Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді 23.10.2025
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары салық заңнамасындағы алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығы бөлігіндегі негізгі жаңалықтарға ерекше назар аударылды.Кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы қадамдар туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1108343?lang=kk
Алматы қаласында Корей медициналық диагностикалық орталығы ашылды 23.10.2025
2025 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов,  Алматы қаласындағы алғашқы Корей медициналық диагностикалық орталығы «Open Healthcare Kazakhstan» ЖШС-нің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа орталықтың жалпы инвестиция көлемі 14 млрд теңгеден астам болатын инвестициялық жоба болып табылады. Орталық заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталып, озық корей сапа стандарттарына сәйкес жасақталған. Орталықтың ашылуы денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және қазақстан-кореялық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1091626?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ 23.10.2025
🔹Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында қалалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында іс-шара өтті.🔹Мерекелік іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов, Түркия Республикасының Түркістан облысындағы Бас консулы Левент Гүржан, қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.🔹Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттік этносаясат аясында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, қала аумағындағы жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге сүбелі үлес қосып жүрген түрік этномәдени бірлестігінің белсенділеріне алғыс айтты.– Шымкентте 7 мыңға жуық түрік этносының өкілі тұрады. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстырған түрік ағайындар елдің дамуына елеулі үлес қосып, бірлік пен сыйластық құндылықтарын дәріптеуде. Лайым, еліміздің татулығы әрдайым тұғырлы болсын, – деді Заңғар Нышанбекұлы.🔹Қонақтар Достық үйінің фойесінде ұйымдастырылған этно-фольклорлық ансамбльдердің өнерлерін тамашалап, ұлттық киім үлгілерін көрді. Одан кейін қолданбалы өнер көрмесін аралап, Ахысқа түріктерінің тарихы мен тұрмысын бейнелейтін фото-баннерлермен, көне тұрмыстық заттармен және ұлттық тағамдармен танысты.🔹Қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов өз сөзінде мерекелік іс-шараға келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, орталықтың ел бірлігі жолындағы атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталды. Іс-шара барысында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеп, этносаралық татулықты бекемдеуге үлес қосқан белсенділер марапатталды.#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent
Шымкентте Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті 23.10.2025
25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы қаланған, егемен ел ретінде жаңа дәуірге қадам басқан айрықша дата. Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл мереке биыл да Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтілуде.Атап айтқанда, мереке қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында салтанатты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігімен ұйымдастырылп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мазмұнды бағдарлама ұсынылды.Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, көрермендерге облыстық филармонияның танымал әртістері мен би топтары ұлттық және заманауи өнерді тоғыстырған әсерлі қойылымдар тарту етті. Концерт бағдарламасы тәуелсіздік рухын асқақтатып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.Салтанатты кеш барысында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек құттықтау сөз сөйлеп, елдің даму жолындағы бірлік пен еңбекке тоқталды.– Республика күні – мемлекеттігіміздің бастауы, ел болудың нышаны. Бұл мереке әр азаматтың жүрегінде отаншылдық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттырады. Осы тұста, елдің дамуына, ауданның өркендеуіне үлес қосып жүрген әрбір еңбек адамына алғыс білдіремін, – деді аудан басшысы.Іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғам өміріне сүбелі үлес қосқан 15 сала үздігі - білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, коммуналдық және мәдениет салаларының қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.Марапат иелерінің бірі, «Үздік мұғалім» атанған Салтанат Сеңгірбаева:– Бүгінгі марапат – тек менің емес, шәкірттерімнің еңбегінің нәтижесі. Ел ертеңі – білімді ұрпақ. Сондықтан бізге артылған сенімді ақтау – үлкен жауапкершілік. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіш рухты оятатын ерекше мереке, - деп атап өтті.Салтанатты кеш патриоттық әндер мен би қойылымдарымен жалғасып, көрермендер мерекені көтеріңкі көңіл күймен атап өтті.Республика күні – ел тарихындағы тағдырлы сәттерді еске түсіретін, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы жетістіктерді дәріптейтін, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын маңызды мереке. Бұл күн – елдік пен егемендіктің қадірін ұғындыратын ерекше тарихи белес.
