Қоғам
Құқық тәртібі: Шымкент полицейлері балаларға Заң туралы мультфильм сыйлады 01.11.2025
Шымкенттегі орталық саябақта қалалық ішкі істер басқармасының бастамасымен қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «БалаЗаң – балалық шақтан құқық жолында» анимациялық фильмінің премьерасы өтті. Мультфильмнің бірінші бөлімі ашық ауада үлкен LED-экранда көрсетіліп, іс-шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, «Құқықтық тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділеттің және қоғамдық тәртіптің маңыздылығын тартымды және қолжетімді етіп жеткізуге бағытталған. Анимациялық фильмнің басты кейіпкері Барс Қазақстанның тәуелсіздігі мен қуаттылығын бейнелейді. Ол балаларды адалдық, сыйластық, ережелерді сақтау сияқты құндылықтарға үйретеді. Премьера аясында балаларға арналған түрлі интерактивті және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша викторинаға қатысып, кинологтардың, сот-медициналық сарапшылардың, полицияның арнайы бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Полиция қызметіне арналған фотокөрме ұсынылды. Мерекенің көркін қуыршақ театры әртістерінің, Шымкент циркінің қойылымдары, жас жол инспекторларының сахналық қойылымдары арттырды. Іс-шара балалар мен ата-аналарға арналған концертпен аяқталды, одан кейін қатысушылар ізгі тілек пен бейбітшілік символы болып табылатын түрлі-түсті шарларды аспанға ұшырды. Жоба жасаушылардың айтуынша, «БалаЗан» – бұл жай мультфильм емес, балаларға заңның, әділдіктің, жауапкершіліктің құндылығын түсінуге, қоғамға өз үлесін қосуға деген құлшынысына көмектесетін тәрбиелік бастама.
Ақтау гарнизонының 200-ден аса сарбазы Жауынгерлік тумен қоштасты 01.11.2025
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі салтанатты түрде өтті.Мерзімді әскери қызметті аяқтаған сарбаздарды 51809 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Нұржан Сүлейменов құттықтады.Қызметін адал атқарған сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар 217 сарбаздың бесеуіне штаб бастығы еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға грант сертификаттарын берді. Олардың қатарында ақтаулық қатардағы жауынгер Әлихан Ғасанов та бар. Ол он екі айдағы қызмет барысында тәртіптілігімен және жауынгерлік дайындықтағы үздік нәтижелерімен көзге түскен.– "Сарбаз 2.0" бағдарламасына қатысып, жақсы ұпай алдым. Енді мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне құрылысшы мамандығына түскім келеді. Әкем сияқты құрылысшы болам, – деді қатардағы жауынгер.Естеріңізге сала кетсек, әскери дайындықта үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарға жоғары оқу орындарында білім алуға грант беру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің бастамасы заң жүзінде бекітілген. Таңдау критерийлерінің негізгісі – жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп, психологиялық тұрақтылық және қызметтік міндеттерді сапалы орындау.Ал Ақтөбе облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Ярослав Щетинин әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастыруды ұйғарды. Командирлеріне үйреткені мен жинаған тәжірибесі үшін алғысын білдірген Ярослав қысқа демалыстан кейін Мұғалжар ауданының Жем қаласында қызметін жалғастырмақ.Қазан айының басынан бері Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінен мерзімді қызметін аяқтаған 1000-ға таяу сарбаз запасқа шығарылғанын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1097325?lang=kk
Қазақстан мен Оман көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 01.11.2025
Масқат, 2025 жылғы 31 қазан - Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының алдағы бірінші отырысына дайындық ретінде Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығының Көлік, коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрі Сәид Әл-Мауалимен кездесуі өтті.Көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылау барысында Елші А.Тұматов қазақ тарапының Оманның әуе кемелеріне бесінші дәрежелі еркіндік беру мүмкіндігін ескере отырып, таяу арада екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату қажеттілігін атап өтті. Омандық министр бұл бастаманы қолдады. Атап айтқанда, «Oman Air» Оман ұлттық әуекомпаниясы 2026 жылдан бастап, «Астана-Масқат» бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерді ұшыртуға ниетті екені аталып өтті. Бұл өз кезегінде өзара барыс-келістің ұлғаюына, екі ел кәсіпкер топтары арасындағы өзара сауда айналымы мен іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал ететін болады.Отандық цифрлық шешімдердің жаңа сыртқы нарықтарға экспортын арттыру мақсатында оман тарапына IT-технологиялар саласындағы озық қазақстандық әзірлемелер ұсынылып, оған ерекше қызығушылық танытылды. Оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобалар және «Astana Hub» платформасының әлеуеті. Оманның мүдделі ұйымдары қазақстандық әзірлеушілердің IT-қызметтерін Оманда қолдану тұрғысынан зерттейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1097314?lang=kk
