Enbekshi QazaQ

Қоғам

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары! 08.09.2025
Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.2025 жылғы 18 шілде мен 3 қыркүйек аралығында "Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдерінде және бір ведомстволық бағынысты мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ekonomika/press/news/details/1063702?lang=kk
“Ел тарихында алғаш рет: Көкшетауда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін жырлаған ақындар айтысы өтті” 08.09.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көкшетау қаласында «Құрмет саған, құрылысшы!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау және олардың беделін арттыру.Іс-шара Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты айтыскер ақындарды бір сахнаға жинады. Бас демеуші – «ЖК Жакупов» құрылыс компаниясы.«Құрмет саған, құрылысшы» айтысының Көкшетау жерінде өтуі – өңіріміз үшін үлкен мәртебе. Бұл – жай ғана сөз шеберлерінің сайысы емес, құрылысшылардың еңбегінің маңыздылығын мойындау, олардың тек өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін бағалау», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.Айтыстың жүргізушісі – белгілі айтыскер ақын, ғалым, қоғам қайраткері Аманжол Әлтаев болды.Қазылар алқасының құрамына мәдениет пен ғылымның танымал қайраткерлері енді. Олардың қатарында – филология ғылымдарының докторы, академик, жазушы әрі журналист Уалихан Қалижан, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, ақын Серікзат Дүйсенғазы, айтыскер ақын Арман Бердалин, Халықаралық ақындар-айтыскерлер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жыршы-термеші Құдайберлі Мырзабеков және мәдениет саласының басқа да құрметті өкілдері бар.Сөз сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген он жүйрік айтыскер қатысты:Дәурен Ақсақалов (Шымкент) – Бас жүлде иегері, 3 000 000 теңге және ұйымдастыру алқасының сертификаты;Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) – I орын иегері, 2 000 000 теңге және сертификат;Мұхаммед Қонқаев (Көкшетау) – II орын иегері, 1 500 000 теңге және сертификат;Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе) және Еркебұлан Қайназаров (Түркістан облысы) – III орын иегерлері, әрқайсысына 1 000 000 теңгеден және сертификаттар табысталды.Қалған қатысушыларға – 500 000 теңгеден және ұйымдастыру алқасының сертификаты табысталды.Айтыс барысында ақындар құрылысшылардың ерен еңбегін жырлап, елдің сәулеті мен өркендеуіне қосқан үлесін дәріптеді. Шара аясында қонақтар Көкшетаудың соңғы жылдары бой көтерген жаңа шағын аудандарын, Қопа көлінің абаттандырылған жағалауын, амфитеатрларды, көп қабатты заманауи үйлерді, гүлзарлар мен демалыс орындарын жырға қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1063705?lang=kk
2025 жылғы 5 қыркүйекте Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы С.Б. Камалетдиновтың төрағалығымен күзгі шақыру науқанын өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. 08.09.2025
Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов, Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің, сондай-ақ Ұлттық ұланның өкілдері қатысты.Кеңес қорытындысы бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мен міндеттері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1063720?lang=kk
Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру 08.09.2025
2026 жылы 1 қаңтардан бастап салық мiндеттемесiн қамтамасыз ету тәсiлдерi ЭШФ жазуын тоқтата тұрумен және шетелдік компанияның интернет алаңына қолжетімділікті шектеумен толықтырылды. Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру Салық кодексінің 88-бабымен реттеледі және 15 негізді қамтиды.Электрондық шот-фактураларды беруді тоқтата тұруды салық органы тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жояды.Электрондық шот-фактуралардың берілуін тоқтата тұру немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешімдерді салық органы «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде шешім қабылдау үшін негіз туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қабылдайды және шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіге табыс етеді.Электрондық шот-фактураның ұсынылуы тоқтатыла тұрған салық төлеушілер туралы ақпарат электрондық шот-фактуралардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.Электрондық шот-фактураның жазылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жүйеден жойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1189666?lang=kk
