Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті енгізу жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрды 18.08.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды.Жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементі болмақ. Бөлімшенің негізгі міндеті – деректердің үлкен массивтерін талдау, басқаруды автоматтандыру, жедел сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыру үшін жасанды интелект шешімдерін әзірлеу және енгізу.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын армия қызметіне интеграциялау жаңғырту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және қорғаныс саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес келетінін атап өтті.Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, жетекші университеттермен және бейінді IT-компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын болады. Бұл тәсіл қорғаныс саласына озық әзірлемелерді енгізіп қана қоймай, жасанды интеллектті әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бөлімшені құру кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.Осыған сәйкес, қазіргі заманғы алгоритмдермен және жүйелермен жұмыс істеуге қабілетті офицер-талдаушылар мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарлануда.Осылайша, Қорғаныс министрлігі жасанды интеллект ұлттық қорғаныстың тиімділігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін арттыру құралы болатын жаңа басқару архитектурасын қалыптастыруға стратегиялық қадам жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052391?lang=kk
Әу шебін қорғаушылар кәсіби мерекесін атап өтуде 18.08.2025
18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік жүйесі негізгі компоненттерінің бірі - ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.Бүгінде Қарулы күштердің бұл түрі Қазақстан әскерінің қуатты, жоғары технологиялық және ұтқыр құрамдас бөлігіне айналған.Олардың құрамына Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері кіреді. Олар әуе шебін сенімді қорғауды, стратегиялық маңызды мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді бүркемелеуді қамтамасыз етеді. Қарулы күштердің басқа түрлері мен әскер тектерін авиациялық қолдау міндеттерін орындайды.Мамандарды даярлау бейінді әскери оқу орындарында жүргізіледі. Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты ұшу және инженерлік-техникалық құрамның мамандарын, ал Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және байланыс әскерлері үшін инженерлік кадрлар даярлайды.Әскери-әуе күштерінде аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттамалары бойынша әлемдегі ең жақсы деп танылған заманауи жауынгерлік, әскери-көліктік, жаттығу ұшақтары мен тікұшақтар бар. Өткен жылы авиациялық парк 37 тоннаға дейін немесе 100-ден астам әскери қызметшіні ұзақ қашықтыққа тасымалдауға қабілетті көпфункционалды А400М әскери-көліктік ұшағымен толықты. Әуе кемесін пайдаланған жарты жыл ішінде экипаж жеке құрамды тасымалдауда бірқатар міндеттерді орындады. Оның ішінде Голан жоталарындағы бітімгерлерді ротациялау, қазақстандық командалардың Біріккен Араб Әмірліктеріне UAE SWAT Challenge-2025 халықаралық жарыстарына апарып келу, "Айбын-2025" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын көлікпен қамтамасыз ету бар.Әуе қорғанысы күштерін дамытудың маңызды басымдығы автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып отыр. Бұл әуе қаупі жағдайында барлық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, оның ішінде жедел ақпарат жинаудан бастап жауынгерлік іс-қимылдарды үйлестіруге және ұшуды басқаруға мүмкіндік береді.Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік дағдыларды арттыру, ұшу құрамын күрделі міндеттерді орындауға дайындау, жоғары пилотаж дағдыларын игеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Әскери ұшқыштар әрқашан бейбіт тұрғындарға көмекке келуге дайын. Армиялық авиация экипаждары адамдарды эвакуациялауға, 2024 жылғы су тасқыны кезінде азық-түлік пен гуманитарлық жүктерді жеткізуге, Абай облысындағы орман өртін сөндіруге және жедел ден қоюды қажет ететін басқа да міндеттерге тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052301?lang=kk
БҚО-да №28 мекемесінде тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті әшкереленді 18.08.2025
БҚО ҚАЖД №28 мекемесінде колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған кезекті әрекет тоқтатылды. Оқиға 14 тамыз күні шамамен сағат 15:50-де болды. Сотталғандардың біріне арналған пошта сәлемдемесін тексеру барысында шай қаптамасының ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 19 шай қалташасы табылды. Тыйым салынған заттар мекеме тексеру тобының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде анықталды. Оқиға орнына Орал қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, алғашқы материалдар жиналды. БҚО ҚАЖД мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу жолдарын бұғаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1052303?lang=kk
