Қоғам
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті 11.07.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды өткізу ережелеріндегі өзгерістер, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалану" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – электрондық кезекті пайдалана отырып, мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді талқылау.– ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына өзгерістер әзірледі. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көліктерін, жүктерді және тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары реттеледі, – деп атап өтті іс-шараны ашқан кезде Кеден одағы шеңберіндегі әкімшілендіру бөлімінің басшысы Николай Ермошин.Іс-шараға жүк тасымалдаушылар, ҰҚК Шекара қызметінің және Департаменттің қызметкерлері қатысты. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033463?lang=kk
Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси консультациялар туралы 11.07.2025
Анкара, 2025 жылғы 9 шілде – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Айше Беррис Екинджинің тең төрағалығымен екіжақты саяси консультациялар өтті.Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылықтарын растады.Сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық пен екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайына шолу жасап, болашақтағы екіжақты ірі жобаларға инвестиция салу туралы ниеттес екенін білдірді.Сондай-ақ энергетика, көлік, логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және медицина сияқты перспективті салалардағы ынтымақтастық бойынша жұмысты тереңдетуге келісті.Дипломаттар түркі интеграциялық ұйымдары, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қолға алды.2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын келісіп, Астана мен Анкара арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.Бұдан бөлек, Ә.Бақаев Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмазбен кездесу өткізді. Дипломаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты пікірлерімен бөлісіп, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033427?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады 11.07.2025
Құрметті салық төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі-Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033428?lang=kk
Қазақстаннан шетел валютасын әкету: нені білу керек 11.07.2025
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекске (343-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы) сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.Алайда, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолданыстағы ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамымен есептелген қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 (он мың) АҚШ долларының баламасынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.Сонымен қатар, "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер аталған тұлғалармен бірге жүретін адамның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларациясында көрсетіледі.Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033440?lang=kk
Қазақстан Елшісі Грекия Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 11.07.2025
Афина, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин Грек Республикасының Президенті Константинос Тасуласқа сенім грамоталарын тапсырды.Рәсім мемлекет басшысының ресми резиденциясы – Афина қаласындағы Президент сарайында өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мақсатында биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен өзара сапарлар алмасудың ерекше маңызын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына, соның ішінде көлік, логистика, энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларға жеке көңіл бөлінді.Грекия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық сәлемін жолдап, Елшінің дипломатиялық миссиясын табысты атқаратынына сенім білдірді, сондай-ақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге грек тарапының мүдделілігін растады.Рәсім қорытындысы бойынша тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы достық байланыстар мен екіжақты серіктестікті нығайтуға ниетті екенін қуаттады.Рәсімге сондай-ақ Грекия Президенті Әкімшілігінің Бас хатшысы Алики Хадзи және Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Яннис Ловердос қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033416?lang=kk
Құрметті металлургтер, саланың қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 11.07.2025