Шымкентте Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шаралар өтті 23.10.2025
25 қазан – еліміздің тарихындағы басты даталардың бірі. Бұл күн Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасының қалануын және тәуелсіз егемен мемлекет ретінде жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. 2025 жылы Қазақстан Республикасы дәстүрлі түрде бұл мерекені ауқымды шаралармен, соның ішінде Шымкент қаласында да атап өтеді. Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында аудан басшылығының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Шақырылған қонақтардың қатарында аудан, қала тұрғындары, қонақтар болды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Бағдарламада облыстық филармонияның еңбек сіңірген әртістері, сондай-ақ ұлттық және заманауи өнер туындыларын ұсынатын шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама патриоттық рух пен ел бірлігін нығайтуға бағытталған. Шара барысында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек құттықтау сөз сөйледі. Ол өз Жолдауында қоғамды одан әрі дамытудың іргетасы ретінде бірлік пен қажырлы еңбектің маңыздылығына тоқталды. «Республика күні – қазақ елінің тәуелсіз ел болып қалыптасуының символы – мемлекетіміздің құрылуының бастауы. Бұл мереке әрбір азаматтың бойына отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Ауданның дамуына, еліміздің гүлденуіне өз еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамын», - деді аудан әкімі. Мереке аясында білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, коммуналдық шаруашылық, мәдениет салаларының 15 қызметкері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандардың бірі, «Үздік педагог» Салтанат Сеңгірбаева: "Бұл марапат менің ғана емес, шәкірттерімнің де еңбегінің жемісі. Еліміздің болашағы білімді жас ұрпақта. Маған артылған сенімді ақтау мен үшін үлкен мәртебе. Республика күні - қазақстандықтардың жүрегінде патриоттық сезім мен Отанға деген мақтаныш сезімін оятатын ерекше мереке". Мерекелік кеш көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің жарқын көрінісіне айналған патриоттық әндер мен би қойылымдарымен аяқталды. Қазақстанның Республика күні – еліміздің тарихындағы айтулы белестерді, оның мемлекеттілік орнатудағы жетістіктерін еске түсіретін, ұлттық бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін айтулы оқиға. Бұл мереке мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің құндылығын еске салады.
В Шымкенте прошли торжественные мероприятия, посвящённые Дню Республики Казахстан 23.10.2025
25 октября — одна из ключевых дат в истории нашей страны. Этот день символизирует закладку фундамента государственности Казахстана и начало новой эпохи в статусе независимого суверенного государства. В 2025 году Республика Казахстан традиционно отмечает этот праздник широкомасштабными мероприятиями, в том числе и в городе Шымкент.В преддверии Дня Республики в Енбекшинском районе города Шымкент состоялся праздничный концерт, организованный районным акиматом. В числе приглашённых — жители района и города, а также гости.Торжественное мероприятие началось с исполнения Государственного Гимна Республики Казахстан. В программе выступили заслуженные артисты областной филармонии, а также творческие коллективы, представившие номера в жанрах национального и современного искусства. Концертная программа была направлена на укрепление патриотического духа и единства народа.В ходе мероприятия с приветственным словом выступил аким Енбекшинского района Досбол Есилбек. В своём обращении он подчеркнул значимость единства и труда как основы дальнейшего развития общества.«День Республики — это начало нашего государства, символ становления казахского народа как самостоятельной нации. Этот праздник воспитывает в каждом гражданине патриотизм и любовь к Родине. Выражаю искреннюю благодарность всем, кто своим трудом вносит вклад в развитие района и процветание нашей страны», — отметил аким района.В рамках праздника 15 работников различных сфер — образования, здравоохранения, правоохранительных органов, коммунального хозяйства и культуры — были награждены благодарственными письмами за значимый вклад в социально-экономическое развитие района и активное участие в общественной жизни.Одна из награждённых — «Лучший учитель» Салтанат Сенгирбаева отметила:«Данная награда — это результат труда не только мой, но и моих учеников. Будущее нашей страны — в образованном молодом поколении. Для меня честь оправдать возложенное на меня доверие. День Республики — особенный праздник, который пробуждает в сердцах казахстанцев патриотизм и гордость за Родину».Праздничный вечер завершился исполнением патриотических песен и танцевальных постановок, которые вызвали живой отклик у зрителей и стали ярким акцентом торжества.День Республики Казахстан — это важное событие, которое напоминает о значимых вехах истории нашей страны, достижениях на пути становления государственности, укрепляет национальное единство и сплочённость. Этот праздник служит напоминанием о ценности независимости и суверенитета нашего государства.
