Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бүгін Жастар сарайында облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен "Таза Қазақстан"жобасын іске асыру бойынша кеңес өтті. 11.07.2025
Бүгін Жастар сарайында облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың төрағалығымен "Таза Қазақстан"жобасын іске асыру бойынша кеңес өтті.Кездесу барысында экологиялық салауаттылық, аумақтарды санитарлық тазарту және халық арасында тазалық мәдениетін дамыту мәселелері қаралды.Таза және жайлы өңірді құру бойынша ауқымды бірлескен жұмыс күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1032946?lang=kk
Табысты алмастыру коэффициентінің маңызы және оның зейнетақы жүйесіндегі рөлі 11.07.2025
            Халық аралық ұйымдар зейнетақының лайықтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде табысты алмастыру коэффициентін (ТАК) атайды. Бұл зейнетақы төлемдері мен қызметкердің зейнеткерлікке шыққанға дейінгі жалақысының арақатынасын, яғни оның зейнетақысы жалақысын қаншалықты алмастыра алғанын көрсетеді.Айта кету керек, ТАК–бұл мақсатты бағдар, оның мәні әр қызметкер үшін бірегей және оның еңбек табысы мен өтіліне, зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы шотына аударудың жүйелілігі мен толықтығымен тікелей байланысты.            Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін модернизациялау тұжырымдамасында зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі кемінде 35 жыл және аударымдардың жүйеліліг іжылына 12  рет болған кезде жиынтық зейнетақы төлемдерін еңбек ақысының кемінде 40% деңгейінде (Халықаралық еңбек ұйымының стандарты) сақтау көзделген.            2024 жылызейнеткерлікжасқажеткенжәнезейнетақытөлемдерін (мемлекеттенынтымақтыжәнебазалық, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жинақтаушызейнетақы) ала бастағанБЖЗҚ салымшыларыныңзейнетақыныңбарлықтүрлерін қосқандағы төлем жиынтығыныңалмастырукоэффициентіжалақыныңорташадеңгейінің 41%-дан астамынқұрады.Дамыған елдерден байқап отырғанымыздай, алдағы уақытта зейнетақының басым бөлігі жинақтаушы зейнетақыдан құралады. Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі адамның еңбек жолының толық кезеңі саналатын өзінің шамамен 40 жылдық циклына әлі жеткен жоқ. Осыған байланысты зейнетке шыққандардың жинақтау жүйесіндегі өтілі әзіргежеткіліксіз. Сонымен қатар, жинақтаушы жүйені енгізудің алғашқы жылдары табыстың төмен болуы, жарналардыңуақылы және толығымен аударылмауы өз әсерін тигізді. Сондықтан қазіргі зейнетақы төлемдерінде ынтымақты зейнетақының үлесі жоғары, дегенмен жылдан-жылға азайып келеді.Актуарлық есептерге сәйкес болашақта еңбек жолын 2024 жылы бастаған (22 жасында) және 2065 жылы зейнетке шығатын салымшылардағы жинақтаушы зейнетақы есебінен алмастыру коэффициенті олардың табысының кем дегенде 35%-ынқұрайды. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)есебінен қалыптастырылады. Бұған қоса азаматтар мөлшері БЖЗҚ-ға МЗЖ аударымдарының өтіліне байланысты болатын базалық зейнетақы алады. Мұндай қызметкерлердің ынтымақты зейнетақы алуға құқығы болмайды.            Қазіргі уақытта БЖЗҚ әрбір салымшы үшін орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеуді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емдеуге пайдалану үшін ТАК қалай есептеледі Төмендегі шарттардың бірі сақталған жағдайда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға құқылы екенін атап өткен жөн:Зейнетақы жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен ассаБолашақ зейнетақы (ынтымақты және базалық) ағымдағы табыстың кемінде 40%-н құраса[1]Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалса. Заңнамада ТАК есептеу алгоритмі келесідей бекітілген:            Ай сайынғы зейнетақы (тағайындалған күнгі базалық+ынтымақты) алушының соңғы 5 жылдағы (зейнеткерлікке шыққанға дейінгі) орташа айлық табысына (ОАТ) бөлінеді. ОАТ шамасы инфляцияны ескере отырып түзетілген 5 жыл ішіндегі оның нақты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер негізінде есептеледі және республика бойынша орташа айлық табыспен шектеледі. Әлеуметтік кодекске сәйкес зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар және өмір бойы ай сайынғы қамту төленетін отставкадағы судьялар үшін ОАТ ауыстыру коэффициенті 40%-ға тең бекітіледі.            ТАК есептеу үшін тек базалық және ынтымақты зейнетақылар есепке алынады, олар зейнеткерге 40%-дан төмен емес өмір бойғы кірісті қамтамасыз етуі керек. ТАК-тың осындай деңгейіне жеткен кезде зейнеткер өз жинақтарының 50%-на дейінгі соманы тұрғын үйге немесе емделуге пайдалана алады.            