Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қостанайда инфрақұрылымды жаңарту: Жолдарды жөндеу және нөсер кәрізін дамыту жұмыстары жалғасуда 24.08.2026
Қостанайда қалалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Осы орайда өткізілген жұмыс сапары барысында қаладағы жолдарды жөндеу және нөсер кәрізі жүйесін дамыту жобаларының орындалу барысы тексерілді. Биыл қаланың көше-жол желісін дамытуға 5,5 млрд теңге бөлініп, бұл қаражат шамамен 28 шақырым жол учаскесін қамтып отыр.Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал орташа жөндеу, Нариманов көшесін қайта жаңғырту және тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі жол-құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында толық аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар, қаладағы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын нөсер кәрізі жүйесін дамыту аясында биыл 44 учаскеде тиісті жұмыстар аяқталды. Әсіресе Карбышев көшесіне ерекше назар аударылып, мұнда жол төсемін жөндеумен қатар жаңа нөсер кәрізін салу және қолданыстағы желілерді тазалау жұмыстары қатар жүргізілуде. Ал «Горгаз» ауданында жауын-шашын мен еріген қар суын іркіліссіз бұру әрі су басу қаупін азайту мақсатында қосымша сорғы жабдығы орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1278984?lang=ru
Комитет Ішкі аудит қызметтері үшін семинар өткізді: әдіснамалық көмек, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары және 2027 жылға арналған басымдықтар 24.08.2026
Алматы қаласында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы облысы, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мен полиция департаменттерінің, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Ішкі аудит қызметтерінің (ІАҚ) қатысуымен ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру және жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізді.Семинар барысында Ішкі мемлекеттік аудитті 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің үлгілік бағдарламаларын практикалық қолдану мәселелері қаралды.2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ІАҚ қызметінің қорытындыларына, аудит материалдарының сапасын бақылауға, аудиторлық қорытындылар мен ұсынымдардың толықтығы мен негізділігіне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, ІАҚ қызметі туралы ақпараттың анықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін ҚБ/ТБЖ қосалқы жүйесіне аудит материалдарын уақтылы енгізу және есептілікті қалыптастыру мәселелері қаралды.Семинар аясында жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін, анықталған тәуекелдерді және ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін ескере отырып, 2027 жылға арналған ІАҚ аудиттерінің тізбесін қалыптастыру тәсілдері талқыланды.Семинар өткізу әдістемелік көмек көрсетуге, ІАҚ-тың кәсіби әлеуетін арттыруға, аудит жүргізу тәсілдерінің бірізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудиттің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға бағытталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1278965?lang=ru
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Молдованың теміржол инфрақұрылымын реконструкциялауға қатысып жатқан қазақстандық мамандармен кездесті 24.08.2026
Кишинев, 2026 жылғы 20 тамыз. ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың теміржол инфрақұрылымын реконструкциялау жобасын іске асыруға қатысып жатқан «Теміржол жөндеу» компаниясының қазақстандық мамандарымен кездесті.Жоба аясында жалпы ұзындығы шамамен 250 км болатын Тигина – Бессарабка – Джурджулешты теміржол учаскесі реконструкциялануда. Жоба елдің теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға және көлік қатынасының тиімділігін арттыруға бағытталған.Кездесу барысында Елші атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, компания басшылығы және мамандарымен жобаны іске асырудың практикалық мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық азаматтардың Молдовадағы еңбек ету және тұру жағдайларын талқылады.Кездесуде Молдовада жүрген қазақстандық азаматтармен Елшіліктің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. А.Айдарбеков отандастармен тұрақты байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Елшіліктің өз құзыреті шеңберінде қажетті консулдық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының қоғамдық-саяси өмірге қатысу мәселелері талқыланды. 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңында Елші Молдовада жүрген және дауыс беру құқығына ие Қазақстан азаматтарын өздерінің сайлау құқығын пайдалануға шақырды.Кездесу соңында А.Айдарбеков қазақстандық мамандарға маңызды инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға қосқан кәсіби үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.Аталған жобаның іске асырылуы Қазақстан мен Молдова арасындағы практикалық ынтымақтастықтың нақты үлгісі болып табылады және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың халықаралық инфрақұрылымдық жобалардағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.Қазіргі уақытта нысанда 300-ден астам маман жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 20-сы – Қазақстан азаматтары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1278949?lang=ru
