Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

«Торпедо» финалда! 15.04.2025
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов команданы Қазақстан чемпионатының финалына шығуымен құттықтады. Ол бұл жетістік – команданың табанды еңбегі, қайсарлығы мен жанкештілігінің нәтижесі екенін атап өтті. «Торпедо» – қаламыздың мақтанышы!💬«Құрметті «Торпедо» хоккей клубының ойыншылары, жаттықтырушылар құрамы және жанкүйерлер!Сіздердің жетістіктеріңіз – тек клуб тарихындағы жаңа белес қана емес, сонымен қатар хоккей мен спорттың дамуына қосылған маңызды үлес. «Торпедоның» жеңістері өскелең ұрпаққа жігер береді, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді және Өскемен қаласының елдегі жетекші спорттық орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.Алда басты финалдық кездесу! Осындай рухпен және бірлікпен сіздер өз мақсатыңызға жетіп, Кубокты жеңіп алатындарыңызға сенімдімін! Жеңіс, сәттілік және маусымды табысты аяқтауды тілеймін! Алға, «Торпедо»!»Айта кетейік, Өскеменде «Торпедо» мен «Хумо» арасындағы жартылай финалдық шешуші кездесуі аяқталды. Жеңіс шайбасын Илья Кляузов соғып, есепті 4:3-ке жеткізді. Осылайша, клубымыз алғаш рет Pro Hokei Ligasy плей-офф финалына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/970041?lang=kk
Талдықорғанда оқушыларға есірткінің зияны туралы дәріс өткізілді 15.04.2025
Талдықорған қаласының Өтенай ауылындағы №21 орта мектебінде полиция қызметкерлері «Есірткі, психоактивті заттар және олардың аналогтарын қолданудың салдары» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға 120 оқушы қатысты.Бүгінде нашақорлық, әсіресе жастар арасында, өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Оның алдын алудың тиімді жолдарының бірі – есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Дәріс барысында тәртіп сақшылары психоактивті заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, олардың физикалық және психикалық денсаулыққа әсері, сондай-ақ есірткіні тарату мен қолданғаны үшін қарастырылған заңдық жауапкершілік туралы айтып берді.Кездесу барысында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылды. Полицейлер жасөспірімдерді денсаулықтарын күтуге, спортпен айналысуға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.Кездесу соңында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің мәселенің маңыздылығын түсінуіне көмектесіп, олардың жарқын әрі салауатты болашаққа қадам басуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/970040?lang=kk
Қонаевта қоқыс тастағандарға 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды 15.04.2025
Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Оның бірі - тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ескертулер мен әкімдіктің ресми хабарламаларына қарамастан, қалада тазалық ережесін бұзушылар өте көп.Мысалы, 22-28 наурыз аралығында Қонаев қалалық полиция бөлімі ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 24 хаттама толтырып, 943 680 теңгеден астам сомаға айыппұл салды.Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 67 хаттама толтырылып, 235 920 теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл сомасы 1 179 600 млн.тг. құрады.Қала халқына «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығаруға тұрғындар жауапты екенін жеткіземіз.‼️Егер сіз заңбұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 немесе 109 нөміріне хабарласыңыз!Жалпы жыл басынан сенбіліктерге 3000-нан астам адам қатысты. Бұл көрсеткішті ұлғайту мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/970039?lang=kk
Қарақыстақ ауылдық округінде дін тақырыбында кездесу өткізілді 15.04.2025
Қарақыстақ ауылдық округінде дін тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге діни экстремизмге қарсы күрес және конфессияаралық татулық пен келісімді нығайту бағдарламасының аясындағы ауылдық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. «Діни ақпаратты дұрыс көздерден алу маңызды. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру арқылы біз экстремизм мен терроризмнің алдын алуымыз қажет,» – деп атап өтті АТТ мүшелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-karakystak/press/news/details/970011?lang=kk
Брифинг 15.04.2025
Өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шаралары жүргізілудеЖылыту маусымы басталғалы бері облыс аумағында өрт оқиғалары мен улы газдан улану фактілері жиілеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель мәлімдеді.– Жылыту маусымы басталғаннан бері өрт салдарынан 9 адам көз жұмды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп (4 адам). Сондай-ақ 9 адам жарақат алды, ал өткен жылыту маусымында бұл көрсеткіш 2 адамды құраған, яғни өсім 4,5 есеге жетіп отыр. Тек өткен аптада облыс аумағында болған өртте 2 бала қаза тауып, 1 әйел жарақат алды. Өрттермен қатар адамдардың улы газдан улану жағдайлары да жиілеп отыр. Жылыту маусымы басталғалы бері 26 жағдай тіркеліп, 21 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 9-ы – балалар, – деп атап өтті спикер.Сонымен қатар, өткен аптада улы газдан уланудың 5 жағдайы тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. 15 адам зардап шегіп, 2-еуі медициналық мекемелерге жатқызылған. Жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен улы газдың алдын алу шараларын ұстану, пеш пен газ қондырғыларын дұрыс пайдалану жөнінде ескерту жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha-podbornyi/press/news/details/969996?lang=kk
