Қоғам
Мәжілісте әскери кафедралардағы оқыту сапасы талқыланды 28.11.2025
Айгүл Құспанның төрағалығымен өткен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында азаматтық жоғары оқу орындарының әскери кафедралары мен факультеттеріндегі дайындық сапасының мәселелері қаралды. Оған депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.Отырыста Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев қазіргі уақытта еліміздің 41 әскери кафедрасында 17 мыңнан аса студент білім алып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қоса дайындық сапасы біркелкі емес: кафедралардың жасақталу деңгейі орта есеппен 69% десек, жоғары оқу орындары бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көрсеткіші – 94%-дан асады, ал Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 42%-ды құрайды.Вице-адмирал Серік Борамбаев отырысқа қатысушыларды жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық жүйесін елеулі жаңартуға бағытталған реформалар кешенімен таныстырды. Әскери-патриоттық тәрбие жайлы заңға енгізілген түзетулер әскери кафедраларды құруға және олардың қызметіне қойылатын нақты талаптарды айқындайды. Оқу бағдарламаларын біріздендіру маңызды қосымша болды. Одан бөлек, оқу процесін ұйымдастыру, оқытушылардың жұмысы және әскери-оқу практикасын өткізу ережелері алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Вице-адмирал С. Борамбаев айтқандай, мұндай шаралар оқытуды стандарттауға және олқылықтарды заңды жоюға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, әскери факультеттер құрылып, әскери даярлық сапасына мониторингтің бірыңғай жүйесі енгізілетін болады. Оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін қызмет етіп жүрген әскерилер тартылатын болады. Студенттерді оқыту кезінде сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және бірлесіп пайдалану көзделген.– Осы шаралар кешенін іске асыру әскери-оқытылған резервті дайындаудың заманауи, тиімді және стандартталған жүйесін құруға, азаматтық және әскери білім берудің өзара іс-әрекетін нығайтуға, жастарға патриоттық тәрбие беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті вице-адмирал С. Борамбаев.Отырыста депутаттар мемлекеттік органдардың өкілдеріне білім беру бағдарламаларын жаңартуға, кафедралардың оқытушылармен жасақталуын арттыруға, заманауи оқыту құралдарымен жарақтандыруға және студенттердің практикалық даярлығын нығайтуға қатысты бірқатар нақты сұрақтар қойды.Талқылау қорытындысы бойынша заманауи технологияларды, нақты жауынгерлік тәжірибені ескере отырып, оқу бағдарламаларын кешенді жаңарту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және оқытудың практикалық құрамдас бөлігін күшейту қажеттігі атап өтілді. Қатысушылардың барлық мәлімдемелері комитеттің ұсынымдарында ескеріліп, Үкіметке жіберілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115264?lang=kk
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызу 28.11.2025
Бақбақты ауылдық округінде "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында ауыл орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагері мен Еңбек ардагері Алтынбай Сәтбаев атындағы саябаққа 100 түп шырша, 100 түп қайың және 100 түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115226?lang=kk
Адал азамат – мемлекеттік қызметші мен қоғам үшін жаңа идеал 28.11.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық құрылтайда атап өтті:Мемлекеттік қызметші жұмысқа мәртебе үшін емес, халық пен елге қызмет ету үшін келуі тиіс.«Менің ұстанымым – министрлер, әкімдер және өзге де мемлекеттік қызметшілер кәсібилік пен патриотизмді қатар ұстануы қажет», – деді Президент.«Адал азамат» тұжырымдамасы мына құндылықтарды біріктіреді:Тәуелсіздік, патриотизм, бірлік пен ынтымақЗаң мен тәртіпЕңбексүйгіштік пен кәсібилікЖасампаздық пен жаңашылдықНегізгі өзекте – мінсіз бедел институты. Ол мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді нығайтып, олардың адалдығы мен жауапкершілігін қалыптастырады.Бұл құндылықтар үштік ұстанымға бірігеді:«Әділетті Қазақстан – Жауапты азамат – Прогрессивті ұлт».Егер әрқайсымыз «Адал азамат» идеалдарын ұстансақ, онда«Жауапты адам – адал еңбек – лайықты табыс»біздің өміріміздің қалыпты нормасына айналады.Шақыру:«Адал азаматтың» үлгісі болыңыз!Халыққа қызмет етіңіз, заңды сақтаңыз, өзіңізді дамытыңыз және әділдікті нығайтыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1115227?lang=kk
