Қоғам
Финляндия бизнесі Қазақстанға іскерлік сапардың қорытындысын шығарды 28.11.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 26 қараша – «EastCham Finland» кеңсесінде Финляндия Президенті А. Стуббтың 2025 жылғы 28–29 қазанда Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде еріп келген бизнес-делегация мен фин компанияларының кездесуі өтті.Кездесуге қатысушылар өткен «Қазақстан–Финляндия» бизнес-форумының қорытындыларын, қол жеткізілген уағдаластықтарды және ынтымақтастықтың алғашқы практикалық нәтижелерін талқылады.Фин бизнесі өкілдері Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанға деген жоғары қызығушылықты атап өтті. Энергетика, көлік және логистика, білім беру, денсаулық сақтау, орман және су шаруашылығы, туризм және экология бағыттарына ерекше назар аударылды.Сондай-ақ бірлескен жобаларды дамыту және сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.Кездесу барысында Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдірайымов мұндай ауқымды бизнес-делегацияның Қазақстанға сапары іскерлік әріптестікті одан әрі дамыту үшін маңызды бастау болатынын, өңірге деген компаниялардың қызығушылығын арттыратынын және екіжақты қатынастардың серпінді өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1115508?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қорының басшысымен кездесу өткізді 28.11.2025
Астана, 2025 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар Қор аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, ұйымның жобалық қызметі бойынша пікір алмасты.Е.Көшербаев Қазақстанның түркі ынтымақтастығының мәдени-гуманитарлық бағытын дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.А.Райымқұлова ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлімет беріп, Қордың 2026 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылды. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1115488?lang=kk
🔰Жамбыл облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды 28.11.2025
2025 жылдың 27 қараша күні, таңғы 05:00 шамасында «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің және Шу–Талас бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары бірлескен рейд жүргізу барысында Талас ауданы, Аққұм кенті маңындағы құмды алқаптан заңсыз атылған қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасын анықтады.Оқиға орнынан «А» және «Ж» есімді азаматтар жол талғамайтын автокөлігімен ұсталып, бір бірлік аңшы қаруы тәркіленді.Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі уақытта іске қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1115491?lang=kk
Бағаны рубльмен көрсеткен Петропавлдағы супермаркет әкімшілігі жауапкершілікке тартылды 28.11.2025
Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының тұрғыны баға белгілеу заңнамасының бұзылуына байланысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Оның айтуынша, қаладағы супермаркеттердің бірінде тауардың бағасы ұлттық валюта – теңгемен емес, Ресей рублімен көрсетілген. Түскен өтініш негізінде департамент мамандары сауда нысанына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, баға белгілерінде шетел валютасы көрсетілгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы, себебі тауарлар мен қызметтердің бағасы тек теңгемен көрсетілуі тиіс. Тексеру нәтижесінде супермаркет иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, департамент анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, сауда орнының басшылығына баға белгілерін заң талаптарына сәйкестендіруді міндеттеді. Мұндай жағдайлар тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын да бұзады. Бағаның шетел валютасымен көрсетілуі есеп айырысуда қиындықтар туғызып, сауда орындарына деген сенімсіздік қалыптастыруы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әрбір азамат тауардың құны туралы дұрыс әрі ашық ақпарат алуға құқылы екенін еске салады. Заң бұзушылық анықталған жағдайда тұтынушылар өз мүдделерін қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115471?lang=kk
