Enbekshi QazaQ

Қоғам

«2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № А-5/259 қаулысының жобасы 21.08.2025
Ақмола облысы әкімдігінің аталған қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әзірледі.Жоба 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін бекітуді көздейді. Жобамен толығырақ "Ашық НҚА" порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15581072 сілтемесі бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054678?lang=kk
Өндіріс цехының аға операторы: Қоғамдағы маңызды рөл 21.08.2025
 Өндіріс саласының маңызды буыны болып табылатын аға оператор – бұл кәсіби шеберлікті, жоғары жауапкершілікті және бақылауды қажет ететін мамандық. Өндіріс цехында аға оператордың рөлі өндірістің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.Оның міндеті – өндіріс процесінің барлық кезеңдеріне жауапкершілікпен қарау, технологиялық жабдықтардың жұмысын бақылау, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық нормалардың сақталуын қадағалау, сонымен қатар жұмысшылардың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру болып табылады. Аға оператор өндірістің кез келген ақаулары мен тоқтап қалу жағдайларына дер кезінде араласып, оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдайды.Ол өз жұмысында техникалық білімді, жүйелі ойлау қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын пайдаланады. Өндірістік процестердің оңтайландырылуына үлес қосып, жоғары сапалы өнім шығаруға бағытталған іс-әрекеттердің барлық кезеңдеріне атсалысады. Сонымен қатар, аға оператор өндірістік процестердің автоматизациясы мен жаңғыртуына да ықпал етіп, жаңа технологияларды енгізу процесіне белсенді қатысады.Өндіріс цехының аға операторының жұмысы көптеген адамдар үшін көрінбейтін еңбек болғанымен, ол бүкіл өндірістің сәтті жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Оның қажырлы еңбегі мен кәсіби дағдылары кәсіпорынның дамуына зор үлес қосып, экономиканың өркендеуіне ықпал етеді.Өндіріс цехының аға операторы – өз ісінің шебері, өндірістің сапалы жұмысын қамтамасыз етуші және өнеркәсіптік прогрестің алға жылжуына септігін тигізетін маңызды мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ЕңбекАдамы
КӘСІБІНЕ АДАЛ, ІСІНЕ БЕРІК МАМАН 21.08.2025
Темір жол  ел экономикасының күретамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп, уақыт талабына сай қызмет атқарып жүрген азаматтардың бірі  Пазылова Акмарал Абайқызы.Пазылова Акмарал Абайқызы 1968 жылдың 7 тамызында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын темір жол саласында бастап, осы салада 26 жыл бойы адал қызмет етіп келеді. Жұмыс жолын Шеңгелді станциясында пойыз қабылдаушысы қызметінен бастаған. Бұл жауапты лауазымда жүріп, үлкен тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін көрсете білді.Қазіргі таңда тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор қызметін атқаруда. Ол темір жол тасымалдарының құжат айналымын дәлдікпен, ұқыптылықпен орындайтын жоғары деңгейдегі маман ретінде әріптестері арасында зор беделге ие. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсібилігі арқасында талай жас маманға үлгі бола білді.Ол тек кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ еңбекқорлық пен тәртіптіліктің жарқын үлгісі. Оның еңбек жолы  темір жол саласына адал қызмет етудің айғағы.
ТМҰ аясында зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының бірінші кездеуі өтті 21.08.2025
2025 жылғы 20 тамызда Қырғызстанның Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі ведомство басшыларының алғашқы кездесуі өтті.Кездесу барысында қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық дамуды ынталандыру, тәжірибе алмасу және ұлттық тәсілдерді үйлестіру қажеттілігін талқылады.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М. Сиротина Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы шілде айында Әзірбайжанның Шуша қаласында өткен ТМҰ саммитінде жарияланған Түркі патент ұйымын құру жөніндегі бастамасын еске салды.Мүше мемлекеттер тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып, жұмыс тобы құрылды, Конвенцияның жобасы мен қаржылық-экономикалық талдау әзірленді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен декларация қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1054657?lang=kk
«Болашақтың қауіпсіздігі: Астана халықаралық университеті мен ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тәуекелдерді болжау бойынша бірлескен зерттеулерді бастайды» 21.08.2025
Құқық қорғау органдарына сенімді нығайтуға және мемлекеттік басқаруға аналитиканың заманауи әдістерін енгізуге бағытталған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен Астана халықаралық университетінің (бұдан әрі – Университет) жұмыс отырысы өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандумға қол қою қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту мақсатында ғылым мен тәжірибені интеграциялау жолындағы маңызды қадам болды.Құжат қылмыстық қауіптерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеу мақсатында құқық қорғау органдары мен академиялық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді көздейді.Ағымдағы жылдың маусым айында өткен құқық қорғау органдарының алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған комитеттің жаңа бөлімшесі – құқық қорғау органдарының тәжірибесіне ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды енгізу алаңы болып табылатын  Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығының (бұдан әрі - Орталық) қызметіне ерекше назар аударылады.Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай: «Комитет қылмыстық қауіптерді болжау міндеттерін орындай отырып, технологиялық құралдар мен зерттеу әдістерін бір мезгілде қолдану қажеттілігіне тап болады.Олардың тиімділігі ғылыми негізге, олардың дамуы тереңдігі мен сапасына байланысты.