Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуді жүргізу туралы 03.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 75 «Тауарларға арналған декларация мен тауарларға арналған декларацияны түзету құрылымы мен форматы туралы және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру мақсатында «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларация форматы іске асырылғанын хабарлайды.Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және оңайлатуды, сондай-ақ қағаз түріндегі құжаттарды цифрлық форматқа көшіруді көздейді. Атап айтқанда, декларантқа жолданатын барлық сұрау түрлері, ТД-ға өзгерістер енгізу туралы Талап/Шешім нысаны, ТД-ға өзгерістер нысаны және басқа да құжаттар автоматтандырылды.Осыған байланысты 2025 жылғы 3 қарашадан бастап «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін барлық кедендік рәсімдер бойынша сынақтан өткізу басталды.Сынақ онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Кез келген тұлғалар сынаққа қатыса алады.Өтінімдерді беру тәртібі мен сынақ өткізілетін кесте «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінің тесттік порталында жарияланған – https://test-keden.kgd.gov.kz. Сол жерде сынақты өткізу тәртібі, бейнесабақтар, пайдаланушы нұсқаулығы, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар, байланыс деректері, сондай-ақ «Тауарларға арналған декларация» модуліне қатысты ескертулер мен ұсыныстарды жіберу функциясы туралы ақпарат  орналастырылған.«Тауарларға арналған декларация» модулін іске қосу жобалық мерзімі 2026 жылғы қаңтардың екінші онкүндігіне жоспарланған. Сонымен қатар, модульді іске қосу ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сынаққа белсенді қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1100775?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 03.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 31 қазанында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді. Ұйымдастырушылар - ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет басылымы, PRG ақпараттық жүйесі және Prosud.kz интернет-басылымы. Акция аясында азаматтарға тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар тарапынан тегін және білікті заң көмегі көрсетілді. Қостанай облысы бойынша «Халық заңгері» акциясы шеңберінде 800-ден астам азамат құқықтық кеңес алды. Олардың барлығы өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты нақты ұсынымдар мен өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, нақты өтініштерге байланысты құқықтық шешімдер ұсынды. Бұл бастама қоғамда тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігін арттыруда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1097455?lang=kk
Жаһандық бейбітшілікті және ядролық қаруды таратпау жөніндегі күш-жігерді нығайту 03.11.2025
2025 жылғы 28-29 қазанда Елші Қанат Тумыш Вьетнамның Ханой қаласында өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттер үшін Өңірлік консультацияларға Қазақстанның өкілі ретінде қатысты.Консультациялар өңірлік өкілдерге пікір алмасу, прогресті шолу және шарт бойынша міндеттемелерді растау үшін платформа ұсына отырып, ЯҚТШ-ның іс-әрекетін қарау жөніндегі 2026 жылғы конференцияға дайындық процесінің шеңберінде ұйымдастырылды.Кездесу барысында Елші Қанат Тумыш ядролық қарусыздануға, ядролық энергияны таратпауға және бейбіт мақсатта пайдалануға қатысты елдің дәйекті ұстанымын атап өтіп, Қазақстанның ЯҚТШ-ға көзқарасын ұсынды. Ол Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және ядролық қатерлерден азат әлемді жақтауды жалғастырып келе жатқан ел ретіндегі бірегей тарихи тәжірибесін атап өтті.Қазақстанның қатысуы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық серіктестіктер шеңберінде қарусыздану жөніндегі жаһандық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен диалогқа жәрдемдесудегі елдің белсенді қатысуы мен сындарлы рөлін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1097463?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам ғылым мен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 03.11.2025
2025 жылғы 17 қазанда Елші Қанат Тумыш Ханойдағы Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінің (USSH, VNU) туризмді зерттеу факультеті ұйымдастырған, факультеттің құрылғанына 30 жыл толуына орай, туризм саласындағы заманауи зерттеулер мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.Конференцияның бас спикерлерінің бірі ретінде Елші Қанат Тумыш баяндама жасап, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын, соның ішінде тікелей рейстер маршруттарын кеңейтуді, екі жаққа да сапарлар санын ұлғайтуды және Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын тұрақты, мәдени және экологиялық туризм модельдерін дамыту әлеуетін атап өтті.Елші сонымен қатар туризм саласындағы инновацияларды ілгерілетуде және екі елдің адамдары арасындағы байланысты нығайтуда академиялық алмасу мен зерттеу ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1097440?lang=kk
