Enbekshi QazaQ

Қоғам

Кореямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді 20.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 19 қараша – Кореяның Ұлттық Ассамблеясы ғимаратында Кореяның ғылым және шығармашылық қоры (KOSAC) және Орталық Азия – Корея Республикасы (ОАКР) ынтымақтастық форумы Хатшылығының қолдауымен «Корея мен Орталық Азияның ЖИ-дарындарды дамыту жөніндегі ынтымақтастығы» атты форум өтті.Форумға Ұлттық Ассамблея депутаттары Хон Ги Вон мен Ким Гон, сарапшылар, жетекші ғалымдар, сондай-ақ Орталық Азия елдері Елшіліктерінің өкілдері қатысты.KOSAC Президенті Чон У Сонг іс-шараның ашылу салтанатында форумның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы болашақты бірлесе құру, сондай-ақ Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты және көпжақты білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін маңызды алаң екенін жеткізді.ОАКР форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гук Корея мен Орталық Азия мемлекеттері экономика, білім, мәдениет және басқа да салаларда 30 жылдан астам мерзім бойы табысты ынтымақтасып келе жатқанын айтты. Ол Форумның цифрландыру және ЖИ саласындағы практикалық серіктестік бағдарламаларын іске асырудағы ерекше рөлін атап өтті.Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов құттықтау сөзінде форумның Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Ол ЖИ-дің қазіргі таңда тек технологиялық серпіліс емес, басқару, білім беру, денсаулық сақтау және экономикалық бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін трансформациялық күшке айналғанын айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген жасанды интеллектті дамытуға саяси қолдау туралы айтып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды қоса алғанда Мемлекет басшысының жаңа бастамалары туралы ақпарат берді.Қазақ дипломаты нақты мысалдарға тоқталды: Түркістанда Woosong университетінің филиалының ашылуы, сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде SeoulTech-пен бірлескен Жасанды интеллект институтының құрылуы. Ол студенттерді, инженерлерді және зерттеушілерді даярлау саласындағы ынтымақтастық екі елдің инновациялық және цифрлық дамуы үшін берік негіз қалыптастыратынына сенім білдірді.Форумда сарапшылар ЖИ-дарындарды дамыту, ғылыми-техникалық кадрларды даярлауға арналған дамуға ресми көмектің стратегиялық қолданылуы, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың көкжиектері бойынша баяндамалар жасады.Дөңгелек үстел қатысушылары бірлескен жобалардың болашағын талқылап, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасудың өзектілігін атап өтті. Форум Корея мен Орталық Азия елдерінің жасанды интеллект саласындағы білім беру және технологиялық бастамаларды дамыту үшін жүйелі серіктестіктің маңызын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1109152?lang=kk
Ұлттық валюта күніне орай ШҚО бойынша МКД қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды 20.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс - шара өтті. Марапаттау рәсімі барысында Департамент басшысы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін атап өтті.Іс - шараны ашқан ШҚО бойынша МКД басшысы Саят Бимағамбетов ведомство қызметкерлерінің қызмет барысындағы кәсібилігінің, жоғары жауапкершілігінің және іске адалдықтарының маңыздылығын ерекше атап өтті. Департамент қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында бюджетке уақытылы түсімдердің қамтамасыз етілуі, салық және кеден әкімшілендіруінің тиімділігі артып, халық пен бизнеске арналған цифрлық сервистердің дамып келе жатқаны айтылды.Марапаттау рәсімі барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және нәтижелі еңбегі үшін Департаменттің бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1050-жк бұйрығына сәйкес 8 қызметкер «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1050-ж бұйрығына сәйкес 8 қызметкер Қаржы министрінің Құрмет грамотасын алды.Бұдан бөлек, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2025 жылғы 11 қарашадағы №206 бұйрығына сәйкес 39 қызметкер Департаменттің Құрмет грамотасымен марапатталды.Өз кезегінде марапатталған қызметкерлер басшылыққа алғыстарын білдіріп, бұл құрмет олардың кәсіби дамуына, жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыруға ынталандыра түсетінің атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1109129?lang=kk