Қазақстан Елшісінің Молдова Республикасының Премьер-министрі В.Тофанмен кездесуі өтті 24.08.2026
Кишинев, 2026 жылғы 21 тамыз. Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Премьер-министрі Василе Тофанмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Молдова қатынастарының өзекті мәселелері мен оларды одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.Қазақстандық дипломат В.Тофанды Премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.Премьер Қазақстан-Молдова байланыстарын, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда одан әрі кеңейтуге Молдова тарапының дайын екенін айтып, осы бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар екенін жеткізді. Осыған байланысты екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыру және бірлескен жобаларды іске асырудың өзектілігі атап өтілді.А.Айдарбеков Молдованың Астана қаласында Елшілігін ашуының, сондай-ақ Молдова Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Попшойдың 2025 ж. Қазақстанға жасаған ресми сапарының маңыздылығына тоқталды.Кездесу барысында Елші Премьер-министрді екіжақты қатынастардың жай-күйі және Қазақстандағы қазіргі саяси өзгерістер және оның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, сондай-ақ а.ж. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы хабардар етті.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты саяси диалогты жалғастырудың және екіжақты қатынастарды практикалық мазмұнмен толықтырудың, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды, іскерлік қатынастарды кеңейту және өзара тиімді бастамаларды іске асыру арқылы нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1278950?lang=ru
«ДАУЫС» КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АЛДЫН АЛА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ 24.08.2026
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген.Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.«Жүйелі дайындық қоғамдық байқауға бірыңғай кәсіби көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Байқаушылар өз өкілеттіктерін түсініп, учаскелердегі ахуалды объективті түрде тіркей алды. Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов.Байқаушылар күн бойы сайлаушылардың тұрақты легін тіркеген. Коалиция өкілдері дауыс беруге жастардың белсенді қатысқанын ерекше атап өтті.«Сайлаушылар арасында жастардың көп болғаны назар аудартады. Бұл олардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қатысуға дайын екенін көрсетеді», – деді коалиция төрағасы.Сайлауға дейін байқаушылар бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Оларға сайлау заңнамасы, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген.Мониторинг барысында учаскелердің мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі де бағаланды. Байқаушылар пандустардың, арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдардың болуына назар аударған.Қазір коалиция өңірлерден түскен мәліметтерді жинақтап жатыр. Материалдар толық өңделгеннен кейін қоғамдық байқаудың қорытынды талдамалық есебі жарияланады.
БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ 24.08.2026
Бүгінгі Құрылтай сайлауында Шымкент қаласында 371 сайлау комиссиясы жұмыс атқарды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру талаптарға сәйкес жүргізілді.⁣⁣ Қалалық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев дауыс беру нәтижелерін қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.⁣⁣ ⁣⁣ – Еліміздің тарихында алғаш рет өткен Құрылтай сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар  жасалды. Қалада 1000-ға жуық байқаушы болды. Оның ішінде, 17-і шетелдік азаматтар.Сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қалада 538 145 адам дауыс берді. Бұл - сайлаушылардың 75,42 пайызы. Толық қорытынды нәтиже сәл кейінірек жарияланады.Сайлау барысында тәртіп бұзу жағдайлары тіркелген жоқ, - деді Қайырбек Көбекұлы.Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша сайлаушылар саны 793 491 адамды құрады. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 2,6 %-ға (немесе 18 346 адамға) өсті.
«Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі 24.08.2026
Кіріспе«Салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру және қайта бастау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары көрсететін ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Бұл қызмет қызметін уақытша жүзеге асырмайтын салық төлеушілерге салық есептілігінің жекелеген нысандарын тапсыру міндетін заңды түрде тоқтата тұруға, ал қызметін қайта бастаған кезде салық міндеттемелерін белгіленген тәртіппен орындауды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Қызмет көрсетудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларымен айқындалған.Салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруға және қайта бастауға құқықҚазақстан Республикасы Салық кодексінің 117-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті):салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұруға;тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін салық есептілігін тапсыруды қайта бастауға құқылы.Салық төлеуші қызметін қайта бастаған жағдайда салық есептілігін тапсыруды міндетті түрде қайта бастауға тиіс.Салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұрудың жалпы мерзімі салық заңнамасында белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.Мемлекеттік қызметті алу тәртібіСалық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру немесе қайта бастау үшін салық төлеуші тиісті салықтық өтінішті келесі тәсілдердің бірі арқылы береді:«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы;«Электрондық үкімет» веб-порталы;«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;қызмет көрсетуші;банк ұйымдарының мобильді қосымшалары.Мемлекеттік қызмет электрондық немесе қағаз түрінде тегін көрсетіледі. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органы салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім шығарады.Салық есептілігін тапсыруды қайта бастауСалық органы келесі жағдайларда салық есептілігін тапсыруды қайта басталған деп таниды:салық төлеуші салық есептілігін ұсынған кезде;тоқтата тұру кезеңінде немесе қызмет қайта басталған күннен бастап салық төлеушінің қызметін қайта бастағаны анықталған кезде.Қызметті қайта бастау деп салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің, сондай-ақ әлеуметтік міндеттеменің туындауына әкеп соғатын қызметтің басталуы танылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1278881?lang=ru
Ақтөбе облысында Ірі супермаркет желісі ретробонустың белгіленген шекті мөлшерін асырған 24.08.2026
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген бақылау барысында ірі супермаркет желісінің ретробонус бойынша белгіленген шекті мөлшерді асырғаны анықталды.Анықталған заң бұзушылыққа байланысты аталған кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде оған 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Сауда үстемесін асыру фактілері анықталдыСонымен қатар, 2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуде.Бақылау шаралары барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кетудің бірқатар фактісі анықталды. Нәтижесінде 137-ден астам кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінен асып кету деңгейі 20%-дан 270,9%-ға дейін жеткенЗаң бұзушылықтар көбінесе картоп, пияз, сәбіз, күріш, күнбағыс майы және басқа да бірінші кезектегі қажетті тауарларды сату кезінде анықталды.Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.Бақылау және түсіндіру жұмыстары жалғасудаАқтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жалғастырады.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау, ретробонус бойынша талаптарды орындау және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Сұрақтар туындаған жағдайда немесе консультация алу үшін азаматтар Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары арқылы немесе Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 мекенжайы бойынша жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278856?lang=ru
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті 24.08.2026