Бұл күн – күш-қайраттың, табандылық пен шеберліктің символы. Металлургия – отандық экономиканың басты тіректерінің бірі. Ол жоғары кәсіби біліктілікті ғана емес, нағыз ерлік пен батылдықты да талап етеді. Сіздер бүкіл қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп, өнеркәсіптік әлеуеттің артуына, тұрақты даму мен ертеңгі күнге деген сенімге жол ашып келесіздер.Solidcore Resources компаниясы мен «Варваринское» АҚ ұжымына айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің өңір дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор. Жұмысқа деген жауапты көзқарастарыңыздың арқасында ауданымыз тұрақты өсім мен дамудың серпінін алуда.Сондай-ақ, кәсіпорын мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы сенімді серіктестік пен тиімді өзара іс-қимылды ерекше атап өткім келеді. Сіздер жасалған меморандумдар аясындағы міндеттемелерді адал орындап, аудан тұрғындары үшін маңызды бастамаларды қолдап, әрдайым ашық диалог орната білесіздер. Мұндай әріптестік – әлеуметтік жауапты және нәтижелі өзара ынтымақтастықтың үлгісі.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық іс-шараларды жүзеге асыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз – келешек ұрпақтың денсаулығына және өңірдің орнықты дамуына салынған үлкен инвестиция.Құрметті металлургтер! Сіздерге мықты денсаулық, өндірістік жетістіктер, тұрақтылық, әріптестеріңіздің құрметі мен ертеңге деген сенім тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым тыныштық, береке мен жылулық орнасын. Ал сіздердің абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалана берсін! Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1033364?lang=kk
2025 жылғы 30 шілдеде Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді 11.07.2025
2025 жылғы 30 шілдеде Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Өтетін орны: Пермитин к-сі, № 201 каб. Өткізу уақыты: сағ. 16:00.Отырыста келесі мәселелер талқыланады:"Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету туралы."Өскемен қаласының құрылыс бөлімі"ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талдау.Өскемен қаласында дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту туралы."Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ-де ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талдау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1033355?lang=kk
ВАК: галлий өндірісін қолдау және түсті металдарды өңдеу шаралары 11.07.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста галлийге қолданылатын экспорттық кедендік баж мөлшерлемесін 10%-дан 0%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Бұл шара Қазақстанда галлий өндірісін ынталандыруға және экспорт әлеуетін дамытуға бағытталған.Соңғы жылдары республикада галлий өндірілмегеніне қарамастан, жоғары технологиялық салаларда бұл металлға деген жаһандық сұраныс тұрақты боп тұр. Қазақстанда аталған нарыққа шығуға мүмкіндік беретін жеткілікті ресурс базасы бар, сол себеп еліміз жаһандық жеткізу тізбегінде өз орнын ала алады. Бұл өз кезегінде экспорттық белсенділікті арттыруға, шетел валютасындағы түсімдерді көбейтуге әрі отандық өндірушілердің сыртқы нарықтағы үлесін кеңейтуге жағдай жасайды.Сонымен қатар ведомствоаралық комиссия түсті металл қорытпаларының барлық көлік түрімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салу туралы ұсынысты қолдады.Тыйым өңделмеген мыс, алюминий қорытпалары және қорғасын құймаларына қатысты. Бұл шара ішкі нарықты стратегиялық шикізатпен қамтамасыз етуге, қосылған құны төмен өнімді сыртқа шығармауға және түсті металдарды ел ішінде өңдеуді ынталандыруға бағытталған.Дереккөз https://primeminister.kz/news/vak-galliy-ondirisin-koldau-zhane-tusti-metaldardy-ondeu-sharalary-30257 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1033362?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы электронық коммерцияны дамыту: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері 11.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин электрондық сауданы дамыту мәселелеріне арналған «Global Pakistan Summit 2025» конференциясына қатысты. Іс-шараны Пәкістанның Сауда министрлігі мен Сауданы дамыту агенттігі ұйымдастырды.Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Пәкістан Премьер-Министрінің сауда мәселесі жөніндегі үйлестірушісі, Рана Мырза Ихсан Афзал Хан қатысты.