Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Таза жағалау акциясы өткізілді 15.04.2025
Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 5 сәуір күні Көктұма ауылы Алакөл көл жағалауында "Таза жағалау" акциясы өткізілді. Санитарлық тазалыққа "Аймауыт" қоғамдық бірлестігі, қоғамдық жұмыс қызметкерлері ат салысты. 3 тонна қоқыс жиналып 1арнайы техникамен қоқыс төгу алаңына шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yrgaity/press/news/details/970675?lang=kk
Сход села по вопросу выпаса скота 15.04.2025
«Каменка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ХАТТАМА 4 апреля 2025 года Каменка ауылыГУ «Аппарат акима Каменского сельского округа» ПРОТОКОЛ №                 . село КаменкаСхода с населением Каменского сельского округаПредседательствовал: аким округа А.ТоктамуратовПрисутствовали: члены советов общественности Каменского сельского округа, жители села Каменка - 70 человекСекретарь: Касенова С.Б.- специалист аппарата акима. Повестка дня:Выпас скота в летний период 2025 года.Предупреждение таврирования, биркования скота.По первому вопросу выступил аким округа А. Токтамуратов- Необходимо организовать выпас скота КРС и МРС, произвести вет.обработки, таврирование и биркование скота. Заключить трехсторонние договоры между владельцем скота, пастухом и акиматом округа. Всем пастухам обязательно оформить ИП через налоговые органы.Решили:По пастьбе КРС:Выпас скота начать с 20 апреля 2025 года, время выпаса с 6-00 утра до 19-00 вечера. Цена за одну голову КРС будет составлять 4000 тенге в месяц. Определить один 2 гурт КРС:- дойный гурт +  гурт молодняк пастух Кимадиев М.с.Каменка- дойный гурт +  гурт молодняк пастух Сулейменов М.С. с.Каменка - дойный гурт +  гурт молодняк пастух Кусаинов Д.Н. с.ТройницкоеПо пастьбе МРС:Выпас скота начать с 20 апреля 2025 года, цена за одну голову МРС будет составлять 1000 тенге в месяц, в эту сумму входят и вет.обработки.Определить 3 отары МРС:     - отара,  пастух Салимжанов Е. с.Каменка    - отара, пастух Кузнецов А. с.Каменка     - отара Кайрбаев Е.с.ТройницкоеПо второму вопросу слушали Бәйтік Тілек КГП "Улан-Вет"В соответствии с Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68. «Об утверждении Правил идентификации сельскохозяйственных животных» все сельхозживотные должны быть зарегистрированы в базе идентификации сельхозживотных (ИСЖ) путем биркования и таврирования. Пастухи не должны принимать скот в табун без бирки.Решили:Осуществлять выпас скота согласно правилам идентификации сельскохозяйственных животных.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-kamenka/press/news/details/970674?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті отандастар!Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!Амал келгенде амандық білісу көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Айдан аман, жылдан есен болайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/970661?lang=kk
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ЕСКЕРТЕДІ!!! АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ, КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ КАЖЕТ: 15.04.2025
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ЕСКЕРТЕДІ!!!АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІҚОЗҒАЛЫС КЕЗІНДЕ АВТОКӨЛІК ЖАНҒАН КЕЗДЕ, КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРДІ ІСТЕУ КАЖЕТ:* Автокөліктітоктатыңыз;•Қозғалтқышты
өшірініз;* Барлық жолаушылардышығарыңыз. Капоттыңқұлпын босатыңыз,бірақ капотты ашпаңыз;•Егер от кішігірім болса, автокөліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып отты сөндіругетырысыңыз;•«101» немесе«112» телефон нөмірлеріарқылы өртке қарсықызметін шақырыңыз;•Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті сөндіру кезінде суды колданбаңыз, себебі бұлэлектр сымдардың қысқатұйықталуына немесе жаныпжатқан бензиннің таралуына жол беріп, жану көлемінұлғайтуы мүмкін;* Егер жақын арада автокөлік жана бастаса мүмкіндігінше өзіңіздің көлігіңізді қауіпсіз жергесүйреп апарыңыз.Автокөлікте өрт болмас үшін:* Автокөлігінюңізге техникалық қызметті уақытылы көрсетіңіз;* Электр сымына назар аудара отырып, оның
жөндеулі болуын үнемі кадағалыңыз;* Әрдайым өзіңізбен бірге көлікте өрт сөндіргіш алып жүрініз, оны оңай қол жетімді жерде ұстаңыз. Тәжірибе көрсеткендей, автокөліктегі жануды сөндіруге көмірқышқыл өрт сөндіргіш ең тиімді болып табылады.Автокөлікте өрттің шығу мүмкіндігін барынша азайту үшін автокөліктітехникалық жарамды күйде ұстау, зауыт нұскаулығының талаптарына сәйкеспайдаланып қызмет көрсету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін катаң сақтауқажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/970646?lang=kk
Қостанай облысында Татыр су айдынындағы балықтардың қатуы тіркелді 15.04.2025
Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Тауш кентінің жанында орналасқан ауданы 768 гектар Татыр су айдынында балықтын қырылуы анықталды.Жергілікті органдардың деректері бойынша су айдыны бекітілмеген және резервтік балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізілмеген.Татыр көлі Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, Тауш ауылының маңайында.2025 жылғы 5-ші сәуірде Тауш ауылының жанында орналасқан Татыр көлінің жағасында өлген балықты табу туралы алынған ақпарат бойынша "Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы" РММ, "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты ММ және Жаркөл ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қызметкерлері осы жерге барып,  өлген балықты жинау және одан әрі жою бойынша іс-шаралар жүргізуде.Жалпы химиялық талдау үшін су сынамалары алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/970642?lang=kk
Департаментте "Саламатты мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде кеңес өтті 15.04.2025
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен "Саламатты мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде ДДҰ бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының Білім және Денсаулық сақтау басқармаларының үйлестірушілерімен бірлесіп кеңес өткізді, шара барысында ведомствоаралық, оның ішінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы мәселелер айтылды.Қала мен ауданның спорттық жарыстарына оқушылардың белсенді қатысуы үшін дене шынықтыру-сауықтыру нысандарымен (БЖСМ, жүзу бассейні) бірлескен жұмыс қажет - деп атап өтті спикер.Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және Білім басқармаларының үйлестірушілері мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларға, дұрыс тамақтану жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ іс-шаралардың нәтижелері мен оқушыларды профилактикалық қарап-тексеруді талдауды талқылады. Сонымен қатар, спикерлер оқушылардың салауатты өмір салты бойынша қажетті білімдерін, дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану маңызы туралы баса атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/970621?lang=kk
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады 15.04.2025
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді.Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті.Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.«Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан бері осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970607?lang=kk
“Таза Қазақстан” акциясы аясында Қайнар ауылында сенбілік өтті 15.04.2025
“Таза Қазақстан” акциясы аясында Қайнар ауылында сенбілік өтті“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қайнар ауылында жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл көшелері, саябақтар мен бұлақ маңдары күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Ауыл тұрғындары мен еріктілер белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/970596?lang=kk
🔹2025 жылдың 7 сәуір күні Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Күрті ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізеді. 15.04.2025
🔹2025 жылдың 7 сәуір күні Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Күрті ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/970593?lang=kk
Бакуде өткен кездесуде “жасыл энергетикалық дәліз” мәселелері талқыланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен «Жасыл энергетикалық дәліз – Оңтүстік газ дәлізі» министрлік кездесуіне қатысты.С. Есімханов өз сөзінде Оңтүстік газ дәлізін энергетикалық ресурстарды жеткізудің тұрақты бағыты ретінде дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қазақстан табиғи газдың қомақты қорына ие бола отырып, жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін инфрақұрылым мен логистиканы белсенді дамытуда. 2024 жылы елімізде газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрді құрады, ал 2030 жылға қарай жылына 68 млрд текше метрге дейін ұлғаю перспективасы бар. Бұл бағыттағы негізгі жобалар Қашаған және Қарашығанақ кен орындары болып қала береді.Вице-министр экологиялық тұрақтылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан ілеспе газды кәдеге жарату технологияларын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі перспективалы жобаларды қоса алғанда, төмен көміртекті шешімдерді дамытуды белсенді қолдайды. Жақында қол қойылған үшжақты келісім шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасында «жасыл энергетикалық дәліздің» бөлігі ретінде Каспий теңізі арқылы суасты жоғары вольтты кабелін салу бастамасы іске асырылуда.Сондай-ақ, вице-министр еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Дэн Йоргенсенмен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Энергетикалық ресурстар бюросының аға кеңесшісі Эрик Джейкобспен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар трансшекаралық инвестициялар мен тұрақты даму мәселелері бойынша пікір алмасты.Соңында вице-министр Қазақстанның өңірлік және халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, «жасыл» энергетика компоненттерін қоса алғанда, энергия ресурстарын жеткізудің әртараптандырылған және экологиялық қауіпсіз бағыттарын дамытуға міндеттемесін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970584?lang=kk
Қырғыз Республикасы Қазақстан азаматшасын экстрадициялады 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматшасын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.Аталған тұлға 2023 жылдың маусымында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген. Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан «дропперлердің» банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/970581?lang=kk
