Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан басты назарда:Германиямен медиа және сараптамалық ынтымақтастық 03.12.2025
Берлин, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Германияда «Қазақстан туралы медиа және сараптамалық коммуникация: диалог және сенім» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЕК) 45-отырысы өтті. Іс-шараға саяси және іскер топтардың өкілдері, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қазақстандық және германдық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Отырыс барысында сенімді нығайту, сараптамалық өзара іс-қимылды кеңейту және Қазақстан мен Германия арасындағы коммуникация сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Еуропа тарапынан әлемнің тоғызыншы ең үлкен елі Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге деген өсіп келе жатқан қызығушылық атап өтілді.Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов соңғы жылдары елімізде мемлекеттік басқару жүйесі кешенді түрде жаңғыртылғанын, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілгенін атап өтті. Бұл өзгерістер ел ішінде де, халықаралық қоғамдастық тарапынан да сенімнің артуына ықпал еткенін айтты. Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі белсенді әрі жауапты қатысушы ретінде орнықты позициясын күшейтіп келе жатқанын, конструктивті диалог пен өзара іс-қимылға ашық екенін жеткізді.Бундестаг депутаты, «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Кристиан Гёрке өз сөзінде кәсіби және сараптамалық байланыстарды нығайту екі ел арасындағы сенімді тереңдетуге және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға септігін тигізетінін атап өтті.Негізгі баяндаманы «diplo.news» медиаплатформасының негізін қалаушы, танымал журналист Эвальд Кёниг жасады. Ол қазіргі коммуникациялық үрдістерге шолу жасап, неміс БАҚ-тарының Қазақстан жөніндегі жарияланымдарына талдау ұсынды. Сондай-ақ еуропалық журналистер мен сарапшылардың Қазақстандағы саяси жаңғыртуға, еліміздің өңірлік және халықаралық рөліне, сондай-ақ ашықтық пен сындарлы диалогты кеңейтуге бағытталған шараларға қызығушылығы артып отырғанын атап өтті.Панелдік пікірталасқа Қазақстан мен Германияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сарапшылар медиа және сараптамалық ынтымақтастықты дамыту тетіктерін, сенімді нығайтудағы журналистиканың рөлін және Қазақстандағы саяси, экономикалық және қоғамдық үдерістерді объективті ақпараттандырудың маңызын талқылады.Отырыс қорытындысында қатысушылар Қазақстанның диалог пен халықаралық әріптестікке ашық мемлекет ретіндегі ұстанымын жүйелі түрде нығайтып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің сараптамалық және медиа қауымдастықтары арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екендерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/1117605?lang=kk
2025 жылғы 29 қарашада Мәртебелі Ханшайым Лалла Мерием Рабаттағы Ұлттық кітапханада жыл сайынғы "Халықаралық дипломатиялық қайырымдылық базары 2025" ашылу салтанатын өткізді. 03.12.2025
2025 жылғы 29 қарашада Мәртебелі Ханшайым Лалла Мерием Рабаттағы Ұлттық кітапханада жыл сайынғы "Халықаралық дипломатиялық қайырымдылық базары 2025" ашылу салтанатын өткізді.Базарға Африка, Америка, Азия және Еуропа елдерінің 44 астам Елшілік қатысты.Жыл сайынғы қайырымдылық базарына 2021 жылы ашылған Қазақстанның Рабаттағы Елшілігі осымен 3 рет қатысып, қазақ дәстүрінде безендірілген павильонында ұлттық дәстүр, өнер, қолөнер бұйымы, тағаммен таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1117578?lang=kk
Таиландтың тоғызыншы Сауда саясатын шолу рәсімі ДСҰ-да Қазақстанның төрағалығымен өтуде 03.12.2025
Женева, 2025 жылғы 1 желтоқсан – 1 және 3 желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауда саясатын шолу органының Төрағасы Қайрат Төребаевтың төрағалығымен Таиландтың тоғызыншы Сауда саясатын шолу рәсімі өтуде.Таиланд делегациясын Сауда вице-министрі Кирида Баопичит ханым басқарады. Отырыс барысында таиландтық тарап 2037 жылға қарай жоғары табысты ел мәртебесіне қол жеткізуге, инновацияларды ілгерілетуге және жаһандық құн тізбектеріндегі орнын нығайтуға бағытталған ұлттық даму стратегиясының іске асырылуы туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, кедендік әкімшілендіруді жаңғырту, Сауданы жеңілдету жөніндегі ДСҰ келісімі бойынша міндеттемелерді толық орындау, цифрлық трансформация және электр көлігі, электроника және жасыл энергетика сияқты жоғары технологиялық өндірісті ынталандыру шараларына ерекше назар аударылды.