Қостанай қалалық электр желісінің жұмыс жоспары 01.11.2025
2025 жылғы 3 қарашадан бастап жеке сектор мен жатын аудандарының тұтынушыларын ажыратуКТП -303 (КС бойынша жұмыс) 2025 жылғы 3 қараша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін"Академия радости" балабақшасы, ЖК Сусаренко, ЖК Мериоара, ЖК Кушембаева, "Алина - лайф" ЖШС, ГЭК-20-"Спартак", саяжайлар "Текстильщик 1". Жеке сектор: Костанайская көшесі, 1,2,3,4,5,6, Цветочная көшесі, 380-424, 1, 2, 3 өткел, Қобланды батыр даңғылы 45-61, 49/1-49/2,51/1-51/3. ТП -16 (ӘЖ-дегі жұмыстар) 2025 жылғы 4 қараша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінЖатын секторы: Мәуленов көшесі 2,4,6,8, 8а, 10,Жеке сектор: Мәуленов көшесі 12/1-12/3КТП -23 (ТП-дағы жұмыстар) 2025 жылғы 6 қараша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін"Медионика" клиникасы, "Садовод" , "Продукты" дүкені, "Нур", БСГ, СТО, ГАЗС, № 1 кофехана, "Арука" саунасы, автокөлік жуу, "Рако" автокөлік жуу орны,"Шехеразада" кафесі, Жатын сектор: Хакімжанова көшесі 56, Маяковский көшесі 102а.Жеке сектор: Краснопартизанская көшесі 55-71, Наримановская көшесі 5-27,27 а,21/1-21/12, 23/1-23/10, Кирпичная көшесі 1-81, 14/4-14/14,16/2-16/10, Дачная көшесі 1-38, 8 Марта көшесі 71/1-71/7, 64-90, Маяковский көшесі 97/1-97/2, 99, 997, Хакімжанова даңғылы 1-54, 34/1-34/2, 36/1, Бағдаршам: Хакімжанова көшесі-Маяковский көшесіМаяковский көшесі-Наримановская көшесіБарлық 2 Қостанай (КС жұмысы) 2025 жылғы 7 қараша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін"Ясмин" балабақшасы 6 Солнечная көшесі 5, Доненбаева көшесі 31А балабақшасы, № 1 балабақша, "Театральный", "Филиппок", "Арман – Ель" дүкені, "Ардан-2015" ЖШС, емхана, ЖК Гаджиев.Барлығы!!! Жеке СЕКТОР: 1,2,3,4 к-сі, Спартак өткелі, Крупская к-сі, Мирная к-сі, Энгельс к-сі, Спортивная к-сі, Некрасов к-сі, Тургенев к-сі, Белинский к-сі, Солнечная к-сі, 4,5,6 , Мир к-сі, Жуковский к-сі, Ақсу к-сі, Студенченная к-сі, Химиков к-сі, Чекмарев к-сі, Автозаводская к-сі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1097280?lang=kk
Қонаев қаласында еліміздегі ең ірі қант зауытының құрылысы басталады 31.10.2025
Жуырда Қонаев қаласында Қазақстандағы ең ірі қант өндіретін зауыттың құрылысы қолға алынады. Алматы облысының шаруалары шамамен 100 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егуге дайын екендерін растады. Бұл болашақ зауыттың шикізаттық базасын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Al Khaleej Sugar компаниясының президенті Аль Гурэйр Джамальмен кездесу өткізіп, жоба бойынша дайындық барысын және алдағы кезеңдердің жүзеге асырылуын талқылады.Зауыттың құрылысына арналған 1000 гектар жер учаскесі Қонаев қаласында бөлініп, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізілді. Қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылым – газ және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, шикізат қорын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жобаның алғашқы кезеңінде 65 мың гектар жерге қант қызылшасын отырғызу жоспарланып, кейіннен егіс алқабы кеңейтіледі. Суармалы жерлерді дайындау және су инфрақұрылымын дамыту үшін халықаралық қаржы тарту көзделген.Өңір шаруалары қант қызылшасын егуді бастауға толық дайын екендерін жеткізді. Бұл болашақ кәсіпорынның тұрақты дамуына негіз болады.Кездесу барысында тараптар жобаны тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Осы мақсатта үйлестіру мен жедел шешім қабылдау үшін жұмыс тобы құру ұсынылды.Араб тарапы EPC-келісімшартқа қол қоюға дайын екенін мәлімдеп, бұл құрылыс жұмыстарының басталуын жеделдетуге мүмкіндік береді.Инвестициялық жобаны «QazaqArab Sugar» ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 500 мың тонна дайын өнім, жалпы инвестиция көлемі – 313,6 млрд теңге. Құрылыстың жүзеге асу мерзімі – 2025–2028 жылдар. Жоба іске қосылғаннан кейін 450 тұрақты жұмыс орны ашылады.Бұл бастама елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және қант импортына тәуелділікті азайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1097260?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан бокс федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 31.10.2025
