Қоғам
Ашхабадтағы Наурыз мейрамы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Ашхабад қаласында Наурыз мерекесі аталып өтілді.Қазақстанның Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Н.Ноғаев Наурыз халықтарды біріктіруші фактор айта келіп, бұл шараның қазақ-түрікмен достығына әз игі әсеріне тоқталды.Мерекеге Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен Түрікменстандағы басқа да аккредиттелген Елшілік өкілдері, сондай-ақ Түркіменстандағы қандастарымыз қатысты.Елшілік ғиматының жанында киіз үй құрылып, ән шырқалып, күй тартылды. Айта кету керек, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының бір топ артистері Елшіліктің арнайы шақыруымен келген болатын. Өнер иелерін филармония директоры Б.Қалиолла бастап келді. Батысқазақстандық өнерпаздар әсем ән, күмбірлеген күймен мерейлі бас қосудың шырайын келтірді.Жыл басын мерекелеу барысында танымдық дүниелер насихатталып, жиналған қауымға мерекелік дастархан жайылды және ұлттық ас мәзірлері мен Наурыз көже таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-turkmenbashi/press/news/details/975044?lang=kk
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауда 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталды. Тек бір тәуліктің ішінде шөп өртін сөндіруге шамамен 15 рет шығу тіркелді. Ахуалды тұрақтандыру және халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында ШҚО ТЖД мен Өскемен қаласының ТЖ басқармасы, ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері және еріктілермен бірлесіп, от пен құрғақ шөптің жануынан жиі өрт шығатын бау-бақша учаскелерінде профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Саяжай учаскелерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керектігі және ҚР "Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралы" кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жағдайды бақылау үшін дрон пайдаланылды. Ол биіктен өрт ошағын жедел анықтауға және өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған аумақты тануға мүмкіндік береді.Өңірде өрт қаупін тудырған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.«ШҚО ТЖД мамандары профилактикалық жұмыстарды бастап кетті. Азаматтарға өртпен абайсыз әрекеттердің салдары шөп немесе ошақтан шыққан өрттің тұрғын үйлер мен ғимараттарға таралуына әкелетінін түсіндірудеміз. Өрттің алдын алу және келтіретін залалдан қорғану жолдарын түсіндіреміз», – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржанов.ШҚО ТЖД еске салады: өрт қауіпті кезеңде елді мекендер, ұйымдар мен бау-бақша қоғамдарының аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, қалдықтардан және құрғақ шөптен тазарту қажет. От жағу, қалдықтар мен қалдықтарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, желсіз ауа райында, бақылаумен және өрт сөндіру құралдарының болуы жағдайында жүзеге асырылуы тиіс.Мангалды тек арнайы бөлінген, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда қолдануға болады. Ғимараттар мен құрылыстардан қашықтығы кемінде 10 метр болуы тиіс.Ескерту:От тұтату үшін бензин немесе тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңызМангалда от жаққаннан кейін оны қараусыз қалдырмаңызЖанында өрт сөндірудің бастапқы құралдары: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш болсынОтты сөндіріп, мангалды қақпақпен жабуды ұмытпаңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/975252?lang=kk
Полицейлер түнде көшеде жүрген 34 жасөспірімді анықтады 15.04.2025
СҚО-да тәртіп сақшылары түнгі көшелер мен ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шараларды күшейтті. Жұмыс «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 34 фактісін анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Полицейлердің айтуынша, көктемде жасөспірімдер уақыттарын үйден тыс көбірек өткізуге тырысады және олардың уақыттарын бақылау аса өзекті болып отыр. Қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандармен жасалатын немесе оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға алып келетін негізгі факторлардың бірі.Құқық бұзушылықтар қасақана жасалатын жағдайда арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуге дейінгі ықпал етудің өзге де шаралары қолданылады. Осы мақсатта ЖПІШ аясында Мамлют ауданында 17 жастағы жасөспірім бойынша материалдар сотқа жіберілді. Себеп – ұдайы сабаққа келмеуі және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін полицейлер түрлі алдын алу шараларын қолданады. Мысалы, ЖПІШ 2 күнінде 37 оқу орнында құқық бұзушылық жасауға бейімділікті анықтауға бағытталған жасырын сауалнама жүргізілді. Оның нәтижелеріне қарап полиция қызметкерлері мен педагогтар бірлесіп жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/975037?lang=kk
Қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар 15.04.2025
Қостанай облысының прокуратурасы қаруды сақтау фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті. Тергеу барысында 2024 жылдың желтоқсанында бұрын сотталған азамат атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алып, тұрғылықты жерінде сақтағаны анықталды.Тінту барысында оның пәтерінен 3 бірлік санында аңшылық атыс қаруы тәркіленді, оның біреуі келте мылтыққа айналдырылды және 200 данадан астам патрондар, оның ішінде «Парабеллум» тапаншасы мен «Калашникова - АК-74» автоматынан атуға арналған патрондар.Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287- бабы 3-бөлігі, яғни атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қару мен оқ-дәрілерді сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін түсіндіреміз.Жазаның максималды мерзімі-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.Бұл ретте, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Адамды ұстау кезінде, сондай-ақ оларды табу және алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттарды алып қойған жағдайда оларды тапсыру ерікті деп танылмайды. Қаруды ерікті түрде тапсыру үшін кез келген полиция бөлімшесіне хабарласу қажет. "Заң мен Тәртіп"Қостанай облысының прократурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/975014?lang=kk
Қаланың келбетін бұзып, рұқсатсыз ілінген жарнамалар осылай тазартылатын болады 15.04.2025
Қосшы қаласы әкімдігінің тиісті мамандары бұл жұмысты мықтап қолға алды.Қаланың көркіне, әдемі келбетіне жауаптылықпен, ұқыптылықпен қарау -баршаның міндеті!#Өз_қалаңды_құрметте#Қосшы_қаласы#қосшы_ортақ_үйімізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/974998?lang=kk
Өскемен қаласының Б.Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының жабылу салтанаты өтті 15.04.2025
Қорытынды бойынша Ақмола облысы бірінші орынды жеңіп алды.Жарыстар ақпан айынан сәуір айына дейін 13 спорт түрінен өткізілді.Қорытынды барлық спорт түрінен спортшылар жеңіп алған алтын медаль саны бойынша жасалды.Ақмола облысының қоржынында 29 медаль, оның ішінде: 16 алтын, 9 күміс және 4 қола, екінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді, ал Қостанай облысы үшінші орыннан көрінді.Естеріңізге сала кетейік, Спартакиаданың салтанатты ашылуы 18 наурыз күні Щучинск қаласында болды, дәл бұл жерде ақмолалық спортшылардың ең жарқын жеңістері басталған еді.Спартакида – бұл ел ауқымындағы кіші Олимпиада ойындары, себебі төрт жылда бір рет өтеді!Өткен Спартакиадада Ақмола облысы 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болған еді, ал биыл тұғырдың жоғарғы мінбесіне жайғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/974994?lang=kk
ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы партия жетекшілерімен кездесу өткізді: өңірдің өзекті мәселелері талқыланды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бурахан өңірдегі саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар қоғамды толғандырып отырған бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады.Талқылаудың басым бағыттарының бірі – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары болды. Кездесуге қатысушылар жастарға патриоттық тәрбие беру мен тарихи жадымызды сақтау маңызды екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындаған әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылды. 2024 жылы Мемлекет басшысы қауіпсіз және дені сау қоғам құру үшін шешуді талап ететін бес басым мәселені бөлді: нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық. Бұл мәселелер де талқылаудың тақырыбына айналды және олардың шешілуі өңірдің одан әрі дамуы үшін маңызды деп танылды.Сондай-ақ алаңдатарлық үрдіс – киберқылмыстар санының артуы да сөз болды. Жиынға қатысушылар цифрлық кеңістіктегі азаматтардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, интернет-қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастырды.«Таза Қазақстан» экологиялық жобасына ерекше назар аударылды. Экологиялық мәдениетті арттыру және экологиялық мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдардың, партиялар мен халықтың күшін біріктіру қажеттілігі айтылды.Сонымен қатар, өңірді дамытуға, азаматтық қоғамды нығайтуға және халықтың әлеуметтік маңызы бар үдерістерге белсенді қатысуын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар талқыланды.Кездесу сындарлы сипатта өтіп, билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтудың кезекті қадамы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/974987?lang=kk
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДА 15.04.2025
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – ӘКІМ НАЗАРЫНДАБүгін аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Бұл – жыл басынан бері өткізілген 6-шы қабылдау. Осы кезеңде жалпы 56 азаматтың 67 түрлі өтініші қаралған.Бүгінгі қабылдауға келген 13 азаматтың 4 мәселесі қабылдау барысында оң шешімін тауып, қалған өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берілді.Қабылдаулар барысында пәтер және жеке тұрғын үй салуға жер телімін беру мәселесі жиі көтерілетіндігін атап өткен жөн. Аталған сұрақтар заң талаптарына сәйкес, тек кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.Айта кетерлігі, соңғы екі жылда кезекте тұрған 240 азамат мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үймен қамтылды. Бұдан бөлек, өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 22 азамат, «Әулиеата жастары» жобасымен 2 азамат, ал «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша соңғы үш жылда 29 отбасы баспаналы болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/974983?lang=kk
ТЕМІР –КӨПІР АУЫЛЫНДА ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ. 15.04.2025
Темір-көпір ауылында шағын орталық ашылды. Әзірге орталыққа 3-5 жас аралығындағы 11 бүлдіршін қабылданған. Жергілікті билік өкілдері мен жауапты мекемелер ауылдағы ескі мектептің техникалық күйін зерделеп, шағын орталық ашу жөнінде шешім қабылдаған. Нәтижесінде, қысқа мерзімде бос тұрған ғимараттың іші жөнделіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды.Қазіргі таңда орталықта бүлдіршіндердің ойнап, білім алуына барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер жұмысқа алынған. Балаларға арналған ойыншықтар мен оқу құралдары жеткілікті. Бөлмелер жылы әрі жарық, төсек-орындары жаңа. Шағын орталық 25 балаға шақталған, әзірге 11 тәрбиеленуші келіп жүр.Шағын орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып қайтты. Ауыл тұрғындары шағын орталықтың пайдалануға берілуіне атсалысқан жандарға алғыстарын білдірді. Бұл бастама балалардың тәрбиесі мен дамуына оң әсерін тигізетінін айтуда.«Өткенде облыс әкімі келгенде шағын балабақша керек деп айтып едік. Сол орталық ашылып, балаларымызды қуантып жатыр. Бұл — біздің ауыл үшін үлкен қуаныш», — дейді ауыл тұрғыны Разия Қожантаева.Айта кетейік, жыл басында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Темір-көпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп халық игілігіне берілді. Бүгінгі күні ауылда 47 түтін бар, 150 адам тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/974979?lang=kk
Ақтөбе қаласының дамуы мен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды 15.04.2025
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы қаламыздың дамуы мен 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы мәслихат депутаттарына баяндады.2025 жылға қала бюджеті 175,3 млрд.тг. көлемінде бекітілді. Оның ішінде қалалық бюджет – 132,8 млрд.тг., қалғаны Ұлттық қордан, Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген трансферттер.Транспорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатына 31,8 мдрд.тг. бөлініп, 49 жоба жүзеге асырылмақ:3 күрделі жөндеу - Оңтүстік-батыс 1 және 2 тұрғын алаптарындағы жолдар, Телефонная көшесі18 көшеде орташа жөндеу28 жаңа жоба – жол құрылысы бойынша (Шилісай, Қызылжар-3, Астана, Бауырластар-1,4, Жаңақоныс-3,4, Жарық, Өрлеу, Ақжар-2, Кірпішті, Шестихатка)Инженерлік коммуникациялардың құрылысына 12,8 млрд.