Қоғам
ҚАЗАҚСТАНДА 5 ЖЫЛ ІШІНДЕ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2,3 ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРДЫ 15.04.2025
Қатысушылар KIOSH конференциясы алаңында еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларына сандық технологияларды енгізу, жеке қорғану құралдарының жаңа жүйелері, еңбек қорғауды басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау сияқты саланы дамытудың өзекті мәселелерін қарастыруда.Спикерлер Конференцияның пленарлық сессиясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарындағы проблемаларды, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені енгізу мәселелерін талқылады. Конференцияны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов ашты."ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің негізгі міндеті өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік нысандарында еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіруді болдырмау және өндірістік жарақаттануды азайту болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау 8 мыңнан астам кәсіпорында, оның ішінде 211 мыңнан астам нысандар мен қауіпті техникалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Бес жыл ішінде жарақаттануды талдау барысы көрсеткендей, қызметкерлердің жарақаттануының негізгі көрсеткіштер саны көмір және тау - кен саласына тиесілі, бұл республика бойынша 49% -дан астам көрсеткішті құрайды", - деп атап өтті Қанат Баитов.Осы мәселені шешу үшін министрліктің бастамасы бойынша аумақтық органдар кәсіпорындар басшыларымен бірлесіп жыл сайын техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарларын әзірлейді, оның шеңберінде 2015-2018 жылдар кезеңінде 8663 бірлік жабдық пен 350 технологиялық желі ауыстырылды.Қабылданған шаралар нәтижесінде нысандардың қауіптілік деңгейін және өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін жыл сайын төмендетудің белгілі бір үрдісі байқалды. Атап айтқанда, соңғы бес жылда (2014-2018 жылдар) тіркелген өндірістік апаттар мен жазатайым оқиғалардан қаза болғандардың саны 2,3 есеге азайды.ҚР ИИДМ әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардың өндірістік бақылауының рөлін арттыру мақсатында өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметін регламенттеу және олардың мәртебесін күшейту ұсынылды.Осы бағытта белгіленген шараларды іске асыру қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі апаттар мен өндірістік жарақаттанудың төмендеуін және біздің республика экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20667?lang=kk
Марафон өтеді 15.04.2025
Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары! Сіздерді 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өтетін жеңіл атлетикадан жүгіру марафонына қатысуға шақырамыз!Өтетін орны: Аса ауылы Абай көшесі “Жастар ресурстық орталығы”. Өтетін күні: 7 сәуірБасталуы сағат: таңғы сағат 8.00-деЖарысқа қатысып, жеңімпаз болыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/970490?lang=kk
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қызметтік пәтер алған Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлеріне барды.Толық жөндеуден өткен, жиһазбен және техникамен жабдықталған пәтерлер қызметкерлердің қызмет ету мен тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі ведомстволық бағдарламаның бөлігі болып табылады. ТЖМ басшысы өскемендік құтқарушылардың отбасыларын жаңартылған қызметтік пәтерлердегі қоныс тойымен құттықтап, Отанға қызмет етудің қиын, бірақ игі жолын таңдаған құтқарушыларға қамқорлық жасау басшылықтың басымдығы болып қала беретінін атап өтті. Бұған қоса қызметтік жатақхана аумағында көк шырша көшеттері отырғызылды. ТЖМ өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын нығайту және оларды қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/970489?lang=kk
«Менің сүйікті спортым – Мой любимый спорт» 15.04.2025