Исламабад, 2025 ж. 31 қазан – Қазақстан бокс федерациясының президенті Ш.Мүтәліп пен Пәкістан бокс федерациясының президенті Подполковник (зейнеттегі) Мұхаммед Насыр Иджаз Тунг арасында онлайн-келіссөздер өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің бокс федерацияларының президенттері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Сонымен қатар, тараптар екі федерация арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін нақты іс-шараларды айқындай отырып, 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Айта кетерлік жайт, Қазақстан боксшылары 2025 ж. 22-31 қазан аралығында Бахрейнде өткен жасөспірімдер Азия ойындарында сәтті өнер көрсетіп, жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді.Сондай-ақ, 2025 ж. қыркүйекте Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары жеті алтын медалін жеңіп алып, бірінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1097250?lang=kk
2025 жылдың 31 қазанында аудан әкімдігінің отырысы өтті 31.10.2025
2025 жылдың 31 қазанында аудан әкімдігінің отырысы өтті. Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:1 «Жақсы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі аудан бюджетінің атқарылуы туралы»;«Жақсы ауданында егін жинау науқанының аяқталу қорытындысы туралы».Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Жақсы ауданында ағымдағы кезеңде жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштердің орындалуы туралы;АШТӨ статистикалық есептілігін тапсыру туралы;2025 жылдың екінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1097219?lang=kk
Кітапханашыларға құрмет көрсетілді 31.10.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев "Руханият" орталығында аудан кітапханашыларын қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Мерекелік қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, сала ардагерлері мен қызметкерлері, оқырмандар қатысты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды» деп атап өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақта түнгі кітапханалар жұмыс жасауда. Биыл ауданда «Руханият» орталығы ашылып, оның ішінде, тәулік бойына жұмыс істейтін кітапхана оқырманға қызмет көрсетуде. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» дейді. Кітап – құнды байлық. Кітапхана – адамдардың өміріне, болашағына ықпал етіп, жақсы бастамаға, жарқын болашаққа жол ашатын рухани қазына ордасы, білімнің киелі шаңырағы саналады. Ал, кітапханашы – бүгінде тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы және насихаттаушы. Біз кітапханашылардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, қызметтеріне құрметпен қараймыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Мерекелік іс-шарада аудан басшысы сала ардагерлері мен қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, сала ардагерлері мерекелік лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097133?lang=kk
Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу ұзартылды 31.10.2025
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салудың қолданысын ұзартты. Тиісті бұйрыққа 2025 жылдың 23 қазанында қол қойылды және 2025 жылдың 30 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. Құжатқа сәйкес, тыйым 6 ай мерзімге белгіленген және көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Шектеу астында:- құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар, химиялық түрі бойынша сұрыпталған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ, сұрыпталмаған және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап жоқ өзге де қорғасын аккумуляторлары пайдаланылған мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, қорғасын аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары;- қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары), пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол төсемінің элементтері және жылжымалы құрам. Жаңа шешім ішкі нарықты металлургия өнеркәсібі үшін шикізатпен қамтамасыз етуге және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға бағытталған. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу Қазақстанда 2025 жылғы 29 сәуірден бастап қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1100889?lang=kk