Макроэкономикалық көрсеткіштер мен баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс 20.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, баға тұрақтылығы мәселелері қаралды.Аудан әкімі 10 айлық қорытынды бойынша ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер толық орындалғанын атап өтіп, жыл қорытындысымен межеленген жоспар орындалу керектігін жеткізді. Осы бағытта ауданның барлық мүмкіндігін қарастырып, жылды жоғары нәтижемен қорытындылау керектігін ескертті.Жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды. Аудан басшысы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау керектігіне тоқталып, төтенше жағдайлар бөліміне жылу беру маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын шұғыл жүргізуді тапсырды. Кент және ауыл әкімдерімен бірлесіп, халықпен кездесулер, брифингтер ұйымдастыру, шалғай елді мекендердегі өрт сөндіру пункттерін талапқа сәйкестендіру, қажетті құрылғылармен жабдықтауды міндеттеп, барлық талап сақталу керектігін атады.Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқталып, тиісті сала басшыларына күнделікті қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-terenozek/press/news/details/1109139?lang=kk
Бельгияның сауда миссиясының Қазақстанға сапары орай салтанатты қабылдау 20.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Бельгияның сауда миссиясының Қазақстанға сапары орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараны Бельгия Корольдігі Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімі ұйымдастырды. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қамтитын екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Соңында дипломат екі ел арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1109070?lang=kk
ҚР ҚМ: Қазақстан бюджетінің әлеуметтік бағдары сақталып, экономиканы дамытуға баса мән берілген 20.11.2025
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы таныстырылды. Аталған құжатты әзірлеу кезінде стратегиялық бағдарларға, мемлекеттік міндеттер мен әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына айрықша мән берілді. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, бюджет жобасы Сенат комитеттері мен жұмыс топтарында кеңінен талқыланды. Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша бірінші кезектегі шығыстарға қосымша қаражат қайта бөлінді. Мәселен, инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, өңірлерді дамытуға 28,5 млрд теңге және көлік логистикасын нығайтуға 57,7 млрд теңге бағытталды. Бұл шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және еліміздің транзит әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.Осы ретте заң жобасы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес алғаш рет дайындалғанын айта кеткен орынды. Мәселен, жүйелі өзгерістер енгізілді: стратегиялық және ортамерзімді жоспарлау, шығыстардың тиімділігін бағалау үшін міндетті бюджеттік шолу, сондай-ақ инвестициялық тәртіпке көшу көзделген. Енді кез келген жоба әлеуметтік-экономикалық әсер мен сын-қатер талдауынан өткізілетін болады.Бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталып отыр. Айталық, әлеуметтік салаға 2026 жылы 10,8 трлн теңге қарастырылған, оның 6,8 трлн теңгесі – әлеуметтік төлемдер, ал 4 трлн теңге адами капиталды дамытуға бағытталған. Реформаға сәйкес жәрдемақы төлемдерін цифрландыру, МӘМС пакетін кеңейтіп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды оңтайландыру, сондай-ақ мәдениет мекемелерінің қаржылық дербестігін арттыру қарастырылған.Инфрақұрылымды, базалық салаларды, аграрлық секторды, өнеркәсіпті қаржыландыру, сондай-ақ бизнесті қолдау шараларын қоса алғанда, нақты секторды дамытуға 3,6 трлн теңге жоспарланған. Ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ерекше назар аударылған: күштік құрылымдарға 2026 жылы 3,1 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 1% мөлшерінде қаржылай сома аударылады.Қаржы министрінің орынбасары айтқандай, Парламент пен министрліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде бюджетте мемлекеттік қызметтердің сапасына нұқсан келтірілмей, 68 млрд теңге оңтайландырылды. Әкімшілік шығыстардың үлесі 15% 12% дейін азайтылды. Бюджеттің өлшемдері әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, экономикалық өсімді ынталандыру мен инвестициялар тартуға жайлы жағдай жасап, жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1109056?lang=kk
Үш жылға арналған өңірлерді дамыту бюджеті 9,1 трлн теңгені құрайды 20.11.2025
Парламент Сенатының кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін теңестіру үшін даму бюджетінің жыл сайын артуы туралы мәлімдеді.«Даму бюджеті жыл сайын артып келеді: 2026 жылы – 1,8 трлн теңге, 2027 жылы – 3,2 трлн теңге және 2028 жылы – 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы – 9,1 трлн теңге», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109012?lang=kk
Самар ауданында діни қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өтті 20.11.2025