Онкоскрининг тегін қызметтер пакетіне енді: Денсаулық сақтау министрі өңір халқына жаңалықтарды жеткізді 28.11.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысы аясында Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндама жасады.Кездесу барысында министр биылғы 9 айдың қорытындысына тоқталып, денсаулық саласындағы оң өзгерістерді атап өтті.Денсаулық саласындағы ең ойталы шешім, бұдан былай бұқара скринингтік тексеруден кепілді медициналық көмек аясында өте алады. Республиканың бас дәрігері Ақмарал Әлназарова, аталған ақжолтай хабарды халыққа жеткізіп қана қоймай, аталмыш тексеруден ендігі кезде 76 жасқа дейінгі ел тұрғындары өтетінін айтты. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне ендігі кезде онкоскринингте қосылды. Бұл өз кезегінде 300 мың сақтандырылмаған халықтың тексеруден өтуіне мүмкіндік береді»,-деді Ақмарал Әлназарова.Кездесу барысында, министр жедел-жәрдем қызметіндегі өзгерістерді атады. Оның айтуынша, 4-санаттағы жедел шақыртулар МСАК деңгейіне беріліп, мобильдік бригадалар мен call-орталықтар енгізілді. Бұл жедел жәрдем жүктемесін 40–50%-ға..төмендеткен. Сондай-ақ жедел жәрдем кабинеттерінің ашылуының арқасында стационарларға түсетін өтініштер саны 20 %-ға азайған. Министр медициналық сақтандыру жүйесін күшейту бойынша қабылданған заңнамалық өзгерістерді де түсіндірді.2026 жылдан бастап:– МӘМС жарналарының есептеу базасы ұлғайады;– жүйеге қосымша 200 млрд теңге түседі.2027 жылдан бастап:– мемлекет жарналары 2 %-дан 4,7 %-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.Айта кетейік, Алматы облысында бүгінгі таңда халықтың 83,2 %-ы сақтандырылған, 16,8 %-ы сақтандырылмаған. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін өңірлік штаб құрылған.Министр денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасатынын айтты.«Халықтың сұранысына сай келетін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру – басты міндетіміз», – деп қорытындылады Ақмарал Әлназарова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1115479?lang=kk
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою 28.11.2025
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою18 шілде күні жаңа Салық кодексі қабылданды. Онда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер көзделген. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Күнтізбелік жыл ішінде айналымы шекті мөлшерден асқан салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде міндетті түрде тіркеу есебіне қойылады. 2026 жылдан бастап шекті айналым мөлшері 10 000 АЕК ~ 43 млн теңге (2026 жылғы АЕК – 4 325 теңге) болады.Бұл талап тек жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін салық төлеушілерге қатысты. ҚҚС тіркеу есебіне міндетті түрде қоюдан босатылғандар: мемлекеттік мекемелер, филиалдар,жекеше тәжірибемен айналысатын адамдар (адвокаттар, ЖСО, нотариустар, кәсіби медиаторлар),арнайы салық режимдерін қолданатын барлық салық төлеушілер;жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар.Сонымен қатар, айналымы 43 млн теңгеден аспайтын салық төлеушілер де ҚҚС тіркеу есебіне қоюдан босатылады. Тіркеу тәртібі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш шекті айналым мөлшерінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.Егер мәміле шекті мөлшерден асып кететін болса, салық төлеуші өтінішті мәмілені жүзеге асырғанға дейін ұсынуы қажет.Өтініш берудің 2 тәсілі бар: электронды түрде; қағаз жеткізгіште, келіп тапсыру арқылы. Жауапкершілік ҚҚС бойынша тіркеуге қою мерзімін бұзғаны үшін салық төлеуші ӘҚБтК-нің 269-бабының 3-бөлігі бойынша (50 АЕК) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал тіркелмеген кезеңде айналым жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 275-бабының 5-бөлігімен айналым сомасының 15%-ы мөлшерінде айыппұл қарастырылған.ҚҚС тіркеу есебінен шығару ҚҚС төлеушісі тіркеу есебінен тек екі жағдайда шығарылады:жалпыға бірдей тәртіптен арнайы салық режиміне ауысқан кезде;қызметін тоқтату немесе тарату кезінде. 2026 жылдан бастап айналымның ең төменгі мөлшеріне қол жеткізбеу себебімен ерікті түрде ҚҚС тіркеу есебінен шығару қарастырылмағанын назарға саламыз. Салықтық тіркеуді сақтау мониторингі ҚҚС бойынша міндетті тіркеу талабын бұзған салық төлеушілерге қатысты салықтық тіркеуді сақтау бойынша мониторинг жүргізілетін болады. Бұл бақылау шарасы тек ҚҚС тіркеуіне ғана емес, жеке кәсіпкерлерге, жекеше тәжірибемен айналысатын тұлғаларға және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады. Бұзушылық анықталған жағдайда салық төлеушіге хабарлама жіберіледі.Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні. Салық төлеушілерге ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы шекті айналымға жақындау жөнінде жүйелі түрде ескерту жіберіп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1116961?lang=kk
