Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан мен Армения мемлекетаралық ынтымақтастықты арттыруды көздеуде 09.04.2026
Ереван, 2026 жылғы 9 сәуір –Армения Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Премьер-министр Никол Пашинянмен кездесті.Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Н.Пашинянға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.«Мемлекет басшыларының күш-жігері арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты қатынастар сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Орнықты саяси диалог жолға қойылды, жоғары және биік деңгейде тұрақты байланыстар сақталып, үкіметаралық комиссия арқылы сауда-экономикалық ынтымақтастық үйлестірілуде, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім беру байланыстары белсенді дамуда», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Министр Оңтүстік Кавказ өңіріндегі жаңа геосаяси жағдай екі елдің экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанын қанағаттанушылықпен айтты. Атап айтқанда, өткен жылы Ресей, Әзербайжан және Грузия аумақтары арқылы теміржол бағыты бойынша Арменияға қазақ астығын экспорттау қайта жанданды. Осыған байланысты Министр Арменияға ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда астық пен етті ұзақ мерзімді жеткізуге мүдделілігін растады.Тараптар 2026-2030 жылдарға арналған Қазақстан мен Армения Үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасын тиімді іске асыру аясында көлік-транзит және сауда салаларындағы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Қазақстанның СІМ басшысы сондай-ақ елдер арасында тұрақты тікелей әуе қатынасын жолға қою бойынша қабылданып жатқан шаралар хабарлады.Сондай-ақ сұхбаттасушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, осы ынтымақтастық жолында Қазақстан мен Армения бірлескен жұмыстың оң тәжірибесін жинақтағанын және бүгінгі таңда тараптардың ұстанымдары көптеген мәселелер бойынша ұқсас екенін атап өтті.Кездесу соңында тараптар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты және көпжақты форматтарда мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1197731?lang=kk
Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды. 09.04.2026
Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламент Мәжілісінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Қазақстан инвесторлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың елшісі қатысуда.Сонымен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы форумға өңірлердің әкімдері мен прокурорлары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысуда.Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзінен:Бұл іс-шара Қазақстанда инвестицияларды қорғау – ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін айқын дәлелдейді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты ұстанымды айқындады: инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс.Дәл осы қағидаттар еліміздің заманауи инвестициялық саясатының негізін құрайды.Қазақстан 48 үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастырды.Конституцияға сәйкес прокурорларға заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау функциясы жүктелген, оның аясында біз азаматтар мен бизнестің құқықтарын да қорғаймыз.Бүгінде біз екі мың инвесторға көмек көрсетіп, 30 мың жұмыс орнын қамтитын 250-ден астам жобаның іске қосылуын қамтамасыз еттік.Қазақстан прокуратурасы тікелей Мемлекет басшысына бағынады, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге қабілетті.Инвесторларды қорғау тетігін одан әрі күшейту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас Прокурорға жүктелді (2025 жылғы желтоқсан).Бас прокуратура базасында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.Өңірлерде мен облыс прокурорларының орынбасарлары деңгейінде инвестициялық прокурорларды тағайындадым.Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады.Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі.Қазіргі уақытта Заңда барлық мемлекеттік органдар үшін «прокурорлық сүзгі» деп аталатын тетік көзделген.Олар прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтатуға, лицензиясын кері қайтарып алуға және өзге де шектеулер енгізуге құқылы емес.Бұл – біздің қадағалау функциямыздың жүзеге асырылуы. Егер мемлекеттік органның шешімі немесе әрекеті заңсыз болса – біз оны жоямыз, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.Егер заңнамада кедергілер болса – олар да жойылатын болады.Мен Комитетке мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерін айқын немесе жасырын кедергілердің бар-жоғына қатысты ревизия жүргізуді тапсырдым.Олар Конституцияда азаматтар мен бизнес үшін белгіленген кепілдіктерді төмендетпеуі тиіс.