Бұл жерде біз университеттің рөлін көреміз.Біз үшін тікелей тәжірибеге қол жеткізе алатын тапсырмаларда зерттеушілердің бізбен бірге жұмыс істеуі маңызды.Ынтымақтастық Комитеттің нақты деректерін академиялық ортаның әдістемелік сараптамасымен біріктіруге және құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын үлгілерді жасауға мүмкіндік береді – деп атап өтті.Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Комитет пен университет практикалық қажеттіліктерге бағытталған қылмысты болжау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастайды.Бұл университетке ғылыми-зерттеу базасын кеңейтуге және жаңартуға, ал Комитетке –  ғылыми негізделген озық әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді.Меморандумның жеке бағыты Қылмыстық қауіптерді болжау орталығының жобаларына соңғы курстардың студенттерін тартумен байланысты. Болашақ мамандар тәжірибеден өтіп, мемлекеттік органда бірегей тәжірибе жинақтап, талдамалық құралдардың дамуына үлес қоса алады.Ынтымақтастықтың стратегиялық нәтижесі — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін полицияның, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының талдамалық жұмысында сұранысқа ие болатын қылмысты болжау үлгілері мен ерте алдын алу жүйелерін әзірлеуге қабілетті жаңа талдамалық мектеп құру.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1054596?lang=kk
Қазақстан мен Гуандун провинциясы арасындағы сауда бір жылда 37% өсті 21.08.2025
Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараға еліміздің 20-дан астам компаниясы қатысып, Гуандун провинциясының жетекші бизнес өкілдерімен кездесті. Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті ерекше атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында екіжақты тауар айналымы 15 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9% -ға артық . Министр Гуандун провинциясының мүмкіндіктеріне де тоқталды. ЖІӨ көлемі 1,9 трлн доллар болатын өңірдің Қазақстанмен саудасы былтыр 37,3%-ға өскен. Миссия аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Солардың ішінде «QazTrade» экспортты дамыту ұлттық операторы мен Guangdong Chamber of Commerce of Importers & Exporters арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бар. Келіссөз нәтижесінде қазақстандық рапс майы, құрама жем ұны мен арпаны жалпы құны 45 млн доллар болатын көлемде жеткізу туралы нақты уағдаластық жасалды. Бұған қоса, қытайлық компаниялар қазақстандық қытырлақ нанға, табиғи шырынға және құрғақ түйе сүтіне қызығушылық білдірді. Форумда тек сауда емес, көлік-транзит саласы да талқыланды. Бүгінде Қазақстан басты транзиттік дәліз ретінде, Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің 80%-дан астамын қабылдайды. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Транскаспий дәлізі аясында 2030 жылға дейін Орта дәліз арқылы жүк тасымалын жылына 10 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Инвестициялық бағыт та назардан тыс қалған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға 26,4 млрд доллар көлемінде қытайлық инвестиция тартылған. Қазіргі таңда құны 66 млрд доллардан асатын 224 бірлескен индустриялық жоба іске асырылып жатыр, оның 67-сі толық аяқталған. Бұл өзара сенім мен ұзақмерзімді серіктестіктің айқын көрсеткіші. Арман Шаққалиев сөзін қортындылай келе гуандундық кәсіпкерлерді Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға шақырды: «Біз шетелдік серіктестерге тиімді шарттар, салықтық жеңілдіктер мен заманауи инфрақұрылым ұсына аламыз. Қазақстан Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс пен Еуропа нарығына шығудың алтын көпірі бола алады», – деді. Миссия нәтижесінде тараптар сауда көлемін ұлғайтуға,жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. Гуанчжоудағы бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың маңызды кезеңі ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1054591?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды 21.08.2025
Брюссель, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды.Сенім грамоталарын тапсырудың ресми рәсімінен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.Р. Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1054574?lang=kk
Президенттің 2024 Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүзеге асырылуда 21.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасына айналады. Мұнай-химия өнеркәсібінің дамуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мұнай-химия саласын одан әрі дамыту міндеттерінің өзектілігіне назар аударды. Мемлекет басшысының шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында мұнай-химия саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластерді қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдердің (бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) ассортиментін кеңейту. Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен зауыты іске қосылды; қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен зауыты – учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы және ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар әзірленді. Кластердің орталығы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» АЭА (ауданы – 3600 гектардан астам) болады, бұл қатысушыларға өнеркәсіп алаңдарына, коммуналдық қызметтерге және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелді. Газ өнеркәсібі: геологиялық барлаудан терең өңдеуге дейін Газ саласында қазіргі даму кезеңіндегі стратегиялық міндет тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, қуаттарды кеңейтіп, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халықты және экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылы бірқатар газ кен орындарын игеру басталды, сонымен қатар жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда. Бұл ретте Елбасы Үкіметке аталған жобалар толық іске қосылғанша ішкі нарыққа газ жеткізуді ұтымды бөлуді, жылу электр стансалары мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға көшіру мәселесіне теңгерімді қарауды тапсырды. Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету тапсырылды. Тиісті тарифтер мен көтерме бағаларды қамтамасыз етуді қоса алғанда, инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ынталандыруды мүмкіндігінше тезірек енгізу. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында атқарылып жатқан Үкімет жұмысы биыл бекітілген «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарымен» үндестіруде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы қарқынды жүргізілді: Қашаған кен орнында 2026 жылы аяқталатын қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының жобасы жүзеге асырылуда, сонымен қатар қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын газ өңдеу зауытының жобасы әзірленуде. Қарашығанақ кен орнында 2028 жылы іске қосылатын қуаттылығы 4 млрд м³/жыл газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда (тауарлы газ өндіру – 3,3 млрд м³/жыл). Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 млн м³ болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Газ ресурстық базасын ұлғайту бойынша Жол картасы аясында Рожковское, Өріктау Шығыс және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, бұл оңтүстік өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін және еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтады. Халықты газбен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінгі таңда Қазақстанды газдандыру деңгейі 62,4 пайызды құрап, 20,2 миллион адамның 12,6 миллионы газбен қамтылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4 пайызға жоғары. 2024 жылы 4000 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, 93 жоба жүзеге асырылды. 2025 жылы 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ететін тағы 77 жобаны аяқтау жоспарлануда.
Президенттің 2024 Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүзеге асырылуда 21.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасына айналады. Электр энергетикасы: басты міндет – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету Электр энергетикасындағы басты міндет – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету. Елбасының тапсырмасы алдағы бес жылда кемінде 14 гигаватт жаңа генерациялау қуатын пайдалануға беру туралы ауқымды мақсат қойды. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңа генерациялау қондырғыларын салу, су және жаңартылатын энергия көздерін дамыту. 2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды. 2025 жылы тағы 621,5 мегаватт іске қосылса, 2026 жылға 2 648,5 мегаватт жоспарлануда. Осы мақсаттарға жету үшін жаңа стратегиялық нысандарды салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында қуаттылығы 1000 МВт-қа дейінгі құрамдас циклді станса негізінде электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Қызылордада қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа жылу электр орталығын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Инфрақұрылымның тозуын азайту: 9 ЖЭО қауіптілігі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аударды. Жылу электр станцияларының тозуын азайту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Кең ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылуда: 2025 жылға 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 5 энергоблок, 30 қазандық және 19 турбинада жұмыс жүргізілуде. 4 энергоблок, 15 қазандық және 9 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Қабылданған шаралар қазірдің өзінде нақты нәтижелер беруде: республикадағы жылу электр станцияларының орташа тозуы жабдықтарды жаңғырту және жаңарту есебінен 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша апат деңгейі жоғары қызыл аймақтан сары аймаққа 9 ЖЭО, сары аймақтан жасыл аймаққа 3 ЖЭО көшті. Қазіргі уақытта 10 ЖЭО қызыл аймақта, 17-сі сары аймақта, 10-ы жасыл аймақта орналасқан. Жыл сайын тозуды азайту және объектілерді қауіпті аймақтардан қауіпсіз пайдалану аймақтарына көшіру мақсатында ЖЭО жаңғырту бағдарламасы жүйелі түрде жалғасатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын (бұдан әрі – Ұлттық жоба) мақұлдады, бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын күрделі жөндеу науқанын ұзақ мерзімді жеңілдікпен қаржыландыруды бастады. Ұлттық жоба өндіруші қуаттарды дамытуды, табиғи монополия аймақтарын абаттандыруды, отандық өндірушілерді және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды, сондай-ақ процестерді автоматтандырудың цифрлық технологияларын енгізуді қамтиды. Бұл процеске 200-ден астам инфрақұрылымдық компания қатысуда. Негізгі көрсеткіш – нысандардың тозуының 40%-ға дейін төмендеуі. Ұлттық жобаға сәйкес 86 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға шамамен 6,8 триллион теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде: 1,6 мың км жылу желілері; 77,6 мың км электрмен жабдықтау желілері; 4,7 мың км су құбыры желілері, 2,6 мың км сарқынды су бұру желілері. Бұл жол-көлік оқиғаларының санын 27 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа электр энергиясын өндіруді жаңғырту мен салуға 6,2 трлн теңге сомасында инвестиция тартылады, бұл станциялардың тозуын 15%-ға азайтады және жалпы көлемі 7,3 ГВт қосымша генерация көздерін енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда елімізде 55 энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 19 станцияның тозуы 65%-дан жоғары. Электр энергиясын өндіру көлемі 113 млрд кВт/сағ құрайды, ал электр энергиясын тұтыну жоғары – 115 млрд кВт/сағ. Мәселен, алдын ала болжам бойынша, Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін 5 жыл ішінде энергетика және коммуналдық салаларға шамамен 13 триллион теңге инвестиция тарту қажет. Қаражаттың негізгі үлесі жеке қаржы институттарынан (екінші деңгейлі банктер – ЕДБ, халықаралық қаржы ұйымдары – ХҚҰ, өнеркәсіпті дамыту қоры – IDF) тартылатынын атап өткен жөн. Тұтастай алғанда қаржыландырудың келесі тетіктері қарастырылған: тікелей қаржыландыру (БРК, ЕДБ, МФО, ФРП); бірлескен қаржыландыру; облигациялар; бюджеттік несиелер; жеке монополиялардың капиталы; лизингтік қаржыландыру. Әрбір кәсіпорын үшін қаржыландырудың жеке үлгісі таңдалады. Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвестицияларды қайтаруға мүмкіндік беретін және ақша ағындарының қажетті деңгейіне кепілдік беретін тарифтік әдістемеге өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігі пысықталуда, бұл тарифтерге әсер етуді азайтады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тарифтік жүктемені жеңілдету мақсатында коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, 1 347 шақырым инженерлік желілерді және 3 047 бірлік техниканы жөндеуге және ауыстыруға жалпы сомасы 144,5 миллиард теңгені құрайтын құжаттары расталған және қаржыландыруға дайын активтердің тозу деңгейі жоғары 48 табиғи монополия субъектісі (96 жоба) қаралып, анықталды. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу аясында мүмкіндігінше отандық өндірісті пайдалану көзделуде. Ұлттық жобаны жүзеге асыру арқылы қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды толық көлемде жүктеу жоспарлануда. Сондай-ақ инвестиция көлемі шамамен 190 миллиард теңгені құрайтын тағы 27 өндіріс орнын салу және 3,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Отандық кәсіпорындардың тартылған өнім көлемі шамамен 4,4 трлн теңгені құрайды. Бұл тәсіл отандық бәсекеге қабілеттілікті арттырып қана қоймай, импортқа тәуелділікті азайтып, жалпы нарықтағы «жергілікті» кәсіпорындардың позициясын нығайтады. Ұлттық жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларын, барлық реттелетін сатып алуларды біріктіру үшін бірыңғай платформаны пайдалана отырып сатып алу ережелерін, жүйелік оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту процестерін автоматтандыру шеңберінде жаңа цифрлық технологияларды енгізуді және т.б.
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде 21.08.2025
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілудеМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады.Мұнай-газ химиясы саласын дамыту Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аудартты. Мемлекет басшысының шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде мұнай-газ химиясы саласын дамыту бағдарламасы іске асырылуда.Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластер қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдер ассортиментін (бутадиен, карбамид, терефталь қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) кеңейту.Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт – пайдалануға берілді; қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт – құрылыс жұмыстары жүруде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын және басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар пысықталды.Кластердің орталығы болып қатысушыларға өнеркәсіптік алаңдарға, инженерлік коммуникацияларға және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (ауданы 3 600 гектардан астам) бекітіледі. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелген.Газ саласы: геологиялық барлаудан терең өңдеуге дейінГаз саласында дамудың бүгінгідей кезеңіндегі стратегиялық міндет – тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту. Президентіміз Жолдауында атап өткендей, саланың қуаттылығын кеңейтіп, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халық пен экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді. Былтыр бірқатар газ кен орындары пайдаланыла басталды, одан бөлек жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда. Сонымен қатар, Президент Үкіметке осы жобалар толық енгізілгенге дейін ішкі нарыққа газды қажетіне қарай бөлуді, ЖЭО мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға ауыстыруға мұқият қарауды тапсырды.Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын жеделдету міндеті жүктелді. Қысқа мерзімде көңілге қонымды тарифтер мен көтерме бағалар белгілеуді қоса алғанда, инвестицияларды қайтаруға бағытталған пәрменді ынталандыру шаралары да енгізілуі қажет.  Үкіметтің Президент алға қойған міндеттер шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысы биыл бекітілген «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарымен» үйлестірілді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы жанданды:Қашаған кен орнында 2026 жылы аяқталу мерзімімен қуаты жылына 1 млрд м3 ГӨЗ жобасы жүзеге асырылуда, сондай-ақ қуаты жылына 2,5 млрд м3 ГӨЗ жобасы пысықталуда.Қарашығанақ кен орнында 2028 жылы іске қосылатын қуаттылығы жылына 4 млрд м3 ГӨЗ салу жоспарлануда (тауарлық газ өндірісі — жылына 3,3 млрд м3).Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 млн м3 жаңа ГӨЗ құрылысы басталды.Газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі Жол картасы шеңберінде Рожков, Шығыс Өріктау және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.Бұдан бөлек, 2025 жылдың мамыр айында «Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, бұл оңтүстік өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін және елдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтады.Халықты газбен қамтамасыз етуге келетін болсақ, бүгінгі таңда Қазақстанды газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрайды, бұл 20,2 млн халықтың 12,6 млн тұрғынына газға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4%-ға жоғары. 2024 жылы 4000 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 93 жоба жүзеге асырылды.2025 жылы 300 мыңнан астам адамды газға қосуды қамтамасыз ете отырып, тағы 77 жобаны аяқтау жоспарлануда.