Егер азамат зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, яғни сақтандыру компаниясынан ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 70% көлеміндегі өмір бойғы зейнетақы төлемін алса, ол БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы шотындағы барлық жинақтарды тұрғын үйге немесе емделуге пайдалануға құқылы.            Алмастыру коэффициентінің мәнін түсіну азаматтарға зейнетақы төлемдері арқылы қаржылық тұрақтылығын жоспарлауға көмектеседі. Жыл сайын жинақтаушы зейнетақыныңмаңызы артып келеді. Барлық азаматтар үшін мемлекеттік саясат пен зейнетақы жүйесінің лайықты зейнетақыны қамтамасыз ету бағытында дамуы маңызды.   [1]есептеуҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысыменбекітілген ТАК айқындауәдістемесінесәйкесжүзегеасырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000521) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1042210?lang=kk
«Keden» АЖ тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру функционалын енгізеді 11.07.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен берлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақ учаскелік және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруін (бұдан әрі – пестицидтерге қорытынды) жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 11 шілдеден бастап пестицидтерге қорытындысына өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 10 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде пестицидтерге қорытындысын алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/60776 – өтініш берушілер үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:- +7 7172 73 55 19- +7 705 956 53 89- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.- telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1033414?lang=kk
Астанада қазақ-америкалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды 11.07.2025
Астана, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының жоғары лауазымды өкілі Эрик Мейермен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып, барлық деңгейде тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты. Осыған байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайтын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің жуырдағы Вашингтонға жасаған сапарының маңыздылығы ерекше аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1032878?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жарты жыл ішінде 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады 11.07.2025
Осы жылдың алғашқы алты айында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар 828 грамм есірткі заты табылды.Ұлттық ұлан сарбаздарының көмегімен 73 із-түссіз жоғалған бала табылып, отбасыларына табысталды. Сондай-ақ ұландықтардың қатысуымен 24 өртті сөндіру және адамдарды құтқару оқиғасы тіркелді. Әскери қызметшілер 54 жоғалған зат пен 113 ұялы телефонды иелеріне қайтарып берді.Қызмет атқару барысында сарбаздар жүрек талмасы, демікпе ұстамасы, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, өзіне қол салуға әрекеттенген және суға батқан азаматтарға дер кезінде көмек көрсетті. Жалпы, алты ай ішінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 32 адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына өткізуге қатысты 77 әрекеттің жолы кесіліп, осыған байланысты 55 адам ұсталды.Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзған 9 919 азамат ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ішінде 379 адам - қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.Ұландықтар 343 мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, бұдан бөлек 35 іздестіру жұмысына қатысты.Жалпы, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде батылдық пен жанқиярлық танытқан 190 әскери қызметші түрлі марапаттарға ие болды.Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті орындауға күн сайын 8 мыңнан астам ұландық атсалысады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1032876?lang=kk
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандықтар 1,5 миллионнан астам лицензия мен рұқсат құжатын ресімдеді 11.07.2025