Бүгін Самар ауданында ШҚО-ның аналитика және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы, теолог Ринат Назарбеков жұмыс сапарымен болды.Ол ауданның мемлекеттік қызметкерлеріне «Деструктивті діни ағымдардың зиянды әсері», «Қазақстан Республикасындағы дін саласындағы заңнама мәселелері», сондай-ақ лудоманияға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында спикер күмәнді діни ағымдарды қалай анықтау керектігі, олардың қоғамға келтіретін қаупі туралы кеңінен түсіндіріп, қолданыстағы заңнама талаптары жөнінде толық әрі нақты ақпарат ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, азаматтардың сақтығын арттыру және құқықтық сауаттылығын күшейту.Аудан әкімі аппаратының басшысы, этика жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисовтың айтуынша, мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және деструктивті идеологияларға қарсы тұра алатын тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1109015?lang=kk
Қазақстан Елшілігі Джакартадағы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты 20.11.2025
2025 жылғы 19-20 қарашада Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі Индонезия Вице-президентінің жұбайы Селви Ананда ханымның қамқорлығымен Women’s International Club ұйымдастырған 56-шы жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне (Charity Bazaar) қатысты.Акцияға қатысқан 45 елдің Джакартада тіркелген дипломатиялық өкілдіктері мен 220 жергілікті компания өз өнімдерін Jakarta Convention Center-де орналастырды.Ұлттық стильде безендірілген Қазақстан стенді қонақтарды еліміздің бай материалдық мәдениеті мен қолөнерімен таныстырды. Қатысушылар дәстүрлі қазақ тағамдарынан (бауырсақ, самса, шоколад, чак-чак) дәм тата алды. Қолдан жасалған сувенирлер, ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген зергерлік бұйымдар, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар жоғары сұранысқа ие болды.Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов, мұндай маңызды қайырымдылық шараға қатысу – мұқтаж жандарға қол ұшын созумен шектелмей, Қазақстанды танытуға, екі ел халықтары арасындағы достықты нығайтуға және Индонезиямен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті.Түскен қаражаттың барлығы Индонезиядағы қайырымдылық мақсаттарына бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1109022?lang=kk
Н.Ілиясов пен Шаған ауылында есепті кездесулер өтті 20.11.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Н.Ілиясов және Шаған ауылында жалғасын тапты. Кездесулерде аудан басшысы облыс және ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен соңғы үш жылда облыста денсаулық сақтау саласына 441 млрд. теңге қаржы бөлініп, түйткілді мәселелердің түйіні шешілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан жаңадан салынды. Төрт көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыстар, емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана бой көтеруде. Соңғы үш жылда 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Барлық елді мекендегі емдеу мекемелері санитарлық автокөлікпен 100 пайыз қамтылды. Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды. 10 мың донацияға арналған қан орталығы пайдалануға берілді. Медицина саласының мамандарына арнап 100 пәтерлік тұрғын үй салу туралы шешім қабылданды. Құрылысы басталды, жыл соңына дейін аяқталмақ. Облыс орталығында 48 млрд 500 млн теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық ғимараты, сол жағалаудан 14 млрд 500 млн теңгеге 500 орындық поликлиника, қаланың шет аймағында 10 млрд теңгеге 400 орындық емхананың құрылысы жақын күндері басталады. Спорт саласында да жағымды жаңалық жетерлік. Облыста УЕФА классификациясы бойынша 4-санатты 11 мың орындық «Қайсар arena» стадионы салынды. «Самұрық қазына» қорымен бірлесіп құны 3 млрд 400 млн теңгеге «Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. «Қызылорда Арена», «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 2 млрд 900 млн теңгеге көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері осы айда келушілеріне есік ашады. Соңғы үш жылда облыста 20 спорт кешені салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Биыл аймағымызда «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 6 спорт кешені ашылады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылы биыл 662 млн. теңгеге табиғи газға қосылды. Облыс әкімінің бастамасымен өткізілген «Үздік елді мекендер» байқауында іргелі ауыл бірінші орынды жеңіп алды.Ал аудандағы үлкен ауыл – Шағанда Биыл Шаған ауылында 8 көше күрделі жөндеуден өткізілді. 2024 жылы ауылды электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, бүгінде 328 млн. теңгеге елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кеше ғана елді мекен табиғи газға қосылды. Кездесулерде тұрғындар ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, елді мекендер халқы инфрақұрылымдық жұмыстар, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік салаға қатысты өздерінің мәселелерін айтты. Аудан басшысы ұсыныс-пікірлер негізінде жұмыс жүргізілетінін, мәселелер тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1109032?lang=kk
Беларусь елінде Қазақстанның сауда үйі ашылады 20.11.2025