ДСҰ мүшелері Таиландтың көпжақты сауда жүйесіне адалдығын және ДСҰ реформалау үдерісіндегі белсенді рөлін жоғары бағалады, оның ішінде электрондық коммерция, қызметтер саудасын реттеу және инвестицияларды ілгерілету жөніндегі бірлескен бастамаларға қатысуын атап өтті. Талқылау барысында тарифтік режимдерді одан әрі оңайлату, хабарлама ұсыну тәртібі, техникалық реттеудің болжамдылығы және шетелдік инвестициялар үшін жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасылды.Төраға Қайрат Төребаев Таиланд пен ДСҰ мүшелеріне сындарлы және нәтижеге бағытталған диалог үшін алғыс айтып, Сауда саясатын шолу рәсімі транспаренттілікті арттырудың, реформаларды жалғастыруға жәрдемдесудің және орнықты экономикалық дамуға ықпал етудің маңызды тетігі екенін атап өтті.Сауда саясатын шолулар сауда режимдерінің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуде, елдердің көпжақты сауда жүйесіне интеграциялануын қолдауда және ДСҰ мүшелері арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.2025 жылы Қазақстанның төрағалығымен өтетін келесі және соңғы Сауда саясатын шолу рәсімі 10 және 12 желтоқсанда өтеді және Вануатуға арналатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1117586?lang=kk
Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті 03.12.2025
Берн, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцарияның Федералдық кеңесшісі, Сыртқы істер жөніндегі федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассистің шақыруымен Берн қаласына ресми сапармен барды.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси байланыстардың жоғары қарқынымен ерекшеленетін екіжақты қатынастардың достық әрі өзара сенімге негізделген сипатын атап, оларды одан әрі нығайтуға деген ортақ ұмтылысты растады.Е.Көшербаев Швейцарияның Қазақстан үшін Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктес екеніне тоқталып, тұрақты саяси диалогты, өңірлік байланыстардың кеңеюін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың артып келе жатқанын ерекше атап өтті.«Үш онжылдықтан астам дипломатиялық қатынастар барысында Астана мен Берн жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылды, сондай-ақ сындарлы үкіметаралық және парламенттік ынтымақтастықты қалыптастырды. Сауда-экономикалық байланыстар – серіктестігіміздің негізгі өзегі әрі қозғаушы күші» – деп мәлімдеді қазақстандық Министрі.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, соңғы 20 жыл ішінде Швейцарияның Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 35,8 млрд АҚШ долларына жеткені, ал 2025 жылдың алғашқы он айында тауар айналымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрағаны аталып өтті.Өз кезегінде И.Кассис швейцар тарапының жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Швейцарияның 2026 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне назар аударды.Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы істер министрлері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұқсас көзқарасты бөлісетінін айтып, медиация және су дипломатиясы салаларындағы өзара іс-қимылдың әлеуетін атап көрсетті.Осы орайда тараптар сапар аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Швейцарияның «SDC» ынтымақтастық және даму агенттігі арасында «Blue Peace Central Asia» өңірлік бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына қанағаттанушылық білдірді.Сонымен қатар Қазақстан СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеу институты мен Женевадағы Гуманитарлық диалог орталығы арасында өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруды көздейтін меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1122744?lang=kk
Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі түркі мемлекеттері мен Мажарстан арасындағы негізгі құқықтар саласындағы ынтымақтастықты бейнелейтін ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты 03.12.2025