Азаматтарды қабылдау өткізілді 28.11.2025
№ 1 Үлкен Нарын сайлау округінің депутаты Т. Қамбаров «АMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау ғимаратында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды. Қабылдау барысында бос жүрген иесіз иттерге, көшелерді қардан тазартуға, сондай-ақ Үлкен Нарын ауылындағы тұрғын үй аумағындағы қоқыстарды шығаруға қатысты сұрақтар болды. Тұрғындар көтерген барлық мәселелер мұқият тыңдалды, тіркелді және кейіннен қарау және шешу үшін бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1115187?lang=kk
Мемлекет басшысы ауылдағы оң өзгерістерге тоқталды 28.11.2025
«Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданды. Биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды.2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет берілді.Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті артып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдардың саны көбейе түсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті.Биыл ауылдағы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік. Дәл осындай мемлекеттік қолдау көрсеткен елдер көп емес, тіпті, бұл көптеген ел қол жеткізе алмайтын қаржылай көмек деуге болады.Алайда алдымызда биік мақсаттар тұр: біз ауылдағы жағдайды жақсартып, жұмысты күшейтуіміз керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауылдағы сайлау саяси партиялардың аймақтардағы жұмысына тың серпін берді» 28.11.2025
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды.«Ал аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қайта қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді.Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн.Осыған дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52 әкім сайланды. Енді олардың қалай жұмыс істейтінін қарап көру қажет. Аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралау керек. Мәселе – аудан әкімдерінің сайлауын міндетті түрде өткізу емес, басты мақсат: біз оң нәтижелерге қол жеткізуіміз керек.Үкімет және Парламент депутаттары бірлесіп, осы мәселені жан-жақты қарап, әділетті, дұрыс шешім қабылдауы қажет. Ең бастысы, әрбір реформа салмақты көзқараспен, байыппен жасалуы керек».«Олар өз үміткерлерін ұсынып, сайлауға белсене араласты. Саяси ұйымдардың 1500-ден астам өкілі әкім болып сайланды. Жаңа басшылардың қатарында алты партияның мүшелері бар. Ал 700-ден астам азамат өзін-өзі ұсынып, сайлауда жеңіске жетті.Сайланған әкімдер жұмысқа кірісіп кетті, жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Ең бастысы, олар жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, шешімін таппай жатқан түйткілдерді жақсы біледі.Ауыл-аймақтың дамуына бөлінген бюджет қаражаты да тиімді игеріле бастады. Ауылдардың кірісі көбейді, мемлекет тарапынан берілетін қаржыға, яғни дотацияға тәуелділік азайып келеді.Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес ауыл тұрғындарының 84 пайызы өз әкімдеріне сенетіні анықталды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау үдерісі алдағы уақытта да жалғасын табады».
Президент: «Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды» 28.11.2025
«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады.Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық.Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар».
Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші» 28.11.2025
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз.Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше.Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек.Жаңа ғана бірнеше әкімнің сөзін тыңдадық. Айтылған ой-пікірлерді және ұсыныстарды мұқият зерделеп, жұмыс барысында міндетті түрде ескеру қажет».
Аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Бақбақты ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. 28.11.2025
Бақбақты ауылында аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлының халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Ауыл тұрғындары денсаулық сақтау саласының халыққа көрсеткен қызметіне көңілі толмайтындықтарын алға тартты және ауыз су құбыры жүргізілмеген көшелер алдағы уақытта толық қамтылса деген өтініштерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1115146?lang=kk
Сауда министрлігі мерекелік кезеңде азық-түлік бағасының тұрақты ұстауға басымдық береді 28.11.2025
26 қарашада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен 80 ірі сауда желісінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысқауымен жиын өтті. Кездесуде жыл сайын жаңа жыл қарсаңында маусымдық сұраныс артқанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды. Министр азаматтардың әл-ауқаты мен нарықтың тұрақты дамуы үшін бағаның тұрақтылығын сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Азық-түлік тауарларының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа өнімдерді жедел кіргізуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» іске қосылған. Сонымен қатар, қорларды уақтылы толықтыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктері де жұмыс істеп тұр. Кездесуде мереке қарсаңында «Береке Fest» акциясының жаңа кезеңі басталатыны жарияланды. Бұл акция бұған дейін бірқатар өнімдердің бағасын төмендетіп, олардың қолжетімділігін арттыруға ықпал еткен. Жаңа кезеңнің мақсаты – нарықтағы баға тұрақтылығын қолдау және тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау. Сауда желілері аталмыш бастамаға қатысуға дайын екенін білдіріп, қызмет көрсету сапасын жақсарту және тауарлардың қолжетімділігін арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін жеткізді. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қолжетімді бағамен өнім ұсынылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруды жалғастырады. Мұндай жәрмеңкелер сатып алушылардың таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, нарықтағы тұрақтылықты сақтауға қосымша үлес қосады. Сауда және интеграция министрлігі бизнес өкілдерін серіктестікті нығайтуға, маусымдық акцияларға белсенді қатысуға және мерекелік кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115163?lang=kk
«Діндер арасындағы диалог: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің қорытындылары» атты дөңгелек үстел 28.11.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігі Аймақтық зерттеулер институты (IRS) және Исламабад Халықаралық ислам университетімен (IIUI) бірлесе отырып, 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өткен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің қорытындыларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Пәкістанның мемлекеттік органдары, академиялық мекемелері, дін өкілдері және студенттік жастар қатысты.Іс-шараның құрметті қонағы ретінде соңғы 8-ші Съезде Пәкістан делегациясын басқарған Дін істері және конфессияаралық келісім бойынша Федералды министр Сардар Мұхаммад Юсуф қатысты.Спикерлер ретінде Дін істері және конфессияаралық келісім бойынша Мемлекеттік министр Кесу Мал Хеал Дас, Пенджаб провинциясының Азшылық істері министрі Сардар Рамеш Сингх Арора, Ислам зерттеу институтының бас директоры профессор Мухаммад Зия-уль-Хак, Иса Мәсіх шіркеуінің өкілі Келли Джонсон, сондай-ақ онлайн форматта – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы төрағасының орынбасары Марат Қалижанов қатысты.IRS Президенті, Елші Ж.Сәлім өз сөзінде Қазақстанның бастамасының өзектілігін ерекше атап өтіп, әртүрлі конфессиялар арасындағы диалогты қолдаудың және нығайтудың маңыздылығын жеткізді.Елші Е.Қыстафин форумның құрылу тарихы, мақсаты мен міндеттері туралы қатысушыларға айтып беріп, Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 8-ші съезінің негізгі қорытындылары мен қабылданған Қорытынды декларацияны таныстырды.Федералды министр С.Юсуф өткен 8-ші Съезд туралы өз әсерлерімен бөлісіп, дін саммитінің қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды атады.Оның сөзінше, Астаналық декларация формальдылық емес, мемлекеттердің бейбітшілік пен өзара құрметке ұмтылуына негізделген жаһандық үйлесімділікті нығайтуға арналған толыққанды бағдар болып табылады. Ол Пәкістан бұл қағидаларды ел ішінде де, халықаралық аренада да тұрақты түрде ұстанатынын айтты.