Минскіде Қазақстанның сауда экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Миссияның басты бағыты Қазақстанның сауда үйін құру жұмыстарын бастау болды. Сауда үйі Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты өкілдігіне айналады. Жоба кезең бойынша жүзеге асырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Барлық жұмыс кезеңдерін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы QazTrade үйлестіреді. Алғашқы кезеңде қазақстандық өнімдердің тізімі анықталып, оларды Беларусь елінің бөлшек сауда желілеріне шығару арналары айқындалды. Келесі кезеңдерде өнім ассортиментін кеңейту, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда алаңын ашуға дайындық жүргізу жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл бастаманың Қазақстан тауарларын Беларусь нарығына жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Минскідегі жұмыс сапары аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті Беларусь Республикасының Премьер министрі Александр Турчин қабылдады. Тараптар келіссөз барасында Беларусь Республикасында QazTrade базасында Қазақстанның сауда үйін құру туралы уағдаласты. Сондай-ақ тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, тауар айналымының тұрақты өсімі мен оны одан әрі арттыру әлеуетін атап өтті. «Біз өзара сауда көлемін арттырудың нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан компаниялары жаңа нарықтарды игеруге дайын. Ұсынылып отырған механизм бұл жұмысты тиімді жүргізуге жол ашады», – деді Арман Шаққалиев. 2025 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 739,5 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті. Қазақстанның Беларусьқа экспорты 183,2 миллион долларды құрап, 55,2 пайызға артты. Беларусьтан Қазақстанға импорт көлемі 556,3 миллион долларды құрап, 11,6 пайызға көбейді. Өнеркәсіп кооперациясы да ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Қазіргі уақытта жалпы құны 204 миллион доллар болатын 12 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Аталған жобалар аясында шамамен 1,7 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Бірлескен кәсіпорындарда тракторлар, астық және мал азығын жинау комбайндары, қозғалтқыштар, өрт сөндіру және коммуналдық техника, лифт жабдықтары, карьер және шахта техникасы құрастырылады. Қазіргі кезде өндірістердің локализация деңгейін арттыру және өнім шығару көлемін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Александр Турчин Қазақстанмен қарым қатынас Беларусь үшін маңызды екенін атап өтті: «Қазақстан Республикасымен қарым қатынасымыз ерекше мәртебеге ие. Екі ел басшыларының күш жігерінің арқасында қалыптасқан бұл қатынастарды біз жоғары бағалаймыз. Барлық мәселелер Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді ол. Миссия аясында бизнес форум мен екіжақты келіссөздер өтті. Компаниялар жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. QazTrade және Беларусь әмбебап тауар биржасы биржалық сауда саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай ақ QazTrade пен Ұлттық маркетинг орталығы аналитикалық деректер алмасу және тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілердің Беларусь нарығына шығуын жеңілдетіп, екі елдің экономикалық байланыстарын одан әрі нығайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1109044?lang=kk
Үкімет Сенатқа 2026–2028 жылдарға арналған трансферттер көлемі туралы заң жобасын ұсынды 20.11.2025
Парламент Сенатының отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырып, жергілікті бюджеттердің толық теңгерімділігін атап өтті.«Жергілікті бюджеттер теңгерімділігі қамтамасыз етілді. Барлық базалық шығыстар ескерілді. Даму бюджеті республикалық бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып қалыптастырылды», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109002?lang=kk
Жергілікті бюджет кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге болады деп болжануда 20.11.2025
Парламент Сенатының отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин жалпы сипаттағы трансферттердің параметрлерін қарау барысында өңірлердің алдағы үш жылға арналған кірістерінің болжамды көлемін айтты.Жергілікті бюджет кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге, 2027 жылы – 12,1 трлн теңге, 2028 жылы – 13,3 трлн теңге болады деп болжануда. Шығыстар 2026 жылы 14,9 трлн теңгені құраса, 2028 жылға қарай 18,7 трлн теңгеге дейін өседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109007?lang=kk
Молдовада әйгілі актер Б. Айтжановтың қатысуымен «Ұлы Дала таңы» көркем фильмінің көрсетілімі өтті 20.11.2025