Конференцияның негізгі қатысушыларының арасында дипломатиялық миссиялардың басшылары, сондай-ақ электрондық сауданы жолға қою және дамыту туралы тиісті құжаттарға қол қойылған Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Түркияның мемлекеттік және жеке секторының өкілдері болды.Саммиттегі сөзінде Елші Е.Қыстафин Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан электрондық коммерция секторы туралы айтып өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларына жеткен.Қазақстанда цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізіліп, шағын және орта бизнестің онлайн-саудаға қатысуы ынталандырылып, халықаралық платформалармен ынтымақтастық кеңеюде екені атап өтілді.Елші Қазақстан мен Пәкістан арасындағы электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары мен әлеуетті секторлары туралы пікірін бөлісіп, бұл сала өңірлік экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келе жатқанын айтты.Сондай-ақ, Елші Е.Қыстафин 2024 жылғы 29 сәуірде Исламабад қаласында өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының отырысы туралы ақпарат берді. Осы отырыс барысында электрондық коммерция саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, 2025–2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша жол картасы қабылданды.Саммит аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі өз таныстырылымын ұсынып, қатысушыларды саланың қазіргі жағдайымен, негізгі көрсеткіштерімен, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға бағытталған бастамалар мен шаралармен таныстырды.Бұдан бөлек, саммитке Қазақстанның электрондық коммерция саласының өкілдері – «QazTrade», «Қазпошта», «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» және басқалары онлайн форматта қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1033336?lang=kk
Таразда әскери қызметшілер майдангерді 98 жасқа келуімен құттықтады 11.07.2025
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері Ұлы Отан және кеңес-жапон соғыстарына қатысқан Иван Федорович Макеевті туған күнімен құттықтады. Туған күн иесіне ерекше құрмет көрсетіліп Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың атынан сыйлықтар мен алғыс хат табыс етілді. Құттықтау мәтінде ардагерге батылдығы, табандылығы және жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс сөздер мен жүрекжарды жылы лебіздер айтылды.Иван Федоровичке соғыс әндерін орындаған әскери музыканттардың музыкалық қойылымы керемет сыйлық болды. Жауынгер болған жас кездің әуендерін естігенде ардагер көзіне жас алды.Иван Федорович Макеев 1927 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. 1944 жылы қарашада әскер қатарына шақырылып, мергендер мектебін бітірді. Оның бөлімшесі Жапония тарапынан қауіп төнген Кеңес Одағының шығыс шекараларына жіберілді. Онда Иван Макеев Моңғолия мен Қытай аумағында – Харбин мен Мұқден аймағында шайқастарға қатысты. Қанша жарақат алса да аман қалып, соғыстың соңына дейінгі жауынгерлік жолдан өтті.Соғыс аяқталғаннан кейін ол Находкада қызметін жалғастырды. Тек 1951 жылы ғана әскерден босады. Иван Федорович өзінің бүкіл өмірін ІІМ жүйесіндегі қызметке арнады. Әріптестері оны адал, қағидашыл және әділ адам екенін айтып отырады.Бүгінде Иван Федорович өз қамқорлығына бөлеп отырған қызы Ольгамен бірге тұрады. Ардагердің теңізде қызмет ететін ұлы да бар. Қария жасына қарамастан ширақ, келген қонақтарды жылы қарсы алып, естелік әңгімелерін айтып берді.– Әскери қызметшілердің бізді, ардагерлерді ұмытпағанына, келіп, хабарласып тұратындығына қуаныштымын, – деп атап өтті Иван Федорович. – Қорғаныс министрінен құттықтау хат алу, әсіресе соғыс жылдарындағы әуендерді тыңдау қатты қуантты. «Катюша» әнімен шабуылға шықтық. Бұл ән мені жастық шағыма апарып қайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1033285?lang=kk
2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмыстары. 11.07.2025
2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде 2 штат бірлігі жұмыс істейді. 2025 жылғы 9 ақпаннан бастап бөлім басшысының лауазымы және 26 наурыздан бастап бас маман лауазымы бос. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап маусым айына дейін - 81 өтініш тіркелді, қаралғаны – 26; қанағаттандырылғаны – 15; қанағаттандырылмағаны – 11; қараусыз қалғаны – 45; кері қайтарып алғандары – 10; 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 8 профилактикалық (оның ішінде "Жылыой ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және "Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізіліп, анықтама берілді) және 46 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 27 нұсқама берілді. Тексеру нәтижелері бойынша мүгедектерге әлеуметтік нысандарға қолжетімділік жасау бойынша ҚР заңнамасының 109 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде МБА қолжетімділігі бойынша-68, АӘК көрсету-41. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 25 әкімшілік хаттама жасалып, 5494970 теңге сомасына айыппұл өндірілді, атап айтқанда: №Атауы айыппұл сомасы1Назар аудар ЖК4718402SG West ЖШС2359203AB Game Zone2359204«Масалиева К» ЖК2359205Медициналық колледж983006Жалғас и Ко ЖШС2359207Насиха ЖШС2359208«Джумагадиева И» ЖК2359209«Гаржауова Ж» ЖК23592010«Кушенов Н» ЖК23592011№4 Атырау қалалық емхана9830012АтырауГазИнвест ЖШС23592013Сот-медициналық сараптамасының мәйітханасы9830014«Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті»9830015«Бекет» автовокзалы ЖШС «Лава Транс»23592016«Балалар оңалту орталығы» КММ9830017«Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ47184018Индер аудандық білім бөлімінің «№3 Психологиялық-педагокикалық түзеу кабинеті» ММ9830019«Sulpak» дүкені, ЖШС «Каспий-Техно»23592020ЖК «НарынСервис»23592021ЖШС «Модерн Строй-Атырау»39320022«Даулет» сауда үйі ЖК «Шиганаков»23592023№9 Учаскелік полиция пункті2949024«Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы19660025«Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы275240 Барлығы5494970 «Назар аудар» супермаркеті және «Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-қысқартылған айыппұл белгіленген мерзімде төленбей, жалпы тәртіпке ауыстырылды.«Qiwi» сауда ойын-сауық орталығы және №9 Учаскелік полиция пункті бойынша бұзушылықты жою туралы нұсқаманы уақытылы орындамауына байланысты Департаментпен ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, ал «Infinity Mall» сауда ойын-сауық орталығы бойынша Атырау әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сотта қарау нәтижесі бойынша 275240 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салумен соттың қаулысы шығарылды. Сот белгілеген айыппұлдың төлеу мерзімі әлі бар. Басқа барлық әкімшілік айыппұл уақытылы төленді.Тексеру нәтижелері бойынша Департаменттен берілген нұсқамалардың орындалуы қатаң бақылауда. Белгіленген мерзімде орындалу барысын бақылау мақсатында уәкілетті органдар мен жауапты тұлғаларға уақытылы сұраныстар жолданып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1033299?lang=kk
Қарулы Күштерде бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру басталды 11.07.2025
Жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталарда мамандық бойынша дайындық өтті. Әскери қызметшілер өздерінің лауазымдық міндеттерін зерделеп, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруді үйренді. Оның қорытындысы бойынша бақылау сабақтарында алынған білім мен дағдыларды қаншалықты меңгергені тексерілді.Бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды даярлау бөлімшелердің далалық машықтары мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды іске асыру кезінде басты назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, қару-жарақты ұрыста шебер қолдануға және бөлімшелердің атысын басқаруға, оған қоса қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады.Әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында жалпы әскери ұрыстың динамикалық өзгеретін жағдайда оқу-жауынгерлік міндеттерді шешуге үйренеді. Офицерлер мен сержанттар бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, іс жүзінде жауынгерлік іс-қимылды моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қағидаттарын меңгереді.Бір ай ішінде бөлімшелер құрамында әскери қызметшілер атыс, тактикалық, арнайы және басқа да жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді, одан бөлек әртүрлі жауынгерлік жағдайларда бөлімшелердің іс-қимыл әдіс-тәсілдерін орындау техникасын да пысықтайды.Іс-шаралар бөлімше командирлерінің әдістемелік білімін арттыруға, жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін нақтылауға, тактикалық міндеттерді орындау барысында басқару алгоритмдерін пысықтауға бағытталған.Бөлімшелерді даярлау әскери атыс полигондары мен оқу-тактикалық полигондарда бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын орындаумен аяқталады. Олар шабуылда және қорғаныста бөлімшелердің іс-қимылын көздейтін тактикалық даярлық тақырыптарының бірі бойынша жүргізілетін болады. Атыстардың кем дегенде 30%-ы түнде орындалады.Мұндай іс-шаралар әртүрлі нысаналарға оқ ату дағдыларын игеру деңгейін, жеке құрамның бөлімше құрамында үйлесімді әрекет ету қабілетін тексеруге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1033220?lang=kk
