанатты жиында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Алатаевна Аманжулова, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Әділет органдары қызметкерлері әрдайым мемлекеттік құрылымды нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында маңызды миссия атқарып келе жатқаны атап өтілді.Іс-шара барысында Әділет органдарының қызметкерлері мен әріптес ұйым өкілдері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің, Қостанай облысы әкімінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, «Аманат» партиясының және Кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында адвокатура, нотариат, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары және Әділет департаментінің қызметкерлері бар.Әділет органдарының ардагерлеріне құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қосқан үлестері мен ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып келе жатқаны үшін ерекше алғыс білдірілді. Жақсы дәстүрге айналған «Отбасылық әулет» номинациясы да табысталып, заң саласына бірнеше буын арнаған әулеттер марапатталды.Мерекелік шараны Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы әртістерінің халық әндері мен заманауи әндері, сондай-ақ аспаптық шығармалары әрлендірді.Әділет органдары қызметкерлері күні тек кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар заңгерлердің еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесін мойындаудың айқын көрінісіне айналды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1078091?lang=kk
«Ұлы Даланың символикасы» көрмесі 02.09.2025
Ағартушылық-мәдени бағдарлама аясында 2025 жылдың 29 тамызында Әділет департаментінің қызметкерлері картиналар галереясында ұйымдастырылған «Ұлы Даланың символикасы» көрмесіне барды.Экспозиция қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен қолөнерінің бай символикалық мұрасын ашып көрсетеді. Ерекше назар жергілікті суретшілер - Баян Баталова, Лейла Аби, Динара Кипшакбаева, Инабат Жуматаева, Тазагуль Байтурина және олардың шәкірттерінің еңбектеріне аударылды. Олар Ұлы Даланың бейнелерін заманауи өнердің қырынан жеткізеді.Көрмеге бару халықтың рухани мұрасы мен мәдени бірегейлігінің құндылығын еске салған шабыттандыратын оқиға болды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059968?lang=kk
Тегін заңгерлік кеңес беру бойынша онлайн-акция 02.09.2025
2025 жылдың 29 тамызында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Альшимбаева Қостанай ауданы, Озерное ауылы тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру бойынша онлайн-акция өткізді. Кездесу азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, азаматтардың атқарушылық іс жүргізу бойынша қажетті ақпарат пен қызметтерді алуына мүмкіндік беретін жаңартылған AdiletGov мобильдік қосымшасының жұмыс істейтіні атап өтілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059969?lang=kk
«Сот және Конституция: Заң үстемдігінің кепілі» 02.09.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында «Qostanai TV» телеарнасының «Тақырып» бағдарламасында мемлекеттік сот орындаушы Ербол Абдильдин «Сот және Конституция: Заң үстемдігінің кепілі» тақырыбында сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/1ZcuxdVohVY?si=dwLzbEqHRmpyT1bm Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1059972?lang=kk
Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды 01.09.2025
 1 қыркүйек – Білім күні Шымкент қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №151 жалпы орта білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Жаңа білім ошағы Таскен шағын ауданында орналасқан. Мектептің ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.Әкім өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Келешек мектептері» жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл мектептер заманауи талаптарға сай эргономикалық білім кеңістігін ұсынады, ал техникалық жабдықталуы типтік жобаларға қарағанда 4 есеге артық. Мұның барлығы сапалы әрі қауіпсіз білім беруге жағдай жасайды.1500 орындық жаңа мектеп 60 оқу кабинетімен, интерактивті панельдермен жабдықталған пәндік сыныптармен, STEM және IT-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, шеберханалармен, үш спорт залымен, кітапханамен, коворкинг аймақтарымен, 375 орынды асханамен және медициналық пунктпен қамтылған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген сыныптар мен қолайлы орта қарастырылған. Мектеп толыққанды қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.Айта кетейік, бүгін қалада тағы бір маңызды нысан – реновация аясында толық жөндеуден өткен №9 IT мектеп-лицейі пайдалануға берілді.Соңғы жылдары Шымкентте Президент тапсырмасына сәйкес білім инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, заманауи үлгідегі екі Оқушылар сарайы салынып, бүгінде қалада олардың саны үшеуге жетті. Соның нәтижесінде оқушылардың 95 пайызы қосымша біліммен қамтылды.Жалпы, 2023 жылы Шымкентте ұлттық жоба аясында 12 мектептің құрылысы басталса, бұған дейін 11 мектеп пайдалануға берілген. Бүгін олардың қатары тағы бір жаңа білім ошағымен толықты.Биылғы оқу жылы Шымкентте 1352 білім беру мекемесінде 400 мыңнан астам оқушымен басталды. Оның ішінде 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Барлық оқушылар оқулықтармен толық қамтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар 100 пайыз мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
«Болашақ мектептері: «Келешек мектебі» жобасы аясында Шымкентте білім беру мекемесі ашылды. 01.09.2025
1 қыркүйек Білім күні Шымкентте «Келешек мектепте» ұлттық жобасы аясында салынған No151 мектептің салтанатты ашылуы болды. Жаңа білім беру кешені Таскен шағын ауданында орналасқан. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады. Әкім өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобаның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа буын мектептері заман талабына сай және эргономикалық білім кеңістігін қалыптастырады. Олардың техникалық жабдықталуы стандартты жобалардан төрт есе жоғары, бұл сапалы және қауіпсіз білім беруді қамтамасыз етеді. Жаңа мектеп 1500 оқушыға есептелген. Онда 60 оқу кабинеті, интерактивті панельдері бар пәндік сыныптар, STEM және IT зертханалары, робототехника кабинеттері, шеберханалар, үш спорт залы, кітапхана, коворкинг алаңдары, 375 орындық асхана, медициналық пункт бар. Инклюзивті ортаны құруға ерекше назар аударылады: мамандандырылған сыныптар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдайлар қарастырылған. Мекеме заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Дәл осы күні Шымкентте тағы бір маңызды нысан – ІТ фокустағы №9 мектеп-лицей толық жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Білім беру инфрақұрылымын дамыту Елбасы алға қойған басым міндеттердің қатарында қалып отыр. Мәселен, соңғы жылдары Шымкентте жаңа форматтағы екі Оқушылар сарайы салынса, қазір оның үшеуі қалада бар. Соның арқасында балаларды қосымша біліммен қамту 95 пайызға жетті. 2023 жылы ұлттық жоба аясында Шымкентте 12 мектептің құрылысы басталды; Бұған дейін 11 оқу орны пайдалануға берілген болатын. Бүгінде бұл тізім тағы бір заманауи мектеппен толықтырылды. Қалада жаңа оқу жылы 1352 білім ошағында басталып, 400 мыңнан астам оқушы өз партасында отыр. Бірінші сыныпқа баратын 28 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектепке барды. Барлық балалар оқулықтармен қамтамасыз етілсе, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардағы мектеп оқушылары да бірыңғай киім-кешек пен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.