Павлодарда "Халық заңгері" акциясы өтті 31.10.2025
Қазақстанның басқа қалаларында сияқты Павлодарда да "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы өтті, оның шеңберінде әрбір тілек білдіруші тегін білікті кеңес ала алды.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, проблемалық мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ "Заң және Тәртіп" идеологемасын ілгерілету.Іс-шара барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов азаматтарды қабылдап, салықтық әкімшілендіруге қатысты сұрақтарға жауап берді."Халықзаңгері"акциясы2016жылданбастапбүкілел бойынша тұрақтынегіздеөткізіліп келеді жәнеазаматтардыңсеніміннығайтуғабағытталған. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1097155?lang=kk
"Жыл мұғалімі" облыстық байқауының аудандық кезеңінің бірінші бөлігін өткізу туралы 31.10.2025
Ағымдағы жылдың 21-23 қазан аралығында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінің бірінші бөлімі, пәндер бойынша сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1097159?lang=kk
СЭҚ қатысушылардың назарына. Қазақстан Республикасында кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету 31.10.2025
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Сіздер Қазақстанға тауарларды әкелген кезде кедендік баждар мен салықтарды төлеуге міндеттісіздер, бірақ кейбір жағдайларда тауарды ерте шығарып, ал төлемді кеш енгізуге болады. Ол үшін кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажет, яғни ақша қаражатының төленетініне кепілдікті ұсыну. Қамтамасыз ету қашан қажет?Қазақстан Республикасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау әрқашан емес, белгілі бір жағдайларда ғана ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 91, 194, 195, 196, 223, 257, 170, 387, 397-баптары) талап етіледі, мысалы:- егер сіз тауарды құжаттарды тексеру аяқталғанға дейін алғыңыз келсе ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 195-бабы);- егер кедендік сараптама тағайындалса және сіз оның аяқталуын күте алмасаңыз ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 199-бабы);- егер тауар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған болса ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 223 және 226 баптары);- сіздің өтінішіңіз бойынша тауарды уақытша сақтау кезінде ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 170-бабы). Төлемді немен қамтамасыз етуге болады?5 тәсілдер бар ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 97-102 баптары):Ақша. Ең қарапайым және кең таралған тәсіл. Кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізіледі.Банктік кепілдік. Банк кедендік төлемдер мен салықтарды төлейтініне кепілгерлік береді.Кепілгерлік. Кепілдікті үшінші тұлға (жеке немесе заңды тұлға) береді.Мүлік кепілі. Міндеттеме орындалғанға дейін мүлік кеден органына кепілге беріледі.Сақтандыру. Кеден органы сақтандыру қызметі құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды. Қамтамасыз ету сомасы қалай есептеледі?Қамтамасыз ету сомасының мөлшері тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары негізге алына отырып айқындалады.Кеден органдары не істейді? - қамтамасыз ету сомасының болуын және жеткіліктілігін бақылауды жүзеге асырады;- міндеттемелер орындалмаған кезде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне сәйкес кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алуды жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1097107?lang=kk
Проф сынамалар 31.10.2025
Қарағанды облысының білім басқармасының кәсіптік сынақ кестесіне сәйкес 2025 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысы Осакаров аудандының білім бөлімінің, Пионерское ауылындағы No3 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары Есіл ауылындағы мектеп-интернат-колледжіне барды.Саяхат барысында оқушылар түрлі жұмыс мамандықтарымен және колледждегі оқу шарттарымен танысуға бағытталған кәсіптік бағдарлау сынақтарына қатысты.Оқушылар бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы біліп, кәсіби білім алудың болашақ мүмкіндіктері туралы түсінік алды.Іс-шара оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға саналы көзқарасын қалыптастырып, кәсіби даярлық саласындағы ой-өрісін кеңейту мақсатында өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1097104?lang=kk
