Қоғам
«КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ» республикалық ата-аналар форумы 15.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ бірлескен 2025 жылдың 11 сәуірінде «Кемелдікке бастар бес қадам» республикалық ата-аналар форумы өтті. Форум барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды.Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері, психологтар мен қоғам қайраткерлері, барлығы 200 ден астам адам қатысты.Форум мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен қоғамдағы бес басты кеселді (есірткі саудасы, лудомания, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық,)отбасы мен бала тәрбиесіне әсерін саралау. Ата-аналармен бірлесе отырып, осы мәселелерді шешудің жолдарын қарастыру, отбасы институтының рөлін нығайту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін тиімді әдістерді талқылау.оқыту және тәрбиелеу процесінде ата-аналар академиясының жұмысына әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу.Форум аясында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, Қырғызстан ғалымы Қиялбек Ақматов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте тағылымды ойларымен бөлісті.Форум барысында пленарлық және секциялық бөлімінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық сынды өзекті мәселелер қозғалды. Лицейдің оқушылары осы қоғамдағы бес кеселмен күресу жолдары бойынша жобаларымен бөлістіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975152?lang=kk
«Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» облыстық тәжірибелік семинар 15.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №45 орта бейіндік мектебі базасында «Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.Семинардың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдеріне құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерін таныстыру, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және оны оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.Семинарда №45 орта бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерінің жүзеге асыру жолдарын көрсетіп, іс -тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға облыстағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/975147?lang=kk
Қауіпсіз терезе акциясы өткізілді 15.04.2025
Қарағанды облысында жылы күндердің келуімен балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу жұмыстары белсенді түрде басталды.Теміртау қаласында блокаторлар, қорғаныс құрылғыларын орнату бойынша "Қауіпсіз терезелер" акциясы өткізілді. Балалармен викториналар, әңгімелер өткізілді, құтқарушылар балаларға әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер мен мінез-құлықтарды ойын түрінде түсіндірді. Ата-аналарға жадынамалар мен буклеттер таратылды.Бұл акциялар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында әр қалада өткізілетін болады.Қарағанды облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/975143?lang=kk
Алматы полициясы жарнама құрылымы бар көлікті басқару ережелерін түсіндірді 15.04.2025
Соңғы уақытта қала жолдарында жарнамалық құрылымдары, оның ішінде электронды дисплейі бар көліктер жиілеп кетті. «Оларды орнату - көлік құралының құрылымын өзгерту, бұл жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін еске саламыз. Жарнамалық жабдықты заңды түрде орнату үшін арнайы рұқсат алу керек. Бұл өзгерістердің қауіпсіздік талаптарын бұзбайтынын растау үшін алдын ала техникалық бағалауды қажет етеді. Сонымен қатар, жарнама құрылымдары белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек. Олар жүргізушілерге кедергі келтірмеуі, жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудармауы немесе жол-көлік оқиғасы кезінде қауіп төндірмеуі керек», - деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.Баяндамашы қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 5 бөлімі және 590 бабы 7 бөліміне сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.«Біз баршаңызды ережелерді сақтауға және қажетті рұқсаттарды уақытылы алуға шақырамыз. Бұл тек сіздің ғана емес, айналаңыздағылардың да қауіпсіздігі», - деді, Асхат Құлбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/975140?lang=kk
Өндірілген алимент бойынша берешек туралы мәліметтер 15.04.2025
Өндірілген алимент бойынша берешек туралы мәліметтерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/975125?lang=kk
ШҚО әкімі Pro Hokei Ligasy финалына жанкүйер ретінде қатысты (фоторепортаж) 15.04.2025
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Спорт сарайында өткен Pro Hokei Ligasy ақтық ойынына «Торпедо» хоккей командасына қолдау білдіру үшін арнайы келді.«Торпедо» (Өскемен) мен «Арлан» (Көкшетау) командаларының арасындағы тартысты ойында 3:2 есебімен қонақтар басым түсті.Келесі матч тағы да Өскеменде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975122?lang=kk
14-20 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 15.04.2025