Челлендж тұжырымдамасы: «Менің сүйікті спортым», «Мой любимый спорт».Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған спорттық-рухани бастама 🔺Өту мерзімі: 6 сәуір Халықаралық спорт күні басталып 9-мамырға дейін бір ай көлемінде жалғасады. 🔹Мақсаты:Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және жауынгерлердің ерлігіне тағзым ете отырып, спорт арқылы ұлт денсаулығына үлес қосу. 🔹Идея:Жеңістің 80 жылдығына арналып, әр қатысушы өзінің сүйікті спорт түрін таныстырып, оны не үшін жақсы көретінін айтып, спорттық жаттығу немесе элемент көрсетеді. Челлендж барысында ата-бабаларымыздың қайсарлығы мен батырлығы еске алынып, қазіргі ұрпақтың дені сау, рухы мықты болуы – сол ерліктің жалғасы екені көрсетіледі. 🔺Қортынды нәтижесі:ҚР тұрғындарына Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, нақты түсінікті қалыптастыру, халықтың қай спорт түрінен бейім екенін бағамдау. 🔹Формат:Қатысушы қысқаша видео түсіреді (1-2 минут) Насихаттау жұмыстары бойынша БАҚ құрладарында челлендждің басталғаны туралы хабарландырулар тарайды. 🔹Ұсыныс ретінде: Халықтың қызығушылығын оятын, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау аясында белсенділік танытқан қатысушыларға министрлік тарапынан «Көп қаралым» «Үздік контент», «Белсенді азамат», «Үздік спорттық өңір», «Ең жас қатысушы», «Ең егде қатысушы» сияқты аталымдар бойынша мерчтер дайындау. 🔹Видеода:🔺Өзін таныстырады🔺Сүйікті спорт түрін айтады🔺Қысқа демонстрация көрсетеді Челленджді жалғастыру үшін 2-3 адамға жолдайды 🔹Соңында: "Жеңістің 80 жылдығына – құрметпен, Серік Сапиев!" «Бабаларымыздың жеңісіне тағзым ете отырып, салауатты өмір салтын қолдаймын», «Бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіз аспан астында дені сау ұлттың қалыптасуы» деген сынды ұрандар айтады. 🔺Хэштегтер:#МеніңСүйіктіСпортым#МойЛюбимыйСпорт#Жеңістің80Жылдығы#СпортпенЕрліккеТағзым _____СЦЕНАРИЙ ҮЛГІЛЕРІ: 1. Челленджке арналған бейне сценарий үлгісі[Басталуы](Камера алдында күлімдеп тұрып):– Сәлем, достар! Менің атым – [аты-жөніңіз]. Менің сүйікті спорт түрім – [спорт атауы]. [Негізгі бөлім]– Бұл спортты мен жақсы көрем, себебі ол маған [физикалық/рухани пайдасын айтып кету] көмектеседі.– [Қысқа жаттығу немесе элемент көрсету – мысалы, доппен жаттығу, жүгіру, күрестің бір әдісі, т.б.] [Қорытынды бөлім]– Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, спорт арқылы батыр аталарымыздың рухына тағзым етеміз!– Бұл челленджді мен [Аты 1], [Аты 2], және [Аты 3] достарыма жолдаймын!– Жеңістің 80 жылдығына – құрметпен, спортпен! 2. Пост/Жарияланым мәтіні (Instagram, Facebook, т.б. үшін) > #МеніңСүйіктіСпортым челленджі Жеңістің 80 жылдығына орай, мен өзіме ұнайтын спорт түрімен бөлісіп отырмын – [спорт атауы]! Бұл тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар жеңіске деген жігер мен рухтың белгісі. Батыр бабаларымыз бізге бейбіт өмір сыйлады, ал біз сол бейбіт өмірде салауатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз! Челленджді қабылдап, мен оны ары қарай [Аты 1], [Аты 2], [Аты 3] достарыма жолдаймын! #Жеңістің80Жылдығы #МеніңСүйіктіСпортым #СпортпенЕрліккеТағзым 3. Челлендж логотипіне/басты баннеріне ұран "Спортпен шыңдалған ұрпақ – Ерлікке тағзым!"немесе"Батырлық – мұра, спорт – таңдау!"Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/970485?lang=kk
КҮН ТӘРТІБІНДЕ -ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 15.04.2025
Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 570 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыруда.Өз сөзінде Қайырбек Өскенбаев заң жобасы келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталғандығын атап өтті:Бірінші."Бір үй - бір бірлестік - бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі"коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу.Екінші. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.Үшінші. Кондоминиум объектілерін басқару органына үй-жайлардың меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету және басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту.Төртінші. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.Бесінші. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін және азаматтардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруі арқылы тұрғын үй сатып алу тетігінің ашықтығын реттеу.Заң жобасының негізгі ұсынысы – көп пәтерлі тұрғын үйді басқару үшін "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру, ол "бір үй – меншік иелерінің бір бірлестігі-бір шот"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.Көп пәтерлі тұрғын үйде, егер ондағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар саны отыздан аспайтын болса, заңды тұлға құрмастан (жай серіктестік) пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне КПТҮ тікелей бірлесіп басқаруына жол беріледі.Іс жүзінде ПИК көп үй болып, барлық үйлерге бір есеп шот ашады, бұл жиналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді.Осылайша, ұсынылған принцип әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді. Әрбір мүлік иелерінің бірлестігі жеке ағымдағы және жинақ шоттарын ашады.