Қазақстан бизнес-делегацияның Карачи қ. «FoodAg2025» 3-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуы туралы 28.11.2025
Синд провинциясы, 2025 жылғы 25-26 қараша – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Директорының м.а. А.Тайшиков пен «QazTrade» сауда саясатын дамыту Орталығының Басқарушы директоры Б.Ахметов бастаған Қазақстан бизнес-делегация Карачи қ. өткен «FoodAg2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.Аталағн іс-шараға 300-ден астам пәкістан ауылшаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ әлемнің 80 елінен 800-ден астам сауда компаниялары қатысты.Қазақстан делегация құрамына ауыл шаруашылығы, IT, құрылыс, сондай-ақ көлік-логистика салаларын ұсынатын 20 компания кірді. Елшілік пен Қазақстан бизнес-қоғамдастығы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде Елші Е.Қыстафин делегация мүшелерімен кездесу өткізіп, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолда бар әлеует туралы айтып, Пәкістан нарығына белсенді кіруге шақырды және нақты жобаларды талқылады.Кездесуге сондай-ақ «TCS» ірі көліктік-логистикалық компаниясы Даму жөніндегі бас маман Ахмед Зафар мырза қатысты, ол отандық бизнесмендерге Пәкістанмен импорттық-экспорттық операцияларды логистикалық сүйемелдеу бойынша перспективалар мен мүмкіндіктерді таныстырды.Қазақстанның Елшілігі Пәкістанның Сауданы Дамыту Агенттігі мен Пәкістанның Сауда-өнеркәсіп Палаталары Федерациясының басшылығымен келіссөздерді ұйымдастыруға, сондай-ақ Пәкістан бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен В2В кездесулерін ұйымдастыруға жәрдем көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1115445?lang=kk
Астанада халықаралық STEM олимпиада 2025 өтті 28.11.2025
22–24 қараша күндері Астана жас инженерлер мен өнертапқыштарды біріктірген инновациялық орталыққа айналды. Қалада өткен STEM Олимпиадасы мен «Роботтар шайқасы» халықаралық деңгейде 5 елден келген 250-ден астам қатысушыны жинады.Үш күн бойы оқушылар робототехника, бағдарламалау, инжиниринг және 3D-модельдеу бойынша жобаларын таныстырып, сайыстық тапсырмалар орындады. Ең әсерлі кезең – салмағы 15 келіге дейінгі роботтар қатысқан «Роботтар шайқасы».STEM Олимпиадасының жеңімпаздары мен үздік командалар марапатталды, ал алғаш рет өткен тәлімгерлер байқауы мұғалімдердің маңызды рөлін атап өтті.Астанада STEM олимпиадалары 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл алаң – болашақ инженерлер мен IT мамандарының алғашқы қадамын қалыптастыратын маңызды бастама. https://www.instagram.com/p/DRhQyxkCNXD/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1115418?lang=kk
Қазақстан Республикасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері жөніндегі кеңес 28.11.2025
2025 жылғы 28 қарашада бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1115373?lang=kk
ҚР Елшісі Е. Қыстафиннің Карачи қ. жұмыс сапары туралы 28.11.2025
Синд провинциясы, 2025 жылғы 8-9 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Карачи қ. жұмыс сапар барысында Пәкістан әскерінің Фитнес және Спорт Бас директоры генерал-майор А.Рахманидің шақыруымен құрметті қонақ ретінде Пәкістан Олимпиадалық қауымдастығы мен Синд провинциясы Үкіметі ұйымдастырған Пәкістанның 35-ші Ұлттық Ойындарына қатысты.Ұлттық Ойындар жеңіл атлетика, күрес, гимнастика, желкенді спорт және басқаларын қоса алғанда, 32-ден астам спорт түрлерінің өкілдерін біріктірген елдің маңызды спорттық-бұқаралық іс-шарасына болып табылады.Ойындар аясында көрермендер мен спортшылардың назарына Қазақ ұлттық күресі – «Қазақ Күресі» ережесі бойынша көрме жиындары көрсетілді.Өз сөзінде генерал-майор А.Рахмани іс-шараға қатысушылар мен көрермендерді Пәкістанда күрестің осы түрін дамыту, жақын арада бүкіл ел бойынша Федерация филиалдарының желісінің ашылуымен «Пәкістанның Қазақ Күресі Федерациясын» тіркеу ниеті туралы хабардар етті.Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Карачи қ. іскер топтарымен, оның ішінде «TCS» логистикалық компаниясының негізін қалаушы және Басқарма Төрағасы Халид Наваз Аван мырзамен, «Tabani Group» холдингтік компаниясының Басқарма Төрағасы және Бас директоры Хамза Табани мырзамен және «M.H. Dadabhoy» компаниялар тобы Басқарушы директоры Фазал Кәрім Дадабой мырзамен тұлғасында ірі бизнес өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді.Өткен кездесулер барысында екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды одан әрі арттыру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, сондай-ақ 2026 ж. Қазақстанға бару үшін Карачи қ. кәсіпкерлер делегацияларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1123373?lang=kk
