Қоғам
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр. 31.01.2026
⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді.Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» жөніндегі тұжырым жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы тұжырыммен бірдей болып табылады және қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.Қосымша атап өтеміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аталған нормалар өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растады. Бұдан бөлек, егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелеріне қатысты ережелер қорытынды және өтпелі қағидаларда қамтылған болса, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген. Бұл мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының өзгермейтіндігіне берілетін құқықтық кепілдіктерді едәуір күшейтеді.2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабы:2-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.6-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың күшін жою туралы мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ және азаматтарды жаңылыстырады.‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады және азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеруге, сондай-ақ деструктивті және манипуляциялық түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: КЕШЕНДІ РЕФОРМАНЫҢ БАСТАУЫ 31.01.2026
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңартылған Ата Заңының жобасын көпшілік назарына ұсынды. Бұл құжат – азаматтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар тарапынан түскен ұсыныстарды жүйелі түрде саралаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың және құқықтық нормаларды жан-жақты пысықтаудың нәтижесі.Ұсынылып отырған конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған бастамасынан туындады. Президент бір палаталы Парламентке көшу идеясын 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтеріп, бұл қадамды жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беретін маңызды шешім ретінде атап өткен болатын.Осы бастаманы іске асыру мақсатында 2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Жұмыс тобына жетекші құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енді.Сонымен қатар, талқылау процесіне қарапайым азаматтар да белсенді түрде қатысты. e-Otinish және eGov порталдары арқылы ұсыныстар жолданып, алты айға жуық уақыт ішінде екі мыңнан астам бастама қаралды. Барлық ұсыныстар жүйеленіп, жан-жақты талдаудан өтті.2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстың қорытындысын жасап, алдағы конституциялық өзгерістерге қатысты өз ұстанымын білдірді. Президент бастапқыда Конституцияның шамамен 40 бабына түзетулер енгізу жоспарланғанын, алайда талқылаулар барысында өзгерістер ауқымының едәуір кеңейгенін атап өтті.2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестер мен ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері кірді. Барлығы 130 адамнан тұратын комиссия елдің барлық аймақтары мен әлеуметтік топтарын қамтыды.Комиссияға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Оның орынбасарлары ретінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекітілді.Комиссия отырыстары ашық форматта өтіп, тікелей эфирде көрсетілді. Жұмыс барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық белсенділер мен сарапшылар өз пікірлерін ашық білдірді.Нәтижесінде Конституцияның барлық бөлімдерін қамтитын, 77 бапқа өзгеріс енгізуді көздейтін түзетулер әзірленді. Бұл жалпы мәтіннің 80 пайыздан астамын қамтитын ауқымды жаңғырту екенін көрсетеді.Жаңа Конституция тұжырымдамасы мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, қоғамға тән негізгі құндылықтарды айқындауға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңартылған Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде алғаш рет нақты белгіленді. Бірлік, ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттіліктің негізі ретінде танылды.Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, экологиялық жауапкершілік қағидаттары Конституция деңгейінде бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі екені айқындалды.Жаңа Ата Заңның негізгі идеяларының бірі – білім, ғылым, мәдениет және инновацияға басымдық беру. Бұл Қазақстанның болашағы табиғи ресурстарға емес, адами капиталға негізделетінін көрсетеді. Сондай-ақ, цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.Мемлекет пен діннің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты белгіленді. Неке ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде анықталып, дәстүрлі отбасылық құндылықтар құқықтық тұрғыдан қорғалды.Жобада бір палаталы, 145 депутаттан тұратын Парламент – Құрылтай құру көзделген. Ол пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталып, кеңейтілген өкілеттіктерге ие болады. Сонымен қатар, Қазақстанның Халық Кеңесі атты жаңа жалпыұлттық диалог алаңы құрылмақ.Вице-президент институтын енгізу, адвокатура туралы арнайы баптың қабылдануы, зияткерлік меншік құқығын қорғау, «Миранда ережесінің» бекітілуі және құқықтық терминологияны жаңарту да маңызды жаңалықтардың қатарында.Жалпы, жаңа Конституция жобасы Қазақстанның қалыптасқан мемлекеттілігін сақтай отырып, болашаққа бағытталған жаңғыруды көздейді. Құжат бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайды. Ұсыныстарды қабылдау әлі де жалғасуда, ал Конституциялық комиссияның жұмысы тоқтаған жоқ.