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру 21.08.2025
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілудеМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасқа айналады.Электр энергетикасы: басты міндет – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуЭлектр энергетикасы саласындағы басты міндет – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.Президенттің тапсырмасы аясында алдағы бес жылда кемінде 14 гигаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу міндеті алға қойылды. Бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: жұмыс істеп тұрған стансаларды жаңғырту, энергия өндіретін жаңа қондырғылар салу, сондай-ақ гидро және жаңартылатын энергия көздерін дамыту. 2023 және 2024 жылдары 1,3 гигаватт жаңа электр қуаты іске қосылды.2025 жылы тағы 621,5 мегаватт енгізу процесі жүріп жатыр, ал 2026 жылға 2 648,5 мегаватт жоспарланған.Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа стратегиялық нысандар салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы негізінде электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Қызылордада қуаты 240 МВт жаңа ЖЭО салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.Инфрақұрылымның тозуын төмендету: 9 жылу электр орталығы қауіптілігі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көштіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігіне назар аударды.ЖЭО-ның тозуын азайту мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Кең ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылуда: 2025 жылы 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.Қазіргі уақытта 5 энергоблок, 30 қазандық және 19 турбинада жұмыс жүргізілуде. Ал 4 энергия блогы, 15 қазандық және 9 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Жүргізіліп жатқан шаралар қазірдің өзінде нақты нәтиже беруде: құрал-жабдықты жаңғырту мен жаңарту нәтижесінде еліміздегі ЖЭО-лардың орташа тозуы 64%-дан 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО апат деңгейі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті. Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта 10 ЖЭО, сары аймақта – 17, жасыл аймақта – 10 ЖЭО бар.  Жыл сайын тозуды азайту және нысандарды қауіпті аймақтардан қауіпсіз пайдалану аймағына көшіру мақсатында ЖЭО жаңғырту бағдарламасы жүйелі түрде жалғасады.Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (бұдан әрі – ұлттық жоба) бекітті, оның аясында ТКШ инфрақұрылымын жөндеу бойынша кең ауқымды науқанды ұзақмерзімді жеңілдікпен қаржыландыру басталды.Ұлттық жоба электр энергиясын өндіру қуаттарын дамытуды, табиғи монополиялар саласын жақсартуды, отандық өндірушілер мен әлеуметтік осал топтарды қолдауды, сондай-ақ процестерді автоматтандыру үшін цифрлық технологияларды енгізуді қамтиды.Бұл жұмысқа 200-ден астам инфрақұрылымдық компания тартылған.Негізгі көрсеткіш – нысандардың тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету.Ұлттық жобаға сәйкес 86 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға шамамен 6,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Оның ішінде: 1,6 мың шақырым жылу желілері; 77,6 мың шақырым электр желілері; 4,7 мың шақырым су құбыры желілері; 2,6 мың шақырым кәріз желілері.Бұл апаттар санын 27%-ға азайтуға мүмкіндік береді.Электр қуатын өндірудің жаңа көздерін салуға және қолданыстағы станцияларды жаңғыртуға 6,2 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Бұл қаражат станциялардың тозуын 15%-ға төмендетуге және қосымша 7,3 ГВт көлемінде өндірістік қуат енгізуге мүмкіндік береді.Бүгінде елімізде  электр энергиясын өндіретін 55 ұйым жұмыс істейді, оның 19 станциясы 65%-дан аса тозған. Электр энергиясын өндіру көлемі – 113 млрд кВт/сағ, ал тұтыну көлемі – 115 млрд кВт/сағ.Осылайша, алдын ала болжам бойынша, алдағы бес жылда Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін энергетика және коммуналдық шаруашылық секторға шамамен 13 трлн теңге инвестиция тарту қажет.Осы ретте айта кетейік, қаражаттың негізгі бөлігі жекеменшік қаржы институттарынан (екінші деңгейлі банктер – ЕДБ, халықаралық қаржы ұйымдары – ХҚҰ, Өнеркәсіпті дамыту қоры – ӨДҚ) тартылады.Жалпы қаржыландырудың мынадай тетіктері қарастырылған: тікелей қаржыландыру (ҚДБ, ЕДБ, ХҚҰ, ӨДҚ); бірлесіп қаржыландыру; облигациялар; бюджеттік несиелер; жекеменшік монополистердің капиталы; лизингтік қаржыландыру.Әрбір кәсіпорын үшін қаржыландырудың жеке моделі әзірленеді.Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында тарифтік әдістемеге өзгерістер енгізілді. Бұл салынған қаржының қайтарымын қамтамасыз етіп, қаржылық ағындардың қажетті деңгейін тұрақты түрде сақтауға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тарифтерге әсерді азайтуға ықпал етпек.