✅14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатыБіріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.Өтетін орны: Орал қаласы.✅16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңіЖарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Атырау қаласы.✅17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатыЕл чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.Өтетін орны: Астана қаласы.✅17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионатыТурнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогіЖарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Қарағанды қаласы.✅17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатыҚазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.✅18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогіОтандық 8 спортшы өнер көрсетеді.Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.✅18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турниріЕл намысын 13 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.✅19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турниріЖарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.Өтетін орны: Алматы қаласы.✅20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңіҚазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975118?lang=kk
Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды 15.04.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975117?lang=kk
Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік нысандарын аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Маңғыстау облысына жасаған сапары аясында өңірдің негізгі туристік және инфрақұрылымдық нысандарын аралады.Министр ең алдымен Каспий теңізі жағалауындағы курорттық аймақты дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Жылы жағажай» зәкірлік туристік жобасының жүзеге асу барысымен, сондай-ақ Кендірліде салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай арттырып, логистиканы жақсартуға және туристер ағынын көбейтуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов туристер арасында кеңінен танымал өңірдегі бірегей табиғи ескерткіш — Бозжыра шатқалына барды. Министр онда визит-орталық пен қонақ үй кешенін салу жоспарланып отырған орынды қарап шықты. Бұл нысандар экологиялық стандарттарды сақтай отырып, туризмді тұрақты дамыту аясында жүзеге асырылады.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің туристік саласында қол жеткізілген оң нәтижелер аталған жобалардың өзекті әрі маңызды екенін көрсетті.Қазіргі таңда өңірдегі орналастыру орындарының саны 106-ға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 нысанға көп. Жалпы туристік ағын 462 723 адамды құрады (+19%), оның ішінде резиденттер – 419 854 адам (+20%), резидент еместер – 42 869 адам (+6%). Ал төсек-орын саны 8 665-ке дейін ұлғайды (+6%), туристерге көрсетілген қызмет көлемі 18,6 млрд теңгеге жетті (+23%).Сондай-ақ туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 52%-ға артты (2023 жылы — 5,7 млрд теңге).Министр Маңғыстау облысының Қазақстанда туризмді дамыту үшін басым өңірлердің қатарына кіретінін атап өтті. Туристік инфрақұрылымды қалыптастыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану бағытындағы кешенді жұмыс аймақтың туристік тартымдылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975116?lang=kk
Туризм және спорт министрі Ақтаудағы спорт кешенін аралады 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Сапар аясында министр спорт нысанын аралап, спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға куә болды.Министр 2023 жылы пайдалануға берілген BS ARENA заманауи спорт кешені барды. Жалпы ауданы 11 000 м² құрайтын кешен – қала тұрғындары мен спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда түрлі спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.Спорт кешенінің аумағында үлкен футбол және футзал алаңы, теннис корты, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған әкімшілік ғимарат орналасқан. Ішкі бөлігінде волейбол, баскетбол, жүзу секциялары мен жаттығу залы жұмыс істейді. Спорт кешенінің негізгі бағыты – футбол, шағын футбол, баскетбол сынды спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кешенде 600-ге жуық бала мен жасөспірім спортпен тұрақты түрде шұғылданады.Ербол Мырзабосынов өңірдегі спорт инфрақұрылымының даму қарқынына оң бағасын беріп, болашақта спорттық нысандар желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жастарды бұқаралық спортқа тарту – мемлекет үшін стратегиялық маңызды бағыт екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975114?lang=kk
Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытытын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытындысы 15.04.2025
Қарағанды қаласында 2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ғылыми-зерттеу университетінде 9-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.Олимпиадаға облыстық кезеңдердің 173 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау. Сонымен қатар, олимпиада арқылы дарынды балаларды анықтап, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау.Павлодар облысын намысын қорғаған 9 оқушы 5 медальға ие болды: 3 алтын, 1 күміс және 1 қола.Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша алтын медальдарына және І дәрежелі дипломдарына «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11, 10 сынып оқушылары Қайырбек Аяна (мұғалімі Куставлетова А.Б.), Ахмедиева Адия (мұғалімі Жанғазы Г.С.), және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Зубчик Василиса (мұғалімі Осипенко А.М.) ие болды.Күміс медалімен және II дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Бекбулатқызы Бинұр (мұғалімі Осипенко А.М.) иеленді.Қола медаль және III дәрежелі диплом иегері-дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Жуспекова Алина (мұғалімі Жусупова М. У.).«Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасымен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Бондаренко Карина (мұғалімі Сурмий Т.М.) марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/975106?lang=kk
