Қоғам
Қазақстанның Измирдегі Бас консулы Б.Ақатаев Денизли провинциясына жұмыс сапары өткізіді 20.11.2025
18 қарашада Қазақстанның Измир қаласындағы Бас консулы Бауыржан Ақатаев Денизли провинциясына жұмыс сапарын жасап, аймақ пен қала басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.Сапар барысында Денизли губернаторы Өмер Фарук Чошкунмен, мэрі Бюлент Нури Чавушоғлымен, провинцияның полиция бастығы Явуз Сағдичпен, сондай-ақ Әділет комиссиясының төрағасы Бахаттин Арыкан және Бас прокурор Ахмет Атаманмен келіссөздер өтті. Тараптар қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғау, жергілікті органдармен өзара іс-қимыл, қауіпсіздік, әлеуметтік байланыс және қалалық басқару салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Бағдарламаның маңызды бөлігі Памуккале университетіне сапар болды. Ректор профессор Махмұт Гүңгөрмен кездесу және жұмыс түсті асынан кейін Бас консул университетте білім алып жүрген ҚР студенттерімен жеке жүздесті. Сұхбат барысында оқу процесі, тұрмыс жағдайы, қауіпсіздік және консулдықтың қолдауы жөнінде ашық пікір алмасты.Жұмыс сапары Денизли өңірінің құрылымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға, жергілікті қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін талқылауға және бірлескен жобаларға жаңа мүмкіндік ашуға ықпал етті.Денизли провинциясы Қазақстан Республикасының Измир қаласындағы Бас консулдығының консулдық округіне кіреді. Өңірде Қазақстанның Құрметті консулы Окан Оғуз басшылық ететін Құрметті консулдық жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-izmir/press/news/details/1108583?lang=kk
Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық жаңа серпін алуда 20.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған қазақстандық делегация Бельгия Өкілдер палатасының төрағасы Петер Де Ровермен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және оны кеңейтудің перспективаларын, сондай-ақ екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.А. Құспан Қазақстан үшін саяси диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, еуропалық бағыттың еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды орын алатынын жеткізді. Ол Бельгия тарапын Президент Қ. Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, соның ішінде бір палаталы парламентке көшу жөніндегі ұсыныс, сайлау жүйесін реформалау және заң үстемдігін күшейту шаралары туралы хабардар етті. Әңгімелесушілер Бельгияда да парламенттің бір палаталы құрылымына көшу процесі жүріп жатқанын ескере отырып, екі елдің ұстанымдарының ортақтығын атап өтті.П. Де Ровер Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, көлік және логистика, стратегиялық маңызы бар шикізат материалдары, және жаңартылатын энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қолдау білдірді. Ол сондай-ақ көпжақты дипломатияның, мультилатерализмнің маңызын атап өтіп, «тұрақты мемлекеттер – тұрақты өңірлер» қағидатын ерекше атап өтті.Кездесуде бельгиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге, оның ішінде стратегиялық маңызды материалдар, шикізатты қайта өңдеу және жасыл сутегі өндіру салаларына өсіп келе жатқан қызығушылығы атап өтілді. Қазақстан тарапы Бельгия мен ЕО-ның озық технологияларына және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге қызығушылық танытты.Сондай-ақ, тараптар Парламенттік одақ (IPU) шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуды талқылады. Қазақстан парламенттік дипломатияны тереңдетуге, тәжірибе алмасуларды кеңейтуге және бірлескен іс-шаралар мен консультациялар ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.Кездесу барысында А. Құспан П. Де Роверге Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды. Бельгия тарапы мұндай сапардың саяси диалогты күшейту үшін маңызды екенін атап, оны ыңғайлы мерзімде қарастыруға дайын екенін айтты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы парламенттік байланыстарды әрі қарай дамытуға және стратегиялық әріптестікті нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1108593?lang=kk
Еуропалық Парламентте «Орта дәліздің» артып келе жатқан рөлі талқыланды 20.11.2025
