Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы облысында Конституция күні аталып өтті: марапаттар, жаңа мектептер мен индустриялық жобалар 30.08.2025
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. 6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 9 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасын, тағы 13 азамат Алғыс хатын алды.Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін балаларға арналған облыстық қолдау орталығында болып, мекеменің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Олардың 18-і мектепке барып жүр, 4 бала колледжге қабылданса, 2 тәрбиеленуші балабақшаға қатысуда. Балаларды тасымалдау үшін орталықтың өз автобусы жұмыс істейді.Сонымен қатар әкім индустриялық аймақтағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын көрді. Қайрат индустриялық аймағында «Almaty Guangjin Investment Management Consulting» компаниясы жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын өндірістік және әкімшілік нысандар тұрғызуда. Жобаға 750 млн АҚШ доллар инвестиция тартылып, 2028 жылға қарай 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жылдық тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, оның 900 млн доллары экспортқа бағытталмақ.Қарасай ауданында әкім Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінің абаттандыру жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 1,176 млрд теңге. 2025 жылы осы мақсатқа 492 млн теңге бөлінеді. Марат Сұлтанғазиев мердігер ұйымдарға тұрғындардың пікірін ескеріп, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ауданда жастар паркі мен ресурс орталығы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1075 бейнебақылау камерасы және 52 интеллектуалды аппараттық кешен орнатылған. Оның ішінде Қаскелең қаласының өзінде 252 камера мен 24 заманауи кешен жұмыс істеп тұр. Жүйе бейнебақылаудан бөлек, адам жүзін тану, адамдар көп жиналған жерді анықтау және ұмыт қалған заттарды байқау мүмкіндіктерімен жабдықталған. Барлық деректер аудандық полиция бөлімінің жедел орталығына түсіп, тәулік бойы бақыланады.Ал Талғар ауданында облыс әкімі Төңкеріс ауылында салынған жаңа мектептің ашылуына қатысты. «Болашақ мектептері» жобасы аясында бой көтерген үш қабатты ғимараттың сыйымдылығы – 600 орын. Жалпы ауданы 8,8 мың шаршы метрді құрайтын нысанда 281 оқу кабинеті, 176 орындық асхана және 138 орындық акт залы бар. Жобаның құны – 5,324 млрд теңге.Облыс әкімінің жұмыс сапары өңірде әлеуметтік инфрақұрылым, өнеркәсіп және қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетті. Мұның барлығы Алматы облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059726?lang=kk
Қонаевта Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекеттік Ту 55 метрлік тұғырға көтерілді 30.08.2025
Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті. Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды.Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.Өз сөзінде өңір басшысы:«Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі», – деп атап өтті.Мерекеге орай 28 тұрғын марапатталды. Олардың ішінде «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі иегерлері, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болған азаматтар бар.Жалпы, Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1059722?lang=kk
Ұлттық ұланда Конституция күні аталып өтті 30.08.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында еліміздің Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға офицерлер мен сержанттар, сондай-ақ ардагерлер қатысты.Іс-шара барысында жеке құрам Үлгілі-көрсетімді оркестрдің сүйемелдеуімен еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындады.Мерекеде Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков баяндама жасады.– Конституция – мемлекетіміздің іргетасы, Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың негізі. Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне аса маңызды әрі абыройлы міндет – конституциялық құрылымды қорғау, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жүктелген. Әсіресе, әскердің қалыптасуында елеулі үлес қосқан, тәжірибесін жас офицерлер мен сержанттарға үйретіп жүрген ардагерлерге алғыс білдіремін. Конституция күні қарсаңында барша әскери қызметшілерге мықты денсаулық, төзімділік, антқа адалдық және Отанымыздың өркендеуі жолындағы қызметте табыс тілеймін, – деп атап өтті А. Балтабеков.Мереке қарсаңында Ішкі істер министрінің және Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрықтарымен 400-ге жуық әскери қызметші марапатталды.Қызметтік міндетін адал атқарып, үздік нәтижелерге қол жеткізген ұландықтарға әскери атақтар, төсбелгілер мен құрмет грамоталары генерал-майор А. Балтабековтың қолынан табысталды.Салтанатты іс-шара Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. #КОНСТИТУЦИЯКҮНІ#ДЕНЬКОНСТИТУЦИИ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1059705?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-жылдық мерейтойы 30.08.2025