ТЖД қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді 15.04.2025
Өскеменде жеке тұрғын үйдің шатыры жандыКелген өрт сөндіру жасақтары отпен күресуге кірісті. Өрт сөндіру барысында қызметкерлер қауіпті аймақтан 3 газ баллонын алып шықты. Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында өрт 200 ш.м. алаңда сөндіріліп, жалынның көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975105?lang=kk
Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды. 15.04.2025
Қазақ музыка өнерінің дарабозы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорын қалыптастырған ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда "Қазақ музыкасының дарабозы" атты арнайы кеш ұйымдастырылды.Шара барысында композитордың өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланып, оның қазақ музыкасына қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды.Оқушылар Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салып, оның күйлері мен әндерінің ұлттық рухты көтерудегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қызықты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, композитордың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып бейне ролик тамашаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat-ekpin/press/news/details/975099?lang=kk
ШҚО әкімі жұмыс сапары барысында Алтай ауданындағы су тасқынына дайындықты тексерді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапары барысында Алтай ауданына барып, су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, тасқындарға дайындықты тексерді.Соловьево ауылында облыс әкімі Березовка өзені арқылы жаңадан салынған көпір мен бөгетті қарап шықты. Бұл жерде өзен арнасын тереңдету, тазарту жұмыстары және ұзындығы 1000 метрлік бөгетті нығайту шаралары жүргізілген.Сондай-ақ, ол 1968 жылы салынған және ағын суды реттеуге арналған Екінші өзендегі гидротехникалық нысан мен су ағынын реттейтін құрылғылардың (шлюздердің) жай-күйін тексерді. Қазіргі уақытта бұл ГТС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, барлық су өткізу құбырлары тазартылған.Сапар барысында облыс әкімі тасқын қаупі кезеңіне арналған техникалардың дайындығын да бақылап шықты. Алтай ауданында жедел әрекет ету жасағының 105 қызметкері мен 44 техника дайын тұр.– Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Себебі Алтай және Марқакөл аудандарында қар мөлшері өте көп түсті, сондықтан бұл аймақтар ерекше бақылауда. Алтай ауданында су басу қаупі бар аймаққа Богатырев су қабылдағышының бір бөлігі мен 13 елді мекен кіреді. Бұл елді мекендерді қорғау үшін 18 бөгет жасалған, алдын алу шаралары жүргізілді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.Сапар аясында облыс әкімі Алтай қаласындағы екінші өрт сөндіру бөлімшесінің құрылыс орнына да барды. Ол бұл нысанның төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақыты мен қызмет көрсету аумағын арттыру үшін қажеттігін атап өтті.Барлық гидробекеттерде күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауына алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/975068?lang=kk
Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесі бойынша «2018 жылдың үздік педагогі» республикалық конкурсының жеңімпаздары 15.04.2025
№Аты-жөніЖұмыс орны, лауазымы1. Тердікбай КүшайАстана қаласындағы № 9 «Зерде дарынды балаларға арналған мектептің математика пәнінің мұғалімі2. СабанбаеваЖанар МұхаметбайқызыАстана қаласындағы № 68 орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі3. ЖақыповҚабанбай БекетұлыАстана қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының география және қосымша білім беру мұғалімі4. ИбраеваЛаззат ШәріпханқызыАстана қаласындағы № 22 мектептің математика пәнінің мұғалімі5. АрынЕржан ОмарұлыАлматы қаласындағы № 159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі6. СадықоваБахтыгүл СейтсұлтанқызыАлматы қаласындағы № 173 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі7. СүлейменоваМанзура РахматуллақызыАлматы қаласындағы № 69 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі8. ТәуекеловаГүлбану ҚонысбайқызыАлматы қаласындағы № 57 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі9. ЖүнісбековаДана ДүйсебайқызыШымкент қаласындағы М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі10. АлмабековЕрмек АлмабекұлыАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Абылай хан атындағы № 4 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі11. БаймуратоваЗарема МаженқызыАлматы облысы Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталықтың химия және биология пәндерінің мұғалімі12. ҚабдығалиеваАйман ТөлепбергенқызыАлматы облысы Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі13. ЗакироваНазифа АнваровнаАқмола облысы Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп-гимназияның физика пәнінің мұғалімі14. ИскаковаДана МанапқызыАқмола облысы Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаттың химия пәнінің мұғалімі15. СаржановОрынбасарАқтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі16. ҚаражановаГүлсім БуржанқызыАқтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің дефектологы17. ҚыдырбаеваБотагөз ЖенісқызыАқтөбе облысы Хромтау қаласындағы № 6 гимназияның информатика пәні мұғалімі18. МынжасароваГүлназ ІзтілеуқызыМ.