Enbekshi QazaQ

Қоғам

Республиканың жаңа Конституциясы қабылданды! 13.07.2026
 Цифрландыру және архивтер басқармасы оның ережелерін іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: азаматтардың цифрлық құқықтарын дамыту, дербес деректерді қорғау, архивтерді заманауи электрондық форматқа көшіру және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру.Цифрлық болашақ — бүгін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1251770?lang=ru
Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытын растады 13.07.2026
Ашғабат, 2026 жылғы 1 шілде – Ашғабат қаласына жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси диалогты одан әрі нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растап, екіжақты қатынастарды нығайтудағы биік және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстардың маңызды рөлін атап өтті.«Түрікменстан – біз үшін ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен тату көршілік дәстүрлері байланыстырған жақын бауырлас мемлекет. Бірлескен күш-жігердің арқасында мемлекетаралық қатынастарымыз сапалық жаңа деңгейге көтерілді», – деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.Өз кезегінде Р.Мередов түрікмен тарапының екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болды. 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 6,8%-ға өсіп, шамамен 180 млн АҚШ долларына жеткені аталып өтті. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес тараптар бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына жеткізуге дайын екендіктерін растады.Министрлер 2026 жылғы 24 маусымда Астанада өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының 14-отырысының қорытындыларын жоғары бағалап, оның бірлескен жобаларды ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.Тараптар екі мемлекет арасындағы ұзақ мерзімді қатынастардың берік негізі ретінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Білім беру, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері қарастырылды.Министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, БҰҰ, ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайту, сондай-ақ Ауғанстанды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Е.Көшербаев Түрікменстан тарапына Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулеріне және ТМД-дағы төрағалығы аясындағы жұмысына табыс тіледі.Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ashgabat/press/news/details/1254180?lang=ru
Марокконяың Фес-Мекнес өңірімен байланыстар нығайып келуде 13.07.2026
2026 жылғы 24-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы 6-шы Фес-Мекнес экономикалық форумына қатысып, өңір Уәлиі және Фес префектурасының Губернаторы Халид Айт Талибпен және Ифрандағы Әл-Ахауин университетінің президенті Амин Бенсаидпен кездесті.Уәли Х. Айт Талибпен кездесуде тараптар Қазақстан мен Марокко арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Фес- Мекнес өңірін атап, тараптар қазақстандық бизнеспен өңіраралық бизнес- форумдар ұйымдастыруға мүделлілік танытты. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды кеңейту, студенттер алмасу бағдарламалары және академиялық ынтымақтастықты белсендіру маңыздылығын атады. Өңір басшылығы туризм, мейрамхана бизнесі, өнеркәсіп, білім және денсаулық сақтау секілді салада қазақстандық серіктестерге қажетті қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.Доктор А.Бенсаидпен кездесуде тараптар білім мен ғылым салаларында екі елдің мүмкіндіктері жоғары екенін растап, студенттермен шығыстану, халықаралық қатынастар, жасанды интеллект, экология, жаңартылатын энергия салалар бойынша интеграцияланған бағдарламаларды әзірлеу мәселелерін талқылады. Кездесуден кейін Елші Әл Ахауин университетінің студенттеріне Қазақстан тарихындағы Алтын Орданың маңызы, констиуциялық реформалар, экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан мен Марокко екіжақты ынтымақтастық жағдайы мен болашағы туралы дәріс оқып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1251745?lang=ru
ЕАЭО шеңберінде қадағалауға жататын тауарлар бойынша ТІЖ ресімдеу 13.07.2026