Брюссель, 2025 жылғы 19 қараша – Еуропалық Парламентте «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара байланыстылықты нығайту: Орта дәліздің перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға Қазақстан Мәжілісінің және Еуропалық Парламенттің депутаттары, сондай-ақ Қазақстан мен ЕО мемлекеттік құрылымдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.Іс-шара Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік байланыстарын стратегиялық дамытуға, сондай-ақ жаһандық логистикадағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ, кеңінен «Орта дәліз» деп те белгілі) өсіп келе жатқан маңызына арналды.Кіріспе сөзді Еуропалық Парламент депутаты, Құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы Ильхан Кючук сөйледі. Ол Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуда байқалып отырған ілгерілеудің негізінде «Орта дәліздің» белсенді дамуы жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, «бұл – Еуропа мен Азияны байланыстыратын қарапайым көлік жолы ғана емес. Бұл – мүмкіндіктер дәлізі, тұрақтылық көпірі және ең бастысы – стратегиялық автономия мен ортақ өркендеудің символы».Сонымен бірге Еуропарламент депутаты, ЕО-ның «EuroNest» Парламенттік Ассамблеясындағы делегациясының басшысы Сергей Лагодинский геосаяси күйзелістер аясында «Қазақстан мен «Орта дәліз» жай ғана қызығушылық тудырып отырған жоқ – олар Еуропаның стратегиялық саясатының сақтандыру полисінің бір бөлігіне айналып келеді» деп атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақстан теңізге тікелей шыға алмайтын елдің де әлемнің әр бөлігін шынайы байланыстыратын маңызды буынға айналып, географияны кемшілік емес, артықшылыққа айналдыра алатынын дәлелдеп отыр».Іс-шараның негізгі спикері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан болды. Ол көлік өзара байланыстылығын дамыту Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі екенін, ал «Орта дәліздің» Еуразияның стратегиялық көпіріне айналып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімінің он жылдық мерейтойы өзара іс-қимылдың тұрақтылығы мен тереңдігін көрсетеді.Мәжіліс депутатының айтуынша, Қазақстан ежелден Ұлы жібек жолының бойында орналасқан ел ретінде бүгінде оның заманауи жоғары технологиялық нұсқасын қалыптастыруда. «Ел Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік торапқа айналды: оның аумағы арқылы Шығыс – Батыс бағыты бойынша құрлықтағы жүктің 85%-дан астамы өтеді. Қазақстан соңғы он жылда көлік инфрақұрылымына 35 млрд. доллар инвестиция салды және 2030 жылға дейін тағы 15 млрд. доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр», – деп түсіндірді ол.А. Құспан Оңтүстік Кавказдағы өңірлік ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашып отырған оң өзгерістерге де назар аударды. Ол Әзербайжанның транзиттік шектеулерді алып тастау туралы шешімі Қазақстанның алғашқы астық жөнелтілімдерін Арменияға жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтіп, мұны «көлік логистикасының сенімді, тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайта алатынының көрнекі үлгісі» деп атады.Қазақстандық депутат «Орта дәліздің» дамуы ең алдымен саяси емес, жаһандық экономикалық ағымдармен айқындалатынын баса айтты. Оның стратегиялық маңызы – әлемдік нарықтарға болжамды қолжетімділікті қамтамасыз ету, тәуекелдерді азайту және экономикалық өзара тәуелділікті күшейту.Ол Еуроодақтың Орталық Азия мен ЕО арасындағы көлік өзара байланыстылығын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Атап айтқанда, 2024 жылы өткен «Орталық Азия – ЕО» алғашқы Инвестициялық форумында жарияланған 10 млрд. еуро көлеміндегі міндеттемелерді және биыл сәуірде Самарқандта өткен «ОА – ЕО» Саммитінде жарияланған 12 млрд. еуроны атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамалар ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа берік негіз қалайды.Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Астана мен Брюссель арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл өткен соң бұрынғыдан да нығайғанын атап өтті.Ол Еуропаның сенімді және әртараптандырылған сауда бағыттарын дамытуға деген қызығушылығы Қазақстанның континенттерді байланыстыратын негізгі хаб ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясына толық сәйкес келетінін айтты. Дипломат Қазақстанның Еуропалық Одақпен және өңірлік серіктестермен жаңа еуразиялық дәліздерді ынтымақтастық, болжамдылық және өзара тиімділік кеңістігіне айналдыру үшін одан әрі конструктивті жұмыс істеуге дайын екенін растады.Сондай-ақ Еуропалық комиссияның Орталық Азия бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директоратындағы бөлім басшысының орынбасары Фабиен ван ден Эеде және «European Neighbourhood Council» талдау орталығының басқарушы директоры Самуэль Вестерби өз пікірлерімен бөлісті. Олар «Орта дәліздің» дамуындағы тұрақты прогресті, көлік инфрақұрылымына әрі қарай инвестиция салудың және осы бағытты саяси тұрғыдан үйлестіріп қолдаудың қажеттілігін атап өтті.Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар «Орта дәліздің» болашақ еуразиялық өзара байланыстылық моделінің негізгі элементтерінің бірі екендігі туралы ортақ пікірді растады. Қазақстанның белсенді ұстанымы мен халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюі бұл бағыттың жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін және экономикалық өсімге жаңа мүмкіндіктер ашатын стратегиялық көлік артериясы ретіндегі рөлін күшейте түсуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1108594?