Қоғам
Түпқараған аудандық ХҚКО бөлімінде электрондық кезекті алдын ала брондау қызметі енгізілуде 04.11.2025
2025 жылдың 5 қарашасынан бастап Маңғыстау облысы бойынша Түпқараған аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде бірыңғай электрондық кезекке алдын ала бродау қызметі енгізілуде.Бұл пилоттық жоба өңірде алғаш рет аудандық деңгейде жүзеге асырылуда. Бұған дейін мұндай мүмкіндік тек облыс орталықтарында ғана қолжетімді болған еді.Жаңа сервисті енгізудің басты мақсаты – азаматтарға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету және қабылдау процесін оңтайландыру. Жобаны іске асыру келушілер ағынын біркелкі бөлуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Алдын ала брондау қызметі келесі тәсілдер арқылы қолжетімді:▪️ «ЦОН» мобильдік қосымшасы арқылы;▪️ Электрондық үкімет порталы арқылы.Кезекті брондау үшін таңдалған сервиске тіркеліп, бөлімшені, өзіңізге ыңғайлы күн мен уақытты көрсету жеткілікті. Брондау растамасы 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.Айта кетейік, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында электрондық кезек талондары алдын ала брондаусыз беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1098809?lang=kk
2025 жылы 31 қазанда Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде Ашық есік күні өтті 04.11.2025
2025 жылы 31 қазанда Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде Ашық есік күні өтті.Департамент басшысының орынбасары және бөлім басшылары келушілерге Департамент бөлімдерінің жұмысы және қызметі туралы айтып, барлық сұрактарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1098455?lang=kk
Алтай қаласында жаңа Салық кодексі бойынша көшпелі семинар өтті 04.11.2025
2025 жылғы 3 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алтай қаласында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар өткізді.Іс-шара «Горняк» мәдени-демалыс орталығында өтті, оған Алтай қаласының 250-ге жуық бизнес өкілдері мен тұрғындары қатысты.Департамент мамандары қатысушыларға жаңа заңнаманың негізгі ережелерін таныстырып, келесі бағыттар бойынша енгізілетін өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді:салықтық әкімшілендіру;корпоративтік табыс салығы (мөлшерлемелер, аванстық төлемдерді төлеу тәртібі);жер қойнауын пайдалану саласындағы салық салу;арнайы салық режимдерін қолдану;қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою және артық төленген соманы қайтару тәртібі;жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және мүлік салығын есептеу жүйесіндегі өзгерістер.Семинар барысында жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану және салықтық процестерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді айтарлықтай оңайлатуға, сондай-ақ салық төлеушілер үшін жағдайды жақсартуға бағытталған. Негізгі жаңалықтар мыналарды қамтиды:салық есептілігінің көлемі 30% қысқартылады;салықтық жеңілдіктер оңтайландырылады;салық берешегін өндіріп алу, мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі;жоспарлы тексерулерден бас тарту, ТБЖ бойынша санаттау жүйесін алып тастау;арнайы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқарады — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа (фермер) қожалықтары үшін.Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ведомствоның басты міндеттерінің бірі — салық төлеушілерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы уақтылы және толық хабардар ету екенін атап өтті.Семинар барысында ашық диалог форматында қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге қатысты барлық сұрақтарына жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1098415?lang=kk
"Заң және тәртіп" құқықтық марафоны аясында" Ардақтайын Ардагерім!" атты оқушылармен кездесу өтті. 04.11.2025
"Заң және тәртіп" идеологиясын ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша Абай атындағы орта мектеп оқушыларының ардагер М. М. Жатқанбаевпен " Ардақтайын Ардагерім!" атты кездесу ұйымдастырылды "Заң және тәртіп" құқықтық марафоны аясында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1098400?lang=kk
Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда 04.11.2025