КПТҮ басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар "бір үй – мүлік иелерінің бір бірлестігі – бір шот" тұрғындарға қаражаттың түсуін және осы ақшаның мақсатты жұмсалуын мониторингілеу мүмкіндігі арқылы өз үйлерін ғана күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді.Осы мақсаттар үшін меншік иелері ай сайын күрделі жөндеу үшін Жинақ шотына пайдалы алаңның 1 шаршы метріне есептегенде 0,005 еселенген АЕК мөлшерінде соманы енгізеді, бұл 12,6 теңгені құрайды. Бұрын жарна пайдалы алаңның 1 шаршы метріне шаққанда 0,02 еселенген АЕК құрады, бұл 50,5 теңгені құрайды. Жарнаның төмендеуі-25% құрады.Заң жобасында барлық қатысушылардың бизнес процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай тұрғын үй қоры мен ТКШ ақпараттық жүйесін құру қарастырылған.Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылай алады, есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, өз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізе алады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер бере алады.Сонымен қатар, тұрғындарда электрондық дауыс беруді өткізу және оларға үйдегі барлық мәселелер бойынша қашықтықтан қатысу мүмкіндігі пайда болады.Сондай-ақ, вице-министр түзетулер енгізу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара қарым-қатынасын ретке келтіретінін, сондай-ақ халықтың жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын жақсартатынын атап өтті.Кездесу соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдрахимов тапсырма берді:1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. А. Өскенбаевтың ақпараты назарға алынсын.2. Шымкент қаласының әкімдігі жоғарыда көрсетілген заң жобасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде:- Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісі ретінде барлық көп пәтерлі тұрғын үйлерді тіркеу;- кондоминиум объектілерінің құрамына оларды орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскелерін, оның ішінде үй маңындағы аумақтар берілмеген бұрын тіркелген Кондоминиум объектілері үшін де енгізу;- көп пәтерлі тұрғын үйді басқару нысанын таңдау үшін пәтер иелері мен тұрғын емес үй-жайлардың жиналыстарын өткізу, тұрғын үйлерді басқаратын жалдамалы жеке тұлғалар арасында кондоминиум және т. б. тиісті нысандарды басқару құқығына байқау өткізу.3. Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғын халықты, сондай-ақ қолданыстағы басқару органдарын, сервистік компанияларды заң жобасында көзделген өзгерістермен таныстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20653?lang=kk
25 мекеме Әуеқалашықты қоқыстан тазартты 15.04.2025
Шағын ауданда орналасқан 25 мекеменің 500-ге тарта қызметкері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өтіп жатқан екіайлық сенбілікке шықты.Өңір басшысы Асхат Шахаров Әуеқалашығындағы бірнеше аумақтағы тазалық жұмыстарын көріп шықты. Мекеме қызметкерлері және тұрғындармен сөйлесіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді.№13 көпқабаттың үйдің маңындағы бос жатқан аумақ үнемі қоқысқа толып қалады екен. Бүгін тұрғындар әкіммен кездесуінде осы мәселені айтып қалды. Асхат Шахаров бұл орынға қандай да бір әлеуметтік нысан салу керектігін, ауданның белсенді азаматтарынан ұсыныс күтетінін жеткізді. Тұрғындардың сөзінше, мұнда спорт кешені салынғаны жөн.Аталған аумақты күл-қоқыстан тазартуға Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай және Аумақтық қорғаныс мекемелері, «Анвар» және «Дина» супермаркеттерінің қызметкерлері тартылды.Ал «Қазгидромет», «Қазаэронавигация», «Теннис орталығы», «Авиажөндеу зауыты» мен балабақша, мектеп, емхана, тағы да басқа мекемелердің ұжымдары өздеріне белгіленген аумақты тазалап, ретке келтірді.Аймақ басшысы облыс орталығындағы көшелер мен аулаларды, саябақтар мен демалыс орындарын, айналаны тазалық күйіне бөлеп жатқан барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдарына және қала тұрғындарына алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/970480?lang=kk