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның гуманитарлық бастамаларын қолдауға арналған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты 20.11.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Ислам мәдени қоғамы мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бірқатар Тұрақты өкілдіктері ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде дипломатиялық қауымдастықты біріктіретін, гуманитарлық бастамаларды ілгерілетуге және өзара қолдауды нығайтуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.2025 жылы жиналған қаражат БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету және олар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі Таяу Шығыс агенттігіне (UNRWA) – Газа секторындағы азаматтық халықты қолдауға бағытталған бағдарламалар үшін, сондай-ақ «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымына – Судандағы гуманитарлық операцияларды жүзеге асыруға жолданады.Қазақстан делегациясы арнайы ұлттық стенд әзірлеп, Тұрақты өкілдік ұжымы дайындаған дәстүрлі тағамдарын ұсынды. Ұлттық стенд қатысушылар мен қонақтардың жоғары қызығушылығын тудырып, жәрмеңкенің мәдени алуан түрлілігі мен қайырымдылық миссиясына мәнді үлес қосты.Қазақстанның аталған іс-шараға қатысуы еліміздің халықаралық гуманитарлық күн тәртібіне, өзара түсіністікті ілгерілетуге және қақтығыстардан зардап шеккен азаматтарды қолдауға деген берік ұстанымын тағы бір мәрте растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1108595?lang=kk
Ауыл әкімдері округтерді дамытуға арналған жаңа бастамаларын ұсынды 20.11.2025
Облыс басшылығы мен ауылдық округ әкімдері арасындағы диалог мазмұнды әрі нақты сипатқа ие болуда. Бүгінде ауыл әкімдері мәселелерді ғана емес, оларды шешудің тиянақты ұсыныстарын, есептері мен нақты тетіктерін ұсынады.Осы бағыттағы жүйелі жұмысқа Қонаев қаласында жүзеге асқан «Әкімдер мектебі» жобасы елеулі үлес қосты. Жоба ауыл әкімдеріне заманауи басқару құралдарын меңгеруге мүмкіндік беріп, пікір алмасудың және тиімді шешімдер іздеудің алаңына айналды. Соның нәтижесінде мұндай кездесулердің сапасы едәуір артты.Облыстық әкімдікте өңірдің тоғыз ауданының ауылдық округ әкімдері бас қосты. Олар – округтердің дамуына жауапты, тікелей дауыс беру арқылы сайланған басшылар.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті:«Ауыл – өңір экономикасының негізі. Мәселені облысқа жеткізбей, жергілікті жерде шешу маңызды. Егер ұсыныс ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған болса, біз оны қолдауға дайынбыз».Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін күшейту қажеттілігі айтылды. Оның ішінде әкімдердің сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша халық алдында тұрақты есеп беру практикасын заңмен бекіту ұсынылды.Бюджет мәселелері де кеңінен талқыланды. Ауыл әкімдеріне көлік иелері туралы ақпаратқа қол жеткізу, жылжымайтын мүлікті нарықтық құн бойынша бағалау және жеке табыс салығын жұмыс орны бойынша төлеу қағидатын енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл ауыл бюджеттерінің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу инфрақұрылымының дамуы — бизнес өсімінің маңызды шарты. Әкімдер шағын цехтар, сою пункттері мен қоймаларды өңірлік стандарттардың міндетті элементі ретінде енгізуді ұсынды.«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру кезінде кепіл мәселесінің өзекті болып отырғаны айтылды. Қатысушылар «Даму» қоры арқылы кепілдік беру және тауарлық несие жүйесін енгізу бастамаларын қолдады. Сондай-ақ ауылдар мен кооперативтердің мамандануын нақты есепке алу қажеттілігі көтерілді.Әкімдік аппараттары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру және жаңа KPI әзірлеу мәселелері талқыланды. Бәсекеге қабілетті жалақы мен нақты көрсеткіштердің болмауы кадрларды тартуды қиындататыны атап өтілді. Осыған байланысты округтердің жеке даму бағдарламаларын жасап, әкімдіктердің нақты мүмкіндіктеріне сай KPI белгілеу ұсынылды.Пікірталас барысында жайылым тапшылығы, жер учаскелеріне қатысты ақпараттың қолжетімсіздігі, ауылдық аппараттарда мамандардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер көтерілді. Жер және ветеринария мамандарының штаттық бірліктерін енгізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына арналған үлгілік жобаларды әзірлеу ұсынылды.Цифрландыру саласындағы кедергілер де айтылды. Мемлекеттік деректер базаларына қол жеткізудің шектеулілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізуді қиындатады және шалғай ауылдарда жедел жәрдем шақыруы мен кезбелік жануарларды ұстау жұмыстарының үйлесімділігіне әсер етеді.Барлық ұсыныстар жүйеленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Алдағы уақытта ауыл әкімдері Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін республикалық диалог алаңында өз бастамаларын таныстырады.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Дауталиев атап өтті: «Бүгінде ауыл басшылары кездесулерге шағыммен емес, идеямен келеді. Бұл – олардың кәсіби өсуінің және нәтижеге бағытталған жұмыстың көрсеткіші. Біздің міндет – осы қарқынға қолдау көрсетіп, тиімді жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108596?lang=kk
