Enbekshi QazaQ

Қоғам

ЦИфрлық ҚАУІПСІЗДІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 21.08.2025
Цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы қоғамға үлкен мүмкіндіктер ұсынса да, жаңа қауіптер туғызады. Бүгінде адамдар күн сайын дерлік алаяқтық әрекеттермен кездеседі. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік органдар мен қаржы секторына бағытталған кибершабуылдар саны жыл сайын артып келеді. Шабуыл жасаушылар шабуылдарды автоматтандыру және олардың ауқымын кеңейту үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан киберқауіпсіздік мәселелеріне кешенді және жүйелі түрде қарау кезек күттірмейтін қажеттілікке айналды. Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін Shymkent Hub орталығында өткен «Цифрлық қауіпсіздік және сауаттылық» форумында талқыланды. Шараға IT мамандары, стартап өкілдері, жастар қатысты. Форум барысында қатысушыларға киберқауіптерден қорғаудың заманауи әдістері мен жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылды. — Бүгінде әрбір азамат банк картасын пайдаланады, онлайн сатып алады, жеке мәліметтерін түрлі қосымшаларға енгізеді. Мұндай жағдайларда негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамау елеулі шығындарға әкелуі мүмкін. Енді адамдар шешімдерді іздеу үшін ChatGPT сияқты чат-боттарға жеке деректерін немесе ұйым құжаттарын жүктеп салатын жағдайлар көбейіп барады. Бұл өте қауіпті. Цифрлық сауаттылықты арттыру тек IT мамандарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті, — деп атап өтті хаб тұрғыны Самал Райымжан. Форумда жас мамандар жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа қауіптерге қарсы тұру жолдарын ұсынып, азаматтарды киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуге шақырды.
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру тәртібі 21.08.2025
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің  9 желтоқсандағы  бұйрығымен  бекітілді., 2014 ж. №16-04/647. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін болжамды орын ауыстыру басталғанға дейін портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш ұсынады. Өтініш берілгеннен кейін порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттар беру мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды. Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.Импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, хаты қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына рұқсат:1.      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатты;импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келген;импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары болмаған кезде беріледі;4.      жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған шектеу шаралары болмаған; 5.      Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерінде, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарға немесе екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар  сәйкес ; 6.      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен адамдардың тізілімінде болған (егер Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерінде талап етілсе); бақылауға жататын тауарларды әкелу немесе аумағынан жүріп өту бағдары жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу шараларының, карантиннің болмаған (егер тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болса);экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай саламатты болған кезде беріледі.«ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1054400?lang=kk
Онлайн форматта семинар өткізілді 21.08.2025
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің өкілі Гульнара Какеннің қатысуымен «Суретшілер мен фотографтардың авторлық құқықтарын басқару: өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді.Семинарда «Қазақстандық репрографиялық құқықтар және бейнелеу өнері туындылары қоғамы» ҚБ төрағасы Ринат Абдулхаликов баяндама жасады.Іс-шара жұмысына «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ СҚО филиалы басқармасының төрайымы Галия Кожахметова, «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быков, сондай-ақ екі облыстан келген суретшілер, фотографтар және осы саладағы оқытушылар қатысты.Іс-шара қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында, соның ішінде құқықтарды ұжымдық басқару мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аумақтық әділет органдарының тығыз өзара іс-қимылын жолға қою туралы шешім қабылданды. Іс-шараның қорытындысында ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан суретшілер одағы» РҚБ Қостанай облыстық ұйымының төрағасы Вадим Быковқа белсенді ынтымақтастығы, әріптестікке ашықтығы және тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірілді.Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1054410?lang=kk