Ақмола облысының аграршылары табысты жиын-терімге дайындалуда 18.08.2025
Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті.Журналистер заманауи агротехнологиялармен,егін жинау науқанына дайындық барысымен танысып, мемлекеттік қолдаудың ауыл тұрғындарына өндірісті дамытуға қалай көмектесіп жатқанын білді.Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылым.Егіс құрылымында бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, зығыр, рапс және малазықтық шөптер бар.Мұнда заманауи техника паркі, астық кептіргіш,механикаландырылған ток және тіпті өз наубайханасы да жұмыс істейді. Маусым кезінде 200-ге дейін адам еңбек етеді.Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады, жеңілдетілген жанар-жағармай мен техника алады, бұл тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.Шаруашылық директоры Виталий Гончаровтың айтуынша, биыл алғаш рет тәлімі жерге қант қызылшасы егілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1052309?lang=kk
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке – кәсіпкерлер күні белгіленді 18.08.2025
Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке— Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды.Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.Бүгінде елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.Кәсіпкерлерді қолдау экономикалық саясаттың басымдығының бірі болып қала береді. Жыл басынан бері 288 миллиард теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 миллиардқа 737 жобаға кепілдік берілді. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер оқытылды.2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 270 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. 12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы да іске қосылды. Қолдаудың жалпы көлемі 750 миллиард теңге. Оның ішінде 300 миллиарды - "Даму" қаражаты, 450 миллиарды - банк ресурсы. Қазірдің өзінде 200 миллиард теңгеге 400-ге жуық жоба қаржыландырылды.Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында "Бизнестің цифрлық картасы"жобасы іске асырылуда. 100-ден астам қолдау шарасы бар тізілім бекітілді. "EGov Business" қосымшасымен "Бәйтерек" холдингін қолдау шараларын қамтитын "Bgov" АЖ интеграциясы аяқталып, оны 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1052310?lang=kk
№28 мекемесінде «Логика қайда?» атты зияткерлік ойын өтті 18.08.2025
№28 мекемесінде тәрбие бөлімі ұйымдастырған қызықты «Логика қайда?» атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойын үлкен экран мен проектор арқылы көрсетіліп, қатысушыларға тележобадағыдай ерекше атмосфера сыйлады! 🎥🧠 👥 Қатысушылар 4 кезең бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды:1️⃣ Логикалық сұрақтар2️⃣ Ұқсастығын тап3️⃣ Фразеологизмдер4️⃣ Қосымша тур – түрлі қызықты тапсырмалар Әр кезең логикалық ойлау, байқағыштық пен командалық жұмысты талап етті. 💬🤝 🎯 Мұндай ойындар ой-өрісті кеңейтеді, бір-бірімен тіл табысуға, командада жұмыс істеуге және креативті ойлауға көмектеседі. 📌 Зияткерлік ойындар №28 мекемесінде тұрақты түрде өткізілетін болады!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1052283?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті 18.08.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде мекеме басшылығы қолданыстағы және өндірістік аймақта бизнес ашуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қолда бар өндірістік ғимараттарды, соның ішінде бос тұрған орындарды тиімді пайдалану, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру және жаңа қызмет түрлерін енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту, өнім түрлерін кеңейту, сотталғандарды жұмыспен қамту және талап-арыздар мен алимент төлемдерін өтеу көлемін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мекеме әкімшілігі мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар сотталғандарды кәсіби даярлауға, олардың әлеуметтік бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты оралуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1052298?lang=kk
Ақтауда Әскери-теңіз туының көтерілген күні атап өтілді 17.08.2025