Прокуратура есірткі бизнесіне қарсы 15.04.2025
Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты үкім шықты. Ер адам «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызында 2 кг-ден астам марихуана тасымалдаған.Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру.Үкім заңды күшіне енді. Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары екенін есте сақтауға шақырады. #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП#Заңбәрінеортақ   Бас көлік прокуратурасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/969969?lang=kk
Өрт сөндірушілер автокөліктің жануын жойды 15.04.2025
Хабарлама сағат 08.51-де келіп түсті. Өрт орнына жедел түрде шыққан Павлодар облысы ТЖД 11-ӨСБ өрт сөндірушілері Успенка-Павлодар автожолындағы Ефремовка ауылы маңында Волга маркалы автокөлігі 4 шаршы метр алаңында жедел түрде сөндірілді, сонымен қатар жарылыстың және өрттің таралуына жол берілмеді. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады, атап айтқанда:  - әрбір көлік құралы көлемі кемінде 2 литр болатын жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда сіз өрт сөндіргіштің құрылғысын  дұрыс қолдана білуіңіз керек. - автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау қажет;- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында қайта қуаттауға жол бермеңіз;- қозғалтқышты үрлеу шамымен жылытуға тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/969963?lang=kk
Лицензиядан айыру туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 28 наурызындағы бұйрығына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан мына ұйым айырылды:«Абай несие» Несие серіктестігі» ЖШС, БСН 180440042738(№29 бұйрық)          «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «Несие серіктестігі» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар микроқаржылық ұйымның (Несие серіктестігі) клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, микроқаржылық ұйым (Несие серіктестігі) алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/969913?lang=kk
Тозған жайылымдарды қалпына келтіру жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда. 15.04.2025
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, "Қазақстанда жайылымдық жерлердің климаттық тұрақтылығын агромелиорация жолымен қамтамасыз ету" жобасы шеңберінде Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында нақты іс-шараларды іске асыруды бастады.Жоба тозған жайылымдарды қалпына келтіруге және олардың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталған.Ағымдағы жылы Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының белсенді қатысуымен 550 га алаңда агроорман мелиорациялық жүйесі құрылатын болады, бұл 2500 га тозған жайылымдарды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Сарапшылар жобаға қатысатын жайылымдық жерлер мен фермерлік шаруашылықтарды таңдады. Жер иелері бекітілген технологияға сәйкес жайылымдарға отырғызылатын бидай шөптері мен беде тұқымын, бұталардың көшеттерін (үйеңкі, жида, қарағаш, қарағай) алады.Құрылған агроорман-мелиорациялық жүйе топырақта жаңбыр мен қар суының жиналуына, су тасқыны қаупін азайтуға және малдың жағдайын жақсартуға ықпал етеді, оны жазда көлеңкемен және қыста баспанамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйе тозған жайылымдардың өнімділігін арттырады.Сарапшылардың қолдауымен ауылдық округтерде "Жайылымдар туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес жайылымдарды басқарудың бес жылдық жоспары әзірленуде. Жоспар жайылымдық инфрақұрылымды жақсарту және жайылымдарды қалпына келтірудің оң нәтижелерін тарату бойынша ұсыныстарды қамтиды.Жергілікті қоғамдастықтарды жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану мәселелерін шешуге тарту мақсатында ауылдық округтерде жайылымды пайдаланушылардың қоғамдық кеңестері құрылды, олар жоспарды әзірлеуге белсенді қатысатын және іс-шаралардың орындалуын бақылайтын болады.Жоба сонымен қатар агроорман мелиорациялық жүйелерін қалыптастыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, мамандар даярлауды және фермерлер үшін тренингтер өткізуді көздейді.Осы бастамаларды іске асыру үшін Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы мен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі жайылымдық дала мектебін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/969869?lang=kk
АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20037?lang=kk
Парыз Конкурсы 15.04.2025
Халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту және оларды үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру үшін қоғам алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру және ілгерілету мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурсты өткізу жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға, сондай-ақ әлеуметтік саладағы үздік тәжірибені көрсетуге және кеңінен таратуға бағытталған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы республиканың жұмыс берушілері арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі:: «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекет Басшысының 2008 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығына сәйкес республика жұмыс берушілері арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы жыл сайын мынадай номинациялар бойынша өтеді деп хабарлайды:«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;«Еңбекті қорғау саласында үздік кәсіпорын»;«Үздік ұжымдық шарт»;«Экологияға үлес қосқаны үшін».        Рәсіміне қатысу үшін өтінімді «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекенжайына ұсыну қажет (Қарабалық к., Космонавтар көш., 16, тел. 32547, электрондық мекенжайы арқылы: ozisp-krb@mail.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/969864?lang=kk
Зейнетақы капиталыңызды ЕЗЖ есебінен қалай көбейтуге болады? 15.04.2025
Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударсам болады? Оны жұмыс беруші аудара ала ма? Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен жеке бас пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есебі жүргізілетін ЖЗШ:  -  агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;  - жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады. 2) Айтыңызшы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады? ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.  Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтінішті БЖЗҚ-ға тапсыру қажет. Өтініш беру тәсілдері: enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне келіп жүзеге асыруға болады.Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады. БЖЗҚ сайтында оларды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның "Төлем құжаттарын алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады."БЖЗҚ" АҚ салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы уақытылы шешім қабылдауы оған зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары төлемдер алуға септігін тигізетіндігін еске салады. 3) Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?          Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.          4) Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы неде?Азаматтар ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) өз қалауы бойынша төлейді, олардың мөлшері мен кезеңділігін дербес белгілейді. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін де алушы БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес дербес айқындайды. Бұл жарналардың осы түрінің көп артықшылықтарының бірі ғана. Сондай-ақ, салық заңнамасында жеке тұлғаның ЕЗЖ-ны өз табысы есебінен төлеген кезде төленетін сомаға салық шегерімі көзделген.Жұмыс берушілерге келетін болсақ, олар да салықтық жеңілдіктерге ие болады. Мәселен, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады. 5) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма? Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады.Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/974317?lang=kk
Назар аударыңыздар! Алаяқтардан сақ болыңыздар! 15.04.2025
Құрметті салымшылар!Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алуға төмен пайызбен "көмек" көрсету қызметі туралы жалған хабарландырулар жаппай таратылуда. Делдалдар сізді адастыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдаланады.БЖЗҚ қатаң ескертеді:* төлемдерді алу тек заңмен қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін;* зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, қызмет комиссиясыз жүргізіледі;* БЖЗҚ өз қызметі үшін комиссия алмайды, ал барлық төлем түрлері қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;* зейнетақы жинағын тұрғын үйге және емделуге мақсатты пайдалану тек екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1087236?lang=kk
«Еңбек жолы» Республикалық байқауы туралы хабарландыру 15.04.2025
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлайды.Байқау жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтауға бағытталған.Байқауды өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру жәнекәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасындамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) Жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Байқауға мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең үлкен әулет таңдалады.2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас қызметкері.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.Қазіргі уақытта жұмыспен қамту бөлімі осы байқау бойынша өтініштер жиынтығын өткізуде, байқауға қатысу тегін. Қатысу үшін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтінішті электрондық және қағаз тасымалдағышта ұсынуға болады. Анықтамалар үшін: Глубокое кенті, Пирогов көшесі 6, тел.2-15-35.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/969845?lang=kk
Табиғатты оттан қорғаңыз! 15.04.2025