Министр сондай-ақ Пәкістан Қазақстанды тек стратегиялық серіктес ретінде ғана емес, сонымен бірге рухани дипломатиядағы маңызды қатысушы ретінде қарастыратынын атап өтті және ғылыми, дін, жастар және гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.Секретариат мүшесі, соңғы Съезде Ізгі ниет елшісі мәртебесін алған доктор М.Зия-уль-Хак секретариаттың қызметі туралы хабарлап, Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту және нығайтудағы ізгі мақсаттарын атап өтті.Өз тарапынан М.Қалижанов алдыңғы спикерлердің тезистерін қолдап, қатысушыларға 8-ші Съезге дайындық аясында Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығының жұмысын таныстырды.Жалпы алғанда, дөңгелек үстелдің спикерлері мен қатысушылары Қазақстан бастамасын жоғары бағалап, Пәкістан тарапынан одан әрі қолдау мен белсенді қатысудың қажеттілігін, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен бірлескен ынтымақтастықты атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1115177?lang=kk
Сауда министрлігі базардағы баға ашықтығын мен тұрақтылығын қадағалауды күшейтеді 28.11.2025
27 қарашада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев еліміздегі ірі базар иелерімен кездесу өткізді. Жиынға шамамен 100 базардың басшысы, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың жауапты өкілдері қатысты. Министр базарларды жаңғырту жұмыстарының бизнес пен тұрғындар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Инфрақұрылымды жаңарту санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын жақсартып қана қоймай, сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді. Базарларды жаңғырту шаралары орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырылып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі сауда саласын дамыту және базарлардың заманауи форматтарын енгізу мақсатында қосымша қолдау тетіктерін ұсынуда. Арман Шаққалиевтің айтуынша, азық-түлік бағасының тұрақтылығы министрлік қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Министр базардағы баға аймақтардағы жалпы бағаның ахуалына тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті. Сондықтан алыпсатарлыққа жол беруге болмайды. Тауардыңарзан бағада алып, негізсіз жоғары бағамен сату азаматтардың қалтасына салмақ түсіріп, әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсер етеді. Министр алдағы мерекелерде базар басшыларын бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұруға, жеңілдіктер мен акциялар ұйымдастыруға шақырды. Ол осыған дейін ұйымдастырылған «Береке Fest» акциясын мысалға келтіріп, оның барысында азық-түлік пен өзге де тауарлардың арзан бағамен сатылғанын еске салды. Жыл соңына жоспарланған акцияның жаңа кезеңіне базар әкімшілігінің белсенді қатысуы бағаның өсуіне жол бермей, халықтың шығындарын азайтуға ықпал ететіні айтылды. Сауда және интеграция министрлігі базар басшыларын әкімдіктермен өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге, баға қалыптастыру процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге және әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды. Бұл шаралар азаматтардың әл-ауқатын сақтау мен нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115181?lang=kk
Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 28.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 20 қараша – Сеул қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Төрайымы Шолпан Абдреева мен Корея Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі вице-министрі Мок Сонхоның екіжақты кездесуі өтті.Кездесуге қатысқан Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасы 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жағынан үш ірі инвестордың қатарына кіретінін атап өтті. Ол сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін дамыту инвестициялық ахуалды жақсартудың маңызды бөлігі екенін ерекше атап өтті. Самсунг, KIA және басқа да корейлік инвесторлардың Қазақстандағы ірі жобалары айтылып, олардың барлығы үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесі шешуші мәнге ие екені баса көрсетілді.Өз кезегінде Шолпан Абдреева корей тарапын Кореяның Зияткерлік меншік жөніндегі әкімшілігінің Зияткерлік меншік министрлігі болып қайта құрылуымен құттықтап, бұл қадам Корея Республикасының заманауи және инновациялық зияткерлік меншік жүйесін қалыптастыру жөніндегі саясатының стратегиялық сипатын дәлелдейтінін атап өтті.Корея Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі вице-министрі патенттік өтінімдер саны бойынша Қазақстан өңірде жетекші орын алатынын, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы сауда көлемінің өсу әлеуеті жоғары екенін айтты. Осыған байланысты ол зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық кооперацияны дамыту үшін маңызды алаңға айналып келе жатқанын атап өтті.Тараптар цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін корей компанияларының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жолдары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан-корей ынтымақтастығын кеңейтуге, цифрлық ортадағы бірлескен жобаларды дамытуға, кадрларды даярлау және құқық иеленушілерді қолдау бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1115039?lang=kk