Бас прокуратура Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Бас Прокурор Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың бизнестің мәселелерін жедел шешудегі негізгі рөлін атап өтті.Штаб нақты қорғау құралына айналды:- 2 жыл ішінде 200-ден астам инвестициялық жоба қаралды.- Жобалардың жалпы сомасы — 100 млрд АҚШ долларынан астам.- Инвестициялық келісімдердің көлемі 15 есеге өсті.«Бұл — инвесторлардың сенімінің көрсеткіші және тиімді үйлестірудің нәтижесі», — деп атап өтті ведомство басшысы.Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді.Роман Скляр: Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы тұрақтылық танытып, әрі қарай өсу әлеуетін көрсетуде.Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі жалпы өнімі 6,5%-ға өскен, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларға жетті, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға ұлғайып, тарихи рекорд — 22,7 трлн теңгеге жетті.БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мәліметтері бойынша, өткен жылы Қазақстан Greenfield жобаларына 19 млрд долларға жуық шетелдік инвестиция тартты, бұл Орталық Азиядағы барлық ішкі аймақтық инвестициялардың шамамен 89%-ын құрайды.Тек өткен жылы 10 млрд доллардан астам жалпы құны бар 330 жоба іске қосылды, соның ішінде KIA Qazaqstan және Astana Motors автокөлік зауыттары, EkibastuzFerroAlloys ферросилиций өндірісі, Алтай-Май майлы дақылдар өндірісі және басқалары бар.Үкімет 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңартты және проактивті инвестициялық саясатты енгізуде, онда бөлек рөл «Бәйтерек» холдингіне берілген. Ол ұлттық инвестициялық холдингке айналды және Инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды.Айрықша назар инвестиорлардың құқықтарын барлық жұмыс кезеңдерінде қорғауды күшейтуге аударылады, бұл мемлекетке деген сенімнің негізі болып табылады.Инвестор құқықтарын қорғау архитектурасы нығайтылуда. 60 млн доллардан асатын жобалар үшін инвестициялық келісім құралы қолданылады, ол заңнама тұрақтылығын 25 жылға қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мұндай 53 келісім жасалған.Дания Еспаева: Инвесторларды қорғауда прокуратура органдарының үлкен рөлін атап өтті, алдын алу шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды.Қанат Шарлапаев: Елдің инвестициялық климаты бірнеше негізгі факторға тікелей байланысты.Бизнесті ұзақ мерзімді жоспарлау үшін «ойын ережелері» болжамды және тұрақты болуы аса маңызды.Заңнамалық базаның тұрақтылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс инвестициялардың ағымына мықты серпін береді деп сенеміз.Сот органдарының тәуелсіздігін әрі қарай нығайту, судьялардың біліктілігін арттыру және сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету инвесторлардың құқықтарын соттық қорғауға деген сенімін едәуір арттырады.Қанат Шарлапаев Бас прокуратураның тиімді жұмысын атап өтті: «Сіздердің тұрақты бақылауларыңыздың арқасында 2025 жылы кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 48%-ға қысқарды. Бұл маңызды және нақты нәтиже, біз шын жүректен алғыс айтамыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1197723?lang=kk
Қазақстан мен Армения саяси диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда 09.04.2026
Ереван, 2026 жылғы 10 сәуір – Ереванға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурян қабылдады.Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең жылы лебіздері мен ізгі тілектерін Ваагну Хачатурянға жеткізді.Е.Көшербаев Қазақстанда Армения Президентінің қазақ-армян қатынастарын дамытуға қосқан үлесі мен жеке назарын бағалайтынын атап өтті. В.Хачатурянның 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысу туралы шешіміне ризашылығын білдірді.«Армения  Қазақстанның маңызды және сенімді серіктесі болып табылады, онымен бізді тығыз жан-жақты қатынастар байланыстырады.  Бүгінде қазақ-армян байланыстары үдемелі қарқынмен, сындарлы тәсілмен және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайын екендіктері тұрғысында дамып келеді. Бұған жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог, белсенді дамып келе жатқан Парламентаралық және үкіметаралық ынтымақтастық жәрдемдеседі», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Өз кезегінде В.Хачатурян Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Астанада ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммитті өткізудің өзектілігін атап өтті. Армения Президенті экологиялық сын-қатерлерге бірлескен жауаптар іздеуде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы Қазақстанның ұстанымын толығымен бөлісетінін айтты.Кездесу соңында Президент Арменияның дәстүрлі көпғасырлық достық пен өзара сыйластыққа негізделген армян-қазақ қатынастарын одан әрі дамытуға және нығайтуға зор мән беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1197726?lang=kk