Семенье (Мажарстан), 2025 жылғы 28 қараша - Түркі мемлекеттері мен Мажарстанның негізгі құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастығын бейнелейтін Мемориалдың ресми ашылу рәсімі өтті.Іс-шараның ұйымдастырушысы - Мажарстан Конституциялық сотының судьясы, бұрынғы адам құқықтары жөніндегі омбудсмені Акош Козма.Рәсімге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің елшілері, Мажарстан Энергетика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Жолт Немет, сондай-ақ «Szombathely Forestry Ltd.» компаниясының өкілдері қатысты.Анықтама: Ескерткіш - биіктігі төрт метрлік емен колоннасынан тұрады. Оның бетіне дәстүрлі түркі өрнектері ойылып салынған. Композицияның жоғарғы бөлігін күннің, биліктің, қуат пен тәңірліктің нышаны саналатын алтын түсті қабыршақты тақтайшаны елестететін жылтыр мыс элементі толықтырады. Ал колоннаны біріктіріп тұрған екі элемент - өмірдің бастауы әрі жердің тіршілігін бейнелейтін су көзінің символдық образын көрсетеді.Ескерткіштің айналасына түркі мемлекеттерін және Мажарстанды бейнелейтін ағаштар отырғызылды:Түркияны - кәдімгі емен, Әзербайжанды - анар ағашы, Түрікменстанды - грек аршасы, Өзбекстанды - шығыс чанары, Қырғызстанды - қара тұт, Қазақстанды - шығыс шыршасы, Мажарстанды - мажар емені таныстырады. Іс-шараны аша отырып, Акош Козма Мемориалдың символдық маңызын, сондай-ақ 2023 жылы Мажарстанда өткен түркітілдес мемлекеттер омбудсмендерінің кездесуінде басталған бастамалардың жалғастығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа ескерткіш алаңы диалог, достық және ортақ құндылықтарды нығайтудың кеңістігіне айналады.Одан кейін Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елшілері, сондай-ақ Мажарстандағы Түркі мемлекеттері ұйымы өкілдігінің өкілі сөз сөйледі.Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы рәсімді ұйымдастырғаны үшін мажар тарапына ризашылығын білдіріп, ашылып отырған Мемориал Түркі мемлекеттері мен Мажарстан арасындағы берік байланыстарды, ортақ құндылықтар мен құқықтық-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысты айқын бейнелейтігін атап өтті. Сондай-ақ ол Акош Козманың Қазақстанға бірнеше рет сапар жасап, кәсіби байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.Өз сөзінде Елші қазақ-мажар қатынастарының оң қарқынды дамуын атап өтіп, келесі жоғары деңгейдегі сапарларды еске салды: Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға сапары (2023 ж.); Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға мемлекеттік сапары (2024 ж.); 2025 жылғы кездесулер: Қазақстан Президентінің Мажарстанда өткен ОТМ бейресми саммитіне қатысуы және Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктың Астанаға ресми сапары. Парламентаралық ынтымақтастық та белсенді түрде жалғасуда: ҚР Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың Будапештке сапары (2024 ж.); Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының Төрағасы Ласло Кёвердің Астанаға жауап сапары (2025 ж.). Сонымен қатар, Мажарстан Куриясының Төрағасы Андраш Варганың шақыруымен 2025 жылғы қазанда Қазақстан Жоғарғы сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев бастаған делегация Будапештке барды.Іс-шараның қорытындысында Елші негізгі құқықтар саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды гуманитарлық тірегі болып табылатынын атап өтіп, Мемориал екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетудің тағы бір маңызды қадамы болатынына сенім білдірді.Рәсім дәстүрлі лента қиюмен, мажар музыканттарының флейта мен тарогато аспаптарында орындаған әуендерімен, сондай-ақ сұңқармен аң аулау көрсетілімімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1117596?lang=kk
«BDPST Group» және «Waberer’s» компаниялары Қазақстандағы жобаларды дамытуға қызығушылықтарын растады 03.12.2025
Будапешт, 2025 жылғы 1 желтоқсан - Будапешттегі Қазақстан Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлының Мажарстанның «BDPST Group» және «Waberer’s» компанияларының басшылығымен кездесуі өтті.Тараптар бірлескен логистикалық жобаларды талқылауды жалғастырып, көлік бағыттарын дамыту және халықаралық дәліздер аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударды.Кездесу барысында компания өкілдерінің қазан айында Қазақстанға сапарлағаны атап өтілді. Олар «Хоргос - Шығыс қақпасы» АЭА-ның қызметімен, Ақтау теңіз портының жұмысымен, сондай-ақ Орта дәліздің дамуы және басқа да стратегиялық бағыттармен танысты. Мажар тарапы Қазақстанның логистикалық әлеуетінің жоғары деңгейін атап өтіп, одан әрі әріптестікке қызығушылық білдірді.Елші Қазақстанның экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және перспективалы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ашық екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1117597?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөздер өткізді 03.12.2025