1996 жылғы 17 тамызда Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз туы алғаш рет көтерілді.Бұл оқиға егемен еліміздің Әскери-теңіз күштерін құру жолындағы маңызды қадам болды. Осы тарихи датаның 29 жылдығына орай Ақтаудағы амфитеатрдың ашық алаңында салтанатты шара өтті. Іс-шараға әскери қолбасшылық, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталып, Мемлекеттік және Әскери-теңіз тулары көтерілді. Әскери-теңіз базасының командирі, бірінші дәрежелі капитан Есенғали Байботаев жиналғандарды атаулы күнмен құттықтады.– Бүгін біз Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүддемізді қорғауды қамтамасыз ететін Әскери-теңіз күштерінің іргетасын қалаған тарихи оқиғаны атап өтудеміз. Қазіргі буын әскери қызметшілер алғашқы теңізшілер салған дәстүрлерді бағалап, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін арттыру мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолында қызмет етуде, – деді ол.Іс-шараға 2000-нан астам қала тұрғыны мен қонақтар жиналды. Олар теңіз жаяу әскерлері, арнайы жасақтары мен авиация бөлімшелерінің көрсетілімдерін тамашалады. Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық элементтерін, десант қону кезіндегі тактикалық іс-қимылдарды және қоян-қолтық ұрыстың тәсілдерін көрсетті.Мерекенің шарықтау шегі Каспий теңізі акваториясындағы Әскери-теңіз күштері кемелерінің шеруі мен Ақтау гарнизоны жеке құрамының салтанатты сап түзеп өтуі болды.Сонымен қатар, заманауи теңіз техникасының, қару-жарақ пен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. Концертке әскери оркестр мен Әскери-теңіз күштерінің шығармашылық ұжымы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052262?lang=kk
17 тамыз — Спорт күні: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде төрт чемпион Отан алдындағы борышын өтеп жүр 17.08.2025
Ұлттық ұланның Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде әлемдік ареналарда ел намысын қорғайтын спортшылар әскери қызмет атқарады. Олардың әрқайсысы республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық шараларда топ жарған.Бұл бөлімде каратэден Азия чемпионы атанған қатардағы Мақсат Улимбек те қызмет етеді.  Ол – 6506 әскери бөлімі артиллериялық-зениттік дивизионы зенит батареясы 1 взводы 4 бөлімшесінің сарбазы.  19 жастағы жауынгер каратэден халықаралық чемпионаттардың жүлдегері атанып үлгерген. Каратэден спорт шеберіне үміткер.— 13 жасымнан бастап спортқа қызыға бастадым. Түр-тұлғам мен қарым-қабілетім әуелден каратэ өнеріне жақындау болды. Сондықтан осы спорт түрімен шұғылдандым. Нәтижелерім де жаман емес сияқты. Әскерге келіп, әлсіз тұстарымды жетілдірдім. Жақында үйге қайтамын, — деді қатардағы М. Улимбек.Ал спорттағы жолын боз кілемде бастаған қатардағы Бауыржан Құрманбек — грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы. Түркия, Ресей мен Қырғызстан елдерінде өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрінген. Оның айтуынша, спортқа келуіне ағасы себепкер болған.— Ағам жаттығуға ертіп барды. Алғашында әуесқойлықпен айналыссам да, кейін бұл жолдың менікі екенін түсіндім. Қазір күресте жинаған тәжірибем әскери өмірге де көмектесіп жатыр, — дейді ол.Қатардағы Алмат Маликұлына келер болсақ, ол – шаршы алаңда өз қабілетін дәлелдеген боксшы. Қазақстанның чемпионы. Бокстан спорт шебері. Сонымен қатар халықаралық турнирлерде топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған. Ол спортқа келуіне әкесінің ықпалы мол болғанға ұқсайды.— Бала күнімнен қолғап киіп, жаттығу жасадым. Қазір соның жемісін көріп отырмын. Әскердегі әрбір тапсырмада да дәлдік, төзімділік, жылдам шешім қабылдау керек. Бұл жағынан ринг маған үлкен мектеп болды, — дейді Алмат.Тағы бір сарбаз Батырхан Емберген –дзюдо мен жауынгерлік жекпе-жек бойынша бірнеше қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегері. Жауынгерлік жекпе-жектен Қазақстан біріншіліктерінде жүлде алып, дзюдодан спорт шеберлігіне үміткер атанған.— Бала кезімнен спортты жаным жақсы көрді. Әкем, анам, бауырларым – бәрі менің әрбір жарысымда қолдау көрсетті. Әскерге келген соң спорттың тәртіп, төзім, мақсатқа жету секілді қырлары тереңірек сезіледі екен. Борышымды атқарған соң келісім шартпен қызметте қалуды ойласып жүрмін, — дейді қатардағы Б. Емберген.Жігіттердің төртеуі де жүздеген сарбаздың арасындағы үздік қабілеттемен дараланып тұрады. Олар тек физикалық дайындығымен емес, моральдық-психологиялық тұрғыда да өзгелерге үлгі.Еске салайық, жыл сайын Қазақстан Республикасында тамыздың үшінші жексенбісі Спорт күні атап өтіледі. Елімізде Спорт күні 2003 жылғы 15 қарашада бекітілген. Бүгінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әлемдік байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүр.  Сонымен қатар осы күні құқықтық тәртіп әскерінің әскери бөлімдерінде түрлі сайыстар мен жарыстар өткізіліп тұрады. #СПОРТКҮНІ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1052242?lang=kk
ШЫМКЕНТ: 850 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ 17.08.2025