“FLAMINGO FEST – 2025“ 08.09.2025
Ақмола облысы әкімінің бастамасымен Қорғалжын жерінде сән-салтанатпен алғашқы “FLAMINGO FEST” фестивалі өтті.Мәдени-туристтік және экологиялық коллаборация форматында ұйымдастырылған фестиваль экотуризмді дамыту, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталып, өнер арқылы аймақтың бірегей келбетін паш етті.Қорғалжын өлкесі – табиғаттың ғажайып көріністерімен ғана емес, қазақтың әйгілі әні «Дудараймен» де танымал қасиетті өңір.Бұл өлке қазынаға толы тарихымен, әсем әнімен және қайталанбас қоқиқаздарымен халқымыздың мәдениеті мен руханиятында ерекше орын алады.Фестиваль аясындағы мәдени бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бисара Макенова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекбосынов Айбек, республикалық байқаулардың лауреаты Аякөз Қалмағанбетова және халықаралық байқаулардың лауреаты, мультиинструменталист Айзада Кемел, арнайы фестивальге дайындалған «Ақмоланың қанатты сұлуы» прологына «Көкшетау» мәдениет сарайының 50 жылдық тарихы бар «Көкшетау» халықтық би ансамблі (жетекшісі – «Мәдениет қайраткері» Мәдина Тлеулина) және 25 жылдық тарихы бар «Он алты қыз» халықтық би ансамблі (жетекшісі – Мәдина Досмогомбетова) қатысты.Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі ұлттық би өнерінің нәзік ырғақтарын паш етті (жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаева), дала әуезін заманауи ырғақпен тоғыстырған «Орда» этно тобы (жетекшісі “Мәдениет саласының үздігі” Файзуллин Ануарбек), сондай-ақ туған жердің перзенттері – Қорғалжындық өнерпаздар квартетімен арнайы жазылған әсерлі «Қоқиқаз» әні орындалып,  кеш хедлайнерлері, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары,  “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік наградасының иегері, әнші – Зарина Омарова, әнші – Амантай Әбен мен «Мөлдір Мұқанова, сондай-ақ Мәди Қадыров өнер көрсеттті.Фестивальдің келесі бөлігі Бытығай алаңында өткен көрме-жәрмеңкемен жалғасты. Мұнда «Көкшетау сүт зауыты», «Родина» агрофирмасы және басқа да өңірлік кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Қолөнер шеберлері ағаш, киіз, тері, сүйек, былғарыдан жасалған бірегей бұйымдарын көрмеге қойды.Ұлттық ойындар алаңында жамбы ату, садақ ату, қазақша күрес, асық ату тәрізді спорттық сайыстар ұйымдастырылып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.Қонақтар Қорғалжын қорығы музейіндегі қоқиқаздарға  арналған арнайы экспозициямен танысып, кейін Шалқар көлінде қоқиқаздарды табиғи ортада тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Фестиваль аясында шығармашылық байқаулар да ерекше тартымды өтті, «Flamingo Art» суретшілер байқауы, «Қанат қаққан әуен» ақындар мүшәйрасы, «Wings of the Steppe» фольклорлық ансамбльдер фестивалінің қатысушылары ұйымдастырушылардың ақшалай сертификаттарымен марапатталды.«Flamingo Fest – 2025» – табиғат пен мәдениетті, өнер мен дәстүрді бір арнаға тоғыстырған жарқын мереке ретінде көпшіліктің есінде қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1063722?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 08.09.2025
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ - ЕЛДІҢ ҚОЛДАУЫ!🔰Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы 8 қыркүйекте жарияланды. Халықтың үлкен үмітпен күткен Жолдауын біздің мекеменің қызметкерлері де тыңдады. Мемлекеттің дамуына үлкен серпін беретін Жолдау болады деп үміттенеміз.🔰Жолдауда стратегиялық жоспар мен маңызды мақсат - міндеттемелер айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1063620?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауы 08.09.2025
Республика президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда экономика, логистика және өзге де өзекті мәселелер қозғалып, Жасанды интеллект көмегімен өзгерістер енгізу сөз болды. Бұған қоса, маңызды саяси реформа жасалатын болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1063536?lang=kk