Кишинев, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы даланың таңы» атты тарихи драмасының көрсетілімін Молдованың аудиториясы үшін ұйымдастырды. Аталған іс-шара Қазақстанның Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын тойлау аясында өткізілді.Фильм Ел тәуелсіздігін сыртқы қауіптен қорғауды қамтамасыз еткен Қасым хан тұсындағы мемлекеттің нығаюы мен өркендеу кезеңін бейнелейді.ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков және фильмнің бас актері Берік Айтжанов құттықтау сөз сөйледі.А. Айдарбеков өз сөзінде іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени дипломатияны нығайту, өзара түсіністікті дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілету екенін атап өтті.Фильмнің бас актері Б. Айтжанов Молдова көрермендеріне бұл туындыны ұсыну мүмкіндігі үшін Елшілікке және қонақтарға ризашылығын білдіріп, Кишиневтегі премьераға қатысуға өте қуанышты екенін атап өтті. Сонымен қатар, молдовалық аудиторияның Ұлы дала тарихына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, дипломатиялық корпус өкілдерінің, мәдени ұйымдардың, Молдова кинематографиясы саласының және қазақстандық диаспораның қатысуы қамтамасыз етілді.Қонақтар шағын қабылдауға қатысып, фильмді тамашалаудан оң әсер алғандарын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1108971?lang=kk
ҚР Елшісінің Сейм Төрағасымен кездесуі 20.11.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Уразаев Литва Республикасы Сеймінің Төрағасы Юозас Олекас мырзамен екіжақты күн тәртібі мен халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу мақсатында кездесті.Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Литва–Қазақстан достық тобының белсенді жұмысы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) шеңберінде литвалық және қазақстандық делегациялар арасындағы диалогты ілгерілету, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған шараларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.Кездесу барысында көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті атап өтілді. Екі тарап та сауда қатынастарын үздіксіз қамтамасыз ету және Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) арқылы практикалық өзара іс-қимылды дамыту ортақ басымдық болып саналатынын атап өтті.Сейм Төрағасына Қазақстанның цифрлық трансформациясы, IT және инновациялар салаларындағы өсіп келе жатқан мүмкіндіктер, оның ішінде елдің жетекші технологиялық бастамалары шоғырланған Astana Hub технопаркі аясындағы жобалар туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1108931?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ Бас хатшысын қабылдады 20.11.2025
Астана, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммадиді қабылдады.Кездесу барысында сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Дохаға жасаған сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1108922?lang=kk
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА 20.11.2025
 Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Ұлттық киім үлгілері дәріптелген іс-шараға жергілікті қолөнер шеберлері, жас дизайнерлер, сән өнерінің өкілдері мен ұлттық өнер жанашырлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, шығармашылық ұжымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен тұрғындар қатысты.2022 жылдан бері қалалық ассамблея алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестивалдің мақсаты – халқымыздың ұлттық киім үлгісінің қолданыс аясын кеңейту арқылы қоғамға заманауи үлгідегі ұлттық киім  үлгілерін ұсыну және жергілікті шеберлер мен ісмерлердің, зергерлер мен дизайнерлердің өнімдерін дәріптеу, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдарға деген құрмет пен қызығушылықты арттыру.Заманауи стильдегі ұлттық киім үлгілері дәріптелген фестивалдің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева ұлттық киім мен зергерлік бұйымдарды әзірлеп, бүгінгі буынға насихаттап келе жатқан шеберлер мен ісмерлерге, дизайнерлерге айрықша алғыс айтты.– Ұлттық киім – бұл тек сәндік элемент емес, ұлттың рухы, болмысы, тарихи жадын сақтаған қастерлі құндылық. Бүгінгі фестиваль арқылы біз жас ұрпаққа өз тамырын танытып қана қоймай, ұлттық киім өнерін жаңа деңгейге шығаратын жас таланттарға жол ашып отырмыз. Әр өңірдің киім үлгісінде халқымыздың тарихы, философиясы, дүниетанымы жатыр. Біз осы бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта қоғамды бір арнаға ұйыстыратын түрлі жобаларды іске асыратын болады. Біздің көздегеніміз – берекелі бірлігімізді бекемдеп, қоғамдық келісімді сақтау және этностар арасындағы тұғырлы татулықты өз тұғырынан түсірмеу, деді – хатшылық меңгерушісі.Фестиваль аясында дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің сәндік топтамалары көпшілік назарына ұсынылып, көрермендер қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің өңірлік ерекшеліктерін, ұлттық нақыш пен қолөнер шеберлерінің озық техникалары туралы тереңірек танып, білді. Кәсіби деңгейдегі мамандардан жасақталған қазылар алқасы жұртшылық назарына ұсынылған жұмыстар мен жобалардың арасынан үздіктерін анықтады.Қазылар алқасының шешімімен этностильдегі киім топтамалары арнайы марапаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Фестиваль қорытындысымен I орынды Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Аманат рухы» ұлттық киімдер жиынтығы (жетекшісі А.Б.