Астана — Қырық жыл бұрын емес, дәл 1995 жылғы 30 тамызда, Қазақстан азаматтары жаңа Конституцияға ұлттық референдум арқылы сенім білдірді. Бұл акт заңдық белес қана емес – ол заманауи мемлекет құрылымының туу куәлігі, ең басты құндылық адамның өзі, оның құқықтары мен қадір-қасиеті болатынына берілген уәде еді.Әлі жаңа тәуелсіздік алған ел үшін бұл қағидалар символдық тіркестер емес, басқарудың негізгі жобасы еді. Олар ішкі реформаларға негіз болды, заңнамалық даму жолын белгіледі және әлемге Қазақстан құқықтық мемлекеттер қатарында болуды көздейтінін көрсетті.Адамгершіл ережелерден өміршең кепілдіктерге дейінАдам құқықтарын конституциялық негізге айналдыру Кеңес дәуірінің басқару-әкімшілік қалпынан бас тартуды білдірді. Онжылдықтар бойы институттар күшейді, есеп беру механизмдері ашықтай түсті, халықаралық нормаларға берілуі сенімді болды.2022 жылғы референдум бұл бағытты дамытты: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) қызметі конституциялық мәртебе алды, құқық қорғаушы ұйымдардың фундаменталды заңға енген демократиялы елдер қатарына қосылды. Омбудсмен Артур Ластайев бұл өзгерісті демократиялық жетілгендік деп сипаттап, тергеу абақты орындарын бақылау, заңнамалық бастамалар енгізу сияқты жаңа өкілеттіктерді атап өтті — бұл қызмет шағым қабылдаушы қызмет болғандықтан жүйелі реформаның драйверіне айналды.Жылына шамамен 7 000 шағым келіп түседі, үй тұрмысы зорлығына қарсы заң — Омбудсменнің ұсынысымен қабылданған заңның айқын мысалы — құқықтық сананың артуын да, мемлекеттік қорғауға деген сенімділіктің ұлғаюын да көрсетеді.Құқық үстемдігі нақты іс-әрекеттеКонституцияның икемділігі мен шыдамдылығы – қоғамның тез өзгеретін қажеттіліктерімен бірге өсуінде. Олардың бірі – сот жүйесі. Бас сот төрағасы Әсләмбек Мерғалиев соттарсыз конституциялық құқықтардың мәні жоқ екенін, азаматтардың сенімі сотқа деген басты кепіл екенін атап өтті. Ашықтық ұраны: алдын ала тергеудің 80%‑нан астамы цифрландырылған, 90%‑дан астам тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары бар – бұл есеп берудің айқындылығын арттырады.Сонымен қатар, «Халық адвокаты» кампаниясы мен онлайн құқықтық қызметтер дәстүрлі құқық жүйесіне қолжетімділікті кеңейтті — Конституцияның уәделерінің күнделікті өмірде жүзеге асырылуының нақты көрінісі.Орталық Азиядағы конституциялық қозғалысҚазақстанның жолы жалғыз емес. Орталық Азияда конституциялар ашықтыққа, инклюзивтілікке және халықаралық стандарттарға сай өзгеруде. Өзбек эксперт Мирзатилло Тиллаббаев омбудсмен институттарын конституцияға енгізуді ортақ жетістік деп танығанымен, жаңа шекара — цифрлық дәуірдегі құқықтарды қорғау екенін атап өтті.Жасанды интеллект, ірі деректер және электронды басқарудың уәде мен қауіп екі жақты екенін, жаңа құқықтық ойлауды және аймақтық ынтымақтастықты қажет ететінін ескертті. Мұнда Қазақстанның цифрлық сот тәжірибесі үлгі бола алады, бірақ Конституция технология заңнан озып кеткен дәуірде құпиялықты, ұлылықты және қауіпсіздікті қорғау үшін одан әрі өзгеріп, бейімделуі қажет.Халықпен бірге дем алатын жарғыОтыз жылдан кейін Конституция қағаз жүзінде емес, қоғамдық санамен өмір сүріп келе жатқан тірі құжат болып қала береді — табанды да, бейімделгіш те. Оның беріктігі – мемлекетшілдік пен адамның қадірін қатар ұстануында, реформаларға бейімделумен тұрақтылықты сақтауда.Қазақстан цифрлық ғасырға кіріп бара жатқан кезде, ендігі міндет — Конституцияда қағазда емес, соттарда, абақты орындарында, цифрлық алаңдарда және күнделікті өмірде құқықтардың қалай жүзеге асатыны.Қазақстан Конституциясының 30 жылдығының өлшемі — қол жеткізген жетістіктер ғана емес, оның әлеуметтік үміттерді қаншалықты шынайы көрсетіп келе жатқанында. https://www.aldiplomasy.com/en/?p=40090Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1059706?lang=kk
Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі 30.08.2025
 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы сөзі өте мазмұнды әрі еліміздің құқықтық жүйесі мен саяси реформаларына қатысты маңызды ойларды қамтыған. Мемлекет басшысы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және конституциялық жүйенің дамуында Ата заңның ролін айрықша атап өтті. Оның сөзі арқылы Конституцияның тек заңды емес, ұлттың рухани және әлеуметтік тұтастығын сақтайтын құжат екенін тағы да ұқтық.Тоқаев Конституцияның алғашқы қабылданған күнінен бері елімізде орын алған өзгерістер мен реформаларды баяндап, халықтың саяси белсенділігін арттыруда, азаматтық қоғамның қатысуын күшейту жолындағы бастамаларын атап өтті. Ол өз сөзінде осыдан үш жыл бұрынғы Конституциялық реформаның саяси-құқықтық жүйені түбегейлі өзгертудегі маңыздылығын және сол реформаның нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа кезең басталғанын да тілге тиек етті.Конституцияның 30 жылдығына арналған бұл маңызды жиында айтылған сөздер еліміздің болашақта өркениетті, әділетті мемлекет ретінде дамуына бағытталған стратегиялық қадамдардың негізі болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету үшін осы өзгерістердің маңыздылығы зор.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті 30.08.2025
 Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшылар жылы» аясында еңбек адамына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және еңбек ұжымдарының рөлін арттыру мақсатында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары «KazFerroGroup» ЖШС кәсіпорнында іссапармен болды.Іс-шара барысында делегация мүшелері өндірістік үдерістермен, жаңа цехтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын тарапынан еңбеккерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары туралы толыққанды мәлімет алды. Кәсіпорын басшылығы қонақтарға компанияның құрылу тарихы, даму кезеңдері мен соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған бастамаларға кеңінен тоқталды.Атап айтқанда, жұмысшылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, медициналық қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру сынды бастамалар еңбек ұжымының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл шаралар еңбек өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, кадр тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізуде.ҚХА мүшелері өндірістік аймақты аралап, жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу соңында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан өндірісте үздік нәтиже көрсеткен бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.Бұл шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға және этносаралық татулықты нығайтуға өз үлесін қосатын маңызды бастама болып табылады.#ҚХА30жыл #30летАНК #30қайырымды_іс #Шымкент #Shymkent #конституция30жыл #атазаңға30жыл #АтаЗаңымАйбыным #ҚХА30жыл
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын ерекше акциямен атап өтті 30.08.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Ұлттық ұланның Құрмет қарауылы ротасы салтанатты акция ұйымдастырды. Ұландықтар Ата заңға және оның мемлекет болашағындағы маңызын айшықтау  мақсатында «30» санын бейнелеп сап түзеді.Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, Конституция – Қазақстан тәуелсіздігі мен дамуының берік тұғыры:– Әрбір әскери қызметші үшін Конституцияға адалдық – парыз ғана емес, үлкен абырой. Ұландықтар мерейтой құрметіне осындай көрініс ұйымдастырып, құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтарын және ел қауіпсіздігін қорғауға әрдайым дайын екенін көрсетті, – деді ол.Бұл бастаманы құқықтық тәртіп әскерінің өзге әскери бөлімдері де қолдады. Мәселен, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері де «30» санын бейнелеп сап түзеп, Ата заңға құрметін білдірді.Құрмет қарауылы ротасы – мемлекеттік салтанатты рәсімдер мен маңызды іс-шараларға дәстүрлі түрде қатысатын, тәртіп пен патриотизмнің айқын дәлелі. Бұл мерейлі күні әскери қызметшілер саптық шеберлікті ғана емес, мемлекеттік рәміздер мен құндылықтарға деген құрметтің биік үлгісін паш етті.Бұған дейін де ұландықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай  «80» санын бейнелеп сап түзеп, ерекше құрмет көрсеткен болатын.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы барша қазақстандықтарды Конституцияның 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, әр шаңыраққа бейбітшілік, тұрақтылық пен береке тілейді. #КОНСТИТУЦИЯКҮНІ#ДЕНЬКОНСТИТУЦИИ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1059665?lang=kk
Сеулде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті 30.08.2025
Сеул, 2025 жылғы 30 тамыз – Сеул қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстановтың корей студенттеріне арналған дәрісі өтті. Іс-шара HOBY Korea халықаралық жастар ұйымы-ның қолдауымен ұйымдастырылды.Елші өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің тәуелсіздігі, демократиясы мен орнықты дамуының берік құқықтық негізіне айналғанын атап өтті. Негізгі заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, елдің жаңғыруы мен реформаларға бағытталған стратегиялық бағытын айқындап, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі болып келеді.Қазақ дипломаты Қазақстан белсенді сыртқы саясат жүргізетін, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар мемлекетке айналғанын ерекше айтты. Орта держава ретінде Қазақстан Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір рөлін атқарып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық сахнадағы бастамаларын дәйекті түрде іске асыруда.Сонымен бірге, Елші қазіргі таңда кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қазақ-корей қатынастарына ерекше назар аударды. Ынтымақтастық ауқымы кең – саяси диалог пен экономикадан бастап ғылым, білім және мәдени алмасуға дейінгі салаларды қамтиды. Бүгінде Оңтүстік Кореяда 1200-ден астам қазақстандық студент білім алуда, сондай-ақ Сеул мен Пусаннан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына аптасына 20 тұрақты әуе рейсі орындалып, халықтарымыз арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуде.Дәріс халықаралық мектептердің студенттері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Олар Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі, АӨСШК, сондай-ақ жастардың мәдениетаралық диалогты нығайтудағы рөлі туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.Іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы сенім мен достық атмосферасын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналып, жастар арасындағы алмасулар мен өзара түсіністіктің жаңа мүмкіндіктерін ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1059661?lang=kk
САЙРАМ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 30.08.2025
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгінде Сайрам көшесінде жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Уәлиханов, Желтоқсан көшелері аралығында ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын біржақты аяқжол құрылысы толық аяқталды. Бүгінде көшенің қарсы бетінде де аяқжол салу жұмыстары қолға алынған.Сонымен қатар, Сайрам көшесінің Уәлиханов көшесінен Ақназар хан көшесіне дейінгі және ары қарай Қапал батыр көшесіне дейінгі бөлігінде ескі троллейбус тіректері алынып, заманауи үлгідегі көше жарықшамдарын орнату жұмыстары жүзеге асырылуда. Жалпы 162 бетон тірек демонтаждалып, олардың орнына екіжақты жарықтандыруды қамтамасыз ететін 324 жаңа бағана орнату жоспарланған.Қазіргі таңда Уәлиханов көшесінен Тәуке хан көшесіне дейінгі аралықта көше жарығы қосылып, пайдалануға берілді. Ал Тәуке хан көшесінен Ақназар хан көшесінің соңына дейінгі аумақта жұмыстар жалғасуда.Жоспарға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде толық аяқталады.
«Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған торжестволар Қостанай облысында өтті» 30.08.2025
2025 жылғы 29 тамызда Қостанай қаласында, «Жастар сарайы» жастар сарайында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Бұл — жыл сайын 30 тамызда аталып өтетін маңызды мемлекеттік-құқықтық дата.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның халықаралық аренада лайықты орын алып, бүкіл әлемнің құрметіне ие болғанын атап өтті. Бүгінде еліміздің экономикасы нығайып, жаңарып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашты, халықтың тұрмыс деңгейі айтарлықтай өсті. Қазақстан бейбітшілік пен келісім басты құндылыққа айналған, көпұлтты қоғамы бірліктің әрі өзара құрметтің үлгісіне айналған мемлекетке айналды.Салтанат барысында облыс әкімі еңбек сіңірген азаматтар мен қоғам өкілдеріне Құрмет грамоталарын табыстады. Марапатталғандардың қатарында мемлекеттік қызмет ардагерлері, әділет органдарының қызметкерлері, полиция, бұқаралық ақпарат құралдары мен ішкі аудит саласының өкілдері бар.Ресми бөлімнен кейін қонақтарға мерекелік концерт ұсынылды. Көрермендер Қостанай облысының шығармашылық ұжымдарының, оның ішінде филармония ансамбльдерінің, камералық орындаушылардың және балалар би студияларының өнерін тамашалады. Конституцияны «тұрақтылықтың, келісімнің және сенімді ілгерілеудің символы» ретінде дәріптеген әуендер орындалды.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданып, қазіргі мемлекеттіліктің іргетасы болып табылады. Оның мәтінінде адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтардың жынысына, ұлтына, дініне және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан теңдігі сияқты құндылықтар айқын бекітілген. Осы жылдар ішінде Негізгі заң бірнеше рет толықтырылып, жетілдірілді. 1995 жылғы алғашқы кезеңдерде талқылауға 3 миллионнан астам азамат қатысып, 55 бап бойынша 1100-ден астам ұсыныс енгізілген болатын.Аймақтарда да мерекелік іс-шаралар өтті. «Алтын дән» мәдениет үйінде «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты салтанатты жиын ұйымдастырылып, онда жергілікті тұрғындар мен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Арман ауласы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл аудандық деңгейдегі шара Қостанай облысының бүкіл өміріне оң ықпал ететін маңызды тұлғаларды қамтыды.Конституция күніне арналған жыл сайынғы салтанатты шаралар — елдің басты заңына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар өңірлік бірліктің, дамудың және азаматтардың еңбегіне деген құрметтің символы. Бұл мерекенің қорытындысы Конституцияның әлі де халықты біріктіріп, құқықтарды қорғап, Қостанай облысының жарқын болашағына сенімді негіз құрып отырғанын айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1059653?lang=kk
АКТ-білім беру саласында Кореямен ынтымақтастық нығаюда 30.08.2025