Қазақстан мен ITC цифрлық реформалар арқылы Орталық Азияның сауда интеграциясын ілгерілетуде 28.11.2025
26-27 қарашада Ташкентте өтетін «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Үшінші Экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі Жанель Кушукова мен QazTrade Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың Халықаралық сауда орталығының (ITC) Атқарушы директоры Памела Коук-Гамильтонмен жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздер конструктивті түрде өтті және сауданы жеңілдету, цифрлық трансформация және өңірлік өзара байланысты нығайту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламалар шеңберінде Еуропалық Одақтың қолдауымен дамып келе жатқан Қазақстан мен ITC арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін растады. Өзара іс-әрекет Ready4Trade Central Asia және Ready4Trade бағдарламаларын қамтиды: Сауданы дамытуға, рәсімдерді цифрландыруға және өңірдегі өңірлік өзара байланысты нығайтуға бағытталған Транскаспий көлік дәлізі арқылы өркендеу жолы. Ready4Trade Central Asia екінші кезеңінің нәтижелерін талқылауТараптар Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасының екінші кезеңінің негізгі жетістіктерін қарастырды. Талқылауға мыналар кірді: ұлттық деңгейде сауда рәсімдерін жетілдіру және Орталық Азия елдері арасындағы келісімді нығайту; шекара маңын әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және тауарларды жедел өткізу үшін жағдайлар жасау; өңірішілік сауданы дамытуға жәрдемдесу; Транскаспий көлік дәлізі бойындағы халықаралық сауданы дамыту үшін жағдайларды жақсарту. Еуропалық Одақты қолдау ашықтықты арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнес үшін жағдайды жақсартуға бағытталған реформаларды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. CART.IS бастамасының нәтижелері Тараптар ITC Сауда және интеграция министрлігімен тығыз ынтымақтастықта және тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен іске асырылатын CART.IS бастамасы шеңберінде қол жеткізілген прогресті талқылады. Жұмыс мыналарды қамтиды: сыртқы сауданы реттеуге қатысатын мемлекеттік органдардың цифрлық жетілуін талдау; ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін бағалау; негізгі сауда процестерін картаға түсіру; әкімшілік рәсімдерді цифрлық трансформациялау және жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау. Ұсынылған шаралар шекара маңы және халықаралық сауда саласындағы басқару процестерін одан әрі жаңғырту және қазіргі заманғы, цифрлық және келісілген реттеу жүйелеріне көшу үшін негіз жасайды. Экспорттық әлеуетті дамыту:өсімдік майлары бойынша жол картасыВице-министр мен ITC басшысы Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Талқылау барысында ITC Министрлікпен бірлесіп әзірленген секторды кешенді талдауды, нарықтық мүмкіндіктерді бағалауды және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтитын Өсімдік майларының экспортын дамыту жөніндегі үш жылдық жол картасының маңыздылығы атап өтілді. Вице-министр Кушукова сондай-ақ экономиканың басқа экспортқа бағдарланған секторларына осындай кешенді тәсілді қолдану әлеуетін атап өтіп, одан әрі стратегиялық жоспарлау үшін оның практикалық құндылығын атап өтті. Серіктестікті бағалау және одан әрі өзара әрекеттесу Сауда және интеграция министрлігі ITC-мен жалғасып жатқан өзара ынтымақтастығының маңыздылығын және Еуропалық Одақтың сауда рәсімдерін жеңілдетуге, мемлекеттік процестерді цифрландыруға, экспорттық әлеуетті дамытуға және өңірлік интеграцияны нығайтуға бағытталған реформаларды қолдауға қосқан үлесін атап өтті. Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылатын ITC қызметі өңірдегі интеграциялық процестерді ілгерілетуге және Транскаспий көлік дәлізі бойындағы бағыттарды қоса алғанда, сауда өзара байланысын дамытуға ықпал ететіні атап өтілді. Тараптар бизнес үшін қолайлы орта қалыптастыруға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Ready4Trade Central Asia жобасының бастамаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115409?lang=kk
