Қоғам
Атырауда «Даналық көпірі» тұрғындармен интерактивті кездесуі өтті 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты тұрғындармен интерактивті кездесу өтті.Іс-шараға Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің мүшелері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.Кездесуге қатысқан сала мамандары тұрғындардың көтерген сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Сондай-ақ қаладағы тұрғын үй инженерлік инфрақұрылымдары, жастар тәрбиесі мен отбасы құндылықтары сында тақырыптар да қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/970199?lang=kk
Өнімді бақылау мақсатында сатып алу 15.04.2025
Өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу – мемлекеттік бақылау шеңберінде өнімді тауар түріндегі сатып алу. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларымен 528 өнім сынамасы (ҚР – 46, ЕАЭО – 272, басқалары – 210), оның ішінде: ет және ет өнімдері – 41, құс еті және құс өнімдері – 10, балық және балық өнімдері – 10, май және май өнімдері – 24, сүт және сүт өнімдері – 69, кондитерлік өнімдер – 52, ұн және жарма өнімдері – 26, жемістер, көкөністер мен жидектер – 10, шырын өнімдері – 26, алкогольді өнімдер-2, алкогольсіз өнімдер – 12, мамандандырылған азық-түлік өнімдері – 23, ББҚ-4, басқа да азық-түлік өнімдері – 18, темекі өнімдері -3, балаларға арналған ойыншықтар – 85, парфюмерлі-косметикалық өнімдер – 5, тұрмыстық химиялық заттар – 9, адам терісімен жанасатын өнімдер – 51, ЖҚҚ-14, жеке гигиена құралдары – 4.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін 93 өнім сынамасы анықталды (ҚР – 1, ЕАЭО – 23, басқалары – 69). Анықталған сәйкессіздіктер бойынша 17 нысанға өнімді (тауарды) өткізуден алу және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылды.Тұтынушылар өнімді (тауарларды) бақылау мақсатында сатып алу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдер туралы өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/1?lang=ru&type=_204 интернет-ресурсында біле алатынын хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/970187?lang=kk
Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылады! 15.04.2025
🔥300 метрлік арқан 💪🏻200 спортшыБұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш рекорд!Оралда арқан тартыстан ел рекорды орнатылады. 200 адам бір мезетте 300 метрлік арқанды тартып, кім мықтыны анықтамақ.Мұндай рекорд ел тарихында бұрын соңды болмаған. Сондықтан, баршаңызды айтулы шараға шақырамыз. Рекордты бірге орнатайық! 💪🏻📍 Өтетін орны: Тұңғыш Президент атындағы орталық алаң⏰ Күні мен уақыты: 5 сәуір, 17:00____#bqo_sport #арқантартысАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/970167?lang=kk
Аудан әкімі Большой Изюм ауылының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Тайынша ауданының әкімі Б.Әлжанов Большой Изюм ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында әкім жергілікті тұрғындарды 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы таныстырып, 2025 жылғы жоспарларымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі келіп түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, одан әрі орындау үшін тиісті құрылымдардың басшыларына тапсырмалар берді. Халықпен кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha/press/news/details/970159?lang=kk
«КоЖаН» АҚ 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру04.04.2025 «КоЖаН» АҚ экологиялық бағалау материалдары бойынша («Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, іс-шаралар жоспары) (1.«Морское» кен орнының келісімшарттық аумағында (Батыс Морское блогы) жобалық тереңдігі 1062/1550 м болатын №424 көлденең пайдалану ұңғымасын бұрғылауға арналған жеке техникалық жобаға, 2.«Морское» кен орнының келісімшарттық аумағында (Огайское блогы) жобалық тереңдігі 761/1210 м болатын №534 көлденең пайдалану ұңғымасын бұрғылауға арналған жеке техникалық жобаға, 3.«Морское» кен орнының келісімшарттық аумағында (Огайское блогы) жобалық тереңдігі 1161/1660 м болатын №535 көлденең пайдалану ұңғымасын бұрғылауға арналған жеке техникалық жобаға, 4.«Морское» кен орнының келісімшарттық аумағында (Огайское блогы) жобалық тереңдігі 1131/1711 м болатын №536 көлденең пайдалану ұңғымасын бұрғылауға арналған жеке техникалық жобаға) қоғамдық тыңдаулар өткізуде.