тг. бағытталған:7 тұрғын алаптарда электрмен жабдықтау желілерін салу (Жаңаауыл, Рауан, Сазды-3, Сарбаз, Оңтүстік-батыс, Жаңақоныс-4, AKTOBECITY)7 тұрғын алаптарда газ желілерін салу (Ақжар плюс, Сазды-3, Рауан-2, Жаңақоныс-4, Оңтүстік батыс, Жаңаауыл, Баянауыл)8 тұрғын алаптарда сумен жабдықтау желілерін, сорғы станцияларын салу (Шилісай-1, 2, Парасат, AKTOBECITY, Думан, Қарғалы, Жаңақоныс-5, Рауан-2)Биыл 50 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары аяқталып, тағы 50 аулада жұмыстар басталады.Жаңақоныс тұрғын алабында мәдениет үйі, ангар типті спорт ғимараты, 140 пәтерлік жатақхана құрылыстары, Қоныс СС аумағындағы алаңды абаттандыру жұмыстары аяқталмақ.Сондай-ақ Ақтөбеде биыл демеушілердің қолдауымен 11 бос учаске абаттандырылып, саябақтар мен аллеяларға айналады. Олардың қатарында: Алтын Орда ауданында, М.Шоқай мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысындағы аумақ, М.Маметова көшесінің бойындағы “Керуен” ОСО қарсы беттегі бос жатқан учаскесі, Есет батыр тұрғын алабында мектеп пен көпқабатты үйлердің арасындағы бос кеңістік, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы (Космос аялдамасы) жер телімі, Автовокзал ауданы, Пацаев ескерткішінің артындағы жер (Әбілқайыр хан даңғылында), Сәңкібай батыр даңғылындағы учаске (Шинторг центр ауданында), “Теңге” сквері, “Дастан” қонақ үйі ауданы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/974976?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ 15.04.2025
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. Кешенді жарыс 24 ақпан мен 1 қазан аралығында спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұндай жарыстар жас спортшылар үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.«Баршаңызды киелі Түркістан топырағында көргеніме қуаныштымын! Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарына қош келдіңіздер! Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы спорт саласының дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде отандық спорттың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Ал Жастар спорт ойындары сияқты кешенді іс-шаралар отандық спортты жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. Сондай-ақ жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Биылғы бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан ең үздік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін», – деді Туризм және спорт министрі.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті.«Тарихи шаһарға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін Түркістан қаласында VІ Жастар ойындары басталды. Бұл – ел болашағы саналатын жастарымыздың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондар тәрбиелейтін маңызды жарыс. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам жас спортшы қатысуда. Ал Түркістан облысынан спорттың 34 түрінен 300-ден астам спортшы қатысады. Мұндай ірі іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Себебі аймақта спорт инфрақұрылымы жақсы дамып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталды. 2025 жылы заманауи үлгідегі 51 спорттық нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде атшабар мен ескек есу каналы бар. Сіздер спорт сайыстарында облыс қана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғайсыздар. Бұл жарыс арқылы үлкен белестерге қадам жасайсыздар. Араларыңыздан Әлем, Олимпиада чемпиондары шыға берсін! Баршаңызға әділ бәсеке, сәттілік және жарқын жеңістер тілеймін!», – деді Нұралхан Көшеров.VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.Биылғы Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық құрама команданы жасақтау және халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2025 жылы Бахрейнде өтетін жастар арасындағы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында өткізілуде.Сондай-ақ министр Түркістан облысына сапары барысында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974968?lang=kk
Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі атты аудандық байқауы өтті 15.04.2025