Елші Б.Атамқұлов Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда Министрі Л.Кудратовпен кездесті 31.01.2026
Ташкент, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л.Кудратовпен кездесуі өтті.Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған өткен мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және қабылданған тапсырмаларды орындау жоспарларын атап өтті.Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесіне, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейлердегі байланыстарға, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктерінің жоспарланған отырыстарына ерекшеназар аударылды, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын мониторингтеуге баса мән берілді.Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде елдер арасындағы өзара сауданың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық пен өзара инвестицияларды ынталандыру жөніндегі практикалық шараларды талқылады.2030 жылға қарай екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі Бірлескен бағдарламаның орындалу барысы жеке қаралды, оның ішінде нақты жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық байланыстарды қолдау тетіктері қамтылды. Осы тұрғыда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын дамыту мәселелері, сондай-ақ өзара сауданы ілгерілетудің негізгі құралдарының бірі ретінде «UzKazTrade» бірлескен сауда компаниясының қызметі талқыланды.Тараптар сондай-ақ өнімнің сәйкестігін бағалауды өзара тану мәселелері бойынша пікір алмасты, тауар айналымын одан әрі ұлғайту мақсатында техникалық кедергілерді жою мен реттеуші тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.Анықтама үшін: Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысында тауар айналымы 4,97 млрд АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 3,43 млрд АҚШ долларын, импорт 1,54 млрд АҚШ долларын құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы шамамен 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, 2024 жылы шамамен 4,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті.Кездесу аясында Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1152092?lang=kk
Жасөспірімдердің қауіпсіздігі күн тәртібінде 31.01.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы Нұрболат Қасымханов 2025 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестер мен білім беру ұйымдарындағы ахуал жөнінде баяндама жасады.Екінші мәселе аясында аудандық аурухананың ана мен бала жөніндегі бас дәрігер орынбасары Парида Сарыбаева балаларды скринингтік тексерулермен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім беру ұйымдарындағы профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.Үшінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллинг, суицидтік мінез-құлықтың жай-күйін зерделеу және әлеуметтік зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта тиісті сала басшылары өз баяндамаларын ұсынды.Төртінші және бесінші мәселелер оқушылар мен отбасылардың жағдайына қатысты қаралды. Атап айтқанда №183 орта мектебінің директоры Гүлнара Әшірова құқық бұзушылыққа жол берген оқушылардың тәртібіне байланысты, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы жөнінде баяндама жасады.Жиын барысында комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Отырысты қорытындылаған Диас Молдабаев кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1152094?lang=kk
Ел сенімін арқалаған еңбек иесіне құрмет көрсетілді 31.01.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», саяси ғылымдарының кандидаты, білім беру саласы мен мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Басшыбаев Мусахан Айтбайұлының 70 жасқа толуына арналған салтанатты қабылдау өтті.Іс-шара барысында аудан басшысы мерейтой иесінің ел дамуына, қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.-Мусахан Айтбайұлы өзінің еңбек жолын ұстаздықтан бастап, аудандық және облыстық білім саласында, мемлекеттік қызметтің түрлі жауапты лауазымдарында абыройлы қызмет атқарған. Жаңажол ауылындағы мектеп директоры, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратында сарапшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның мол тәжірибесі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және жас кадрларды тәрбиелеуге зор үлес қосты,- деді Жандос Еркінбек.Салтанатты қабылдауда мерейтой иесіне ауданымыздың жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды.Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шегебай Құндақбаев, білім саласының ардагері Дәмелі Жалғасбаева құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.Шара соңында мерейтой иесі Мусахан Айтбайұлы сөз алып, көрсетілген құрмет пен жылы лебіздер үшін өз алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1152096?lang=kk