Көктемнің келуімен Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын ала түсті 15.04.2025
Қалада аялдама павильондарын, жол белгілерін, жарық бағаналарын және бағдаршам нысандарын жуу, ағаштарды әктеу сияқты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың сыртқы көрінісін жақсартуға бағытталған басқа да шаралар қолға алынған.Ішкі аула аумақтарын тазарту үшін қала 8 шағын ауданға бөлінді. Бригадалардың саны көбейтіліп, олар жүктеме мен жұмыс көлеміне қарай учаскелерге бөлінді. Бұл - жұмыстарды тиімді әрі жедел аяқтауға мүмкіндік береді.31 наурыздан бастап елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Павлодар дәстүрлі түрде бұл шараға белсенді қатысып келеді. Барлық қала тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға және шаһарымыздың тазалығына бейжай қарамауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/970578?lang=kk
Көксай шағынауданында жаңғырту тұжырымдамасы аясында кезекті пәтер кілттері табысталды! 15.04.2025
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Еңбекші ауданы, Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын 9 отбасыға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи, жайлы баспанаға көшу — азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі — тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/970553?lang=kk
Жұмысың әлем құпияларын ашу болғанда 15.04.2025
Сәуір айының бірінші жексенбісінде қазақстандық геологтер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Геолог күні – бұл күнтізбедегі кезекті дата емес. Ол Жер туралы іргелі ғылымның маңыздылығын тағы бір есімізге салады. Табиғат байлықтарын табудан өзге, ғаламшар тарихын түсінуге көмектеседі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласын дамыту еліміздің экономикалық өсуі үшін маңызды екенін бірнеше рет айтты. Тау-кен секторын басқару жүйесін жаңғырту, 2026 жылға қарай геологиялық және геофизикалық зерделеу алаңын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу, сирек және сирек жер металдарының кен орындарын игеру сияқты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.Жақында ашылған жаңалықтардың бірі – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Күйректікөл учаскесінде жартылай өткізгіштер мен қуатты магниттер өндірісінде пайдалануға болатын сирек жер металдарының үлкен ресурстары бар бірнеше перспективалы аймақ анықталды. 300 метр тереңдіктегі сирек жер металдарының жалпы болжамды қоры 20 млн тоннадан асады.Президент Самарқандта өткен «Орталық Азия - Еуропа Одағы» саммитінде сөйлеген сөзінде Астанада Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Аталған ғылыми мекеме кәсіпорындар мен инвесторларды игеруге болатын кеніштер, технологиялардың дамуы туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді.Әлемде халық санының өсуімен металдарға деген қажеттілік артып келеді, сондықтан геология маңызды бола түсуде. Бұл салада 50 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп жүрген ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі, геолог Олжабай Исмаилов осындай пікірін білдірді. Ол 2018 жылы Астанада геологияны насихаттау және халықты хабардар ету мақсатында алғашқы геологиялық мұражай ашқан. Мұражайға мектеп оқушылары жиі барады, алайда ол бәріне де қызықты болады. Мұражай коллекциясына мыңнан астам экспонат енген. Минералдардың барлық кластары ұсынылған – табиғи элементтерден бастап, нитраттар, бораттар, Қазақстан аумағында, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінде – Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка, Австралияда жиналған органикалық тұздарға дейін. Бұдан басқа, мұражайда палеонтологиялық коллекция, ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың ортасындағы геологиялық әдебиеттер мұрағаты, Далалық геологиялық құралдар жинағы бар. Мұражай қоры жаңартылып, жаңа экспонаттармен толықтырылып отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-vladimirov/press/news/details/971200?lang=kk
Биыл ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуға тиіс 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын жоспарлар туралы айтты. Басты назар ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кредиторлық қарыздарды өтеуге және жаңа кадрларды тартуға аударылады.Кредиторлық қарыздар жойылады– Денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі – медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары. Бұл жағдай біздің өңірге де тән, – деді Дархан Сапанов.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі медицина ұйымдарының жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгені құрады, оның 1,3 миллиард теңгесі – мерзімі өтіп кеткен берешек.Қарыздарын толық өтей алған сегіз мекеме бар: Катонқарағай аудандық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемен қаласының №4 ауруханасы, Күршім аудандық ауруханасы, Риддер қалалық ауруханасы, Психикалық денсаулық орталығы, Облыстық жедел жәрдем станциясы және Самар аудандық ауруханасы.