Учаскенің және әсер ету аумағының географикалық координаттары: СШ 46.041599 ВД 53.251834Тыңдаулар 2025 жылғы 6 мамыр сағат 11.30-де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, Қосшағыл ауылы, «Қосшағыл» мәдениет үйі, Қамыскульская 79 көшесінде өтеді.Онлайн қосылуға сілтеме:https://us05web.zoom.us/j/83854985016?pwd=KU7DpsDhno5gpruSaMMyvx6BcbSPR8.1Идентификатор: 838 5498 5016Қатынау коды: 22222Құжаттаманы әзірлеушінің деректемелері және байланыс деректері: «КазНефтеПроект» ЖШС-і, Атырау қаласы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 101 а. Телефон: +77122755777.Бастамашының деректемелері және байланыс деректері: «КоЖаН» ЖШС-і, БСН 010440005294, Атырау қаласы, Бақтыгерей Құлманов көшесі, 105 ғимарат.Қосымша ақпаратты электрондық пошта және телефон нөмірі арқылы алуға болады: knp-kz@mail.ru, тел.: 87122755777.Жергілікті атқарушы орган-Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, пошталық мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, тел.: 8 (7122) 325509. Ескертулер мен ұсыныстар Ақпараттық жүйе бойынша қабылданады.Жобалық құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы: Ақпараттық жүйе, ndbecology.gov.kz. Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/970180?lang=kk
Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкин Қатар ҰОК президенті, ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани және Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусалламмен кездесті. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.Келіссөз барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы спорт және олимпиадалық қозғалыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ World Aquatics ұйымымен бірлесіп елімізде су спорт түрлерін дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибелі мамандарды тарту талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970151?lang=kk
Округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі 15.04.2025
Қарқара округінің әкімі Сарыбаев Ернұр Қарқара ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-karkara/press/news/details/970148?lang=kk
Мемлекет басшысы «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Орталық Азияның планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр.– Осындай күрделі жағдайда аймақ елдерінің күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары елдеріміздің дамуына кедергі келтірмеуге тиіс. Біз экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтауымыз керек. Бұл ретте Қазақстан аумағында жаппай ағаш егу туралы тапсырма бергенімді айта кеткім келеді. Бұдан бөлек, елімізде орманды сақтау мен қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға, ең әуелі, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үндейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Өзбекстанмен бірге Аралдың табанына жасыл желек егу жұмыстарын қолға алдық, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан климатқа қатысты күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық, прагматикалық амбиция және халықаралық ықпалдастыққа басымдық береді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның дамушы елдерді қолдауды көздейтін жаһандық күш-жігерге үлес қосатынын және «жасыл» экономикаға өтуді стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын жеткізді.– Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – стратегиямыздың өзегі. Біз жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін жүзеге асырамыз. Әлемнің корпоративтік көшбасшыларымен бірге жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық. Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Жер бетіндегі электр энергиясының 10 пайызға жуығы атом электр стансаларында өндірілетінін ескерсек, оның салмағы арта түседі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президент Қазақстанның кең даласы «көміртекті егіншілікпен» айналысу және экожүйені қалыпқа келтіру ісінде зор мүмкіндікке жол ашатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сирек кездесетін элементтер экологиялық таза технологияларды дамытуға негіз болады. Елімізде мұндай аса маңызды минералдардың айтарлықтай қоры бар және оны өңдеуге әлеуетіміз жетеді.– Өңірімізде су тапшылығы уақыт өткен сайын өзекті мәселеге айналып келеді. Оны екі нәрседен аңғаруға болады. Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді. Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық. Дәл осы себепті бізге су үнемдеу технологияларын және smart суару мен гидрологиялық мониторинг жүйелерін дамыту ісінде халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет. Біз бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзірміз, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті өз сөзінде биоалуантүрлілікті, әсіресе, Орталық Азияда тіршілік ететін бірегей және жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдік түрлерін сақтау мәселесіне айрықша тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанда Президент жанындағы Халықаралық биоалуантүрлілікті қорғау қорын құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.– Жаһан елдерінің «жасыл» дамуға бет бұруы ең жақсы, таза, қауіпсіз және өркендеген әлемнің негізін қалауға керемет мүмкіндік екені күмәнсіз. Алайда ол үшін климаттың өзгеруіне бағытталған мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру көлемі де соған сай болуы керек. Бұл климаттағы өзгеріс салдарын жұмсарту бағытындағы тиісті жұмыстарға төнетін қатерді азайтуға, жасыл энергетикаға инвестиция құюға және табыс әкелетін орнықты экономика моделін құруға жол ашады. Әйтпесе, көміртек бейтараптығына қол жеткізу қиынға соғады. Оның алдын алу үшін бізге күш-жігерімізді еселеп, серіктестік аясын кеңейту керек. Мұндай күрделі сынақты бірде бір ел жалғыз өзі еңсере алмайды, – деді Қазақстан Президенті.Сонымен қатар конференцияда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Ұйымның елді мекендер жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Анаклаудия Россбах, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/970133?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЗІЛІС КЕЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАДЫ 15.04.2025
Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады. Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастамасымен құрылған «Орда» жобасының балаларға берері көп. Басты мақсат- оқушылар арасында ауызбіршілік пен ұлттық құндылықтарға деген ынтаны арттыру.Оқушылар ұлттық спорт түрлерінен ғана емес, зияткерлік сайыстары мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытып келеді. Оқу жылының соңында әр бірлестіктің ұпай сандары жинақталып, ең жоғары ұпай жинағанына «Орда» кубогы мен еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттауға жолдама табыс етілмек. Сондай-ақ, тоқсандағы жетістіктері үшін де әр бірлестікке мәдени орталықтарға билеттер беріледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/970109?lang=kk
Кибер қылмысқа қарсы күрес шараларының тиімділігі 15.04.2025
Түркістан облысының прокуратурасында кибер қылмыстылыққа, соның ішінде интернет-алаяқтық, есірткі бизнесі, адам саудасына қатысты тіркелген қылмыстық істердің тергеу сапасына, осы бағытта атқарған алдын алу шараларының тиімділігіне байланысты Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.Аталған жиынға қылмыстық қудалау және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, 2-ші деңгейлі банктер мен байланыс операторы филиалдарының басшылары қатысты.Кеңес отырысында профилактикалық шараларды, оның ішінде банк жүйесіндегі қылмыстық операцияларымен күресті күшейту мәселесі талқыланды.Соңғы 5-жылда облыс көлемінде 2 500-ден астам интернет-алаяқтық қылмыстары жасалып, 3-есеге (226-дан 605-ке) өскен.Үйлестіру Кеңесінің қорытындысымен қылмыстық қудалау органдары мен уәкілетті органдардың басшыларына профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы ұсыныстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.Сондай-ақ, жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықты алаяқтардың ықтимал байланыс нөмірлерін ақпараттандыру мақсатында облыс прокуратурасы «Telegram» мессенджерінде «Алаяқтан сақ бол» телеграм-бот жобасы әзірленіп, іске асырылуда.Телеграм-ботқа облыс аумағында жасалған интернет-алаяқтық қылмыстары бойынша қолданылған байланыс нөмірлері енгізілген.Кез келген азамат күмән келтірген абоненттік нөмірлерді телеграм-ботқа енгізу арқылы ақпарат ала алады.Түркістан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/970095?lang=kk