Серік Жұманғарин 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің алғашқы отырысын ашты 31.01.2026
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті.Қазақстан Президенті мемлекет басшыларына жолдаған үндеуінде ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады. 2026 жылы экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект құралдарын енгізуге, Одақтың логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудару ұсынылады, — деді ол.Сонымен қатар ортақ процестерді толық көлемде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда бекітілген 77 ортақ процестің тек 42-сі ғана нақты жүзеге асырылған. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өзара интеграцияланбай, Одақ ішінде тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету қиын.Басым бағыттардың бірі ретінде «кедергісіз» транзит аталды. Бұл навигациялық пломбаларды кең көлемде қолдануды, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізуді және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің біріздендірілген тетіктерін пайдалануды көздейді. Аталған шаралар тасымалдың жылдамдығы мен құнына тікелей әсер етеді.Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қатысуымен бес кооперациялық жоба мақұлданған. Негізгі міндет – кооперация қоржынын кеңейту, бірлескен өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және локализациялау деңгейін арттыру.Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында үшінші елдермен сауда келісімдерін кезең-кезеңімен ілгерілету ұсынылды. Бұл келісімдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін тұрақты өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1152070?lang=kk
Шикі қантты, мыс шикізатын бажсыз әкелу мен АӨК саласындағы кооперациялық жобалар 31.01.2026
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасы үшін бірқатар маңызды шешім қабылданды.Атап айтқанда, Қазақстанға 2026 жылдың соңына дейін 100 мың тоннаға дейінгі көлемде шикі қант импортына кедендік әкелу бажын нөлдеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара қазақстандық қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етуге және ішкі нарықта бағасы қолжетімді қант өндіруге бағытталған.Қазіргі уақытта Қазақстандағы қанттың негізгі көлемі қамыс шикізатынан өндіріледі. Бұл ретте қант саласын дамытудың кешенді жоспары шеңберінде қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттарды қосқанда, өндірісті кезең-кезеңімен әртараптандыру көзделген. Осы процестің ұзақтығын ескере отырып, қамыс шикізатын импорттау саланың тұрақты жұмысының қажетті шарты болмақ.Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанға мыс және мыс цементтеу штейні импортының 2,5 мың тоннаға дейінгі жиынтық көлемі кедендік әкелу бажынан босатылады. Шешім шикізат сатып алу шығынын оңтайландыру мен дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен түсті металлургия кәсіпорындарын қолдау мақсатында қабылданған.Қазақстанда цементтеу мысын “Казцинк” ЖШС өндіреді. Ол осы өнімнің әрі өндірушісі әрі тұтынушысы. Кәсіпорынның мыс және мыс цементтеу штейніне жылдық қажеттілігі шамамен 1,8 мың тонна. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін нөлдеу фискалдық жүктемені азайту, шығынды азайту есебінен шикізатты сатып алу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа да елдеріне әкелінетін, тоқыма материалдарын, былғарыны, жүнді және химия өнеркәсібінің басқа да материалдарын өңдеуге арналған бірқатар тауарға кедендік әкелу бажын үш жыл мерзімге нөлдеу туралы шешім қабылданды.Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінде 2026 жылғы 15 мамырға дейін Қазақстанға шие (500 тонна), өрік (3 мың тонна), шие (1,5 мың тонна), қара өрік (1,5 мың тонна) әкелуді кедендік баждан босату келісілді.ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге уағдаласты. Мұндай мүмкіндікке ЕАЭО құқығына қажетті түзету енгізілгеннен кейін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1152075?lang=kk
1:72 масштабтағы шағын әскер: Қарағанды гарнизонының сарбаздары тарихтағы ұлы шайқастарды қайта жандандыруда 31.01.2026
Біреулер бос уақытын әлеуметтік желілерді ақтарумен өткізсе, Қарағанды гарнизонындағы 44803 әскери бөлімінің сарбаздары тура мағынасында тарихты өз қолдарымен жасап жүр. Жауынгерлік дайындық сабақтарының арасындағы үзілістерде олар әлемдік және отандық әскери тарихтағы маңызды шайқастар мен аңызға айналған тұлғаларға арналған ауқымды диорамалар құрастыруды әдетке айналдырған.Бұл шығармашылық жоба дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бақтияровтың бастамасымен қолға алынған. Офицердің әскери модельдеуге деген қызығушылығы әскери академияда оқып жүрген жылдары пайда болған. Уақыт өте келе ақиқатқа айналды.