2025 жылдың қаңтарынан бастап elicense.kz платформасы арқылы 1,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Күн сайын бұл платформаны шамамен 30 мың адам пайдаланады – бұл лицензиялау және рұқсат беру саласындағы цифрлық құралдарға деген тұрақты сұранысты көрсетеді.«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы аясында құрылған. Жүйе лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу үдерістерін автоматтандырып, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тиімді әрі ашық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.Бүгінде жүйеде 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың ішінде 3,8 миллионы – жеке тұлғалар, 255 мыңы – заңды тұлғалар.2025 жылдың бірінші жартысында платформада төрт жаңа қызмет қолжетімді болды:– Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру саласында, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;– Балаларға қосымша білім беру саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;– Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізаттық тауарларды экспорттауға лицензия беру.Elicense.kz платформасындағы ең сұранысқа ие қызметтердің қатарында:– Жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастағаны туралы хабарлама – 325 мың қызмет көрсетілді;– Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларына халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің аумағы арқылы жүруге рұқсат беру – 132 мың қызмет;– Клиникалық тәжірибеге жіберу үшін маман сертификатын беру – 104 мың қызмет.Жүйе үнемі жетілдіріліп отырады: жаңа қызметтер қосымша салаларды қамтып, лицензия алу үдерісі азаматтар мен бизнес үшін жеңіл әрі жедел бола түсуде. «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ жүйесі қағазбастылықты едәуір қысқартып, өтініштерді қарау мерзімдерін жылдамдатуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1032833?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ БОЙЫНША АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ 10.07.2025
 Шымкент қаласында өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде 193 қылмыстық іс тіркеліп, оның 13-і сотқа жолданды. Ең жиі тіркелетін қылмыстардың қатарында алаяқтық – 38 іс, ұрлық – 27 іс, есірткі заттарының заңсыз айналымы – 12 іс, тонау – 10 іс және жол-көлік оқиғаларына байланысты 11 іс бар. Алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет алаяқтық деректерімен байланысты (28 іс). Оның ішінде интернеттегі жалған тауар жарнамалары арқылы (13 дерек), инвестицияға қатысты жалған ұсыныстар (3 дерек), өздерін банк қызметкері, байланыс операторы немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жасалатын қоңыраулар (11 дерек) және несие рәсімдеу арқылы (2 дерек) алаяқтық тәсілдері жиі кездеседі. Мәселен, өткен аптада «Г» есімді қала тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, банк шотынан күмәнді несие рәсімделгенін айтып, қаражатты «қауіпсіз» шотқа аудару қажеттігін хабарлаған. Нәтижесінде жәбірленуші 3 700 000 теңгеден астам сомадағы қаражатын алаяқтың шотына аударған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Осындай интернет алаяқтық фактілері күн сайын тіркеліп отырғандықтан, қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырамыз: белгісіз адамдардан түскен күмәнді қоңыраулар кезінде жеке деректерін жария етпеуді және банк шоттарына қатысты ақпарат алу үшін ресми сенім телефондарына хабарласуды ұсынамыз. Сонымен қатар, қалта ұрлықтары мен ұялы телефондарды ұрлау деректері де көбейіп отыр. 6 шілде күні мерекелік шара кезінде орталық саябақта белгісіз адам «С» есімді азаматтың баласының қолынан ұялы телефонды жасырын түрде жымқырып кеткен. Мұндай ұрлықтар, әсіресе, базарларда, қоғамдық көліктерде және мерекелік іс-шараларда жиі орын алатындықтан, тұрғындарға адам көп жиналатын жерлерде бағалы заттарын қалталарға салмауға және балалардың қолына ұстатпауға кеңес береміз. Сондай-ақ интернет желісіндегі есірткі заттарын жарнамалайтын парақшалардың қолжетімділігі жастарды заңсыз курьерлік қызметке және есірткі қолдануға итермелеп отыр. Статистикаға сәйкес, есірткі заттарын өткізумен байланысты істер бойынша көбінесе курьерлік қызмет көрсететін жастар ұсталып жатыр. Осыған байланысты жас буынды әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарламаларға алданбауға, заңсыз ұсыныстарды қабылдамауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Сонымен қатар өткен аптада қала аумағында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жәбірленушілердің саны артты. Қылмыстық істердің басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ұялы телефонға алаңдауы салдарынан орын алған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерді қағу және көліктердің соқтығысуы – 5 іс, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі – 2 іс, кәмелетке толмағандардың скутер мен самокатты жол ережесін сақтамай басқаруы – 1 іс және алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу – 1 іс тіркелген. Осыған орай қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында скутерлер мен жылдамдығы жоғары самокаттарды басқаруға қатаң тыйым салуға шақырамыз.Бұл туралы, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/sujrChDYm8E?si=eM192KeEt3yCjcsw #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті 10.07.2025