"Тауарларды таңбалау және қадағалау" туралы бизнес субъектілерімен семинар жүргізілді 09.04.2026
   📍 2026 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Мемлекеттік кірістер департаменті мен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп – "Тауарларды таңбалау және қадағалау" жөніндегі заңдылығының нормаларын түсіндіруге арналған бизнес субъектілерге семинар жүргізді▫️ 🔹Семинарда департаментінің басқарма басшысы Е.Нурмаханбетов «тауарларды таңбалауға» қатысты негізгі жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, таңбалау жүйесі не үшін қажеттігі: 1) көлеңкелі экономиканы азайту, жалған және заңсыз өнімдер нарықтан шығару үшін; 2) адал бизнес үшін. Барлық кәсіпкерлер тең жағдайда жұмыс істейді; 3) тұтынушыны қорғау. Сатып алушы тауардың сапасына сенімді болады. Қандай туар түрлері таңбалау аясына кіргені (темекі өнімдері; аяқ киім өнімдері;           дәрілік заттар;            киіктің туындылары;   сыра қайнату өнімдері;          мотор майлары); таңбалау жүйесі – тауарлардың айналымы кезінде ашық және нақты уақыт режимінде бақылауда болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бұл тек талап емес, сауданың жаңа, әділ жүйесіне көшу және басқа да бағыттар баяндамамен қамтылды.🔹 Ары қарай, түсіндіру жұмыстарын Департаменттің «Жаңама салықтарды әкімшілендіру» басқармасының бөлім басшысы Б.Қадырбек жалғастырды. Б.Қадірбек өз баяндамасында акцизделетін туарларды таңбалау жөнінде (сыра, темекі өнімдері) жете түсіндірмелерді жасады.  🔹 Сонымен қатар, семинар барысында «Ұлттық тауарлар каталогы» және бақылау кассалық машиналары 2.0.3 хаттамасына көшу жөніндегі мәселелерге түсіндірмелер берілді.🔹Кездесу қортындысымен «Тауарларды таңбалау» бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндаушылар өз құзыры аясында жауаптарды берді.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1197704?lang=kk
Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда 09.04.2026
Рига, 2026 жылғы 9 сәуір - Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесу өткізді.Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, оның ішінде транзиттік бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және мультимодальды логистикалық тізбектерді дамыту мәселелері қарастырылды. Латвия порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға, қазақстандық тауарларды Еуропалық одақ елдеріне жедел жеткізу үшін Латвияның теміржол инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, сондай-ақ жүк айналымы процестерін цифрландыру мен кедендік рәсімдерді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесуге қатысқан Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің тең төрағалары Роман Абенов пен Ринальдс Плявниекс көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар нақты ұсыныстарын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1197706?lang=kk
Қазақстан мен Армения СІМ басшылары ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен жолдарын айқындады 09.04.2026
Ереван, 2026 жылғы 9 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ереванға ресми сапары барысында Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен келіссөздер жүргізді.Тараптар көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі нығайту перспективаларын жан-жақты қарастырды. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастыққа, сондай-ақ транзиттік-көліктік әлеует мәселелеріне ерекше назар аударылды. Үкіметаралық комиссия мен Қазақ-армян іскерлік кеңесі қызметінің маңызды рөлі аталып өтті.«Біз үшін өзара тауар айналымының сапалық және сандық өсуіне жәрдемдесу маңызды міндет. Бұған сауданы әртараптандыру, өзара негізде тауарлардың жаңа түрлерін елдеріміздің нарығына ілгерілету мүмкіндіктерін жасау ықпал етуі мүмкін», – деді Е.Көшербаев.Тараптар Арменияда тіркелген қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын және Қазақстанда жұмыс істейтін 400-ден астам армян компаниясы қалыптастыратын сауда байланыстарын нығайту үшін жақсы негіздің бар екенін атап өтті.Е.Көшербаев әріптесіне Қазақстандағы инвесторларға берілетін түрлі преференциялар пакеті туралы хабарлады. Ол екі елдің әлеуетін біріктіру инвестициялық ынтымақтастықты айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалы және өзара тиімді бағыттарға жатқызылды. Осыған байланысты Қазақстанда «TUMO Astana» армян білім беру орталығының филиалын құру бойынша табысты жоба аталып өтті. Қазақстан СІМ басшысы инновациялық экожүйені дамытуға және отандық технологиялық шешімдерді ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.Серіктестік байланыстардың жаңа және перспективалы бағыттары ретінде атом энергетикасы, фармацевтика, жоғары білім және денсаулық сақтау салалары қарастырылды.