Алматы облысында құрылыс пен әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жобалар іске асырылуда. 2025 жылға жалпы құны 172,6 млрд теңге болатын 147 нысанның құрылысы жоспарланған.Биыл 87 медициналық нысанның құрылысына 20,3 млрд теңге бөлінді, оның 8,2 млрд теңгесі игерілді. Маусым айында Райымбек ауданының Көмірші ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. 2025 жылы 18 денсаулық сақтау нысаны (5 дәрігерлік амбулатория, 7 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт) іске қосылды. Атап айтқанда, Жамбыл, Балқаш, Іле, Кеген және Ұйғыр аудандарында бірқатар нысандардың құрылысы толық аяқталды.Жыл соңына дейін Қарасай, Жамбыл және Райымбек аудандарында тағы 6 медициналық нысан, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың 20 жобасы мен 38 МСЗ нысанының құрылысы жоспарланып отыр.Білім саласында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы 12 мектептің күрделі жөндеуіне 8,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы жобалардың құны 14,6 млрд теңгені құрайды. Жыл соңына дейін Балқаш ауданындағы Қарағаш ауылы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазтай Ұлтарақов атындағы ауылдағы мектептер пайдалануға берілмек. Қалған нысандар бойынша жұмыстар 2026 жылдың наурызында аяқталады.Бүгінде өңірде 187 инфрақұрылымдық іс-шара жүзеге асырылуда. Оның 25 жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынған, ал 19 жобаға тиісті министрліктерге қаржы бөлу жөнінде бюджет өтінімдері жолданған.Аталған бастамалар облыстың әлеуметтік инфрақұрылымының сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы өмір сүру, оқу және медициналық қызмет алу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1098348?lang=kk
Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде 04.11.2025
2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Алматы облысындағы жылдық инфляция деңгейі 13,0 пайызды құрап, республика бойынша орташа көрсеткішпен салыстырғанда 11-орынды иеленді. Жыл басынан бері өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 108,0 пайыз деңгейінде қалыптасты, бұл ретте республикалық орташа көрсеткіш 108,3 пайызды құрады.2025 жылғы жағдай бойынша облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры 10 094 тонна және 16,9 миллион дана жұмыртқа мөлшерінде қалыптастырылған. Бағаны тұрақтандыру тетіктері аясында жыл сайын халықтың үш айлық тұтынуының 30 пайызы көлемінде тауарлық қор жасақталып, бұл шара азық-түлік себетінде үлесі жоғары өнімдерге, соның ішінде көкөніс өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаның күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.Қысқы-көктемгі кезеңде сиыр етін бекітілген бағамен сату өнімнің қымбаттауына жол бермей, нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға ықпал етті. Соның нәтижесінде, жыл басынан бері Алматы облысында сиыр етінің қымбаттауы ел бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып отыр — 26,4 пайыздық өсіммен облыс 9-орында.Сонымен қатар, күнбағыс майы бойынша тұрақтандыру қорының жеткілікті запасы өнімді төмендетілген бағамен — литріне 576 теңгеден сатуға мүмкіндік беруде. Бұл баға өндіруші-зауыттардың босату құнынан айтарлықтай төмен, сондықтан өңір тұрғындарына өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға және нарықтағы баға қысымын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.Қазіргі уақытта 2026 жылғы маусымаралық кезеңге қала халқының үш айлық тұтынуының 50 пайызы көлемінде көкөніс өнімдерінің қорын қалыптастыру мақсатында өндірушілермен келісімшарттар жасалды. Атап айтқанда, картоп — 3815 тонна, сәбіз — 884 тонна, пияз — 625 тонна және қырыққабат — 930 тонна көлемінде дайындалуда.Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктері бойынша 18 түрлі тауардың қалдық қоры 7 430 тонна және 16 миллион дана жұмыртқа мөлшерінде қалыптасып, олардың жалпы құны 4 733 миллион теңгені құрап отыр. Оның ішінде көкөніс қоры қала халқының үш айлық тұтынуының 50 пайызын, ал сиыр еті бойынша қорлар 70 пайызын қамтамасыз етеді.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату және қарыз-шарттарды қайтару есебінен 1 076 миллион теңге бос қаражат жинақталды. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталған шарттардан түсетін қаражаттың болжамды қайтарымы 1 960 миллион теңгені құрайды. Осылайша, жинақталған қаражат есебінен өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша қажетті деңгейде келісімшарттар жүйелі түрде жасалып, өңірде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1098330?lang=kk
Білім және ғылым – Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыты 04.11.2025