Қазақстан вейптермен күресті күшейтуде: жаңа ережелер мен қатаң жауапкершілік 11.07.2025
Қазақстан Республикасының кеден органдары, олардың негізгі міндеттерінің бірі ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау болып табылатындығын ескерте отырып, заңнамадағы маңызды өзгеріс туралы хабарлайды.Жаңа заң: Вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салу2024 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол 2024 жылғы 20 маусымда күшіне енді.Бұл Заң ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне елеулі түзетулер енгізеді. Атап айтқанда, 110-бап енді тікелей әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салады:Темекісіз темекі өнімдеріне.Электронды тұтыну жүйелеріне (вейптерге).Вейптерге арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарға.Бұдан басқа, тыйым шекті рұқсат етілген никотин және шайырлы заттар деңгейінен асатын темекі өнімдеріне, қыздырылатын темекі бұйымдарына, кальян темекісіне, кальян қоспаларына және темекі қыздыру жүйелеріне, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптары белгіленбеген темекі өнімдеріне де қолданылады.Қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуОсы өзгерістермен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне осы тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін жаңа 301-1-бап енгізілді.Сату және тарату үшін салдары:Темекісіз темекі өнімдерін, вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштерді және сұйықтықтарды сату және тарату үшін жаза қарастырылған:200 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұл.Не сол мөлшердегі түзеу жұмыстары.Не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту.Не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.Әкелу және өндіру үшін қатаңдатылған шаралар:ҚР аумағына тыйым салынған өнімдерді әкелуге немесе өндіруге әрекеттенгендер үшін айтарлықтай қатаң жаза қарастырылған:2000 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұл.Не мүлкін тәркілеумен екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.Қайталанған бұзушылықтар немесе тұлғалар тобындағы жауапкершілікті күшейту:Егер жоғарыда аталған әрекеттер адамдар тобымен немесе бірнеше рет жасалса, жаза бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды құрауы мүмкін.Кеден органдары азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық жауапкершіліктен аулақ болу үшін жаңа заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1033233?lang=kk
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 2025 жылдың 1 жартыжылдығына атқарылған жұмыстары. 11.07.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмаларын және медиа жоспарды орындау мақсатында 2025 жылдың жартыжылдығы бойынша (қаңтар-маусым) жасалған жұмыстары бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есебін негізге ала отырып төмендегідей талдау жүргізілді:Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша: Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 44 085. Оның ішінде жаңадан тағайындалғандар- 24 325, қайта қаралғандар 19 760.мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердіңсаны – 10 998.электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –Белсенді түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 8331.Мемлекеттік корпорация және электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар болған жоқ.2025 жылдың 6 айдың қорытындысына сай мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 7.Оның ішінде:телеарна – 2;бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни газеттерде жарияланған мақалаларсаны – 4;Әлеуметтік инстаграмм желісі арқылы тікелей эфир – 2;"Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ы мамандарымен өткізілген әдістемелік көмек оқытулар – 7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық саны – 93.Бақылау іс – шарасы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдеріне қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар мен азаматтар тарапынан шағымдар болмады.Бөлім комитеттің нұсқауларын орындау мақсатында, 2023 жылы артық төлем бойынша төлем алушылардың бережағы- 211 706 614 теңгені құраса, бүгінгі күні- 86 687 447 теңгені құрап отыр, яғни 59 пайызы бюджет қаражатына кері қайтарылды.Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 жарты жылдығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, профилактикалық бақылау бойынша Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында филиал тарапынан кемшіліктер анықталмады.2025жылдың 1-ші жарты жылдығына бірдей еңбек өтілі бар зейнетақы төлемдерін алушылардың 262 құжаттары тексеріліп, бірдей еңбек өтілі бар адамдар анықталмады.