Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жаңа Зеландия СІМ басшысымен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 03.11.2025
2025 жылғы 3 қарашада Жаңа Зеландия астанасы Веллингтон қаласында Сингапурдағы резиденциясымен Жаңа Зеландиядағы Қазақстан Елшісі А.Құттықадамның Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі У.Питерспен кездесуі өтті.Қазақ дипломаты Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы ақпарат берді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.Министр У.Питерс пен Елші А.Құттықадам халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1097958?lang=kk
Қарабатыр ауылында мектеп жанынан заманауи жылыжай ашылды 03.11.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қамысты ауданының Қарабатыр ауылындағы мектеп жанынан заманауи жылыжай іске қосылды.Жылыжайдың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу және болашақ мамандыққа бағыттау. Енді мектеп оқушылары биология және жаратылыстану пәндерінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік алады.Жобаның жалпы құны 600 мың теңге, қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. 18 шаршы метр аумақты қамтитын жылыжайда оқушылар көкөніс өсірудің жаңа әдістерін меңгеріп, зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.Қарабатыр ауылының әкімі Аманжол Қабылхан жобаның маңыздылығын атап өтті:– Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлап отырмыз, – деді ауыл әкімі.Мектеп мұғалімдері де жылыжайдың ашылуын оқу процесін тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік деп бағалап отыр. Сабақтар «Жаратылыстану» және «Биология» пәндері бойынша өтеді. Оқушылар өз қолдарымен өсімдіктерді баптап, өңір климатына бейімделген дақылдарды зерттейді.Болашақта жылыжай базасында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, экологиялық бағыттағы түрлі байқауларға қатысатын болады.Қарабатыр ауылындағы бұл жылыжай – аудан көлемінде алғаш рет іске қосылған экожоба. Ол ауыл мектебі үшін тың серпін беріп, жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1097959?lang=kk
Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды 03.11.2025
Астанада Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды2025 жылдың 29 мамырында Астанада Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Марокко кәсіпорындарының жалпы конфедерациясы (CGEM) арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан-Марокко іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.Келісімге Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Мұрат Кәрімсақов және CGEM директорлар кеңесінің мүшесі және Alomra International Group компаниясының бас директоры Идрис Беномар қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097964?lang=kk
Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы Мұхаммед V университетінің ректоры Мұхаммед Хачимен кездесу өткізді 03.11.2025
2025 жылғы 10 маусымда Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы Мұхаммед V университетінің ректоры Мұхаммед Хачимен кездесуде екі ел арасындағы білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, университеттер арасында студенттер мен оқытушы-профессорлық құраммен өзара алмасу бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен марокколық Мұхаммед V университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.Мұхаммед V университеті Мароккодағы ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады, онда 85 000-нан астам студенттер, оның ішінде 2 646 шетелдік студенттер білім алады. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 1836 оқытушыдан тұрады, олардың 97%-ы марокколық,басқалары шетелдіктер болып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097971?lang=kk
MASEN тобының төрағасы Тарик Амезиан Муфаддалмен өткен кездесу туралы 03.11.2025
2025 жылғы 17 маусымда Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы MASEN – Мароккода жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жауапты топтың Төрағасы Тарик Амезиан Муфаддалмен кездесуде Қазақстан мен Марокко арасында жаңартылған энергетикаға саласында ынтымақтастықты орнату мәселесін талқылады.MASEN жалпы жаңартылатын энергияға жеке инвестицияларды дамыту үшін драйвер ретінде шешуші рөл атқарады және Марокконың жасыл сутегі көшу бойынша орталығы болып табылады. 2030 жылға қарай ел жаңартылатын энергия өндіру қуатын 120 ГВт-қа дейін ұлғайтуды және жасыл сутегі секторына 300 млрд долл көлемінде инвестицияларды тартуды мақсат етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097985?lang=kk
«Ислам ғалымдары: Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты кітаптың салтанатты түсаукесері өтті 03.11.2025