Қазақстандық сыртқы саяси ведомствоның басшысы су ресурстарын тиімді басқару саласындағы жаһандық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған БҰҰ жүйесі аясындағы Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына назар аударды.Тараптар өңірлік көлік коммуникацияларымен байланысты мәселелерді де талқылап, транзиттік-логистикалық байланыс Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ нарықтарының интеграциялануы үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Қазақстан мен Армения қалалары арасындағы тікелей авиарейстерді қалпына келтіру мәселелерін шешу серпіні қанағаттанушылықпен айтылды.Сұхбаттасушылар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын салыстырды. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы өзара іс-қимыл аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1197637?lang=kk
О ситуации с приостановлением расходных операции по уведомлениям камерального контроля 09.04.2026
      Комитет государственных доходов в рамках проводимой цифровизации налогового администрирования реализует мероприятия по полной автоматизации процессов камерального контроля.      Автоматизация охватывает весь цикл работы с уведомлениями камерального контроля, включая их формирование, контроль исполнения и неисполнения, а также применение соответствующих налоговых мер. Данная работа направлена на минимизацию человеческого фактора, исключение коррупционных рисков и недопущение необоснованного применения мер налогового администрирования.      Вместе с тем, при внедрении новой методики автоматизации выявлена ошибка, в результате которой произошло необоснованное приостановление расходных операций по банковским счетам по отдельным уведомлениям камерального контроля.      На сегодняшний день указанная ошибка устранена. Проводятся работы по отзыву ранее сформированных распоряжений о приостановлении расходных операций по банковским счетам, часть из которых уже отозвана. Работы будут завершены 10.04.2026 года     Комитет государственных доходов приносит извинения за доставленные неудобства и сообщает, что в настоящее время система функционирует в штатном режиме.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1197644?lang=kk
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары "Батыс" өңірлік қолбасшылығын аралады 09.04.2026
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Ербол Құмарбекұлы "Батыс" өңірлік қолбасшылығына барып, 6655, 5517 және 5546 әскери бөлімдерінің қызметімен танысты.Сапардың мақсаты бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін зерделеу, сондай-ақ жеке құраммен кездесулер өткізу болды.Сапар барысында полковник Ербол Құмарбекұлы әскери инфрақұрылым нысандарын аралап, бөлімшелердің қару-жарақ және техникамен жабдықталу деңгейін бағалады. Сондай-ақ әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау және кәсіптік оқыту мәселелеріне ерекше назар аударды.Сапар аясында Бас қолбасшы орынбасары Орал және Атырау қалаларындағы әскери қызметшілерге арналған казарма құрылысының барысымен танысты. Ол жеке құрамды орналастырудың жайлы әрі заманауи жағдайларын жасау — құқықтық тәртіп әскерінің әскери инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.Сапар қорытындысында тәртіптің, үйлесімділік пен жеке құрам дайындығына жоғары баға берілді.Жұмыс сапары аясында өткен әскери қызметшілермен кездесу барысында қызметтің өзекті мәселелері, қойылған міндеттер мен бөлімшелерді одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1197587?lang=kk
Қазақстан чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары күміс жүлде еншіледі 09.04.2026
  Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде балуандар арасында дзюдо, самбо және қазақ күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.  Біріншілікте еліміздің барлық өңірінен 20 команда құрамында мыңға жуық спортшы бағын сынады. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай М1-ден М9 топтары бойынша өтті. Олардың әрқайсысы жеті салмақ дәрежесінде белдесті.  Турнирде Қарулы күштер өкілдерінің қатарында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары полковник Еркебұлан Түсіпханов лайықты өнер көрсетті.Дзюдо сайысында ол абсолютті салмақта күміс медаль олжалады.  Турнир қорытындысы бойынша Еркебұлан Түсіпханов биыл күзде Босния мен Герцеговинада өтетін кіл мықтылардың әлем чемпионатына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1197609?lang=kk
ШҚО мемлекеттік қызметшілері арасында XIX облыстық Спартакиада басталды: ШҚО бойынша МКД қызметкерлері шахматтан жеңіске жетті 09.04.2026