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды 03.11.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.Қанат Болатұлы 1982 жылы туылған,  білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару»  мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2002 «Досанов» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып  бастаған.Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, «Megaron & K» ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы  лауазымдарын атқарған.2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1097439?lang=kk
Қазақстан мен Ботсвана дипломатиялық қатынастар орнатты 02.11.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Умаров пен Ботсвана Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Чарльз Масоле Қазақстан Республикасы мен Ботсвана Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.Аталған құжат екі ел арасындағы қатынастар тарихындағы жаңа беттің басталғанын білдіреді. Қазақстан мен Ботсвана халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, атап айтқанда, ұлттық егемендігін және аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу, мемлекеттердің теңдігін және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ережелеріне негізделген достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайту ниеттерін білдірді.Екі елдің әлеуетін ескере отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, энергетика секторы, фармацевтика, денсаулық сақтау, туризм, көлік және логистика салалары айқындалды. Қазақстан жасыл энергетиканы дамыту мен жоғары білім беру саласындағы тәжірибесімен бөлісуге де дайын екенін растады.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығын, сондай-ақ бейбітшілікті, орнықты дамуды және екі елдің өркендеуін ілгерілетуге бағытталған құндылықтар мен мақсаттардың ортақтығын атап өтті. Көпжақты алаңдарда, оның ішінде БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимылды дамыту уағдаластығына қол жеткізілді.Ботсвана – Қазақстан дипломатиялық қатынастар орнатқан 190-шы мемлекет болып табылады. Бұл еліміздің халықаралық белсенділігі мен серіктестік байланыстарының дәйекті кеңеюін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1097398?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобына төрағалығын табысты аяқтады 02.11.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 31 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерінде өткен Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобының (APG) кезекті отырысы барысында, Қазақстанның аталған топқа 2025 жылғы қазан айындағы төрағалығы қорытындыланды.БҰҰ-да қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, мүше мемлекеттер аймақтық топтарға ай сайын кезектесіп төрағалық етеді. Осылайша, қазан айы бойы Қазақстан APG тобының төрағасы ретінде аймақ елдерінің қызметін Ұйым күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оның құрылымдарымен өзара іс-қимыл бойынша үйлестірді.Отырыс БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың төрағалығымен өтті. Тұрақты өкіл Қазақстан төрағалығының негізгі нәтижелеріне және атқарылған жұмыстарына шолу жасады.Кездесуде БҰҰ жүйесінің түрлі құрылымдарына сайланатын лауазымдарға мүше мемлекеттердің кандидатураларын ұсыну және қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бірқатар үміткерлер өз бағдарламалары мен басым бағыттарын таныстырды. Сессияны БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссиясына (ICSC) Қазақстанның үміткері Әлихан Байменов ашып, Комиссия жұмысына қатысты өз көзқарасы мен басым міндеттерін баяндады.Отырыстың қорытындысында Қазақстан тарапы аймақ елдеріне сындарлы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, қараша айында топқа төрағалықты қабылдайтын Кувейт Мемлекетіне табыс тіледі. Анықтама: Азия-Тынық мұхиты тобы (APG) – БҰҰ-ның бес аймақтық тобының бірі болып табылады және аймақтың 55 мемлекетін біріктіреді. Топтың негізгі міндеті – аймақ елдерінің ұстанымдарын БҰҰ Бас Ассамблеясы, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі және басқа да органдар шеңберінде қаралатын мәселелер бойынша үйлестіру, сондай-ақ БҰҰ жүйесіндегі сайланбалы лауазымдарға кандидатураларды келісу және ілгерілету.БҰҰ құрылымында, Азия-Тынық мұхиты тобынан өзге, келесі аймақтық топтар жұмыс істейді:Африка мемлекеттері тобы (GAFS);Шығыс Еуропа мемлекеттері тобы (EEG);Латын Америкасы және Кариб бассейні мемлекеттері тобы (GRULAC);Батыс Еуропа және өзге мемлекеттер тобы (WEOG).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1097399?lang=kk
Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті 02.11.2025
Бүгін Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар игі істер жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Іргелі ауылдық округінде орналасқан «Nomad International School» мектебінде және Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Тұрар ауылында ағаш отырғызу мен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты — өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл аймақтарды көбейту және жастарды табиғатты қорғауға баулу.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы қос шараға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар мен ауыл тұрғындары белсене қатысты.Акция барысында аудан бойынша 130 түп терек және 60 түп бельгиялық шырша ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, көшелер мен қоғамдық орындарда кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.Жалпы, экологиялық шараларға 400-ден астам адам қатысып, ауданның көркейіп, экологиялық ахуалының жақсаруына өз үлесін қосты. Ауылдарымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағы дәл осындай бірлескен еңбектен көрініс табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1097390?lang=kk
Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда 02.11.2025
Президенттің қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Іс-шара барысында жаһандық жоғары білім беру кеңістігінің өкілдері Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігінің президенті және негізін қалаушы Нунцио Кваккарелли еңбек нарығына жасанды интеллекттің ықпалы туралы айта келе, QS рейтингінде қазақстандық жоғары оқу орындарының көбеюін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан интернационалдандыру мен ғылыми бәсекеге қабілеттілік бағытында айтарлықтай ілгерілеу көрсетіп отыр. Сондай-ақ еліміздің бес университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Нунцио Кваккареллидің айтуынша, QS Қазақстанмен болашақ мамандықтарды болжау моделін құру және білім мен инновацияға негізделген экономиканы дамыту бағытында ынтымақтасуға ниетті.Кардифф университетінің (Ұлыбритания) президенті профессор Венди Ларнер Қазақстанмен білім және жасанды интеллект саласындағы серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол Кардифф университеті беделді Russell Group құрамына кіретінін және Қазақстанда кампус ашқан алғашқы университет екенін айтты. Cardiff University Kazakhstan жаңа кампусы жасанды интеллект, биотехнология және медицина салаларында мамандар даярлауға арналған орталыққа айналмақ.Пекин тіл және мәдениет университетінің (BLCU) президенті профессор Пен Дуань білімнің халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Ол Астана халықаралық университеті базасында Орталық Азиядағы алғашқы қытай тілін оқыту орталығы – BLCU филиалының ашылуының маңыздылығын айтты.Профессордың пікірінше, тіл мен мәдениет елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенім дипломатиясының басты кілті болып табылады.
Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда 02.11.2025
Мемлекет басшысының қатысуымен білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық және жаһандық білім беру экожүйесін терең түрлендіруге бағытталған нақты шаралар туралы баяндама жасады.Министрдің айтуынша, Қазақстанда шетелдік университеттердің 40 филиалынан тұратын желі құрылуда. Олардың 85 пайызы жоғары технологиялық бағыттарға – жасанды интеллект, компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік, жаратылыстану және техникалық ғылымдар, ядролық физика және басқа да сұранысқа ие салаларға бағытталған. Бұл бастама халықаралық деңгейдегі сапалы білімді ел ішінде алуға мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға және академиялық туризмді дамытуға жол ашады.Бүгінгі таңда елімізде 31 500 шетелдік студент білім алуда. Бұл – тарихи рекорд. Алғаш рет Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД елдерінен келген студенттерден асып түсті. 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Форум барысында стратегиялық серіктестер кеңесінің құрылғаны атап өтілді. Кеңес институционалдық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және негізгі міндеттерді бірлесіп шешуге бағытталған. Бүгінгі күнге дейін Кеңестің үш отырысы өткізілді.
Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде 02.11.2025
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өтті. Форум білім және ғылым саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайту мен жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға арналды.Іс-шара барысында стратегиялық серіктестер кеңесінің құрылғаны атап өтілді. Кеңес институционалдық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және ортақ міндеттерді бірлесе шешуге бағытталған. Бүгінгі күнге дейін Кеңестің үш отырысы өткізілді.Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) ректоры Анатолий Торкунов Қазақстанның Ресей үшін білім саласындағы сенімді серіктес әрі одақтас екенін айтты. Ол Астанада ММХҚИ филиалының ашылуының стратегиялық маңызын атап өтіп, бұл бастама біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру мен болашақ көшбасшыларды даярлауда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ербол Исақаев өңірлік жоғары оқу орны үлгісінде Аризона университетімен ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер арқылы академиялық әріптестікті ғылыми серіктестікке айналдыру тәжірибесін таныстырды. Сондай-ақ академиялық және зерттеу жетістіктері орталығын құру нәтижелері ұсынылды.Қорытынды сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына мазмұнды баяндамалары мен сындарлы ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, Қазақстан өз университеттерін жан-жақты дамыту саясатын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.
Италия астанасында Абай Құнанбайұлының есімі ұлықталды 01.11.2025
2025 жылғы 30 қазанда Рим қаласында, Вилла Грациоли саябағында ұлы қазақ ойшылы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев, Рим мэриясының өкілдері, италиялық шығармашылық қауым өкілдері және Италияда білім алып жүрген отандастарымыз қатысты.Жиылғандарға сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Абай шығармашылығы қазақ халқының рухани-адамгершілік және отансүйгіштік дамуының негізіне айналғанын атап өтті. Абай Құнанбайұлы адамзатты ізгілікке, әділдікке, білімге, еңбекке және Отанға деген сүйіспеншілікке шақырды.Италия астанасында Абай бюстінің ашылуы, ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толған жылы, Қазақстан мен Италия арасындағы достық қатынастардың нығаюының маңызды белгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1097374?lang=kk
Қасиетті Тақпен ынтымақтастықтың перспективалы форматы талқыланды 01.11.2025
2025 жылғы 31 қазанда Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің бастамасымен Елші Тимур Примбетовтың Қасиетті Тақ Мемлекеттік хатшылығының Протоколының басшысы монсеньор Хавьер Фернандеспен кездесуі өтті.Сенімді және достық әңгіме барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, соның ішінде 2025 жылдың соңына дейін Ватиканда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы арасында Дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында тараптар протоколдық-ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1097378?lang=kk
Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 01.11.2025
Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында А.Аракчи қазақ әріптесін министр лауазымына тағайындалуымен және Республика күнімен құттықтады. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өз ұмтылыстарын растады. Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырып, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1097400?lang=kk
Өмірді өзгертетін инвестициялар: бизнестің Қостанай облысын таңдауының себебі 01.11.2025
Қостанай облысы Қазақстандағы инвесторлар үшін тартымды өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуда. Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында өңірге 379,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артық (322,8 млрд теңге). Инвестициялардың физикалық көлем индексі (ИФО) 113,4% құрап, экономикалық белсенділіктің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетті.Айтарлықтай бөлігі жеке инвестициялар, олар 305,9 млрд теңгені құрайды, жалпы инвестиция көлемінің 80,6%-ын алып отыр (ИФО – 111,2%). Бұл өңірге және оның инвестициялық климатына бизнестің сенімін көрсетеді.⸻Масштабты жоба: KIA Qazaqstan зауытыҚостанай облысындағы ең ірі және маңызды жобалардың бірі – KIA Qazaqstan зауыты, ол рекордты қысқа мерзімде салынды және қазіргі таңда толық қуатымен жұмыс істеуде. Бұл KIA компаниясының Оңтүстік Кореядан тыс алғашқылардың бірі ретінде инвестиция салуы болып табылады.