Масқат, 2025 жылғы 3 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығының Жоғары білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар министрі Рахма әл-Махрукимен кездесті.Тараптар қазіргі заманғы үрдістер мен шетелдік студенттердің Қазақстанды жоғары білім алу үшін, әсіресе медицина саласындағы жоғары оқу орындарын таңдауындағы артып келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, білім және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Елші А.Тұматов екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта студенттік алмасу бағдарламаларын және ақпараттық технологиялар мен медицина салаларындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ тараптар тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестікті қамтамасыз ету мақсатында шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығына назар аударды.Министр Рахма Әл-Махруки Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіріп, екі ел арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды тереңдетуге ықпал ететін инновациялық және ғылыми-зерттеу бастамаларының маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылғы 2 желтоқсанда Масқат қаласында өтетін Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысы аясында білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1098287?lang=kk
Хельсинкиде Қазақстан Республикасының күніне арналған «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті 04.11.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 3 қараша – Қазақстан Республикасының күнін мерекелеуге орай Финляндия астанасының «Musiikkitalo» ірі мәдени орталығында «Көшпенділердің ырғақтары» атты мерекелік музыкалық кеш өтті.Іс-шараны Финляндиядағы Қазақстанның Елшілігі Алматы қаласы әкімдігі мен «Алматы әуендері» КМҚК-ның қолдауымен ұйымдастырды. Бағдарламада қазақстандық танымал ұжымдар – халық аспаптар ансамблі «Сазген сазы» мен этно-рок тобы «Ұлытау» өнер көрсетті. Олардың орындауында дәстүрлі күйлер, халық әндері және көшпелі мәдениеттің рухын, оның заманауи өркениетпен үйлесімді дамуын бейнелейтін заманауи музыкалық туындылар шырқалды.Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов өз құттықтау сөзінде Республика күні – бұл Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірлігінің, сондай-ақ елдің дамуға және әлемге ашық болуға деген ұмтылысының символы екенін атап өтті. «Бүгінгі концерт – біздің достықтың музыкалық көпірі. Сол арқылы біз халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және рухымен бөлісеміз», – деді Елші.Концертке 300-ден астам көрермен қатысты. Олардың қатарында ФР-дың ресми тұлғалары, мәдениет пен қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері, диаспора мүшелері мен студенттер болды.Көрермендер қазақстандық әртістердің жоғары шеберлігіне, орындаушылықтың эмоциялық әсеріне және ұлттық әуендер мен заманауи ырғақтардың үйлесімді тоғысына ерекше ықылас білдірді.Қазақстан Республикасының күніне арналған «Көшпенділердің ырғақтары» концерті Финляндияның мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, екі ел халықтарының арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1098292?lang=kk
Қазақстанның Словениядағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті 04.11.2025
Любляна, 2025 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Республикасының Сыртқы және Еуропалық істер министрлігінде сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етіп, 2025 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Словения Президенті Наташа Пирц Мусардың Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, қазақ-словен ынтымақтастығын өзара тиімді және жан-жақты дамыту бағыттарын талқылады.Словения тарапы Қазақстанның жаңа Елшісінің қызметі екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1098281?lang=kk
2025 жылғы 29 қазан күні Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті 03.11.2025
2025 жылғы 29 қазан күні Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыста Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы М.Кемеловтің есебі тыңдалды. Отырыс барысында өзекті мәселелер, алдағы жоспарлар талқыланып, басқарма жұмысына оң баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1098260?lang=kk
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі, Азия-Тынық мұхит тобының дуайені Сәулекүл Сайлауқызы бастаған Азия-Тынық мұхиты тобының Елшілері Парламент Өкілдер (төменгі) палатасының спикері Рашид Талби Эл Аламимен кездесу өткізді 03.11.2025
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі, Азия-Тынық мұхит тобының дуайені Сәулекүл Сайлауқызы бастаған Филиппин, Әзербайжан, Тайланд, Малайзия, Вьетнам, Австралия, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Бангладеш және Индонезия Елшілері Корольдіктің Парламенті Өкілдер (төменгі) палатасының спикері Рашид Талби Эл Аламимен нәтижелі кездесулері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098234?lang=kk