Достық пен татулық – елдіктің берік іргетасы 21.08.2025
 Қазақ халқының тарихына үңілсек, бірлік пен татулық – елдің дамуы мен болашағын айқындайтын басты құндылықтар болғанын көреміз. Бабаларымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Себебі халықты еңселі еткен де, елді өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ жері әрқашан да түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан мекен болды. Қиын-қыстау кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан алуан этнос өкілдері қоныс аударды. Сол сәтте қазақ халқы оларға пана болып, құшағын айқара ашты. Осындай бауырмалдықтың арқасында достық пен татулықтың іргетасы қаланып, бүгінге дейін жалғасып келеді.Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – халқымыздың кеңпейілділігінің ғана емес, мемлекетіміздің сындарлы саясатының да нәтижесі. Әрбір этнос өз болмысын, тілін, мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосуда.Кез келген мемлекеттің дамуы үшін бейбітшілік пен тұрақтылық аса маңызды. Ал тұрақтылықтың негізінде татулық жатыр. Татулық дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген сенімі, сыйластығы және ортақ мүддеге ұмтылысы. Егер қоғамда келісім орнықса, мемлекет те биік мақсаттарға жетеді.Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге татулықтың, ынтымақтың үлгісін көрсетіп отыр. Қоғамдағы бейбіт өмір – елдің саяси-экономикалық дамуына, мәдени өркендеуіне жол ашуда. Сондықтан татулықты сақтау – мемлекетіміздің ғана емес, әр азаматтың парызы.Достық – адамдарды да, ұлттарды да жақындастыратын алтын көпір. Ол мемлекеттер арасындағы сенімді де нығайтады. Қазақстан халқы достықты басты құндылық деп танып, оны нығайтуға бар күшін жұмсап келеді.Достық пен өзара құрмет нығая түскен сайын еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда. Әлемдік деңгейде бастамалар көтеріп, татулыққа шақырып жүрген ел ретінде Қазақстанның орны ерекше.Еліміздегі достық, татулық пен ынтымақ – мемлекетіміздің ең үлкен жетістігі әрі болашаққа жол ашатын берік іргетасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі. Сондықтан біз үшін ең басты міндет – осы құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа аманаттау.Достық – елдіктің белгісі, татулық – тұрақтылықтың тірегі, бірлік – болашаққа бастар жол.#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР 21.08.2025
 Қазақтың «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген дана сөзі қоғам дамуының басты қағидасын айқындайды. Тарихқа көз жүгіртсек, ел бірлікке ұмтылғанда ғана қиындықты жеңіп, еңсесін тіктеген. Ал алауыздық тұтастыққа сызат түсірген. Демек, ынтымақ – өткеннің де, болашақтың да берік кепілі.Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділет үстемдік еткен жерде сенім артып, сенім бірлікті, ал бірлік тұрақтылықты қалыптастырады.Бүгінде Қазақстан жүзден аса этносты ортақ шаңырақ астына біріктіріп, татулық пен келісімнің әлемге үлгі болар тәжірибесін қалыптастырды. Түрлі ұлт өкілдері ел дамуына үлес қосып, достық пен берекенің нақты нәтижесін көрсетіп отыр.Бейбіт өмірдің құнын соғысты көрген ата-бабамыз жақсы түсінді. Сол арманға біз жеттік. Ендігі міндет – оны сақтау. Өйткені ынтымақ – ел қуатының, жастар болашағының, мемлекет тұрақтылығының кепілі.«Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» қағидасы әр қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналса, еліміздің өркендеуі баянды болмақ. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
«Қалқан-2025» ауқымды оқу-жаттығулары өтті 21.08.2025