Кеңес одақтастығы кезінде Қазақстан елінде еңбек етіп, Тәуелсіз елдер достастығына (ТМД) қоныс аударған азамттарға, зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растау үшін, ТМД елдерінен ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында 463 сұраныс келіп түстіп, 176 сұраныс мұрағатқа жолданып, 169 құжаттың еңбек өтілі дәлелденіп жолданды.Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айы аралығында 134 арыз түсті, түрлері бойынша: 53 өтініш бойынша әкімшілік акт, оның ішінде 35 қолайлы әкімшілік акт, 18 ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды, 39 сауал, 25 қайта бағытталған, 7 тоқтатылды. Есепті кезең ішінде барлық өтініштерге мерзімінде жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1033247?lang=kk
Балалар үйі тәрбиеленушілерін көшіру мәселесі бойынша түсіндірме 11.07.2025
Алматы облысының Білім басқармасының хабарлауынша: Алматы қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы» КММ ғимаратының апаттық жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласындағы жаңа, заманауи Балалар үйіне көшіру туралы шешім қабылданған.1963 жылы салынған ғимарат қазіргі таңда әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. 2024 жылы «Астанақұрылыссервис» ЖШС жүргізген техникалық зерттеу нәтижесінде ғимараттың тірек құрылымдарында жарықтар анықталып, жылу және сумен жабдықтау жүйелері толық тозғаны және қайта қалпына келтіруге келмейтіні анықталған. Нысан санитарлық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс талаптарына сәйкес келмейді. Айта кету керек, қазіргі ғимаратта бір ғана зал асхана, акт залы және спортзалды қатар алмастырып отыр. Бұл балалардың толыққанды дамуы мен қауіпсіздігіне кедергі келтіретіні анық.2025 жылғы 9 шілдеде шыққан Алматы облысы әкімінің №207 қаулысы және 2025 жылғы 10 шілдедегі Білім басқармасының №494-н бұйрығы негізінде тәрбиеленушілерді кезең-кезеңімен 180 орындық жаңа Балалар үйіне көшіру жұмыстары басталды. Бұл нысан жеке инвесторлардың қаражатына салынған және мемлекет меншігіне сыйға берілген. Жаңа ғимарат балаларға арналған мекемелерге қойылатын заманауи стандарттар мен талаптарға толық сәйкес келеді.Алдымен 1–4 сыныптарда оқитын 44 бала көшіріледі. Үлкен жастағы тәрбиеленушілердің көшірілуі білім беру үдерісінің тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.Қазіргі уақытта мекемеде 171 бала тәрбиеленуде, олардың 125-і — жетім балалар, 46-сы — өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар. Мекемеде 85 қызметкер, оның ішінде 42 педагог жұмыс істейді.Әлеуметтік желілерде таралып жатқан шындыққа жанаспайтын ақпараттарға байланысты Білім басқармасы келесіні түсіндіреді:Барлық тәрбиеленушілер, тұратын жеріне қарамастан, тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі және заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезегіне тұруға құқылы;Мекеме орналасқан аумақта батпақты жер бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді;Көшіру балалардың құқықтарын шектемейді және өмір сүру жағдайларын нашарлатпайды.Қонаев қаласындағы жаңа мекемеге көшіру – балалардың қауіпсіздігін, сапалы білім мен медициналық қызмет алу құқығын және жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033209?lang=kk
2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша департаменттің атқарылған жұмыстары 11.07.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмаларын және медиа жоспарды орындау мақсатында 2025 жылдың жартыжылдығы бойынша (қаңтар-маусым) жасалған жұмыстары бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есебін негізге ала отырып төмендегідей талдау жүргізілді:Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша: Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 44 085. Оның ішінде жаңадан тағайындалғандар- 24 325, қайта қаралғандар 19 760.мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердіңсаны – 10 998.электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –Белсенді түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 8331.Мемлекеттік корпорация және электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар болған жоқ.2025 жылдың 6 айдың қорытындысына сай мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны – 7.