Әлеуметтік осал топтар үшін тарифтік жүктемені жеңілдету мақсатында коммуналдық қызмет ақысын өтеуге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.Сонымен бірге тозу деңгейі жоғары, құжаттары расталған және қаржыландыруға дайын 48 табиғи монополия субъектісі (96 жоба) қарастырылып, анықталды. Жалпы сомасы 144,5 млрд теңгеге 1 347 шақырым коммуналдық желіні жөндеу мен ауыстыру және 3 047 бірлік жабдықты жаңарту жоспарланған.Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен салу аясында  отандық өндірісті барынша пайдалану жоспарланып отыр.Ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ТКШ өнімдерін өндіретін қазақстандық кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар шамамен 190 млрд теңге инвестиция есебінен тағы 27 жаңа өндіріс орны салынып, 3,5 мыңға жуық жұмыс орны ашу көзделген.Пайдаланылатын отандық кәсіпорындардың өнім көлемі шамамен 4,4 трлн теңге құрайды.Бұл тәсіл ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті азайтып, «жергілікті» кәсіпорындардың жалпы нарықтағы орнын бекемдеуге мүмкіндік береді.Ұлттық жобаны жүзеге асыру халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі іс-шараларды, бірыңғай платформаны қолдана отырып барлық реттелетін сатып алуларды біріктіретін қағидаларды, жүйелік оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту процестерін автоматтандыру шеңберінде жаңа цифрлық технологияларды енгізуді және т. б. көздейді.
Арман Шаққалиев пен Ван Вэнтао 2030 жылға қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын екі есеге арттыру жолдарын талқылады 21.08.2025
2025 жылдың 20 тамызында Бейжіңде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қытай Халық Республикасының Сауда министрі Ван Вэнтаомен кездесті. Келіссөз кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Орталық Азия - Қытай» екінші саммитінде қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыруға бағытталды. Министрлер мемлекет басшылары арасындағы ерекше сенім мен достыққа негізделген жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің сенімі мен жеке байланыстары «мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті» нығайтудың қозғаушы күшіне айналып, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге жаңа серпін беріп отыр. Ван Вэнтао екіжақты сауда айналымының оң қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті. 2024 жылы тауар айналымы 43,8 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артқан. Ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 21,8 млрд долларды құрады. Бұл мәліметтер 2030 жылға қарай өзара сауда көлемін екі есе арттыру жөніндегі міндеттің нақты әрі қолжетімді екенін көрсетеді. Арман Шаққалиев аталған мақсатқа қол жеткізу үшін «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында шекара маңы саудасын дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары мен жол картасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырып, екі ел экономикасының өзара байланысын күшейтуге жол ашады. Келіссөздер барысында қазақстандық шикізаттық емес экспортты және қосылған құны жоғары өнімдерді ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылды. Арман Шаққалиев өңдеу өнеркәсібін дамытуға және қосылған құны жоғары өнімдерді экспортқа шығаруға бағытталған күш-жігерге дайын екенін білдіріп, ҚХР-мен «инвестициялау және сату» қағидаты бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты. Тараптар кедендік рәсімдерді цифрландыру, электронды сауданы дамыту және ДСҰ аясындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Қазақстан тарапы «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасында қол қойылған электрондық сауда саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның іске асырылу барысына оң баға берді. Сонымен қатар, ірі қытайлық онлайн-платформаларда Қазақстанның ұлттық павильондарын кеңейту ұсынылды. Аталған келісім электронды сауданы жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің өзара тиімді әріптестігін дамытуға деген ниетін нақтылады. Логистика, инвестиция және электрондық сауда салаларында тәжірибе алмасуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Кездесу барысында Қазақстан экономикасының нақты секторына Қытай инвестицияларын тарту перспективалары да талқыланды. Қазақстан тарапы Қытайға қазақстандық өнімдерге қатысты импорттық баж салығын төмендету мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ ҚХР капиталының қатысуымен елімізде шикізатты терең өңдеу бойынша жобалар құрудың орын екенін атап өтті. Қытай тарапы қолдаған бағыттардың бірі – өңірлік ынтымақтастықты дамыту. 