27943 әскери бөлімінің «Ахмирово» оқу полигонында алғаш рет радиациялық қауіпті нысандағы апаттың салдарын жоюға бағытталған бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Шара республикалық «Қалқан-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында өтті.Оқу-жаттығуға Қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық (РХБ) қорғау бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысты.Сценарий бойынша радиациялық заттардың ауаға тарап кетуі модельденді. Әскерилер мен құтқарушылар шартты зардап шеккендерді эвакуациялауды, дозиметриялық бақылауды, техниканы және аумақты дезактивациялауды, сондай-ақ жеке құрамды санитарлық өңдеуден өткізуді пысықтады.Бөлімшелер барынша шынайы жағдайға жақын ортада әрекет етті. Олар жеке қорғаныс құралдарын киіп, дозиметрлер мен радиометрлерден бастап арнайы өңдеудің жылжымалы пункттеріне дейінгі заманауи техника қолданды. Басты назар түрлі қызметтердің өзара іс-қимылына және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дайындығын тексеруге аударылды.Республикалық штаб қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және олардың іс-әрекеттерінің үйлесімділігін атап өтті. Оқу-жаттығу аяқталған соң әр кезең талданып, әдістемені жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.Айта кетейік, мұндай іс-шаралар тек техника мен жеке құрамның мүмкіндіктерін тексеріп қана қоймай, халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта осындай кешенді жаттығуларды тұрақты өткізу жоспарланып отыр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1054390?lang=kk
Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды 21.08.2025
Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды, оның 4,8 мыңы – қазіргі заманғы жоғары өнімді модельдер, 2,7 мыңға жуық орғыш және 4,8 мың жүк көлігі. Күздік дақылдарды жинау бүгінде Зеренді және Сандықтау аудандарында аяқталды: 604 гектардан 1,7 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділігі 27,4 ц/га, одан бөлек өнімділігі 10,7 ц/га болатын 47,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар тазартылды, 51,1 мың тонна астық орылды.Өңірде жалпы сыйымдылығы 4,3 млн тонна болатын 66 лицензияланған нан қабылдау кәсіпорны және сыйымдылығы 2,9 млн тонна болатын 1,5 мыңнан астам астық қоймасы жұмыс істейді. Астықты кептіру үшін жалпы өнімділігі тәулігіне 235 мың тоннаға жуық 264 бидай кептіргішті іске қосу жоспарлануда.Мал шаруашылығына жемшөп дайындау мақсатында 1,275 млн тонна шөп (жоспардың 96,5%-ы) және 99,3 мың тонна сүрлем (жоспардың 38,2%-ы) жиналды. Жемшөп дайындаудың жалпы жоспарына 3,171 миллион тонна жем – шөп, сүрлем, пішен, сабан және құрама жем кіреді.Жалпы 2025 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға шамамен 233,5 млрд теңге бөлінді, оның 63,3 млрд-ы қайтарылмайтын субсидияларға, ал 170 млрд-ы «Кең Дала» және «Кең Дала-2», «Ауыл аманаты» бағдарламаларын және техниканың жеңілдетілген лизингін қоса алғанда, жеңілдетілген несиелер мен форвардтық сатып алуларға бағытталды. Биылғы 7 айда өңірде шаруалар 39,8 млрд теңгеден астам сомаға 1 115 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есе артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054373?lang=kk
Ақмола астығы Эстония арқылы Еуропаға жол салуда 21.08.2025
Ақмола облысының диқандары Эстония портының инфрақұрылымын пайдалана отырып, бидайды Италия мен Бельгияға  экспорттап жатыр.Биылғы жылдың 7 айындағы деректерге сәйкес, Эстония порты арқылы 145 мың тонна астық жөнелтілді. Оның ішінде Бельгияға – 28 мың тоннадан астам, Италияға – 110 мың тонна, Эстонияға – 6,5 мың тонна экспортталды.Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімі Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл келісім өңір өнімдерінің еуропалық нарыққа шығуына жаңа мүмкіндіктер ашты.Жеткен уағдаластықтардың арқасында өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері эстондық терминал арқылы экспорттық жеткізілімдерді тікелей жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып, бұл жеткізу географиясын кеңейтуге және қазақстандық астықтың Еуропадағы позициясын нығайтуға жол ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054378?lang=kk
Самар ауданында бақылау күні өтті 21.08.2025
Самар ауданында бақылау күні өтті20 тамыз күні Самар ауылындағы мәдениет үйінің акт залында аудан әкімі аппаратының басшысы Рауан Жәмпеисов бақылау күнін өткізді.Жиында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету, протоколдық тапсырмалардың орындалуы, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.– «Басты міндет – мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру», – деп атап өтті Рауан Жәмпеисов.Кеңес қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1054332?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары К.А. Пилалов 2025 жылдың 20 тамызда Айыртау ауданының тұрғындарымен Әділет органдарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша, Имантау селолық округі әкімі аппаратының ғимаратында кездесу өткізілді. 21.08.2025