Табиғатты оттан қорғаңыз! Жылы ауа-райының басталуымен табиғатқа шығу жиі ұйымдастырылуда. Алайда, демалушылардың отпен абайсызда жұмыс істеуіне байланысты орман және дала алқаптарында өрт қаупі артады. Өрттің себептері қараусыз қалған оттар, сөндірілмеген темекі тұқылдары, құрамында тез тұтанатын заттар бар қоқыстар және басқа факторлар болып табылады. Қайғылы жағдайды болдырмау үшін от жағуға қатаң тыйым салынады:қылқан жапырақты жас ағаштардың жанында,құрғақ шөптері бар жерлерде,шымтезек алқаптарында,ағаштардың астында немесе орманның зақымдалған жерлерінде. Тек арнайы жабдықталған жерлерде от жағуға рұқсат етіледі. Демалғаннан кейін отты Мұқият сөндіру керек – оны сумен толтырыңыз немесе топырақпен жабыңыз. Қоқыстарды, әсіресе жанғыш материалдар мен сөндірілмеген темекілерді қалдыруға болмайды. Құрметті аудан тұрғындары!Жоғарыда аталған себептердің әрқайсысы ауқымды өрттің көзі бола алады. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеңіз. Егер өрт анықталса, қажет: қауіпсіз болса, дереу сөндіруді бастаңыз,өрттің нақты орнын анықтаңыз,шұғыл қызметтерге дереу хабарлаңыз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-kusep/press/news/details/969774?lang=kk
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2179 ҮЙДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ 15.04.2025
Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.Тағы 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19933?lang=kk
Табиғатты оттан сақтаңыз! 15.04.2025
Табиғатты оттан сақтаңыз!Ауа райының жылы болуымен табиғатқа шығу жиі ұйымдастырылады. Алайда демалушылардың отқа абайсызда қарауынан орман және дала алқаптарында өрт шығу қаупі артады. Өрттің шығу себебі қараусыз қалған от, сөндірілмеген темекі шегу, құрамында тез тұтанатын заттар бар қоқыс және басқа да факторлар болып табылады.Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін от жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады:қылқан жапырақты жас ағаштардың жанында,құрғақ шөпті учаскелерде,шымтезекте,ағаштардың астында немесе орманның бүлінген учаскелерінде.Арнайы жабдықталған орындарда ғана от жағуға рұқсат етіледі. Демалғаннан кейін отты мұқият сөндіру - оған су құю немесе топырақпен жабу қажет. Қоқысты, әсіресе жанғыш материалдарды және өшірілмеген темекілерді қалдыруға болмайды.Құрметті аудан тұрғындары!Жоғарыда көрсетілген себептердің әрқайсысы ауқымды өрт көзіне айналуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемеңіз. Өртену байқалған кезде      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-alekseevka/press/news/details/969740?lang=kk
Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жөніндегі жұмыс 15.04.2025
Қостанай облысында қараусыз қалған және қаңғыбас үй жануарларын аулау, уақытша ұстау, бірдейлендіру (чиптеу), вакцинациялау және стерилизациялау, кейіннен табиғи мекендеу ортасына шығару жұмыстары басталды.https://www.instagram.com/reel/DIA8MtpMWt0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/969733?lang=kk
ҚР ИИДМ БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТА САТҚАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ 15.04.2025
Қазіргі уақытта, билеттерді заңсыз қайта сату "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 449-бабындағы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ. ҚР ИИДМ тұрақты негізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін жағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгі бағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасанды тапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жандана түседі.Билеттердің заңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ арасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.Осы құжатқа сәйкес, "ҚТЖ "ҰК" АҚ билеттерді сату және жолаушыларды поезға отырғызу кезінде заңсыз іс-қимылдар жасауды бақылау және шектеу әдістерін қарастыра отырып, билет сататын "Mobius" жүйесін жетілдіру қажет деп тапты. Алайда, билеттерді заңсыз сату фактілері жалғасуда.Сонымен, 28 шілде күні ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген рейдтер кезінде, Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау және Тараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақ билетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген "делдалдардың" болған фактілері анықталды. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Анықталған фактілер бойынша, министрлік "ҚТЖ" ҰК "АҚ" Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуға қатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19892?lang=kk
Хайрушев Жақып Ғалиұлы ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Отырыста Қоғамдық кеңес төрағасы лауазымына үміткерлер қаралып, олардың кәсіби тәжірибесі таныстырылды. Талқылаудан кейін дауыс беру жүргізілді.Дауыс беру нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып Хайрушев Жақып Ғалиұлы сайланды.Жақып Ғалиұлын жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған қоғаммен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатып, маңызды бастамаларды табысты іске асыруына және елдің отын-энергетика саласының дамуына сүбелі үлес қосуына тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/969714?lang=kk