Берн, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцария Вице-президенті, Экономикалық қатынастар, білім және зерттеулер жөніндегі федералдық департаментінің басшысы Ги Пармеланмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылғы 28 қарашада Астана қаласында Г.Пармеланның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министрі Олжас Бектеновпен өткізген кездесулерінің нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын растады.Саяси және сауда-экономикалық салалардағы, оның ішінде өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрландыру, фармацевтика және қаржы бағыттарындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ Астана мен Берн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті растады.Е.Көшербаев Г.Пармеланның таяуда Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа жаңа серпін бергенін атап өтті.«Біз қарқынды әрі конструктивті диалог орнаттық. Осы оң үдерісті сақтап, өзара алмасуларды жандандыруды және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыру маңызды», – деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы.Өз кезегінде Швейцария Вице-президенті Қазақстан басшылығымен өткен табысты келіссөздер мен Астанада өткен Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына өкілді бизнес-делегацияның қатысуы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге деген ортақ мүддені айқындағанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1117599?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі швейцариялық бизнес өкілдерімен инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуды талқылады 03.12.2025
Берн, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Швейцарияға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Кошербаев «EuroAirport» халықаралық әуежайының, контейнерлік тасымалдаудың жаһандық операторы «Mediterranean Shipping Company» (MSC) компаниясының, инвестициялық-технологиялық «Kanadevia Inova» тобының басшылығымен және индустриалды инвестор Роланд Бартолетпен кездесулер өткізді.Кездесулердің басты мақсаты нақты инвестициялық жобаларды және швейцариялық компаниялардың Қазақстанның инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жаңғыртуға қатысу мүмкіндіктерін талқылау болды.Еуропаның негізгі көлік хабтарының бірі «EuroAirport» әуежайының бас директоры Тобиас Маркерт Азия мен Еуропа арасындағы жаңа жүк және транзиттік әуе маршруттарын Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымының қатысуымен дамытуға дайындығын, сондай-ақ әуежайларды басқару саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.«MSC» тобының аға вице-президенті Эдуард Зигристпен кездесуде Қазақстанның порттық және логистикалық инфрақұрылымын дамыту перспективалары және Транскаспий халықаралық көлік бағдарына елді одан әрі интеграциялау мәселелері жан-жақты талқыланды. Компания әлемдік деңгейдегі теңіз және контейнерлік тасымалдау саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде порттардың өткізу қабілетін кеңейтуге, терминалдық қуаттарды дамытуға және Хоргос пен Каспий арасындағы теміржол маршруттарын дамытуға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастырып отыр.«Жасыл» технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшыларының бірі «Kanadevia Inova» индустриалды-технологиялық тобының басқарма төрағасы Тадаси Иванага халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы қалдықтарды энергияға айналдыру (Waste-to-Energy) жобаларын таныстырды. Компанияның кең тәжірибесі бар және Еуропа мен Азияның ірі қалаларында осындай жобаларды сәтті жүзеге асырған.Тәуелсіз кәсіпкер және инвестор Р.Бартолет «Schnellstrom» компаниясын таныстыра отырып, энергияны сақтау жүйелерін құру, өнеркәсіптік өңірлер үшін энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ технологиялық шешімдерді Қазақстан аумағында локализациялау бойынша ынтымақтастық ұсынды.ҚР Сыртқы істер министрі екіжақты тиімді ынтымақтастық технологиялар трансфері мен швейцариялық қатысуымен инвестициялық жобаларды кеңейтуге айтарлықтай әлеует ашатынын атап өтті.Атап айтқанда, қалдықтарды өңдеу бойынша заманауи технологиялар енгізу, баламалы энергетиканы дамыту, энергетикалық және туристік инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Кездесулер швейцариялық бизнес өкілдерінің Қазақстанға жоғары қызығушылық танытатынын және негізгі экономикалық секторларда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін нақты көрсетті. Е.Көшербаев Қазақстанның Швейцария үшін стратегиялық маңызды сауда-экономикалық серіктесі ретіндегі позициясын нығайтатын инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, озық технологиялар мен шешімдерді белсенді енгізуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1122745?lang=kk