Рабат, 2025 жылғы 23 маусым – Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) штаб-пәтерінде «Ислам ғалымдары: Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты кітаптың салтанатты түсаукесері өтті.Кітапта 2023 жылғы 11-12 қазанда Қазақстаның Мароккодағы Елшілігі мен ИСЕСКО Рабатта ұйымдастырған «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты 1-ші халықаралық конференциядағы жұмыстар жарық көрді.Ислам әлемінің университеттері басшыларының 6-шы форумы аясында орын алған салтанатты іс-шарағ ислам елдерінің министрлері, университет ректорлары, ғалымдар, дипломатиялық корпус мүшелері және т.б. қатысты.ИСЕСКО Бас директоры Сәлім Әл-Мәлік, Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзін сөйлеп, Әл-Фараби еңбектерінің әлемдік маңыздылығына тоқтап өтті.Қатысушылар 2025 жылы Әл-Фарабидің 1155-жылдығы атылып өтілуіне орай, «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты 2-ші халықаралық конференцияны Қазақстанда өткізуге ұсыныс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097992?lang=kk
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесу өткізді 03.11.2025
Рабат, 2025 жылғы 24 маусым – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті.Тараптар академиялық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект заманындағы жоғары білімді дамыту мәселелерін талқылады.Өз кезегінде, Ж.Түймебаев 2025 жылғы қыркүйекте ИСЕСКО-ның CanSat жерсеріктерін модельдеу жөніндегі оқыту тренингін «Kazakhstan Space Days» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-да өтетінін растап, ИСЕСКО басшысын іс-шараға қатысуға шақырды.ИСЕСКО Бас директоры жоғары білім саласына инновациялар енгізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мақсатында байланыстарды белсендіруге қызығушылығын білдірді.Кездесу ИСЕСКО штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ислам әлемінің университеттері басшыларының 6-шы форумы аясында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097999?lang=kk
KazAID «Азиялық диалог — 2025» ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысты 03.11.2025
KazAID «Азиялық диалог — 2025» ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысты2025 жылғы 26–30 қазан аралығында KazAID баспасөз хатшысы Арманай Кабдешова Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкок қаласында өткен «Азиялық диалог — 2025» халықаралық ғылыми-білім беру бағдарламасына қатысты.Бағдарламаны Ресей Федерациясының А. М. Горчаков атындағы қоғамдық дипломатияны қолдау қоры, ММХҚИ-ның АСЕАН орталығы және Таиланд Корольдігінің Сринахаринвирот университеті ұйымдастырды.Бағдарлама аясында дәрістер, панельдік пікірталастар және жобалық жұмыстар өткізілді. Негізгі тақырыптар – халықаралық қатынастар, қоғамдық дипломатия және АСЕАН өңіріндегі ынтымақтастық мәселелері. Іс-шараға Ресей, Қазақстан, Таиланд, Вьетнам, Малайзия, Камбоджа, Үндістан және Ираннан келген 35-тен астам зерттеуші мен сарапшы қатысты.«Бұқаралық коммуникациялар және журналистика» бағыты бойынша Ресей мен АСЕАН елдерінің ақпараттық дипломатия саласындағы өзара іс-қимылына SWOT-талдау жүргізілді. Талдау барысында серіктестіктің күшті және әлсіз жақтары айқындалып, мәдени және білім беру бастамалары арқылы ынтымақтастықты кеңейту жолдары ұсынылды.Форум Бангкок қаласы бойынша мәдени бағдарлама және қатысушыларға сертификаттар табыстау рәсімімен аяқталды. «Азиялық диалог — 2025» бағдарламасына қатысу халықаралық коммуникациялар мен қоғамдық дипломатия саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға, сондай-ақ KazAID-тің Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі серіктестер желісін кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1097922?lang=kk
Қазақстанның ірі туроператорлары мен блогерлерінің туризм саласында ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу мақсатында 21-26 мамыр аралығында Мароккоға сапары 03.11.2025
2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан және Марокко ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің күшіне енуімен өзара туристік және экономикалық байланыстардың белсендірілуіне айтарлықтай серпін беруде.Марокконың Қазақстандағы Елшілігі және Мароккконың туризм жөніндегі ұлттық кеңсенің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстанның ірі туроператорлары, блогерлері туризм саласында ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу мақсатында 21-26 мамыр аралығында Мароккоға сапармен келді.Сапар барысында олар марокколық туроператорлармен келіссөздер өткізіп, Марракеш, Агадир, Уарзазат, Тағазут және т.б. оңтүстіктегі қалалардың туристік әлеуетімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097934?lang=kk
PwC Қазақстандағы банктерді реттеудің жаңа тетігі туралы: қаржылық тұрақтылықты нығайту және тәуекелдерді әділ бөлуді қамтамасыз ету 03.11.2025