⚡️10-11 сәуір күндері Ақсай қаласының №4 «Айгөлек» бөбекжайының базасында ауданның мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында "Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі" атты аудандық байқауы өтті. Мақсат—мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың жаңа, заманауи тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату. Оған ауданның мектепке дейінгі ұйымдарынан 13 педагог қатысты. Қорытынды бойынша⬇️🏆Бас жүлде - №2 ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Кенжеалиева Ж.Е🥇І орын – №3 ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Титаренко Л.Г🥈ІІ орын – №4 «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Хабиева А.Х🥈ІІ орын – №5 «Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі Кисель Л.П🥉ІІІ орын – №3 «Гүлдер» бөбекжайының тәрбиешісі Джуманиязова Г.М🥉ІІІ орын – №7 «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі Туресаева У.Б🥉ІІІ орын – №4 ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Султанбаева Р.С🥉ІІІ орын – «Арай» бөбекжайының тәрбиешісі Кусабаева Ш.С«Жаңашыл педагог» номинациясы – «Арман» бөбекжайының тәрбиешісі Левина Л.Ю«Креативті педагог» номинациясы – №9 «Наурыз» бөбекжайының тәрбиешісі Лайкова А.З«Іскер педагог» номинациясы – №8 «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі Мендибаева Н.М«Өнерлі педагог» номинациясы – №1 бөбекжайының дене тәрбиесі нұсқаушысы Әділова А.К«Іскер педагог» номинациясы – №2 бөбекжайының тәрбиешісі Шаймаганбетова М.К иеленді. «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының облыстық кезеңіне №2 ЖОББМ мектепалды сынып тәрбиешісі Жайнагуль Ересовна Кенжеалиева жолданды.Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/974965?lang=kk
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ 15.04.2025
📌2025 жылғы 11-сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Тәрбие теориясы және әдістемесі» орталығының үйлестіруімен онлайн форматта білім бөлімі басшыларымен кездесу өтті. Бұл жиын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығына және Мемлекеттік кеңесшінің 2024 жылғы 14 қарашадағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылуын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.🔹Онлайн кездесуде Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Тржанова Айымгуль Максутовна «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде презентация форматында жан-жақты есеп беріп, атқарылған жұмыстар және жетістіктермен бөлісті.Бұл бағдарлама – жас ұрпақты ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам.📌 Еліміздің жарқын болашағы үшін тәрбие жұмысының жүйелілігі мен сапасы басты назарда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/974964?lang=kk
ТЖД құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы Винное ауылы Ленин көшесі бойындағы жеке тұрғын үй аумағында 214 ш.м. алаңда үй шатыры мен шаруашылық құрлысында өрт шықты.Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.ТЖД ескертеді: өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз - өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/974953?lang=kk
Жастар. Энергия. Болашақ: Қостанайда есірткіге қарсы форум өтті 15.04.2025
Қостанай облысы Полиция департаменті мен аймақ прокуратурасының бастамасымен "Жастар сарайы" мәдени орталығында " Жастар. Энергия. Болашақ" атауымен жастар форумы өтті. Кездесудің басты тақырыбы жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу болды.Іс-шара қаланың әртүрлі оқу орындарынан мыңға жуық оқушылар мен студенттерді жинады және жастар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасындағы ашық диалог үшін маңызды платформа болды.Негізгі бағдарлама басталғанға дейін форумға қатысушылар арнайы техника, криминалистикалық зертхана және жауынгерлік қару-жарақ ұсынылған арнайы көрмеге қатысты. Мұның бәрі Полиция департаментінің аймақтағы есірткі қылмысына қарсы күресті қалай жүргізіп жатқанын айқын көрсетті.Іс-шараның орталық бөлігіне Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин, облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Жолдыбай Метаев, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Альфия Мұсабаева, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің бірінші проректоры Дастан Беков, облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог-наркологы Гүлсім Бисімбаева қатысты.Іс-шара спикерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың статистикасымен бөлісті, осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың жас шектері мен мерзімдерін еске салды. Сондай-ақ, олар есірткі заттарының адам ағзасына зиянды әсері және оларды қолданудың ықтимал теріс салдары туралы айтты.