Қоғам
ОРАЛДА 76 ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ 15.04.2025
📚🥇🥈🥉Орал қаласында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндерінен өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен іріктелген 163 оқушы қатысты. Нәтижесінде 76 оқушы жүлдегер атанып, 39 қола, 21 күміс және 16 алтын жүлде жеңіп алды.Марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафиуллин қатысты.💬 «Құрметті жас дарындар, әділ-қазылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздерді батырлар мекені, шешендер мен ағартушылардың туған жері Батыс Қазақстан облысында қош көрдік! Бұл өңір қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың, оның ішінде Ғұмар Қараш, Шангерей Бөкеев, Қаныш Жұмалиев, Елеусін Бұйырынов, Серікқали Шарабасов, Шолпан Қыдырниязова, Ақұштап Бақтыгереева сынды ұлы адамдардың шығармашылығымен танымал. Олар қазақ әдебиетінің маңызды кезеңдеріне жол ашып, ұлттық руханиятымызды байытты. Құрметті олимпиадаға қатысушылар, барлық ғылымның бастауында ана тілі тұратынын ұмытпаңыздар. Сіздер де жоғарыда аты аталған ата-апаларымыз сияқты өз білімдеріңіз бен таланттарыңызды еліміздің көркеюіне жұмсайтын боларсыздар, - деп сенемін. Барлықтарыңызды бүгінгі жетістіктеріңізбен құттықтаймын!» - деді өз сөзінде Елдос Набиоллаұлы.📜Алты жеңімпазға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорлық білім гранттары табысталды.💬«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Әкімгерейқызы Каркулова Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне, облыстық білім басқармасына, «Дарын» қосымша білім беру орталығына, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей ұжымына олимпиаданы жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өтуіне қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыстың ардагер ұстаздарына «Дарын» РҒПО алғыс хаттарын табыстады.�Барлық қатысушыларға, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар берілді.💐Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз!“Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы” IT мамандары республикалық олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында платформа жасақтады. Осы платформадан олимпиада күнделігін және барлық фото, видео материалдарды көре аласыздар.https://itc.edu.kz/kk/olymp2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/970930?lang=kk
Соғыс ардагері белгісімен марапатталған 15.04.2025
Қапан Мұқанов 1928 жылы 17-қаңтарда құм бойындағы "Қотан ши" деген жерде дүниеге келген.Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы 13 жаста болған. Сол уақыттан бастап колхозда күндіз-түні еңбек еткен. Жерге тұқым себу, егін егу, түйе, өгіздерге соқа жегіп, жер жыртқан. Егіннен алған өнімдерді жинап, Шалқар қаласындағы астық қабылдау пунктіне түйе арбалармен апарып тапсырған. Сонымен қатар жазда шөп шауып, шабылған шөптерді тырмалап, шөмеле жасап, баздарға тасыған. Мал су ішетін құдықтарды қолмен қазып, малдарды қолмен суарған. Тіпті техниканың атқаратын жұмыстарын 4 жыл бойы қолмен атқарған. Соғыс кезіндегі ерен еңбегі ескеріліп, I санатты "тыл ардагері" атағы беріліп, соғыс ардагері медалі тапсырылған. 1942 жылдың қаңтар айына дейін 7 класс оқып, сол қаңтар айынан бастап 1950 жылдың қыркүйек айына дейін №8 ауыл "Қызылту" колхозында колхозшы болып еңбек етеді. 1950 жылдың қыркүйек айынан 1955 жылдың сәуір айына дейін №8 "Алғабас" ауыл советінің секретары болып жұмыс істеген. 1955 жылдың сәуір айынан 1964 жылдың мамыр айына дейін №8 ауыл советі "Қызылту" колхозында қой, сиыр, жылқы фермаларының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Сол жылдың мамыр айынан 1965 жылдың мамыр айына дейін №3 фермада трактор бригадасының есепшісі болған. 1965 жылдың мамыр айынан бастап 1991 жылдың қазан айына дейінгі аралықта Жаңақоныс совхозында құрылыс бухгалтері, ал соңғы 3-4 жылдықта орталық қойма меңгерушілігін қоса атқарды. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 40-50-60-65-70 жылдық мерекелік медальдарымен, Еңбек ардагері медалымен және де «соғыс ардагері» төсбелгісімен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/970916?lang=kk
Батыс Қазақстанда жаңа «Rusboat» қайығы 15.04.2025
Төтенше жағдайлар департамент теңгеріміне полициямен өзара әрекет ету және облыс әкімдігінің қолдауымен жаңа қайық алынды.«Rusboat» моторлы қайығы заманауи, сенімді және суда жылдам әрекет етуге бейімделген жүзу құралы болып табылады.Бұл құтқарушылардың техникалық базасын нығайту, су айдындарында алдын алу және ден қою шараларын күшейтуге мүмкіндік береді. БҚО ТЖД Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/970905?lang=kk
Өскемен мәслихаты аппаратының қызметкерлері қаланы абаттандыру жөніндегі бастамаға қосылып, жалпықалалық сенбілікке қатысты. 15.04.2025