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Бұланды ауданында болды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасымен Бұланды ауданындағы ахуалмен танысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге Макинск қаласындағы су тасқыны қаупі бар барлық аумақтар араланып, жағдай жіті тексерілді.Бүгінде ауданда су тасқынының салдарын жою бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Макинск қаласында қалпына келтіру іс-шаралары белсенді түрде атқарылуда. Облыстық жедел тасқынға қарсы штабтың шешімімен су еркін өтуі және тұрғын үйлерді су басудан сақтау мақсатында облыстық маңыздағы автожолдың белгілі бір бөлігі бұзылып, суға жол ашылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында су деңгейі бір метрге төмендеді.Қазіргі таңда Макинск қаласының 12 учаскесінде жұмыс жүріп жатыр. Құтқару шараларына Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан келген ТЖ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылған. Барлығы 319 адам, 86 техника, 30 мотопомпа, 5 ПНС және 2 жүзу құралы тартылған.Сапар қорытындысы бойынша су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жедел жүргізу, аулалар мен жеке тұрғын үйлерден суды толық сорғызып, бағыттау, су деңгейі түскеннен кейін бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.Аталған мәселе Үкіметтің жіті бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/970448?lang=kk
ТОҚПАНОВ ТЕАТРЫНДА ШЕКСПИРДІҢ ШЕДЕВРІ ЖАҢА ҮНМЕН СӨЙЛЕДІ 15.04.2025
🔹А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры көрерменін әлемдік классиканың жауһар туындысы – У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта”трагедиясының жаңа сахналық нұсқасымен қуантты.📌4–5 сәуір күндері көпшілік назарына ұсынылған премьера – театр репертуарын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болды.🔎Қойылымды Беларусь елінен арнайы шақыртылған жас режиссер - Даниил Филиппович сахналады. Хореографы – Вадим Дубовик, сценографиясы – Айгерім Амангелді, музыкалық әрлеушілері – Жасұлан Нурадинов пен Берік Жорабеков.📖Трагедияның жүрек сыздатар оқиғасын талантты актерлер құрамы жаңа қырынан ашып көрсетті. Джульетта рөлінде – Аружан Райымбек, ал Ромео бейнесін – Нұрасыл Шегетай сомдады. Сонымен қатар, сахна төрінде ҚР Мәдениет саласының үздіктері – Жадыра Құлтаева, Мәмбет Қожалиев, Кенен Ақүрпеков сынды тәжірибелі әртістер өнер көрсетті.Қойылым – тек махаббат жайлы емес. Бұл — татуласпаған көңіл мен кекшіл ниеттің арты неге апаратынын ұғындыратын, жастар сезімі мен ащы шындықтың қақтығысын көрсететін көркем туынды. Театр ұжымы Шекспир әлемін заманауи сахналық тілмен сөйлетіп, көрермен жүрегіне жол тапты.👏🏻Көрермен қауым қос ғашықтың тағдырын жанарында жаспен, жүрегінде шынайы әсермен қабылдап, қойылым соңында шығармашылық құрамды ұзақ қошеметпен шығарып салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/970447?lang=kk
Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді 15.04.2025
Өзбекстан өткен жылдың қазан айынан бері 1 сәуірге дейін Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Ол Самарқандтағы форумның үшінші пленарлық сессиясында сөз сөйледі.«Бұл су суару кезеңінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Су дипломатиясы және халықаралық ынтымақтастық - біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Трансшекаралық суларды бөлу және басқару, тәжірибе алмасу, озық технологияларды бірлесіп енгізу бүкіл Орталық Азияның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске салсақ, Өзбекстанда «Орталық Азия — Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Президенттерінің, Еуропалық Кеңес Төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия Төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен Самарқанд халықаралық климаттық форумы өтті.Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі климаттық өзгерістерге бейімделу, су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу, сондай-ақ су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызына тоқталды.Айта кету керек, екіжақты су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XII отырысында Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қазанына дейін Қазақстанға 16 млрд текше метрден артық су жіберіледі деп келіскен болатын.Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,8 млрд текше метр су жіберілді, бұл жоспарланған көлемнен 120 млн текше метрге артық. Ал, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 490 млн текше метр су келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970401?lang=kk
Қырғызстандық шебер-қолөнершілер Маңғыстау тұрғындарына өз шығармашылығын таныстырып жатыр 15.04.2025