2026 жылғы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының, облыстық басқармаларының және аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметкерлері арасында XIX облыстық спартакиада басталды.Спорттық іс - шараның бастамашылары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.Спартакиаданы өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін нығайту.Спартакиада аясында волейбол, шағын - футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тарту, садақ ату, баскетбол және қазақ күресі спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылған.Спартакиаданың ашылу салтанаты күні, 7 сәуірде шахматтан жарыстар өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.Жеке есепте 30 қатысушының ішінде Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің басшысы Алмас Чиликпаев құрметті екінші орынды иеленді.Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1197570?lang=kk
Қазақстан мен Сингапур цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылады 09.04.2026
Сингапур, 2026 жылғы 8 сәуір – Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Асқар Куттыкадам Сингапурдың Цифрлық даму және ақпарат министрлігінің Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Чой Ён Конгпен цифрландыру, жасанды интеллект (ЖИ), киберқауіпсіздік және GovTech салаларындағы екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау мақсатында кездесу өткізді.Қазақстандық дипломат цифрландыру мен ЖИ еліміздің жаңа экономикалық моделінің негізіне айналып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, Үкімет алдына алдағы 3 жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде өршіл міндет қойды.Сингапур тарапы Қазақстанның экономиканың барлық салаларында ЖИ технологияларын ауқымды енгізу үшін құқықтық және институционалдық негіз қалыптастырғаны туралы хабардар етілді, оның ішінде «Жасанды интеллектті дамыту туралы» Заң мен Цифрлық кодекстің қабылдануы. Елші жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық құқықтары бекітілгенін ерекше атап өтті, бұл цифрландырудың қарқынды дамуы мен киберқылмыстың өсуі жағдайында аса маңызды.Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі кеңес тиімді жұмыс істеуде.GovTech саласына қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту индексінде Қазақстан 193 мемлекет ішінде 24-орында екені атап өтілді. Сонымен қатар, еліміз онлайн-қызметтердің сапасы бойынша әлемнің үздік ондығына кіреді.Цифрлық инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан Alem.Cloud және AL Farabium суперкомпьютерлік кластерлерін іске қосу, NVIDIA компаниясымен серіктестікте егемен есептеу хабын құру, «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» кешенді жобасын іске асыру туралы ақпарат жеткізілді.Адами капиталды дамыту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2026 жылы Қазақстанда ЖИ университеті құрылатыны атап өтілді.Чой Ён Конг Қазақстанның жетістіктеріне оң баға беріп, өз тарапынан Сингапурдың осы саладағы озық тәжірибесінің жекелеген аспектілері туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, ЖИ жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмысы, «One-North» ғылыми-зерттеу және жоғары технологиялық кластеріндегі жаңа ЖИ паркі, кәсіби құзыреттер мен ЖИ сауаттылығын дамыту, шағын және орта бизнес деңгейінде ЖИ технологияларын енгізуді қолдау шаралары баяндалды.Цифрландыру мен ЖИ саласындағы екі елдің айқын жетістіктері аясында тараптар бірлескен жұмыстың жақсы перспективалары бар екендігі жөнінде ортақ пікірге келді. Осы бағыттағы оң қадамдар ретінде 2026 жылғы наурызда «Singapore Cooperation Enterprise» даму саласындағы ынтымақтастық агенттігі делегациясының Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігі өкілдерімен кездесуі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығының ашылуы атап өтілді.А.Куттыкадам мен Чой Ён Конг 2026 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапурда өтетін салалық халықаралық форумдар мен көрмелерге екі елдің ресми өкілдері мен компанияларының қатысу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты, оның ішінде 2026 жылғы қазанда Астанада өтетін «AI&Digital Bridge» форумы және 2026 жылғы мамырда Сингапурда өтетін «Asia Tech x Singapore» іс-шарасы бар.Халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстан Елшісі сингапур тарапына ЭСКАТО аясында Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты орталығын құру туралы қарардың тең демеушісі ретінде қатысу және 2027-2030 жылдар кезеңіне Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) Кеңесіне Қазақстан кандидатурасын қолдау жөнінде өтініш білдірді.Кездесу соңында А.Куттыкадам сингапурлық серіктестерді өңіріміздің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыруға қатысуға шақырып, Қазақстанның бірлескен жұмысқа, жаңа идеяларға, технологияларға және ұзақ мерзімді жобаларға ашық екенін атап өтті.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-singapore/press/news/details/1197499?lang=kk