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың биология пәнінің мұғалімі19. НурғановаХадиша ЕдресқызыАтырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі20. ЗұлқашеваАйзада ДүйсенбайқызыАтырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның биология пәнінің мұғалімі21. ШаяхметоваҚарлыға ІңкәрбекқызыШығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының география пәнінің мұғалімі22. КивинаЕлена СтепановнаШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі23. БутурлинаТамара СергеевнаШығыс Қазақстан облысы Дарынды балаларға арналған «Восток» зерттеу орталығы-мектеп-кешенінің математика пәнінің мұғалімі24. КиялбековНариман МәлікұлыЖамбыл облысы Тараз қаласындағы Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттың математика пәнінің мұғалімі 25. ПолухинаНаталья АлександровнаЖамбыл облысы Тараз қаласындағы № 24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі26. СүгірбековаҮміт ІзбасарқызыЖамбыл облысы Байзақ ауданындағы № 1 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі27. ВологинНиколай ВасильевичБатыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының С. Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі28. СиражеваСветлана ХаленқызыБатыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандағы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері29. СаматовАбылай МаратұлыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 1 «Білім инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі30. БалапановаҚұндыз СерікқызыҚарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 92 гимназияның биология пәнінің мұғалімі31. ЖақсылықоваӘсемкүл МұқашқызыҚызылорда облыстық дарынды балаларға арналған Е. Әуелбеков атындағы №4 мектеп-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі 32. ПрахнауВиктор ИвановичҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-лицейдің физика және информатика пәнінің мұғалімі33. СейдағалиеваГүлмира ҚасымханқызыҚостанай облысы Жангелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі34. ТарасоваСветлана ВикторовнаҚостанай облысы Лисаков қаласындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі35. СаржановаКүнімкүл АманкосқызыМаңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Оңды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі36. БегейбайДина МедетқызыМаңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 8 орта мектептің герграфия пәнінің мұғалімі37. ДосмагамбетоваСалтанат СейітжанқызыПавлодар облысы Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі38. ТерёшкинаАлина ГенриховнаПавлодар облысы Павлодар қаласындағы № 29 «Мерей» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі39. ЖақсылықоваЖанара ЖұмагұлқызыПавлодар облысы Павлодар қаласындағы №16 мектп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі40. ЕсқалиеваАйнагүл ЖұмабекқызыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Әбу Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі41. ШрайберЕлена ИосифовнаСолтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі42. ЗемляковаЕлена НиколаевнаСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің физика пәнінің мұғалімі43. КаюповаСәбира ЖылгелдіқызыТүркістан облысы Келес ауданы Ә. Жангелдин атындағы № 100 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі44. ЖұмабековАсхат Советханұлы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Семей қаласындағы математикалық бағыттағы филиалының физика пәнінің мұғалімі45. МұнарбаеваДариха Абсаматқызы«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалының Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы филиалының биология пәні мұғалімі46. ҚаппасоваСандуғаш ЕлтайқызыРеспубликалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының «Балдәурен-Қапшағай» филиалының математика пәнінің мұғалімі47. ЖақыповаГүлнара АмангелдіқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының математика пәнінің мұғалімі48. ҚасымоваЛазим ТалғатқызыАстана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалының биология пәнінің мұғалімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/25244?lang=kk
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңесі 15.04.2025
СҚО Жамбыл ауданының әкімі - Азамат Бектасовтың төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.Кеңеске ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың басшылары, облыстың қаржы ұйымдарының өкілдері, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының өкілі, fуыл шаруашылығы техникасын, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын жеткізуші фирмалардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын егу - 303,7 мың га алқапта қамтамасыз етіледі. әртараптандыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар дақыл-қарақұмық алқабы - 2,1 мың га дейін ұлғайтылатын болады.Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 4,4 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 22,8 мың тонна минералды тыңайтқыштар cіңіру жоспарлануда.Аудан әкімі егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, тұқымдарды тексеру, минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шарттар жасасу бойынша уақтылы рәсімдерді жүргізуді, дизель отынын уақтылы жөнелту және жеткізу жөніндегі мәселені ерекше бақылауға алуды және техниканың 100% дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/975057?lang=kk