Шнасыл) және «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының «Шұғыла» ұлттық киім топтамасы (авторы Б.Жетыбаева) лайық деп танылды. II орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Тау қырандары» киім жиынтығы (жетекшісі С.М.Искакова) және Орталық Азия инновациялық университетінің «Ұлттық киімнің түрленуі» сәндік киім үлгілерінің топтамасы (жетекшісі Б.А.Досанова), ІІІ орынды Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Жібек жолы» киім жиынтығы (жетекшісі М.Қ.Байзақова) мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Нұрлы шуақ» киім жиынтығы (жетекшілері Ж.А.Акаева, Д.А.Бейсенбаева) алды.Ал ұлттық киім үлгілерін дәріптеуді мақсат еткен іс-шараға белсене қатысқан қолөнер шеберлері мен ісмерлерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.Айта кетейік, фестиваль аясында заманауи ұлттық киім үлгілерімен қатар ұлттық өнердің әр жанрын қамтыған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent
Еріктілер Ranch демалыс аймағын тазартты. 25.10.2025
2025 жылдың 25 қазанында Республика күнін мерекелеу және Тәуелсіздік Декларациясының 35 жылдығы аясында Ранчо демалыс аймағында сенбілік өткізілді. Шараға белсенді жастар, қоғамдық ұйымдардың, студенттік бірлестіктердің өкілдері қатысты. Іс-шара әлеуметтік маңызды және экологиялық сипатқа ие болды және экологиялық сананы қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сенбілікке «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар ұйымының волонтерлері қатысты. Жастар демалыс аймағын абаттандыруға уақыттары мен күш-жігерлерін салды. Олар алдын ала белгіленген бағыт бойынша аумақты тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан және қоршаған ортаға зиян тигізетін бөгде заттардан тазартты. Әрбір қатысушыға тазарту үшін белгілі бір аймақ тағайындалды, олар оны толығымен тазартып, қоқыстарды арнайы қаптарға жинады. Сенбілік барысында волонтерлар қалдықтарды пластик, шыны, қағаз және тұрмыстық қалдықтар сияқты санаттарға бөлді. Қалдықтарды жинау ерекше ұқыптылықпен жүргізілді, қалдықтардың әрбір түрі одан әрі кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге жіберілді. Содан кейін қоқыс қаптары белгіленген орындарға жеткізілді. Қалдықтарды жүйелеу тек тазалыққа ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген қамқорлық пен қоғамда жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастырды. Ранчо демалыс аймағы - қала тұрғындары мен қонақтары үшін танымал орын. Ауданның тазалығы мен экологиялық жағдайы келушілердің жайлылығына, көңіл-күйіне және денсаулығына тікелей әсер етеді. Волонтерлердің белсенді жұмысының арқасында аймақ жақсы күтімді, қауіпсіз және келушілер үшін тартымды болды. Жастар ұйымшылдық пен ұжымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бір-біріне қолдау көрсетіп, міндеттер жүктеп, сенбілік барысында туындаған мәселелерді бірлесіп шешті. Іс-шара ауданның экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, жастар арасында ұжымдық рухты, ынтымақтастықты және бастамашылдықты арттырды. Қатысушылар табиғатты аялау әр адамның міндеті екенін көрсетіп, белсенді азаматтықтың үлгісін көрсетті. Шара барысында жастар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Олар басқаларға қоқысты дұрыс сұрыптау, тазалықты сақтау, табиғатты аялау маңыздылығын түсіндірді. Экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеуге, қалдықтарды дұрыс басқару әдеттерін дамытуға және қоғамдық орындардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға ерекше назар аударылды. Сенбілікке заманауи құралдар мен жеке қорғаныс құралдары қолданылды. Жұмысты тиімді аяқтау үшін волонтерлерге қолғаптар, қоқыс жәшіктері, жұмыс киімдері және қажетті құрал-жабдықтар берілді. Бұл қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, процестің тиімділігін арттырды. Әрбір аумақ мұқият тазаланып, қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Акцияның басты ерекшеліктерінің бірі қалдықтарды жүйелеу және дұрыс бөлу болды. Қалдықтардың әрбір санаты бөлек қаптарға салынып, одан әрі қайта өңдеу немесе кәдеге жарату үшін белгіленген орындарға жіберілді. Бұл әдіс тазалықты насихаттап қана қоймайды, сонымен қатар қала тұрғындарының экологиялық санасын оятып, қалдықтарды дұрыс басқарудың үлгісін көрсетеді. Науқанның әлеуметтік әсері де болды. Жастардың белсенділік танытқанын көрген аудан тұрғындары олардың бастамасын қолдап, сенбілікке өздері де атсалысты. Бұл аумақты таза ұстауға ұжымдық жауапкершілік сезімін арттырып, қоғамдық пайдалы іске ортақ атсалысу атмосферасын қалыптастырды. Еріктілер мен тұрғындар арасындағы өзара әрекеттестік қоғамдастық байланыстарын нығайтуға және экологиялық хабардарлықты арттыруға көмектесті. Еріктілердің жұмысының арқасында Ранчо демалыс аймағы тұрмыстық қоқыстардан, қалдықтардан және бөгде заттардан тазартылды. Бұл аймақ серуендеу, спортпен айналысу және отбасылық демалыс үшін тартымды болды. Таза, жақсы