Құрметті салықтөлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағалануы қадағалануға жататын тауарларды және олардың айналымына байланысты операцияларды ұлттық қадағалау жүйесін пайдалана отырып есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатынын еске салады.Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығымен бекітілген.Қадағалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілерге «Виртуалды қойма» модулі арқылы ресімделген тауарларға ілеспе жүкқұжат негізінде электрондық шот-фактураны жазып беру қажет.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген (тауарлардың тізбесі төменде келтірілген).Қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 34 коды енгізілген.2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар бойынша қадағалау тетігі қолданысқа енгізіледі.Қадағалануы жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың тізбесі: ЕАЭО СЭҚ ТН кодыТауар атауыҚадағалау мақсатында қолданылатын сандық өлшем бірлігі8418 10 200 18418 10 800 18418 21 100 08418 21 510 08418 21 590 08418 21 910 08418 21 990 08418 29 000 08418 30 200 18418 30 800 18418 40 200 18418 40 800 1Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштардана8450 11 110 08450 11 190 08450 11 900 08450 12 000 08450 19 000 08450 20 000 0Тұрмыстық немесе кір жуу орындарына арналған кір жуғыш машиналар, оның ішінде сығу құрылғысымен жабдықталған машиналардана8528 71 110 08528 71 150 08528 71 190 08528 71 910 08528 71 990 08528 72 100 08528 72 200 18528 72 200 98528 72 300 18528 72 300 28528 72 300 38528 72 900 98528 72 400 08528 72 600 08528 72 800 08528 73 000 0Телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы, оның құрамына хабар тарату радиоқабылдағышы немесе дыбыс пен бейнені жазуға не оларды жаңғыртуға арналған аппаратура кіретін немесе кірмейтіндана  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256131?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Кедендік тексерулер» 13.07.2026
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 2 шілдеде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Кедендік тексерулер» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Мапитова Мария Талғатқызы.Модератор: Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1251700?lang=ru
2026 ЖЫЛДЫҢ III-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 13.07.2026
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы01.07.2026 ж., сағат 10.30-11.3015.07.2026 ж., сағат 10.30-11.3029.07.2026 ж., сағат 10.30-11.3012.08.2026 ж., сағат 10.30-11.3026.08.2026 ж., сағат 10.30-11.3009.09.2026 ж., сағат 10.30-11.3023.09.2026 ж., сағат 10.30-11.30Павлодар қ., генерал Дүйсенов к-сі, 80, Азаматтарды қабылдау орталығы, 1 қабат8 (7182) 32-13-59Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00Төлеген Билялұлы Шаймарданов, Департамент басшысы орынбасарының м.а.сәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 3108 (7182) 32-07-98Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1251677?lang=ru
Салықтық әкімшілендірудегі жаңашылдықтар 13.07.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру саласында ауқымды өзгерістер күшіне енді. Негізгі мақсат – салықтық бақылауды цифрландыру, адал бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және салық төлеуден жалтаруға бақылауды күшейту.Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді едәуір жеңілдетуді көздейді: салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқартылады, салықтық жеңілдіктер оңтайландырылады, салық берешегін өндіріп алу, төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі.Енді салықтық әкімшілендіруге электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беру бақылауы да кіреді.Электрондық шот-фактураларды жазып беру бақылауы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:1) электрондық шот-фактураларды жазып беруді автоматтандырылған бақылау;2) электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау.«e-Тамға» арнайы ақпараттық сервисі арқылы ҚҚС-тың ағымдағы қалдығын есептеу негізінде электрондық шот-фактураларды жазып беруді автоматтандырылған бақылау енгізілді.Егер электрондық шот-фактура ҚҚС-мен расталған заңды шығыстармен (жеткізушілерден сатып алу, тауарларды импорттау немесе бейрезиденттердің қызметтері) қамтамасыз етілмесе, жүйе ҚҚС сомасы төленіп, баланс толықтырылғаннан кейін ғана электрондық шот-фактураны жазып беруге мүмкіндік береді.Тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты тәсілдер қайта қаралды.Салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі бойынша санаттарға бөлу жойылды.Салықтық тексерулерді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге бөлу алынып тасталды. Салықтық тексеру салықтық жүктеме коэффициентінің көрсеткіші ескеріле отырып тағайындалады.Салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдері кеңейтілді. Өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтата тұру және мүлікке билік етуге шектеу қоюмен қатар, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру және шетелдік компанияның интернет-платформасына қолжетімділікті шектеу сияқты жаңа тәсілдер енгізілді.Камералдық бақылау ескерту сипатында жүргізіледі. Хабарлама талаптары орындалмаған, яғни белгіленген мерзімде түсіндірме ұсынылмаған жағдайда, банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылады және электрондық шот-фактураларды жазып беру де тоқтатылады.Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің жекелеген санаттарына мемлекеттік қызмет көрсету және салық міндеттемелерін орындау бойынша ақпараттық-түсіндіру қолдауын көрсету мақсатында көшпелі сервистік топтар құрды.Көшпелі сервистік топтың келуіне өтінім беру Мемлекеттік кірістер органдарының 1414 байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1251653?lang=ru