Алғашқы бірлескен жұмыс 2021 жылы жасалған «Курск шайқасы» диорамасы болды. Бүгінде топтамада Орбұлақ шайқасы, Бородино шайқасы, Мәскеу мен Сталинград түбіндегі ұрыстар, Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған композициялар, сондай-ақ Вьетнам және Ауғанстан соғыстарына арналған диорамалар бар.Ең ауқымды жұмыстардың бірі - «Бородино шайқасы». Онда 300-ге жуық жауынгер мүсіні және сонша ат бейнеленген. Әр диорамаға бір шақырылымнан шамамен он әскери қызметші атсалысады. Оның ішінде суретшілік қабілеті бар сарбаздар жобаны ерекше ықыласпен қолдау көрсетуде.Жер бедерін бейнелеу үшін пенопласт, құм, тас, саз балшық, ағаш бұтақтары мен шөп секілді түрлі қолда бар материалдар пайдаланылады. Фон тарихи фотосуреттермен толықтырылады. Ал бір композицияны жасауға архивтер мен кинохроникаларды зерттеуден бастап, соңғы макетке дейін орта есеппен екі ай уақыт кетеді.Дайын диорамалар мектептер мен колледждерде таныстырылып, әскери бөлімде өтетін ашық есік күндері қонақтарға көрсетіледі. Қазіргі таңда майор Бақтияров ғұндардың көсемі Аттилаға арналған жаңа диорама жасауға дайындық үстінде.Бұл жоба бірлескен шығармашылық пен әскери тарихқа деген терең қызығушылық арқылы жас әскери қызметшілердің бойында патриотизмді, жауапкершілік сезімін және батыр бабалардың ерлігіне деген құрметті қалыптастыратынын айқын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1152068?lang=kk
«Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі «World dance.kz» халықаралық байқауында 31.01.2026
6 желтоқсан күні Көкшетау қаласында өткен «World dance.kz» халықаралық байқауы бір сахнада қырыққа жуық талантты қатысушыны жинады. Күн бойы шығармашылық шабытқа толы ерекше атмосфера орнап, жас өнерпаздардың әрбір өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Байқаудың ерекше мақтанышына айналған «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі өз ісіне деген сүйіспеншілігін, жоғары шеберлігі мен артистизмін тағы бір мәрте дәлелдеді.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша ансамбль 1-орынға ие болып, оның солистері мен топтары төмендегідей жүлделерге қол жеткізді:• Дюсембек Айша — Бас жүлде• Нұрпейіс Аяулым — 1 орын• Койбагарова Адема — 2 орын• Байгозина Айым — 2 орын• Нуралина Айзере — 2 орын• Жақай Аяулым — 2 орын• Ансамбль квинтеті — 1 орын• Ансамбль триосы — 1 орынАнсамбль жетекшісі Айымгүл Хасенова алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды.Барлық қатысушыларды және «Балдәурен» ансамблінің жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа жетістіктер сіздерді биік армандарға, жарқын өнер жолына және үлкен жеңістерге бастасын! Жас өнерпаздарға сарқылмас энергия, шабыт және шығармашылық даму тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1152758?lang=kk
Биржалық саудада клирингтік тетікті қолдану туралы 31.01.2026
Бұқаралық ақпарат құралдарында биржалық сауда кезінде клирингтік тетіктің қолданылуы туралы ақпараттың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі төмендегіні хабарлайды. Клиринг қызметі Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген және тауар биржалары жұмыс істеген бүкіл кезең бойы биржалық есеп айырысу жүйесінің міндетті элементі болды. «Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес тауар биржасының клирингтік орталығы биржалық мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады, оның ішінде жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жинау және өңдеу, олардың шарттарын есепке алу және растау, тараптардың міндеттемелерін айқындау және олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру кіреді. Клирингтік тетікті қолдану биржалық мәміле бойынша міндеттемелердің сатып алушы тарапынан тауардың уақтылы және толық төленуі бөлігінде, сондай-ақ сатушы тарапынан тауардың тиісті және расталған жеткізілуі бөлігінде кепілді түрде орындалуын қамтамасыз етеді, бұл ұйымдастырылған тауар нарығының ашық әрі орнықты жұмыс істеуінің міндетті шарты болып саналады. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған биржалық сауда мәселелері жөніндегі Заңның нормалары күшіне енді. Аталған нормалар клирингтік қызмет үшін толыққанды реттеушілік режимді, оның ішінде клирингтік ұйымдарды міндетті лицензиялауды, монополияға қарсы орган тарапынан мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ клирингтік ұйымдарды қаржылық мониторинг субъектілеріне жатқызу талаптарын және Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан бақылауды көздейді. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Биржалық сауда қағидаларының 75-1-тармағы 2024 жылғы 30 желтоқсандағы биржалық сауда мәселелері жөніндегі Заңның ережелеріне сәйкестендіру мақсатында қабылданған және клирингтік қызметке қойылатын жаңартылған реттеушілік талаптарды ескере отырып, биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу тәртібін нақтылауға, ұйымдастырылған тауар нарығының ашықтығын арттыруға, ақша ағындарын бақылауға және биржалық міндеттемелердің кепілді түрде орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуда клирингтік тетікті қолдану 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа немесе қосымша талап болып табылмайды. «Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес биржалық саудаға қатысушылардың ақшалай қаражаты клирингтік орталықта бөлек есепке алынады, жеке банктік шоттарда сақталады және тек нақты биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу үшін ғана пайдаланылады, бұл ақшалай қаражат қозғалысының ашықтығын және олардың нысаналы сипатын қамтамасыз етеді. Міндетті шарттардың бірі – клирингтік орталықтың жасалған биржалық мәміле бойынша төлем фактісін растауы болып табылады, бұл сатып алушы тарапынан міндеттемелердің орындалуын және мәміле бойынша есеп айырысудың аяқталуын нақты тіркеуге мүмкіндік береді. Аталған тәсіл нарық қатысушылары үшін артық қаржылық жүктеме туындатпай, биржалық міндеттемелердің нақты орындалуына және сауда операцияларының ашықтығына клирингтік бақылау қалыптастырады. Анықтама үшін: сатып алушыдан төлем тапсырмасы (ақшалай қаражат) түскен кезде клирингтік орталық ішкі регламентке сәйкес оларды сатушының пайдасына аударады және есепке алу жүйелерінде есеп айырысудың аяқталғаны мен биржалық мәміленің орындалу фактісін тіркейді. Осыған байланысты клирингтік қызметтің қолданыстағы тетігі тек жасалып қойған биржалық мәміле бойынша есеп айырысу тәртібін реттейді және тараптардың төлемді жүзеге асыруы мен міндеттемелерді орындау фактісін растауға бағытталған, өйткені клирингтік есеп айырысулар тауар бағасының қалыптасуына ықпал етпейді және мәміленің экономикалық шарттарын өзгертпейді. Клирингтік орталық баға белгілеуге қатыспайды, тауарға тарифтер белгілемейді және сауда маржасын қалыптастырмайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының тауар биржалары қызметін реттеу саласындағы заңнамасында биржалық саудаға қатысушылардың ақшалай қаражатын белгісіз мерзімге ұстап қалу немесе депонирлеу, сондай-ақ оларды биржалық есеп айырысулардан тыс пайдалану көзделмеген. Сонымен бірге айналым қаражатын бұғаттау , бағаның күрт өсуіне негіздердің бар екені немесе өндірушілер үшін қосымша қаржылық кедергілердің жасалуы туралы мәлімдемелер заңнамаға да, биржалық есеп айырысуларды жүзеге асырудың нақты тәртібіне де сәйкес келмейді. Қосымша түрде, Биржалық сауда қағидаларының 75-1-тармағын әртүрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі аталған норманың мәні мен реттеушілік мақсатын өзгертпей, оның редакциясын нақтылауды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеп, уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1151694?lang=kk
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қала аумағындағы қаңғыбас ит пен мысықтарды аулауға қатысты тұрғындардан өтініш қабылдайды. 31.01.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қарасты«Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қала аумағындағы қаңғыбас ит пен мысықтарды аулауға қатысты тұрғындардан өтініш қабылдайды.Қаңғыбас жануарлар мәселесі бойынша қала тұрғындары төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласып, өтініш қалдыра алады:📞 77-89-29📞 77-89-39Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-ветеринариялық талаптарды сақтау мақсатында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1151753?lang=kk
Қазақстан Орталық Азия ядролық қарусыз аймағына төрағалық ететін болады 31.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (ОАЯҚАА) қатысушы мемлекеттердің жыл сайынғы консультативтік кездесуіне қатысты.Кездесу барысында 2026 жылға арналған шарт аясындағы төрағалық функциялары Қазақстанға ресми түрде тапсырылды. Сонымен қатар, тараптар БҰҰ аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруді қоса алғанда, 2025 жылғы бірлескен жұмыс пен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылады.Қазақстан делегациясы төраға ретінде биылғы жылдың мерейлі екенін – Семей қаласында қол қойылғаннан бері 20 жыл (2006 ж.) толып отырғанына тоқтала келе, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) пен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың (ЯҚТСШ) Шолу конференцияларын қоса алғанда, қарусыздану және таратпау саласындағы негізгі алаңдарда тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.2026 жыл барысында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.ОАЯҚАА туралы шартқа («Семей шарты») Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан 2006 жылғы 8 қыркүйекте Семей қаласында қол қойып, барлық бес тарап ратификациялағаннан кейін 2009 жылғы 21 наурызда күшіне енді.Семей шартының бірқатар бірегей ерекшеліктері бар: ол бір кездері ядролық қаруды белсенді орналастыру және сынау үшін полигон болған және әскери мақсатта уран қарқынды өндірілген аймақта Солтүстік жарты шарда ядролық қарусыз бірінші аймақты құрды. Сонымен қатар басқа ұқсас аймақтардың ішінде ОАЯҚАА екі ядролық державамен бірден ең ұзын құрлық шекарасының болуымен ерекшеленеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1160245?lang=kk