PwC Қазақстанның мемлекеттік қаражатты пайдалануды төмендететін банктерді реттеудің жаңа тетігінекөшуіноңбағалайды.PwC-дағы серіктес Альваро Бензо банктерді реттеу мемлекеттік қаражатты немесе салық төлеушілердің ақшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылмауға тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан жоспарлаған жаңа тетікке көшу қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және қаржы секторында тәуекелдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.«Жаңа реттеу жүйесі қаржы нарығының әрбір қатысушысына тиімді болуға тиіс, себебі ол жалпы қаржылық тұрақтылықты нығайтады. Жүйелі пайда мынада: барлық банктер – қиын жағдайға тап болғанына, реттеу рәсімінен өткеніне немесе штаттық режимде жұмыс істегеніне қарамастан, тұтастай алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығынан пайда көреді. Дағдарысқа қарсы басқарудың тиісті тетіктері мен кепілдіктерінің болмауы сөзсіз бүкіл қаржы жүйесі үшін проблемалар туғызады», – деп атап өтті сарапшы.Сонымен қатар Бензо жаңа реттеу тетігі қаржылық дағдарыс жағдайында мемлекеттік қаражатты пайдалануды айтарлықтай азайтуға бағытталғанын қосымша атап өтті.«Ex-ante (алдын алу) қор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің және өміршең емес банктердің мәселесін шешудің орнықты құралы ретінде қарастыруға болар еді. Алайда, Агенттік ұсынған ex-post қаржыландыру моделі,егержарналар банк төлемгеқабілетсіз деп жарияланғаннанкейінжасалса,банкжүйесінетікелейжүктеменітөмендететінтеңдестірілгентәсіл болып табылады.Қазіргіжағдайдабұлқаржылықшығындар ментәуекелдердібөлутұрғысынан сараланған ымыраға келу болып табылады»,– деп толықтырды ол.Сондай-ақ сарапшы реттеуші органдардың жауапкершілігі туралы мәселені қозғап, қаржылық реттеушілердің рөлі қаржылық дағдарыстардың салдарын жұмсарту және олардың қаржылық тұрақтылыққа теріс әсерін болдырмау екенін атап өтті.«Егер біз әрбір ықтимал қаржылық дағдарысты болжауға және алдын алуға тырысатын болсақ, бұл қадағалау мен капиталға қойылатын талаптар тұрғысынан банк жүйесіне шамадан тыс жүктеме түсірер еді. Тәуекелдерді толығымен жоюға ұмтылу, яғни кез келген дағдарыстар немесе реттеу кезінде қосымша қаржылық шаралар қажет болатын жағдайға ұмтылу – капиталға қойылатын талаптарды едәуір арттыруды талап етер еді, бұл, өз кезегінде, банктердің экономикаға кредит беру мүмкіндіктерін шектер еді», – деп қорытындылады PwC өкілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1097875?lang=kk
Сәкен Сейфуллин ауылының 50 жылдық мерейтойы атап өтілді 03.11.2025
Сырдария ауданының Сәкен Сейфуллин ауылында елді мекеннің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы, ауылдың ардагерлері, құрметті азаматтар, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Іс-шараның басында аудан әкімі ауыл тұрғындарын айтулы мерейлі мерекемен құттықтап, елді мекеннің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, бірқатар тұрғындарды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.Бүгінде келбеті жаңарған Сәкен Сейфуллин ауылының тарихы өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. «1 Май» мен «Құндызды» колхоздарының негізінде іргетасы қаланып, кейіннен «Ленин», «Партияның 21 съезі» колхоздарына біріктіріліп, осыдан жарты ғасыр бұрын өз алдына совхоз болып құрылған.Қасиетті топырақтан батырлар мен билер, ақын-жазушылар мен елге танымал тұлғалар шыққан. Олардың өмір жолы мен өнегелі еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.Тәуелсіздік жылдарында ауыл әкімдігі ғимараты, 150 орындық мәдениет үйі, балабақша, дәрігерлік амбулатория және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауылдың жаңа келбеті қалыптасты. Инфрақұрылым жаңартылып, көшелер абаттандырылып, тұрғындардың өмір сапасы арта түсті.Мерейтой аясында Сыр өңірінің белгілі ақындарының қатысуымен айтыс ұйымдастырылып, ел мен жердің рухын асқақтатқан ерекше мәдени шара өтті. Айтыс барысында ақындар ауылдың өткені мен бүгіні, еңбек адамдарының ерен еңбегі, бірлік пен татулықтың маңызы жайлы жыр арқау етті. Әсем сөз өрнегімен өрілген жыр додасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, аймақтық мәдени өмірдің жарқын сәтіне айналды.Сонымен қатар, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өмірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, ауыл ардагерлері мен белсенді тұрғындарға арнайы марапаттар табысталды. Ардагерлерге ізет көрсетіліп, жас буынға өнегелі сөздер айтылды.Салтанатты жиын соңында ауыл өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-seifullin/press/news/details/1099295?lang=kk
Өкіл №57 мекемеде өткен жедел кеңеске қатысты 03.11.2025
2025 жылдың 29 қазанында Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі М.Ж. Мағжанов Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №57 мекемесінің жұмысын қарау бойынша жедел кеңеске қатысты.Жедел кеңес барысында М.Ж. Мағжанов №57 мекеме қызметкерлерін 1998 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы ратификациялаған «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазалауға қарсы конвенцияның» негізгі ережелерімен таныстырды.Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі өз сөзінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтарын қатаң сақтау, сотталғандарға азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерін қолдануға жол бермеу, сондай-ақ мұндай бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-almaty-oblysy/press/news/details/1097702?lang=kk
Сырдария ауданында Есенов Расул Әбутәліпұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир бастау алды 03.11.2025