2025 жылғы 8–14 шілде аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында әскери қызметшілер арасында муайтайдан CISM ұйымының алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Халықаралық додаға Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгия елдерінен 84 спортшы қатысуда.Бұл беделді жарыста Қазақстан атынан Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімі атқыштар ротасының 2-взводының бақылаушы-маманы қатардағы жауынгер Әли Нәсіпқалиев ел намысын абыроймен қорғап жатыр.Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Жоғары деңгейдегі физикалық дайындығының, табандылығы мен жауынгерлік рухының арқасында Әли Нәсіпқалиев іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, жарыстың жартылай финалына шықты. Осылайша турнирдегі ең мықты спортшылардың қатарына енді.CISM чемпионатына қатысу еліміздегі армиялық спорттың жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр.Әлиге алдағы жартылай финалда сәттілік, табандылық пен жеңіс тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1032825?lang=kk
ТМҰ елдері туризм саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 10.07.2025
Анкара, 2025 жылғы 8-9 шілде – Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының туризмге жауапты министрлер мен жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шараға мүше елдердің делегациялары мен ТМҰ бақылаушылары, сондай-ақ ұйым Хатшылығының өкілдері қатысты.Отырыстар шеңберінде туристік саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде экотуризмді ілгерілету, бірлескен туристік маршруттарды қалыптастыру, цифрлық шешімдерді енгізу және бірыңғай туристік кеңістік ретінде ТМҰ өңірін дамыту мәселелері талқыланды.«Түркі елдерінде туризмді бірлесіп дамыту өзара ілгерілеу, іскерлік байланыстар мен тәжірибе алмасу үшін кең мүмкіндіктер ашады. Бірлескен бастамаларды іске асыру біздің жаһандық туристік нарықтағы ұстанымымызды нығайтып, халықтарымыздың мәдени жақындасуына үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Туризм және Спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Іс-шараның қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен ТМҰ елдері арасындағы туризм саласындағы одан арғы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын көрсететін қорытынды хаттамаға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1032828?lang=kk
Қазақстан Елшісі Грекия Президентіне Cенім грамоталарын табыс етті 10.07.2025
Афины, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин Грек Республикасының Президенті Константинос Тасуласқа сенім грамоталарын тапсырды.Рәсім Мемлекет басшысының ресми резиденциясы – Афина қаласындағы Президент сарайында өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мақсатында биік және жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог пен өзара сапарлар алмасудың ерекше маңызын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына, соның ішінде көлік, логистика, энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларға жеке көңіл бөлінді.Грекия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық сәлемін жолдап, Елшінің дипломатиялық миссиясын табысты атқаратынына сенім білдірді, сондай-ақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге грек тарапының мүдделілігін растады.Рәсім қорытындысы бойынша тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы достық байланыстар мен екіжақты серіктестікті нығайтуға ниетті екендерін қуаттады.Рәсімге сондай-ақ Грекия Президенті Әкімшілігінің Бас хатшысы Алики Хадзи және Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Яннис Ловердос қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1032816?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңейтілген кеңес өтті 10.07.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысына арналған кеңейтілген кеңес өтті.