Шетелдік қонақтар үшін арнайы тігілген киіз үйлерде Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмысын ұсынып жатыр. Бауырлас елдердің шеберлері Ақтау тұрғындары мен қонақтарына халық қолөнерін таныстырды.Гүлсан Атамқұлова – Қырғызстаннан келген кесте тігу шебері. Оның айтуынша, қазір елімізде ұлттық кесте өте танымал. Кесте әртүрлі күнделікті заттар мен киімдерге тігіледі. Заманауи сөмкелер, әмияндар, төсек-орындар мен шапандар ұлттық ою-өрнекпен кестеленген. Сонымен қатар, шебер киіз элементтері бар жібек матадан ерекше шәлі жасайды.«Мен бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін. Жалпы, қырғыз әйелдерінің барлығы дерлік тігін мен кестелеуді біледі. Кесте өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Менің мамандығым – дизайнер. Соңғы бес жылда дәстүрлі элементтері бар киім тігіп жүрмін. Ұлттық киім туралы, яғни ою-өрнектердің мағынасы мен ерекше кесте туралы, оны не үшін және қалай қолданғаны жөнінде ғылыми мақала жазуды жоспарлап жүрмін. Өйткені, қырғыздардың кез келген ұлттық киімі, оның әрбір элементі әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды», - деп атап өтті Гүлсан Атамқұлова.Құрманбек Сартыматов – тері илеуші шебер. Ол былғарыдан сөмке, қамшы, белдік жасайды. Оның қолынан шыққан мерекелік жиынтық адамның көз жауын алады. Мұны жасау үшін шебер былғары, күміс, жез, табиғи тасты қолданған.«Мен 25 жылдан бері теріден ұйым жасап келемін. Менің ұлым - зергер, әйелім кесте тігеді. Өзім терімен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені оны металмен, сүйекпен, таспен біріктіруге болады. Менің бұйымдарыма қазақстандықтар жиі тапсырыс береді, бірақ мен мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір біз Ақтауда - түркі әлемінің мәдени астанасындамыз. Жергілікті шеберлермен танысып, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз», - дейді Құрманбек Сартыматов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970390?lang=kk
ПД бастығы айтулы турнирден жеңіспен оралған арнайы жасақ офицерлерін құттықтады 15.04.2025
СҚО полиция департаментінде жазғы нысанды киімге ауысуға байланысты облыстық және қалалық полиция жеке құрамының саптық байқауы өтті. ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің жазғы уақытта қызмет өткеруге дайындықтарын тексерді.Саптық байқау барысында әріптестері алдында «пистолет & карабин» бөлігінде Б.Керімбаев атындағы «Қара майор» практикалық атудан 7-ші республикалық турнирден алтын жүлдемен оралған жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлеріне құрмет көрсетілді.Абай облысының Семей қаласында ұйымдастырылған турнир Қазақстанның таңдаулы арнайы бөліністерінен келген 85 үздік қызметкердің басын қосты. Тірескен күресте солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық 1-ші орынды және командалық дуэльді атыстан 3-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, полиция майоры Фархат Омаров жекелей сынақта 3-ші орынды қанжығасына байлады.Саптық байқау соңында қызметкерлер оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтіп, қызмет атқару орындарына аттанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/970389?lang=kk
Өскеменде өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын тоқтатты 15.04.2025
Өскеменде Саламат көшесінде құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 26 адамы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің келісілген іс-әрекетінің арқасында қатты желге қарамастан, өрттің тұрғын үйлер мен ғимараттарға таралуына жол бермеуге, 1 гектар аумақтағы өртті жоюға мүмкіндік туды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/970381?lang=kk
Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу 15.04.2025
Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Егер олар отандық командаларда ойнағысы келсе, шығындарын тек демеушілер немесе жеке инвесторлар өтейді.Бұл шешім – отандық спортшыларға жағдай жасау, өзіміздің кадрларды өсіру және спортқа жеке қаражат тарту үшін қабылданды. Яғни, енді басты назар – өзіміздің спортшыларда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970370?lang=kk
Тағайындау туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Рымбаев Төлеубек Рамазанұлы Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.Т.Р.Рымбаев құқық қорғау қызметін 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінің аудандық бөлімінің тергеушісі ретінде бастап, 1998 жылдан үздіксіз прокуратура органдарында қызмет атқарады.Бұрын аудандық прокуратураның бөлім бастығы, көлік прокурорының орынбасары, Шет ауданының, Сәтбаев қаласының және Осакаров ауданының прокуроры болған. Қарағанды облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/970321?lang=kk