Қазақстан Елшісі «Abdul Mohsen Al Hokair Holding Group» компаниясымен кездесті 19.11.2025
Рияд, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Abdul Mohsen Al Hokair Holding Group» компаниясының Бас атқарушы директоры Маджид Әл-Хокейрмен келіссөздер өткізді.Сұхбат барысында туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басты назар аударылды.Қазақстан Елшісі ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ ел экономикасына шетелдік капиталды ынталандыру және тарту бойынша қабылданып жатқан үкіметтік шаралар туралы ақпарат берді.Сауд тарапы Қазақстан нарығының өсіп келе жатқан әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді әріптестікті дамытуға қызығушылық білдірді.1975 жылы құрылған «Abdul Mohsen Al Hokair Holding Group» қонақжайлық және ойын-сауық салаларында жұмыс істейді. Қазіргі таңда компания Сауд Арабиясы мен Шығанақ елдерінде 35 қонақ үй мен 90-нан астам тақырыптық парк пен ойын-сауық орталығын басқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1108575?lang=kk
Абу Дабиде Қазақстан мен БАӘ халықаралық-құқықтық қызметтерінің алғашқы консультациялары өтті 19.11.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 17-18 қараша – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрліктерінің халықаралық құқық департаменттері арасында алғашқы консультациялар өтті.Іс-шараға қазақ тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, ал әмірлік тарапынан БАӘ СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Абдулла Хамдан Әлнакби қатысты.Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы шарттық-құқықтық базаның түгендеуін жүргізіп, оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларды талқылады. Сонымен қатар құқықтық қызметтер өзекті халықаралық-құқықтық мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық шарттарды жасасу мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісті.Дипломаттар шарттық-құқықтық базаны дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті және келесі кездесуді Астанада өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1108757?lang=kk
Қазақстанның «Jordan Phosphate Mines Company» компаниясымен ынтымақтастығын дамыту жолдары талқыланды 19.11.2025
Амман, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның «Jordan Phosphate Mines Company» (JPMC) Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммад Аз-Зунейбатпен кездесті.Сұхбат барысында тараптар JPMC мен қазақстандық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, оның ішінде технологиялармен алмасу, фосфат шикізатын қайта өңдеу, сондай-ақ қазақ тарапының Иордания аумағындағы JPMC өндірістік жобаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Екі елдің салалық мемлекеттік құрылымдары мен бизнес-ұйымдары, атап айтқанда «Қазфосфат» ЖШС мен JPMC арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығына назар аударылды.Елші Т.Шалданбай Қазақстанның JPMC-пен өзара тиімді әріптестікті дамытуға мүдделі екендігін атап өтіп, нақты келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан делегациясының Иорданияға сапарын және оның барысында JPMC-тің өндірістік нысандарына баруын ұйымдастыруға атсалысуға дайындығын жеткізді.Тараптар болашақ ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау мақсатында салалық ведомстволар мен компаниялар желісі бойынша байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1108570?lang=kk
Қазақстан мен Грекия жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша өзара үйлестіру жүргізді 19.11.2025
Афина, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Александра Пападопулумен кездесу өткізді. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растап, 2024 жылғы қарашада Бакуда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы СОР-29 шеңберінде Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру контексіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларына ерекше назар аударды. Әңгімелесушілер жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда жүйелі түрде орындаудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру және үкіметаралық және ведмоствоаралық тетіктердің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды. Сонымен бірге биік және жоғары деңгейдегі алдағы өзара сапарларға қатысты жоспарлар талқыланды. Бұл сапарлар Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси диалог пен практикалық ынтымақтастыққа қосымша серпін беруге бағытталған.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті, оның ішінде екі елдің іскер топтарының тікелей байланыстарын дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды алға жылжыту мүмкіндіктері қарастырылды. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, білім және туризм салаларындағы алмасуларды кеңейту перспективалары талқыланды. Бұл шаралар Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы өзара түсіністікті және достықты нығайтуға жәрдемдеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1108571?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Армения Елшісін қабылдады 19.11.2025