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қаладағы 850 көшеге жалпы ұзындығы 1059 шақырым асфальт жабындысы төселеді. Биыл 540 көше (605 шақырым) жөнделіп, қалған көшелер 2026 жылға дейін қамтылады.Шаһарда көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында Изенді көшесін Юсупов көшесінен Төлеметов көшесіне дейін ұзарту жобасы бар. Жолдың жалпы ұзындығы – 1,9 шақырым. Таяуда осы учаскеде автокөлік қозғалысы ресми түрде ашылды. Жобаның мақсаты – Бәйдібек би даңғылы, Төлеметов көшесі мен А-2 айналма жолындағы көлік жүктемесін азайту.Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінде бірнеше маңызды көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Атап айтқанда, Шұбаркөл көшесі (Б.Момышұлы көшесінен Өтегенов көшесіне дейін), Юсупов көшесі сондай-ақ, Жаңақоныс көшесі жөнделді. Соңғы учаскеде Қошқарата өзені үстінен ұзындығы 15 метрлік жаңа көпір салынды.Жалпы, шаһарда жол инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу. Жоба алты кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда үш кезең аяқталды, тағы екі кезеңнің жұмыстары жыл соңына дейін және 2026 жылы толық бітеді.Д.Қонаев даңғылының жалғасы Оңтүстік бағытқа қарай, жалпы Республика көшесіне балама ретінде салынуда. Д.Қонаев даңғылының жалғасы «Оңтүстік» айналма жолына қосылады.Өткен жылы жалпы ұзындығы 16 шақырым «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жоспарға сай аяқталды. Бұл нысан Ташкент бағытындағы республикалық маңызы бар жолдан Ленгір тас жолына қосылатын негізгі жол болып есептеледі. Жол құрылысы қала ішіндегі кептелісті азайту мақсатында қолға алынған еді. Ендігі кезекті Қонаев даңғылы жалғасының қалған кезеңдерін аяқтау басты назарда тұр.Сондай-ақ, А-2 айналма жолының қайта құрылуы – қаланың транзиттік әлеуетін күшейтетін маңызды жоба. 28,2 шақырымдық жол сегіз кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда төрт кезең аяқталып, үш кезеңнің құрылысы биыл аяқталады. Қалған бөлігі 2026 жылы іске қосылады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» НАУҚАНЫ ӨТТІ. 17.08.2025
2025 жылдың 16 тамызында Шымкент қаласында жалпықалалық «Таза қала» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру мақсатында өткізілді. Шараға қала әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында аулалар мен көшелер, саябақтар мен жағалау аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған ағаштар мен бұтақтарды қырқып, шөп шабу, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы аумағында 440 қызметкер мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 46,9 тонна қоқыс шығарылды. Жұмысқа 240 адам мен коммуналдық қызметшілер жұмылдырылды. Еңбекші ауданының аумағын тазалауға 400-ден астам адам мен 33 бірлік техника қатысып, ауқымды санитарлық жұмыстар жүргізілді. Ал Абай ауданында 500-ге жуық адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылып, құрғақ бұтақтарды шабу, шөп шабу, көшелерді тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шара «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама азаматтардың санитарлық-экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ Шымкент қаласын көркейтуге оң әсерін тигізуде. Қала тазалығы баршаға ортақ жауапкершілік. Акцияға қатысқан ардагерлер, жастар, белсенді азаматтар бұл бастаманы үнемі қолдап келеді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ 17.08.2025
2025 жылғы 16 тамыз күні Шымкент қаласының аумағында «Таза қала» атауымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланы абаттандыру мақсатында өткізілді.Сенбілікке қала әкімдігінің басқармалары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің мамандары, коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Шара барысында аулалар мен көшелер, саябақтар мен өзендер маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған ағаштар мен бұтақтар кесілді, шөп шабу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Қаратау ауданы аумағында 440 қызметкер мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 46,9 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 240 адам мен коммуналдық қызмет жұмысшылары тартылды.Еңбекші ауданындағы тазалық жұмыстарына 400-ден астам адам мен 33 техника қатысып, кең көлемді санитарлық жұмыстар жүзеге асырылды. Ал Абай ауданында 500-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылып, қураған бұтақтарды кесу, шөп шабу, көшелерді тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.Аталған шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама қала тұрғындарының санитарлық-экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ, Шымкент қаласының көркеюіне оң ықпал етуде.Қаланың тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік. Сенбілікке қатысқан ардагерлер, жастар және белсенді азаматтар бұл бастамаға үнемі қолдау білдіріп келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Астанада жоғары оқу орны әскери кафедрасының 300-ден астам түлегі әскери ант берді 17.08.2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әскери кафедраның 300-ден астам түлегі салтанатты түрде әскери ант берді.