Шымкентте үлкен жылыжай кешенінің құрылысы басталды. 02.12.2025
Шымкентте тағы бір ірі жылыжай кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Польшаның «Фабе-Агро» компаниясының басшылығымен бірге құны 137 миллион доллар болатын жобаның іске қосылуына арналған капсула салу рәсіміне қатысты. Жоба Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылуда. Жылыжай кешенінің жалпы ауданы 144 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылымды орнату және құрылыс алаңын дайындау жұмыстары басталды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын 36 000 тоннаға дейін көкөніс өндіріп, 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Салтанатты шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл жоба Шымкенттің агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Ол жаңа жылыжай кешені өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартып, жергілікті нарықты сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ететінін мәлімдеді. "Шымкентте тағы бір экономикалық маңызы бар жоба басталып жатыр. Өздеріңізге белгілі, түрік инвесторларының жылыжай кешені алғашқы өнімін беріп үлгерді. Бұл екі ірі жоба қаланың ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосып, салаға тың серпін береді", - деді Ғ.Сыздықбеков. Мамандар да жаңа жобаның өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін айтарлықтай арттыратынына сенімді. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Талғат Меқамбаевтың айтуынша, инвесторлар жобаны 2025-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырып, қызанақ пен қиярды нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Қазақстандағы ірі жылыжай кешендерінің жартысынан астамы Шымкентте орналасқан. Бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру Шымкенттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыруға айтарлықтай септігін тигізеді. Сондай-ақ, заманауи жылыжай технологияларын енгізу тұрғындарды жыл бойына жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ете отырып, өнімділік пен өнім сапасын айтарлықтай арттырады.
ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ 02.12.2025
Шымкент қаласында тағы бір ірі жылыжай кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Польшаның Fabe-Agro компаниясының басшылығы құны 137 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа агроөнеркәсіптік нысанның құрылысына арналған капсула салу рәсіміне қатысты.Жоба Шымкенттің Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылуда. Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 144 гектарды қамтиды. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу жұмыстары басталып, құрылыс алаңы дайындалуда. Ауқымды нысан іске қосылғаннан кейін жылына 36 мың тонна көкөніс өндіріліп, қалада мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.Іс-шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған жобаның Шымкенттің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жылыжай өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, жергілікті нарықты сапалы әрі қолжетімді өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.– Шымкент қаласында экономикалық тұрғыдан маңызды тағы бір жобаның құрылысы басталып отыр. Бұған дейін түркиялық инвесторлардың жылыжай кешені алғашқы өнімін берген болатын. Бұл екі ірі жоба қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына жаңа серпін бермек, – деді Ғ. Сыздықбеков.Сала мамандары да жаңа жобаның аймақтың аграрлық әлеуетін күшейтетініне сенімді. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаевтың айтуынша, инвесторлар 2025–2028 жылдары жобаны кезең-кезеңімен іске асырып, қызанақ пен қияр өндіруді жоспарлап отыр. Бүгінде еліміздегі ірі жылыжай кешендерінің жартысынан астамы Шымкент қаласында орналасқан.Жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асуы Шымкенттің азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаны реттеуге және агроөнеркәсіптегі өндіріс көлемін арттыруға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, заманауи жылыжай технологияларын енгізу өнім сапасының жоғары болуына және халықты жыл бойы балғын көкөніспен қамтуға мүмкіндік береді.