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясында «Ашық есік» күні өтуде 31.01.2026
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясында «Ашық есік» күні өтудеБүгін Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты - азаматтардың сайлау және сайлану құқығы туралы ақпараттандыру, сайлау арқылы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар мәселелерді басқаруға сайлаушылардың қызығушылығын арттыру, дауыс беруге саналы түрде қатысуға жағдай жасау, сондай-ақ сайлаушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.Шара барысында келушілерге жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күні туралы, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысу тәртібі, тең, жалпыға бірдей және төте сайлау құқығы, сондай-ақ сайлауға еркін және ерікті қатысу қағидаттары жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1151785?lang=kk
Тіл жанашары Қаратай Төлекеевпен кездесу 31.01.2026
2025 жылдың 24 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде мәдениет саласының ардагері, тіл жанашыры Қаратай Төлекеевпен «Тіл, тәрбие, тағлым» деп аталатын кездесу кеш болып өтті. Қаратай Бәйкенұлы көп жылдар мектепте ұстаздық етіп, ел арасында халық шығармашылығын дамытуға үлкен үлес қосқан өнерпаз. Балаларға арналған әңгімелер мен ертегілердің авторы. Бүгінде зейнет демалысында. Кейінгі жылдары сурет өнеріне қызығушылығы оянып, қылқаламды серік етіп жүр. Әуесқой суретшінің отызға тарта суретінен көрме құрылып, туындыларының каталогы жасалды. Осы кештің барысында аталған каталогтың тұсауы кесіліп, көпшілікке ұсынылды. Іс-шарада Қаратай Бәйкенұлымен замандас әнші-жыршылар кезекпен өнер көрсетіп, көптің көңілінен шықты. Кенжебай Мұқышев, Қайрат Бешімов, Сабыржан Мәкенов әуелетіп ән салса, ақын Алмас Темірбай жырдан шашу шашты. Кеш соңында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Талпақова мен мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Қуаныш Қайыргелдіұлы сөз алып, Қаратай Бәйкенұлына шығармашылық табыс тілеп, сый-сияпат жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1151803?lang=kk
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мысал оқушылар байқауы 31.01.2026
4 желтоқсан 2025 жылы Әдебиет пен өнер музейінде қала мектептерінің оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мысал өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ әліпбиінің авторы, түркітанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулу.Өтінім берген оқушылардың ішінен қазылар алқасы сегіз үміткерді ғана іріктеп алды. Жарыстың негізгі кезеңіне шыққан сегіз бүлдіршін өнері мен білімін ортаға салып, көпшілік көрерменді тәнті етті. Тіл тазалығын сақтаған, дауыс ырғағын дұрыс қойған, әртістік қабілетін көрсете білген сайыскерлер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады. Құрамында тіл жанашыры, мәденет саласының ардагері Қаратай Төлекеев, ақын, жазушы Манарбек Қыдырбай, музей директоры Нұрбек Нұралы сынды қаламгерлер бар қазылар алқасы байқау нәтижесін қорытындылай келе төмендегідей шешім қабылдады: Үшінші орынды Оразалы Асылым мен Бекнұр Жолданғар иеленді. Жүлделі екінші орын Ерсін Мединаға бұйырды. Сайыстың жеңімпазы болып Көкшетау қаласы №1 мектептің 6-шы сынып оқушысы Серік Инабат танылды. Іс-шара соңында қазылар алқасының төрағасы Қаратай Бәйкенұлы жас өрендерге алғыс айта келе, оқуда озат болуға тілектестік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1151819?lang=kk
"Көкшесін асқақтатқан Кәрім еді..." атты кітаптың тұсаукесері 31.01.2026
2025 жылдың 18 желтоқсанында Әдебиет және өнер музейінде журналист, әнші-сазгер, өнертанушы, ұстаз Кәрім Ілиястегінің өмірі мен шығармашылығына арналған "Көкшесін асқақтатқан Кәрім еді..." атты кітаптың тұсаукесері өтті. Музейдің жинақтау жұмыстары нәтижесінде жарық көрген кітапта Кәрім Есмағұлұлының әр жылдары баспа беттерінде жарық көрген мақалалары мен көркем туындылары, ән мәтіндері мен ноталары басылған. Сонымен қатар, өнерпаздың шығармашылығы мен өмір жолына, азаматтық тұлғасына арналған естелік мақалар, очерктер жинақталды. Тұсаукесер рәсімінде сөз алған жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, әдебиетші ғалым Сәбит Жәмбек Кәрім Ілиястегінің адамдық, азаматтық келбетін, журналистік қарым-қабілетін әңгімелей келе, сазгерлік қырын да ерекше атап өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова Кәрім Есмағұлұлының «Көкшетау – Сарыарқаның раушан гүлі» әнін тамылжыта орындап, көпшілікті тәнті етті. Ақмола облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина Бейсенбаева музей ұжымының еңбегін жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі. Кеш соңында Кәрім Ілиястегінің ұрпақтары мен туыстары жиылған көпшілікке ризашылығын айтып, музей басшылығына алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1151867?lang=kk