Іс-шара 68665 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті. Оған Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері, кафедра басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ студенттердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Түлектерге ізгі тілектерін Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай мен әскери кафедра бастығы генерал-майор Еділ Оразов жеткізді. Олар түлектерге мамандықты игеру жолында табыс пен алдағы кәсіби жолында сәттілік тіледі.– Қорытынды емтихандар барысында сіздер жоғары дайындық деңгейін, оқыған пәндер бойынша жақсы білім көрсеткішін дәлелдедіңіздер. Бүгін әскери ант қабылдау арқылы сіздер Отан қорғаушы деген мәртебелі атаққа ие болдыңыздар. Осы атаққа лайық болып, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуына үлес қоса беріңіздер, – деді генерал-майор Е. Оразов.ЕҰУ әскери кафедрасында студенттер 11 әскери-есептік мамандық бойынша даярлықтан өтеді. 2025 жылы оқу бағдарламасы заманауи қауіп-қатерлер мен жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, түбегейлі жаңартылды.Мәселен, болашақ барлаушылар негізгі күш құрамынан тыс жағдайда өз бетінше ұрыс жүргізу әдістерін меңгереді. Сабақ барысында мобильділік пен іс-қимылдардың үйлесімділігіне, заманауи байланыс құралдарын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және қазіргі тактиканың басқа да элементтерін қолдануға ерекше назар аударылады.Ал болашақ әскери журналистер тактикалық, техникалық және саптық дайындықпен қатар, цифрлық дәуірдегі ақпараттық күрес тәсілдері мен формаларына, арнайы үгіт-насихат пен оған қарсы әрекеттерге арналған курстардан өтеді.Әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі. Осылайша олар азаматтық мамандықпен қатар екінші әскери мамандықты да игеріп, құқық қорғау және қорғаныс салаларында қызмет ету мүмкіндігіне ие болады.– Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз әскери ант қабылдадық. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жоғары сенімнің белгісі. Біз еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғауға әрқашан дайынбыз, – деді кафедра түлегі Ислам Тұрсын.Өз әсерімен кафедра түлегі Ернұр Далабаевтың анасы Думан Заркеева да бөлісті:– Ернұрдың ант қабылдап, Отан қорғаушылар қатарына қосылғанына қуаныштымын. Әрбір ана баласының елге адал, батыл әрі абыройлы азамат болып өскенін қалайды. Салтанатты шара 68665 әскери бөлімі Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесімен, сондай-ақ барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері дайындаған қоян-қолтық ұрыс жүргізу тәсілдерімен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052189?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 17.08.2025
Найроби, 2025 жылғы 25 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) Басқарушы органдарының хатшысы және Басқару кеңсесінің директоры Радхика Очаликпен кездесті.Тараптар Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, сондай-ақ қазақстандық делегацияның Ұйымның алдағы іс-шараларына қатысу мәселелерін талқылады.ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылы Астанада өтуі жоспарланған Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, 2025 жылғы 8-12 желтоқсанда Найробиде өтетін БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуына қатысты мәселелер қарастырылды. Ассамблея сессиясының негізгі тақырыбы «Тұрақты планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету».Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен ынтымақтастығын кеңейту бойынша бірлескен шараларды қарастыруға дайындығын білдірді.Ақпарат: БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы (ЮНЕА) - БҰҰ-ға 193 мүше мемлекеттердің барлығының әмбебап мүшелігі бар қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ең жоғары орган. Ол жаһандық экологиялық күн тәртібін белгілеп, жан-жақты саяси көшбасшылықты қамтамасыз етеді және туындайтын экологиялық мәселелерге саяси жауаптарды анықтайды.БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) – елдерге төмен көміртекті және ресурстарды үнемдейтін экономикаға көшуге көмектесуге, қоршаған ортаны басқару мен заңнаманы нығайтуға, экожүйелерді қорғауға және саяси шешімдер қабылдау үшін ғылыми негізделген дәлелдерді ұсынуға бағытталған әлемдегі жетекші экологиялық ұйым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1052227?lang=kk
Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуы тиіс. 16.08.2025
Зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, яғни буллингке, қатыгездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек.Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті кеңейді.Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе — балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «Досбол | KE» атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат — балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады.