Қатты тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқысты шығару бойынша өтініштерді қабылдау тәртібі 28.11.2025
Сіз iKomek-ке қатты тұрмыстық қалдықтар мен үлкен қоқыстарды көпқабатты тұрғын үй аумағынан шығару туралы келесі әдістердің бірін қолдана отырып жүгіне аласыз:Бірыңғай тегін 109 нөміріне қоңырау шалыңыз.Whatsapp мессенджерлеріне, Telegram чат-ботына, Instagram-ға жазыңыз.SmartQostanai мобильді қосымшасы арқылы хабарласыңыз.Өтінішті тіркеу үшін операторларға төмендегі ақпаратты хабарлауды ұмытпаңыз, сонда өтінім барынша жылдам өңделеді:• Қоқысты шығару қажет нақты мекенжай (қала, көше, үй нөмірі).• Қоқыс түрі: ҚТҚ (контейнер толып кетсе) немесе ҮКҚ (мысалы, ескі жиһаз).• Мәселенің толық сипаттамасы: мысалы, «контейнерлер толып кетті», «ҮКҚ контейнері бірнеше күн бойы шығарылмады» немесе «пәленші күні қойылған ҮКҚ әлі шығарылмады».• Байланыс деректері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1115338?lang=kk
Сауда және интеграция министрлігі 26 қарашада өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің коммерция және сыртқы сауда министрлерінің 5-ші кеңесіне қатысты 28.11.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 26 қарашада өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің коммерция және сыртқы сауда министрлерінің 5-ші кеңесіне, сондай-ақ 24–25 қарашада Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен сауда, инвестициялар және өзара байланысты бағыттар жөніндегі Жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының (HLEG) 5-ші отырысына қатысты.Отырыс ЭЫҰ шеңберінде өңірлік сауданы дамыту және экономикалық интеграцияны тереңдетудің негізгі бағыттарына арналды. Талқылауда сауда және кедендік рәсімдерді жеңілдету шаралары, жеке сектордың қатысуын кеңейту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ ЭЫҰ-ның «Vision 2025 and Beyond» Стратегиясын іске асыруға бағытталған практикалық қадамдар болды. Қатысушылар ерекше назарды арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға, қағазсыз сауданы ілгерілетуге және электрондық сауданы одан әрі кеңейтуге бөлді. Аталған бағыттар бүгінде өңір ішіндегі тұрақты экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды қозғаушы күштеріне айналып отыр.Ресми бағдарламамен қатар Ыстанбұлда Halal Expo 2025 халықаралық көрмесі өтті, онда 10 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды. Отандық өндірушілердің қатысуы Қазақстанның халал өнімдер сегментіндегі өсіп келе жатқан әлеуетін айқын көрсетуге мүмкіндік берді. Көрмеде таныстырылған тауарлар шетелдік әріптестердің қызығушылығын тудырып, қазақстандық экспортты ЭЫҰ елдері нарықтарында да, одан тысқары өңірлерде де кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашты.Анықтама үшін: Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы өзара сауда оң динамиканы сақтап, әрі қарай өсуге жоғары әлеует көрсетуде. 2025 жылдың 9 айында Қазақстан мен ЭЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы $11,2 млрд.-ты құрады (2024 жылғы қаңтар–қыркүйек — $10,2 млрд.), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5% өсімді көрсетеді. Экспорт 17,9%-ға артып, $8,3 млрд.-қа жетті, импорт $2,9 млрд. болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115361?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: 28.11.2025
Eң өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді. «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 781 мыңнан астам адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді.Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылытүскен 395 мыңнан астам өтініш өңделді.Салымшылар мен алушылардың талқысына жиі түсетін ең маңызды тақырыптарды таңдап алған Қор мамандары сұрақ-жауап сессиясын өткізуді ұйғарды. 4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.