Өз сөзінде өңір басшысы экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаның тазалығы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының біріне айналғанын атап өтті.– Бүгінде біздің алдымызда тұрған маңызды міндет — қоршаған ортаға ұқыпты қарауға негізделген жаңа экологиялық сана қалыптастыру. «Таза Қазақстан» бағдарламасы адамдарды біріктіріп, олардың бойында болашақ ұрпаққа қандай ел қалдыратынымыз үшін жауапкершілік сезімін оятады, – деді Құмар Ақсақалов.Кеңесте жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Биыл елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға 11,6 млрд теңге қарастырылған.Оң өзгерістер тек қалаларда ғана емес, ауылдық елді мекендерде де байқалады. Облыс орталығында заманауи стандарттарға сай 7 саябақ абаттандырылуда. Жалпы өңірдегі 80 саябақты жақсартуға 4,3 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ, көше-жол желісін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде — бұл мақсатқа 102 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде: көктемде 88,5 мың көшет отырғызылды — бұл жоспардың 83,9%-ын құрайды.Ауылдық елді мекендерде де оң өзгерістер бар: мемлекет пен бизнес өкілдері бірігіп, саябақтар, балалар және спорт алаңдары салынып, көше шамдары орнатылып, көшелер көгалдандырылуда.Бағдарламаны іске асыруда жастардың рөлі ерекше атап өтілді.Кеңесте «Экосақшы» жобасының мүшелері — мектеп пен жоғары оқу орындарының белсенді жастары сөз сөйледі. Жоба елді мекендердің экологиялық жағдайын бақылауға және жастарды табиғатты қорғауға тартуға бағытталған.Құмар Ақсақалов азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтті:– Қоғамның белсенді қатысуы — кез келген мемлекеттік бағдарламаның сәтті жүзеге асуының кепілі. Экологиялық тәрбие бала кезден басталуы тиіс. Бүгінде жастар – қоршаған ортаның нағыз қорғаушыларына айналып отыр.Кеңес барысында бағдарламаны тиімді іске асырудың жақсы мысалдары да, кейбір мекемелер мен құқық қорғау органдары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі де айтылды. Облыс әкімі абаттандыру ережелерін бұзуға дер кезінде әрекет етпеген жағдайлар бойынша қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырды.Құмар Ақсақалов экологиялық патрульдердің жұмысын ерекше атап өтті. «Экосақшы» жобасының қатысушыларына аудан деңгейінде жұмысты күшейтіп, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу, сондай-ақ «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат беріп отыру тапсырылды.Жаңа бағыттардың бірі ретінде Қостанай ауданына қарасты Мичурино ауылы маңындағы орман алқабында қоғамдық кеңістік құру бастамасы ұсынылды. Бұл – қаланың болашақ «жасыл белдеуінің» бір бөлігі болмақ. Табиғи ресурстар басқармасы мен Қостанай ауданы әкімдігіне осы аумақты абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу тапсырылды.Кеңесті қорытындылай келе, Құмар Ақсақалов атап өтті:– Бүгінгі атқарып жатқан жұмысымыз — ертең балаларымыз тыныс алатын ауа. Біз болашақ ұрпаққа тек мұра емес, өмір сүруге қолайлы орта қалдыруымыз керек. «Таза Қазақстан» — бұл бір маусымдық науқан емес. Бұл — жерімізге, үйімізге деген жаңа қарым-қатынастың стандарты.Жыл соңына дейін тағы бір кеңес өткізу жоспарланып отыр. Онда әрбір ауданның «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарған жұмысына баға берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032724?lang=kk
Агенттік бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерді келісуден бас тартты 10.07.2025
Агенттік бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерді келісуден бас тартты:Жумадил Гульмира бағалы қағаздар нарығындағы басқару органының басшысы лауазымына (2025 жылғы 20 тамыздағы №263/РЦБ/Т хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1054133?lang=kk
Алматы облысында ер адам 10 жастағы баланы иттің шабуылынан құтқарып қалды — ерлігі ескерусіз қалмады 10.07.2025
30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл жасап, бала ауыр жарақат алды. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі.Серікбек Сақайбаевтың батылдығы елеусіз қалмады. Оған құрмет көрсету мақсатында арнайы марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Серікбек мырзаға Алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.Сонымен қатар, мерекелік жиынға аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков арнайы келіп, Серікбек Сақайбаевқа Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Қарасай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов өз батасын беріп, бұл ерлік елге үлгі болатынын атап өтті.Бұл оқиға – әрбір азамат үшін үлкен сабақ. Қоғамдағы бейқамдық пен салғырттық адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Заңсыз және бақылаусыз ит ұстау деректері анықталған жағдайда тұрғындар құқық қорғау органдарына немесе аудан әкімдігіне дереу хабарлауы тиіс.Қарасай ауданы әкімдігі Максимнің тезірек сауығып кетуін тілей отырып, бұл істі толық бақылауда ұстап отыр. Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік – біздің ең басты құндылықтарымыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1032626?lang=kk