•Инвестиция көлемі: 131,5 млрд теңге•Өндірістік қуат: жылына 70 мың автокөлік•Жаңа жұмыс орындары: 1500Жобаны іске асыру барысында инфрақұрылым дамытылып, жұмысқа жарамды кадрлар дайындалуда. Зауыт қазіргі заманғы автокөліктерді жергілікті өндірісін қамтамасыз етіп қана қоймай, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құрып, ілеспе салаларды дамытады. Бұл инвестициялар өңір тұрғындарына нақты мүмкіндіктер әкеледі және экономиканың сапалы өсуіне үлес қосады.⸻2025 жылы іске асатын негізгі инвестициялық жобалар2025 жылы өңірде тағы 6 ірі индустриялық жоба іске қосылмақ, олардың жалпы инвестиция көлемі 189,6 млрд теңге, бұл шамамен 1 800 жаңа жұмыс орны құруға мүмкіндік береді. Солардың ішінде:1.«СарыарқаАвтоПром» ЖШС – Jetour автокөліктерін (CKD) шығару, 2,3 млрд теңге, жылына 5 мың автокөлік, 200 жұмыс орны.2.«KamLit KZ» ЖШС – жетекші көпірлердің басты берілістерін шығару, 82,5 млрд теңге, жылына 74 мың данаға дейін, 550 жұмыс орны.3.«KamLit KZ» ЖШС – жетекші көпір балкаларын терең локализациялау, 78 млрд теңге, жылына 90 мың данаға дейін, 100 жұмыс орны.4.«TEHNOPARK KZ» ЖШС – автокомпоненттерді шығару локализациялық орталығы, 17,8 млрд теңге, жылына 60 мың комплект, 800 жұмыс орны.5.«Бестекс» ЖШС – жиһаз және тігін өндірісін салу және қайта құру, 5,5 млрд теңге, жылына 200 мың тігін бұйымы, 150 жұмыс орны.6.«Тлеп» жеке қайырымдылық қоры – көпфункциялы туристік кешен, 3,5 млрд теңге, 20 жұмыс орны.⸻Неліктен бизнес Қостанай облысын таңдайды?Өңірді инвесторлар тартымды етеді:•Тұрақты экономикалық орта және бизнесті қолдау;•Дамыған инфрақұрылым және көлік қолжетімділігі;•Білікті кадрлар мен білім беру ресурстарының болуы;•Өндірісті локализациялауға арналған перспективалы салалар, әсіресе машина жасау және өнеркәсіптік қайта өңдеу.⸻Өмірді өзгертетін инвестицияларKIA Qazaqstan зауыты, сондай-ақ KamLit KZ, TEHNOPARK KZ және СарыарқаАвтоПром жобалары жаңа жұмыс орындарын ашып, заманауи өндіріс орнатып, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартатынын нақты көрсетеді. Қостанай облысы инвесторларды қолдау мен стратегиялық экономикалық дамудың адамдардың өмірін тікелей жақсартатынын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1097341?lang=kk
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 01.11.2025
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды.Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде атап өтті:«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!»Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр».«Халық заңгері» акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматқа кәсіби көмек пен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін ұсынатын болады.
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. 01.11.2025
Бүгін Шымкент қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шараға Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, аудан әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қырық екі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, коммуналдық кәсіпорын мамандары қатысты. Шараға қала жастарының қолдауымен волонтерлік ұйымдар да қатысты. Келушілер жетекші мамандардан тегін заңгерлік кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар ала алды. «Халық заңгері» жобасы азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық қолдау көрсетудің сұранысқа ие және тиімді алаңына айналды. 2016 жылдан бастап бұл бастама республика бойынша азаматтарға білікті заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің тегін кеңестерін беруде. Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде: «Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет қорғалған азаматтардан басталады!». Сондықтан бүгін осында, барлығына тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды», - деді қала прокуроры. Акция барысында 1000-нан астам шымкенттік отбасы, еңбек, жер, азаматтық, әкімшілік құқық мәселелері бойынша тегін кеңес алды. Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын қорғау жолдары, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері айтылды. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыра отырып, «Халық заңгері» республикалық акциясы өз жұмысын жалғастырады.