Сауатты жазу - тілді қолдау 23.10.2025
Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Осы тұрғыда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Ұлттық диктант» жобасы бүкіл республика бойынша бастау алды. Оның мақсаты: мемлекеттік тілді сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілік таныту, тілге деген құрметтің көрінісін білдіру.         Мемлекеттік тілдің мүддесін білдеретін, алдымен, мемлекеттік қызметшілер екені белгілі. Сондықтан, Х.Досмұхамедов атындағы университетте өткен диктант Атырау облысының мемлекеттік қызметшілерін кеңінен қамтыды.         Соның ішінде, біздің ұжымдастарымыз – Экономика және қаржы басқармасының қызметкерлері де белсенділік танытып, аталмыш шараға қатысты. Нәтижесінде өздерінің қазақ тілінде сауатты жазуды жақсы меңгергендерін көрсетті.         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1091524?lang=kk
Қазақстан мен Малайзия экология және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 23.10.2025
2025 жылғы 22 қазан, Куала-Лумпур – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Плантациялар және ресурстар министрі, сондай-ақ Табиғи ресурстар мен тұрақты даму министрінің міндетін атқарушы Датук Сери Джохари бин Абдул Ганимен кездесті.Кездесу барысында тараптар көлік және логистика, туризм, халал өнімдерін өндіру және экспорттау, балық шаруашылығы және су ресурстарын тиімді пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Ерекше назар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мәселелеріне аударылды. Елші Қазақстанда экологиялық жағдайды жақсарту және биологиялық алуан түрлілікті сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде сайғақ санының артуы мен оны қорғауға бағытталған халықаралық күш-жігер туралы ақпарат берді.Джохари бин Абдул Гани Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономика екенін атап өтіп, Малайзияның «жасыл» және тұрақты даму саласындағы жетістіктеріне қызығушылық білдірді. Тараптар сондай-ақ жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция (CITES) шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда, көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша Елші министр Джохари бин Абдул Ганиді келесі жылы Қазақстанға шақырып, екіжақты әріптестіктің нақты бағыттары мен бірлескен бастамаларды іске асыруды талқылауға ұсыныс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1091498?lang=kk
Құтқарушылар күніне орай салтанатты қабылдау өтті 23.10.2025
Бүгін «Руханият» орталығында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, құтқару қызметі саласының мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Биыл Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы дата аясында аудан тарапынан азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізіп, сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтадыСалтанатты қабылдау барысында ел қауіпсіздігі жолында абыроймен еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, олардың ел қауіпсіздігі жолындағы еңбектері атап өтілді.Шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Өмірбек Сақтабаев сөз алып, әріптестеріне ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар сала ардагері Нұрлыбек Шынарбаев та мерекелік лебізін жеткізді.Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.Құтқарушылардың еңбегі – уақытпен санаспайтын ерлік. Осындай кездесулер сала қызметкерлерінің рухын көтеріп, ынтымақ пен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1091419?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойшаң сарбаз теңіз жаяу әскерлерінде қызмет етеді 23.10.2025
 «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы ең бойы ұзын сарбаз Әлішер Назымбек әскери борышын өтеп жатыр. Оның бойы – 2 метр 9 сантиметр.Әлішер Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылында дүниеге келген. Назымбектің отбасында алты бала тәрбиеленуде. Оның бойының ұзындығы нағашы атасынан дарыған көрінеді. Бала кезінен-ақ Әлішер қатарластарынан ерекшеленіп, мектепте де, колледжде де көзге түсіп жүрген. Енді, міне, әскер қатарында да өзінің даралығын байқатуда.  Әскерге дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жастайынан спортпен айналысып, волейбол мен кикбокстан республикалық жарыстарда колледж намысын қорғаған. Осы сайыстарда ол тек күш-қуат дайындықты ғана емес, табандылығын да дәлелдей білді.Сарбаздың айтуынша, әскерге бару саналы әрі көптен күткен шешімі болған.– Бала күнімнен теңіз жаяу әскеріне баруды армандадым. Мұнда іріктеу қатал екенін білетінмін, бірақ спортпен шұғылданғанымның арқасында өзіме сенімді болдым. Қызметтен кейін әскери училищеге түсіп, офицер болғым келеді. Сондай-ақ, Құрмет қарауыл ротасына түссем деген де үмітім бар. Өйткені бойым ұзын болған соң, алар деген ойдамын, – дейді Әлішер.Теңіз жаяу әскерлерінде еліміздің ең шыдамды, ең мықты жігіттері қызмет қызмет етеді. Бұл бөлімде бұған дейін де Денис Балюк (бойы 2 м 8 см) пен Азат Мұхамеджанов (2 м 4 см) секілді бойшаң сарбаздар болған. Енді жаңа рекорд Әлішер Назымбекке тиесілі болып отыр. Ол – Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы бойы ең ұзын сарбаз атанып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1091392?lang=kk
Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының марапаттау рәсімі өтті 23.10.2025
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үлгілі 20 отбасы қызыл кілеммен жүріп өтіп, құрмет төрінен орын алды.Жеңімпаздарды ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде марапаттады.Олардың қатарында Алматы облысының атынан қатысқан Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының тұрғындары — Бекдайырлар әулеті де бар. Бұл өнегелі жанұя республикалық кезеңде облыс намысын абыроймен қорғады.Қолөнердің қыр-сырын бірнеше буыннан бері жалғастырып келе жатқан бұл отбасы – өнердің, еңбектің және берекенің жарқын үлгісі.Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр күміс әшекей жасау ісімен танылса, жұбайы Анаргүл ұлттық киім тігу өнерінде шеберлігімен ерекшеленеді.Балалары да ата жолын жалғап, шығармашылық бағытты таңдаған.Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап, дәстүрді дәріптеген барша жанның ортақ қуанышы!Жерлестеріміз – Бекдайырлар әулетін шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1091376?lang=kk
Қазақстандық скрипач Мексикадағы Плано симфониялық оркестрінің концертмейстері ретінде өнер көрсетті 23.10.2025
2025 жылғы 21 қазанда Мехико қаласындағы Ұлттық консерваториясында маңызды музыкалық шара өтті. Атақты мексикалық дирижер әрі музыкалық директор Гектор Гусманның кәсіби қызметінің 42 жылдығына орай Солтүстік Американың ең беделді оркестрлерінің бірі — Техас штатындағы (АҚШ) Плано симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Концерт бағдарламасында Петр Чайковский мен Эдвард Григтің классикалық шығармалары орындалды. Оркестрдің концертмейстері ретінде өнер көрсеткен қазақстандық скрипач, еліміздің еңбек сіңірген мәдениет вқайраткері Ордабек Дүйсеннің қатысуы қойылымның маңызды бөлігіне айналды. Концертте Мексикадан келген көптеген классикалық музыка сүйер қауым және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстандық диаспора да талантты отандасын қолдау және оның шеберлі орындауынан ләззат алу мақсатында жиналды. Концерттен кейін Ордабек Дүйсенге көптеп жылы лебіздер айтылып, қонақтармен фотосессияға қатысты. Концертке келіп, музыкантымызды қолдаған барлық қонақтарға алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1091387?lang=kk
Брюссельдегі концерт Қазақстан мен Бельгия достығының символына айналды 23.10.2025
Брюссель, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға Бельгияда тұратын отандастар, қазақстандық студенттер, Қазақстаннан асырап алынған балалар мен олардың бельгиялық отбасылары, сондай-ақ Dimash Dears Belgium фан-клубының өкілдері қатысты.Құттықтау сөзінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бұл мерекенің елдің жаңару рухын және болашағына деген сенімін білдіретінін атап өтті.Елші сондай-ақ биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы атап өтілетінін еске салып, осы құжаттың стратегиялық байланыстарды нығайту және гуманитарлық қатынастарды кеңейту үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:«Біз серіктестікті тек экономика мен саясат салаларында ғана емес, білім, ғылым және мәдениет салаларында да дамытып келеміз. Бельгиядағы қазақстандық студенттердің осы үдеріске белсенді үлес қосып отырғаны қуантады», – деді Р. Василенко.Қазақстандық музыканттардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламада 2025 жылы мерейтойлары аталып өтілетін Абай Құнанбайұлы, Нұрғиса Тілендиев және Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалды.Кеш соңында Елші орындаушыларға, сондай-ақ студенттік қауымдастық пен мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.Шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың жылы символына айналып, тарихи отанынан жырақта жүрсе де оған деген сүйіспеншілігін сақтап жүрген жандарды біріктіріп, екі ел халқы арасындағы гуманитарлық байланыстар мен мәдени диалогты нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1091389?lang=kk