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 04.03.2025 жылғы №807 Жарлығына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі Р. Мыңбаев көпбалалы аналарды құттықтап, арнайы төсбелгілермен марапаттады. Салтанатты марапаттау рәсімінде 1 ана «Алтын алқа», 28 ана «Күміс алқа» иегері атанды.Жалпы, Әл-Фараби ауданында 6740 көпбалалы ана бар. Оның ішінде 463 ана «Алтын алқа» иегері, 1714 ана «Күміс алқа» иегері атанған.Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз. Әрбір дүниеге келген бүлдіршіндерімізге зор денсаулық пен амандық тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/970083?lang=kk
🔻 Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары! 15.04.2025
🔻 Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары!5 сәуір күні сағат 09:00-де ауданымызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік өткізілмек.Тазалық акциясына атсалысып, қаламыздың таза болуына өз үлесіңізді қосыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe/press/news/details/970071?lang=kk
Таза Қазақстан акциясы аясындағы сенбілік 15.04.2025
Таза Қазақстан акциясы аясында Байкент ауылдық округі бойынша Жылдағы дәстүр бойынша сәуір айының 1- ші демалысында округ тұрғындарымен мекеме – ұжым қызметкерлерімен бірлесе сенбілік өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-chapaev/press/news/details/970865?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 15.04.2025
Қостанай облысы бойынша МКДҚазакстан Республикасының, 2025-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемкорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 02.04-10.06.2026 жылдың кезеңінде департаменттің, барлық бөлімшелерінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.Осыған орай алдағы уақытта сыбайлас жүргізілгенжемқорлық тәуекелдерінің, анықталған нәтижелерібойынша қоғамдык, талқылаулар өтетінін хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1228615?lang=ru
Геологтар күні 15.04.2025
Қазақстанда Геологтар күні дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығына сәйкес сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол өзінің тарихын посткеңестік замандағы бірқатар басқа елдердегідей КСРО кезеңінен бастап жүргізіп келеді.Сәуірдің басында сала мамандары жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға дайындығын бастайтындықтан, қысқы суық ауа райы мен қардың еру кезеңі болғандықтан бұл кез мереке өткізу уақыты ретінде таңдалынған.Геологтар күніне орай Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінен, Геология комитетінің төрағасынан және «Шығысқазжерқойнауы» департаментінің басшысынан өз міндеттерін адал атқарғандығы үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен департамент қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.Құрметті геологтар! Геологтар күні - кәсіби мерекемізге арнай отырып, шын жүректен айтылған құттықтауларымызды қабыл етіңіздер! Жер қойнауын барлау және минералды-шикізат қорларын толықтыру - ел экономикасы негіздерінің бірі, әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу.Біздің мамандық тек кең білімді ғана емес, сонымен бірге туған жерге ерекше, ұқыптылықпен қарауды, төзімділікті, жақсы физикалық дайындықты, лагерь өмірінің барлық қиындықтарына төтеп беруге дайын болуды талап етеді. Адал еңбектеріңіз және ауыр жұмысқа берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.Сіздердің энергияларыңыз, кәсіби шеберліктеріңіз және мақсатқа ұмтылыстарыңыз елдің өрлеуі мен одан әрі дамуы үшін жаңа жолдар ашсын. Сіздерге бақыт, денсаулық, қаржылық әл-ауқат, бай кен орындар және үлкен геологиялық сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/970053?lang=kk
⚜️Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы 15.04.2025
▫️2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды. Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.▫️Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.▫️Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.▫️Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/970051?lang=kk
Ақтаулық тұрғындар Түркия өкілдерінің шеберлік сағатына қатыса алады 15.04.2025