Іскерлік миссиялар мен білім беру жобалары Каталониямен күн тәртіпте 28.11.2025
Барселона, 2025 жылғы 25-26 қараша – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаевтың Каталония автономдық қауымдастығына сапары орын алды.Сапар басында Каталония Үкіметінің (Женералитет) басшылық құрамымен кездесу өтті. Бас хатшы Х.Вильямайормен, Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Ж.Дукпен және Жоғарғы оқу орын мен білім беру жөніндегі Бас хатшы О.Эскардибулмен өткен келіссөздер барысында өңірмен экономикалық және білім салаларындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.Каталония кәсіпкерлер қауымдастығымен (FemCAT) өткен кездесуде аумақ компаниялардың Қазақстанға инвестиция мен технология тарту маңыздылығы атап өтілді. Тараптар білім беру және цифрландыру бағыттарындағы бірлескен жобалар мүмкіндігін жеке қарастырды.Келіссөздердің маңызды нәтижелерінің бірі – Барселонаның Туризм, қонақжайлық және гастрономия университетімен ынтымақтастық орнатуға қол жеткізілуі болды.Сапардың негізгі іс-шарасы «FOMENT» – Каталонияның жетекші іскерлік қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырылған бизнес-форум болды. Ашылу рәсімінде Елші еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктер, бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы айтып, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын Транскаспий көлік дәлізі арқылы транзиттік тасымалдаудағы өсіп келе жатқан рөлін ерекше атап өтті.Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ шетелдегі өкілі А.Мұқанова Республикамыздың инвестициялық әлеуеті туралы презентация жасады, ал «Roca Group» Бас атқарушы директоры А.Магранс және «Glovo» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директоры К.Силван қазақстандық нарықтағы табысты жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, каталондық бизнес өкілдерінің Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша 2026 ж. өңір компанияларының Қазақстанға іскерлік миссиясын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Іс-шара қарсаңында Д.Мұсаев жергілікті «ETV» телеарнасына сұхбат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1115056?lang=kk
eGov Mobile қосымшасында үйде білім алатын мүгедектігі бар балалардың оқу шығындарын өтеу қызметі қолжетімді болды 28.11.2025
Қазақстандықтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Қызмет ата-аналарға баласын білім беру ұйымына бара алмайтын жағдайда үйде оқыту үшін қосымша әлеуметтік көмек алуға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігін береді.Өтемақы жеке оқу жоспарына және баланың үйде оқытылатынын растайтын білім беру ұйымының анықтамасына негізделіп төленеді. Төлем оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге бағытталған.Өтемақы өтініш берген айдан бастап анықтамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тағайындалады. Төлем мерзімнің аяқталуына немесе баланың білім беру түрінің өзгеруіне байланысты тоқтатылады.Үйде жеке оқу жоспары бойынша оқытылатын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу шығындарын өтеу мөлшері жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімімен белгіленеді.Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:eGov Mobile қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтері» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөлімін ашу;«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;құжаттарды рәсімдеу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен тексеру қажет.Қызмет көрсету мерзімі – мемлекеттік орган толық құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 8 жұмыс күнін құрайды. Төлем білім беру ұйымы берген анықтамада көрсетілген кезеңге ғана тағайындалады, жаңа мерзімге автоматты түрде ұзартылмайды.Балаға белгіленген мүгедектік мерзімі аяқталған соң куәландыруды қайта өткізіп, өтінішті қайта рәсімдеу қажет.Қызметке онлайн өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталында да, сондай-ақ офлайн түрде халыққа қызмет көрсету орталығында да беруге болады.2025 жылдың басынан бері электрондық үкімет порталы арқылы бұл қызметті алуға 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.Қызмет Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1118548?lang=kk