Өскемен мәслихаты аппаратының қызметкерлері қаланы абаттандыру жөніндегі бастамаға қосылып, жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында Якутская көшесі мен Грузинская көшесіндегі көшелерді, аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізді. Табиғатты қорғау-біздің ортақ міндетіміз! Бірге өмір сүру ортамызды таза және жайлы етейік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/970903?lang=kk
Талап ауылында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті 15.04.2025
Талап ауылында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/talap-zhezkazgan/press/news/details/970893?lang=kk
Электр желілерін қауіпті қолдануы ӨРТКЕ әкеледі! 15.04.2025
Өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі-электр тізбегіндегі қысқа тұйықталу. Бұл желіге ақаулы электр құрылғысы қосылғандықтан немесе сымның оқшаулануы бұзылғандықтан болуы мүмкін, бұл екі өткізгіштің қосылуына және олардың температурасының күрт өсуіне және кейіннен жануға әкеледі. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу нәтижесінде жақын маңдағы жанғыш материалдарды тұтататын ұшқындар жиі пайда болады. Егер сіз электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтасаңыз, мұндай жағдайды болдырмауға болады.Өрттер мен қайғылы салдардың алдын алу үшін Шемонаиха ауданының ТЖБ өрт қауіпсіздігі ережелерін келесі қағидаларын сақтауды ұсынады:- ақаулы электр жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады;- зақымдалған немесе қорғаныс қасиеттерін жоғалтқан оқшаулағышы бар сымдар мен кабельдерді пайдалануға болмайды;- жылыту, кептіру және тамақ дайындау мақсаттары үшін зауытта (қолдан жасалған) дайындалмаған қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын (электр пештерін, қыздыру электр шамдарын) қолданбаңыз;- оқшауланбаған электр сымдарын, кабельдерді және пайдаланылмайтын электр желілерін кернеуде қалдырмаңыз;- зақымдалған электр өнімдерін пайдаланбаңыз;- электр сымдары мен кабельдерді байлауға және бұрауға болмайды;- электр желісіне қосылған қыздыру аспаптарын, электр плиталарын, теледидарларды және басқа да аспаптар мен жабдықтарды қараусыз қалдырмаңыз, оларға нормативтік құжаттармен қадағалаусыз пайдалануға жол берілетін аспаптарды қоспағанда (тоңазытқыштар, факстар, модемдер және басқа да ұқсас жабдықтар);- электр шамдарын (шамдарды) қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жаппаңыз;- электр сымдары мен кабельдерді желімдеуге және бояуға тыйым салынады;- электр желілері ретінде радио және телефон сымдарын қолданбаңыз.Өрт шыққан жағдайда «101», «112» телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.Шемонаиха ауданының ТЖБАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-vavilon/press/news/details/970888?lang=kk
Қала әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады 15.04.2025
Қадағалау күшеймей құрылыс сапалы болмайдыБүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысанды аралады. Ең алдымен шаһар басшысы Саңырақ батыр көшесі, №55 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйді көрді.Аталған үй ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №376 Қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттік өтінім арқылы екінші нарықтан сатып алынған. Бүгінде мұндағы пәтерлер тиісті келісім-шарт арқылы толығымен пайдалануға берілген.– Осы үйлерге тұрғындар талай жыл кезегін күтіп қол жеткізді. Қазіргі таңда пәтердің барлығы дерлік тұруға дайын. Дегенмен, кей тұрғындар немқұрайлылық танытып, әлі де өз баспаналарына көшуге асығар емес. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлерді жылумен және газбен өз деңгейінде қамтамасыз етуге кесірін тигізіп отыр. Себебі, осында тұруға тиіс халықтың 70 пайызы өз үйлеріне қоныстанбайынша көгілдір отын берілмейді. Бұл – тиісті заңда көзделген норма. Сондықтан пәтер иелері арасында түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізіп, заң аясында тиісті шешім қабылдау қажет. Ал жаңғырту жұмыстары барысында жіберілген кемшіліктерді мердігер компания өз мойнына алып, белгіленген мерзімде жөндейтін болады, – деген Бақытжан Әмірбекұлы бұл бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын жеке өз бақылауына алатынын жеткізді.Бұдан кейін қала әкімі «Ұлы дала» (15) шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен, инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Қазір «Ұлы далада» 22 көпқабатты тұрғын үй бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның 4-еуі арендалық, 18-і кредиттік үйлер. Атап айтқанда, бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің ішкі алаңдық инженерлік желілерінің құрылысын салу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.