Қорғаныс министрлігінің офицерлері еліміздің шығысындағы әскери бөлімдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді 02.12.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Аягөз және Өскемен гарнизондарында жұмыс сапарымен болды.Вице-адмирал Серік  Борамбаев 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде өткен жас сарбаздардың әскери ант беру рәсіміне қатысты. Іс-шараның маңыздылығын атап өткен министрдің орынбасары сарбаздарға жауынгерлік дайындықта табыс және әскери мамандықты меңгеруде табандылық тіледі. Ол сондай-ақ ант беру салтанатына арнайы келген сарбаздардың ата-аналарымен сұхбаттасып,  пікір алмасты.Ақпараттық десант құрамында Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің, Әскери білім және ғылым департаментінің, Экономика және қаржы департаментінің, заң қызметінің және Әскери инфрақұрылым басқармасының офицерлері бар. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Отбасы банкі» мен «Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары да түсіндіру жұмыстарына тартылды. Жобаның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.Әскери қызметшілердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, қаржылық қамтамасыз ету және моральдық рухтарын көтеру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.Гарнизондарда ақпараттық-түсіндіру тобы әскери қызметшілерді жеке қабылдау жүргізді. Онда жаңа заңнамалар бойынша түсініктемелер беріліп, әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және тұрғын үй төлемдерін алу тәртібі жөнінде ақпараттар ұсынылды.Қорғаныс министрлігінің офицерлері сондай-ақ әскери госпитальді, әскери қызметшілердің балалары оқитын орта мектептерді, Аягөз гарнизонының әскери қалашығын аралап, тұрғындарымен әңгімелесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117576?lang=kk
Қазақстанның Елшісі NUST университетінде Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының жаңа бағыттары жөнінде дәріс оқыды 02.12.2025
Исламабад, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Ұлттық ғылым және технология университетінде (NUST) Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Қазақстан-Пәкістан екіжақты қатынастары: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды.Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы, сарапшылар, сондай-ақ NUST студенттері қатысты.Өз сөзінде Е. Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі туралы жан-жақты баяндап, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше тоқталды.Елші академиялық әріптестікті нығайту екі елдің әрі қарай жақындасуының маңызды тетігі екенін атап өтіп, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Сондай-ақ Елші көлік-логистика саласына жеке тоқталып, Қазақстан, Орталық Азия және Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі бұл бағыттың айрықша маңызын атап өтті және осы жұмыстың негізгі бағыттарымен бөлісті.NUST студенттері өңірлік қауіпсіздік, көлік өзара байланыстылығы, инновациялық даму және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы жастардың рөлі жөніндегі мәселелерге жоғары қызығушылық танытты.Елшілік дәрісті ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен қонақжайлығы үшін NIPS NUST ынтымақтастықты дамыту жөніндегі директоры мырза Амир Якубқа және д-р Ашфақ Хасан Ханға алғыс білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1117545?lang=kk
Қазақстан мен Черногория арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастық 02.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсанда Черногориядағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Ғабиден Темірбек «Эйр Астана» әуе компаниясының Еуропа өңірі бойынша бас менеджері Сусит Хеттихевамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Астана, Алматы және Подгорица қалалары арасындағы рейстердің оң серпіні мен 2026 жылға арналған ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы туристік байланыстарды нығайтуда әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1117549?lang=kk
АҢДАТПА! 2025 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «ҚР Жаңа Салық кодексіне ҚҚС тіркеу есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен инновациялар (ҚҚС бойынша есепке қою түрлері, алу, ҚҚС бойынша шектен асып кету және т. б.)» тақырыбында интернет-конференция өтеді. 02.12.2025
        2025 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «ҚР Жаңа Салық кодексіне ҚҚС тіркеу есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен инновациялар (ҚҚС бойынша есепке қою түрлері, алу, ҚҚС бойынша шектен асып кету және т. б.)» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Egov.kz сайтына кіріп, https://dialog.egov.kz/conference/5354 сілтемесі бойынша аталған тақырыпта сұрақтарды қалдырыныздар.       Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Әзімшайық Еділ Серікұлы жауап береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1117561?lang=kk
Өкілдік Басшысы Түркияның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 02.12.2025
2025 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Түркия Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Тугба Озденфедакарға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Түркияның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1117500?lang=kk
Өкілдік басшысы «Cardinal» венгриялық компаниясы қабылдады 02.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «Cardinal» венгриялық қаржы технологиялары компаниясының директоры Немчич Робертті қабылдады. Кездесу барысында тараптар цифрландыру және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1117507?lang=kk