Қазақстан мен Грузия премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады 13.07.2026
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді.Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды.«Сіздің ресми сапарыңыз екі ел арасындағы саяси диалогтің, өзара сенім мен берік әріптестіктің жоғары деңгейін айғақтай отырып, Қазақстан-Грузия қатынастарының серпінді дамуын көрсетеді. Кеше Сіз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды келіссөздер жүргіздіңіз. Қазақстан Грузияны Оңтүстік Кавказдағы, Қара теңіз аймағындағы сенімді дос әрі маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Қазақстан Үкіметі Грузия Үкіметімен диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.«Елдерімізді тарихи тұрғыдан достық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл – саяси және экономикалық байланыстарды нығайтудың берік негізі. Қазақстан Грузия үшін өте маңызды серіктес және біздің қарым-қатынасымыз біз үшін ерекше маңызға ие. Екі ел арасында стратегиялық серіктестік орнатылғанына қуаныштымыз. Біз Қазақстандағы жаңғырту үдерістерін мұқият бақылап отырмыз және барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі кеңейе түсетініне сенімдіміз», — деді Ираклий Кобахидзе.Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту мақсатында тараптар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шараларды талқылады. Технологиялық әріптестікті талқылау барысында жасанды интеллект саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия үкіметтерінің стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және барлық келешегі зор бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзірлігі расталды.Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі $184,5 млн-ды құрады, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында – $53 млн. Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, 14 ұйым «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1251628?lang=ru
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады 13.07.2026
Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады.– Сіздің тегеурінді басшылығыңыздың арқасында Грузия ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, азаматтарының әл-ауқатын арттырып келеді. Сонымен қатар халықаралық беделін нығайтып, аймақтағы негізгі серіктестердің қатарында ұстанымын күшейте түсті. Грузия қуатты әрі өркендеген ел ретінде жаңа биіктерді бағындырып, орнықты даму жолында алға қарай қадам баса беретініне сенімдімін, – деді Президент.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылық, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністік байланыстыратын Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін жоғары бағалады.– Қазақ халқы Грузияның бай тарихы мен бірегей мәдениетіне зор құрметпен қарайды. Грузин қауымдастығы біздің көпұлтты қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады әрі екі ел арасындағы байланысқа дәнекер болып жүр. Соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынасымыз тың серпін алды: саяси диалог жанданып, өзара сауда көлемі тұрақты өсіп келеді. Сондай-ақ түрлі саладағы экономикалық ынтымақтастық кеңейе түсуде. Қазақстан мен Грузия әлемдік аренада тиімді ықпалдастық орнатып, негізгі халықаралық мәселелер бойынша бір біріне дәйекті түрде қолдау білдіруде, – деді Президент.Мемлекет басшысы көшбасшылық танытып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады.Грузия Премьер-министрі қызметіне жоғары баға бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1251614?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары «Қазақстан темір жолы» басшылығымен кездесті 13.07.2026