Абай 180 жыл: Ташкенттегі конференцияда рухани мұра мен интеграция талқыланды 16.08.2025
2025 жылғы 15 тамызда Ташкент қаласындаОрталық Азия халықаралық институтында қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай Құнанбайұлыныңрухани мұрасының Орталық Азия халықтарының мәдени интеграциясын нығайтудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференцияны Қазақстанның ӨзбекстандағыЕлшілігі мен Орталық Азия халықаралық институты бірлесіп ұйымдастырды.Қатысушылар қатарында – Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың зерттеушілері, жазушылары, аудармашылары,өнер және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, әзербайжан, беларусь, орыс, татар және башқұрт мәдени орталықтарыныңөкілдері қатысты.Қазақстан делегациясы құрамында: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтыныңдиректоры, филология ғылымдарының кандидаты Қыдыр Төрали; Қазақстан Жазушылар одағы Поэзия кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарыныңкандидаты, ақын Қаирбеков Әділғазы; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шыршық қаласындағы филиалының ректоры, ҚРҰлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессорҚожамжарова Дария; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Абайтану» орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ысқақұлы Дандай; М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы «Мұхтартану» ғылыми-зерттеуорталығының ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақжол Қалшабек болды.Сонымен қатар, өзбек абайтанушысы, А.Навоиатындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің кафедра профессоры Баходир Каримов, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қолдауыменжарық көрген «Абай Маарифаты» («Абайдың ағартушылығы») атты өзбек тіліндегі кітабын таныстырды.Қатысушылар Абай шығармашылығы – ОрталықАзияның ортақ қазынасы, халықтарды ортақ құндылықтар, тарихи жады және білімге ұмтылыс негізінде біріктіретін мұра екенін атап өтті. Конференция ғылыми пікіралмасу мен мәдени интерпретациялар алаңына айналып, жастар, ғылыми қауымдастық және кең ауқымды аудитория арасында оның идеяларын насихаттауға бағытталғанпрактикалық бастамаларды талқылау мүмкіндігін берді.Конференция барысында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов құттықтау сөз сөйлеп, Орталық Азияхалықаралық институтына қазақ-өзбек мәдени диалогы мәселелеріне ерекше көңіл бөлгені үшін шынайы алғыс білдірді. Сондай-ақ, «Абайдың мерейтойы – ұлттықауқымды ғана емес, жалпы өркениеттік мәнге ие оқиға, өйткені Абай өз шығармашылығында араб, парсы, түркі, орыс және батысеуропалық ойды тоғыстыраотырып, Шығыс пен Батыс арасындағы шынайы көпір бола алды» деп атап өтті.Елші Абайдың исламдық-шығыстық және орыс-еуропалық философияны біртұтас гуманистік тұжырымдамаға біріктіргенін айтакеле, бұл идеялар халықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қызмет ететінін жеткізді.Іс-шара барысында Абайдың «Желсіз түндежарық ай», «Көзімнің қарасы» және басқа да әндері Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстанжәне Татарстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязовтың, сондай-ақ белгілі өзбек әншілері Дониёр Ғоипов пен Ақылбек Пиязовтың орындауында шырқалды.Бұл іс-шара бауырласхалықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдениетаралық диалогтың аясын кеңейтуге және Абайдың ұлы мұрасын көрсетуге үлес қосты. Ұлытұлғаның мұрасы Орталық Азия елдерінің өткені мен болашағын жалғайтын берік көпірге айналары сөзсіз. Бүгінгі өзара іс-қимыл халықтар арасындағыгуманитарлық байланысты жаңа белеске көтереді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1052170?lang=kk
ЫНТЫМАҚ – ӨРКЕНДЕУДІҢ КЕПІЛІ 16.08.2025
Қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылық – кез келген мемлекеттің ең басты тірегі. Бейбіт өмірсіз, бірліксіз, татулықсыз ешбір елдің дамуы мүмкін емес. Тарихқа көз жүгіртсек, ішкі қақтығыстар мен алауыздықтың кесірінен өркениеттен кенде қалған, тіпті картаның бетінен жоғалып кеткен мемлекеттер аз емес. Ал бірлігі бекем, мақсаты ортақ елдер әрқашан да кез келген дағдарысты еңсеріп, жаңа белестерді бағындырған.Қазақстан – көпұлтты, көптілді, түрлі мәдениет өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп отырған ел. Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің басты ұстанымы – халық бірлігін сақтау және нығайту болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, «Татулық пен келісім – еліміздің ең басты байлығы». Бұл ұстаным уақыт сынынан өткен және қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында да өзектілігін арттыра түсуде.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрақтылық пен келісім бар елде ғана экономикалық өркендеу мүмкін болады. Инвестициялар тарту, ірі жобаларды жүзеге асыру, жаңа технологияларды енгізу – мұның бәрі тек сенімді, қауіпсіз, татулығы берік ортада жүзеге асады. Қазақстанның соңғы онжылдықтағы экономикалық жетістіктері – бұл біздің ішкі тұрақтылықты сақтай білгеніміздің айқын дәлелі.Бірлік болмаған жерде қандай да бір табиғи байлық немесе заманауи технология елді дамытпайды. Қайта, алауыздықтың өзі бар мүмкіндікті жойып жібереді. Сондықтан ынтымақты сақтау – бұл тек әлеуметтік мәселе емес, стратегиялық дамудың негізгі тетігі.Мәдениет, ғылым және білім – тек бейбіт ортада ғана дамиды. Қоғамда сенімсіздік пен дүрдараздық белең алса, шығармашылық та, инновация да тоқтайды. Ал бірлік пен өзара сыйластық бар елде әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, өзінің әлеуетін толық аша алады.Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары – барлығы да қоғамдағы келісім мен татулықты нығайтуға үлес қосуда. Бұл – тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі.Ынтымақ – жай ғана сөз емес. Ол – нақты әрекет, күнделікті қарым-қатынасымыздағы сыйластық, ортақ мүдде үшін жұмыла білу қабілеті. Болашақ ұрпақ бізден тек экономикалық жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, бірлікті сақтау дәстүрін де мұра етіп алуы тиіс.Қазақстанның жарқын болашағы – халық бірлігінде. Ынтымақ пен келісімді сақтау – өркендеуге апарар ең сенімді жол.#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Кім мықты: Алматыда десантшылар аса күрделі кедергілерді еңсерді 16.08.2025
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің барлық күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында ұйымдастырған RUKH NATION жарысында Десанттық-шабуылдау әскерлері екінші орынға ие болды.Төрт адамнан тұратын команда 54 минут 48 секундта ең қиын 36 табиғи және техногендік кедергілерді еңсеріп өтіп, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұлан және басқа да күш құрылымдарының командаларын артта қалдырды. Қашықтық аралығы 5 шақырымдық жүгіруден, арқанмен көтеріліп, түсу тізбегінен, өзеннен, қол ұстағыштардан, қабырғалардан, тікенді сымдардан тұрды. Сонымен қатар, қатысушылар жасанды су айдынын еңсеріп, арқанмен көтеріліп, ауыр жүк көтерді. Кедергілерден өтуді арнайы чип басқарды, ол басталу, әр кедергіден өту және команданың аяқтаған сәттерін тіркеп отырды.– Кедергілер жолағынан өту өте қиын болды. Біз жарысқа еш дайындықсыз шықтық. Барлық кедергілерден бірден өттік. Мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырмыз және жедел әрекет ету арнайы жасағынан кейінгі екінші орын өте жақсы нәтиже деп санаймын. Келесі жылы бұл жарысқа арнайы дайындаламыз, – деді команда жаттықтырушысы майор Антон Спиридонов.ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрама командасы дене дайындығының жоғары деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін, мінезін, жауынгерлік рухын және шеберлігін көрсетті.Естеріңізге сала кетсек, бұл десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскерилендірілген жарыстардағы алғашқы жеңісі емес. 2024 жылы қазақстандық десантшы Мұхиадин Сұмағұл АҚШ-та өткен «Үздік жауынгер-2024» байқауында бірінші орынды иеленді, ал биыл мамыр айында АҚШ-тағы әскери-қолданбалы пәндер бойынша Best warrior байқауында 3-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков атыстан ең жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік атқыш» атағын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1052159?lang=kk
Тезірек және ыңғайлырақ: Шымкент қалалық логистиканы өзгертеді. 16.08.2025
Шымкентте көлік инфрақұрылымын өзгерту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы өзгерістердің бірі автобус паналарына әсер етті. Жыл басынан бері мегаполисте екі түрлі – металл және шыныдан жасалған 264 аялдама пайда болды. Жобаға бизнес те қосылды: жеке инвесторлармен 62 баспана салынуда. Навигациялық ақпараттар да жаңартылды: қазақ тіліндегі мыңнан астам белгілер мен 771 ақпараттық панельдер. Мұның барлығы қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудың бір бөлігі. Ал Еңбекші ауданында Момынова көшесіндегі жаңа теміржол өткелінің құрылысы жалғасуда. Жұмыс желтоқсан айында басталды. Нысанның жартысына жуығы дайын, оның ішінде бетон арқалықтары орнатылып, желілер тартылған. Өткелді жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда – ол қаланың шығыс бөлігін орталықпен байланыстырып, жолдардағы жүктемені азайтуы керек.
Аяғына білезік, басына "закладка": Өскемендік азамат бостандықты колонияға айырбастады 16.08.2025
Аяғына білезік, басына "закладка": Өскемендік азамат бостандықты колонияға айырбастады⠀Түзелуге мүмкіндік алған 28 жастағы өскемендік азамат тағы да тордың артына қамалды. Есірткіге тәуелділіктен арылып, өмірін түзеудің орнына ол электронды білезігін шешпей, қала аралап "закладка" іздеген.⠀Оқиға 2025 жылдың басында, қылмыстық теріс қылығы үшін сотталған азамат пробация қызметінің есебіне қойылған кезде басталды. Оның тағдырына Өскемен қаласы бойынша ҚАЖД-нің аға инспекторы Аделя Ринатова жауапты болды. Ол азаматқа жан-жақты қолдау көрсетті. Қаладағы наубайханалардың біріне жұмысқа орналасуға көмектесіп, ол таңертеңнен бастап жүк тиеуші болып жұмыс істеп, қалаға нан тасымалдаған."Біз оның түзелу жолына оралуына барынша көмектесуге тырыстық. Ол отбасымен сенімді қарым-қатынас орнатты: балаларын саябақтарға, дамыту орталықтарына апарып, бұрынғы әйелімен қарым-қатынасын жақсартты", — деді аға инспектор.⠀Алайда, біраздан керісінше кетті. Жұмыс пен отбасының орнына ол "закладка" іздей бастады. Ол пробацияның шарттарын жиі бұзып, жұмыс орнында емес, қаланы аралап жүрген. Кейінірек белгілі болғандай, ер адам жұмыстан шығып, бұл туралы пробация қызметіне хабарламаған. Оның жұмыстан шыққаны ресми сұраудан кейін ғана белгілі болды.⠀Тәртіп бұзушылықтар электронды бақылау жүйесінің күнделікті мониторингінің арқасында анықталды. Оның аяғына тағылған білезік рұқсат етілген аймақтан шығып кеткенін бірнеше рет тіркеген. Сонымен қатар, азамат пробация қызметіне міндетті тіркелуге келуді де тоқтатқан."Электронды бақылаушыдан" құтылуға тырысқан азамат білезікті өз бетінше шешуге әрекет етті. Ол білезіктің белдіктерін әдейі күйдіріп, еріп кетеді деп үміттенген. Бірақ бұл сәтте де GPS-сенсор жұмыс істеп тұрып, оның қала бойынша барлық қозғалысын дәл тіркеп отырған.⠀Көптеген бұзушылықтары үшін жазасы бостандығынан айырумен ауыстырылды. Енді ер адам 1 жыл 7 ай мерзімге қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1052130?lang=kk