Заң мен тәртіп: Шымкентте полиция балаларға арналған заң туралы мультфильм ұсынды 01.11.2025
Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты.Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді.Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс, Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Ол балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді.Премьера аясында балалар үшін түрлі интерактивті және танымдық шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша викторинаға қатысып, кинологтар мен криминалистердің жұмысымен, сондай-ақ арнайы жасақ қызметімен танысты. Сонымен қатар, полиция қызметіне арналған фотокөрме ұсынылды.Мерекелік атмосфераны қуыршақ театрының әртістері, Шымкент циркі өнерпаздары және жол қозғалысының жас инспекторларының сахналық қойылымдары жандандырды. Іс-шара соңында балалар мен ата-аналар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырды – бұл ізгі ниет пен бейбітшіліктің белгісіне айналды.Жоба авторларының айтуынша, «BalaZan» – тек анимациялық фильм емес, сонымен қатар балаларға заңды құрметтеуді, әділдік пен жауапкершілікті бағалауды, қоғамға пайдалы болуды үйрететін тәрбиелік бастама.
Құқық тәртібі: Шымкент полицейлері балаларға Заң туралы мультфильм сыйлады 01.11.2025
Шымкенттегі орталық саябақта қалалық ішкі істер басқармасының бастамасымен қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «БалаЗаң – балалық шақтан құқық жолында» анимациялық фильмінің премьерасы өтті. Мультфильмнің бірінші бөлімі ашық ауада үлкен LED-экранда көрсетіліп, іс-шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, «Құқықтық тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділеттің және қоғамдық тәртіптің маңыздылығын тартымды және қолжетімді етіп жеткізуге бағытталған. Анимациялық фильмнің басты кейіпкері Барс Қазақстанның тәуелсіздігі мен қуаттылығын бейнелейді. Ол балаларды адалдық, сыйластық, ережелерді сақтау сияқты құндылықтарға үйретеді. Премьера аясында балаларға арналған түрлі интерактивті және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша викторинаға қатысып, кинологтардың, сот-медициналық сарапшылардың, полицияның арнайы бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Полиция қызметіне арналған фотокөрме ұсынылды. Мерекенің көркін қуыршақ театры әртістерінің, Шымкент циркінің қойылымдары, жас жол инспекторларының сахналық қойылымдары арттырды. Іс-шара балалар мен ата-аналарға арналған концертпен аяқталды, одан кейін қатысушылар ізгі тілек пен бейбітшілік символы болып табылатын түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырды. Жоба жасаушылардың айтуынша, «БалаЗан» – бұл жай мультфильм емес, балаларға заңның, әділдіктің, жауапкершіліктің құндылығын түсінуге, қоғамға өз үлесін қосуға деген құлшынысына көмектесетін тәрбиелік бастама.
Ақтау гарнизонының 200-ден аса сарбазы Жауынгерлік тумен қоштасты 01.11.2025
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі салтанатты түрде өтті.Мерзімді әскери қызметті аяқтаған сарбаздарды 51809 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Нұржан Сүлейменов құттықтады.Қызметін адал атқарған сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар 217 сарбаздың бесеуіне штаб бастығы еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға грант сертификаттарын берді. Олардың қатарында ақтаулық қатардағы жауынгер Әлихан Ғасанов та бар. Ол он екі айдағы қызмет барысында тәртіптілігімен және жауынгерлік дайындықтағы үздік нәтижелерімен көзге түскен.– "Сарбаз 2.0" бағдарламасына қатысып, жақсы ұпай алдым. Енді мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне құрылысшы мамандығына түскім келеді. Әкем сияқты құрылысшы болам, – деді қатардағы жауынгер.Естеріңізге сала кетсек, әскери дайындықта үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарға жоғары оқу орындарында білім алуға грант беру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің бастамасы заң жүзінде бекітілген. Таңдау критерийлерінің негізгісі – жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп, психологиялық тұрақтылық және қызметтік міндеттерді сапалы орындау.Ал Ақтөбе облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Ярослав Щетинин әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастыруды ұйғарды. Командирлеріне үйреткені мен жинаған тәжірибесі үшін алғысын білдірген Ярослав қысқа демалыстан кейін Мұғалжар ауданының Жем қаласында қызметін жалғастырмақ.Қазан айының басынан бері Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінен мерзімді қызметін аяқтаған 1000-ға таяу сарбаз запасқа шығарылғанын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1097325?lang=kk