2024 жылдың басынан бері Қазақстан Нанкин, Чэнду, Үрімші, Сиань, Чунцин және Гуанчжоу қалаларында орналасқан Цзянсу, Сычуань, Хунань, Шандун, Шэньси және Гуандун провинцияларының бизнес өкілдері және әкімшіліктерімен тығыз байланыс орнатып, алты сауда миссиясын ұйымдастырды. ҚХР Сауда министрі бұл тәсілді қолдап, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге шақырды. Министр Арман Шаққалиев Қазақстанның Қытайдың басқа да ірі өңірлерінде сауда өкілдіктерін ашу жоспары бар екенін мәлімдеді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі - Қазақстанның Қытайдағы халықаралық көрмелерге қатысуы болды. Атап айтқанда, Шанхайдағы CIIE, Бейжіңдегі CIFTIS және Үрімші қаласындағы «ЭКСПО Қытай – Еуразия» көрмелері қазақстандық өнімдерді ілгерілету және тікелей B2B байланыстар орнату үшін маңызды алаңдар ретінде аталды. Ван Вэнтао қытайлық компаниялардың Қазақстанда өтетін сауда-инвестициялық іс-шараларға қатысуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Бейжіңдегі бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған жаңа басымдықтарды айқындап, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1054549?lang=kk
Кәсіпкерлермен жиналыс. 21.08.2025
"Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің ғамаратында, кәсіпкерлермен кездесу өтті. Жиын барысында оларға өз құқықтары жөнінде түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1054551?lang=kk
Қазақстан мен Қасиетті Тақ мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 21.08.2025
Астана, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстандағы Апостолдық нунций Джордж Панамтундилмен кездесу өткізді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынастардың конструктивті сипатын және екіжақты диалогтың кең ауқымын растады.2025 жылғы 17-18 қырқүйек аралығында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы Қасиетті Тақтың Съез жұмысына тұрақты әрі белсенді қатысуына ризашылық білдірді.Сұхбат барысында ғылым мен білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның апостолдық архиві мен кітапханасы арасындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны қанағаттанушылықпен аталып өтті.Сонымен қатар тараптар «Bambino Gesú» клиникасымен серіктестік мәселелерін талқылап, педиатриялық неврология мен эпилептология саласындағы бірлескен жобаларды дамыту жоспарлары айқындалды.Кездесу соңында тараптар жан-жақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1054538?lang=kk
⏺️ Starlink — енді Қазақстанда! 21.08.2025
⏺️ Starlink — енді Қазақстанда!⏺️ 2025 жылдың 13 тамызынан бастап еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясының спутниктік интернетіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.✔ Жабдықты заңды түрде сатып алу және тіркеу✔ ҚР-ның кез келген нүктесінде қосылу✔ Үйде, жұмыста немесе жолда пайдалану⏺️ Starlink — бүкіл Қазақстан үшін шексіз интернет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054540?lang=kk
🇰🇿 Қазақстан жасанды интеллектке басымдық беруде 11 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ дамытуға қатысты кеңес өткізді. 21.08.2025
🇰🇿 Қазақстан жасанды интеллектке басымдық беруде11 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ЖИ дамытуға қатысты кеңес өткізді.ЖИ — жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық тәуелсіздіктің және экономикалық өсімнің кілті.Болжам бойынша, 2033 жылға қарай ЖИ нарығы $4,8 трлн-ға дейін ұлғаяды.• АҚШ: AI Action Plan — ЖИ көшбасшылықтың негізі.• Қытай: жаһандық AI-ұйым құру бастамасы.Қазақстан — Еуразияның цифрлық хабы.Алдағы 5 жылда — ЖИ әлеуетін барынша пайдаланып, Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру.🔑 Президенттің 9 басымдығы (негізгі)1. ЖИ-ді нақты секторға енгізу.2. Мемлекеттік басқаруды цифрландыру.3. Денсаулық сақтауда ЖИ пайдалану.4. Реттеу тетіктерін жетілдіру.5. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту.6. Киберқауіпсіздікті күшейту.7. Қорғалған байланыс жүйелері.8. Инвестициялар мен таланттарды тарту.9. Жастарды ЖИ саласына оқыту.🖥 Инфрақұрылым және қауіпсіздік• Суперкомпьютерлік кластер іске қосылды.• QazTech платформасы енгізілді.• Барлық цифрлық экожүйені бірыңғай платформаға көшіру жоспарда.• Киберқорғанысты күшейту және отандық Aitu мессенджеріне көшу басталды.🎓 Білім беру және кадрларAI-Sana бағдарламасы — студенттерді ЖИ-мен жұмыс дағдыларына оқыту.Жоспар — оны бүкіл елге кеңейту.📢 ҚорытындыЖИ — Қазақстан дамуының қозғаушы күші болуы тиіс.Президент нақты қадамдар, прагматикалық шешімдер және шынайы нәтижелерді талап етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054541?lang=kk