ұсталған аумақ келушілер үшін қолайлы жағдай жасайды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырады. Сондай-ақ акция еріктіліктің тиімділігін және тазалықты сақтау мен табиғи мұраны сақтаудағы жастардың рөлін көрсетеді. Еріктілер табиғатты аялау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр адамның жеке міндеті екеніне тоқталып, қоғам өміріне белсенді қатысудың үлгісін көрсетті. Сенбілік аяқталғаннан кейін қатысушыларға бастамалары мен белсенді жұмыстары үшін алғыс айтылды. Олардың күш-жігері ауданның сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, қала тұрғындарының экологиялық сауаттылығын арттырды. Сенбіліктердің оңды әсері тек көзбен ғана емес, сонымен қатар жастардың қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығы мен танымының артуына байланысты. Осылайша, 2025 жылдың 25 қазанында еріктілер Ранчо демалыс аймағында маңызды экологиялық науқан жүргізді. Олардың күш-жігері ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, жастар мен қала тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін тәрбиелеуге, қоғамдық жұмыстарға қатысудың оң үлгісін көрсетуге ықпал етті. Таза және ұқыпты демалыс аймағы серуендеуге, спортпен айналысуға және мәдени іс-шараларға қолайлы жағдай жасайды, адамдар мен табиғат арасындағы байланысты күшейтеді. Волонтерлік науқан тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастырудағы, жастардың қатысуын арттырудағы және әлеуметтік маңызды бастамаларды дамытудағы маңызды қадам болды. Осы оқиғаның арқасында Ранчо демалыс аймағы халықтың барлық топтары үшін тартымды, қауіпсіз және жайлы болды. Еріктілер қоршаған ортаны жақсартуға және сақтауға әрбір адам өз үлесін қоса алатынын атап өтіп, табиғатқа жауапкершілік пен қамқорлық танытты.
ЕРІКТІ ЖАСТАР “РАНЧО” ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 25.10.2025
2025 жылғы 25 қазан күні Республика күнін және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеу аясында “Ранчо” демалыс аймағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға белсенді жастар, қоғам қайраткерлері және түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Ерікті жастардың ұйымдастырған бұл акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Тазалық жұмыстарын жүргізуге “Қазақстан студенттер альянсы” жастар ұйымының белсенділері атсалысты. Жастар өз уақыттарын арнап, демалыс аймағын тазалау ісіне үлес қосты. Олар алдын ала жоспарланған маршрут бойынша барлық аумақты аралап, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинақтады. Әрбір жасөспірім өзіне берілген учаскені толық тазалап, қоқыстарды арнайы қаптарға бөліп жинады.Тазалық жұмыстары барысында жастар табиғатқа зиян келтіретін қалдықтарды бөліп алып, оларды белгіленген орындарға шығарды. Бұл шара табиғи ортаға құрметпен қарау, қоқыс мәселесін дұрыс ұйымдастыру және қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Акция барысында әрбір қатысушыға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тәртіпті сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау маңызды екенін түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.“Ранчо” демалыс аймағы – қала тұрғындары мен қонақтарының демалысқа шығатын, табиғатпен танысатын және таза ауада уақыт өткізетін орындардың бірі. Сондықтан оның тазалығы мен экологиялық жағдайы тұрғындардың демалысына, олардың денсаулығы мен көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Ерікті жастардың ұйымдастырған тазалық шарасы демалыс аймағын көркейтуге, қоқыстан арылтуға және аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталды.Акцияға қатысушылар әр түрлі әдістерді пайдаланып жұмыс жасады. Олар қоқысты түрлі санаттарға бөліп жинады: пластик, шыны, қағаз, тұрмыстық қалдықтар. Қаптарға бөлінген қоқыс кейін арнайы белгіленген жерлерге жеткізілді. Бұл тәсіл экологиялық білімді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеуге, қаланың экологиялық таза болуына септігін тигізді.Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында жастар бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеп, өзара көмек көрсетті. Бұл іс-шара олардың командалық рухын арттырып қана қоймай, табиғатты қорғауға деген ынтасын күшейтті. Акция кезінде жастардың белсенділігі мен ынтасы барлық қатысушыларға үлгі болды. Олар тек қоқыс жинаумен шектелмей, табиғатқа құрмет көрсетудің және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетуге тырысты.Жастар акция барысында әрбір қоқыс қалдығын дұрыс бөлуге, оны белгіленген орындарға жеткізуге ерекше көңіл бөлді. Бұл шараның негізгі мақсаты – демалыс аймағын таза ұстау ғана емес, сонымен қатар қаланың экологиялық мәдениетін көтеру, жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.