Кездесу интерактивті онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m936a8b127950318fa6eaceccb1172d70Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 996 4210Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 1234 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). «День открытых дверей» в АО «ЕНПФ» - изучаем возможности инвестирования своих пенсионных накопленийВ рамках информационно-разъяснительной работы среди населения 11 и 13 декабря 2024 года АО «ЕНПФ» проведет «День открытых дверей» на тему: «Инвестиционные стратегии УИП. Рассмотрение актуальных вопросов вкладчиков». Во время проведения Дня открытых дверейвкладчикам ЕНПФ представится уникальная возможность получить информацию об управлении пенсионными активами непосредственно от представителей управляющих инвестиционным портфелем (УИП). Каждый УИП презентует свою стратегию инвестирования и ответит на вопросы участников мероприятия. Специалисты ЕНПФ подскажут, где найти информацию об УИП и как перевести им накопления, если вкладчик сделал свой выбор.Как известно, с января 2021 года вкладчики ЕНПФ получили возможность передавать свои пенсионные накопления частным инвестиционным компаниям – УИП. Изначально можно было передать только накопления, превышающие порог минимальной достаточности или оставшиеся на пенсионном счете после заключения договора пенсионного аннуитета со страховой компанией. Однако с 1 июля 2023 года инвестиционные возможности расширились: теперь вкладчики ЕНПФ могут передать до 50% своих сбережений за счет обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов, а также 100% добровольных взносов в доверительное управление частным компаниям. Встреча пройдет в онлайн-формате, что позволит принять участие в ней всем желающим. Надеемся, она будет полезна всем – как вкладчикам, так и журналистам, задействованным в освещении тем, касающихся накопительной пенсионной системы Казахстана.Для участия в мероприятии необходима регистрация.Просим Вас пройти по ссылке (вписать ссылку каждому филиалу отдельно).Номер event-совещания: (вписывает сам филиал)Пароль event-совещания: (вписывает сам филиал) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1115285?lang=kk
Баспасөз хабарлама «Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің iPhone онлайн ұрлануда» 28.11.2025
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдыққауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатыстыинтернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lost-iphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-itwas-found / https://itc.ua/news/moshennyky-obmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymysoobshhenyyamy-apple-find-my/)ақпаратына сәйкес құқықбұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMSнемесе iMessage жолдайды, хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі жәнежадының көлемі көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығынкөрсету әсерін қолданады.Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find Myсервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині менпаролін алаяқтарға жолдайды.Бұл құқықбұзушыларға iPhone белсендіру блоктауын айналып өтуге,құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескереотырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстану ұсынылады:- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратынкөрсету үшін бөлек электронды пошта мекенжайын пайдалануды;- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1115309?lang=kk
Жоғары гастрономия қазақ дипломатиясы қызметінде 28.11.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 27 қараша - Қазақстанның Португалиядағы Елшілігі ҚР Португалияның солтүстік өңірлеріндегі құрметті консулы Жиль Фернанду Виейраның және MPL Culture компаниясының демеушілік қолдауымен «Дала мен мұхит» тақырыбында халқымыздың бай асханалық мұрасын португал халқының таңдаулы гастрономиялық дәстүрлерімен тоғыстырған бірегей жоғары дәрежелі мәдени-гастрономиялық кеш ұйымдастырды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шара 27 қараша күні Лиссабон қаласының тарихи жүрегінде орналасқан EPUR мейрамханасында өтті. Michelin жұлдызының иегері әрі еуропалық гастрономия кеңістігінде кеңінен танылған шеф-аспаз Вэнсан Фарж Қазақстанның ең үздік аспаздық шеберлерінің бірі, Qazaq Gourmet мейрамханасының жетекші шефі және La Liste-2026 Францияның беделді гастрономиялық рейтингіне енген Артем Канцевті арнайы қонақ ретінде қабылдады.