Сұрақ-жауап 31.01.2026
Сұрақ: 2026 жылы жеке тұлғалар үшін ЖТС-тан қандай негізгі өзгерістер қарастырылған. Шегерім 30 АЕК дейін ұлғайтылды деген рас па?Жауап: 2026 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығына (ЖТС) салық салу тәртібінде бірқатар өзгерістер көзделген.Зейнетақы төлемдерін ЖТС-тан босатуЗейнетақы төлемдерін, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерін ЖТС салудан босату көзделген.Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімін ұлғайтуЖалақыдан ЖТС есептеу кезінде, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын ЖК-ның, егер жеке тұлғаның I немесе II топтағы мүгедектігі болса, әлеуметтік салық шегерімі қолданылады. 2025 жылы шегерім мөлшері 882 еселенген АЕК (3 468 024 теңге) құрады. 2026 жылдан бастап мөлшері 5 000 еселенген АЕК-ке (21 625 000 теңге) дейін ұлғайтылды.Стандартты салық шегерімін ұлғайту2025 жылы жалақыдан ЖТС есептеу кезінде айына 14 АЕК (55 048 теңге) мөлшерінде стандартты шегерім қолданылды. 2026 жылдан бастап бұл шегерім айына 30 АЕК (129 750 теңге) дейін ұлғайтылды, яғни төлеуге жататын ЖТС сомасы азаяды.Жылжымайтын мүлікті сатудан түскен табысқа салық салудағы өзгерістер2026 жылдан бастап, егер тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын немесе гараждарды сату кезінде сату мен сатып алу құны арасында оң айырмашылық пайда болса және сатып алу күнінен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе (2026 жылға дейін – бір жыл), мұндай айырмашылық мүліктік табыс деп танылады. Көрсетілген табыстан ЖТС 10% ставка бойынша төлеу қажет болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1151870?lang=kk
Электрондық шот-фактуралар бойынша өзгерістер 31.01.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактуралар бөлігінде мынадай негізгі өзгерістер күшіне енеді:Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ алушының міндетті растауы:Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ ЭШФ АЖ-де алушы – ҚҚС төлеуші міндетті растауға жатады, бұл ретте түзетілген және қосымша ЭШФ осындай ЭШФ алушысынан растау болған кезде жазып берілген, ал кері қайтарып алынған – кері қайтарып алынған болып есептеледі.ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін реакция болмаған кезде белгіленген мерзім өткеннен кейін автоматты растау көзделген.ЭШФ жазуға міндетті субъектілер шеңберін кеңейту, оның ішінде:- ҚҚС төлеушілер:Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, егер өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы деп танылса, салық төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып беруге міндетті;- ҚҚС төлемеушілер:оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;двокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ЭШФ жазып беру міндеттемесі бойынша норма алынып тасталғанын атап өтеміз.Биометриялық сәйкестендіруден өту:- ЭШФ АЖ-нің қатысушысын ЭШФ АЖ-де тіркеу кезінде;- ЭШФ куәландырылған кезде – салық төлеушіге қатысты ЭШФ Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тәуекел анықталған жағдайларда.Бұл ретте биометриядан өтудің жалпы саны 3 (үш) табысты растаумен шектеледі, содан кейін салық төлеушіге биометриядан өтпей ЭШФ одан әрі жазып беру мүмкіндігі беріледі.«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда Ұлттық каталогына сәйкес тауар кодын көрсету.ҚҚС сомасын есепке жатқызу.ЭШФ АЖ-де есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы танылған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні келетін кезеңді көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі қойылады.Комиссионерлердің, экспедиторлардың сыйақы сомасын бөлек жолмен бөлініп көрсетуі.Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша, сондай-ақ көлік экспедициясы шарты бойынша шот-фактураны жазып берген кезде шот-фактурадағы сыйақы сомасы бөлек жолмен бөлініп көрсетіледі.«Жеткізушінің деректемелері» В бөлімінде «ҚҚС төлеушінің тіркеу есебіне қою күні» деген 9-жол қосылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1151871?lang=kk
2026 жылдың 30 қаңтарында аудан әкімдігінің отырысы өтті. 31.01.2026
Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында осы мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы;2. Ауданда су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру барысы туралы.Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:1. «Кен Дала 2» кредиттеу бағдарламасы және форвардтық сатып алу шеңберінде берешекті өтеу;2. Ауданда жаңа жұмыс орындарын құру және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1151873?lang=kk