Астана, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянды қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны дамыту келешегін талқылады.Кездесу барысында Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға жасайтын алдағы алғашқы ресми сапарына дайындық мәселелеріне айрықша назар аударылды. Армения Үкіметінің басшысын экономика, білім мен мәдениет салаларының мемлекеттік органдары өкілдерінен құралған делегациясы Ереванның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа серпін беруге ниетті екенін айғақтайды.Министр Армения Үкімет басшысының алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастардағы маңызды меже болып, көлік-логистика, цифрландыру мен жасанды интеллект, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Армения арасындағы достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және түрлі бағыттардағы диалогты ілгерілетуге өзара қызығушылықты атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын қамтамасыз етуге бейілділігін растады.Кездесу соңында тараптар алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1108573?lang=kk
Қазақстан ГРЕКО-мен өзара іс-қимылды күшейтуде 19.11.2025
Страсбург, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 101-ші пленарлық сессияна қатысты. Делегацияны Агенттік Төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов басқарды.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы реорганизация қорытындысы бойынша ГРЕКО-мен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау функциялары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілгенін атап өтті. Ол аталған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың превентивтік тетіктерін күшейтуге және ұлттық антикоррупциялық саясат аясында ГРЕКО ұсынымдарын тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.Агенттік Төрағасының орынбасары Қазақстанның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені нығайту жөніндегі кешенді шараларды жалғастырып жатқанын мәлімдеп, ГРЕКО ұсынымдарын әділдік институттарын одан әрі жетілдіруге және қоғамдық сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағдар ретінде қарастыратынын атап өтті.Сапар аясында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл және ынтымақтастық басқармасының сарапшыларымен кездесті. Тараптар ГРЕКО ұсынымдарына сәйкес Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, антикоррупциялық саясатты, нормативтік-құқықтық және институционалдық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.Еуропа Кеңесінің өкілдері Қазақстанмен өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, екіжақты форматтағы жаңа жобалар бойынша жұмысты кеңейтуге әзір екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1108552?lang=kk
Будапештте өткен сараптамалық жиында Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық әріптестігі талқыланды 19.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 18 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі, Людовика Мемлекеттік қызмет университетінің Түркі зерттеулері орталығы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп «Байланыстылық және ынтымақтастық: Мажарстанның Түркі әлемімен стратегиялық өзара іс-қимылы» тақырыбындағы панельдік дискуссия форматында дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараға ТМҰ мемлекеттерінің Будапешттегі елшілері, ТМҰ-ның Мажарстандағы Өкілдігінің қызметкерлері, дипломаттар, сондай-ақ Мажарстанның Мәдениет және инновация министрлігі және талдау орталықтарының өкілдері қатысты.Іс-шараның басында Людовика университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Пьер Паоло Пигоцци, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, сондай-ақ Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілеттті кеңесінің төрағасы профессор Мұхиттин Шимшек сөз сөйледі. Сонымен бірге халықаралық істер жөніндегі бас директор Лилиана Шмех бейне үндеу жолдады.Шара аясында екі жоғары оқу орны арасында академиялық ынтымақтастықты, бірлескен зерттеулерді және ғылыми жобаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Бағдарлама екі панельдік сессиядан тұрды:Бірінші панель « Байланыстылық және орнықтылық: Түркі әлемі мен Мажарстанның ортақ өңірлік контексті» тақырыбына арналды. Онда өңірлік байланыс, қауіпсіздік және Мажарстанның Түркі мемлекеттерімен ынтымақтастығы талқыланды.Екінші панель «Қазақстан мен Мажарстан: стратегиялық әріптестік арқылы орнықты болашаққа» тақырыбында өтіп, экономикалық ықпалдастық, инновациялар, жасыл трансформация және ортақ даму басымдықтары қарастырылды.Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға және Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға деген берік ұстанымын атап өтті. Ол сондай-ақ академиялық және сараптамалық диалогтың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар, Елші Абзал Сапарбекұлы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық серіктестерге алғыс айтып, білім, ғылым және дипломатия салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1108537?lang=kk