Оның ішінде:телеарна – 2;бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни газеттерде жарияланған мақалаларсаны – 4;Әлеуметтік инстаграмм желісі арқылы тікелей эфир – 2;"Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ы мамандарымен өткізілген әдістемелік көмек оқытулар – 7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен қамтылған халық саны – 93.Бақылау іс – шарасы барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдеріне қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар мен азаматтар тарапынан шағымдар болмады.Бөлім комитеттің нұсқауларын орындау мақсатында, 2023 жылы артық төлем бойынша төлем алушылардың бережағы- 211 706 614 теңгені құраса, бүгінгі күні- 86 687 447 теңгені құрап отыр, яғни 59 пайызы бюджет қаражатына кері қайтарылды.Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 жарты жылдығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес, профилактикалық бақылау бойынша Атырау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында филиал тарапынан кемшіліктер анықталмады.2025жылдың 1-ші жарты жылдығына бірдей еңбек өтілі бар зейнетақы төлемдерін алушылардың 262 құжаттары тексеріліп, бірдей еңбек өтілі бар адамдар анықталмады.Кеңес одақтастығы кезінде Қазақстан елінде еңбек етіп, Тәуелсіз елдер достастығына (ТМД) қоныс аударған азамттарға, зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілін растау үшін, ТМД елдерінен ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында 463 сұраныс келіп түстіп, 176 сұраныс мұрағатқа жолданып, 169 құжаттың еңбек өтілі дәлелденіп жолданды.Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айы аралығында 134 арыз түсті, түрлері бойынша: 53 өтініш бойынша әкімшілік акт, оның ішінде 35 қолайлы әкімшілік акт, 18 ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды, 39 сауал, 25 қайта бағытталған, 7 тоқтатылды. Есепті кезең ішінде барлық өтініштерге мерзімінде жауаптар берілді.2025 жылдың жартыжылдығы бойынша департамент басшысымен 11 адаммен жеке қабылдау жүргізді, қойылған сұрақтарына оң шешімі алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1033184?lang=kk
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды 11.07.2025
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталғанСыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.Соңғы 8 жыл ішінде 486 ҮЕҰ қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетіп, сыйлықақыға ие болды. Солардың ішінде жыл сайын шамамен 10 ауылдық ҮЕҰ аудандар мен ауылдарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kkСұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1033120?lang=kk
🌱 «Таза Қазақстан» — бәрі өзіңнен басталады! 11.07.2025
🌱 «Таза Қазақстан» — бәрі өзіңнен басталады!2024 жылдың көктемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қысқа уақыт ішінде кең ауқымды, шабыт беретін бүкілхалықтық қозғалысқа айналды.Жобаның басты мақсаты — жай ғана табиғатты тазарту емес, азаматтар арасында жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл — бір реттік сенбілік емес, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауға бастайтын жол.📊 Атқарылған істер:• 2024 жылы 183 ірі іс-шара өтті;• 6,2 миллионнан астам адам қатысты;• Оның ішінде 229 мың ерікті бар.🔍 Сен қалай көмектесе аласың?Егер сен ластанған аумақты байқасаң, еліміздің тазалығы үшін өз үлесіңді қоса аласың:1️⃣ Жеке кабинетке кір (сайт немесе Telegram-бот арқылы);2️⃣ Мәселе бар жердің суретін жүкте;3️⃣ Орналасқан жерін көрсетіп, өтінім жібер.Әр қадам маңызды. «Таза Қазақстан» өзіңнен басталады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1033106?lang=kk
Оңтүстік Кореяның Daesun BN Group компаниясы өкілдерінің Қазақстандағы ірі алкоголь өндірушілердің бірі — Maximus Aktobe компаниясымен кездесуі 11.07.2025
Пусан, 2025 жылғы 11 шілде – 🇰🇿🤝🇰🇷 ҚР Пусан қаласындағы Бас консулдығы Оңтүстік Кореяның Daesun BN Group компаниясы өкілдерінің Қазақстандағы ірі алкоголь өнімдерін өндірушілердің бірі — Maximus Aktobe (AKTOBE DISTILLERY) зауытымен танысу кездесуін ұйымдастырды.1943 жылы негізі қаланған Maximus зауыты – халықаралық марапаттарға ие болған, ЕО мен АҚШ-тың органикалық сертификатына ие заманауи автоматтандырылған кәсіпорын.Кездесу барысында тараптар әріптестік орнатуға өзара қызығушылық білдіріп, өзара жеткізілімдер мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін пысықтауға уағдаласты.Бас консулдық Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға алдағы уақытта да жәрдемдесуге дайын. Пусан, 11 июля 2025 года – 🇰🇿🤝🇰🇷 Генеральное консульство Республики Казахстан в г. Пусан организовало ознакомительную встречу представителей южнокорейской компании Daesun BN Group с одним из крупнейших алкогольных производителей Казахстана — Maximus Aktobe (AKTOBE DISTILLERY).