Келесі кезекте шаһар басшысы «Түйте» каналына аялдап, қайта жаңғырту жұмыстарының барысына ден қойды. Айталық, қазір «Сенім Құрылыс Сервис» ЖШС мердігерлігімен «Түйте» каналының, атап айтқанда, «Ұлы Дала» шағын ауданы мен «Бурыл» алқабы ортасындағы бір бөлігіне абаттандыру жұмыстары жүруде. Каналдың абаттандырылатын бөлігі 1738 метрді құрайды. Енді осы жұмыстар ойдағыдай аяқталса канал бойы тұрғындар сейілдейтін демалыс орнына айналады.Сонымен қатар қала әкімі Асқаров көшесінің соңында орналасқан 16 шағын ауданға да ат басын бұрып, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен инфрақұрылым жұмыстарының сапасын тексерді. Қазіргі таңда аталмыш шағын ауданда 180 пәтерлі, 5 қабатты 4 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – «Агроспецстрой» ЖШС.Өз кезегінде шаһар басшысы қадағалау күшеймей құрылыс сапалы болмайтынын қадап айтты.– Әрбір құрылыс тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін жасалады. Сондықтан барлығы жоғары деңгейде жүзеге асырылып, халықтың көңілінен шығуы керек. Ол үшін құрылыстың межеленген мерзімде аяқталуы ғана емес, сапасын да естен шығармаған жөн. Мен осы туралы үнемі айтып келемін. Алайда, бұл тек менің ғана емес, құрылысқа жауапты әрбір тұлғаның ұстанымына айналуға тиіс. Қазір қала екі ауданға бөлініп, құрамына жаңа елді мекендер қосылды. Бұл тұрғын үйлерге қажеттілікті одан сайын арттыратыны белгілі. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстар сапалы әрі дер кезінде жүзеге асырылуы қажет, – деген қала әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/970874?lang=kk
«Қарасу» каналына тазалық жұмыстары жасалды 15.04.2025
Таразда жалпықалалық сенбілік өтті.Қала әкімдігінің барлық бөлім қызметкерлері сенбілік аясында «Қарасу» каналын қоқыстан арылтып, санитарлық шараларды атқарды. Сонымен қатар, канал аумағын ғана емес, бірқатар маңызды нысан айналасын да күл-қоқыстан тазартып, қала тазалығы үшін өз үлестерін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/970868?lang=kk
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ 15.04.2025
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының және Іскер Әйелдер Қауымдастығының ұйымдастыруымен кезекті кездесу орын алды.Кездесуде Заманауи AI құралдарын қалай пайдалану кеңінен түсіндірілді. Тыңдаушылар тәжірибе жүзінде өз смартфондарына «Chat GPT» жасанды интеллектін орнатып, нәтижесімен қуана бөлісті. Тыңдаушылар сабақ барысында AI жайлы сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта өз саласында белсенді пайдаланатын болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/970860?lang=kk
Артур Ластаев Қарағанды облысындағы түзеу мекемесінде сотталғандардың құқықтарының сақталуын тексерді 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қарағанды облысындағы ең жоғары қауіпсіздік режиміндегі №29 түзеу мекемесіне жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын және ұстау жағдайларының халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалау.Мониторинг барысында Омбудсмен пенитенциарлық жүйенің негізгі бағыттарын қамтитын кешенді талдау жүргізіп, сотталғандардың еңбекке тартылуы, білім алу мүмкіндіктері және медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі мәселелеріне баса назар аударды.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемедегі отрядтардағы ұстау жағдайларымен, медициналық бөлімнің жұмысымен және шағым қабылдауға арналған терминалдардың қолжетімділігімен танысты. Сондай-ақ мекеме аумағында орналасқан өндірістік кәсіпорындардың қызметін қарап шықты. Аталған кәсіпорындар модульдік контейнерлер, металл конструкциялар, ағаш өңдеу және тігін өнімдерін шығару бағытында жұмыс істейді. Әкімшілік мәліметінше, сотталғандарды ақылы еңбекке тарту бағытында белсенді шаралар қолға алынған. Мекемеде жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда қазіргі таңда 23 сотталған азамат білім алуда.Медициналық бөлімді аралау барысында Артур Ластаев бостандығынан айырылған азаматтардың денсаулық сақтау құқығы – адам құқықтарының ажырамас және іргелі бөлігі екенін атап өтті.Сапар аясында уәкіл сотталғандарды жеке қабылдап, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жаза түрін жеңілдету, амнистия туралы заң жобасының әзірленуі, үкімдерді кассациялық тәртіппен қайта қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сотталғандарды мазалаған өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңес берілді.Сапар қорытындысы бойынша Артур Ластаев мекеме әкімшілігіне сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған бірқатар ұсыным берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/972287?lang=kk