Кездесу соңында К.А. Пилалов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді, онда әділет органдарының қызметіне байланысты толық жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1054334?lang=kk
Қазақстан Елшісі FOREF президентімен кездесті 21.08.2025
Братислава, 2025 жылғы 19 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Еуропадағы Діни бостандықтар форумының (FOREF) президенті, Еуропалық одақтың ЕО аумағынан тыс жерлерде дін және наным бостандығын ілгерілету жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ян Фигельмен кездесті.Тараптар Қазақстанның мультимәдениеттілікті дамыту, қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған саясатын талқылады.Әңгіме барысында Я.Фигельге 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне ресми шақыру табысталды.FOREF президенті шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның рухани дипломатияны ілгерілету жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтіп, оны қазіргі сын-қатерлер жағдайында халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1054297?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды 21.08.2025
Брюссель, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды.Сенім грамоталарын тапсырудың ресми рәсімінен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.Роман Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау болып табылатынын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1054304?lang=kk
Бразилиялық оқушылар Қазақстан Елшілігінде болды 21.08.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 20 тамыз – Бразилия Федералдық округінің Халықаралық байланыстар хатшылығы бастама еткен «Елшіліктердің ашық есіктері» бағдарламасы аясында Қазақстан Елшілігінде дипломаттар бразилиялық оқушылармен кездесті.Жоғары сынып оқушыларынан құралған топқа Бразилия Федералдық округінің Халықаралық байланыстар жөніндегі хатшысының орынбасары Пауло Сезар Чавес және оларды ертіп жүрген мұғалімдер жетекшілік етті.Оқушылар үшін Қазақстан тарихы мен мәдениеті, қазақ тілі, ұлттық тағамдар мен табиғаты туралы арнайы таныстырылым жасалды. Сондай-ақ дәстүр бойынша бразилиялық оқушылар елшіліктің қызметі және дипломаттардың жұмысымен танысты. Қонақтарға елшілік аумағында экскурсия ұйымдастырылып, ұлттық қазақ тағамдары ұсынылды және естелік кәдесыйлар табыс етілді.Шара барысында бразилиялық оқушылар Қазақстанға және қазақ халқының мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып, бірқатар тақырыптық сұрақтар қойды.«Елшіліктердің ашық есіктері» бағдарламасы Бразилиядағы мемлекеттік мектептердің жоғары сынып оқушыларына шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік береді. Бағдарлама оқушыларға халықаралық байланыстар мен мәдени алмасу әлеміне жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1054322?lang=kk
Шымкентте Конституция күніне орай балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі 20.08.2025
30 тамызда аталып өтілетін Конституция күнінде Шымкентте әлеуметтік осал санаттағы балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде. • Мүмкіндігі шектеулі балаларға 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде төлем төленеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалының мәліметінше, тізімге 8 323 бала енгізілген. • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде жәрдемақы беріледі. Тізімге білім бөлімі ұсынған 673 бала кіреді. Шымкентте мұндай қолдау түрлі мерекелер қарсаңында көрсетілуде. Өткен жылы біржолғы төлемдер Наурыз мерекесіне, биыл Конституция күніне орайластырылды. Жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға хабарласудың қажеті жоқ. Аударым автоматты түрде жүзеге асырылады: • мүгедек балаларға – аналарының әлеуметтік шоттарына; • жетім балалар үшін – заңды өкілдерінің есепшотына. Айта кету керек, біржолғы көмек Шымкент қаласында мемлекеттік зейнетақы төлемдері базасында тіркелген жағдайда ғана төленеді. Егер отбасы басқа аймаққа көшкен немесе уақытша тіркеуді өзгерткен болса, есептеу жүргізілмейді. Сондықтан ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына тіркеудің өзектілігін тексеру ұсынылады.
Көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінің сайты жаңартылды 20.08.2025
Қолданушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты арттыру мақсатында көлік құралдарының электрондық паспорттары (ҚКЭП) жүйесінің сыртқы сайты жаңартылды. Енді сайтта ҚКЭП мәртебесін тексеруге арналған жаңа онлайн-сервис қолжетімді.Бұл сервис арқылы көлік иелері электронды төлқұжатының жарамды-жарамсыз екенін жедел біле алады. Егер қателер салдарынан «жарамды» мәртебесі берілмесе, жүйе себебін автоматты түрде көрсетіп, оны түзету бойынша ұсыныс береді. Қызмет Қазақстанда, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында рәсімделген төлқұжаттарды қамтиды.Сонымен қатар, сайттың жаңартылған нұсқасы ақпараттық тұрғыдан толықтырылып, навигациясы жеңілдетілді. Мұнда жеке тұлғаларға арналған ҚКЭП рәсімдеу жөніндегі қадамдық нұсқаулықтар орналастырылған: Қазақстанда автокөлік сатып алу кезінде, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көлік әкелгенде немесе ЕАЭО-ға кірмейтін үшінші елдерден импорттаған жағдайда.Жүйемен тікелей жұмыс істейтін заңды тұлғалар үшін ЭПЖ-ге қосылу тәртібі туралы толық ақпарат берілген. Онда келісімшарт жасасу рәсімі, қажетті құжаттар тізімі және өзара әрекеттесуге қойылатын талаптар көрсетілген. Жеке бөлімде ҚКЭП рәсімдеу мен қолдануды реттейтін барлық қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер жинақталған. Сонымен бірге, жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілетін бөлім бар, онда ҚКЭП-мен жұмыс істеудің негізгі қырлары түсіндірілген. Сондай-ақ пайдаланушылар толық байланыс деректерін, оның ішінде техникалық қолдау қызметімен байланыс арналарының барлығын таба алады.ҚКЭП дегеніміз не?Электрондық көлік паспорты – автомобиль туралы толық ақпаратты қамтитын цифрлық құжат: техникалық сипаттамалары, әкеліну және тіркелу тарихы, кәдеге жарату деректері жиналған. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға әкелінген барлық көлік құралдарын алғашқы тіркеу үшін ҚКЭП болуы міндетті. Бұл талап көлік құралдарын тіркеу қағидаларында бекітілген. ҚКЭП тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде – Ресей мен Беларусьта да қолданылады. Оның енгізілуі тіркеу рәсімін жеңілдетіп, жалған құжат жасау мен қателікке жол бермей, елдер арасындағы ақпарат алмасуды сенімді етті.  Жүйе қалай жұмыс істейді?Қазақстанда ҚКЭП-ның ұлттық операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. Компания ақпараттық жүйенің жұмысын қолдайды, функционалын дамытады және мемлекеттік деректер базаларымен тұрақты интеграцияны қамтамасыз етеді.ҚКЭП-ға арналған деректер түрлі мемлекеттік органдардан түседі: Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті, «Жасыл даму» АҚ, ІІМ және басқа ұйымдардан. Бұл көлік құралының толық цифрлық профилін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Егер паспортта қандай да бір мәлімет көрсетілмесе, пайдаланушы тікелей тиісті ұйымға жүгінуі қажет. Мысалы, кедендік рәсімдеу туралы ақпарат жоқ болса – Мемлекеттік кірістер комитетіне, көлік құралының құрылымдық қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер үшін – Техникалық реттеу және метрология комитетіне, ал утилизациялық алым бойынша деректер болмаған жағдайда – «Жасыл даму» АҚ-на хабарласу керек.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бүкіл платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, қызметтерді жетілдіруде. Мақсат – ҚКЭП рәсімдеу мен пайдалану процесін мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету.Қосымша сұрақтар бойынша 701 999 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға немесе ҚКЭП жүйесінің ресми сайтындағы жаңа тексеру сервисін пайдалануға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1054280?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің бизнеске берер пайдасы 20.08.2025