Астанада Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың қатысуымен кеңес өтті.Оған Қорғаныс министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері қатысты.Тараптар әскери-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында мамандандырылған бөлімше құру мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдеріне Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының әкімшілік ғимаратынан қызметтік кабинет бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл шешім ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Кеңеске қатысушылар бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың жүктерін теміржол көлігімен тасымалдауды реттейтін қолданыстағы шартқа өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл шешім «Көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты қабылданды. Тараптар Қорғаныс министрлігі үшін орындарға алдын ала бронь бөлу тәртібін, сондай-ақ нақты пайдаланылған орындардың ақысын төлеу тетігін айқындайтын қосымша келісім жасасуға келісті.Қаралған барлық мәселеге қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қатынастар органдарының басшылығына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін белгіледі. Мұндай қабылданып жатқан шаралар ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға, әскери тасымалдар жүйесінің сенімділігін арттыруға және мемлекеттің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1251619?lang=ru
2025 жылы қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларды өндірү салығы әкімшілендіру бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы 13.07.2026
Мемлекеттік кірістер органдары қызметтерінің бағыттарының бірі жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарының есептелу мен  төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындауын қадағалауы болып табылады.Сонымен бірге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (әрі қарай-  ПҚӨС) жер қойнауын пайдаланушылардан Республикалық бюджеттке түсетін негізгі салық болып табылады.Пайдалы қазбаларды өндірү салығының  әкімшілендіруі "Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша Декларациясына"(әрі қарай-ПҚӨС бойынша Декларация) камералды бақылау жүргізу арқылы, соның ішінде уәкілетті органдардың мәліметтерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.ПҚӨС бойынша Декларацияға камералды бақылау келесі бағыттарда жүргізіледі:-ПҚӨС бойынша Декларация уәкілетті органдардың мәліметтерімен салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың өндіру көлемдерінің толық көрсетү мәселесімен; -ПҚӨС есептеу барысында төмендетілген мөлшерлемелерді заңсыз қолданған фактілерді анықталды;-уәкілетті органдардың мәліметтеріне талдау жүргізу барысында, кен өндіру көлемдері болса да ПҚӨС бойынша Декларацияны тапсырылмаған фактілерін  анықтау;-ПҚӨС бойынша Декларациясында және ЭШФ-дағы  мәліметтерді салыстыру арқылы пайдалы қазбалардың  сату көлемін пайдалы қазбалардың өндіру көлемінің толық көрсетілүі бөлігінде.Сондай-ақ, жоғарды айтылған бағыттар бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 2025 жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, пайдалы қазбаларды өндірү салығы бойынша 55,0 млн.теңгеден артық сома қосымша ессептеліп бюджетке толығымен түсүі қамтамасыз етілген.Осы жағдайда, жоғарыда айтылған бұзушылықтар, өсімпұлдың есептелүіне әкеліп, салықтөлеушіге қосымша қаржылық  жүкке әкеледі, шаруашылық субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне  кері әсерін тигізетіні туралы айта кету керек. Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін салықтөлеүшілерге ПҚӨС есептеу және төлеу бойынша Салықтық заңнамасын сақтау ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1251609?lang=ru
Ұлттық ұланның жаңа TikTok аккаунтын ата-аналар неге талқылап жатыр? 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін қолдау және балаларға қауіпсіздік мәдениетін қызықты форматта түсіндіру мақсатында Ulttyq Ulan KIDS атты жаңа TikTok парақшасын іске қосты.Жоба аясында балаларға арналған қысқа анимациялық бейнероликтер жариялануда. Бейнероликтердің басты кейіпкерлері – Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының шеврондарында бейнеленген жануарлар негізінде әзірленген ерекше маскоттар.Олар кішкентай көрермендерге қызықты оқиғалар арқылы достық, адалдық, батылдық, тәртіп, Отанды сүю, қауіпсіздік ережелері мен адамгершілік құндылықтарды қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізеді.Жаңа жоба балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, олардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, контент балалардың жас ерекшеліктеріне сай әзірленіп, тәрбиелік әрі танымдық мазмұнға басымдық беріледі.Бұл бастама арқылы Ұлттық ұлан қоғаммен байланыстың жаңа деңгейіне көтеріліп, цифрлық платформаларда жас аудиториямен тиімді коммуникация орнатуды көздейді.Ұлттық ұлан барлық ата-аналар мен бүлдіршіндерді жаңа TikTok парақшасына жазылып, қызықты әрі пайдалы мультфильмдерді бірге тамашалауға шақырады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1251591?lang=ru
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді 13.07.2026
Ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды.Мемлекет басшысы Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі Грузиямен арадағы достық қатынастарды бағалайтынын атап өтті.– Біздің елдерімізді тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылықтар мен халықтарымыздың арасындағы берік байланыстар біріктіреді. Бұл – өзара серіктестігіміздің негізі. Біз жаңа ғана нәтижелі пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді растадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.– Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салды. Әрі аталған елдің ірі инвесторларының қатарына кіреді. Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды. Біз Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.Ираклий Кобахидзе Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскеніне тоқталды.– Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы сенімді серіктесіміз. Орайлы сәтте Сізді жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Бұл Сіздің тегеурінді басшылығыңызды және Қазақстанның орнықты дамуын көрсетеді. Екіжақты серіктестікті жаңа стратегиялық деңгейге көтеру үкіметтеріміз бен халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастыққа жол ашады. Сізге Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ біз Қазақстанмен саяси диалог болсын, институционалдық және үкіметтік алмасулар болсын, түрлі деңгейдегі тығыз ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Мұның бәрі қарым-қатынасымызды ілгерілете түседі, – деді Грузия Премьер-министрі.Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін оны нақтылай түсіп, энергетика, инвестиция, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және басқа да перспективті салаларға бағытталған «жол картасын» әзірлеуді ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе өзара тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының негізгі қатысушылары ретінде екі ел көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, контейнерлік тасымал көлемін кеңейту, тариф саясатын үйлестіру және цифрландыруды үдету бағытында дәйекті шаралар қабылдауға ниетті.Соңғы бес жылда Орта дәліз арқылы тасымал көлемі 3,5 есе өскен. 2029 жылға қарай аталған бағдар бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 3 мыңға жетеді деп күтілуде.Қазақстан Батуми портынан бөлек, Грузияның басқа да теңіз айлақтарына кіруге мүдделі. Өткен жылы қазақстандық инвестордың қатысуымен Поти портында жаңа мультимодальді терминал ашылды. Анаклия порты – өңіраралық байланысты нығайту тұрғысынан қызықты жобаның бірі саналады.Цифрландыру мен жасанды интеллект өзара ынтымақтастықтың перспективті салаларының қатарында аталды. Екі ел цифрлық үкімет, онлайн мемлекеттік қызметтер және GovTech шешімдер бағытында тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.Қазақстан Грузия стартаптары мен технологиялық компанияларының Astana Hub бағдарламасына және аймақтық технологиялық бастамаларға қатысуын құптайды.Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы серіктестікті нығайту мәселесіне айрықша назар аударылды.Президент Грузияның қазақстандық туристер үшін танымал бағыттардың бірі саналатынын атап өтіп, еліміз де грузиялық меймандарды құшақ жая қарсы алуға дайын екенін айтты.Сонымен қатар Мемлекет басшысы мәдени алмасуларды қолдаудың маңызына мән беріп, екі елдің мәдениет күндерін ұйымдастыруды ұсынды.Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады.Бұған қоса, екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1251595?lang=ru
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді 13.07.2026
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті.Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.Содан кейін Қазақстан Президенті мен Грузия Үкіметінің басшысы шағын құрамда келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат көрсетіп, аталған сапар қазақ-грузин серіктестігін нығайтуда өте маңызды екенін атап өтті.– Бұл сапар табысты болатынына сенімдімін. Қазақстан Грузияны стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі дәстүрлі серіктесі ретінде қарастыратынын атап өткім келеді. Біз көптеген бағытта, соның ішінде экономикалық немесе гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнаттық. Мұндай ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасуға тиіс деп ойлаймын. Мемлекет басшысы ретінде ынтымақтастығымыздың қарқынды дамып, нәтижелі болуына барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Сіздер Қазақстанның стратегиялық серіктесі саналасыздар. Еліңізбен достықты және ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Қазақстандықтар Сіздің еліңіз бен халқыңызды шын мәнінде құрметтейді. Бүгінде көптеген туристеріміз Грузияға барып, жақсы көңіл-күймен оралып жүр. Әрине, әлі де іске асырылмаған мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін қолда бар әлеуетімізді тиімді пайдалануға бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы.Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келіп, жоғары деңгейде кездесу өткізуді өзіне зор мәртебе санайтынын айтты.– Біз Грузия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береміз. Серіктестігіміздің стратегиялық сипат алғаны қуантады. Ынтымақтастығымыздың негізгі мәні де осында. Алайда, Өзіңіз атап өткендей, жүзеге аспаған әлеуетіміз жетерлік. Сондықтан оны толық іске асыруға күш салуымыз керек. Елдеріміз арасындағы берік саяси және экономикалық, сондай-ақ білім беру, мәдениет және басқа да көптеген салалардағы ықпалдастықты қолдаймыз. Барлық бағыттағы байланыстарды арттыруға айрықша ниеттіміз. Бұл сапардың маңызы ерекше. Өйткені біз Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қоямыз. Аталған құжаттың екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін. Серіктестігіміз ортақ құндылықтарға негізделген, сондықтан қарым-қатынасымыздың әлеуеті зор. Елдеріміз арасындағы достық пен өзара ықпалдастыққа қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, – деді Грузия Премьер-министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1251573?lang=ru
Қазақстан Республикасының Израильлегі Елшісі Араб халықаралық қатынастар кеңесі мен Араб мәдени қауымдастықтары форумының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты 13.07.2026
2026 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Ембердиев Араб халықаралық қатынастар кеңесі мен Израильдегі араб мәдени қауымдастықтары форумының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты.Іс-шараға дипломаттар, қоғам қайраткерлері, академиялық орта өкілдері және азаматтық қоғам мүшелері қатысып, мәдениетаралық диалогты дамыту, өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және Таяу Шығыс пен әлемнің басқа да өңірлері халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайту мәселелерін талқылады.Өз сөзінде Д.Ембердиев Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді, конфессияаралық диалогты дамытуды және өңірлік тұрақтылықты нығайтуды қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның халқының басым бөлігі мұсылмандардан тұратын зайырлы мемлекет ретінде діни төзімділік, адам құқықтарын қорғау және азаматтардың этникалық немесе діни ерекшеліктеріне қарамастан теңдігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатыны айтылды.Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформаларға ерекше көңіл бөлінді. Елдің жаңартылған Конституциясы мемлекеттік құрылыстың демократиялық қағидаттарын нығайтқаны, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейткені, азаматтардың этникалық немесе діни тиесілігіне қарамастан теңдігін бекіткені, сондай-ақ мемлекеттік оқу орындарындағы білім беру ғылыми білім мен жалпыазаматтық құндылықтарға негізделетінін көздей отырып, мемлекеттің зайырлы сипатын растағаны атап өтілді. Бұл өзгерістер Қазақстанның әділетті әрі заманауи қоғам құруға бағытталған дәйекті бағытын айқын көрсетеді.Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның конфессияаралық диалог саласындағы халықаралық бастамалары туралы ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, Астанада өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы айтылды. Бұл форум жиырма жылдан астам уақыт бойы әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға арналған маңызды халықаралық алаң ретінде қызмет етіп келеді.Пікірталас барысында Авраам келісімдері аясындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, Газаны соғыстан кейін қалпына келтіруге бағытталған гуманитарлық бастамалар, сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері арасындағы экономикалық және технологиялық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.Қазақстанның аталған іс-шараға қатысуы елдің сындарлы диалог, бейбіт қатар өмір сүру және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына берік екенін тағы бір мәрте растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1251565?lang=ru
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауыл аумағына мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында, белгіленбеген орынға қатты тұрмыстық қалдықтар төккен тұрғын анықталып әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы жасақталды. Аудан тұрғындарын белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын төкпеуге шақырамыз. 13.07.2026