Сеул, 2025 жылғы 29 тамыз – Сеулде Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының білім беру секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, дипломаттар, журналистер, сондай-ақ Орталық Азияның бес елінің білім министрліктерінің өкілдері қатысты.Форумның ашылуында «Орталық Азия – Корея Республикасы» (ОАКР) ынтымақтастық форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гук 2020 жылдан бері мұндай дөңгелек үстелдердің жыл сайын өткізілетінін және АКТ мәселелерін жеке талқылау алаңына шығару маңыздылығын ерекше атап өтті. «Бүгін біз білім беру саласына назар аудардық, алайда болашақта талқылаулар ауыл шаруашылығы, көлік және денсаулық сақтау сияқты бағыттарды да қамтитын болады», – деді Ли Чон Гук.Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов өз сөзінде Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың білім беруді қоса алғанда, көптеген салаларда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұған екі ел көшбасшылары арасындағы тұрақты саяси диалог ықпал етуде. Атап айтқанда, 2025 жылғы 23 шілдеде Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён телефон арқылы сөйлесіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, қазақ дипломаты Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің өткен жылы Кореяға екі мәрте сапар жасағанын атап өтіп, бұл сапарлардың жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамытуға серпін бергенін айтты. Сонымен қатар, Елші АКТ мен жасанды интеллектіні дамыту ОАКР шеңберіндегі ынтымақтастықтың практикалық бағыты болып табылатынын атап өтті.Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Жасанды интеллект мектебінің ашылуы және Түркістан қаласында Woosong университетінің филиалының іске қосылуы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болатынын айтты.Қазақстан тарапынан Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Әсел Бөлекбаева баяндама жасап, білім беру саласында АКТ-ны дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы айтты. Ол жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударып, ұлттық AI-Sana бағдарламасын таныстырды. Әсел Бөлекбаева қазақстандық тараптың кореялық тараппен жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны дамыту бойынша ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, жасанды интеллектіні қолдана отырып инновациялық даму саласындағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1059645?lang=kk
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні 30.08.2025
2025 жылы алғашқы ядролық сынақ өткізілгеніне 80 жыл толады. Осы күні біз жеріміз бен халқымыздың өміріне зиян келтірген 2000-нан астам жарылысты еске аламыз.Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарары арқылы белгіленген бұл күн – зардап шеккендерді құрметтеу, Семей сынақ полигонының жабылуын және Қазақстанның әлемдегі төртінші ірі ядролық арсеналдан бас тартуын еске салатын күн. Бейбітшілікті таңдаған бұл тәуелсіз шешім әлі күнге дейін әлемге шабыт беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1059622?lang=kk
29 тамыз күні Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі – Ата заңым!» атты салтанатты шара өтті. 30.08.2025
Іс-шара Конституцияны кіргізіп, Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталды.Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылықтың, алға нық қадам басудың нышаны екенін атап өтті.Шара барысында туған өлкеміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан азаматтарға облыс және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.Мереке аудан өнерпаздарының концертімен жалғасын тапты. Залда бірлік пен мақтаныш рухы сезіліп, Ата Заңымыздың халқымызды біріктіретін басты құндылық екенін тағы да дәлелдеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1059632?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! 30.08.2025
Биыл біз еліміздің тарихындағы маңызды мерекені – Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Конституция тек құқықтық нормалардың жиынтығы ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның берік тірегіне, халықтың бірлігі мен келісімінің нышанына айналды.Осы отыз жыл ішінде ол мемлекеттік реформалардың бағытын айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, демократия мен экономиканың дамуына жол ашты. Конституцияның арқасында біз ұлтаралық келісімді сақтап, осы құндылықтарға сүйене отырып, сенімді түрде алға басып келеміз.Бүгінде ауданымыздың тұрғындары да елдің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Еңбектеріңізбен, бастамаларыңызбен және азаматтық белсенділіктеріңізбен сіздер мемлекетімізді нығайтып, жетістіктерін еселей түсуде, келер ұрпақ үшін жарқын болашақ қалыптастырудасыздар.Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік және келешекке деген сенім тілеймін. Конституция әрдайым бірлігіміздің берік тұғыры болып, Қазақстан – еңбегі бағаланатын, ортақ құндылықтары ардақталатын мүмкіндіктер елі бола берсін!    Аудан әкімі                                                                               Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1059633?lang=kk
Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! 30.08.2025
Бұл күн — жаңа үміттердің, тың ізденістер мен маңызды жетістіктердің бастауы. Бүгінгі ерекше құттықтауларымыз — мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге арналады. Сіздер үшін білім әлемінің есігі ашылды. Алда қуанышты сәттер мен қызықты ашылуларға толы үлкен жол күтіп тұр. Әрбір сабақ сіздерге шабыт сыйлап, мектеп достық пен жарқын жеңістердің мекеніне айналсын.Құрметті ұстаздар! Сіздер — білім шамын жаққан, жас ұрпаққа жол көрсететін асыл жандарсыздар. Балалардың қандай азамат болып қалыптасуы, қандай құндылықтарды бойына сіңіруі сіздердің еңбектеріңізге байланысты. Сіздер қоғамның болашақ іргетасын қалап отырсыздар. Бұл жауапты миссияны сіздер ата-аналармен бірге атқарасыздар. Отбасы мен мектептің бірлескен еңбегі ғана баланың қабілетін ашып, сенімін нығайтып, дербестікке алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді. Баланың жетістіктері мен қиындықтарына ата-ананың қамқорлығы — ұстаздардың үйдегі жалғасы.Сондықтан ұстаз, оқушы және ата-ана — біртұтас команда. Арадағы түсіністік пен ынтымақ оқыту нәтижесіне ғана емес, әр баланың тұлға ретінде үйлесімді дамуына ықпал етеді. Бұл — ауданымыздың да, тұтас еліміздің де жарқын болашағының кепілі.Жаңа оқу жылы баршаңызға шабыт, жетістіктер мен алға нық қадамдар әкелсін! Сіздерге мықты денсаулық, төзім, жігер және әр күніңізге қуаныш тілеймін.Аудан әкімі                                                                               Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1059634?lang=kk
Женевада Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн атап өтілді 30.08.2025
Женева, 2025 жылғы 29 тамыз - Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін ұйымымен бірлесіп және Маршалл аралдары Тұрақты өкілдігінің, сондай-ақ Базель бейбітшілік офисі, Дүниежүзілік болашақ кеңесі және Жастар бірлестігінің қолдауымен БҰҰ Ұлттар сарайында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған іс-шара өткізді.Жиылысқа дипломаттар, парламентшілер және азаматтық қоғам өкілдері қатысып, ядролық сынақтардың жойқын салдарын, ядролық қарудың адамгершілікке жатпайтын сипатын және жаһандық қарусыздану қажеттілігін талқылады. Спикерлер Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ), Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯҚТШ) және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ЯҚТШ) сияқты халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді қозғады.Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Е.Әлімбаев өз сөзінде 29 тамыз ядролық сынақтардың халықтың денсаулығы, қоршаған орта және мәдени мұраға гуманитарлық зардаптары туралы еске салатын ерекше күн екенін атап өтті. Қазақ дипломаты «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы мен Қазақстан халқының еркімен бастау алған Семей сынақ полигонының жабылуын 1996 жылы ЯСЖТШ-ның қабылдануына ықпал еткен маңызды кезең ретінде атап өтті. Елші Әлімбаев Қазақстанның ядролық қарусызданудағы көшбасшы ретіндегі рөлін атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін жаһандық ынтымақтастыққа үндеу салатынын атап өтті.Іс-шараға Женевадағы БҰҰ жанындағы Маршалл аралдарының Тұрақты өкілі Дорин ДеБрум; БҰҰ қарусыздану басқармасы Женева кеңсесінің басшысы Мелани Режимбал; Initiatives pour le Désarmement Nucléaire ұйымының президенті генерал Бернард Норлен және вице-президенті Марк Фино, сондай-ақ Парламентаралық одақтың жетекші сарапшысы Лоранс Марзал мен Жастар бірлестігінің үйлестірушісі Натия Ниношвили қатысты. Жиынды Парламентарийлер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін ұйымының жаһандық үйлестірушісі Алин Вар жүргізді.2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан мақұлдаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн ядролық сынақтардың жойқын салдары және ядролық қарусыз бейбітшілікке жету үшін оларды тоқтату қажеттілігі туралы жаһандық хабардарлықты арттыруға ықпал етеді. 2025 жылы бұл іс-шара Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардың 80-жылдығына орайластырылған қосымша маңызға ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1059638?lang=kk
Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады 29.08.2025