Нью-Йорк қаласында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, қала Мэрінің ресми прокламациясы табысталды 23.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 22 қазан – Манхэттеннің қаржы орталығында ҚР Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға Нью-Йорк мэриясының, дипломатиялық корпус өкілдерінің, БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің, Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулдығының, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жастар өкілдерінің қатысуымен өтті.Биылғы рәсімнің маңызын арттырған оқиға – Нью-Йорк мэриясының ҚР Республика күніне орай «Қазақстан мұрасы күні» (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялаған ресми прокламациясының табысталуы болды.Аталған құжатқа Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс атынан қол қойылып, ол Қазақстанға деген құрмет пен қазақстандық қауымдастықтың қаланың мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесін танудың белгісі ретінде қабылданды.Прокламация Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық байланыстардың беріктігін айғақтап, Нью-Йорк қаласының өзара құрмет пен халықаралық серіктестік қағидаттарына адалдығын білдірді.Қала әкімшілігі атынан құттықтау сөз сөйлеген Халықаралық істер жөніндегі арнайы кеңесші Чарльз Даймонд диаспораның мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, Нью-Йорк пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қолдау білдірді.Іс-шара барысында АҚШ-та тұратын қазақстандықтардың рөліне ерекше назар аударылды.«Sony» компаниясының аға вице-президенті Галия Тлеуова жас кәсіби мамандардың Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтудағы маңызын атап өтіп, шетелдегі отандастардың жетістіктері елдің жаңғыру бағытының жалғасы екенін айтты.Мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыбы Нью-Йорк киноакадемиясының (NYFA) аға вице-президенті Дэвид Клайнның сөзінде ерекше аталды. Ол Алматы қаласында Академияның жаңа кампусының ашылғанын еске салып, қазақстандық жастардың қатысуымен бірлескен жобаларды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Салтанатты шараның ерекше атмосферасын Нью-Йоркте тұратын америкалық музыкант Джефф Герш (Jeff Gersh) қалыптастырды. Ол қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны меңгеріп, өзінің орындауында қазақтың дәстүрлі музыкалық туындыларын ұсынды.Музыкалық бөлімге қазақстандық диаспора өкілі, «Viva Music Carnegie Hall – 2022» байқауының жеңімпазы Гүлзар Габман (Gulzar Gabman) да қатысып, қазақ әндерін орындады. Шара барысында шырқалған әуендер екі ел арасындағы мәдени өзара іс-қимыл мен достықтың көрінісіне айналды.Өз сөзінде ҚР Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тлеулин Нью-Йорк мэриясына ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғыс білдіріп, прокламацияның табысталуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен өзара құрметтің маңызды белгісі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1091386?lang=kk
Исламабадта голболдан Азия және Тынық мұхиты өңірінің чемпионаты өтті 22.10.2025
Исламабад, 2025 ж. 21 қазан – 2025 ж. 15-21 қазан аралығында Исламабад қаласында голболдан Азия және Тынық мұхиты өңірінің чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 11 елдің спортшылары бірге Қазақстаннан құрама командасы қатысты.Аталған жарыс көру қабілеті аз спортшыларға ұйымдастырылды. Жоғары шоғырлануды, ептілікті және командалық жұмысты қажет ететін ерекше командалық ойын.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы алтыншы орынға ие болды.Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі спортшыларға табыстар мен жоғары жетістіктер тілейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1091342?lang=kk
Ресми: Қазақстанда таеквондодан (WT) 2027 жылғы Әлем чемпионаты өтеді 22.10.2025
Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан (WT) 2027 жылғы Әлем чемпионаты өтеді.Бұл туралы шешім бүгін Қытайдың Уси қаласында Дүниежүзілік таеквондо (WT) федерациясының Әлем чемпионаты аясындағы жиынында ресми түрде хабарланды.#QazTkd  #KazakhstanАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1091343?lang=kk
Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді 22.10.2025
     Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Тұрарбекұлы Дюсенбаев қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және оны қолдау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға әуестенудің алдын алу мәселелері қарастырылды.Бауыржан Тұрарбекұлы әрбір мемлекеттік қызметші өз мінез-құлқы және жұмысына деген жауапкершілігі арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуы тиіс екенін, сонымен қатар жоғары мәдениет, адалдық және жауапкершілік танытуы қажет екенін атап өтті.Кездесу соңында әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерді адалдық пен тәртіп қағидаттарын ұстануға шақырып, мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесін қалыптастыруда жеке үлгінің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1091307?lang=kk