Қазақстан бизнесті жауапты жүргізу стандарттары бойынша аймақтық көшбасшы болып танылды – ЭЫДҰ есебі 10.07.2025
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) «Қазақстанда, Моңғолияда және Өзбекстанда тұрақты инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бизнесті жауапты жүргізу» есебін ұсынып, онда үш елдің орнықты дамуының ұлттық стратегияларына бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарының (БЖЖ) интеграциялану дәрежесі талданды. Құжатта Қазақстанға БЖЖ стандарттарын институттандыруда елеулі прогреске қол жеткізген, оларды өзінің әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіне жүйелі деңгейде енгізген ел ретінде айрықша назар аударылған.Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан БЖЖ қағидаттарын іске асыруда жан-жақты және сектораралық келісілген тәсілді көрсетуде. Ұлттық стратегия еңбекті қорғау, экологиялық жаңғырту, декарбонизация, адами капиталды дамыту және бизнестің ESG-күн тәртібіне қатысуын ынталандыру секілді аса маңызды бағыттарды қамтиды.Есепте қол жеткізілген прогресс негізінен отандық өндірушілерді қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ экономикалық дамудың орнықты тетіктерін нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүйелі шараларымен қамтамасыз етілгені атап көрсетілген.ЭЫДҰ-ның оң бағасын алған Қазақстанның негізгі бастамалары ретінде бірнеше өлшемшарттар келтірілген:Еңбек қауіпсіздігі. Қазақстан өндірістік жарақаттануды төмендетуде және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауда елеулі күш-жігер көрсетуде. 2019 жылдан бастап өндірістік жарақаттану мен өлім-жітімнің нөлдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған Vision Zero тұжырымдамасы іске асырылуда. 2024 жылдан бастап кәсіпорындарда қауіпсіздік стандартының сақталуы арқылы ашықтықты және бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еңбек жағдайы мониторингінің цифрлық картасы енгізілуде. 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы да бекітіліп отыр. Ол кәсіптік қатердің алдын алу мен еңбекті қорғау мәдениетін енгізуде жүйелі негіз болады.Экологиялық жаңғырту. Тұрақты инфрақұрылымның маңызды элементі – экологиялық таза өндіріске көшу тетігін енгізу. Озық қолжетімді технология (ОҚТ) қолданатын кәсіпорындар шығарындыларға экологиялық салық төлеуден босатылады. Бұл ретте мемлекет инвестицияны субсидиялауды, рәсімді оңайлатуды және консультациялық сүйемелдеуді қосқанда, өндірісті жаңғыртуға қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді.Жаңартылатын энергетиканы дамыту. Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланатын жобаларға инвестицияны ынталандырады. 2016 жылдан бастап мұндай жобалар үшін салықтық жеңілдік қолданылса, 2020 жылдан бастап импортталатын жабдық ҚҚС пен кедендік баждан толық босатылады. Фискалдық ынталандырудан басқа, инвестиция көлемінің 30%-на дейінгі мөлшерде грант беріледі. Бұл ЖЭК нарығын инвестор үшін неғұрлым тартымды етпек.«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы. Бұл тетік реттелетін тариф арқылы инфрақұрылым мен энергетика саласындағы инвесторлардың шығынын өтеуге арналған. Бағдарлама энергетикалық және коммуналдық жүйені жаңғыртуға жеке капиталды тартуға ықпал ете отырып, инвестиция қайтарудың болжамдылығын қамтамасыз етеді.Адами капиталды дамыту. Тұрақты өсу үшін кадрлық қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, 2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Негізінен, энергетика, құрылыс, сумен жабдықтау, көлік саласы мамандарын кәсіптік оқытуға және біліктілігін арттыруға назар аударылды. Бұл шаралар аса маңызды инфрақұрылым саласында институционалдық және еңбек әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.