Бүгін біз Ақмола облысының мемлекеттік архивіне бардық. 21.08.2025
Бүгін біз Ақмола облысының мемлекеттік архивіне бардық.Мұнда өңір тарихын бейнелейтін құжаттар — ең көне жазбалардан бастап қазіргі деректерге дейін, сондай-ақ қала тұрғындарының жеке құжаттары да мұқият сақталған.Архив қызметкерлері анықтама алу, қажетті мәліметтерге қол жеткізу және тарихи материалдармен жұмыс істеуге көмектеседі. Мұнда шамамен 1 500 000 сақтау бірлігі жиналған.Мемлекеттік архив — бұл тек өткенді сақтайтын орын ғана емес, сонымен бірге қазіргі уақыт үшін де маңызды ресурс: зерттеушілерге, студенттерге, заңгерлерге және сенімді деректер мен құжаттар қажет ететін барлық адамдарға арналған қазына. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1054545?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің 98% цифрлық форматта көрсетіледі 21.08.2025
Соңғы жылдарда «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) цифрлық форматта көрсетілетін қызметтеріне салымшылар тарапынан қызығушылық артып келеді. Себебі олар тәулік бойы қолжетімді. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.01.01.2025ж. мен 31.07.2025ж. аралығында Қор халыққа шамамен 27,9 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 15,6 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн қызмет автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,0%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға шамамен 565,8 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 555,1 мыңы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны –1,0млн. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 17,2 млн үзінді көшірме берілді. Оның 14,3 млн-ы  – электрондық, ал 2,4 млн қызмет автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген жерінен тәулік бойына қолжетімді.2025 жылдың қаңтар-шілде айларында деректемелерді өзгертуге 82,1 мың өтініш қабылданды. Оның 77,6 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 29 613 көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 608,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 25,9 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны 314,9 мыңға жетті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1066464?lang=kk
«Спасск» оқу орталығында 1500-ге жуық әскери міндетті жауынгерлік даярлық курсынан өтуде 21.08.2025
Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» полигонында запастағы әскери міндеттілердің оқу-әдістемелік жиыны ұйымдастырылды. Жиынға артиллериялық, мотоатқыштар, танк, зениттік, жөндеу және тыл бөлімшелерінің мамандары (сержанттары) мен байланысшылар тартылды. Запастағы офицерлер әскери басқару желісі бойынша қайта даярлаудан өтіп жатыр.– Оқу-әдістемелік жиын жұмылдыру дайындығын арттыруға және әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Олар атыс дағдыларын дамытып, заманауи ұрыс тактикасын үйренеді. Бөлімше құрамындағы өзара іс-қимылға, тактикалық медицина және инженерлік дайындық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, –  деп нақтылады «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейнов.Ол, сондай-ақ, жиындарға 40 жасқа дейінгі әскери міндеттілер тартылатынын айтты. Олар әскери бөлімде тұрып, азық-түлік рационымен және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындары, лауазымдары сақталады, орташа жалақы төленеді. Ал жұмыс істемейтіндер мемлекет есебінен ең төменгі жалақы алады. – Уақыт бір орында тұрмайды, жаңа техника пайда болуда. Әскерлерді қолдануда жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Сабақ бізге үйреткеннің бәрін есте сақтауға, дағдыларды шыңдауға және жаңаларын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өз тәжірибелерін ортаға салатын бөлімше командирлерінің кәсібилігін атап өткім келеді, – деді Астанадан шақырылған қатардағы жауынгер Бекболат Атанов.Оқу-әдістемелік жиын жауынгерлік атыстарды қамтитын қорытынды тактикалық сабақтар өткізумен аяқталады. Ол запастағы офицерлер мен сержанттардың дайындық деңгейін нақтылауға, бөлімшелердің үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1054480?lang=kk
«Altyn Adam Associates» АҚ лицензия берілгені туралы 21.08.2025
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және дамыту Агенттігі Төрағасы орынбасарының 2025 жылғы 20 тамыздағы №Б-202 бұйрығына сәйкес «Altyn Adam Associates» АҚ-на шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге  2025 жылғы 20 тамыздағы № 3.4.6 лицензиясы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1054454?lang=kk