Республика күніне арналған ұлттық диктант 22.10.2025
Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Республика күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» акциясына белсене қатысты.Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, сауаттылық мәдениетін арттыру және ұлт зиялыларының мұрасын дәріптеу болды.Диктант жазу барысында қатысушылар қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан алынған «Оқу жайы» және «Отан» тақырыптарындағы мәтіндерді жазды.Бұл шара қызметкерлерге өз білімін сынап қана қоймай, ұлт ұстазының рухани мұрасына қайта үңілуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1091274?lang=kk
Кітапхана саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді 22.10.2025
Кітапханашылар – ел мәдениетінің, білім мен парасаттың - қашан да алдыңғы қатарында. Бұл күн – сол еңбектің бағаланатын, құрмет көрсетілетін ерекше сәті. Осы ұстаным аясында 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбектің қабылдауымен «Руханият» орталығында сала мамандарына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.Аудан әкімі өз сөзінде:«Кітапхана – руханияттың темірқазығы. Қоғамның дамуы мен рухани өрлеудің берік тірегі саналатын кітапхананың орны – қашан да ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда: “Кітапхананы дамыту – ұлтты дамыту” деп атап өткендей, бұл сала – мәдениет пен ағартушылықтың іргетасы», – деп кітапхана ісінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.Салтанатты шара аясында аймақ басшысының қолдауымен 2024 жылы бой көтерген «Руханият» орталығының ашылуы ерекше атап өтілді. Аудандық кітапхананың жаңа ғимаратқа көшуі – кітапханашылар қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.Мерекелік жиын барысында кітапхана саласының ардагері Зина Шаханова «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, сонымен қатар саладағы үздік қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.Сондай-ақ, марапат иелеріне аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Зина Шаханова құттықтау сөздерін жеткізіп, кітапхананың жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие берудегі ерекше рөліне тоқталды.Бүгінде Қармақшы ауданында 18 кітапхана жұмыс істеп тұр. Бұл рухани ошақтар — 437 мыңнан астам кітап қорымен 19 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетіп келеді.Осындай шаралар — рухани құндылықты насихаттаудың, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың нақты көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1091285?lang=kk
Тауардың шығу тегін преференциялық емес мақсаттарда айқындау 22.10.2025
Тауардың шығу тегін айқындау халықаралық сауда жүйесінде маңызды рөл атқарады. Шығу тегі дұрыс анықталған жағдайда кедендік баждардың, сауда саясаты шараларының, шектеулер мен сыртқы экономикалық қызмет статистикасының қолданылуы қамтамасыз етіледі.Тауар халықаралық келісімдер бойынша тарифтік преференциялар шеңберіне кірмеген жағдайда, оның шығу тегі преференциялық емес мақсаттарда айқындалады — яғни халықаралық және өңірлік актілерде бекітілген жалпы қағидаларға сәйкес.Шығу тегін айқындаудың құқықтық негізі 2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы келісімі, ЕАЭО Кеден кодексі (4-бөлім) және ЕЭК Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімі болып табылады. Аталған құжаттар ашықтық, объективтілік және кемсітпеушілік қағидаттарына негізделген және Одаққа мүше мемлекеттер арасында бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.Шығу елін айқындаудың негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:Тауардың мемлекеттің аумағында толықтай өндірілгені;Өндіріс барысында әртүрлі елдердің материалдары пайдаланылған жағдайда — жеткілікті қайта өңдеудің жүргізілуі.Қазіргі үрдістер жеткізу тізбегін цифрлық қадағалау құралдарын және электрондық шығу тегі сертификаттарын енгізумен байланысты, бұл рәсімдердің ашықтығын арттырып, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.Осылайша, қазіргі заманғы тәсілдер тауардың шығу тегін айқындау қағидаларын жетілдіруге және біріздендіруге бағытталған, бұл өз кезегінде ашық әрі болжамды сыртқы сауданы дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1091295?lang=kk