Ашық диалог барысында студенттер маңызды және өзекті сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты: есірткімен күресу үшін қандай шаралар қабылданады, әр адам нашақорлықтың алдын алуға қалай қатыса алады және осы салада заңды бұзғаны үшін қандай құқықтық салдарлар бар секілді сұрақтар қойылды."Нашақорлық-бұл таңдау емес, тұзақ. Ол денсаулықты ғана емес, адамның психикасын да бұзады. Есірткіні сақтау, олардың санына қарамастан, әрқашан қылмыс ретінде қарастырылады. Әрбір бірінші қолдану-бұл тұзаққа қадам. Есірткіге сіздің өміріңізді бұзуға мүмкіндік бермеңіз", - деді Ерлан Файзуллин.Сондай-ақ, форумда "Есірткіге қарсы үздік бейнеролик" шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар: үшінші орынды Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студенті Денис Никитин, екінші орынды Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенті Никита Гирш, ал бірінші орынды Политихникалық Жоғары колледждің студенті Ольга Сабакарь алды. Барлық жүлдегерлер естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.Сондай-ақ, есірткіге қарсы фильмдер мен әлеуметтік роликтерді өз еркімен түсірген азаматтық белсенділер атап өтілді: Әнуар Бұкабаев, Workspace бейне студиясының жетекшісі, "Есірткі курьері" фильмінің авторы және есірткіге қарсы тақырыпта 5 әлеуметтік бейнеролик түсірген Ілияс Қапанов бар.Форум биліктің, білім беру мекемелерінің және белсенді жастардың күш-жігерін біріктіре отырып, Қостанайдың қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Ол тек бірлескен жұмыс пен ашық диалог есірткі қаупіне тиімді қарсы тұруға және жауапты ұрпақты қалыптастыруға көмектесетінін көрсетті."Жастардың энергиясы-болашақтың энергиясы. Оны дамыту, құру және жауапкершілік жағына бағыттау маңызды", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/974939?lang=kk
Жылыту маусымының аяқталуы бойынша штаб отырысы өтті 15.04.2025
Таразда жылыту маусымы 14 сәуір күні аяқталадыТараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымының аяқталуы бойынша штаб отырысы өтті.Ең әуелі Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев жылыту кезеңінің өту барысына кеңінен тоқталды.– Шаһардағы отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеп, жылу көздерінде температуралық кесте сақталуда. «QAZAQGAZ AIMAQ» кәсіпорнымен жасалған келісім-шарттарға сай жылу өндіруші кәсіпорындарға табиғи газ тұрақты жеткізілуде.«Қазгидромет» мекемесі ұсынған сәуір айына арналған ауа райы болжамына сәйкес, сәуірдің 11-і мен 13-і аралығында күндіз +27°C-қа дейін, ал орташа ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Одан әрі 14-і мен 18-і аралығында күндіз +10°C-қа дейін, ал орташа ауа температурасы +7°C-қа дейін төмендейді деп болжануда, – деген Ғабит Серғазыұлы ауа райы болжамына сәйкес температураның бірқалыпты тұрақталуына байланысты жылыту маусымын сәуір айының 14 күні аяқтауды ұсынды.Бұдан кейін «Таразэнергоорталық» мекемесінің бас инженері Әбутәліп Серікбаев пен «ТаразТрансЭнерго» мекемесінің директоры Арман Бектибаев та күн тәртібіндегі мәселе жөнінде баяндама жасады.Шаһар басшысы өз кезегінде келесі жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін қадап айтты.– Шын мәнінде биыл жылыту маусымы қалыпты өткенімен, кемшіліктер де кездескенін жоққа шығара алмаймыз. Тұрғындар тарапынан да біршама арыз-шағым түсті. Сондықтан келесі жылыту маусымының дайындығын осы бастан қолға алу қажет. Ең әуелі емхана, мектеп секілді әлеуметтік нысандардың жылу желілеріне баса назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ жатақханалардың жағдайы да назардан тыс қалмауы қажет. Сол себепті жылыту маусымы аяқталғаннан кейін орын алған әрбір кемшілік бойынша тиісті сараптама жүргізіліп, кешенді жоспар түзілгені жөн, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/974928?lang=kk