20 тамыз күні Бастаушы ауылдық кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Азаматтардың құқықтарын қорғау, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету бағытында елімізде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Заңнамалық реформалар, қоғамдық бақылау тетіктері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламалары арқылы қоғамдағы бұл келеңсіз құбылысты жоюға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Біз әрбір азаматты сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысуға, өз құқықтарын қорғауға және жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана қоғамымызды таза әрі әділ ете аламыз.Біз бірге сыбайлас жемқорлықпен күресіп, әділ қоғам құруымыз керек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1278805?lang=ru
Құрылтай күні дүниеге келген сәбилер – елдің жаңа үміті 24.08.2026
23 тамыз – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау күні. Бұл күн Алматы облысының перзентханаларында өмірге келген сәбилердің ата-аналары үшін де ерекше қуанышқа толы күн болды.Құрылтай күні облыс бойынша 12 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 6 ұл және 6 қыз.Әрбір дүниеге келген сәби – бір отбасының қуанышы ғана емес, елдің демографиялық әлеуетінің артуы, болашаққа деген сенімнің белгісі. Бүгін өмір есігін ашқан бүлдіршіндердің әрқайсысының өз тарихы бар. Ал олардың дүниеге келген күні ата-аналарының жадында өмір бойы сақталатыны сөзсіз.Алматы облысы – халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Өңірде жыл сайын мыңдаған сәби дүниеге келіп, жаңа отбасылардың қуанышын еселей түсуде.2025 жылы Алматы облысында 27 131 сәби дүниеге келген. Туу көрсеткіші бойынша облыстың халық саны көп аудандары алдыңғы қатарда. Атап айтқанда, Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында дүниеге келетін сәбилер саны жоғары.Бүгінгі Құрылтай күні дүниеге келген сәбилер де осы үлкен демографиялық көрсеткіштің бір бөлшегі. Олардың әрқайсысы – елдің ертеңі, Қазақстанның болашағы.Сәбилердің бауы берік болсын! Өмір жолдары ұзақ, дендері сау, болашақтары жарқын болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1278819?lang=ru
«Тіл – татулық тірегі»: әскери қызметшілер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды 24.08.2026
Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы тіл айлығының шешуші кезеңі болды.Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жеке құрам арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, өнерін, мәдениетін дәріптеу.Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерін көрсете білді. Шығармашылық сайысқа Қарулы күштердің түрлері мен құрылымдық бөлімшелерінен алты команда қатысты. Олар – «Жебе» (Құрлық әскерлері), «Әуе қырандары» (Әуе қорғанысы күштері), «Теңіз тарландары» (Әскери-теңіз күштері), «Айбынды қырандар» (Десантты-шабуылдау әскерлері), «Семсер» (Қару-жарақ бастығының басқармасы) және «Тәртіп сақшылары» (Әскери полиция бас басқармасы).Байқау бес балдық шкала бойынша бағаланған үш кезеңнен тұрды. «Мәнерлеп оқу немесе монолог» деп аталатын бірінші кезеңде белгілі қазақ ақындарының шығармаларынан алты шумақ өлеңді жатқа оқу қажет болды.Келесі кезекте «үй тапсырмасы» тексерілді. Онда командалар көрермен назарына сахналық көріністер ұсынды. Үшінші кезеңде өнерпаздар әр ұлттың ұлттық киімдері мен мәдениетін көрсете отырып, ән мен би орындады.Командалардың бөлінген уақытты қатаң сақтауына, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде еркін және таза сөйлеуіне, өлеңді мәнерлеп оқи білуіне және мәтіннің көркем идеяларын аша білуіне, сондай-ақ сахна шеберлігі мен мәдениетіне ерекше назар аударылды.Байқау қорытындысы бойынша «Тәртіп сақшылары» командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал  екінші орынды иеленген «Айбынды қырандар» командасына 750 мың,  үшінші орын алған «Семсер» командасына 500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Басқа командалар да назардан тыс қалған жоқ. Барлығы Қорғаныс министрінің грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.Сонмен бірге капитан-лейтенант Мугатдин Мамедов «Көрермен көзайымы», кіші сержант Лаура Ахметова «Үздік актерлік шеберлік», Давид Рамазанов «Көркем сөз оқу шебері» номинацияларына лайықты деп танылды. – Мемлекеттік тіл – ел бірлігін нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Әскери ортада қазақ тілін дамыту – тек тіл мәртебесін көтеру ғана емес, ортақ Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастырудың да маңызды тетігі, – деді Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы полковник Төлеген Бөлежанов. «Тіл – татулық тірегі» байқауы мемлекеттік тілдің әскери ортадағы қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, түрлі этнос өкілдерінің өзара сыйластығы мен достығын нығайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, қатысушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ел бірлігі мен ортақ құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278799?lang=ru
ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕН ТАУАР ӘКЕЛУ: ҚАЙ КЕЗДЕ БҰЛ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БОЛЫП САНАЛАДЫ? 24.08.2026
Ең бастысы: егер жеке тұлға ЕАЭО елдерінен Қазақстанға белгіленген құн немесе сан өлшемдерден асатын тауар әкелсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.1. Тауарларды қандай сомаға дейін әкелуге болады?Егер күнтізбелік жыл ішінде әкелінген тауарлардың құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген АЕК-тің 360 еселенген мөлшерінен асса (360-АЕК=1557000тг.), тауарларды әкелу кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.2. Жекелеген тауарлар бойынша сандық шектеулер барБір жыл ішінде бір адамға:үлбірден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер - бір атаудағы 1 данадан артық;ұялы телефондар - 2 данадан артық;планшеттер - 2 данадан артық;стационарлық және портативті компьютерлер және оларға арналған керек-жарақтар - 2 данадан артық;зергерлік бұйымдар - 5 данадан артық;велосипедтер - 1 данадан артық;балалар арбалары - 2 данадан артық;көлік құралдары, оның ішінде бөлшектелген күйде - 1 данадан артық әкелінсе, бұл кәсіпкерлік мақсаттағы әкелу болып танылады.МаңыздыБұл өлшемдер бұрын пайдаланылған және жол жүру кезінде және (немесе) баратын жерде қажет болатын тауарларға қолданылмайды.Бұл ретте:тауардың жол жүру кезінде немесе баратын жерде пайдаланылуы;маусымдылық, сапар мақсаты және көлік түрі;тозу белгілерінің болуы - сызаттар, майысулар және басқа да механикалық зақымдар, жуылғаны;биркалардың, жапсырмалардың, этикеткалардың және бастапқы қаптаманың болмауы ескеріледі.ЕГЕР ТАУАРЛАРДЫ ӘКЕЛУ КӘСІПКЕРЛІК ДЕП ТАНЫЛСА?дара кәсіпкер ретінде тіркелу;ілеспе құжаттарды рәсімдеуге, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру (328.00-нысан).қосылған құн салығын (ҚҚС) белгіленген тәртіппен төлеуге.Есте сақтаңыз: ЕАЭО-дан тауар әкелген кезде оның құнына ғана емес, жекелеген тауар түрлерінің санына да назар аудару қажет. Белгіленген өлшемдерден асып кетсе, мұндай әкелу кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылды деп танылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1278786?lang=ru
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ДРОППЕРЛІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ 24.08.2026
Құрметті азаматтар!Банк шоттарыңызға, карталарыңызға, мобильді қосымшаларыңызға, сондай-ақ кез келген басқа төлем немесе сәйкестендіру құралдарына үшінші тұлғаларға қолжетімділік беруге болмайтынын еске саламыз. Соңғы уақытта азаматтарды «дропперлік» ретінде белгілі заңсыз схемаларға тарту жағдайлары жиілеп кетті.Дроппер — бұл материалдық сыйақы алу мақсатында өзінің банк шотына немесе картасына қолжетімділікті санай отырып ұсынатын немесе сататын адам. Мұндай әрекеттерді алаяқтар көбінесе ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланады, бұл қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес, банк шоттары мен құралдарына қолжетімділікті заңсыз бергені, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүддесі үшін қаражатты аударуға қатысқаны үшін келесі жазалар қарастырылған:- 5 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл;- 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу немесе қоғамдық жұмыстар;- 5 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыру;- мүлкі тәркілеу.Бұл құқық бұзушылықты бірінші рет жасасаңыз да, егер сіздің әрекеттеріңізде өзге қылмыс белгілері болса, бұл сізді жауапкершіліктен босатпайды.Мынадай ұсыныстарға АЛДАНБАҢЫЗ:- картаны сыйақы үшін «беру»;- үшінші тұлғалар үшін өз атыңызға шот ашу немесе карта рәсімдеу;- мобильді банк немесе интернет-банкинг мәліметтерін басқа адамдарға беру;- картаға ақша алып, оны белгісіз адамдардың нұсқауы бойынша әрі қарай аудару.Осы сияқты барлық әрекеттер заңсыз болып табылады және қылмыстық схемаға қатысу ретінде саралануы мүмкін.Егер сізге күмәнді ұсыныс түссе — дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.Деректеріңізді қорғаңыз, қылмыстың қатысушысы болмаңыз!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1278716?lang=ru
Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды 24.08.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Орталық мұрағат 1997 жылы құрылған. Келер жылы оған 30 жыл толады. Бүгінде мұрағат қорында шамамен 27 миллион құжат сақтаулы, оның 128 мыңнан астамы цифрландырылған. Мұрағат материалдарында әскери құрылыс тарихы, Қарулы күштердің дамуы және Отан қорғаушылардың бірнеше буынының әскери қызметі сақталған.Мұрағат қорларында әскери бөлімдер мен құрамалардың қызметіне, әскери білім беру жүйесіне, әскерлерді басқаруға және әскери қызмет өткеруге қатысты құжаттар бар. Олар Қазақ КСР кезеңінен бастап қазіргі қазақ әскерінің қалыптасуына дейінгі Қарулы күштердің даму жолын зерделеуге мүмкіндік береді.– Әскери-тарихи мұраны сақтау – бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір құжат әскер мен ел тарихының бір бөлігі. Мұндай заманауи жағдайлар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларға болашақта да қолжетімді болуға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Жаңа ғимарат миллиондаған құжаттан тұратын мұрағат қорын жүйелеу және ұзақ мерзімді сақтау үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұрағат құжаттары әскери қызметшілер, тарихшылар, зерттеушілер, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін маңызды дереккөз болып табылады.Жаңа ғимараттың ашылуы Орталық мұрағаттың 30 жылдығы қарсаңындағы маңызды кезең болды. Бұл ел Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуын көрсететін құжаттық мұраны сақтауға жаңа мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278680?lang=ru
Таллинде №466 учаскелік сайлау учаскесі жұмыс жүргізуде 24.08.2026
ТАЛЛИН, 2026 жылғы 23 тамыз — Бүгін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұйымдастырылған № 466 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау өткізіледі. Эстониядағы қазақ диаспорасының өкілдері учаске жұмысының алғашқы сағаттарынан бастап жоғары азаматтық белсенділікті көрсетіп келеді. Қауымдастық мүшелері дауыс беруге қатысу тек конституциялық борышты орындау ғана емес, сонымен қатар өз Отанының болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігі екенін атап көрсетеді. Шетелде тұратын қазақстандықтар мемлекеттің ажырамас бөлігі болып қала береді. Эстониядағы Диаспора қазіргі Қазақстанның жаңғыруы мен тұрақты дамуына елеулі үлес қоса отырып, екі ел арасындағы мәдени, экономикалық және академиялық байланыстарды нығайтуға белсенді жәрдемдеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1278636?lang=ru
Каир қаласында орналасқан №415 учаскелік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын өткізу жөніндегі жұмысын аяқтады. 24.08.2026
Каир, 2026 жылғы 23 тамыз – Каир қаласында орналасқан №415 учаскелік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын өткізу жөніндегі жұмысын аяқтады.Дауыс беру ұйымдасқан түрде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға толық сәйкес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1278650?lang=ru
Елді біріктірген күн: Құрылтайдың алғашқы сайлауы қалай өттi 23.08.2026
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы ресми түрде аяқталып, ел жадында нағыз жалпыхалықтық мереке ретінде қалды. Бұл күн көптеген қазақстандық үшін жоғары азаматтық жауапкершілік танытуға мүмкіндік берді. Сайлау учаскелеріне тұтас отбасымен келген азаматтар өскелең ұрпаққа ел болашағын қалыптастыруға белсенді атсалысудың лайықты үлгісін көрсетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 9 352 151 адам қатысты. Бұл елдегі барлық сайлаушылардың 74,19%-ын құрайды.Мерекелік көңіл күй елдің түкпір-түкпірінен сезілді. Дауыс беру үдерісі халқымыздың бай мәдени мұрасымен үйлесім тапты. Сайлау учаскелерінде музыкалық шығармалар орындалып, тұсаукесер, бата беру секілді дәстүрлі рәсімдер ұйымдастырылды. Ал келген жұртты ақжарма тілекпен шашу шашып қарсы алды.Бұл күн азаматтардың өзіндік ерекшелігін танытқан жарқын әрі тосын бастамаларымен де есте қалды. Кейбір сайлаушылар сайлау учаскелеріне танымал суперқаһармандар мен кино кейіпкерлерінің бейнесінде келіп, шараға айрықша реңк берді.Бұл қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте айшықтаған жарқын әрі жағымды күн болды. Ең бастысы – бұл елдің болашаққа деген нық ұмтылысын көрсетті!
БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ 23.08.2026
⁣⁣ Бүгінгі Құрылтай сайлауында Шымкент қаласында 371 сайлау комиссиясы жұмыс атқарды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру талаптарға сәйкес жүргізілді.⁣⁣ Қалалық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев дауыс беру нәтижелерін қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.⁣⁣ ⁣⁣ – Еліміздің тарихында алғаш рет өткен Құрылтай сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытты. Азаматтарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар  жасалды. Қалада 1000-ға жуық байқаушы болды. Оның ішінде, 17-і шетелдік азаматтар.Сағат 20:00-дегі алдын ала мәлімет бойынша қалада 538 145 адам дауыс берді. Бұл - сайлаушылардың 75,42 пайызы. Толық қорытынды нәтиже сәл кейінірек жарияланады.Сайлау барысында тәртіп бұзу жағдайлары тіркелген жоқ, - деді Қайырбек Көбекұлы.Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша сайлаушылар саны 793 491 адамды құрады. 2026 жылғы 15 наурыздағы референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 2,6 %-ға (немесе 18 346 адамға) өсті.
Бейбітшілік пен әділеттің халықаралық қаласы – Гаагада Қазақстан азаматтары дауыс беруде 23.08.2026
Гаага, 2026 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №446 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру жалғасуда. Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жұмысын бастап, 20:00-ге дейін жұмыс істейді.Дауыс беруге Нидерланд Корольдігінің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуда. Олардың қатарында халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, ғылыми және іскерлік қауымдастық өкілдері, студенттер, сондай-ақ елдің әртүрлі өңірлерінде тұратын басқа да отандастарымыз бар.Гаага стратегиялық зерттеулер орталығының (HCSS) стратегиялық кеңесшісі әрі Dutch Greenhouse Delta ұйымының атқарушы кеңесшісі Фредерик Воссенаардың бағалауынша, бұл сайлау Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес өткізілген алғашқы сайлау ретінде елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту жолындағы маңызды кезең болып табылады.Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Соты, Халықаралық қылмыстық сот, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы, Тұрақты төрелік соты, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер орналасқан бейбітшілік пен әділеттің халықаралық қаласы – Гаагада дауыс берудің өтуі Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріне қарамастан өздерінің конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруының және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын айқын көрсетеді.№446 сайлау учаскесі мына мекенжайда орналасқан: Badhuisweg 91, 2587 CE, Гаага.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1278634?lang=ru
Сайлау – суретші көзімен 23.08.2026
Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлауын шымкенттік кәсіби суретші Арман Омаров өз туындысына арқау етті. Қылқалам шебері ел өміріндегі маңызды саяси науқанның тынысын майлы бояу арқылы бейнелеп, кенепке түсірді.Суретшінің картинасында дауыс беруге келе жатқан тұрғындар және олардың өз таңдауын жасап шыққан сәті мен сайлау учаскесіндегі қызу тіршілік көрініс тапқан. Қарапайым сәттерді өнер тілімен жеткізген туынды бірден көпшіліктің назарын өзіне аударды.Кескіндемеде Әл-Фараби кітапханасында орналасқан №228 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы бейнеленген. «Сайлауға тек саяси науқан деп қарамауымыз керек. Бұл әр азаматтың өзінің ел болашағына деген сенімін нығайтатын маңызды сәт. Мен осы тарихи күннің мәнін сөзбен емес, бояумен жеткізуді жөн көрдім», - дейді суретші Арман Бекжанұлы.