Денсаулық сақтау вице-министрі Шу ауданында болды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев 2025 жылдың 04 сәуірінде Шу ауданына жұмыс сапарымен келді.Ондағы басты мақсат — жуырда орын алған ана мен нәресте өлімінің мән-жайын анықтап, оның себептерін жан-жақты зерттеу.Вице-министрмен бірге мәселенің мән-жайын өз көзімен көріп, анықтау мақсатында келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповті және басқа да министрлік қызметкерлерін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев күтіп алды.Алдымен, делегация «Шу орталық аудандық ауруханасында » болып, мекеменің материалдық-техникалық базасын және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен деңгейін көріп, бағалады.Сондай-ақ, вице-министр Е.Нұрлыбаев медициналық қызметкерлерімен кездесіп, олармен пікір алмасты.Содан соң, «Шу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына» барған делегация ана мен бала өлімі орын алған жағдай бойынша талдау жасады. Ол өз кезегінде, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін медициналық көмектің сапасын арттыру, әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін мәлімдеп, бұл бағытта атқарылар жұмыстар легін белгілеп берді. Басқарма басшысы м.а. - ға бірқатар тапсырмалар беріп, олардың орындалуын талап етті.Сапар қорытындысында Ержан Нұрлыбаев өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін кешенді түрде талдап-тексеріп, саладағы қордаланған мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар дайындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жүйелі өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhambyl/press/news/details/970834?lang=kk
Таза Қазақстан. Сенбілік. 15.04.2025
Таза Қазақстан. Сенбілік.Камышин ауылдық округінде сенбілік өтті. Мекеме қызметкерлері қоқысты тазалап, көшелерді тазартты. Акция белсенді және ұйымшылдықпен өтті, барлығы жақсы көңіл-күймен жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kamyshin/press/news/details/970815?lang=kk
Өкіл «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Pikir» диалог алаңында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында өткен конференцияға қатысты 15.04.2025
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жоспарына сай, «AMANAT Pikir» диалог алаңында «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу: қазіргі жағдайы мен проблемалары» тақырыбында облыстық конференцияға қатысты.Конференция мақсаты: инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, өзекті сұрақтарды талқылау және тиімді ұсыныстар мен іс шараларды әзірлеу үшін кәсіби алаң құру.Облыста 10 мыңға жуық бала ерекше білім беруді қажет ететін болса, оларға арналған 26 арнайы білім беру мекемесі жұмыс істейді. Осыған дейін ол мекемелерде жұмыс істейтін мамандар бір ортаға жиналып, өз салаларындағы өзекті мәселелерді талқылаған емес. Бүгін олар алғаш рет «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен бір ортада жиналды.300-ге жуық педагог мамандар мен шараға ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қатысқан іс-шараның секциялық отырыстарында инклюзивті білім беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтар күн тәртібіне шығарылды.Сондай-ақ, қорытынды пленарлық жиында өңірде ерекше қажеттіліктері бар әрбір баланың толыққанды білім алуы мен дамуы бағытындағы мәселелерді ортаға салынды. Ол бойынша сала мамандарының пайымды пікірлерін тыңдалып, ұтымды ұсыныстары назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/970811?lang=kk
ҚР АШМ мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері талқыланды 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың төрағалық етуімен ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары қатысты.ҚР АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков 2024 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.Кеңес қорытындысы бойынша Баглан Бекбауов жергілікті атқарушы органдар мен министрлік комитеттеріне ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, заңнаманың қатаң сақталуы мен мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі қажеттілігі ерекше атап өтілді.«Біз қызмет көрсету саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуіміз керек, әрбір фермер мемлекеттік қолдау шараларын толық пайдалана алуы қажет», — деп атап өтті Бағлан Бекбауов.Кеңес мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970809?lang=kk
Куаныш Абилдаев Мемлекеттік сатып алудың саласындағы тізілімдерді жүргізу басқармасының басшылығына тағайындалды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 2025 жылы 1сәуірдегі №Ж-141 бұйрығымен Куаныш Серикбаевич Абилдаев ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті Мемлекеттік сатып алудың саласындағы тізілімдерді жүргізу басқармасының басшысы болып 2025 жылғы 1 сәуірден бастап тағайындалды. Бұрынғы атқарған лауазымы ҚР ҚМ Қазынашылық Комитетінің Мемлекеттік сатып алудың саласындағы тізілімдерді жүргізу басқармасының бас сарапшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/970805?lang=kk