Әлеуметтік қызметтерді күшейту 19.11.2025
Бүгін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларымен ҚӨЖ-да жүрген адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтың өзара іс-қимылына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.Бірлескен жұмыс мүмкіндіктер береді:• жедел ақпарат алмасуға;• көмек ең қажет сәтте отбасыларға тез әрекет етуге және уақытты қысқартуға;• кәсіби тәжірибені біріктіру арқылы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға;• дағдарыстық жағдайлардың алдын алып, жалпы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1108503?lang=kk
Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады 19.11.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы қаралды. Жаңа құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Бағдарламаның басымдығы экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыру. Ол үшін бағдарламада экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының шаралары мен құралдарының жиынтығы қарастырылған. Биыл экономиканың сапалы өсуі жалғасуда. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,2%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері , құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады.«Үкімет тек жалпы ішкі өнім құрылымы салаларындағы өсуді ғана мақсат етпейді. Өсуді қамтамасыз етуде адами капитал, негізгі капитал, табиғи ресурстар, еңбек өнімділігі және технологиялар сияқты маңызды факторлардың үлесі ескерілетін болады. Осыған байланысты әлеуетті жалпы ішкі өнім бойынша экономикалық өсудің декомпозициялануы өзекті болып отыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.«Инвестицияларға тапсырыс» қағидатына негізделген жаңа тәсіл енгізілуде. Құны 29,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар үшін басым салаларда 25 жыл ішінде заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісімдер жасалады.Экономикалық өсудің проактивті саясатын жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингінің рөлі күшейтілетін болады. Холдинг ұлттық экономика үшін барынша мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланады. 2026 жылға арналған портфельде басымдықтар келесідей бөлінеді:42% химия және мұнай-газ химия өнеркәсібін, 19,6% – көлік және логистиканы, 12,1% – энергетиканы, 7,1% – тау-металлургиялық кешенді, 6,4% – агроөнеркәсіптік кешенді және тамақ өнеркәсібін қаржыландыруға тиесілі.Ол үшін Үкімет республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес 2026 жылы «Бәйтерек» холдингіне 1 трлн теңгеге дейінгі бюджет қаражатын бөлуді жалғастырады.Бюджет тапшылығын 2028 жылы жалпы ішкі өнімге0,9%-ға дейін, ал мұнайға қатысты емес тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,7%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге 26%-дан аспайтын тұрақты деңгейде сақталатын болады.Инфляцияға қарсы шаралар шеңберінде электрондық сауданы реттеуге ерекше назар аударылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында маркетплейстерде – бөліп төлеген және бөліп төлемеген кезде қосарланған (сараланған) бағалар практикасы енгізіледі.Серік Жұманғарин тарифтік саясат бойынша да ақпарат берді. Вице-премьер 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылғанын атап өтті.Тарифтерді көтеруге мораторий қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізіледі.2026-2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Үкімет квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. 2026 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий қолданылады. Одан әрі оңтайландыруға ұсынылатын мемлекеттік объектілердің жаңа тізбесі қалыптастырылды. Оған баланстық құны 2 трлн теңгеден асатын 500-ге жуық компания кірді.Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен «Qazaq Green Power PLC» акцияларын IPO/SPO-ға шығару жоспарлануда.Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейтуге баса назар аударылады.«2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», — деді вице-премьер.https://primeminister.kz/news/kazakstanda-investiciia-tartudyn-zana-tetigi-iske-kosylady-30734 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108437?lang=kk