REKA компаниясының Қазақстандағы бастамаларының перспективалары Нидерландта талқыланды 08.09.2025
2025 ж. 4 қыркүйек – Нидерландтық REKA компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту және орнықты ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қазақстандық дипломаттармен өткен кездесуінде талқыланды.Елші Қайрат Әбдірахмановтың компанияның Бас директоры Арон Оостукпен және Басқарушы директоры Эрик Эгбертспен әңгімесі барысында компанияның Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы өндірістік кәсіпорынды іске қосқаны және ұлттық әрі өңірлік нарықтағы жобаларын кеңейту жоспарының маңыздылығы зор ризашылықпен атап өтілді.Шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, даму институттарымен, жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері сынды ерекше қызығушылық тудыратын сұрақтар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтар  қызметін жетілдіру және қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар енгізілді.Тараптар орнықты агрожобаларды енгізу, «көміртекті егіншілік» әдістерін қолдану, сондай-ақ Қазақстанның өзге өңірлерінде жаңа өндірістік бастамаларды іске асыру үшін заманауи қаржылық құралдарды пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасты. REKA компаниясының қазақстандық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимылы және өндірістік желілерді іске қосуы Нидерланд іскер топтарының жергілікті нарыққа өсіп келе жатқан қызығушылығын көрсетіп, екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға салмақты үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1063546?lang=kk
Ливан Президенті Жозеф Аун Қазақстан Елшісін қабылдады 08.09.2025
8 Қыркүйекте Бейрутта Ливан Президенті Жозеф Аун Қазақстанның осы елдегі Елшісі Расул Жұмалыны қабылдады. Әңгіме барысында Ливан басшысы Қазақстанға деген жылы ілтипатын таныта келе, онымен жан-жақты ынтымақтақты өрбітуге мүдделік білдірді. Атап көрсеткенде  сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени, саяхатшылық байланыстарды нығайту тұрғысынан екі ел зор әлеуетке ие. Бұл тұрғыда Астана мен Бейрут арасында орнаған саяси түсіністік пен сенім өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілетуге берік негіз болып табылады. Өз кезегінде Расул Жұмалы Ливан Президенті мен Халқына Қазақстан басшылығының ыстық лебізін жеткізіп, Таяу Шығыстағы қазіргі күрделі шақты аман-есен еңсеру мен тұрақтылық жолында табыс тіледі. Жылы шырайда өткен сұхбат аясында дипломат Қазақстанның бүгінгі тыныс-тіршілігі, қоршаған әлеммен, оның ішінде Араб елдерімен алға басып келіп жатқан жан-жақты байланыстары жайлы баяндап берді. Осы ретте Қазақстан тарапы аймақтағы ірі өркениет ошағы саналушы, бүгінде әсіресе іскерлік және туристтік тартымдылығымен ерекшеленетін Ливанмен ізгі қарым-қатынастарға үміт артып отыр. Жақын келешекте өтетін екі ел сыртқы істер министрліктерінің саяси консультацияларында  екіжақты байланыстарға серпін беруді көздеген нақты жобалар талқыға түспек.                 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1063567?lang=kk
ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару 08.09.2025
Қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап.ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығаруСалық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебінен алынады:1) Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;2) Салық төлеушінің қызметі тоқтатылғанда немесе таратылғанда.Салық төлеуші салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіненСТН-ға ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде салық органына тарату салық есептілігін ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1063593?lang=kk
Ақмола облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр 08.09.2025