PEFA бағалауы: Қазақстан мемлекеттік қаржы саласын басқарудағы көрсеткіштердің 55% жақсартты 31.01.2026
Қазақстан PEFA (Public Expenditure and Financial Accountability) халықаралық жүйесіне сәйкес 31 бағыттың 17 бойынша өз нәтижелерін жақсартты. Аталған жүйе мемлекеттік қаржы саласына «диагностика» жасаудың халықаралық стандарты болып саналады. Бұл жөнінде «Мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалау (pefa)» есебін ұсынуға арналған дөңгелек үстелде айытылды. Іс-шараға ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Наджи Бенхасин және Қазақстандағы Азия Даму Банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Утсав Кумар қатысты.Бұл ретте ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банк пен АДБ қолдауымен мемлекеттік шығыстарды тиімді басқару мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды аяқтағанын айта кетейік. Оның мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес бюджет процесінің тиімділігін, ашықтық деңгейін, есептілік пен мемлекеттік ресурстарды пайдалану нәтижесін объективті түрде көрсету.Осыған дейінгі (2018 жылғы) бағалаумен салыстырғанда Қазақстан айтарлықтай жетістікке жеткен. Айталық, жоғары «А» санатына сәйкес бағалау көрсеткішінің үлесі 16%-дан 39%-ға дейін артқан. Ал индикаторлардың 94%-на базалық «С» деңгей мен одан да жоғары балл берілген.«Қазақстанның 2018 жылдан кейінгі қарқынды дамуы мемлекеттік қаржыны басқаруда жауапкершіліктің күшейгенін көрсетеді», деді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Наджи Бенхасин. «Реформалардың келесі кезеңі мемлекеттік қаржыны басқарудың елдік стратегиясын жаңарту кезінде осы бағалаудың нәтижелерін, оның ішінде климаттық өлшеуді пайдалануды көздейді, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және олардың азаматтар үшін қайтарымын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді», деп нақтылады ДБ өкілі.Осы бағалаудың аясында жүйенің негізгі компоненттеріне талдау жасалғанын айта кетейік. Оның ішінде бюджетті жоспарлау мен орындау, кірістер мен шығыстарды басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі және сыртқы аудит, сондай-ақ фискалды ашықтық пен қаржы есептілігі қамтылды.Бұдан бөлек фискалды тәртіпті нығайту, бюджеттің тиімді орындалуы және кірістерді ашық басқару саласында атқарылған жұмыс оң бағаланды. Сонымен бірге ресурстарды стратегиялық тұрғыда бөлуге баса мән беріліпті. Халықаралық сарапшылар ортамерзімді бюджеттеу мен стратегиялық жоспарлар арасындағы өзара байланыстың жақсарғанын, сондай-ақ қаражатты бөлу кезінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (KPI) рөлі күшейтілгенін жеткізді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ішкі бақылау және аудит жүйесі қаржылық нормаларды сақтай отырып, барлық мемлекеттік шығысты қамтып отыр.«Бұл бағалау Қазақстанның мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің ашықтығы мен есептілігін бірізді түрде күшейтіп келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар сатып алудағы бәсекелестікті арттырып, мемлекеттік қарызды басқаруды жетілдіру мен ақпарат қолжетімділігін кеңейтуді қоса алғанда, жақсартуды қажет ететін бағыттар да жоқ емес. Мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімді жүйесі елдің тұрақтылығын нығайтады: ашық саясат азаматтарға жүйені түсінікті етіп, есептілік сенімділікті арттырады. Ал реформалардың орнықтылығы олардың ұзақмерзімді әсерін арттырады», деді АДБ Портфельді сатып алу және мемлекеттік қаржыны басқару департаментінің директоры Рут Фаррант.Тағы бір маңызды жетістердің бірі – еліміздің тарихында алғаш рет климаттық компоненті қамтитын PEFA (PEFA+Климат) бағалауы жүргізілді. Бұл Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мен халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігін растайды. Аталған жұмысты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізетінін атап өткен орынды.«Қазақстан жаһандағы құбылмалы ахуалға қарамастан макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржы жүйесін тиімді басқару бағытындағы жұмысты жалғастырады. Біздің негізгі басымдығымыз – ашық қаржы жүйесі арқылы халықаралық беделді одан әрі нығайту, кредиттік рейтингті жақсарту, инвесторлардың сенімін арттыру және экономиканың өсімі үшін ұзақмерзімді кезеңге инвестиция тарту. Осы реформалар азаматтардың әл-ауқатына және мемлекетіміздің орнықты дамуына әсер ететіні күмәніз», деді М.Такиев.PEFA халықаралық бағалау тәсілі – мемлекеттік қаржы жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерге талдау жасап, резервтерді анықтауға арналған тәуелсіз құрал. Оның нәтижелері даму көрсеткіштерін нығайта түсу үшін нақты нұсқаулар беруді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1151886?lang=kk