Қаратал ауданындағы мектептің күрделі жөндеуіне мониторинг 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті әлеуметтік нысандардың құрылысына мониторинг жүргізуде.Әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылау шеңберінде, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде мониторингтік топ Қаратал ауданының Тастөбе ауылына барды, онда Жамбыл атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.Мониторингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Тимур Темірәлиев, Жетісу облысы құрылыс басқармасының өкілдері, «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы, техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер қатысты.Тексеру барысында Жетісу облысы құрылыс басқармасының өкілдері қазіргі уақытта ғимаратты күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мердігер ұйым – «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС анықталды, жөндеуге шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді.Күрделі жөндеу 2025 жылдың үшінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.Осындай мониторингтерді жүйелі түрде жүргізу бюджет қаражатының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Азаматтық белсенділер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мұндай іс-шараларға қатысуы қоғамдық өмірдің барлық саласында адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды фактор болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/974903?lang=kk
Қазақстан мен Ресей энергетикалық ресурстар транзиті және стратегиялық серіктестікті талқылады 15.04.2025
ҚР Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері қозғалды.Талқылау Қазақстанның мұнай және газ құбырларының транзиттік әлеуетін кеңейту мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік пен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру нұсқалары қарастырылды. Күн тәртібіне ОПЕК+ аясындағы үйлестіру, электр энергиясы, гидроэнергетика, жаңартылған энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық, мұнай-газ жобаларындағы компаниялардың қатысуы және бейбіт атом мен қаржылық-банктік сектордағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктері не қатысты жалпы энергетикалық ынтымақтастық мәселелері кірді.Кездесу барысында сондай-ақ, жаңа жылу электростанцияларын салу жобаларын қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ҚР-ның ұлттық басымдықтары талқыланды. Оның жүзеге асырылуына әсер ететін негізгі факторлар мен қаржыландырудың қолайлы шарттары мәселелері де көтерілді. Тараптар көмір генерациясындағы технологиялық шешімдер жөнінде пікір алмасты.«Біз Ресейлік әріптестерімізбен энергетикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша мазмұнды және конструктивті диалог өткіздік. Қазақстан үшін өз энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеткізілімнің сенімділігін арттыру және саланы жаңғырту жоспарларын жүзеге асыру – басты басымдық болып табылады. Барлық бірлескен жобалар мен бастамаларды экономикалық тиімділік пен өзара пайда негізінде ұлттық мүдделер аясында қарастырамыз», – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кездесудің қорытындысында.Тараптар стратегиялық серіктестік пен конструктивті ынтымақтастыққа деген ұстанымдарын тағы бір мәрте атап көрсетті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында барлық талқыланған мәселелер бойынша белсенді диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/974893?lang=kk
КЕНТАУДА АҚЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ 15.04.2025
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының 70 жылдығына орай «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әр шаңырақты берекесіне айналған әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болатын.Байқауға қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. Әжелеріміз ән де айтты,би де биледі. Сайыс өте қызықты, өз деңгейінде өтті.Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сагинбекова әже атанса, ІІ орынды Үрзада Құралбаева әже, ІІІ орынды Орал Абишева әже иеленді. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты ақжаулықты әжелер байқауына белсене қатысқан әжелер арнайы номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/974868?lang=kk
Мемлекеттік еңбек инспекторларына түсіндіру жұмыстары. 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізді.Іс-шара барысында жоспардан тыс тексерулерді тіркеу және жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер түсіндірілді. Тексерулер жүргізу мерзімдеріне, оларды ресімдеу тәртібіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде барлық рәсімдердің сақталуына ерекше назар аударылды.Аталған кездесулер мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/974831?lang=kk