ҰЭМ, Ұлттық Банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру бойынша бірқатар кеңестерді бастады 28.11.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіруге арналған өңірлік кеңестерін өткізуге кірісті.Ағымдағы жылғы 27 қарашада Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында алғашқы түсіндіру кеңесі өтті.Бейнеконференция форматында өткен кездесуге аталған облыстардың әкімдіктері, мәслихат депутаттары, жұртшылық, кәсіпорындар мен ШОБ өкілдері қатысты.Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, ҚНРДА төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев, "Бәйтерек" АҚ Басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева, ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев баяндама жасады.Өз сөзінде бірінші вице-министр Азамат Әмрин бағдарлама сапалы және орнықты экономикалық өсуді және инфляцияны дәйекті төмендету есебінен халық табысын арттыруға бағытталғанын атап өтті.Көзделген шараларды іске асыру халық табысының "инфляция + 2-3%" деңгейінен жоғары өсуін, экономиканың жыл сайынғы өсімін 5%–дан төмен емес, сондай-ақ инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік береді: 2026 жылы 9-11% - ға дейін, 2027 жылы 5,5-7,5% - ға дейін, 2028 жылы 5-7% - ға дейін.Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин баға тұрақтылығына және қаржы секторын одан әрі дамытуға арналған монетарлық, макропруденциалдық және институционалдық шаралар пакетінің негізгі ережесін атап өтті. Өз кезегінде, ҚНРДА төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев бизнесті несиелендіруді арттыру, тұтынушылық сегменттегі тәуекелді азайту және кәсіпкерлікті қолдау үшін реттеуді жетілдіру жөніндегі қадамдарға егжей-тегжейлі тоқталды.Талқылау барысында өңірлік ЖАО ӘКК-ні қаржыландыру, "Өрлеу"бағдарламасын іске асыру шартымен қатар, ШОБ-ты қолдау бағдарламаларын жалғастыру мәселесін көтерді.Министрлік ағымдағы жылдан бастап, екінші деңгейдегі банктер мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "АҚ тарапынан бірлесіп қаржыландыру тетігі бар "Өрлеу"жаңа бағдарламасы жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл тәсіл жеке капиталды белсенді түрде тартуға және бюджет қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді. Келесі жылы бағдарлама кеңейтіліп, екінші деңгейдегі банктерден қосымша қаражат тарта отырып, республикалық бюджеттен 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда.Министрлік Ұлттық банкпен және ҚНРДА-мен бірлесіп, еліміздің басқа өңірлерінде бірқатар түсіндіру жұмысын жалғастырады. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1114431?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1115069?lang=kk
Серік Жұманғарин Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің V отырысын ашты 28.11.2025
Бүгін Астанада вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің V отырысын ашты.Өз сөзінде ол Швейцария Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестордың бірі болып қала беретінін атап өтті. Швейцариялық компаниялар энергетика, машина жасау, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде, бірқатар технологиялық салада жұмыс істейді.2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен $1,1 млрд-ты құрады. Қазақстан машина жасау, фармацевтика, медицина және биотехнология, цифрландыру, көлік-логистикалық инфрақұрылым мен жаңартылатын энергия көздері салаларында швейцариялық бизнестің қатысуын арттыруға ниетті. Вице-премьер Қазақстанның инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.Екі ел ынтымақтастығындағы маңызды жобаның бірі – Астанадағы «Штадлер Қазақстан» компаниясының базасында жолаушылар вагоны өндірісін локализациялау. Бүгінде 557 жоғары технологиялық вагон жеткізуге келісімшарт жасалды. Оның алғашқы тобы жыл соңына дейін жеткізіледі.Серік Жұманғарин Қазақстан Швейцарияның, соның ішінде Лугано қаласының, цифрлық валютаны дамытудағы және блокчейн технологиясын қолданудағы тәжірибесіне қызығушылық танытатынын бөлек атап өтті.«Қазақстан – бүгінде өнеркәсіптік кластер қалыптастыруға дайын алаң. Біз консорциумдар құруға, технологиялық кооперацияны дамытуға дайынбыз», — деді вице-премьер.Отырыс соңында қатысушылар ынтымақтастықты дамытуға және өзара іс-қимылдың әртүрлі саласында екіжақты сауда-экономикалық қатынасты нығайтуға бағытталған бірқатар құжат пен келісімге қол қойды.