 “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауыл аумағына мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында, белгіленбеген орынға қатты тұрмыстық қалдықтар төккен тұрғын анықталып әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы жасақталды.Аудан тұрғындарын белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын төкпеуге шақырамыз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1251474?lang=ru
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бойында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. 13.07.2026
  Аталған жұмыстар жол жиегін тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1251469?lang=ru
KazAID-те Sister School Project жобасының өкілдерімен кездесу өтті 13.07.2026
Астана, 2026 жылғы 1 шілде - KazAID кеңсесінде Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жандос Асановтың «Райан» қоғамдық қорының Sister School Project жобасының үйлестірушілері Гүлмира Әміровамен және Салтанат Садықовамен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында қор өкілдері мектептер арасындағы тұрақты ынтымақтастықты дамытуға, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқушылардың STEM/AI, зерттеу және робототехникалық жобаларын іске қосуға бағытталған Sister School Project халықаралық бастамасын таныстырды. Өз кезегінде, KazAID басшылығы әріптестерін Агенттіктің дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ағымдағы қызметі туралы ақпараттандырды.Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1251445?lang=ru
Жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді 13.07.2026
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жаңа Конституцияның күшіне енуі аясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мәжілістен кейін осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.«Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар мемлекеттік биліктің барлық тармағының қызметіне тың серпін береді. Мемлекеттік басқарудың басты өлшемі халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау болуы тиіс.Жаңа саяси кезең бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – жаңа Конституцияның қағидаттарын халықтың күнделікті өмірінде нақты нәтиже беретін тиімді мемлекеттік саясатқа айналдыру. Сыр өңірінде де жаңа саяси реформалардың талаптарына сәйкес кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Күні кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне арналған тапсырмалар жүктегені белгілі. Мәжілісте барлық сала басшылары осы міндеттерді орындауда атқарылатын істердің басты бағдары туралы баяндады.Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев Мемлекет басшысының Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру тапсырмасы өңірдің құрылыс саласының одан әрі өркендеуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті. Бұл халыққа қажетті жаңа нысандардың бой көтеруіне, өндірістер мен кәсіпорындар санының көбеюіне, экономиканың дамуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.Еске салсақ, 2022 жылы құрылыс саласына мемлекеттік бюджет есебінен 24,3 млрд. теңге, 2025 жылы 138,3 млрд. теңге бөлініп, қаржы көлемі 6 есе өскен. Жалпы осы жылдар аралығында 272 әлеуметтік нысан және 1016 тұрғын үй пайдалануға берілді.Биыл жыл соңына дейін табысталатын 3 685 пәтер 15 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешеді.Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімдігі белгілеген бағыттарды іске асыруда мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық деңгейде сапаны арттыруға басымдық берілетінін атап өтті.Негізгі міндет – оқу жетістіктерін халықаралық талаптарға сәйкестендіру, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, пәндік біліммен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту.Биылғы оқу жылында облыста 29 оқушы халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанса, 143 шәкірт республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан көрінді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленді. Ерекше атап өту қажет, Қызылорда облысы жыл сайын республикада алдыңғы үштіктен көрініп келеді.Басқарма басшысы цифрлық трансформацияны жеделдету, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнда күшейту үшін атқарылатын жұмыс бағытына да тоқталды.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева кейінгі төрт жылда өңір экономикасына 2,4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылғанын атап өтті. Жүзеге асқан 72 индустриялық жобаның құны 400 млрд теңгеден асады. Бұл өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 38%-ға жеткізіп, 2022 жылмен салыстырғанда аймақтың шикізатқа тәуелділігін 12,4%-ға төмендетті.Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінде 14 ірі жоба, оның ішінде 4 жобаның құрылысы жүргізілуде және 2-еуінің капсуласы салынды. Жыл соңына дейін тағы 8 жобаның құрылысы басталады, 100 млрд. теңгенің 21 жобасы жоспарланған.