Батыр ауылдық округінің әкімі Сауыт Нұрғалиұлының есеп беру кездесуі өтті. 09.04.2026
08.04.2026 күні аудан әкімінің қатысуымен ауыл әкімі Сауыт Нұрғалиұлының есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптарын алды. Ауыл әкімі 2025 жылғы атқарылған жұмыстарымен 2026 жылға жоспарларымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1197417?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды 09.04.2026
  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің басшылығымен қазақстандық әскери делегация Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігінде болды.  Қазақстандықтар Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігі жолында қаза тапқан батырлардың қабірлеріне тағзым етіп, Шәһидтер аллеясына гүл шоқтарын қойды.  Сапар аясында Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – бас директор Агиль Гурбановпен кездесу өтті. Тараптар әскери, әскери-техникалық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.  Делегация мүшелері Бас жедел басқарманың, Халықаралық әскери ынтымақтастық басқармасының, Байланыс және ақпараттық технологиялар бас басқармасының қызметімен танысты. Олар үшін бөлімшелердің құрылымы мен қызмет бағыттары бойынша брифингтер ұйымдастырылды.  Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің Киберқауіпсіздік орталығы мен Н-ші әскери бөлімнің қызметіне ерекше назар аударылды. Бұл бөлімшелердің ерекшелігі – заманауи қару-жарақ жүйелерінің, ақпараттық технологиялар құралдарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасанды интеллект негізінде киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1197451?lang=kk
Белсенді ұзақ өмір орталығына – 1 жыл: нақты нәтижелер мен жүйелі дамудың жаңа кезеңі 09.04.2026
Алматы облысында әлеуметтік саясаттың мазмұны біртіндеп нақты нәтижеге бағытталып келеді. Соның айқын дәлелдерінің бірі – аға буын өкілдеріне арналған «Белсенді ұзақ өмір орталықтарының» жүйелі жұмысы. Бұл бастама жай ғана әлеуметтік қолдау емес, егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді саясаттың бір бөлігіне айналып отыр.Қарасай ауданындағы осындай орталық 2025 жылдың 16 сәуірінде Ұмтыл ауылдық мәдениет үйі базасында ашылған еді. Бір қарағанда қарапайым әлеуметтік нысан болып көрінгенімен, уақыт өте келе оның қоғам үшін маңызы айқындала түсті. Өйткені мұнда зейнет жасындағы азаматтар бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, денсаулығын нығайтып, қоғамдық өмірге қайта араласуға мүмкіндік алды.Орталық жұмысының тиімділігі нақты көрсеткіштерден-ақ байқалады. Алғашқыда 65 адам тіркелсе, бүгінде бұл сан 121. Бұл – халық тарапынан сұраныстың артқанын және жобаның өміршеңдігін көрсететін маңызды көрсеткіш.Бір жылдық мерейтой аясында өткен шаралар да орталық қызметінің мазмұнын аша түсті. Ең бастысы – мұнда келушілер тек көрермен емес, белсенді қатысушыға айналған. Олар ұйымдастыру ісіне араласып, өз бастамаларын ұсынуда. Бұл – орталықтың негізгі мақсатының орындала бастағанының белгісі.Мерекелік күн еңбек терапиясы бағытындағы “Қолдан туған құндылық” көрмесімен басталды. Қатысушылардың қолынан шыққан бұйымдар олардың шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін көрсетті. Кейін концерттік бағдарламаға ұласқан шарада күй күмбірлеп, ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар, орталықтың бір жылдық жұмысын қорытындылаған бейнематериал ұсынылды.Бүгінде мекеме 11 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетеді. Алғаш келген азаматтардың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік белсенділігі төмен болғаны жасырын емес. Көпшілігі цифрлық технологияларды қолдануда қиналып, қоғамнан оқшауланып қалған еді. Алайда жүйелі жұмыстың нәтижесінде жағдай айтарлықтай өзгерген.АҚарасай аудандық “Белсенді ұзақ өмір орталығы” филиалының кеңесшісі Аңса Дүйсенбай- бір жылдың ішінде қызмет алушылар арасында жаңа әлеуметтік байланыстар қалыптасып, олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі артты. Ең маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық сауаттылықтың өсуі. Қатысушылар смартфон, мессенджерлер мен бейнеқоңырауларды еркін меңгеріп, заманауи ақпараттық кеңістікке бейімделе бастаған. Бұл біздің ұжым үшін үлкен жетістік.Бұл өзгерістер – тек статистика емес, нақты адамдардың өміріндегі оң бетбұрыс. Әрбір жаңа дағды, әрбір жаңа байланыс – олардың өмір сапасын арттыруға жасалған қадам.Қорыта айтқанда, Қарасай ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылдың ішінде әлеуметтік жобадан нақты нәтиже беретін тиімді алаңға айналды. Мұнда әр көрсеткіштің артында – адам тағдыры тұр. Ал сол тағдырлардың жақсаруы – атқарылған жұмыстың басты өлшемі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1197456?lang=kk