Ал кредиторлық берешегі сақталған ұйымдарға Медицина орталығы, Алтай ауданаралық ауруханасы, Шемонаиха аудандық ауруханасы, Серебрянск қалалық ауруханасы және Үлкен Нарын аудандық ауруханасы жатады. Алайда бұл ұйымдарда жалақы мен салық бойынша қарыздар туындамаған.Жаңа қарыздар Өскемендегі Балаларға арналғанстоматологиялық емханада және ШҚО Фтизиопульмонология орталығында пайда болды.Дархан Сапанов медицина мекемелерінің басшыларына осы жылдың соңына дейін барлық қарыздарды жою туралы тапсырма берді. Өлім-жітім азайдыБылтыр ШҚО-да жалпы өлім көрсеткіші 2%-ға өсіп, туу2,6%-ға азайды. Дегенмен обырдан (ісік) қайтыс болу 4,2%-ға, ал туберкулезден өлім 18,2%-ға азайған.Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 3,4%-ға артқан, ал жарақаттан қайтыс болу 1,4%-ға төмендеген.Ана мен нәресте өлімі де азайды. 2024 жылы өңірде бір әйел босану кезінде қайтыс болған. Бұл жағдай облыс орталығында тіркеліп, алдағы уақытта республикалық штабта қаралатын болады.Нәрестелер өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар, туа біткен ақаулар және тыныс алу органдары аурулары.– Аналар өлімі 65%-ға, нәресте өлімі 31,5%-ға азайғаны – медицина мекемелерінің жаңартылып, алдын алу шараларының күшеюінің нәтижесі. Осы жылы аудандық ауруханалардың деңгейін көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу көзделіп отыр, – деді Сапанов.Денсаулық сақтау басқармасы бұл көрсеткіштерді төмендету үшін жүйелі жұмыстар атқарып жатыр: мамандарды оқытуға жібереді, материалдық-техникалық базаны нығайтады, сирек аурулары бар балаларға арналған дәрілер мен арнайы тағамдар сатып алады.Бүгінде ШҚО-да 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді: 9-ы – І деңгейлі, 2-еуі – ІІ деңгейлі, 2-еуі – ІІІ деңгейлі. Осыжылдың І тоқсанында Тарбағатай аудандық ауруханасын ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған.Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 8,25%-ға өсті. Обыр аурулары 4,29%-ға төмендеді. Жарақаттар мен улану 7,63%-ға артты, ал туберкулезбен сырқаттанушылық 4,44%-ға азайды. Кадр мәселесі – басты назардаҚазіргі кезде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021-і – дәрігер, 7 821-і – орта буын медицина қызметкері.Облыста 152 маман тапшы, оның ішінде 75-і ауылдық жерлерге қажет.– Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасы 150-ден астам интерн мен резидентпен кездесу өткізді. «Семей» медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісімдер жасалды, – деді әкім орынбасары.Сондай-ақ биыл облыс 70 маманды шетелге оқуға жібереді. Бұл мақсатқа 420 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оқыту бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас мамандарынан құралған комиссия анықтайды.Материалдық-техникалық база нығайып келедіӨткен жылы өңірде 21 медицина ұйымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,3 миллиард теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылып, 6 нысанда жөндеу аяқталды. Қалған бір нысанда жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.Осы жылдың соңына дейін 18 денсаулық сақтау ұйымы жаңа медициналық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін 4,8 миллиард теңге бөлінді.Сондай-ақ 16 нысанды күрделі жөнделмек, оның құны – 3,8 миллиард теңге.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 36 медицина нысаны салынып жатыр. Оның 35-і пайдалануға берілді, қалған біреуі биыл аяқталады.Өңір үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Солардың қатарында Өскемендегі гематология орталығы, Риддер қаласындағы200 орындық көпсалалы аурухана мен 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының 1-3 қабаттарын жаңғырту, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ауысымына 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы бар.Төсек-орын қорын тиімді қолданған жөн2024 жылғы талдау барысында өңірдегі кейбір ауруханаларда төсек-орындардыңжоғары жүктемемен, ал кейбірінде төмен жүктемемен қолданылып отырғаны анықталды.Күршім аудандық ауруханасы мен облыстық реабилитациялық орталықта төсек-орындаржоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр.Ал Защита теміржол ауруханасында (10 төсек-орнының 5-і бос), Ұлан аудандық ауруханасында (15 орынның 7-і бос) керісінше төмен жүктеме байқалды.– Медициналық мекеме басшылары уақытылы сараптама жасап, науқастар ағынын реттеп, төсек-орын қорын тиімді пайдалану үшін қайта бейіндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс, – деп түйіндеді Дархан Сапанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/970525?lang=kk
Ұлытау облысында нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құрылды 15.04.2025