Основанный в 1943 году, завод Maximus представляет собой современное автоматизированное предприятие, удостоенное международных наград и обладающее органической сертификацией ЕС и США.В ходе встречи стороны выразили взаимную заинтересованность в установлении партнёрства и договорились проработать возможности взаимных поставок и долгосрочного сотрудничества.Генеральное консульство готово и далее оказывать содействие развитию торгово-экономического сотрудничества между Казахстаном и Республикой Корея. Busan, July 11, 2025 – 🇰🇿🤝🇰🇷 The Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan organized an introductory meeting between representatives of the South Korean company Daesun BN Group and one of Kazakhstan’s largest alcohol producers — Maximus Aktobe (AKTOBE DISTILLERY).Established in 1943, Maximus is a modern automated facility, recognized with international awards and certified organic by the EU and the US.During the meeting, both sides expressed mutual interest in establishing a partnership and agreed to explore opportunities for reciprocal supply and long-term cooperation.The Consulate General remains committed to supporting the development of trade and economic cooperation between Kazakhstan and the Republic of Korea. 2025년 7월 11일, 부산 – 🇰🇿🤝🇰🇷 새로운 파트너십을 향한 첫걸음!주부산 카자흐스탄 총영사관은 한국의 대선비엔그룹(Daesun BN Group) 관계자들과 카자흐스탄 최대 주류 제조업체 중 하나인 Maximus Aktobe (AKTOBE DISTILLERY) 간의 상견례를 주최했습니다.1943년에 설립된 Maximus는 유럽연합과 미국의 유기농 인증을 받은 국제적인 수상 경력의 현대화된 자동 생산 공장입니다.이번 만남을 통해 양측은 상호 관심을 표명하고, 상호 수출입 및 장기 협력 가능성을 논의하기로 합의했습니다. 총영사관은 앞으로도 카자흐스탄과 대한민국 간의 경제·통상 협력 증진을 위해 지속적으로 지원해 나가겠습니다. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1033016?lang=kk
2025 жылдың басынан бастап қазақстандықтарға 26 миллионнан астам мемлекеттік қызмет онлайн түрде көрсетілді 11.07.2025
2025 жылдың басынан бері қазақстандықтар eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 26 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алды. Оның ішінде 12 миллион немесе 45%-ы смартфондар арқылы көрсетілген, бұл мобильді форматқа деген сенімнің қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн қолжетімді, және қазақстандықтар бұл мүмкіндікті белсенді пайдаланып келеді. Электрондық үкімет порталына тіркелген пайдаланушылар саны 14,8 миллионнан асты, оның ішінде 270 мың адам биыл ғана тіркелген.eGov Mobile мобильдік қосымшасының танымалдығының артуы ерекше назар аудартады – жыл басынан бері оның аудиториясы 1,1 миллионға көбейіп, 11 миллионға жетті. Қосымшадағы ең сұранысқа ие сервистердің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Бұл қызмет 41 миллионнан астам рет пайдаланылған. Бүгінде қосымшада жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, студенттік билет және басқа да маңызды құжаттарды қоса алғанда, 38 цифрлық құжат қолжетімді. Қосымшаның танымалдылығын пайдаланушылардың тұрақты белсенділігі де дәлелдейді: ай сайын eGov Mobile қосымшасын 5,8 миллионнан астам адам қолданады.Электрондық үкімет іске қосылған сәттен бастап азаматтарға жалпы саны 573 миллион қызмет көрсетілді: оның ішінде 489 миллионы – eGov.kz порталы арқылы, 84 миллионы – eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы.Қалыптасқан анықтамалар мен негізгі қызметтерден бөлек, қазақстандықтар жаңа цифрлық құралдарды да белсенді меңгеріп келеді. Ең сұранысқа ие қызметтердің қатарында – Nomad Guard сервисі арқылы деректердің таралуын (ақпараттың заңсыз жария болуын) тексеру, eGov Mobile қосымшасы арқылы 073/у медициналық анықтамасын рәсімдеу, сондай-ақ жолда байқалған ақаулар туралы автокөлік иесіне хабар жіберуге мүмкіндік беретін «Көлік иесін ақау туралы хабардар ету» қызметі бар. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылыққа дейінгі түрлі оқиғалар бойынша полицияға дереу өтініш жолдауға мүмкіндік беретін «Заң және тәртіп» сервисі де танымал.Цифрлық сервистерді дамыту тек жаңа функциялар қосудан тұрмайды. Жүйені әзірлеуші команда қолданыстағы шешімдерді жетілдіру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеуде: пайдаланушы тәжірибесі сарапталады, қызмет алу сценарийлері оңтайландырылады, қызмет алу қадамдарының саны азайтылады. Көптеген жаңартулар пайдаланушыға байқалмайды, бірақ қызмет көрсету ыңғайлылығы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1033001?lang=kk