Ашхабадтағы Наурыз мейрамы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында Наурыз мерекесі аталып өтілді.Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Н.Ноғаев Наурыз халықтарды біріктіруші фактор айта келіп, бұл шараның қазақ-түрікмен достығына әз игі әсеріне тоқталды.Мерекеге Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен Түрікменстандағы басқа да аккредиттелген Елшілік өкілдері, сондай-ақ Түркіменстандағы қандастарымыз қатысты.Елшілік ғиматының жанында киіз үй құрылып, ән шырқалып, күй тартылды. Айта кету керек, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының бір топ артистері Елшіліктің арнайы шақыруымен келген болатын. Өнер иелерін филармония директоры Б.Қалиолла бастап келді. Батысқазақстандық өнерпаздар әсем ән, күмбірлеген күймен мерейлі бас қосудың шырайын келтірді.Жыл басын мерекелеу барысында танымдық дүниелер насихатталып, жиналған қауымға мерекелік дастархан жайылды және ұлттық ас мәзірлері мен Наурыз көже таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi/press/news/details/975044?lang=kk
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталды. Тек бір тәуліктің ішінде шөп өртін сөндіруге шамамен 15 рет шығу тіркелді. Ахуалды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласының ТЖ басқармасы, ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері және еріктілермен бірлесіп, от пен құрғақ шөптің жануынан жиі өрт шығатын бау-бақша учаскелерінде профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Саяжай учаскелерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі және ҚР "Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралы" кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жағдайды бақылау үшін дрон пайдаланылды. Ол биіктен өрт ошағын жедел анықтауға және өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған аумақты тануға мүмкіндік береді.Өңірде өрт қаупін тудырған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.«ШҚО ТЖД мамандары профилактикалық жұмыстарды бастап кетті. Азаматтарға өртпен абайсыз әрекеттердің салдары шөп немесе ошақтан шыққан өрттің тұрғын үйлер мен ғимараттарға таралуына әкелетінін түсіндірудеміз. Өрттің алдын алу және келтіретін залалдан қорғану жолдарын түсіндіреміз», – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржанов.ШҚО ТЖД еске салады: өрт қауіпті кезеңде елді мекендер, ұйымдар мен бау-бақша қоғамдарының аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, қалдықтардан және құрғақ шөптен тазарту қажет. От жағу, қалдықтар мен қалдықтарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, желсіз ауа райында, бақылаумен және өрт сөндіру құралдарының болуы жағдайында жүзеге асырылуы тиіс.Мангалды тек арнайы бөлінген, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда қолдануға болады. Ғимараттар мен құрылыстардан қашықтығы кемінде 10 метр болуы тиіс.Ескерту:От тұтату үшін бензин немесе тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңызМангалда от жаққаннан кейін оны қараусыз қалдырмаңызЖанында өрт сөндірудің бастапқы құралдары: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш болсынОтты сөндіріп, мангалды қақпақпен жабуды ұмытпаңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/975252?lang=kk
Полицейлер түнде көшеде жүрген 34 жасөспірімді анықтады 15.04.2025
СҚО-да тәртіп сақшылары түнгі көшелер мен ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шараларды күшейтті. Жұмыс «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 34 фактісін анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Полицейлердің айтуынша, көктемде жасөспірімдер уақыттарын үйден тыс көбірек өткізуге тырысады және олардың уақыттарын бақылау аса өзекті болып отыр. Қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандармен жасалатын немесе оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға алып келетін негізгі факторлардың бірі.Құқық бұзушылықтар қасақана жасалатын жағдайда арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуге дейінгі ықпал етудің өзге де шаралары қолданылады. Осы мақсатта ЖПІШ аясында Мамлют ауданында 17 жастағы жасөспірім бойынша материалдар сотқа жіберілді. Себеп – ұдайы сабаққа келмеуі және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полицейлер түрлі алдын алу шараларын қолданады. Мысалы, ЖПІШ 2 күнінде 37 оқу орнында құқық бұзушылық жасауға бейімділікті анықтауға бағытталған жасырын сауалнама жүргізілді. Оның нәтижелеріне қарап полиция қызметкерлері мен педагогтар бірлесіп жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/975037?lang=kk
Қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар 15.04.2025
Қостанай облысының прокуратурасы қаруды сақтау фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. Тергеу барысында 2024 жылдың желтоқсанында бұрын сотталған азамат атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алып, тұрғылықты жерінде сақтағаны анықталды.Тінту барысында оның пәтерінен 3 бірлік санында аңшылық атыс қаруы тәркіленді, оның біреуі келте мылтыққа айналдырылды және 200 данадан астам патрондар, оның ішінде «Парабеллум» тапаншасы мен «Калашникова - АК-74» автоматынан атуға арналған патрондар.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287- бабы 3-бөлігі, яғни атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін түсіндіреміз.Жазаның максималды мерзімі-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.Бұл ретте, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Адамды ұстау кезінде, сондай-ақ оларды табу және алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттарды алып қойған жағдайда оларды тапсыру ерікті деп танылмайды. Қаруды ерікті түрде тапсыру үшін кез келген полиция бөлімшесіне хабарласу қажет. "Заң мен Тәртіп"Қостанай облысының прократурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/975014?lang=kk