Бүгін Шымкент қаласында Конституция күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған «Ата Заңым – айбыным» атты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.Биыл еліміздің басты құжаты Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы тарихи белесті айшықтаған мерекелік кештің негізгі мақсаты да сол, ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру, Ата Заңның қоғамдағы маңызын насихаттау және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталды.Іс-шара Мемлекеттік Ту мен Конституцияны сахнаға алып шығу рәсімімен басталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Бұдан кейін көпшілік назарына арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.Жиында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституцияның ел дамуындағы орнына тоқталып, барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтады. – Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік діңгегі. Оның әрбір бабы халық игілігіне, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Отыз жылда Қазақстан түрлі сынақтан сүрінбей өтіп, қуатты мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің барлығы Конституция қағидаттарын бұлжытпай орындаудың, ел бірлігі мен ынтымағының жемісі десек болады. Біз Ата Заңымызды әрдайым қастерлеп, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек. Мерекелеріңіз құтты болсын!» деді шаһар басшысы.Бұдан кейін салтанатты жиында ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік медаль тағынды. Олардың арасында «№2 Қалалық аурухана» МКК хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Жолдасов, «Космодемьянская атындағы №23» мектеп-лицейінің мұғалімі Шекербек Шахабаев, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев бар. Сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры, 2-сыныпты заңгер Қуаныш Аманбаев, Қарулы Күштер Штаб бастығы 10216 әскери бөлімінің аға маманы Айсұлу Қалдыбекова, Шымкент қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Гүлмира Пернебаева, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының заңгері Руслан Шазадаев шаһар басшысының қолынан Алғыс хат алды. Мерекелік кеш ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары патриоттық рухтағы «Ата заң», «Атамекен», «Қазақ елі», «Жаңа Қазақстан» сынды әндерді тыңдап, «Дала даналығы», «Қазына», «Яссы» би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, «Көшпенділер», «Қыран бүркіт», «Алаш ұраны» сияқты ұлттық шығармалар көпшілік көңілінен шықты.Іс-шара соңында сахнаға Ықылас гүлі әкелініп, мерекелік кеш мәресі әдемі аяқталды. Осылайша, Конституциясының 30 жылдығына арналған концерттік бағдарлама қатысушыларға ұлттық рух сыйлап, маңызды құжаттың мән-мағынасын тағы бір ашып берді.
Конституция – тәуелсіздік тұғыры: Шымкентте мерекелік кеш өтті 29.08.2025
Бүгін Шымкентте Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті. «Қызғалдақ» сарайында өткен «Ата Заңым – Айбыным» шарасына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Биыл еліміздің басты құжаты Ата Заңымызға 30 жыл толып отыр.Тарихи датаға арналған мерекелік кештің басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, Негізгі Заңның қоғамдағы маңызын кеңінен насихаттау, ел бірлігін нығайту. Шара Мемлекеттік Ту мен Конституцияны сахнаға шығару рәсімімен басталып, одан кейін Мемлекеттік Әнұран шырқалды, содан кейін жиналғандар арнайы дайындалған бейнероликті тамашалады. Жиында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ата Заңның ел дамуындағы рөліне тоқталып, барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтады. «Негізгі заң – тәуелсіздігіміздің іргетасы, мемлекетіміздің берік өзегі. Оның әрбір бабы халық игілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Отыз жыл ішінде Қазақстан түрлі сынақтардан абыроймен өтіп, қуатты мемлекетке айналды. Осы жетістіктердің барлығы – Конституцияны қатаң ұстанудың, әрқашанда халық бірлігі мен ынтымақтастығы қағидаттарының жемісі. Негізгі Заңымызды қастерлеп, келер ұрпаққа жеткізейік! - деді қала басшысы. Одан кейін салтанатты жиында еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік медальдармен марапатталды. Олардың қатарында «No2 қалалық аурухана» мемлекеттік мекемесінің хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Жолдасов, З.Космодемьянская атындағы No23 мектеп-лицейінің мұғалімі Шекербек Шахабаев, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаты Талғатбаев, қалалық мәслихаттың депутаты Талғатбаев. Қаратау ауданының Досалы Амангелдиев, «АМАНАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдықожаев. Сондай-ақ, қала басшысының атынан Алғыс хаттарды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қалалық департаментінің департамент прокуроры, 2-сыныпты заңгер Қуаныш Аманбаев, Қарулы Күштер Бас штабының аға маманы, №12 әскери бөлім бастығы Қалбеков А., экономика бөлімінің бастығы А. Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметкері Гүлмира Пернебаева, №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының заңгері Руслан Шазадаев. Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Қала тұрғындары мен қонақтары «Ата заң», «Атамекен», «Қазақ елі», «Жаңа Қазақстан» патриоттық әндерін шырқап, «Дала даналығы», «Қазына», «Яссы» би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. «Көшпенділер», «Қыран бүркіт», «Алаш ұраны» ұлттық туындылары да көрерменнің көңілінен шықты. Шара соңында сахнаға «Ықылас» гүлі шығарылып, мерекелік кеш әдемі аяқталды.