Сырдария ауданында елге еңбегі сіңген, ауданның «Құрметті азаматы» Есенов Расул Әбутәліпұлының есімін ұлықтауға арналған 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық турнир басталды.Турнир 2025 жылдың 31 қазаны мен 2 қараша аралығында Тереңөзек кентіндегі спорт кешенінде өтеді. Жарыс Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен «Qazaq kuresi» қауымдастығы бекіткен ережелерге сәйкес өткізіледі.Салтанатты ашылу рәсімінде Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Ол Расул Әбутәліпұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін, елге жасаған еңбегін атап өтіп, турнирдің жастарды спортқа баулудағы және ұлттық рухты көтерудегі маңызына тоқталды.Жарысқа еліміздің әр өңірінен бірнеше команда қатысып, жас балуандар өзара бақ сынап жатыр. 2010–2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы белдесулер 38, 42, 46, 50, 55, 60, 65, 70, 75 және +75 келі салмақ дәрежелерінде өтеді.Турнир жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар арасында тартысты бәсекелер өрбіді. Әр команда өз аймағының намысын қорғап, көрермендер тарапынан үлкен қолдау көрсетілді.Жарыстың қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097684?lang=kk
Құқықтық қорғау және ашық диалог: «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 03.11.2025
2025 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының қалалары мен ірі елді мекендерінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы сәтті өткізілді.Аталған бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықтың тегін кәсіби кеңес алуына қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары акцияға белсенді қатысып, салық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша толық түсініктемелер берді. Салық төлеушілер мен бизнес қоғамдастығының өкілдері келесі бағыттар бойынша білікті кеңестер алды:- Салық заңнамасының нормаларын сақтау.- Арнайы салық режимдерін қолдану.- Табыс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау мәселелері.- Кедендік рәсімдер.Халықпен тікелей диалог Департаментке әкімшілендірудегі проблемалық мәселелерді жедел анықтауға және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде барынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1097628?lang=kk
ІІІ Интернационал ауылындағы спорт мектебіне - 20 жыл 03.11.2025
Бүгін Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылында орналасқан №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, сала ардагерлері, спорт мектебінің басшылары мен жаттықтырушылары және жас спортшылар қатысты.Мерейтой жас таеквондошылардың көрсетілім өнерімен ашылды.Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы бүгінгі маңызды күнмен құттықтап:– Президентіміз атап өткендей, «Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің кепілі». Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қармақшы ауданында спорт саласы кең қанат жайып, жас ұрпаққа үлгі болар чемпиондар өсіп келеді. Бұл игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретініне сенімдімін.Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, биік белестер мен жаңа жеңістер тілеймін!Спорт мектебіміздің абыройы арта берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!, – деді.2005 жылы құрылған бұл спорт мектебі алғаш рет халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмат Қодаровтың жетекшілігімен жұмысын бастаған.Осы уақыт ішінде спорт мектебінен ел біріншіліктерінің жеңімпаздары, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері тәрбиеленіп шықты.Мерекелік шара барысында аудан әкімінің Алғыс хаттары мен спорт мектебінің ардагерлері және басшылық жасаған азаматтары 20 жылдық естелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен аудандық спорт бөлімі атынан арнайы марапаттар табысталды.Мерейтой соңында аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1097543?lang=kk
Қармақшы ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 03.11.2025
Бүгін Қармақшы ауданында республика көлемінде бір мезетте ұйымдастырылған «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету шарасы өтті.Акция Жосалы кентіндегі “Руханият орталығында” және Жаңажол ауылдық округіндегі клуб үйінде ұйымдастырылды.Іс-шараға аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, құқық қорғау және мемлекеттік кірістер органдарының, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, сондай-ақ бірқатар бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен білікті заңгерлер, нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары қатысты.Қабылдау барысында көрші ауылдық округтерден де келген азаматтардан әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жер, салық салу бойынша сұрақтар қабылданып, нақты жауаптар мен кеңестер берілді.Жосалы кентінде 100-ден аса, ал Жаңажол ауылында 70-тен астам тұрғын жеке қабылдаудан өтті.Акция аясында тұрғындарға қолданыстағы заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.Аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы өз сөзінде:– Құқық бұзушылық тек түнгі уақытта емес, түрлі салада да кездеседі. Сол себепті осындай кездесулер арқылы құқықтық мәдениетті арттырып, заң талаптарын түсіндіру – басты мақсат. Халықтың мәселесін тікелей тыңдап, тиімді шешім қабылдау үшін мұндай қабылдаулардың маңызы зор, – деді.«Халық заңгері» акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң мен Тәртіп» аясында жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде өткізіліп келеді және халыққа тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1097550?lang=kk