Мәжілісте баяндама жасаған барлық басқарма басшылары өздері жетекшілік ететін салалардағы негізгі көрсеткіштерді, алдағы жоспарларды жан-жақты талдады.Осы жиында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды. Облыс әкімі бұл жұмыстар Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.«Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясына электр желілерінің техникалық жай-күйін кешенді зерделеу, материалдық-техникалық дайындықты күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жетілдіру тапсырылды. Барлық жылу көзіндегі резервтік электр станцияларының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылды.Алдағы жылу беру маусымына қажетті көмір қорын алдын ала жасақтау керек. Осыған байланысты қала және аудан әкімдеріне операторлармен, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен өзара үйлесімді жұмысты ұйымдастырып, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету тапсырылды.Бұдан бөлек, қала және аудан әкімдері кейінгі жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің, автомобиль жолдары мен жол белгілерінің жай-күйін, аудан орталықтарының санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстауы, жүйелі мониторинг жүргізуі тиіс.Алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарланған, оның 3,6 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 1,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 350 млн. теңгесі ҚЖЭО-ның өз қаржысы есебінен. Оған 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандықты, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жоспарланған.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Акса Энерджи» түрік компаниясы жаңа жылу электр орталығын салды. Бүгінде орталық іске қосылып, жобада қаралған электр энергиясын өндіруде. Алдағы жылу беру маусымында толық іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.Облысқа жылу беру маусымында 80 мың тонна көмір керек. Оның 68,3 мың тоннасы тұрғындар, 11,7 мың тоннасы әлеуметтік нысандар қажеттілігі. Кестеге сәйкес қор жасақталуда.Өңірдегі электр желілері мен қондырғыларының тозу деңгейі 60,8%,биыл қайта жаңғыртуға 10,5 млрд.теңге қаржы жоспарланған.Бұл жұмыстардан кейін тозған желілер 59 пайызға азаяды. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1252992?lang=ru
«Бабалар ізімен» облыстық лигасында Қаратөбе ауданы ІІ орын иеленді 13.07.2026
«Бабалар ізімен» облыстық лигасында Қаратөбе ауданы ІІ орын иелендіНаурызнама аясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған «Бабалар ізімен» ауқымды облыстық спорттық жобасында Қаратөбе ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте облыс бойынша ІІ орынды иеленді.Бірнеше айға созылған лига ұлттық спорт түрлерін насихаттап, жас ұрпақты ата-баба мұрасын қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Жарыс барысында Қаратөбе ауданының спортшылары ұлттық спорттың 12 түрі бойынша бақ сынап, бірқатар жүлделі орындарға қол жеткізді.Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижелер:Бес асық – І орын (25 ұпай);Қазақ күресі – І орын (25 ұпай);Құнан жарысы – ІІІ орын (17 ұпай);Жамбы ату – ІІІ орын (17 ұпай);Көкпар – ІІІ орын (17 ұпай).Барлық 12 спорт түрі бойынша жинақталған ұпайлардың қорытындысы негізінде Қаратөбе ауданы 187 ұпай жинап, облыс бойынша ІІ орынға тұрақтады. Бұл – аудан спортшыларының жүйелі дайындығының, жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің және ұлттық спортқа деген ерекше құрметінің нәтижесі.Марапаттау рәсімінде Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов Қаратөбе ауданының спортшыларын жоғары жетістіктерімен құттықтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев «Бабалар ізімен» лигасының жарыстарын арнайы барып тамашалап, аудан намысын қорғаған спортшыларға қолдау көрсетті. Ол жерлестерінің әрбір жеңісіне ортақтасып, спортшыларға жігер беріп, олардың жеңіске деген сенімін нығайтты.«Бабалар ізімен» лигасы Қаратөбе ауданында ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтың арта түскенін тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе қазақ күресі мен бес асықтан жеңіп алынған алтын жүлделер аудан мерейін үстем етсе, көкпар, жамбы ату және құнан жарысындағы жүлделі орындар ұлттық спорттың ауданымызда қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.Қаратөбе ауданының спортшыларын, жаттықтырушыларын және ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарды осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да аудан намысын абыроймен қорғап, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1251405?lang=ru