БҚО-да сауда желісі әлеуметтік маңызы бар тауар үшін 10% заңсыз сыйақы талап еткен 02.12.2025
Батыс Қазақстан облысында бірқатар кәсіпкер жеткізу шарттарына жергілікті тауар өндірушіні сауда желісіне жеткізілген өнім құнының 10 пайызы көлемінде сыйақы төлеуге міндеттейтін тармақ енгізген. Алайда шарттың нысаны – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін сары май өнімі болғандықтан, мұндай талап заңға қайшы.Аталған дерек бойынша ақпарат түскеннен кейін БҚО Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тексеру жүргізіп, құқық бұзушылық фактісін растады. Тексеру нәтижесінде сауда желісінің заң талаптарын біле тұра, әлеуметтік маңызы бар тауарға қатысты сыйақы төлеу міндетін шартқа енгізгені анықталды.Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, кейбір жағдайларда азық-түлік тауарларының бағасына сыйақыны енгізуге рұқсат беріледі. Дегенмен мұндай сыйақы мөлшері өнім құнының 5 пайызынан аспауы тиіс және ол тек әлеуметтік маңызы жоқ тауарларға ғана қолданылуы мүмкін. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша кез келген сыйақы төлеуге заң жүзінде толық тыйым салынған.Жалпы, 2025 жылдың өткен кезеңінде Департамент 192 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл көрсеткіш ведомствоның сауда саласында мемлекеттік бақылауды қатаң әрі жүйелі түрде жүргізіп отырғанын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен баға реттеу мәселелерінде заң талаптарының орындалуына ерекше назар аударатынын көрсетеді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117476?lang=kk
Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы 02.12.2025
Бүгін аппараттық кеңесте басты мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындық  және жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру барысы туралы баяндалды.Тәуелсіздік күні - еліміздің маңызды мерекесіне орай  Қостанайдың барлық білім және мәдениет ұйымдарында қоғам қайраткерлерімен тақырыптық кездесулер, дәрістер, көрмелер, квесттер, патриоттық сабақтар өтеді, Ахмет Байтұрсынұлы мен Мыржақып Дулатұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланған.Жаңа жылдық іс-шаралар облыс әкімдігінің орталық алаңында, «Жастар» бульварында, «Керуен» саябағында, Қонай және Юбилейный шағын аудандарында бір уақытта шыршаларды жағудан басталады.  Қала тұрғындарының қалауы бойынша биыл шыршаларды жағу рәсімі 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де өтеді.  Бұл уақыт жұмыс күні мен мектептегі екінші ауысым аяқталғаннан кейін балалары бар ата-аналар мерекелік іс-шара орындарына уақытылы жетіп, асықпай тамашалауға ыңғайлы болу үшін белгіленді.Дәстүр бойынша, қала орталығында, сондай-ақ басқа орындарда мұз сырғанақтары, жарықтандырылған мұз айдындары,  мұз лабиринті, тақырыптық мұздықтар және жарық композицияларымен жабдықталады.Естеріңізге саламыз: мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, балаларды бақылау және пиротехника мен мерекелік әшекейлерді пайдалану ережелеріне мұқият қарау маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1117478?lang=kk
Тауарларды уақытша сақтау қоймалары және "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Кодекстің 165-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылуы мүмкін өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады. 02.12.2025
Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптарӨтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болуы тиіс.Өтініш беруші өзінің меншігінде, шаруашылық/оперативтік басқаруында немесе жалға алу арқылы тауарларын сақтау үшін бөлінген ғимарат немесе ашық алаңға ие болуы керек.Егер объект жалға алынған болса, жалға алу келісімшарты өтініш берілген күннен бастап кемінде 6 айға жасалған болуы тиіс.Қойма/сақтау алаңына қойылатын талаптарСертификатталған таразы жабдықтары болуы керек, тауар түріне және көлік құралдарына сәйкес.Жақсы жағдайдағы кіру жолдары, тауарларды тексеру орындары, берік жабынды (бетон, асфальт, резеңке немесе басқа) және қажет болған жағдайда жабық алаңдар мен электр жарығы болуы қажет.Қойманың аумағы (қоймалар, алаңдар, тиеу-түсіру орындары) бірдей пошталық мекенжайға ие болуы және бүкіл периметрі бойынша жабық болуы керек.Қойма/аумақ кеден заңнамасының талаптарына сәйкес аймақ ретінде белгіленуі тиіс.Құжаттар мен өтініш беру тәртібіМТСҚ тізіліміне қосылу өтініші «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы (keden.kgd.gov.kz) беріледі.Өтінішке құқықты растайтын құжаттар (меншік немесе жалға алу, жалға алу мерзімі ≥ 6 ай), сондай-ақ қойманың техникалық талаптарға сәйкес екенін растайтын құжаттар (жоспарлар, схемалар, жабдықтар, мекенжай, шекаралар және т.б.) қосылуы керек.Өтініш берілгеннен кейін территориялық кеден органы ғимараттар мен аумақты тексеріп, талаптарға сәйкестігін бағалайды.Меншікті таурларды сақтау коймасы қосу туралы шешім өтініш тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1117449?lang=kk
Қарағанды облысының қалалық және аудандық маслихаттарының шешімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық салу мөлшерлемесі 4% дан 2 % дейін төмендетілді. 02.12.2025
Қарағанды облысының қалалық және аудандық маслихаттарының шешімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық салу мөлшерлемесі 4% дан 2 % дейін төмендетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1117450?lang=kk