Түркі әлемінінің мәдени жылы аясында түбі бір түркітілдес халықтар Ақтауда бас қосып, ортақ құндылықтарды насихаттап жатыр.Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдынның айтуынша, түріктер мен қазақтардың ұлттық киімінде ұқсастық көп. Оның сөзінше, мұндай мәдени шара ортақ құндылықтарды насихаттау үшін өте маңызды. Ақтау қаласына алғаш рет табан тіреген шеберлер қазақ ұлтының мәдениетімен жақын танысқанына қуанышты.- Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, яғни кестелерімізді, түрік тоқымаларын осында әкелдік. Біздің ортақ мәдениетімізді қазақтармен байланыстыратын көптеген өнер туындысы бар. Мәселен, біздің той көйлектеріміз қазақтардың киім үлгісіне ұқсайды. Әсіресе, жібек матадан кестелеп тігілген көйлектер өте ұқсас. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Мен Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Қазақтардың мәдениетімен жақыннан танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз, - дейді .«Шеберлер ауылындағы» Түркия үйінде кесте тігу және мәрмәрмен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Оған кез келген қонақ қатысып, түріктердің ұлттық бұйымдарымен таныса алады.- Қазір мұнда келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізетін 4 шебер бар. Олар түріктердің ұлттық бұйымдарын жасап көрсетеді. Бауырлас елдердің мәдени шарасы түркітілдес халықтардың туындыларын және ортақ құндылықтарымызды көруге мүмкіндік береді, - дейді Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970047?lang=kk
Көгершін ауылында тазалық жұмыстары 15.04.2025
Көгершін ауылында "Таза Қазақстан" акциясы аясында көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп. Ауыл қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kogershin/press/news/details/970046?lang=kk
Әкім халықтың бірқатар сұрағына жауап берді 15.04.2025
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов 18,19,20, Спутник, Рауан ықшамаудандарының және Сейфуллин, Железнодорожная көшелерінің тұрғындарымен кездесті.Басқосу барысында халық бірқатар сұрақты көтерді. Әкімнің жауаптарына тоқталсақ:1. Көгілдір отынмен қамту19,20,Спутник, Арна, Рауан шағынаудандарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биылға бюджеттен 500 млн.тг. бөлінді. Тапсырыс беруші – Алматы облысы әкімдігінің тиісті басқармасы. Жобаның жалпы құны – 2 млрд. теңгеден астам. Бюджеттен қаржы бөлінгеніне байланысты құрылыс жүреді.2. АуруханаҚаладағы жалғыз аурухана 70 мың халыққа қызмет етуде. Жаңа медициналық нысандардың құрылысы Қонаев қаласының Кешенді даму жоспарында қарастырылған, жоспарда бар.3. «Шошқалы сай» арнасын тазалау23 наурыз сенбілік өтті. Ертең тағы ұйымдастырылады. Стихиялық қоқыс орнын жасайтындарды анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнату мәселесі қарастырылады.4. 19-шағынауданның жарық және жол мәселесіБұған дейін мұнда электр желілері жөндеуден өткен. Мәселе қосымша зерделенеді. Кешенді даму жоспары аясында жаңа жолдар салынады деп күтілуде.5. Ойын алаңдарын салуСоңғы үш жылда «Голден сити» ЖШС-мен «Аулаларды абаттандыру» жобасы жүзеге асырылған. Ағымдағы жөндеу бойынша өтінімдер 109 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өңделуде. Биыл демеушілер есебінен және «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа алаңдар салу жоспарлануда.6. Жағажайларға қолжетімділікӘкімдік мамандары тұрғындар мен арнайы техникалардың жағажайларға кедергісіз кіруі қажеттілігі туралы кәсіпкерлерге хат жолдады. Бұл сұрақ кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/970045?lang=kk
Атыраулық құтқарушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі 15.04.2025
Қызылқоға ауданында су тасқынын болдырмау мақсатында Атырау облысы ТЖД-дан 40 қызметкер, 7 бірілік техника жұмылдырылып, Ойыл өзені бойында 18 500-ден аса қап қапталып, 2,5 қашықтықта бөгеттер нығайтылды.Аталған жұмыстарды абыроймен атқарған Атырау облысы ТЖД 37 қызметкерін, 5 техниканы, 1 жүзу құралын Атырау қаласына шығарып салу рәсімі өтті.Салтанатты шығарып салу кезінде Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев, Қызылқоға ауданы әкімі Қ. Әзмұханов және Қызылқоға ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы ауданның құрметті азаматы С. Якупов ауыл тұрғындары атынан төтеншеліктерге алғысын білдіріп сөз сөйледі.Құтқарушылардың қызметіне құрмет көрсетіліп, аудан әкімінен, Департамент бастығы атынан алғыс хаттар табысталды.Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастырып, жұмысты нәтижелі жүргізген төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/970044?lang=kk