Екі жоғары деңгейдегі шебердің «төрт қолмен» әзірлеген кешкі асы кеш қонақтары тарапынан айрықша жоғары бағаланды. Шараға Португалия Гастрономия академиясының президенті Карлуш Фонтау Карвалью, Лиссабон муниципалдық палатасының Бас хатшысы әрі Еуропалық гастрономиялық мәдениет қауымдастығының президенті Алберту Лаплейн Гимарайнш, Оэйраш қаласы мэрінің орынбасары Франсишку Роша Гонсалвеш, Еуропадағы жетекші ғылыми-технологиялық парктердің бірі - Taguspark-тың Бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейа, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың, іскер топтардың және ұлттық БАҚ өкілдері қатысты.Қонақтарға арнаған сөзінде Қазақстанның Елшісі Жан Ғалиев ұлттық тағам мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасқан, терең мағыналы әрі ұлт руханиятымен тамырлас құндылық екенін атап өтті: «Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас тарихында алғаш рет гастрономиялық көпір Еуразия кеңістігінің екі шетін - шексіз дала мен тұңғиық мұхитты - табыстырып отыр», – деді ол. Сонымен қатар, ол бұл мәдени кеш Елшілік бастамашы болған «Қазақстанды бес сезім арқылы таны» атты мәдени дипломатия жобасына ресми түрде жол ашқанын жеткізді. Алдағы уақытта қазақстандық асхананың тәмін танытатын бұл игі бастама Португалияның түрлі қалаларында ұйымдастырылатын сурет, мүсін және ұлттық кілемдер көрмелерімен, дәстүрлі музыка мен ән өнерін дәріптейтін концерттермен жалғасын таппақ.Кеш соңында Елші қонақтарға екі халық арасындағы рухани үндестік пен мәдени сабақтастықтың символы ретінде португалдық дәстүрлі «Азулежу» стилімен әзірленген Қазақстан Республикасының Елтаңбасын тарту етті.Португал жұртшылығының Қазақстанмен жаңа қырынан тереңірек танысуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекемдеп, мәдени, гуманитарлық және іскерлік байланыстардың жаңа көкжиегін ашуға қызмет етеді.Анықтама: Азулежу (порт. azulejo - «көгілдір») — португал халқының сәулет-қолданбалы өнерінде кеңінен пайдаланылатын дәстүрлі өрнекті керамикалық қаптама. Ол Португалияның ұлттық мәдени мұрасының айрықша белгісі ретінде танылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1115314?lang=kk
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «ҮЗДІК САЛЫҚ ТӨЛЕУШІСІ» ЖӘНЕ «СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІК ҚАТЫСУШЫСЫ» САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕ ШАҚЫРУ! 28.11.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарын 2024 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша Жетісу облысының «Үздік салық төлеушісі» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға шақырады.Жетісу облысы жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты іс-шарасы 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 11:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 113, 5 қабат, конференц-зал.Жетісу облысы мен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып жатқан бизнес көшбасшыларын қолдауға келіңіздер. Біздің мақсатымыз – адал және ашық бизнесті дәріптеу!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1115327?lang=kk
Бақбақты ауылындағы көшелерге шұңқырларды жамау жұмыстары 28.11.2025
Бақбақты ауылында Абай, И.Панфилов, Т.Рысқұлов, А.Оспанов, М.Мақатаев, Р.Топатаев көшелеріне шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115332?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатының уақытша комиссиясы 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобаларын қарады 28.11.2025
Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.Комиссия жұмысы барысында бөлім басшысы тыңдалып, ұсынылған материалдар зерделенді. Қарау нәтижелері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынымдар берілді: Орталықтағы адамдардың нақты санын ескере отырып, Қайта әлеуметтендіру орталығындағы шығындарды оңтайландыру, оларды қала аумағының тазалығын сақтау бойынша коммуналдық ұйымдардағы жұмыстарға тарту мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ инватакси қызметтеріне бюджеттік өтінімді нақты қажеттілікке дейін ұлғайту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1115272?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»:Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 28.11.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді. Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1115275?lang=kk