Ұлытау облысы Полиция Департаментінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі жаңа Кеңестің алғашқы жұмыс отырысы өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген және Үкіметтің 2023 жылғы маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күреске арналған Кешенді жоспарды (2023-2025 жж.) іске асыру мақсатында құрылды.Кеңес құрамына Полиция департаменті, қоғамдық ұйымдардың, нашақорлықтың алдын алу саласындағы сарапшылар мен мамандар қосылды. Сонымен қатар, оның құрамына белгілі блогерлер, спортшылар, журналистер, еріктілер және басқа да медиа тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдар кіреді. Кеңестің негізгі мақсаты – өңірде нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу, халық арасында, әсіресе жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ азаматтарды есірткіге қарсы іс-қимылға тарту болып табылады.Кеңестің төрағасы болып Ұлытау облысы Полиция Департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қайрбеков тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары болып Ұлытау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Оспанов және азаматтық қоғам өкілі Дастан Жақаев тағайындалды.Кеңестің алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары талқыланып, есірткі қылмысының алдын алу, нашақорлықпен күресу және қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы міндеттер белгіленді. Кеңес мүшелері бұл бағытта түрлі мемлекеттік және қоғамдық институттармен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/970524?lang=kk
Судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады! 15.04.2025
Түркістан облысының су айдындарындағы қауіпсіздік және 2025 жылғы шомылу маусымына дайындық бойынша брифинг өткізілді.Түркістан облысының су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қайғылы оқиғалардың жиі орын алуына азаматтардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болуда.2025 жылғы шомылу маусымына дайындығы барысын, судағы қауіпсіздік ережелері туралы Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Оразгелді Дүйсен Нурмаханұлы брифингте мәлімдеді.Түркістан облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/970520?lang=kk
ҚАНДЫАҒАШ ӨҢІРЛІК КӨЛІК ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 3 сәуірдегі №38/6 бұйрығы негізінде Қандыағаш өңірлік көлік прокуроры лауазымына Айбек Ибадуллаұлы Сағындықов тағайындалды.Аудан активімен жаңадан тағайындалған прокурорды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырды.Айбек Ибадуллаұлы Сағындықов Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында 1986 жылы дүниеге келген. 2003-2008 жылдар аралығында Батыс-Қазақстан гуманитарлық заң колледжін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.2009-2010 жылдарда ҚР Қарулы күштер қатарында борышын өтеген.Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Қандыағаш көлік аймағы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Аймақтық көліктік басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған. Одан әрі, 2012 жылдан бастап Қандыағаш көлік прокурорының көмекшісі, аға прокуроры, Бас көлік прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Павлодар көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.2020 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін Қандыағаш өңірлік көлік прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етті. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан, құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 14 жылдан астам уақытты құрайды, сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/970512?lang=kk
Қарағанды облысының Әділет департаментінің басшысы жеке қабылдау өткізді 15.04.2025
Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А. Тезекбаев жеке қабылдауын өткізді. Кездесу Қарағанды облысы әкімдігі, Теміртау қаласы ТКШ басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті. Мәселе жеке сот орындаушысының әрекеттеріне қатысты болды. Өтініш Әділет департаменті басшысының жеке бақылауына алынып, заң көмегін көрсету және оны толық рұқсатқа дейін сүйемелдеу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/970509?lang=kk
Отандық спортшылар қысқы Олимпиада және Паралимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарына дайындықты бастады.2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер спортшы ретінде іріктеліп алынды. Әр спортшы үшін жеке дайындық жоспары бекітілді. Бұл жоспар халықаралық тәжірибеге, ғылымға негізделген кешенді әдістерді қамтиды.Әр спортшы үшін жеке қадағалау жүргізіліп, инвентарь, медициналық қолдау (WADA талаптарына сай дәрі-дәрмек пен спорттық тамақтану), психологтың көмегі, нутрициолог пен дәрігер кеңесімен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ арнайы спорттық жабдықтар, бағдарламалар дайындау, қажет болса жеке жаттықтырушылардың іссапары қамтамасыз етіледі.Бұдан бөлек, Performance Hub платформасы арқылы әр спортшының физикалық және функционалдық жағдайы тестіленіп, дайындық циклдары ғылыми негізде жоспарланады. Бұл жаттығу жүйесінің тиімділігін арттырып, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.Олимпиадаға дайындық барысын қолдау үшін федерациялар, өңірлік спорт басқармалары және министрлікке бағынысты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Олар спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына кедергісіз қатысуын, барлық құрал-жабдық пен медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін және бәсекеге қатысу кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.Министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс отандық спортшылардың қысқы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970504?lang=kk