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды 31.10.2025
Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді.Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді.Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.– «Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097116?lang=kk
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді 31.10.2025
Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады. Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған.Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған.Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097084?lang=kk
Тарих тынысы: Майлин музейі | «Елбесік» 31.10.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1097088?lang=kk
Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті. 31.10.2025
Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 31 қазанда өтті.Тұрақты комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес Қарқара ауылдық округі әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі.Кеген аудандық мәслихатына 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №29-127 "Кеген ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы"өзгерістер енгізу туралы ;Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы 08 қаңтардағы №30-127 "Кеген ауданының 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы ;Аталған мәселелер талқыланып, сессия отырысында қарау туралы қаулы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1097090?lang=kk
"Біртұтас тәрбие-Адал азамат" бағдарламасын іске асыру " тақырыбында аудандық семинар 31.10.2025
2025 жылғы 30 қазан күні Жамбыл Жабаев атындағы мектеп базасында «Біртұтас тәрбие — Адал азамат» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинардың мақсаты – ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие берудің озық тәжірибесін тарату.Іс-шараға педагогтар мен оқушылар қатысты. Оқушылар өздерінің қолөнер бұйымдарын таныстырып, домбырада ойнап, ән айтып, би биледі. Сондай-ақ жетістіктер көрмесі, шеберлік сағаттары мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырылды.Семинар аясында педагогтарға арналған тренинг өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелері талқыланды. Сонымен қатар мектеп парламентінің жұмысымен таныстыру жүргізілді.Семинар тәжірибе алмасу, шабыттану және адал, жауапты, белсенді азамат – “Адал азаматты” қалыптастырудың тиімді жолдарын бірлесе іздеу алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1097093?lang=kk
Born Bold: Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері Моңғолияда таныстырылды 31.10.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 31 қазан – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінде еліміздің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті.Іс-шараның мақсаты Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ моңғол іскер топтарын Қазақстандағы бизнес жүргізу жағдайлары, мемлекеттік қолдау шаралары және қазақстандық нарықта жұмыс істеудің артықшылықтарымен таныстыру болды.ҚР-дың Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов қатысушыларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын, соның ішінде ауыл шаруашылығы, көлік-логистика инфрақұрылымы және туризм сияқты перспективалы салалардағы мүмкіндіктерді таныстырды. Сондай-ақ, Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуеті, индустриялық аймақтар және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді.Семинарға Моңғолияның Сауда-өнеркәсіп палатасының, салалық қауымдастықтардың және бірқатар моңғол компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты. Олар қазақстандық әріптестермен өзара іс-қимылды дамытуға, ең алдымен логистика мен транзит, агроөнеркәсіп кешені, тау-кен өнеркәсібі, сауда және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру салаларында мүдделілік танытты.Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, тараптар ықтимал ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін талқылап, одан арғы жұмыс байланыстарын қолдап отыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1097062?lang=kk
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу туралы 31.10.2025
Ағымдағы жылдың 31 қазанында №9 гимназиясының базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.Олимпиадаға 85 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.8 жүлдегер олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1097063?lang=kk