Ақмола облысында орақ науқаны қарқын алуда: диқандар 2 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды бастырды.Шортанды ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов «Петровское» АҚ алқаптарын аралап, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.Өңір басшысы Ақмола облысы елдің астықты аймағы әрі басты аграрлық өңірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы өңірдің агроқұрылымдары саланың дамуына драйвер болуы тиіс:«Мол өнім, жоғары қайтарым және әлеуметтік жауапкершілік қатар жүруі қажет. Жер құнарлылығын тиімді пайдалану, ғылыми тәсілді енгізу және мемлекеттік қолдауды орнымен қолдану керек. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда ауыл шаруашылығы экономиканың басты драйверіне айналуы тиіс екенін айқын атап өтті», – деді Марат Ахметжанов.Шортанды ауданында 199,5 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, шамамен 40 мың га мал азығы дақылдары егілген. Бүгінгі күнге дейін егіс алқаптарының 30%-ы жиналды, орташа өнімділік 15,5 ц/га құрап, 108,9 мың га бастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1063527?lang=kk
«Елі ардақтаған- Елеусін аға» 08.09.2025
Бүгін «Руханият» орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Елеусін Қайназаровтың өмір жолы мен өнегелі еңбегін дәріптеуге арналған «Елі ардақтаған – Елеусін аға» атты танымдық конференция өтті.Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов арнайы қатысып, қоғам қайраткерінің ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталды.Өз сөзінде ол:«Қоғам қайраткері Елеусін Қайназаровтың рухы, жасаған жарқын істері ешқашан ұмытылмақ емес. Ел іргесінің берік қалануына сүбелі үлес қосар атпал тұлғалардың алтын қолтаңбалары ел жадында мәңгі сақталады. Рухани серпіліс пен ұлттық мұра жолында талмай еңбек ету – баршамыздың ортақ борышымыз. Бүгінгі конференцияда айтылған мазмұнды ойлар мен деректер баршамыз үшін рухани азық боларына сенемін», – деді.Конференция аясында тағылымды баяндамалар тыңдалды. Алғашқы болып сөз алған Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов Елеусін Қайназаровтың ел үшін атқарған қызметтері мен саяси ұстанымдарының мәніне терең тоқталды.Сондай-ақ, Елеусін ағаның қызы – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қайназарова Ақбаян Елеусінқызы әкесінің адами болмысы мен отбасындағы тәрбиесі жайлы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, ғылыми-танымдық негізде мазмұнды баяндама жасады.Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков,ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, подполковник Е. Назарқұлов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ш. Құндақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы У. Маханбетова тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, жылы лебіздері мен естеліктерін ортаға салды.Конференция соңында кітапхана қорына кітап сыйлау рәсімі ұйымдастырылып, Елеусін Қайназаровтың өмірі мен еңбегі жайлы құнды еңбектер табысталды.Айта кетерлігі, кітап табыстау рәсімінен кейін қатысушылар Елеусін Қайназаровтың жары, өмірлік серігі, әйгілі «Гауһартас» фильміндегі әндерді шырқаған Сәжида Ахметованың әсем дауысын тыңдады. Оның әуезді әні мен нәзік үні жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі.Сонымен қатар, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздарының орындауындағы көркем ән-күйлер кеш көркін аша түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1063506?lang=kk
Тарбағатай ауданында жаңа Салық кодексі түсіндірілді 08.09.2025
Тарбағатай ауданы бойынша кірістер басқармасы дара кәсіпкерлер үшін жаңа Салық кодексі бойынша семинар өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1063444?lang=kk
Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 08.09.2025
Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1063430?lang=kk
Алматы облысының денсаулық сақтау басшысы халықаралық медициналық форумға қатысты 08.09.2025