Атом энергетикасындағы Қазақстан-Финляндия ынтымақтастығының жаңа кезеңі 29.08.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 29 тамыз –  Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің делегациясы Финляндияға жұмыс сапарымен келді.Бағдарлама аясында Агенттік өкілдері «Олкилуото» Атом электр станциясына барып, энергия блоктарын пайдалану тәжірибесімен, заманауи қауіпсіздік технологияларымен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу тәжірибесімен танысты. Реакторлар жұмысының сенімділігі мен радиациялық қорғау жүйелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Финляндияның радиациялық және ядролық қауіпсіздік орталығының (STUK) Бас директоры Петтери Тииппанамен кездесу өтті.Әңгімелесу барысында ядролық объектілерді нормативтік реттеу және қадағалау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ елдер арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Финляндияның әріптестікті нығайтуға және өзара іс-қимылды кеңейтуге, оның ішінде атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік мәдениетін дамыту және халықаралық стандарттарды енгізу бөлігінде ұмтылысы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1059564?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтуде 29.08.2025
Астана, 2025 жылғы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ядролық сынақтарға жаһандық тыйым салу, ядролық қарусыздану, ядролық қарусыз аймақтар және ядролық қарусыз елдер үшін қауіпсіздік кепілдіктері тақырыбы бойынша отырыс өтті.Іс-шара ядролық қарудан азат аймақтар хатшылықтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдерінің, сондай-ақ ядролық қарусыз аймақтарға мүше мемлекеттер елшілерінің қатысуымен телекөпір форматында өтті. Кездесуге байқаушы ретінде «ядролық бестік» (P5) мемлекеттері – Ұлыбритания, ҚХР, РФ, АҚШ және Франция өкілдері қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Изуми Накамицудың және Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу агенттігінің (ОПАНАЛ) басшысы Флавио Бонзанинидің бейне хабарламаларын тыңдады.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин өз сөзінде Семей шартын қоса алғанда барлық ядролық мемлекеттер толық ратификацияламаған ядролық қарусыз аймақтарға қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері туралы хаттамалардың күшіне ену рәсімдерін тезірек аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар ядролық қарусыз әлемге және жаһандық қауіпсіздікке қол жеткізудің маңызды шарты ретінде ядролық қарусыз аймақтардың мәртебесін нығайтуға қатысты пікірлерімен бөлісті.БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын 29 тамызда (Семей полигоны жабылған күні) Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтеді. Естелік іс-шаралар Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де, көпжақты дипломатияның (Нью-Йорк, Вена, Женева) негізгі орталықтарын қоса алғанда басқа елдерде де өтеді.Қазіргі уақытта ядролық қарусыз аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік Шығыс Азияда, Тынық мұхиты аймағында және Орталық Азияда құрылған. Моңғолия – бірегей ядролық қарусыз мәртебесі бар әлемдегі жалғыз ел. Аталған әрбір аймақтың негізгі элементтері – қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері туралы хаттамалар, оларға сәйкес «ядролық бестік» мүшелері ядролық қаруды қолданбауға және/немесе оны аймақ мүшелеріне қатысты қолданамыз деп қорқытпауға міндеттенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1060709?lang=kk