Анықтама:Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесі (ҚШІК) — екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін 2012 жылы құрылған үйлестіру және консультациялық орган.ҚШІК-нің негізгі міндеттері:сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту;Қазақстан мен Швейцария бизнесі арасындағы тікелей байланыс пен ақпарат алмасуды қолдау;сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы кедергілерді жою;бизнес жүргізу жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындау.Ынтымақтастықтағы басым бағыттар: энергетика, машина жасау, КТО және кадрлар даярлау, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды басқару, фармацевтика, теміржол көлігі.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-kazakstan-sveicariia-iskerlik-kenesinin-v-otyrysyn-asty-30772 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1115073?lang=kk
Панфилов ауданына жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Ашық есік күні өтті 28.11.2025
Панфилов ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оған басты мақсат – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері мен өзгерістерін егжей-тегжейлі түсіндіру болды.Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруашылық басшылары, бухгалтерлер және салық саласына тікелей қатысы бар басқа да мамандар қатысты. Қатысушыларға жаңа кодекстің бизнес жүргізу жағдайларына әсері, салық әкімшілігін жеңілдету шаралары және шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге арналған жаңалықтар туралы ақпарат берілді.Мамандар заңнаманың негізгі өзгерістеріне тоқталып, олардың кәсіпкерлік қызметтің дамуына тигізетін оң әсерін атап өтті. Атап айтқанда, есеп беруді жеңілдету тәртібі, электрондық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту және салық жүктемесін оңтайландыруға арналған нормалар түсіндірілді.Қатысушылар сондай-ақ қызықтырған сұрақтарын қоюға және жаңа нормаларды қолдану бойынша кәсіби түсініктеме алуға мүмкіндік алды.Мұндай кездесулер салық төлеушілердің хабардарлығын арттыруға, заңнамадағы өзгерістерді алдын ала түсіндіруге және жаңа нормаларды дұрыс әрі тиімді қолдануға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1115098?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 28.11.2025
2025 жылғы 28 қарашада Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімі Елдос Байрахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Үлкен Нарын ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, Үлкен Нарын ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары, Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Үлкен Нарын ауданы филиалының директоры, Ново-Хайрузовка, Солоновка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімдері, Нарын таңы газетінің тілшісі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. Сессияда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 9/80–VIІI «2025-2027 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер қаралды.Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөйлеген Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова Үлкен Нарын ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Елеусизов сөйледі. Ол Үлкен Нарын ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы шешім жобасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленгенін айтып түсіндірді. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.Мәслихат аппаратыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1115108?lang=kk
Қостанай облысында байланыс сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда 28.11.2025
Мекеме басшысы Азамат Қашиев облыстың қала және аудан әкімдіктерімен тұрақты түрде жұмыс кеңестерін өткізіп келеді. Кездесулер барысында өңір тұрғындары үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға байланысты негізгі мәселелер талқыланады.Аталған кеңестер аясында мына бағыттар бойынша жұмыстар қаралады: елді мекендердегі мобильді байланыс пен мобильді интернеттің сапасы, антенно-мачталық құрылымдар салуға қатысты жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену барысы, сондай-ақ интернет желілерін одан әрі дамыту перспективалары мен қамту аясын кеңейту жоспарлары.Мұндай өзара іс-қимыл форматы проблемалық аймақтарды жедел анықтауға, жергілікті атқарушы органдармен шешімдерді келісуге және цифрлық инфрақұрылымды жақсартуда кешенді тәсіл қалыптастыруға мүмкіндік береді.Цифрландыру басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1115114?lang=kk