Назар аударыңыз, Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа алаяқтық схемалары туралы ескертеді! 03.11.2025
Алаяқтар өздерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқ екендігін айтып, «айыппұл» салынатынын немесе есептілікті тапсырмағаны үшін «банктік шоттар жабылады» деп қорқытады. Басқа алаяқтық тәсілдерге мессенджерлер (оның ішінде WhatsApp) арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығының атынан бизнес субъектілерінің қаржылық мониторинг, тексеру немесе өзге де бақылау тізімдеріне енгізілгені туралы хабарламалар жіберу жатады. Аталған хабарламалар – салық төлеушілерді шатастыруға, олардың жұмысына кедергі келтіруге және кей жағдайларда бопсалауға бағытталған алаяқтық әрекеттердің көрінісі болып табылады. Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді тек төмендегі ресми арналар арқылы ғана ақпараттандыратынын назарға саламыз:kz және/немесе kgd.gov.kz порталдарындағы Салық төлеушінің кабинеті арқылы;Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ресми хаттармен;Расталған (верификацияланған) ресми әлеуметтік желілер мен мессенджердегі аккаунттар арқылы;ЕПИРГО gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған баспасөз хабарламалары мен хабарландырулар арқылы;Байланыс орталығының 1414 нөмірлі жедел желісі арқылы. Белгісіз нөмірлерден келіп түскен, тексеріс жүргізу, қаржылық мониторинг тізімдеріне енгізу туралы қорқыту сипатындағы хабарламалар, сондай-ақ «Комитет өкілдерімен» хабарласуды, декларация тапсырмау мәселесін шешуді немесе банктік шоттарды бұғаттаудан «құтқару» үшін «көмек» көрсетуді сұрайтын өтініштер – алаяқтық әрекеттер болып саналады. Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электрондық пошта, WhatsApp және Telegram арқылы хабарлама таратылмайды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан кодтар, ЭЦҚ немесе жеке деректерді сұрамайды. Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша қаражатын аудармауға, алынған хабарламалардың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады. Өз салықтық және қаржылық қызметі туралы ақпаратты тек ресми көздерден алуды ұмытпаңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1098235?lang=kk
Марокко Парламенті Сенаты спикері мен Азия-Тынық мұхиты елдерінің елшілерінің кездесуі 03.11.2025
Марокко Корольдігі Парламентінің Кеңесшілер палатасының (Жоғарғы) спикері Мохамед Оулд Эррашид Қазақстанның Мароккодағы елшісі, Азия-Тынық мұхиты тобының дуаены Сәулекүл Сайлауқызы бастаған Филиппин, Әзірбайжан, Тайланд, Малайзия, Вьетнам, Австралия, Үндістан, Жапония, Пәкістан, Бангладеш және Индонезия елшілерімен кездесу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098247?lang=kk
Қазақстан KGIR-2025 аясында Таяу Шығыс елдерімен экономикалық серіктестікті нығайтуда 03.11.2025
Астана, 2025 жылғы 31 қазан – Қазақстанның ғаламдық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі (KGIR-2025) аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шетелдік серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.Алғашқы кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар жөніндегі вице-министрі Мухаммед Абдуррахман Альхауимен өтті. Тараптар сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, шетелдік инвестицияларды тарту саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Ерекше назар Қазақстан-БАӘ стратегиялық инвестициялар платформасы шеңберіндегі кооперация мүмкіндіктеріне және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға аударылды.Келесі кездесуде Ә.Қуантыров «Orascom Construction PLC» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Тамер Шафикпен келіссөздер жүргізді. Тараптар компанияның Қазақстандағы инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларға, соның ішінде су электр станцияларының, газ электр станцияларының және сумен жабдықтау нысандарының құрылысына қатысу әлеуетін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті дамытуға, компанияның Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларға қатысуына және энергетика, су ресурстары мен көлік инфрақұрылымы салаларында инженерлік-технологиялық шешімдермен алмасуға өзара мүдделілік білдірді.«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен бірлесіп, KGIR-2025 инвестициялық трегі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды және инвесторлармен жұмысты үйлестіруді жалғастырады.