🔹 Мәртөк ауданында өзекті мәселе өз шешімін тапты. 15.04.2025
🔹 Мәртөк ауданында өзекті мәселе өз шешімін тапты🔻 Мәртөк ауылының тұрғыны Роза Тлегенова көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған жұмыстарға өз алғысын білдірді. Өткен жылы Мәртөк ауылында арналар тереңдетіліп, жер біліктері көтерілді. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен 3 көпір салынған болатын.🔸 Мәртөк ауданы Аққайын ауылындағы «Мартукская» және «Қазан -2» бөгеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.🔸 Бөрте, Құмсай ауылдарындағы көпірлер жөнделіп, Мәртөк ауылында еріген суды бұру үшін 300 метр су өткізгіш құбырлар орнатылған.🔸 Нәтижесінде, биыл төтенше жағдай тіркелмей, су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/970802?lang=kk
«ӘДЕП КЕҢЕСІ: МӘСЕЛЕ МЕН МІНДЕТ» 15.04.2025
Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін жаңадан таныту, жандандыру, Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің түсіндірмелері, Департаментпен жүргізілген талдау қорытындылары мен есептер және тиісті заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында «Caspian news» телеарнасында «Әдеп кеңесі» телебағдарламасында Департаменттің бөлім басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі М. Кәріммен сұхбат берілді. Сұхбат барысында, М. Кәрім тарапынан Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бойынша әдеп жөніндегі уәкіл қызметі аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/970780?lang=kk
Терроризмнің алдын алу: жауапкершілік және қолданылатын шаралар 15.04.2025
Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету - мемлекет дамуының негізгі басымдықтарының бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы тиімді күрес барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын, сондай-ақ бизнес пен қоғамды осы проблемаға тартуды талап ететінін бірнеше рет атап өтті. Зиянкестер үшін басты нысанаға айналуы мүмкін объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабына сәйкес объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін меншік иелері, басшылар және өзге де лауазымды адамдар жауапты болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік айыппұлдар қарастырылған. Жеке немесе лауазымды адамдар үшін айыппұл 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 500 АЕК құрайды.Егер бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда айыппұлдар көбейтіледі. Бұдан басқа, жауапты тұлғаларға қатысты қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру сияқты шара қолданылуы мүмкін. Жұмыс жауапкершілікті арттыруға және террористік қатерлерден қорғауды нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.2025 жылдың басынан бастап СҚО-да ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 6 әкімшілік хаттама жасалды. 4 Басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды - бұл 393 200 теңге. Екі хаттама сотта қаралу сатысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/970778?lang=kk
Шығармашылық көрме ашылды 15.04.2025
Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығармашылық кеш өтті.Аталған кешті М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің 85 жылдық мерекесіне тарту ретінде осы білім ордасының «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» және «Дизайн» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырды. Кеш «Өрнекпен өрілген өнер» деген тақырыппен ұйымдастырылды.Көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының оқытушылары мен студенттерінің қолынан шыққан 80-нен астам кескіндемелік және сәндік – қолданбалы өнер шығармалары қойылды.Оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қолдау, өнерлерін насихаттау және көрме қонақтарына еліміздің мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау мақсатында өткізілді.Айта кетейік, көрме 30 маусымға дейін жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты: сағат 9.00-дан 19.00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/20894?lang=kk
Алматы облысындағы балабақша тәрбиешісінде туберкулез ауруының анықталғандығы жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады.Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ. Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.Тұрғылықты жері бойынша тексеруден өтетін қарым-қатынаста болған 7 адам, оның ішінде 3-і бала.Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/20855?lang=kk