"Халық заңгері" ауқымды республикалық акциясы өтті 03.11.2025
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі тапсырмасының 8-тармағына сəйкес, 2025 жылғы 31 қазанда Сырдария ауданының әкімдігі мен прокуратураның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында «Халық заңгері» республикалық əлеуметтік акциясы бір мезетте өткізілді. Акцияға Сырдариялықтар да белсене атсалысты. Тереңөзек кентінде орналасқан «Руханият орталығында» өткен акцияда Сырдария ауданының прокуроры Абай Мұхтарұлы, аудан әкімінің орынбасары Роллан Манарбекұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы және де заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, акция аясында 100-ге жуық азаматқа заң тұрғысынан көмектер көрсетілді.Аталған акция жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Жалпыреспубликалық акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары, мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыруымен өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097523?lang=kk
«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізу туралы 03.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 «Тауарларға арналған декларация мен тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация форматы іске асырылғанын хабарлайды.Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ТД-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, ТД-ға өзгерістер нысаны және басқа да құжаттар автоматтандырылды.Осыған байланысты 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталды.Сынақ онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Кез келген тұлғалар сынаққа қатыса алады.Өтінімдерді беру тәртібі мен сынақ өткізілетін кесте «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сол жерде сынақты өткізу тәртібі, бейнесабақтар, пайдаланушы нұсқаулығы, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, байланыс деректері, сондай-ақ «Тауарларға арналған декларация» модуліне қатысты ескертулер мен ұсыныстарды жіберу функциясы туралы ақпарат  орналастырылған.«Тауарларға арналған декларация» модулін іске қосу жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар, модульді іске қосу ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сынаққа белсенді қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1100775?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 03.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 31 қазанында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді. Ұйымдастырушылар - ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет басылымы, PRG ақпараттық жүйесі және Prosud.kz интернет-басылымы. Акция аясында азаматтарға тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар тарапынан тегін және білікті заң көмегі көрсетілді. Қостанай облысы бойынша «Халық заңгері» акциясы шеңберінде 800-ден астам азамат құқықтық кеңес алды. Олардың барлығы өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты нақты ұсынымдар мен өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, нақты өтініштерге байланысты құқықтық шешімдер ұсынды. Бұл бастама қоғамда тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігін арттыруда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1097455?lang=kk
Жаһандық бейбітшілікті және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігерді нығайту 03.11.2025
2025 жылғы 28-29 қазанда Елші Қанат Тумыш Вьетнамның Ханой қаласында өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттер үшін Өңірлік консультацияларға Қазақстанның өкілі ретінде қатысты.Консультациялар өңірлік өкілдерге пікір алмасу, прогресті шолу және шарт бойынша міндеттемелерді растау үшін платформа ұсына отырып, ЯҚТШ-ның іс-әрекетін қарау жөніндегі 2026 жылғы конференцияға дайындық процесінің шеңберінде ұйымдастырылды.Кездесу барысында Елші Қанат Тумыш ядролық қарусыздануға, ядролық энергияны таратпауға және бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты елдің дәйекті ұстанымын атап өтіп, Қазақстанның ЯҚТШ-ға көзқарасын ұсынды. Ол Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және ядролық қатерлерден азат әлемді жақтауды жалғастырып келе жатқан ел ретіндегі бірегей тарихи тәжірибесін атап өтті.Қазақстанның қатысуы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық серіктестіктер шеңберінде қарусыздану жөніндегі жаһандық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен диалогқа жәрдемдесудегі елдің белсенді қатысуы мен сындарлы рөлін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1097463?lang=kk