Жаңа Салық кодексінде бизнес пен азаматтардың өміріне оң әсер ететін бірқатар маңызды өзгеріс қамтылған. Бұл ретте аталған реформадағы жаңашылдықтарды дұрыс түсіндіріп, қолдану тәртібін қоғамға тиімді жеткізудің маңызы зрр. Осы мақсатта ҚР Қаржы министрлігі маңызды құжаттың негізгі ережелерін түсіндіруге арналған ауқымды ақпарат жұмысын (1 тамыздан бастап 24 қыркүйекке дейін жалғасатын) жүргізіп келеді.Бұл жұмыс әкімдіктер мен «Атамекен» ҰКП қолдауымен өткізіліп жатқанын айта кетейік. Кезекті семинар Ақтөбе облысында болды.Аталған өңірде минералды-шикізат ресурстарының айтарлықтай қоры шоғырланған. Облыста индустриялық-өнеркәсіп саласы жолға қойылған. Мұнда хром, никель, титан, фосфорит, калий және басқа да пайдалы қазбалар көп кездеседі.Салық жеңілдіктерін қолдану өңірдегі кәсіпорындарға кен орындарын игерудің кейінгі кезеңдерінде де өндірістік қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын сақтап қалуға, халықтың тұрақты табысын қамтамасыз етуге жол ашады. Осы шаралар өндіріс орындары шоғырланған кенттердегі өмір сапасына ықпал етіп, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына және жұмыс орындарын ашуға серпін береді.ҚМ МКК төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа ұғымдар мен терминологиядағы тәсілдерді, КТС пен ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу жайлы, ЖТС бойынша прогрессивті шкаланы, ҚҚС реформасы мен тиісті процестердің цифрландырылуы туралы, есеп түрлерінің азаюы мен АСР өзгерістерді қамтитын тұжырымдамалық жаңашылдықтар туралы кеңінен тоқталды.Сондай-ақ ведомство өкілі салық органдарының қызметін сервистік модельге көшіру туралы айтып берді, мұнда басты назар салық төлеушілермен өзара әрекеттесудің сапасына аударылмақ. Бұған қоса хабарламалар мен ықпал ету шаралары қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылатыны айтылды.Қатысушылар жаңа нормаларды іс жүзінде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықтарды есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын өткізілген декларацияларды түзету мәселелері бойынша көкейдегі сұрақтарын қойды. Спикерлер барлық сауалға жауап беріп, жыл соңына дейін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, МКК қосымшаларында оқыту модульдері іске қосылатынын түсіндірді. «Жаңа заңның негізгі мақсаттарының бірі — шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру», деді Ж.Нұржанов.Салық кодексінің нормаларын түсіндіру аясындағы келесі 10 семинар 25 тамызда Қызылорда қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1054283?lang=kk
KazAID пен ЮНИСЕФ кездесуі 20.08.2025
KazAID пен ЮНИСЕФ кездесуі2025 жылғы 20 тамыз, Астана қ. – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі басқарма төрағасы Аркен Арыстанов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ағымдағы жобаларын, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі балаларды қорғау саласындағы ықтимал ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.KazAID мен ЮНИСЕФ арасындағы серіктестік тұрақты даму мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1054268?lang=kk
Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының ECO FEST 20.08.2025
2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұйымдастырылған Turaqty Jol 6.0 ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясындағы жастар ECO FEST-тің қорытынды рәсіміне қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1054224?lang=kk
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 20.08.2025
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІАғымдағы жылдың 19 тамыз күні Бөрлі аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы депутат М.Дияровтың төрағалығымен өтті.Комиссия отырысында келесі мәселелер сессияның күн тәртібіне шығарылды:«Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі туралыБөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмыс барысы мен аудан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындығы туралыБөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №22-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыБөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыБөрлі ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралыБөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы №24-5 «Бөрлі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімін жою туралы. Сонымен қатар, аудан, Ақсай қаласы және ауылдық округтер бюджеттерінің нақтылауы бойынша мәселелермен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады. Мәслихат депутаттары К.Ермекбаев, С.Мурзашев, Б.Гадельшиев, С.Дуйсенов, А.Елеусинова бюджетке байланысты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1054229?lang=kk
Алматы индустриялық аймағына бару 20.08.2025
2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Алматы индустриялық аймағының офисіне барып, оның барысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қызметімен танысты, олардың қатарында полиэтилен құбырлары мен тамшылатып суару желілерін өндіретін «Ирригатор Казахстан» Metzer Group зауыты, сондай-ақ кабель-өткізгіш өнімдерін шығаратын «Harmony Cable» зауыты бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1054239?lang=kk