ЭЫДҰ есебінде талдаудың елеулі бөлігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қызметіне арналып, бизнесті жауапкершілікпен жүргізу (БЖЖ) қағидатын ілгерілетудің, Қазақстандағы орнықты дамудың негізгі институционалдық тетігі ретінде танылады. Қор мемлекеттік кәсіпорындардың ESG-бағдарланған тәжірибеге көшу катализаторы ретінде қарастырылып, жоғары деңгейдегі институционалдық жетілу мен басқару реттілігін байқатады. Оның қызметі инвестицияны стратегиялық инфрақұрылымға қайтару ғана емес, сонымен бірге, жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті нығайту секілді әлеуметтік миссияны іске асыруға арналған.Осы күн тәртібін іске асырудың басым құралдарының ішінде отандық жеткізушілермен ұзақмерзімдік келісімшарт жасасу; шағын және орта бизнес субъектілерін еншілес компаниялардың өндірістік тізбектеріне жүйелі тарту; отандық құзыреттерді дамытуды ынталандыру мен инфрақұрылымдық жобалардың негізгі элементтерін оқшаулау бар. Қордың тәсілі тұрақты экономикалық базаны қалыптастыруға және стратегиялық міндеттерді іске асыруға жеке сектордың қатысуын арттыруға ықпал етеді.Адам құқығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, экологиялық басқару мен қатерді бағалау саласындағы корпоративтік стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл қордың орнықты даму саясатында және корпоративтік кодексінде көрсетілген. «Самұрық-Қазына» сондай-ақ жыл сайын қаржылық емес есептілік саласындағы деректерді көрсетіп, таза пайданың кемінде 7%-ын әлеуметтік және қайырымдылық бағдарламаларына аударады. Басқарудың мұндай кешенді моделі ЭЫДҰ-ның оң бағасына ие болып, БЖЖ қағидатын іске асырудың тиімді институционалдық тәсілі ретінде мемлекеттік сектордың басқа құрылымдарында таратуға ұсынылды.Қол жеткізілген прогресті мойындаумен қатар, ЭЫДҰ БЖЖ саясатын орнықтыра түсу бойынша бірқатар ұсынымдарды тұжырымдайды. Олардың ішінде министрліктердің арасында, әсіресе Ұлттық байланыс орталығының қатысуымен үйлестіруді күшейту; өндіруші салаларда тиісті байқау рәсімдерін дамыту; қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде еңбек құқығын қолдау; ОҚТ (ең озық қолжетімді технология) қолдануды кеңейту арқылы экологиялық стандарттарды ілгерілету мен шығарындыларға квоталар саудасы жүйесін ықтимал енгізу бар.Бұдан басқа, инфрақұрылымға инвестиция саласында азаматтық қоғамды тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды арттыру, мемлекеттік сатып алу практикасына орнықты өлшемшарттар енгізу, сондай-ақ орнықты қаржыландыру құралдарын жандандыру ұсынылады. Қазақстанға «Самұрық-Қазына» қоры қолданатын модельді оның басқаруынан тыс активтерді қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік секторға тарату ұсынылады. Бұл инфрақұрылымды дамытудағы әмбебап басқару нормасы ретінде БЖЖ қағидаттарын бекітуге және елдің экономикалық моделінің ұзақмерзімдік орнықтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1032572?lang=kk
Жыл басынан бері 1,7 миллионнан астам азамат ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-ларда электронды талондарды пайдаланды 10.07.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер арасында цифрлық сервистерге деген сұраныстың  артқанын атап өтті. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы 1,7 миллионнан астам электронды талон берілді, бұл қызмет көрсету процесін едәуір жеделдетті.QR-код арқылы кезек алу функциясы жоғары пайдаланушылық белсенділікті көрсетіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларға барған кезде таптырмас көмекшіге айналды. Жыл басынан бері «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта    1 764 007 талон берілді. Бұл ресепшн аймағындағы жүктемені азайтуға және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.Айта кетейік, виртуалды талон қызмет алушыға тіркеу аймағына жүгінбей, жалпы кезектегі орынды бекітуге мүмкіндік беретін қағаз талонның аналогы болып табылады,Сервисті қолдану үшін смартфонға "ЦОН" мобильді қосымшасын орнату керек (Google Play немесе App Store-да қолжетімді). Әрі қарай, қосымшаға кіріп, "ХҚКО кезегіне талон" батырмасына басып, ресепшн аймағында орналасқан QR-кодты сканерлеу қажет. Одан кейін қажетті қызмет түрі таңдалады. «Жалғастыру» түймесін басқаннан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талон береді. Қызмет алушы нөмірі ақпараттық таблода көрсетілген кезде тиісті маманға барып, қызметін алады.Мемлекеттік корпорация азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын неғұрлым ыңғайлы және тиімді ету мақсатында цифрландырылған сервистер ұсыну және заманауи шешімдерді енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1042853?lang=kk
Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады 10.07.2025
Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1032584?lang=kk
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда 10.07.2025
2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.«Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады.Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады.Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл номинациялар саны 7-ден 10-ға дейін артқан: - «Janqıarlyq» – ҚР ішкі істер органдары мен қарулы күштерінің қызметкерлеріне арналған;- «Altyn jürek» – орта және кіші медицина қызметкерлеріне (жедел жәрдем, акушер, санитар және т.б.) және дәрігерлерге арналған;- «Önerkäsıp» – өңдеу өнеркәсібі, тау-кен-металлургия кешені және экономиканың басқа да өндірістік секторларында жұмыс істейтіндерге арналған; - «Bolaşaq turaly qamqorlyq» – инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне, арнайы қызмет көрсететін ұйымдарға, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге (балалар үйлері, хоспистер, қарттар үйлері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету орталықтары және т.б.), сондай-ақ волонтерлерге арналған; - «Bılım jäne Ğylym» – мектепке дейінгі, орта, ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, сонымен қатар ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған; - «Qaisar» – авариялық-құтқару қызметі, өрт сөндірушілер және азаматтық қорғаныс жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлеріне арналған; - «Altyn qol» – сырлаушы, сантехник, құрылысшы және т.б. жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне, сондай-ақ ПИК, МИБ және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған; - «Zharyq» – энергетика саласының, атом өнеркәсібінің, мұнай-газ кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған; - «Örken» – агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы мамандарға арналған; - «Örleu» – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (оның ішінде жасанды интеллект, деректерді талдау және т.б.) және креативті индустриялар саласының қызметкерлеріне арналған. Сыйлық пен Кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасудаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1032598?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕГІ САУДА-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ДАМУДА: ALMAAR LOGISTICS – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ 10.07.2025
 Шымкент қаласы үшін стратегиялық маңызы зор нысандардың бірі – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығы бүгінде тиімді жұмыс істеуде.Жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көпфункционалды кешеннің құрылысына жеке инвестор тарапынан 14,8 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған. Бұл – өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған ірі жоба болып табылады.Орталық заманауи сақтау технологияларымен толық жабдықталған. Әсіресе тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін ұзақ уақыт сақтамай, тұтынушыға жедел жеткізуге мүмкіндік беретін логистикалық жүйе енгізілген. Бұл – өнім сапасын сақтау мен шығынды азайтудың тиімді жолы.Almaar Logistics орталығының қызметі қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысын оңтайландыруға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға зор үлес қосып отыр.Мұндай жобалар Шымкенттің логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін арттырып, өңірлік және халықаралық нарықтармен тығыз байланыс орнатуға жол ашады.
ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 10.07.2025
 Шымкент қаласы Тельман мөлтек ауданында халық санының артуына байланысты және оқушылардың ұзақ мектептерге  қатынап оқуын болдырмау мақсатында өткен жылы жаңа мектеп құрылысы басталған болатын.1200 оқушыға арналған бұл білім ордасының құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған және ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс алаңында сыртқы абаттандыру мен инженерлік инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүргізілуде.Мектеп пайдалануға берілген соң, Тельман тұрғындары үшін білім беру мәселесі едәуір жақсарып, оқушылардың тығыздық мәселесі шешімін табады деп күтілуде.
Әкімдік аумағын абаттандыру 10.07.2025
Әкімдік аумағында ағаштарды кесу және кесу белсенді жүргізілуде. Бұл іс-шаралар аумақтың абаттандырылған және қауіпсіз көрінісін сақтауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1032502?lang=kk