“Қазақстан студенттер альянсы” жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген тазалық акциясы қала тұрғындарына да үлгі болды. Көптеген қала тұрғындары жастардың бұл бастамасын қолдап, өздерінің демалыс күндерін табиғатты қорғау ісіне арнады. Жастардың еңбегі мен ұйымдастырған жұмыстары демалыс аймағының көркеюіне, таза ауада демалуға және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосты.Акция барысында жастар табиғатты қорғаудың, қоқысты дұрыс жинаудың және қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын түсінді. Олар әрбір адамдың табиғатқа қамқорлық танытуы қажет екенін, қалдықтарды дұрыс орналастыру арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға болатынын атап өтті. Бұл тәжірибе жастарға табиғатты қорғауға тікелей қатысу мүмкіндігін берді және экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастырды.“Ранчо” демалыс аймағының тазалығы мен жайлылығы тұрғындардың демалысына, олардың көңіл-күйіне және денсаулығына әсер етеді. Сондықтан жастардың ұйымдастырған тазалық жұмыстары аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды шара болып саналады. Ерікті жастардың еңбегі арқасында демалыс аймағы көркейіп, тұрғындар мен қонақтар үшін таза және жайлы орынға айналды.Акция барысында жасөспірімдерге арнайы киім мен құралдар берілді, қоқыс жинауға арналған қаптар, қолғаптар және арнайы құралдар пайдаланылды. Бұл құралдар жұмыс процесін жеңілдетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Жастар ұйымдастырушылардың нұсқауларын орындап, әрбір учаскені мұқият тазалады.Тазалық жұмыстарының маңызды ерекшелігі – қалдықтарды арнайы қаптарға жинау және оларды белгіленген жерлерге жеткізу. Бұл тәсіл қалдықтарды дұрыс өңдеуге, қаланың экологиялық ахуалын сақтауға және табиғатты қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл шара тұрғындардың да экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.Ерікті жастардың ұйымдастырған тазалық акциясы қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тұрақты іс-шаралардың бірі болып табылады. Мұндай іс-шаралар арқылы жастар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырады, экологиялық білім алады және оны өз өмірінде қолданады.Акция соңында жастардың еңбегі жоғары бағаланып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Демалыс аймағы таза болып, тұрғындар мен қонақтар үшін ыңғайлы және көркем орынға айналды. Жастардың бұл бастамасы болашақта да тұрақты түрде өткізілетін экологиялық акцияларға үлгі болды.Осылайша, 25 қазан күні “Ранчо” демалыс аймағында өткізілген тазалық жұмыстары жастардың белсенділігін, экологиялық мәдениетін және қоғамға пайдалы істерге қатысуын көрсетті. Ерікті жастардың еңбегі арқасында демалыс аймағы таза, көркем және жайлы орынға айналды, тұрғындар таза ауада демалып, табиғатпен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға және жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
2025 жылғы 19 қараша күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар бірлескен отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті 20.11.2025
2025 жылғы 19 қараша күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялар  бірлескен отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті.2025-2027 жылдарға арналған аудан, Ақсай қаласы мен ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің қызметін бағалау критерийлері туралы және  аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізу мәселелерін қарап және талқылай келе, депутаттар кезектен тыс  сессиясының күн тәртібіне ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1108911?lang=kk
Мәслихат төрағасы К.Ермекбаев аудандық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын өткізді 20.11.2025
Мәслихат төрағасы  К.Ермекбаев аудандық  мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын өткізді.Сессия күн тәртібіне сәйкес, депутаттар, 2025-2027 жылдарға арналған аудан, қала және ауылдық округ  бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың баяндамасын тыңдап, талқылады.Сессия барысында, депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарап, олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады:Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы №11-3 «Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;Аудан әкімдігі және полиция бөлімінің қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы;Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы; 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-16 «Аумақтық (аудандық) сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-17 «Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік  сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10-17  «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Сессия жұмысына  аудан әкімі Е.Ихсанов, Бөрлі ауданының прокуроры Н.Мұсағалиев, полиция бөлімінің бастығы С.Шалдарбеков, облыстық мәслихатының депутаты А.Агаев,  аудан әкімінің орынбасарлары,  мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.Сессия барысы Fasbook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1108915?lang=kk