«Orascom Construction PLC» – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ең ірі халықаралық мердігерлердің бірі, әлемнің 20-дан астам елінде 200-ден астам белсенді жобаны жүзеге асыруда. Компания портфеліне қуаты 30 ГВт-тан асатын энергетикалық нысандар, АҚШ, Египет және Сауд Арабиясындағы инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ тәулігіне 17 млн м³ су тазарту және тұщыландыру станциялары кіреді. Сонымен қатар «Orascom» Африкадағы алғашқы «жасыл» сутек өндіретін кешеннің және қуаты 650 МВт болатын Red Sea Wind Farm жел электр станциясының әзірлеушісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1098249?lang=kk
Рабатта Қазақстан мен AMCAP ұйымдастырған Азия-Тынық мұхит елшіліктері арасындағы теннис турнирі өтті 03.11.2025
2025 жылғы 18 қазанда Рабатта Қазақстанның Елшілігі Халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық жөніндегі Марокко қауымдастығы -AMCAP және Wifaq теннис клубымен бірге Азия-Тынық мұхит Елшіліктері арасында теннис турнирін өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098219?lang=kk
Қазақстан мен Марокко гольф саласында әріптестікті нығайтуда 03.11.2025
Қазақстан мен Марокко гольф саласындағы әріптестікті нығайтуда.2025 жылғы 21 қазанда Рабат қаласында Қазақстанның Мароккодағы Елшісі С.Сайлауқызы және Марокконың Қазақстандағы Елшісі Р.Маанину қатысуымен Қазақстан гольф федерациясының Бас хатшысы Ренат Мусин және Марокко Корольдік гольф федерациясының Вице президенті Доктор Мұстафа Зин Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Бұл құжат екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, өзара тәжірибе алмасуға және екі елде гольф спортын ілгерілетуге бағытталған стратегиялық әріптестікті дамытуға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098227?lang=kk
Onward Kashiyama (ОНВАРД КАШИЯМА) компаниясының қолдауымен «Жақсылық әлемі» ҚБ-мен бірлесіп жапондық Қызыл Крест қоғамының қайырымдылық акциясы 03.11.2025
Қазақстан Республикасының күніне орайластырылған «Жанышар Жүрек» акциясы аясында жапондық Қызыл Крест қоғамы Onward Kashiyama (ОНВАРД КАШИЯМА) компаниясының қолдауымен «Жақсылық әлемі» ҚБ-мен бірге вице-президент Т.А. Абрамова атынан қайырымдылық акциясын өткізді.2025 жылғы 21 қазанда мүгедектігі бар балалар мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қызмет көрсететін мүгедектігі бар адамдар сыйлыққа экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жылы көрпелер алды.Мұндай жақсы қимылдар денені ғана емес, жүректі де жылытады. Осы жылы іске қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз! Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1098198?lang=kk
ИСЕСКО Бас директоры Сәлім М. Әл Мәлік Елші Сәулекүл Сайлауқызын қабылдады 03.11.2025
Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры, доктор Сәлім М. Әл Мәлік Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі, ИСЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Сәулекүл Сайлауқызын қабылдады. Кездесу барысында екі тарап ИСЕСКО делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындысы мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098150?lang=kk
Күз күніне арналған мереке! 03.11.2025
Бүгін күз күніне арналған тамаша күзгі мерекеміз өтті!Бұл күн жылулыққа, қуанышқа және жақсы эмоцияларға толы болды. Бұл қызықты, көңілді және шын жүректен болды — әр қатысушы қолдау мен бірлік атмосферасын сезінді.Мереке соңында барлық қатысушыларды Саран қаласының өкілдері @bulqair_daryn @beiskeev @saran_akimdigi,сондай-ақ Андрейдің жұбайы Светланамен бірге Церр сыйлықтары күтіп тұрды-өйткені күз әрқашан жақсылық пен қуаныш үшін жомарт!Барлығын осы ерекше күнмен құттықтаймыз — өмірде жарқын түстер, шуақты сәттер мен адам жүрегінің жылуы көбірек болсын!Қолдау, Мейірімді жүректер және біздің мерекеге қатысқаныңыз үшін рахмет! Бізбен бірге болғандардың барлығына рахмет! Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1098151?lang=kk
Елші С. Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Өкілдер палатасындағы «Марокко-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы А.Тахармен кездесті 03.11.2025
Елші С. Сайлауқызы Марокко Корольдігінің Өкілдер палатасы «Марокко-Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы А.Тахармен кездесуде оның Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері мен парламенттік ынтымақтастықтың алдыңғы жоспарларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098158?lang=kk