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында ашық кеңсе жұмыс істейді.Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Бүгін, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ашық кеңседе тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.Қабылдау барысында елді мекенге ауыз су жеткізу, су қондырғысына есептегіш құрал орнату, тұрғын үй қорынан мұқтаж жандарға пәтер бөлу, бірінші мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласынан салынған қосалқы көлікжайды сүрмеуге жібермеу жөнінде көмек сұрады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің балық шаруашылығын жүргізу үшін алған жер теліміне қатысты туындаған сұрақтар талқыланды. Алатау елді мекеніндегі кооператив құрамындағы тұрғынның жер пай үлесін заңдастырып, жекеменшікке алуға өтінішін жеткізді.Аудан әкімі халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін назарға алып, мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің тікелей бақылауында."Халық үніне құлақ асатын мемлекет" - бұл ең алдымен халықтың мүддесін, халықтың пікірін басым қоятын мемлекет. Бұл бағыттағы жұмыс аудан әкімдігінің басты назарында.Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/990487?lang=kk
Әкім Ұлы Отан соғысы ескерткішіне қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді 15.04.2025
Әкім Ұлы Отан соғысы ескерткішіне қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Сонымен қатар, ескерткіш аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қажетті жөндеу шаралары қолға алынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/970262?lang=kk
Ауылдық округінің әкімі Г.Ж.Саламатова мен Покровка ауылының тұрғындарының кездесуі 15.04.2025
Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын іске асыру шеңберінде. Бүгін Покровский ауылдық округінің әкімі Г.Ж.Саламатова мен Покровка ауылының тұрғындарының кездесуі өтті. Кездесу барысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Ауыл тұрғындары да түйткілді мәселелерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-pokrov/press/news/details/970258?lang=kk
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Түркістан қаласында премьер-министр облыс орталығындағы құрылыс барысын қадағалады. Үкімет басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.Одан әрі Асқар Мамин облыс орталығының құрылыс барысын тексеріп, салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысы облыс әкімдігі ғимараттарының құрылыс нысандарын, медиа-орталықты, конгресс-холлды, "Нұр-сұлтан" алаңын, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар арасында Асқар Мамин спорттық және музыкалық мектептер, туристік бағыттағы колледж, стадион, оқушылар сарайы мен спорт сарайлары құрылысының барысын қарап шықты. Сонымен қатар, ол салынып жатқан қазақ драма театры, Неке сарайы, сондай-ақ аттракциондары бар саябақ, музыкалық субұрқақ және амфитеатр ғимараттарын аралап көрді.ҚР премьер-Министрі қаланың тарихи-мәдени орталығында, Х. А. Яссауи мұражайын, "Ұлы Дала Елі" орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Шығыс моншасын, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығының ғимараттарын қайта жаңарту, Визит-орталық, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Одан соң премьер-министр жаңа саябақтың және қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарына барды.Шымкентте Асқар Мамин қалалық кәріздік-тазарту құрылыстарының аумағында болып, сарқынды суларды тазарту жүйесі мен электр энергиясын өндіруге арналған тұнбаны өңдеу кешенінің (биогаз қондырғысы) жұмысын қарап шықты. Жұмыс сапарын аяқтай келе премьер-министр "Shymkent Bus" бірінші автобус паркіне барды, онда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20414?lang=kk
⚜️Ауылдық округ әкімдігінің мамандары мен учаскелік полиция инспекторы аула аумақтарын санитарлық тазарту туралы хабарлама тапсырды. 15.04.2025
📌2025 жылғы 1 сәуірде Родников ауылдық округі әкімдігінің мамандары учаскелік полиция инспекторы С.С. Истаевпен бірлесіп ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге аула аумақтарын санитарлық тазарту туралы хабарламалар табыс етті.Хабарламаларда қоқысты жинау, қажетсіз конструкцияларды жою және іргелес учаскелердің санитарлық жағдайын сақтау бойынша мерзімдер мен талаптар көрсетілген. Іс-шара ауыл аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-rodnikov/press/news/details/970222?lang=kk
❗️Дауылды ескерту ❗ 15.04.2025
❗️Дауылды ескерту ❗️04 сәуірде таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-priozersk/press/news/details/970200?lang=kk