«Халықтық бухгалтер» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда: кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі бойынша тегін көмек 09.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы жалғасуда және 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.Акция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен 2026 жылғы 5 қаңтарда іске қосылды. Оның мақсаты — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсету. Негізгі міндет — кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің нормаларын дұрыс және қателіксіз қолдануға, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге көмектесу.«Біз салық төлеушілерге бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшіп жатырмыз. “Халықтық бухгалтер” — бұл өз бизнесін адал жүргізетін және оны сауатты, айыппұлсыз және артық тәуекелсіз жүргізгісі келетіндерге нақты қолдау», — деп атап өтті Департаментте. Кім консультация ала алады?- Жеке кәсіпкерлер;- Шағын және орта бизнес субъектілері;- Жаңа салық заңнамасын қолдануда қиындықтарға тап болған барлық азаматтар. Маңғыстау облысындағы қабылдау кестесі2026 жылғы наурыз айынан бастап консультациялар аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының базасында өткізіледі.Қабылдау орны «Халықтық бухгалтер» арнайы белгісімен белгіленген. Консультацияларды кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар және мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жүргізеді. «Халықтық бухгалтерден» не сұрауға болады?- Арнайы салық режимдерін қолдану тәртібі;- Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу ережелері;- Салық есептілігін толтыру және тапсыру;- Электрондық жүйелерде жұмыс істеу («Салық төлеушінің кабинеті» және т.б.);- Айыппұлға әкелетін жиі кездесетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары.Маңғыстау облысының кәсіпкерлері тегін және ыңғайлы форматта білікті көмек алу мүмкіндігін белсенді пайдаланып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1197330?lang=kk
Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзінен: 09.04.2026
Бұл іс-шара Қазақстанда инвестицияларды қорғау – ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін айқын дәлелдейді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты ұстанымды айқындады: инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс.Дәл осы қағидаттар еліміздің заманауи инвестициялық саясатының негізін құрайды.Қазақстан 48 үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастырды.Конституцияға сәйкес прокурорларға заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау функциясы жүктелген, оның аясында біз азаматтар мен бизнестің құқықтарын да қорғаймыз.Бүгінде біз екі мың инвесторға көмек көрсетіп, 30 мың жұмыс орнын қамтитын 250-ден астам жобаның іске қосылуын қамтамасыз еттік.Қазақстан прокуратурасы тікелей Мемлекет басшысына бағынады, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге қабілетті.Инвесторларды қорғау тетігін одан әрі күшейту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас Прокурорға жүктелді (2025 жылғы желтоқсан).🔹 Бас прокуратура базасында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.Өңірлерде мен облыс прокурорларының орынбасарлары деңгейінде инвестициялық прокурорларды тағайындадым.Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады.Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі.Қазіргі уақытта Заңда барлық мемлекеттік органдар үшін «прокурорлық сүзгі» деп аталатын тетік көзделген.Олар прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтатуға, лицензиясын кері қайтарып алуға және өзге де шектеулер енгізуге құқылы емес.Бұл – біздің қадағалау функциямыздың жүзеге асырылуы. Егер мемлекеттік органның шешімі немесе әрекеті заңсыз болса – біз оны жоямыз, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.Егер заңнамада кедергілер болса – олар да жойылатын болады.Мен Комитетке мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерін айқын немесе жасырын кедергілердің бар-жоғына қатысты ревизия жүргізуді тапсырдым.Олар Конституцияда азаматтар мен бизнес үшін белгіленген кепілдіктерді төмендетпеуі тиіс.Бас прокуратура Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Бас Прокурор Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың бизнестің мәселелерін жедел шешудегі негізгі рөлін атап өтті.Штаб нақты қорғау құралына айналды:- 2 жыл ішінде 200-ден астам инвестициялық жоба қаралды.- Жобалардың жалпы сомасы — 100 млрд АҚШ долларынан астам.- Инвестициялық келісімдердің көлемі 15 есеге өсті.«Бұл — инвесторлардың сенімінің көрсеткіші және тиімді үйлестірудің нәтижесі», — деп атап өтті ведомство басшысы.
Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 09.04.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 9 сәуір - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Республикасының Азаматтық авиация министрінің орынбасары Пунит Кансалмен кездесу өткізді.Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Жолаушылар ағынының тұрақты өсуі және тікелей рейстерге сұраныстың артуы осы бағыттағы өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін көрсететіні туралы айтылды.Тараптар қолданыстағы шарттық-құқықтық база, соның ішінде әуе қатынасы туралы келісім және екіжақты уағдаластықтар әуе байланысын дамытуға негіз болып табылатынын.Үндістан Қазақстан азаматтары үшін туристік және іскерлік сапарлар бойынша танымал бағыттардың біріне айналып келе жатқаны, ал Қазақстан үндістандық туристер арасында тартымдылығы артып отырғаны айтылды. 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны шамамен 150 мың адамға жетті. Бұған Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимнің енгізілуі ықпал етті. Қазақстан тарапы Үндістанның Қазақстан азаматтары үшін 30 күнге дейін ақысыз виза енгізу туралы шешімін құптады.Тараптар әуе қатынастарына қатысты мәселелер бойынша екіжақты консультацияларды жалғастыруға мүдделілік танытты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға және туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға өзара дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1197226?lang=kk
Бельгияда Shanyraq Fest Brussels қазақ мәдениеті фестивалінің тұсау-кесері өтті 09.04.2026
Брюссель, 2026 жылғы 8 сәуір – Брюссель қаласында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қазақ мәдениетінің Shanyraq Fest Brussels фестивалінің ресми тұсау-кесері өтті.Бельгия дипломаттар клубымен бірлесіп дайындалған салтанатты ашылу рәсімі Бельгия астанасының беделді орындарының бірі – Корольдік Галль клубында (Cercle Royal Gaulois) өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, құрметті консулдар, іскерлік және мәдени орта өкілдері қатысты.8–11 сәуір аралығында өтетін фестиваль Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан, Бельгия және Еуропалық одақ арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Брюссельдегі Елшісі Роман Василенко Қазақстанның Бельгиямен және Еуропалық одақпен ынтымақтастығының серпінді әрі жан-жақты дамып келе жатқанын атап өтіп:«Осы фестиваль сияқты мәдени бастамалар біздің қоғамдарымыз арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді», – деді.Өз кезегінде Бельгия дипломаттар клубының президенті, Елші Рауль Делькорд мұндай іс-шаралардың мемлекетаралық диалогты дамыту және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.Ашылу рәсімі аясында Астана қаласындағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің концерті өтті. Фестивальге қатысу үшін Брюссельге музыкалық және сахналық өнердің түрлі бағыттарын ұсынатын 40-тан астам талантты қазақстандық әртіс келді. Концерттік бағдарламада қазақ ұлттық және әлемдік классикалық музыканың танымал туындылары орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Shanyraq Fest Brussels фестивалі еуропалық серіктестермен гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған жүйелі саясатты көрсетеді және Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы мәдени алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға арналған перспективалы алаң ретінде қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1197230?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. 09.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1197196?lang=kk
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу 09.04.2026
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 851,19 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 874,71 млрд. теңгені құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 877,09 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 99,39 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 наурызда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,19%, ҚРҰБ депозиттері – 2,93%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,59%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,37%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,06%, МҚҰ – 1,17%.Активтердің 36,21%-ы инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы саналатын эталондық портфельге қатысты инвестициялар портфелін қалыптастыруды көздейтін индекстік басқаруда болады. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,36%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 359,93 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 211,27 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 15,08 млрд теңгені, өзге кірістер 0,56 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,66 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,39%-ды құрады.2026 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 86,06%, РЕПО операциялары – 8,57%, ҚРҰБ депозиттері – 5,36%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 19,48 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,48 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 72,84 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 10,63%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 99,39 млрд теңгеден асады.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 16,52 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,09 %, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 12,34%, ҚР ҚМ МБҚ – 3,22%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,26%, РЕПО – 7,16%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,80%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,13%, МҚҰ – 4,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,02%.Атап кетейік, портфельдің 55,41% теңгемен, 43,52% АҚШ долларымен, 1,06% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,90%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,88 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 26,64%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 6,72%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,97%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 13,52%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,78%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,19%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,03%, ҚРҰБ ноталары – 12,05%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 64,38%-на, АҚШ долларымен 35,62%-на тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,49%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,61 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 21,50%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,13%, РЕПО – 15,46%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,82%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,93%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,19%.  Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,53%-ын, АҚШ долларымен 31,47%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,82%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 6,4 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 24,25%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 15,52%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,21%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 9,02%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 5,44%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,65%, РЕПО – 8,06%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,77%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатарына – 2,56% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 66,68%-ы, АҚШ долларында 33,32%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,65%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.03.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 55,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 18,95%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,13%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,54%, МҚҰ – 12,24%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,05%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,24%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,12%, ҚРҰБ ноталары – 5,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,02%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,89%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,54%, АҚШ долларында – 34,36% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы ақпанға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,29%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.  ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы жинақтар төлемдерге құқық алған кезде инфляция деңгейінен төмен емес сақталуының мемлекеттік кепілдігімен қорғалады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1197182?lang=kk