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Түркия іскерлік қауымдастығы ассоциациясының шақыруымен өткен халықаралық медициналық форумға қатысты.2025 жылғы 3–4 қыркүйек күндері Ыстамбұл қаласында Жапония, Түркия, Қазақстан, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бизнес-форум өтті.Алматы облысының делегациясы құрамында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Ракишева да форум жұмысына қатысты.Форум аясында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) форматы бойынша ынтымақтастық, медициналық саланы цифрландырудың болашағы, трансшекаралық инвестициялар мен озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов өз баяндамасында өңірде іске асырылып жатқан және жоспарланған МЖӘ жобаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық әлеуетті таныстырды. Сонымен қатар, медициналық практикаға инновациялық шешімдерді енгізу мен цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Форум қорытындысы бойынша келесі келісімдерге қол жеткізілді:• Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы базасында PACS-орталығын (медициналық кескіндерді мұрағаттау және тарату орталығы) құру туралы келісімге қол қою;• Алматы облысында «Oncology Endo» пилоттық жобасын іске асыру;• Жапония мен Түркиядан жетекші профессорлардың өңір дәрігерлеріне заманауи диагностика және емдеу әдістері бойынша шеберлік сабақтары мен оқыту семинарларын өткізуМұндай халықаралық форумдарға қатысу өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, инвестициялар мен заманауи технологияларды тартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1063364?lang=kk
Қазақстан халқының тілдері күні 08.09.2025
«Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1063386?lang=kk
Қармақшы ауданында егінге алғашқы орақ түсті 08.09.2025
Қармақшы ауданында жаңа егін жинау маусымының алғашқы қадамы жасалды. Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық округі «Болашақ» шаруа қожалығының егіс алқаптарында күрішке алғашқы орақ түсті.Аудан әкімі Жандос Еркінбек іс-шараға арнайы қатысып, еңбек майданына шыққан диқандарға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан басшысы:«Бүгінгі күн — жаздай егінді баптап, таңның атысы мен күннің батысына дейін тынымсыз тер төккен шаруалар мен диқандар қауымының қажырлы еңбегінің көрінісі. 2025 жылы аудан бойынша жалпы көлемі 25 457 гектар алаңға егіс орналастырылса, оның ішінде күріш көлемі 12 993 гектарды құрап отыр.Қармақшы елі – ерте көктемнен бастап, жаз бойғы ыстыққа қарамастан, дала төсінде тынымсыз еңбек еткен, егінге еңсесін түсірмеген еңбекқор халық. Бірлік бар жерде – береке бар. Біздің аудан — күрішпен ғана емес, берекелі тірлігімен, еңбекке адалдығымен, бірлігі және ынтымағымен ерекшеленіп келеді.Күріші мен ырысы мол Қармақшы елі жасай берсін!»,– деді.Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жыл берекелі болып, халықтың ырыздығы мол болсын деген тілекпен ақ батасын берді.Іс-шара соңында аудан әкімі және шараға қатысқан қонақтар алқап басында егінге алғашқы орақ салып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне құрмет білдірді.Айта кету керек, биыл аудан бойынша күзгі дала жұмыстарына барлығы 497 техника, оның ішінде 174 трактор, 75 комбайн, 84 жатка, 64 жүк көлігі, 100 трактор тіркемесі қатысуға дайын. Сонымен қатар, бақшалық жер дайындау жұмыстары мен егіс орналастыру шараларына жаппай 100%жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 415 га, оның ішінде 125 га картоп, 100 га көкөніс, 192 га бақша дақылдары егілді. Қосымша дайындалған бақшалық жерлер 950 отбасына бөлініп берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1063305?lang=kk
Жасанды интеллект жол сапасын бақылайды 08.09.2025
Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген.Жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.Диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың км республикалық және шамамен 5 мың км жергілікті жолдар тексеріледі.Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Дереккөз : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1061417?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1063319?lang=kk
Директор тағайындау 08.09.2025
Абай облысы білім басқармасының конкурстық нәтижесіне сәйкес, Бесқарағай ауданының білім бөлімінің «Қара-Мырза негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Калманбетова Куралай Даулетхановна тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1063271?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 8 күн қалды! 08.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 8 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады!    Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1063229?lang=kk