Серік Жұманғарин ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен кездесті 19.11.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқармасының бастығы Әли әл-Эйдпен кездесті.Диалог барысында вице-премьер ХВҚ-ның Келісім баптары шеңберіндегі тұрақты талдамалық жұмысы үшін, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сынды Қазақстанның тағы да мемлекеттік органдарында консультациялар өткізіп, техникалық көмектер көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.«Біздің Халықаралық валюта қорымен ұзақ мерзімді әріптестігіміз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің бірқалыпты архитектурасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қордың ұсынымдары біздің байыпты шешім қабылдауымызға көмектессе, өзара ынтымақтастығымыз институционалдық реформаны ілгерілетіп, макроэкономикалық және макропруденциалдық саясатты жетілдіруге жәрдемдеседі», — деді Серік Жұманғарин.Ол ХВҚ миссиясы басшысын құрылымдық реформалардың барысымен, соның ішінде күшіне енген Бюджет және Салық кодекстерінің жүзеге асырылуы, қаржы нарығының дамуы, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның 2026-2028 жылдарға арналған жаңа бірлескен іс-қимыл бағдарламасының негізгі бағыты туралы хабардар етті. Сонымен қатар жаңартылған макрокөрсеткіштермен таныстырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,8%, ал 2025 жылғы 10 айда – 6,4% болды.Әли әл-Эйд ХВҚ-ның Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, салық реформасын жүргізу, фискалдық ұстанымды нығайту, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қолдау мен ұзақ мерзімді стратегиялық пайымды қалыптастырудағы елдің елеулі ілгерілеуін атап өтті. Сонымен бірге ол инфляцияны одан әрі төмендету қажеттігіне, оның көп компонентті сипаты мен сыртқы факторлардың әсеріне назар аударды.Тараптар талдамалық және сараптамалық алмасуды нығайту, сондай-ақ орнықты экономикалық өсуді қолдау жөніндегі бірлескен жұмысты дамыту секілді алдағы өзара іс-қимыл перспективасын талқылады.Кездесу сындарлы, әріптестік райда өтті. Бұл Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара көзқарасты айғақтайды.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-xvk-nyn-kazakstan-boiynsa-missiiasynyn-bassysymen-kezdesti-30738 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108444?lang=kk
Қазақстанның Жібек жолы мұрасы: британдық жазушы Ник Филдингтің дәрісі Лондонда қызығушылық тудырды 19.11.2025
Өткен аптада Ұлыбританияның беделді жеке клубтарының бірі – 1837 жылы негізі қаланған лондондық Army and Navy Club – белгілі британ жазушысы әрі саяхатшысы Ник Филдингтің Younghusband Lecture атты дәрісін қабылдады.Adventure Circle клубының мүшелері алдында сөйлеген Ник Филдинг «Қазақстан: Солтүстік Жібек жолын зерттеу» атты көрнекілігі мол презентациясын ұсынды. Ол Алматыдан Арал жағалауына дейінгі өзінің соңғы экспедициясының нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстанның Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы стратегиялық рөліне ерекше тоқталды. Зерттеуші тарихи мәліметтер мен мәдени байқауларды шебер үйлестіріп, еліміздің байырғы дәуірдегі айбынды келбетін жанды түрде суреттеп, бүгінгі күнге дейін әлі толық ашылмаған туристік әлеуетін атап өтті.Филдингтің айтуынша, ғасырлар бойы Жібек жолы саяхатшылар мен жазушыларға шабыт беріп келген. Ол бір ғана бағыт емес, Орталық Азияның шөлдері мен тауларын, кең жазира даласын қиып өтетін сан тарам жолдардың алып желісі. Зерттеуші бір кездері атақты болған Отырар, Сауран, Сығанақ және Жанкент қалаларына, сондай-ақ тарихи да, бүгінгі бейнесімен де айбынды Түркістанға айрықша көңіл бөлді. Бұл шаһарлар заманының ең маңызды сауда, мәдениет және дипломатия орталықтары ретінде Шығыс пен Батысты жалғаған алтын көпір болғаны белгілі.Қазақстанды 15 жылдан бері, негізінен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысын аралап жүрген Ник Филдинг соңғы сапарлары кезінде Солтүстік Жібек жолының тарихи және стратегиялық маңызына тереңірек көз жеткізгенін айтты. Ол бұл бағытты Жібек жолының ең маңызды, бірақ әлі тиісті деңгейде бағланбаған тармақтарының бірі деп атады.Іс-шараға зерттеушілер, тарихшылар және шытырман оқиға әуесқойлары кеңінен қатысты. Дәріс барысында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі де қатысып, қонақтарға еліміз туралы кітаптар мен сувенирлер ұсынып, Қазақстанның бай мұрасы мен заманауи келбеті туралы әңгімелесті. Сонымен қатар Елшілік кеш мазмұнын ежелгі карталар мен қазақ мемлекеттілігіне қатысты қолжазбалар көрмесімен және елдің табиғаты мен археологиялық ескерткіштерін танытатын визуалды экспозициямен толықтырды.Елшіліктің саяси кеңесшісі Бауыржан Нұрбалин Ұлыбритания азаматтары үшін Қазақстанда 30 күн визасыз болу мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ Air Astana аптасына төрт рет Лондон – Алматы бағытында тікелей рейс жүзеге асыратыны атап өтті. Бұл факторлар Қазақстанды британдық саяхатшылар үшін бұрын-соңды болмаған деңгейде қолжетімді етіп отырғанын жеткізді.Younghusband Lecture дәрісі Қазақстанның бай тарихи мұрасын дәріптеп қана қоймай, еліміздің ғалымдар, зерттеушілер мен саяхатшылар үшін тартымдылығы артып келе жатқанын айқын көрсетті. Көптеген қонақтар шарадан шабыттанып, Қазақстанды өз көзімен көруге деген ықыласпен тарасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1108453?lang=kk
Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша семинар 19.11.2025
2025 жылғы 19 қарашада "Атамекен" ҰКП ШҚФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО салық төлеушілері, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді. Кездесу барысында департамент мамандары салық заңнамасының өзекті мәселелерін түсіндірді. Талқыланған тақырыптар:2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық тексерулеріне енгізілетінөзгерістер;Темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес. 2026 жылғы 1 қаңтарданбастап акциздер бойынша өзгерістер;ҚР дереккөздерінен алынатын резидент еместердің кірісін салыққатарту, өзгерістер;Заңды тұлғалардың банкроттығы — қарызды қайта құрылымдау рәсімі;Кеден төлемдері мен салықтарды төлеу міндеттемелерін орындаудықамтамасыз ету.Іс-шара конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1108409?lang=kk
Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр 19.11.2025
Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына 3 650 тонна , күзгі егін басындағы еңбекке 201 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 1 366,7 тонна дизель отынына өтінім қабылданып, шаруашылықтарға уақтылы жеткізілді. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдықов баспасөз мәслихатында айтты.Дизель отыны аудандар бойынша нақты бөлініп, Райымбек ауданына 313,8 тонна, Жамбыл ауданына 193,6 тонна, Еңбекшіқазақ ауданына 162,3 тонна, Іле ауданына 186,5 тонна, Ұйғыр ауданына 37,8 тонна, Кеген ауданына 56,3 тонна, Қарасай ауданына 111,4 тонна, Талғар ауданына 120,9 тонна, Қонаев қаласына 159,1 тонна және Балқаш ауданына 25 тонна жөнелтілді.«2025 жылға облысқа 5 016,7 мың тонна дизель отыны жоспарланған. Сонымен қатар қосымша 3,0 мың тонна көлемінде сұраныс беріліп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қосымша бөлінген көлемнің 43,3 тоннасы шаруашылықтарға жеткізілді», - дейді спикер. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылатын дизель отынының бағасы нарықтық деңгейден 26 пайыз төмен – литрі 250 теңге. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған өтінімдерді қабылдау 1–30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.Облыста ауыл шаруашылығы саласында техника паркін жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 490 бірлік жаңа техника сатып алу көзделген болса, қазіргі таңда 6,3 млрд теңгеге 391 бірлік техника алынған. Жоспардың 79,7 пайызға орындалған. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» арқылы 4,5 млрд теңгеге 258 техника, ал шаруалардың өз қаражаты есебінен 1,8 млрд теңгеге 133 техника сатып алынды.Аталған шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, маусымдық дала жұмыстарын уақытылы ұйымдастыруға және өнімділікті арттыруға елеулі ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108414?lang=kk
Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі 19.11.2025
Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларға автоматтандырылған және салыстырмалы бақылау жүйесі іске қосылады. Автоматтандырылған бақылау (е-Тамға)• ЭШФ тек расталған шығындар болған жағдайда ғана рәсімделеді.• ҚҚС балансы «е-Тамға» сервисінде нақты уақыт режимінде автоматты түрде есептеледі.• Балансты толықтыру — МКК қазынашылық шоты арқылы, алдын ала салықсыз.• Пайдаланылмаған қаржыны өтініш беріп қайтаруға болады.• Бақылау тек тәуекелді салық төлеушілерге қолданылады.• Мерзімі — 12 ай, ал шарттар орындалса, 6 айдан кейін мерзімінен бұрын алып тастауға болады. Салыстырмалы бақылау• Жалған жеткізілімдерді анықтау үшін жүргізіледі.• Тек жалған ЭШФ белгілері бар шағын топтағы салық төлеушілерге қатысты.• Хабарлама келеді — орындау мерзімі 10 жұмыс күні:• Келіссе → ЭШФ қайтарылады• Келіспесе → түсініктеме беру қажет• Уақытылы жауап берілмесе → ЭШФ рәсімдеу бұғатталады және банк операцияларына шектеулер қойылады Жаңа Салық кодексі ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономикамен күресуге және әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1114206?lang=kk
Алтай ауданы маслихатының төрағасының және «AMANAT» партиясынан сайланған депутатының жеке қабылдауына Алтай қаласының тұрғындары баспана мәселесі бойынша жүгінді 19.11.2025
Көтерілген мәселелер жан-жақты қарастырылып, айтылған проблемаларды шешуге жәрдем көрсету мақсатында жұмысқа алынды.«AMANAT» партиясы мен Алтай ауданының мәслихат депутаттары азаматтардың өтініштерін қарау және жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1108290?lang=kk